Қытай тіліндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы



І. Тіл үсті дауысты дыбыстар
ІІ. Жасалу әдісі
ІІІ Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың басты айырмашылығы
Тіл ежелден адамдар арасында қарым-қатынас құралы қызметін атқарып, адам қоғамының өркендеп өсуіне ықпал етіп келеді. Тіл екі түрлі формада, алғашқысы адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстар, екіншісі сол дыбыстардың таңбасы - әріптер арқылы өмір сүреді. Қандай да тіл болмасын оның дыбыстық құрамы шектеулі. Бірақ кез-келген тілдегі сөздер түрлі-түрлі дыбыстық комбинациялар арқылы жасалады да, мыңдаған сөздер жиынтығын құрайды.
Фонетика – тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады [1.213].
Тілдерді фонетикалық, грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді:
1.Фонетикалық типология 2. Синтаксистік типология 3. Морфологиялық типология.
Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Фонетикалық типология бойынша тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерде сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., «Санат», 2003 – 213, 215 бб.
2. Гаң Уін. Қытай тілінің фонетика курсы. Пекин тіл университеті баспасы. 2006 – 82 б.
3. Юн Чиаң. Тіл ғылымына шолу. Қытай халық университеті баспасы. 2003 – 124 б.
4. Хуаң Бо Жоң. Қазіргі қытай тілі. Жоғары білім баспасы. 1997 – 148 б.

References
1. Ahanov K. Til biliminin negizderi. Almaty, “Sanat”, 2003 – 213, 215 p.
2. Cang Wen. Hanyu yuyin jiaocheng. Beijing yuyan daxue chubanshe. 2006 – 82 p.
3. Yun Qiang. Yuyanxue gailun. Zhongguo renmin daxue chubanshe. 2003 – 124 p.
4. Huangborong. Xiandai hanyu. Gaodeng jiaoyu chubanshe. 1997 – 148 p.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 378.02
ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР МЕН ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Г.Ә.Жамантаева
Әлем тілдері кафедрасының оқытушысы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы, Қазақстан
JG7579@mail.ru
Мақалада қытай тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың
топтастырылуы, дыбысталуы және олардың басты айырмашылықтары қарастырылды.
Түйін сөздер: фонетика, дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, дыбыстау
мүшелері.
Г.А.Жамантаева
ОСОБЕННОСТИ ПРОИЗНОШЕНИЯ ГЛАСНЫХ И СОГЛАСНЫХ ЗВУКОВ В КИТАЙСКОМ ЯЗЫКЕ
В статье рассматривается классификация, произношение, а также
особенности гласных и согласных звуков в китайском языке.
Ключевые слова: фонетика, гласные звуки, согласные звуки, органы
речи.

G.A.Jamantayeva
THE PECULIARITIES OF THE VOWELS AND CONSONANTS OF THE CHINESE LANGUAGE
The article deals with the classification, articulation and the main
differences of vowels and consonants of the Chinese language.
Key words: phonetics, vowels, consonants, articulating organs.

Тіл ежелден адамдар арасында қарым-қатынас құралы қызметін атқарып,
адам қоғамының өркендеп өсуіне ықпал етіп келеді. Тіл екі түрлі формада,
алғашқысы адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстар, екіншісі сол
дыбыстардың таңбасы - әріптер арқылы өмір сүреді. Қандай да тіл болмасын
оның дыбыстық құрамы шектеулі. Бірақ кез-келген тілдегі сөздер түрлі-түрлі
дыбыстық комбинациялар арқылы жасалады да, мыңдаған сөздер жиынтығын
құрайды.
Фонетика – тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр
түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің
бір саласы. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы
пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны
шектеулі, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік
бөлшек болып табылады [1.213].
Тілдерді фонетикалық, грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке
бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы немесе салғастырмалы
лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді:
1.Фонетикалық типология 2. Синтаксистік типология 3. Морфологиялық
типология.
Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ.
Фонетикалық типология бойынша тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты
болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерде сөздер дыбыстардан құралса, буын
құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол
тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді.
Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс
құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты
тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.
Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы дауыс тоны сөз
мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын
дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы
тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын
айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның
құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшын, орыс, қазақ, араб тілдері.
Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені
морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі
бойынша топтастырады.
1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын
тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).
2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және
олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз
ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз
тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі).
Шет тiлдi оқып үйренуде, ең алдымен, сол тiлдiң дыбыстық жүйесiн,
ондағы жеке дыбыстардың табиғатын танып бiлуден басталады. Шет тiлдi оқытып
үйретуде ондағы дыбыстық ерекшелiктер тіл үйренушінің ана тiлiндегi
дыбыстармен салыстыру арқылы түсiндiрiледi [1.215б.].
Тiлдердiң барлығында да дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп екi
үлкен топқа бөледi.
Әр түрлi тiлдердегi дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп
топтастыруға негiз болатын жалпылама ортақ белгi ретiнде, әдетте, олардың
буын құрау қызметi аталады. Буын құрау тұрғысынан алғанда дауыстылар буын
жасай алатын негiзгi ұйтқы, басты тұлға ретiнде, ал дауыссыздар өздiгiнен
буын жасай алмайтын, дауыстылардың жетегiндегi көмекшi элементтер ретiнде
ғана құралады.
Дауысты дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай,
тосқауылсыз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстардың
дыбысталуы негізінен ауыздың пішіні арқылы анықталады. Дауысты дыбыстар тіл
үсті дауысты дыбыстар және тіл ұшы дауысты дыбыстар болып екі үлкен топқа
бөлінеді. Қазіргі қытай тілінде10 дауысты дыбыс бар, олардың жетеуі тіл
үсті дауысты дыбыстар: a, o, e, i, u, ü, ê; үшеуі тіл ұшы дауысты дыбыстар:
-i, -i, er. Еr -қайырмалы тіл дауысты дыбыс.
І. Тіл үсті дауысты дыбыстар (舌面元音) .
Дауысты дыбыстарды дыбыстағанда, тілдің бір бөлігі қысылып,
төмендейді, тілдің қысылып, төмендеуінің ең жоғарғы нүктесі тіл орны деп
аталады.
Тіл үсті дауысты дыбыстары үш жақты жіктеледі. Олар:
1.Тіл орнының ілгерінді-кейіндігіне қарай тіл үсті дауысты дыбыстары
3 түрге бөлінеді: тіл үсті алды (前元音)i, ü, ê, тіл үсті арты
(后元音)u, о, е, тіл үсті ортасы (央元音)а.
2.Тіл орнының жоғары-төмендігіне қарай тіл үсті дауысты дыбыстары 4
түрге бөлінеді: жуан дауысты дыбыс (高元音)i, u, ü, жартылай жуан дауысты
дыбыс (半高元音) о, е, жартылай жіңішке дауысты дыбыс (半低元音)ê,
жіңішке дауысты дыбыс (低元音)а. Тіл орнының жоғары-төмендігі және ауыз
пішінінің көлеміне байланысты тіл орны төмендеген сайын ауыздың ашылу
көлемі үлкейеді; тіл орны жоғарылаған сайын ауыздың ашылу көлемі
кішірейеді.
3.Еріннің дөңгелену-дөңгеленбеуіне қарай тіл үсті дауысты дыбыстары 2
түрге бөлінеді: еріндік дауысты дыбыс (圆唇元音)ü, u, о және езулік
дауысты дыбыс (不圆唇元音): i, ê, е, a.
ІІ. Тіл ұшы дауысты дыбыстар (舌尖元音).
Тіл ұшы дауысты дыбыстарын дыбыстағанда тіл ұшы басты рөл атқарады.
Тіл ұшы дауысты дыбыстары тіл ұшының ілгерінді-кейіндігі және еріннің
дөңгелену-дөңгеленбеуі арқылы анықталады [2,82б.]. Путунхуада 3 тіл ұшы
дауысты дыбысы бар, олар: тіл ұшы алды дауысты дыбысы – і [ы], тіл ұшы арты
дауысты дыбысы - і [і] және қайырмалы тіл дауысты дыбысы er.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап
шығуынан жасалатын дыбыстар. Қытай тілінде дауыссыз дыбыс барлығы - 22,
дауыссыз дыбыстың сипаты кедергі жасайтын орын (жасалу орны) және кедергі
қалыптастыратын, кедергіні бұзатын тәсіл (жасалу тәсілі) арқылы
анықталады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Қазақ және ағылшын тілдері фонологиялық жүйесінің салғастырмалы сипаты
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзге тілдерден айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі жайында
Пәндер