Позитивизм



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... . 2

1. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы..
2. Позитизм философияның негізін салушы және насихаттаусышы
Огюст Конт ... ... ... ... ... .3
3. Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... 10

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... .11
XIX – XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).
Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы – тәжірибе.
Ол «метафизикалық» (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. “Позитивті философия курсында” Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.
Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының “үш сатысы” туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.
1. Зотов А.Ф. Современная западная философия: Учебн. – М.: Высш. шк., 2001, стр. 50 – 69, 205 – 290.
2. Канке В.А. Философия. Исторический и систематический курс: Учеб. для вузов. М.: Изд. корпорация «Логос», 1998, стр. 122 – 136.
3. Рефераты по истории философии / Составитель В. И. Руденко. − Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2002, стр. 226 – 236, 289 – 297, 350 – 356.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Позитивизм - XIX - XX ғасырдың бірінші жартысындағы философиялық бағыт. Позитивизмнің алғашқы тарихи формасы дәстүрлі метофизикаға, яғни болмыстың бастаулары және жалпыға бірдей принциптері туралы философиялық ілімге қарсы бағытталған. Осы философияның негізін салушы және насихаттаусышы Огюст Конт (1798-1857).
Огюст Конт философиясы құбылыстардың мәніне тереңдеу емес, олардың арасындағы байланыстарға көңіл бөлген. Конт концепциясында білімдердің методологиялық бірлігін, яғни физиканың, астрономияның әдістерін қоғамдық өмір құбылыстарына пайдалану керектігін басты міндет деп санайды. Білімнің жалғыз бастауы - тәжірибе.
Ол метафизикалық (философиялық) мәселелерді ғылымға бейімдеуге болмайды, өйткені ғылым өзіне сүйеніп дамиды. Ғылым өзіңе философия. Тек ғылым ғана пайдалы білім береді. Философия адамның дүниетанымдық белсенділігінің көрінісі. "Позитивті философия курсында" Конт ғылымдардың классификациясын ұсынады. Соған байланысты барлық ғылымдардың орналасу реттерін келтірген: математика, астрономия, физика, химия, биология, социология, этика және т.б.
Социология терминін алғашқы қолданған О. Конт. Ол адамзаттың интелекттуалды дамуының "үш сатысы" туралы заңын өзінің ғылымға қосқан жаңалығы деп есептеген. Осы заң бойынша адамзаттың ақыл-ойының кемелденуі үш сатыдан өтеді. Бірінші, теологиялық сатыда адам барлық құбылыстарды құдайлар, жындар арқылы түсіндіреді. Екінші, метофизикалық сатыда қоршаған ортаны ойдан шығарылған абстрактілік мәндер арқылы түсіндіреді, ал үшінші, позитивті сатыда құбылыстардың табиғатын зерттеу тәжірибеге сүйенген ғылыми таным арқылы жүргізіледі.
Позитивизмнің даму барысында оның субьективизмі айқындала түсті. Оған дәлел ағылшын позитивисі ілімі Г. Спенсер.
Герберт Спенсер (1820-1903) XIX ғасырдың эволюционизмнің ірі өкілі. Эволюция құбылыстар әлеміндегі жалпыға бірдей процесс, заңдылық. Эволюция баяу өтетін өзгерістер, яғни айқын емес байланыссыз біркелкіліктен, айқын байланысты әркелкілікке өту процесі. Осы заң тәжірибеден тумайды, оның түп негізі біздің ой-санамыздың табиғатында жатыр, сондықтан оны тану мүмкін емес. Дүниенің құпиясы тәжірибе арқылы берілмейді. Ғылыми танымда құбылыстың мәніне жетпейді. Философия ғылымға жақын, бірақ философиядан метафизикалық сауалдарды (дүниенің, болмыстың мәні, түпнегізі) алып тастау керек. Философияның басты міндеті ғылыми нәтижелерді жинақтау.
Эволюция заңдылығын Г. Спенсер биологияға, психологияға, социологияға, этикаға қолданды: Қоғам - тірі организм. Қоғам "мүшелердің" (орган) үш жүйесінен қажетті өнімдерді шығарып тұрады: яғни қамтамасыз ететін жүйе; еңбек бөлімінің негізінде әлеуметтік организмнің байланысын қамтамасыз ететін жүйе; реттеу жүйесі (мемлекет). Организм сияқты қоғам дамиды, құрылмайды. Революция организмнің "ауруы".
Этикада Г. Спенсер утилитаризм және гедонизм (пайда және рахат сезімге бөледі) принциптерін ұстанды.
Классикалық позитивизмнің негізгі идеялары XIX - XX ғасырлар аралығында эмпириокритизмде (тәжірибені сынау) - екінші позитивизмде жалғасты.
Осы бағыттың көрнекті өкілдері - австриялық физик және философ Э. Мах, неміс философы Р. Авенариус. Эмпириокритиктер ғылымның міндеті оқиғаның, құбылыстың неге шыққанына емес, қалай шыққанына жауап беру. Э. Мах ғылымның ерекшелігін, рухани өмірдің басқа формаларынан айырмашылығын, ғылыми түсіндіреді. Қарапайым, күнделікті өмірде қолданатын тілдің сөздерін қоршаған нәрселермен салыстыруға болады, ал ғылыми терминдермен олай істей алмайсын. Күш, жылдамдық, масса ұғымдарын бізді қоршаған нәрселермен салыстыруға болмайды. Теориялық ұғымдар шындықты бейнелейді, олар субьектің тәжірибесімен байланысты. Тәжірибе тар мағынада түйсіктердің жиынтығы немесе комплекс ретінде алынған. Түйсік объективті дүниенің бейнесі емес. Ғылыми терминдер - белгілер.
Белгі, белгіленген нәрсеге ұқсас емес. Осыған байланысты, Э. Мах ғылыми терминологияларды қайтадан қарап шығып, мағынасыз, бос терминдерді ғылымнан аластау бағдарламасын ұсынады.
Позитивистер ғылыммен обьективті шындықтың арасындағы байланысты мойындамайтын болғандықтан, олардың пікірінше шындықты дәл бейнелейтін ғылыми концепцияның болуы мүмкін емес. Осыған байланысты, олар "ойды үнемдеу" принципін ұсынады. Осы принцип бойынша ғылыми танымның алғашқы материалы - түйсіктерді қарапайым жазып шығатын теорияны таңдау керек. Түйсіктер - дыбыс, түс, иіс, салмақ, кеңістік, уақыт және олардың арасындағы байланыстар нағыз шындық. Зат деп түйсіктердің комплексін айтамыз.
Эмпириокритиктер философияның мәселелеріне бірінші позитивистерге қарағанда ерекше мән берген. Олар философияның міндеті деп барлық ғылымдардын жалпы нәтижелерін жинақтайтын "синтетикалық" жүйесін құру емес, ғылыми танымның теориясын жасау деп біледі.
Позитивизмнің үшінші сатысы неопозитивизмде (жаңа позитивизм) XX ғасырдың 20 жылдарында дамыды. Батыста неопозитивизмді кейде аналитикалық философия деп атайды. Неопозитивизмнің негізін қалаушылардың бірі ағылшын логигі және математик Б. Рассел философияның маңызды мәселесі деп ғылыми білімді субъектінің сезімдік тәжірибесінде негіздеу дейді. Логиканы философиялық мәселелерді шешуге кең қолданған.
Неопозитивизмнің тарихи және бірінші нұсқасы "Вена үйірмесі" деп аталатын философтармен байланысты. Олар: М. Шлик, Р. Карнап, О. Нейрат. Олардың, яғни логикалық позитивистердің ықыласы ғылымның тілін логика арқылы талдау, өйткені тіл - дүниені позитивті қабылдаудың басты құралы. Білімнің ғылымилығы оның логикасынан шығады. Тілді логика арқылы талдау - мәтінді, белгілерді, ұғымдарды, белгілер жүйедегі байланысты, белгілердің семантикасын талдау.
Біздің білімдеріміз ғылыми болсын, қарапайым болсын тіл арқылы жетеді. Философия сөзбен, сөйлеммен, тілмен айналысуы керек. Философияның міндеті ғылым сөйлемдерінің мазмұнын, сөзді пайдалану, қолдану ережелерін талдау.
Философия ғылымы тория бола алмайды, өйткені оның сөйлемдер жүйесі дүние туралы ешқандай мәлімет бермейді, сондықтан оның қағидаларын растай алмайсың. Философияның ақиқатқа жеткізер ғылыми бағыты жоқ, сондықтан оны ғылым деп атай алмайсың. Философияның ары қарай тарылуы верификация принципіне іске асырылады. Егер сөйлем верификациялаудан (тексеру, растау) өтпесе оны ғылыми демейміз. Шындығында, философияның пайымдауларын тексере алмайсың. Сонда, философияға не қалды? Философияға қалатыны теория емес, жүйе емес... тек әдіс, яғни логикалық талдау. Философия мағынасыз сөздерді, жалған сөйлемдерді аластаумен айналысуы керек екен. Верификация арқылы неопозитивизм ғылымның ақиқатқа негізделген үлгісін жасауға талпынған. Бірақ, осындай үлгінің тар екені байқалды, өйткені ғылымның жалпы пайымдауларын, заңдардын осы принцип арқылы негіздей алмайсың. Мысалы идеалды объектілерді, төрт өлшемді кеңістік, парсек т.б. ұғымдарды тексере алмайсың.
ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты - лингвистикалық философия пайда болды. Л. Витгенштейннің пікірінше дүние заттардың емес, фактілердің жиынтығы. Дүние - логикалық кеңістіктегі фактілер.
Адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік байланысының жалғыз формасы - тіл. Басқаша айтсақ, адамның ойындағы бейнесі тілдің құрылымы ерекшеліктері арқылы анықталады. Адамның дүниесі оның тілінің дүниесі. Адам дүние туралы тілдің табиғатына сәйкес дұрыс пайымдауы мүмкін, немесе тілдің табиғатын бұзып бұрыста айтуы мүмкін, онда адасу, шатасу басталады. Көптеген теориялық, тіпті әлеуметтік проблемалар тілді дұрыс қолданбағандықтан шығады.
Қолданып жүрген тіл жетілмеген. Философияның міндеті - біздің ойымызды және сөйлемдерді түсінікті ету.
Адам іс әрекетінің жетекші саласы ретінде ғылым өз тарихында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Огюст Конт позитивизмі
Неопозитивизм философиясы
АҚШ тарихнамасындағы позитивизм
Жаңа ғасыр философиясы
XІХ-ХХ – ғасырдағы батыс философиясы
XIX-XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемелары
Екінші позитивизм
Қазіргі кейбір философиялық ағымдарға ғылым мен философияны бір - біріне қарсы қою
Социологияның дамуына позитивизмның әсері
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
Пәндер