«Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттер»


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Жоспар: Кіріспе
3-4
Жоспар: І.
Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер
Жоспар: 1. 1.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі
5-7
Жоспар: 1. 2.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы
8-10
Жоспар: ІІ.
Негізгі бөлім
Жоспар: 2. 1.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары
11-18
Жоспар: 2. 2.
Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік
18-26
Жоспар: 2. 3.
Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік
26-27
Жоспар: Қорытынды
28-29
Жоспар: Қосымша
30
Жоспар: Пайдаланылған әдебиет
31

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы «Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттер». Тақырыптың негізгі мақсаты - зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен манызын, пайда болу шарттарын, зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және моральдық зиян келтіргені үшін жауапкершілік. Адамардың өзара қарым-катынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ. Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.

Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т. б. келтіріледі.

Тұлғалардың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуіе мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқыктық жауапкершілік табылады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.

ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.

Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады:

1) құқыққа кайшы іс-әрекет (әрекетсіздік) ;

2) зияннның болуы:

3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс;

4) кінә.

Зиян келтірудің жекелеген жағдайларындагы жауапкершілікті карастыра отырып біз өзгеше субъектілік құраммен (мысалы, бір тұлғалардың басқаларының іс-әрекеті үшін жауапкершілігі көзделгенде) туындайтын кінә тікелей заңмен көзделген негіздер бойынша туындайтын кінә болмаған кезде және басқада ерекшеліктері бар міндеттемелерге тоқталамыз.

Мұндай жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқар) кезінде жұмыскер мен келтірілген зиянды өте кезіндегі міндеттеме табылады.

Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде етеледі. Тұлғаның өмірі мен денсаулығына зиян келтірген кезде келтірілген мүліктің зиянның сипаты мен құрамына сүйену керек. Оның дәл осы ерекшелігі осындай зиянды етеу мәселелерін бөлек қарастыру кажеттілігін туындатады.

Адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жоғарыда атап еткеніміздей, онда болған не болуға тиіс болған еңбекақыларын жоғалтуда.

І. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

1. 1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі

Адамардың өзара қарым-катынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.

Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.

Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен кызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т. б. келтіріледі.

Жоғарыда аталған субьектілердің іс-әрекеттері зиян келтіре отырып, бірқатар жағдайларда, құқыққа қайшы сипатқа да ие болады. Олар, оларды жасаған тұлғаға азаматтық-құкықтық жауапкершілік жүктелуге мүмкін болатын белгілерге сәйкес болған кезде, азаматтық құқық бұзушылық, басқаша айтқанда деликтілік, сипатка ие болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, олар азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады,

Бұдан ары біз осыған қажетті шарттарды (талаптарды) сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын құқықтык қатынастарды қарастыру кезінде қолданылатын түсініктерді айқындайтын боламыз. Алдымен азаматтық-құқықтык жауапкершілік тусінігіне қысқаша тоқталайық.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс кала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастарының реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын, бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзшылықты одан әрі ушықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбір көрген тарапты озбырлыққа (рұқсат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзшылық жасауға итермелеуі мүмкін.

Тұлғалардың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған темденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуіе мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқыктық жауапкершілік табылады.

Азаматтық-құқыктық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтық шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады. [1]

Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқыктық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі құқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді) .

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап ету қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстурлі түрде азаматтық құқыктык өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдық (құқыктық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:

1) мемлекеттік мәжбүрлену мен ажырағысыз байланыс;

2) іс-жүзіндегі негіздеме - құқык бұзушылық болуы;

3) құқық бұзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы. [2]

Алайда азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол кылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық тәртіптік жауапкершілілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінін айрықша азаматтық-құқықтық салдарына реакция білдіру ретінде' қолданылады және өзі сонымен бірге өзін колдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық салдарға алып келеді.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басқа да заңдық (құқықтық) жауапкершіліктерден тағы бір ерекшелігі ол туралы нормалар оны жүзеге асырудың ерікті тәртібін де жоққа шығармайды. Соған орай азаматтық-құқыктық жауапкершілікті азаматтық құқық теориясында жасалып қойған құқық бұзушылықтар үшін жауап беру қажеттілігі ретінде анықтайды. [3]

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, деиліктілік) жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз коюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, корғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылык органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс. Мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады. [4]

Азаматтық -құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры - азаматтық-құқықтық жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына не мемлекет пайдасына қолдануға алып келеді.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке-құқықтық сипаты зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер құрылымын құрастырудың бірден бір себебі болып табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік міндеттемелік құқықтық қатынас нысанынан басқа нысанда жүзеге асырыла алмайды. Ол қатысты болып табылады және жауапкершілік субъектісін де, құқықтық талап-тілек білдірудің, иесін де сөзсіз айкындауға мүмкіндік береді.

Міндеттеменің аталған түрі заңнамаға сәйкес туындайды. Ол тараптардың келісімі бойынша тоқтатыла алмайды.

Оны іс жүзінде жүзеге асыру, алдында атам өткеніміздей, жәбірленуші субъектінің өз еркіне тәуелді болады. Ол, жалпы өзі аркылы адамдардың қандай да бір әлеуметтік маңызы бар қызметін (тауарларды беру, жұмыстарды атқару, кызметтер көрсету) туындату мақсатын көздемейді, ол тұтастай және толығымен адамдардың бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес аяларын қалпына келтіруге бағытталған. Сондықтан зиян келтіруден туындайтын міндеттеме азаматтық-құқықтық міндеттеменің ерекше бір түрі болып табылады. . Оның мақсатына сүйене отырып, оны қорғаушы міндеттеме ретінде анықтайды. Егер оның пайда болу негіздерін ескеретін болсақ, онда зиян келтіруден туындайтын міндеттемені деликтілік міндеттеме деп атаған жөн.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелермен реттеу аясы туралы осы айтылған сөз, осындай міндеттемеге сүйене отырып, міндетті субъект баска субъектінің пайдасына зат (тауар) беруге тиіс болатындығын жоққа шығармайды, бірак бұл бұзылған құқықтарды қалпына келтіру қажеттілігімен жетеленеді. Міндетті субъектімен жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету тәжірибе жүзінде колданылмайды, бірақ жоққа шығарылмайды. Бұл орайда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме осындай жан-жақты мазмұнға барлық жағдайларда емес, ал, тек зиян мүлікке ғана (тұлғалардын жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына емес) келтірілген жағдайда ие болады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме, басым жағдайларда субъектілердің абсолюттік құқықтарын корғауға бағытталған. Бұл оны тұлғалардың кез келген құқықтарын оларға кез келғен құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау мақсаттарында пайдалануға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда деликтілік міндеттеме құрылымын пайдалана отырып тұлға өзінің нақты бір субъектіге қатысы бар, катысты құқықтарын да қорғап алады. Бұл, мысалы тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жетіспеушілігімен келтірілген зиянды өндіріп алу кезінде орын алалы.

1. 2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің манызы

ҚР АК 917-бабының тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиянды, оны келтірген тұлға толық төлем де өтеуге тиіс.

Сондай-ақ заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктеледі, сонымен қатар өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін екені ескертіледі. Аталған бап, негізінен зиян келтіруден туындайтын жауапкершіліктің жалпы негіздерін белгілеу үшін арналғанмен, ол, сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттеме түсінігінің өзінде анықтау үшін қолданылады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтык жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялық, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардын бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды. [5]

Оларға азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің санкпияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатыскандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалын да сезінері анық. Бұл азаматтық құқықтық жауапкерпііліктін белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық.

Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін.

Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер бола алады. Объективті түрде, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.

Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушылар) қамқоршылар, оқу, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар жатқызылуы мүмкін. Орын алған жағдайға, зиян келтіруден -туындайтын міндеттеменін пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мираскорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мираскорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына катыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды етеу кезінде зиян келтіруден туыйдайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады.

Борышқор үшін зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борышқорлардың бірі) да одан қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады.

Міндеттеме түрі болыл ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жагғдайларда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап-арыздар "бәсекелесе"" алатын талап-арыздарға жатады, зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтем ақы мөлшері талап-арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды. Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келітірілген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай етеуге міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады.

Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндетеме бір жақтың міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның (өзге де тұлғаның) келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды.

Жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы.

Жоғарыда атап өткеніміздей, көптеген қатысушылары бар міндеттеме туындауы мүмкін. Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ұқсас жағдайларда орын алады.

Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен (бірлескен іс-әрекеттермен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.

Ол заңнамаға сәйкес солидарлы (немесе ортақ) жауапкершіліккі алып келеді. ҚР АК 932-бабына сәйкес. Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді. Ортақ жауапкершілік кезінде зиян келтірушілердің әркайсысы жәбірленуші алдын да толық көлемде жауап береді. Зиянды ортақтасып өтеу қазіргі таңда Қазақ ССР заңнамасындағыдай бір жақты түрде қолданылмайды. Енді сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы. Зиян келтірушінің әрқайсысы төлеуге тиіс өтемнің мөлшері олардың сол бірі немесе өзге біреуі іс жүзінде келтірген зиянның мөлшеріне сәйкес айқындалатын болады. Егер мұндай анықтау мүмкін болмаса, онда оларға бірдей үлестегі жауапкершілік жүктелуі мүмкін. [6]

ІІ. Негізгі бөлім.

2. 1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары

Жоғарыда бір зиян келтіруден туындайтып міндеттемелердің пайда болуының негізгі шарттарына нұскайтын азаматтық заңнама нормаларына сілтеме жасаған болатынбыз.

Сондай-ақ ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.

Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады:

1) құқыққа кайшы іс-әрекет (әрекетсіздік) ;

2) зияннның болуы:

3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс;

4) кінә.

Аталған төрт шарттар бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің пайда болу (азаматтық-қүұқықтық жауапкершілікті колданудың) лездемесі болып азаматтық құқық бұзушылық табылады.

Құқыққа қайшылық түсінігі азаматтық құқықта көп қырлы болып табылады. Құқықка қайшылык ең алдымен тұлғалар іс-әрекетінің (қадамдарының) құқықтық әртүрлі салаларына нормаларына қайшы келуіне сүйене отырып бағаланады. Бұл конституциялық құқық, кылмыстық кұқық, әкімшілік құкык және т. б. болуы мүмкін. Іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктің) объективтік құқық нормаларына қайшы келу белгілері олардың құқыққа қайшылығыы оңай және сенімді бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен катар, бірқатар басқа мемлекеттердің құқықтарында сияқты, Қазақстан Ресгпбликасының да азаматтық құқығында бас деликт қағидасы әрекет ететіндігін ұмытпаған жөн. [7]

Соның салдарынан, егер зиян келтіруші оған заң актілерімен уәкілденген болмаса иемесе тұлғаның оған зиян келтіруге деген келісімі болмаса, кез келген зиян келітірушілік құқыққа кайшы деп танылатын болады.

Бірқатар жағдайларда іс-әрекеттердін құқыққа қайшылығы олардың мораль, саналылык, адамгершілік және әділеттілік талаптарына қайшы болуына яғни азаматтық құқықтық жалпы бастауларына сүйене отырып бағаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау
Міндеттеме тараптары мен қатысушылары
Мемлекеттің азаматтық-құқық қатынастардың құқықтық жағдайының ерекшелігі
Азаматтық құқық қатынастары
Әрекерт қабілеттілік
Міндеттемесін орындауды талап ететін жақ
Шарттар міндеттемелері негізсіз баюшылықта
ШАРТТЫ ЖӘНЕ ШАРТТАН ТЫС МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Негізсіз баю міндеттеменің мазмұны
Міндеттеме құқық ұғымы және оның жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz