Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзім


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Мәтіндік бөлім . . . 5Мәселенің мазмұны мен міндеті . . . 5Бақша территориясын орналастыру . . . 13

1. 3 Жидектер территориясын орналастыру . . . 15

2. Техникалық бөлім . . . 19

2. 1 Жобалық шешімді негіздеу . . . 19

2. 2 Нивелирлік түсіріс жұмыстарының камеральды өнделуі . . . 25

Қорытынды . . . 31

Қолданған әдебиеттер . . . 32

Кіріспе

Жаңа піскен жемістер және оларды өңдеу өнімдері адам тамақтануында кең орын алады. Жемістер мен көкөністердің пайдалы қасиеттері оның химиялық қасиетіне негізделген. Жаңа піскен жемістер мен көкөністердің тағамдық құндылығы онда көмірсулар, органикалық қышқылдар, илекті заттар, азотты заттар және минералды заттар, сонымен қатар витаминдердің болуына негізделген. Жемістер мен көкөністер тәбетті арттырады, басқа тамақ өнімдерінің сіңімділігін жоғарылатады. Кейбір жемістер мен көкөністер емдік қасиетке ие (таңқурай, қара қарақат, жүзім, қаражидек, бүлдірген, анар, сәбіз және т. б. ), бұл оның құрамында адам организмінде белгілі бір физиологиялық роль ойнайтын илек заттар, бояғыш және пектин заттары, витаминдер, фитонцидтер және басқа қосылыстар болуымен түсіндіріледі. Көптеген жемістерде организмнен радиоактивті элементтерді байланыстырып шығаратын антибиотиктер мен сәуле қорғағыш заттар (антирадианттар) болады. Белгілі бір заттардың жемістер мен көкөністерде болуы оның сортына, жетілу дәрежесіне, өсу жағдайына және басқа факторларға байланысты.

1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) - "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - басқарма), Атырау қаласы мен аудандарының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлімдерімен (бұдан әрі - бөлім) көрсетіледі.

Өтінімдерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11278 болып тіркелген) бекітілген "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімі негіз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады.

Нәтижесі - құжаттарды бөлімнің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;

2) бөлімнің басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді.

Нәтижесі - мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды бөлімнің жауапты орындаушысына жолдау;

3) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық болуын тексереді, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады.

  1. Мәтіндік бөлімМәселенің мазмұны мен міндеті

Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзімнің мынадай тіршілік кезеңдері болады: өсімдіктердің бүкіл тіршілігін қамтитын үлкен кезең және кіші немесе жылдық кезең - бұл өсімдік неше жыл тіршілік етсе де, соның бәрін қамтиды.

Бақта отырғызылған жас ағаш алғашқы кезде жедел қарқынмен өсе бастайды. Онан кейін ол жеміс салады, жемісі белгілі бір кезеңге дейін өскен соң, қысқа мерзімнің ішінде қурауының салдарынан, әуелі ұсак, онан кейін ірі бұтақшалары әлсірей бастайды. Ірі бұтақшалардың қурауы кенже бұтақшалардың бұйыққан бұтақшаларының өсуіне себепкер болады, соның есесінен ағаштың бөрікбасы уақытша «күзеледі».

Жеміс ағашы тіршілігінің үлкен кезеңінде мынадай үш негізгі дәуірге: ағаштың өсу дәуіріне, толық жеміс салу дәуіріне және қурау дәуіріне бөлінетіні айқындалып отыр. Ағаштың бір дәуірінен екінші дәуірге өтуі бірте-бірте болады. Сондықтан жоғарыда аталған негізгі дәуірлердің арасында тағы да аралық дәуірлер болады.

Егілген жеміс ағашының әр түрлі дәуірінде әр қилы күтім қажет болғандықтан, біз бұл мәселені толығырақ қарап өтелік. Мысал ретінде, негізгі жеміс дақылдарының ішінен алма ағашын алалық (1-сурет) .

1. Ағаштың жедел өсу дәуірі (ағаштың отырғызылуынан бастап жеміс сала бастауына дейін) . Бұл дәуірде (егілген ағаштың 6-7 жасы) негізгі бұтақтар мен тамырлардың жедел өсе бастайтындығы байқалады. Өсу дәуірінің аяқ шенінде алғашқы жемістік бүршіктер шығады. Бұл дәуір жас бұтақшалардың өте көп болып өсуімен және өсу процесінің күздігүні кеш аяқталуымен сипатталады. Бұл кездегі агротехникалық шаралар ағаштың бөрікбасын қалыптауға, көктемде және жаздыгүні бұтақшалардыц өсуіне қолайлы жағдап туғызуға; күздігүні өсу процесін мезгілінде тоқтатуға бағытталады.

http://s018.radikal.ru/i504/1604/7d/59fa9d7900dd.jpg

Жеміс ағаштарының тіршілік кезеңдері: І-өсіру дәуірі; І а-өсуден жеміс беруге көшуге дейінгі дәуірі; ІІ-толық жеміс беруі дәуірі; II а-жеміс беруден семіп қуруга өтетін дәуірі; ІІІ-сему дәуірі; ІII а-ағаштың жер бетіндегі бөлігінің толық семуі және тамырдан балауса бұталардың өсуі.

1-а. Ағаштың жедел өсуі мен толық жеміс сала бастауының арасындағы аралық дәуірі (ең алғашқы түсімімен ең көп жеміс алуына дейін), бұл ағаштың 6-7 жылдан 18-20 жылға дейінгі жасын камтиды. Бұл дәуірде ағаштың бөрікбасының көлемі ұлғайып, жеміс органдарының саны артады, бірақ жас бұтақшалардың өсуі әлсірей бастайды. Жемістері үлкейіп, жоғары сортқа жетеді. Бұл дәуірдің алғашқы шенінде екінші дәрежедегі бұтақшалардың қалыптасуы аяқталады. Ағашты бұтағанда, бөрікбастарының селдіреуі күшейе түседі. Ағаш егілген жердің топырағын куткен кезде өңдеудің, суарудың және тыңайтқышты енгізудің маңызы арта түседі. Дәуірінің соңғы кезінде бұтақшаларын қысқартып кесудің де маңызы артады.

2. Толық жеміс салу (ағаштың ең жоғарғы түсім беретін) дәуірі, егілген ағаштың 18-35 жылға дейінгі жасын қамтиды. Бұл дәуірде алма ағашының бөрікбасы өте көлемді келеді. Бұтақшаларының өсуі алғашқы дәуірдегідей де бәсеңдей түседі. Алғашқы, аралық кезеңінде қурай бастаған бөрікбастың, орта шеніндегі жеміс бұтақшаларының бұл дәуірдегі кұруы күшейе түседі. Бұл дәуірдегі агротехника шаралары ағаштың өсуін жақсарту үшін қолайлы жағдай туғызуға және жыл сайын бірқалыпты жоғары түсім алуға бағытталуы тиіс. Ағашты сумен жақсылап қамтамасыз етумен және қоректендірумен қатар, бұл дәуірде алманы суық соғудан және зиянды жәндіктерден қорғаудың айрықша маңызы бар. Ағаштың бұтақшаларын кесіп қысқартудың да қажеттігі арта түседі.

2-а. Толық жеміс салуынан бастап қурауына дейінгі аралық дәуір (жеміс салуының бәсеңдеуі, негізгі бұтақтары ұшының қурауы, ұзын өгей бұтақшалардың шығуы) . Дәуір егілген ағаштың 35-40 жылға дейінгі жасын қамтиды. Бұл дәуір ағаштың бөрікбасы көлемінің кішірейе бастауымен, жеміс органдарының көп құрып кетуімен және түсімінің төмендеуімен сипатталады.

3. Алғашқы қурау дәуірі (мұнан былайғы уақытта да жеміс салуының бәсеңдеуі, ірі бұтақтардың құруы, ұзын өгей бұтақшалардың өсуі және олардың жеміс сала бастауы) . Бұл дәуірде ағаштың бөрікбасының көлемі едәуір кішірейе бастайды. Агротехника шарасы алғашкы дәуірдегілердей, бірақ ол ағашты күзеуге дайындық жасаумен және күзеуге дайындап қойған ұзын өгей бұтақшаларды отырғызумен толықтырылады.

Негізгі бұтақтардың ауысуы өсудің, жеміс салудың жаңа бүйірінен шыққан бұтақтарға көшуі, жақсы күтімде тұрған ағаштарда, екі, кейде үш ретке дейін қайталауы мүмкін, бірақ әрбір ретте де бұтақтардың ауысуы нашарлай береді, бөрікбасының көлемі бірте-бірте кішірейе түседі, ақырында ағаштың жер бетіндегі бөлігі бүтіндей құрып кетеді. Кейбір сүйекті дақылдарда, мәселен, бұйыққан бүрлері ұзақ уақыт өмір сүретіндігімен көзге түсетін шиеде, негізгі бұтақтардың ауысуы, балапан бұтақшалардың шығуы есебінен болады.

Ағаштың кіші немесе жылдық кезеңі - тоқырау дәуірі және өсу дәуірі болып екіге бөлінеді.

Тоқырау дәуірі кезінде ағаштың бөрікбасында ешқандай өсу процесі болмайды, бұл жағдай ағаштың жапырақтары түскен кезде басталады да, көктемде бүршіктерінің толуына дейін созылады. Тоқырау дәуірінде жас бұтақшалардың өсуі байқалмаса да, тамырлары өсе беруі мүмкін, сонымен қатар дем алады, тамырларының суды сорып, бұтақшаларына жіберіп отырғандығы байқалады. Осыған байланысты жеміс ағаштарының және бұта тектес өсімдіктердің қыстыгүні тоқырауын, өсімдіктің тіршілік әрекетіндегі толық тоқырауы деп қарауға болмайды.

Алайда, мұндай жеміс ағаштарын күтуге арнаулы шаралар қолдана отырып, олардың тоқырау сатысынан шығу мерзімін өзгертуге, сөйтіп ол мерзімнің ұзақтығына әсер етуге болады.

Өсу кезеңінде жеміс ағашының бүршіктенуі, гүл шашуы, жапырақ сала бастауы, жас бұтақшаларының шығуы, жемісінің өсіп жетілуі, жапырақтарыныц сарғайып түсуі байқалады. Өсімдіктің әрбір түрінде, оның барлық фазасы өзара және айналадағы жағдаймен байланысты бола отырып, белгілі бір кезекпен өтеді, бірақ ауа райының жағдайына қарай өсімдіктің календарлы мерзімі бір жылдың ішінде әр түрлі болып өзгеруі мүмкін. Жеміс өсімдігінің кейбір фазасы бір жылдың ішінде екі рет қайталануы мүмкін. Мысалы, кейбір аудандарда алма, алхоры ағаштарының, тағы басқа тұқымның жас бұтақшаларының екінші рет өсуін және гүлденуін жиі байқауға болады.

Қазақстанның континенттік климаты жағдайында бақтағы ағаштарды куту жұмысын тек олардың өсу дәуірінде ғана емес, сонымен қатар күздігүні де өсу дәуірінен тоқырау дәуіріне өткен кезде де жүргізу өте қажет. Бұл екі арада баптау және суару жұмыстарын мезгілінде тоқгату арқылы, ағаштардың өсуін доғара тұрудың, сөйтіп ағаш сүрегінің жақсы пісуіне және суыққа шынығуына жағдай туғызудың маңызы зор. Бұл әсіресе отырғызылған ағаштар тіршілігінің алғашқы және екінші дәуірінде өте қажет.

http://s019.radikal.ru/i604/1604/ad/2f584adb8e69.jpg

2-сурет.

Жеміс беретін алма ағашының көктемгі фенологиялық фазасы; а-бүршіктің бөртуі; б-жемістік бүршіктің ашылуы; в-өскін бүршіктің ашылуы; г-гүлдің түйін таетауы; д-гүл шанағының оқшаулануы; е-шанақтардың ашылуы; ж-жемістің түйін тастауы; з-жалпақ тостағаншаларының ұласуы (Фетисов ғылымы бойынша)

Алма ағаштарының ұзақ уақыт өмір сүруі 25-30 жылдан 100-120 жылға дейін, бірақ Қазақстандағы қолдан отырғызылған ағаштардың бұл мерзімі көбінесе 40-50 жылға дейін созылады. Ағаштың жеміс органдары аз уақыт емір сүреді, олардың өмір сүру ұзақтығы көбінесе 5-12 жыл, бірақ 15-18 жылға дейін де жетуі мүмкін.

Алма ағаштарының көптеген сорттары 6-7 жылдан ксйін жеміс сала бастайды. Дұрыс және жақсылап күткенде алма ағашы жыл сайын (үздіксіз) жеміс береді (6-сурет) .

Қазіргі уақыттағы егіліп жүрген алма ағашының сорттары өздерінің мерзіміне қарай жазғы (ерте пісетін), күзгі және қысқы (кеш пісетін) болып бөлінеді. Қөптеген қысқы сорттардың сақталу мерзімі май-июнь айларына дейін барады.

Сүйекті жеміс ағаштары деп ішіндегі дәні қатты сүйекшеден біткендерін айтады. Сүйекті жемістер алма ағашымен бір тұқымдас және бұлардың шыққан тегі прунускаға жатады.

Алма және алмұрт ағаштарына қарағанда сүйекті жемістер тез жеміс салады және олардың жемісі тез піскіштігімен айрықша көзге түседі.

Сүйекті жемістердің шекілдеуікті дақылдардан айрықша бір өзгешелігі, жоғарыда айтылған бүршіктері мен жемістері құрылымының ерекшеліктерінен басқа, олардың жеміс бүршіктері жас бұтақшаларының жанынан шығады, ал ұш жағындағы бүршік әрдайым вегетативтік бүршік болып саналады.

Қөптеген сүйекті жемістердің, әсіресе бадам, шабдалы, өріктің тоқырау дәуірі қысқа болады және ерте көктеумен көзге түсе отырып, көктемгі суық соғудан қиындық көреді.

Тұқымнан өсіріп көбейту. Бұл әдіске (жер үй іргесіндегі бақтарда пайдаланбайды) - жеміс беретін өсімдіктердің өз тұқымынан өсіп көбею қабілеті жатады. Қөбіне мұнымен жаңа сорттар шығару үшін ғылыми-зерттеу институттары айналысады, питомниктерде ұластыру жұмыстарында айтарлықтай сорттары жоқ және сортты материалдар бермейтін-шырмауық шиені, Қанада (Қарзин) алхорысын, грек жаңғағын және басқа бірсыпыра түрлерді өсіріп көбейту үшін, сондай-ақ егіс қорғау алқаптарына отырғызуға арнап, жеміс және жидек дақылдарының (өрік, алша, қарақат, грек жаңғағын, т. б. ) шыбықтарын (өскіндерін) өсіру үшін пайдаланады.

Вегетативтік жолмен өсіріп көбейту. Вегетативтік жолмен өсіріп көбейту дегеніміз - өсімдікті, оның өніп-өсетін (вегетативтік) мүшелерінің - тамырларының, өркендерінің, бүршіктерінің, атпа бұтақшаларының көмегімен өсіріп көбейту. Бұл әдіс өсімдіктің бір бөлігінен (мүшесінен) бүкіл бір жаңа өсімдік өсетін (регенерациялық) табиғи қасиетіне сүйенеді.

Вегетативтік жолмен өсіріп, көбейтілген өсімдіктердің тұқымынан өсіріп алынған өсімдіктердің негізгі артықшылығы - оған аналық өсімдіктердің ерекшеліктері жақсырақ дариды.

Вегетативтік жолмен өсіріп көбейтудің тәсілдері көп-ақ, бірақ оларды негізгі үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) сабақ пен тамыр бөлшектерінің тамырлануы; 2) ұластыру. Бұлардың арасындағы принципті айырмашылықтар сол, біріншіден, олардың өз тамырлары болады, ал екіншісінде, ұластырушы өсімдіктің тамыр жүйесінің қызметі арқасында өсіп көбейеді.

Вегетативтік жолмен өсіп көбеюдің бірінші тобына жататындардың ішінде неғұрлым көбірек тарағандары мыналар: өркеннен өсіріп, көбейту; тікпе шыбықтарды қалемшеден (тамырдан және сабақтан) өсіру; тамырдың атпа бұтақтарымен және балапан бұтақшаларымен, «мұрттар» арқылы өсіріп көбейту (бүлдірген мен құлпынайдың мұрттарындағы тамырланған дегелектер арқылы) .

Өркеннен өсіріп көбейту. Дусен, парадизка, айва, тошала, қарақат және жүзім сияқты жеміс дақылдарының аласа өсетін ұластырушылары өркеннен өсіріп көбейтіледі. Өркеннен өсіріп көбейтудің бірнеше тәсілдері бар, олар: жантайма, тік, доға тәрізді өсіру тағы басқалар. Жеміс шаруашылығында көбірек қолданылатыны - өркенді жантайма және тік тәсілмен өсіру.

Жантайма өсетін өркендер. Аталық бұталардан төмен және ыңғайлы орналасқан былтырғы жылғы бұтақшасын төмен қисайтып, күні бұрын дайындалған тереңдігі 8-10 см шұңқырға салады да, топырақты себелеп жабады. Оны бірден көміп тастауға болмайды, өйткені бұтақшаның бүршіктерінің дамуын тежейді.

Бірсыпыра уақыт өткен соң бүршіктерден бұтақшалар (өркендер) өсе бастайды. Олардың биіктігі 10-15 см болғанда түбіне топырақ үйеді, үйілген топырақтың биіктігі өркеннің биіктігінің жартысындай болуға тиіс. Вегетация кезеңі ішінде топырақ тағы 2-3 рет үйіледі. Үйме топырақтың биіктігі 20-25 см болады. Үйілген топырақ ылғалды болғаны жөн. Бұл жас бұтақшалардың (өркендердің) тамыр қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды. Тамыр жайған жас бұтақшаларды (өркендерді) күзде аналық өсімдіктерден айырады да, тікпе материал ретінде пайдаланады немесе өсіріп жетілдіру үшін питомникке отырғызады.

Тік өркендер. Ерте көктемде аналық бұтаның жер бетіндегі бөлегі қырқылып қысқартылады, топырақ бетінде қалдырылған түбірдің биіктігі - аласа өсетін ұластырушылар үшін 2-3 см, тошала мен қарақат үшін - 10 см болады. Бүршіктерден өркендер өсіп, олардың ұзындығы 10-25 см жеткенде олардың түбіне, жантайма өркен өсіргендері сияқты, топырақ үйіледі. Үйілген топырақ үнемі ылғалды болуы және өркенге тығыз жабысып жату керек.

Күзде, қазан айының аяғында - қараша айының басында, өркендердің түбіндегі топырақ ашылып, өркендер аналық өсімдіктен айырылады. Егер өркендер күзге дейін жақсы тамырланып үлгірмесе, оны аналық өсімдіктен айыруды көктемге қалдыруға болады. Көктемде өркендерді айыруды кешіктіруге болмайды, өйткені аналық өсімдіктер әлсірейді, ал ауыстырып отырғызған өркендер нашар өседі.

Қалемшеден өсіріп көбейту. Көптеген жас өсімдіктер тамырдың және сабақтың қалемшелерінен өсіп көбеюге бейім. Қалемшеден өсіріп көбейту үшін аналық өсімдіктің сабағынан немесе тамырымен бір бөлегі кесіп алынып, көктемде топыраққа отырғызылады. Осы кесіп алынған бөліктен дербес жаңа өсімдік өсіп қалыптасады. Бұл әдіс қарапайым, қымбат та емес және арнаулы тәсілді қажет етпейді.

Тамырдың қалемшесінен таңқурай, қара бүлдірген және өте сирек болса да алма ағаштары өсіп көбейеді. Бұл әдіс әсіресе тамырдың атпа бұтақтарын өте аз беретін таңқурай сорттарын (мысалы, Новость Кузьмина сорты) өсіріп көбейту үшін өте маңызды.

Қалемшені әдетте күзде дайындайды, себебі көктемде таңқурай өсімдігі ерте оянады да, бұл кезде оның тамырын кесіп зақымдауға болмайды. Қалемше алу үшін аталық өсімдіктің жіңішкелігі 0, 3 см кем емес тамырларын пайдаланады. Тамырды аталық бұтадан кем дегенде 50-60 см қашықтықтан қазып алу керек. Әйтпесе оның зиян шегуі мүмкін. Қесіп алынған тамыр ұзындығы 10-15 см бірнеше бөлікке бөлінеді. Осылай алынған қалемшелер подвалда, ылғал топырақты көктемге дейін сақталады. Қалемшелерді отырғызу үшін ор қазылады немесе күректеп тереңдігі 10 см борозда тартылады. Қалемшелер бірінен соң бірі тізіліп (тұтас лента етіліп) орға немесе бороздаға отырғызылады да, топырақпен жабылады. Бұл қалемшелерден күзге карай жақсы дамыған тамыр жүйесі бар өркендер өседі.

Сабақтың қалемшесінен өсіріп көбейту үшін алғашқы айналған сабақ та, жас сабақ та пайдаланылады. Бұл қарақат пен жүзімді өсіріп, көбейтудің негізгі әдісі болып табылады. Бұл әдісті аласа өсетін ұластырушыларда және тошаланың бірсыпыра сорттарын (Хаутон, т. б. ) өсіріп көбейтуге қолданылады.

Қалемшелері күзде дайындалады. Қөктемде отырғызу үшін қарақаттың қалемшелерін қыстың аяғында дайындауға да болады. Қалемшелердің ұзындығын 18-20 см етіп кеседі, оның төменгі ұшын бүршіктің дәл түбінен, жоғарғы ұшын - бүршіктен 1-1, 5 см жоғары кесіледі. Қалемшелердің түбін бір жаққа қаратып будалап байлайды, сонан кейін салқын подвалға немесе ішіне ағаш үгіндісі төселген траншеяда сақтайды. Сақтаған кезде қарақат пен жүзім қалемшелері бір жағына қисайтып қойылады, ал аласа өсетін ұластырушылардың қалемшелері түбі жоғары қаратылып тік қойылады.

Қарақат пен тошаланың қалемшелерін отырғызатын ең қолайлы мерзім - ерте күз; Алматы облысы үшін - қыркүйектің екінші жартысы, республикамыздың солтүстік облыстары үшін - қыркүйектің бірінші жартысы.

Қалемшелерді жақсы өңделген, борпылдақ және ылғалы жеткілікті топыраққа, жер бетіне 1-2 бүршігі шығып тұратындай етіп отырғызу керек. Бір катардағы қалемшелердің арасы - 10 см, қатарлардың аралығы жүзімдік үшін 100-120 см.

Жүзімдіктің қалемшелерін көктемде жылыған топыраққа отырғызған жақсы (отырғызылатын тереңдіктегі жылылық 8-10) . Мұндай жылылық Алматы облысында 15-20 апрельден бастап республикамыздың солтүстік-шығыс облыстарында 10-15 майдан бастап болады. Ойдағыдай күтілсе жаз бойы қалемшелерден пайдалануға жарайтын жақсы тікпе шыбық немесе ұластырушы пайда болады.

Жас сабақтардың қалемшелерін тошаланы, қарақатты, кейде шие мен таңқурайды өсіріп көбейту үшін пайдаланады. Қалемшелерді бұтақшалар кауырт өсіп, жаңа ғана ағашқа айнала бастаған шақта кесу керек. Бұл мерзімнен кешігу немесе ерте кесу қалемшелердің сапасын төмендетеді - олар нашар тамырланады.

Бұталардаң қалемшелерді бұлтты күндері немесе таңертең ерте кескен жөн, өйткені мұндай кезде өсімдік тканінде ылғал қоры мол болады. Қалемшені кесу және топыраққа отырғызу арасында көп алшақтық болмағаны жөн. Қалемшеге бұтақшаның жоғарғы ұшы пайдаланады. Ол әр қалемшеде 1-2 буын аралық (5 см шамасы) және 1-2 жапырақ болатындай етіліп кесіледі. Қалемшелерді кептірмей әкелісімен суға салу керек. Таза және ылғал топыраққа 1, 5-2 см тереңдікке, бір-бірінен қашықтығы 5-8 см етіп отырғызылады. Тамыр жайған қалемшелер күзде питомникке көшіріліп отырғызылады. Бұлардан келесі жылы қуатты бұталар өсіп қалыптасады, олар бауға отырғызылады.

Тамырдың балапан бұтақшаларынан өсіріп көбейту. Шиенің, алхорының және қызыл шиенің кейбір сорттары тамырдан көптеген балапан бұтақшалар шығарады, олар әдетте жоғарғы жақтағы тамырдың қосымша бүршіктерінен пайда болады. Бұл балапан бұтақшаларды отырғызатын материал ретінде пайдалануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамыр және тамыр жүйесі
Вегетация фазалары, фенокесте құру
Жеміс-жидек шаруашылығы
Жемістер және көкеністер. Физико-химиялық технологияның негіздері. Жылуфизикалық технологияның негіздері
Қарақат
Өсімдіктер - автотрофты организмдер
Қазақстан өңірінде жабайы түрінде кездесетін таңқурай мен қара қарақаттың in vitro жағдайындағы өсу ерекшеліктері
Жүзім өсімдігінің таралуы, сорттары және оларды өсіру
Жүзім өсіру
Алкагольсіз сусындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz