Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы роль
КIРIСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ . МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ 5
1.1 Конституция ұғымы, мәні, құрылымы және ерекшеліктері 5
1.2 Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері 8
1.3 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясындағы құқықтық қағидалары 13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 16
2.1 Конституциялық реформалар . Тәуелсіздігіміздің негізгі қозғаушы күші 16
2.2 Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. және 2007 ж. толықтырулар мен өзгертулерден кейінгі өкілеттіктері 20
2.3. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 ж. және 2007 ж. толықтырулар мен өзгертулерден кейінгі заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының жұмыс атқаруының маңыздылығы 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 31

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін 1993 жылы қабылданған алғашқы ата заңымызды ары қарай жетілдіру уақыт талабынан туындаған еді. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда еліміздің Конституциясы қабылданды.
Ата заңымыз елімізді өтпелі кезеңнің дағдарыстарынан сақтап, еліміздің тұтастығы мен амандығын ұлтаралық татулығы мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде елімізде реформалық өзгерістердің белсенді қозғалыстары болды және мемлекетімізді басқарудың механизмін одан әрі жетілдірудің жолдарын ашты. Қолданыстағы Конституциямыз бүгінгі заманның барлық көкейкесті мәселелерін толық қамтыған және құқықтарымызға, мемлекет құрлысына толық түсінік бере алады деп айта аламыз. Қазақстанда мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципіне негізделіп құрылды.
Ата заңымыз қабылдануының нәтижесінде, бұрынғы 1 палаталы жоғары кеңестің орнына 2 палаталы кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізетін, саяси партиялардың фракциялары өкілдік ететін Парламент құрылды.
Конституцияға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті бүгінде мемлекеттік биліктің бір тармағына айналды. Үкімет мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы ретінде Конституцияда белгіленген өкілеттіктерін жүзеге асыруда. Конституция мемлекеттік биліктің үшінші тармағы сот төрелігін жаңадан құру қажет екендігін айқындап, оның құрлымын, қызмет істеу қағидаларын заңдастырды.

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ 5
1.1 Конституция ұғымы, мәні, құрылымы және ерекшеліктері 5
1.2 Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері 8
1.3 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясындағы құқықтық
қағидалары 13
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ 16
2.1 Конституциялық реформалар – Тәуелсіздігіміздің негізгі қозғаушы күші
16
2.2 Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. және 2007 ж. толықтырулар
мен өзгертулерден кейінгі өкілеттіктері 20
2.3. Қазақстан Республикасының Конституциясына 1998 ж. және 2007 ж.
толықтырулар мен өзгертулерден кейінгі заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарының жұмыс атқаруының маңыздылығы 26
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 31
КIРIСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін
1993 жылы қабылданған алғашқы ата заңымызды ары қарай жетілдіру уақыт
талабынан туындаған еді. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық
референдумда еліміздің Конституциясы қабылданды.
Ата заңымыз елімізді өтпелі кезеңнің дағдарыстарынан сақтап, еліміздің
тұтастығы мен амандығын ұлтаралық татулығы мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз
етті. Соның нәтижесінде елімізде реформалық өзгерістердің белсенді
қозғалыстары болды және мемлекетімізді басқарудың механизмін одан әрі
жетілдірудің жолдарын ашты. Қолданыстағы Конституциямыз бүгінгі заманның
барлық көкейкесті мәселелерін толық қамтыған және құқықтарымызға, мемлекет
құрлысына толық түсінік бере алады деп айта аламыз. Қазақстанда мемлекеттік
билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципіне
негізделіп құрылды.
Ата заңымыз қабылдануының нәтижесінде, бұрынғы 1 палаталы жоғары кеңестің
орнына 2 палаталы кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізетін, саяси партиялардың
фракциялары өкілдік ететін Парламент құрылды.
Конституцияға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті бүгінде
мемлекеттік биліктің бір тармағына айналды. Үкімет мемлекеттік биліктің
дербес бір тармағы ретінде Конституцияда белгіленген өкілеттіктерін жүзеге
асыруда. Конституция мемлекеттік биліктің үшінші тармағы сот төрелігін
жаңадан құру қажет екендігін айқындап, оның құрлымын, қызмет істеу
қағидаларын заңдастырды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Конституцияға енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Парламенттің өкілеттігі неғұрлым
кеңейтіліп,Парламенттің Констиуциялық кеңесті,Орталық сайлау комиссиясын,
Есеп Комитетін қалыптастырудағы сондай ақ, тұтастай алғанда бюджетті бекіту
мен атқарылуын бақылаудағы өкілеттіктері ұлғайтылды. Парламенттің Үкіметті
жасақтаудағы роль күшейтілді.
Сот-құқық жүйесін жетілдіру мақсатында тұтқындауға құзырлылықты соттарға
беру туралы шешім қабылданды және соттың тұтқындауға санкция беруі тиісті
заңнамалық актілер қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілетін болады.
Біртіндеп осы заманғы ашық тұрпатты сот өндірісі қолданылатын болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Елімізде жүргізіліп жатқан саяси
өзгерістердің біз үшін басты мақсаты- бұл биліктің бір мезгілде елде саяси
тұрақтылықты сақтап азаматтарымыздың Конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемлекетті басқарудың
тиімді жүйесін қамтамасыз ету үшін осы заманғы демократиялық жолға қадам
басу.
Біртұтас Қазақстан мемлекеті сан ұлтты қазақстандықтарды олардың ұлты
мен басқа да белгілеріне қарамастан азаматтық тең құқықпен қамтамасыз
етуде.
Оның тағы бір көрнісі - Ата заңға 2007 жылы 21 мамырда енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Мажіліс депутаттарының сайлауында
Мәжілістің 9 депутатының Қазақстан халқы Ассамблясынан сайлануы.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дамудың демократиялық жолына
түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның
институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді
демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде
берік қалыптасқан.
Курстық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Әрбір егемен
мемлекеттің өз дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын конституциялық
саясаты болады. Қазақстан Республикасының конституциялық саясатының
негіздері 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда айқындалған
болатын. Соның нәтижесінде республиканың қолданыстағы Конституциясы
қабылданып, өмір талаптарына орай 1998 және 2007 жылдардағы конституциялық
реформалар барысында оларға түзетулер енгізілді.
Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Мемлекет басшысы – Елбасы
Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған сарабдал конституциялық саясат арқасында
Қазақстан бүгінгідей жетістіктерге жеткені баршаға аян. Ата Заңымыз
қабылдануын кезекті рет мерекелеу қарсаңында мынаны атап өтпеуге болмайды –
осы жылдар ішінде Қазақстанда жасалған игі істердің бәрі де Конституция
қағидалары сақтала отырып жасалды.
Отандық заңгерлердің ішінде конституциялық құқық теориясының көптеген
мәселесімен айналысушы ғалымдардың бірі - А. Черняковтың еңбегі ерекше. А.
Черняковтың жұмыстарында жалпы конституциялық құқықтық норманың сипаттамасы
және оның түрлері жаңа методологиялық негізде сөз болады. Сонымен қатар,
еңбектерде жанама тұрғыда болса да, конституциялық құқықтық нормалардың
жүзеге асу мәселесі сөз етіледі.
Курстық жұмыс құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға
бөлінген екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ
1 Конституция ұғымы, мәні, құрылымы және ерекшеліктері
Конституция сөзі негізінде латын тілінен шыққан, қазақшаға аударғанда
мекеме, бекітілім дегенді білдіреді. Мемлекеттің негізгі заңы ретінде
конституция буржуазиялық мемлекеттер өмірге келген соң пайда болды.
Конституцияны түрлі негіздермен жіктеуге болады. Олар өзгерістер және
түзетулер енгізу тәсілі бойынша қатаң және өзгермелі болып бөлінеді. Қатаң
конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру немесе арнаулы
конституциялық іс-шаралар арқылы, болмаса Парламентпен қабылданады.
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші
Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің
тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи ҚР
Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа
Конституция жобасы жасалды.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық
дауыс беру) жолымен Конституция қабылданды. Осы Конституцияға
конституциялық реформалар нәтижесінде екі рет өзгертулер мен толықтырулар
енгізілді. Алғашқысы 1998 жылдың 7 қазанында, екіншісі 2007 жылдың 21
мамырында болды.
Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің
қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата Заң қабылданған күн
демалыс, мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.
Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында
тікелей қолданылады. Мұның өзі конституциялық нормалар мен заңдардың басқа
нормативтік-құқықтық актілердің нормаларынан үстем екендігін көрсетеді.
Кейінгі екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол – бұлар
тұңғыш рет мемлекетіміздегі тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан
халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды.
Жаңа Ата Заңды құқықтық мемлекеттің қалыптасқан бағыттары, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты еркіндігі,
идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы,
саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар
бірлестігін құру еркіндігі), халық билігін жүзеге асыратын демократиялық
амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға
сәйкестендірілген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға
бейімделіп тұжырымдалған.
ҚР-ның Конституциясы барлық заң салдарының негізі болып табылады, ал оның
нормалары басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
Бірнеше ғасырлар бұрын ру-тайпаға бөлініп, қоғамдасып өмір сүрген
адамдардың да өз тәртіптері мен жазылмаған заңдарының болғандығы тарихтан
мәлім. Өткен ғасырлардың данышпандары өздерінің шешендік, білгірлік
қасиеттерімен елеулі орнын қалдыра білді. Елу жылда ел жаңа дегендей,
арада қаншама жыл-ғасырлар өтіп, Кеңес Одағы тарағаннан кейін, екі жыл
өткен соң, 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
он екінші сайланған тоғызыншы сессиясында еліміздің тұңғыш Конституциясы
қабылданды. Заман өзгерген сайын, қолданыстағы заңнамаларға да өзгерістер
енгізілуі мемлекетіміздің өркендегенінің белгісі.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру барысында
Конституциямыздың тарихы негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы
Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және
құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткізгенін байқаймыз. Конституцияға
сәйкес, қос палаталы Парламент еліміздің заң шығарушы билігін иеленді.
Конституция оған ел бюджетін бекітуге, оның орындалуын қадағалауға
мүмкіндік береді. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында тұрақты есеп
береді. Әрине жоғары жақтың құрылымдық кестесімен қатар, атқарушы билік
жүйесін реттеу және тиімділігін арттыруға бағытталған мәселе де аз емес.
Қазір жергілікті атқарушы билік халықпен кездесіп, есеп беруде. Бұл билік
пен халықты біртұтас етуге сеп, сондай-ақ, әкімшілік реформаларды
тереңдетуге негіз жасады.
Қазақстан халқының тәуелсіздікті ту етіп, қабылдаған Конституциясы қазір
қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани адамгершілік сипатқа
ие болды. Конституциялық құрылысты бекітуде алдымызда күрделі әрі жауапты
міндет тұрғанын ұмытуға болмайды. Ол – мемлекетімізді мемлекеттік билік пен
басқарудың барлық жүйесін жан-жақты нығайту қажеттілігі. Әрбір Қазақстан
Республикасының азаматы болашағы зор мемлекетіміздің дамуына өз үлестерін
қосулары тиіс екенін түсіну керек...
Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң
қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн
демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды.
Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993,
1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар
мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар
және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi
Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң
нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы
екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздің
тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп,
одан әрi орнықтырды.
Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-
жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және
шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ
бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге
асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi
әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде
ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
ҚР Констиуциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның
нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.
ҚР Констиуциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен
мақсаттары былай түсiндiрiлген: Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi
еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей
отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi
сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы
Конституцияны қабылдаймыз. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол.
тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн
қалады.
Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат
қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын
айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық
бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн
орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың
тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң
мызғымастығын бекiту.
Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар:
• қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
• бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму;
• қазақстандық патриотизм;
• мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен,
оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру
арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).
Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары,
бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы,
мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi
туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және
сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы)
нормалар тұжырымдалған.
Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге
де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау
оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi.
Жалпы ережелер деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа
сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада
мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң
шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк
әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына
сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты
айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-
қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар:
• Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi);
• Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;
• мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi;
• Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы);
• мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi;
• адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы;
2 Қазақстанның конституциялық даму кезеңдері
Еліміз егемендік алған соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан үш Конституция
негізінде дамыды. Ең алғашқы Конституция – 1978 жылғы 20 сәуірде
қабылданған Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың Конституциясы еді. Ол
1993 жылға дейін көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілу арқылы іске
асты. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тұңғыш рет дайындалып, 1993 жылы 28
қаңтарда қабылданған Конституция бар жоғы 2 жыл 7 ай өмір сүріп, еліміздің
қазіргі 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияға жол берді.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, 1926 жылғы Қазақ СССР Конституциясы.
Қазақстанның бірінші Конституциясы СССР құрылған соң 1925 жылы 18 ақпандағы
ҚазАССР Орталық атқарушы комитеттің қаулысының нақты редакциясымен және
Қазақстан РСФСР қол астында болғандықтан 1925 жылғы РСФСР Конституциясының
есебімен қабылданды. Аталмыш негізгі заң басқару формасын, мемлекет
құрылымын, саяси тәртіпті, мемлекеттік билік органдарының құрылымын,
атқарушы-басқаратын органдардың құрылымын бекітті. Бюджет, сайлау
құқықтарының белсенді және енжер бастау негіздері анықталды. Аталмыш
Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамында тең құқықты республика
болды.
1937 жылғы Қазақ СССР Конституциясы. 1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл
қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ СССР Конституциясы 11 бөлім
және 125 баптан құралды. Онда былай деп жазылған: СССР Конститутциясының
14 бабынан тыс Қазақ СССР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып,
мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы
Конституцияда басқа тең құқықты республикалармен экономика, қорғаныс
бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-
дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және
жергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканы енгізу
мәселелері, заңнаманы орындауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық
тәртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап)
қамтылған.
Сондай-ақ, сот және прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық сот төрешілері
аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және
тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа
ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90
баптар).
1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары
анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97
бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында
материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы,
баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың
кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық,
азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.
1978 жылғы Қазақ СССР Конституциясы. 1978 жылғы 20 ақпанда республиканың
Жоғары Кеңесі шақырған кезектен тыс VII сессияда қабылданған Қазақ СССР
Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған
сәйкес барлық билік халыққа тиесілі, онда халық жұмысшылар, крестьяндар
және еңбек интелегенцияларының кластарына бөлінген. Билік және басқару
органдарының үстінен Қазақ СССР Комунистік партиясы қойылды (6 бап).
Республиканың экономикалық жүйесінің негізі ретінде мемлекеттік,
кооперативтік-колхоздық, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдардың
меншігі жарияланды.
1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-
территориялық құрылымы, жергілікті билік және басқару органдарының
құзіреті. (78-83, 97-139 баптар), сайлау жүйесінің қағидаттары, халық
депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік дамытуды
мемлекеттік жоспарлау институттары, мемлекеттік бюджет, сот төрелігі,
арбитраж, прокурорлық қадағалау және т.б. анықталған болатын.
1990 жылдардың басында Қазақ ССР-інде, содан кейін Қазақстанда бірнеше заң
қабылданды, онда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізілді. 1990
жылғы Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру туралы заңға сәйкес
Конституцияға Президенттің атқарушы және орындаушы биліктің басшысы екені
туралы өзгеріс енгізілді, Министрлер кеңесі Министрлер Кабинеті болып қайта
құрылды. Басқа да заңдардың арасында 1991 жылғы 15 ақпандағы Жергілікті
өзін-өзі басқару және Қазақ СССР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі
туралы Заң, 1991 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының атауын өзгеру туралы Заңы, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы конституциялық заңы және тағы
басқалар бар.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Тәуелсіз Қазақстанның
алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993
жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4
бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік
алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық
тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ
тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы
ретінде мойындау, сот органдары —Жоғары, Конституциялық және Жоғары
Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне
парламенттік республика моделі жатады.
Құқықтық мемлекет қалыптастыруды анықтаушы факторлар мен мәселелер
төңірегінде сөз қозғағанда басым міндеттер қатарынада материалдық және
идеалдық сипаттағы алғы шарттарға әділ, тәуелсіз сот билігінің болуы,
мемлекеттік билікті жіктеу, мемлекетте құқықтың үстемдік құруы, адам және
азамат құқықтары мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуі жатады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, өз алдына отау тіккелі бергі
кезеңде батыстық өркениеттің жемісі болып табылатын құқықтық мемлекет
қалыптастыру ниетіне беріктігін көрсетуде. Қазақстан Республикасының
әрекеттігі Конституциясына сәйкес, ондағы мемлекеттік билік біртұтас, ол
Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады [6, 48
бет]. Қазақстанда заң шығару қызметі екі палатадан Сенат пен Мәжілістен
тұратын парламентке берілген. Заңдар парламентпен Палаталардың бөлек
отырысында мәселелерді алдымен Мәжілісте, сонан Сенатта өз кезегімен
қарастыру жолымен қабылданады. Атқару билігін Премьер-Минстр басқаратын
Үкімет жүзеге асырады. Үкіметті Президент қалыптастырады, Премьер-
Министірдің кандидатурасын Парлманетке келісім алу үшін ұсынады. Үкімет
өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты,
бағдарламасы бойынша Парламентке есеп бердеді. Биліктің бөліну теориясына
сай тәуелсіз билік тармақтарының бір түрі- сот билігі. Сот билігі
Қазақстанда Жоғарғы соттың басшылығымен сот органдарының жүйесімен жүзеге
асырылады. Соттрадың шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы 2000
жылдың 25 желтоқсанында жаңа негіздегі заң қабылданды. Жаңа заңға сәйкес
сот органдарының тәуелсіздігіне қол жеткізілді деп санауға болады: олардың
әділет органдарына тәуелділігі жойылды, қаржылық қамтамасыз етілу мәселесі
де, материалдық – техникалық қамтамасыз етілу дәрежесі де оң жолға қойылды.
Қазақсатн Республикасы Жоғарғы сотының қызметін аталған негізде ұйымдастыру
Президент құратын уәкілетті мемлекеттік органмен жүзеге асырылады. Сөйтіп,
сот әкімшілігі институты өмірге келді. Оның қызметі соттың тәуелсіздігі мен
судьялардың қызметіне араласпау қағидаларын сақтау жағдайында жүзеге
асырылады.
Құқықтық мемлекет қалыптастырудың өзге алғы шарттарына тоқталатын
болсақ, алдымен оның қоғам тұрақты демократиялық, құқықтық, саяси, мәдени
дәстүрлерді ұсынатын жерлерде пайда болатынын атауға болады. Мемлекет
қоғамдық дамудың жемісі, сондықтан да қоғамдағы өзгерістер мемлекеттегі
өзгерістердің қарқынына, нысандары мен әдістеріне тікелей әсерін тигізеді.
Құқықтық мемлекеттегі қалыптастыру үшін қоғамның жалпы мәдениеттілігін,
соның ішінде құқықтық мәдениеттілігін көтеру қажет. Бұл тұрғыдан алғанда,
біздің мемлекетімізде атқарылатын жұмыстар жетерлік. Құқықтық мемлекетте
жеке және қоғамдық адамгершілік деңгейі де жоғары болуға тиісті. Құқық
объективті түрде адамгершілік нормаларына сәйкес келуі қажет.
Құқықтық мемлекет қалыптастырудың маңызды алғы шарттарының бірі
азаматтық қоғам институттарының болуы. Азаматтық қоғам құрылымына әуелі
жеке тұлға, сондай-ақ отбасы, құқық, корпорациялар, дін, мәдениет, білім
беру және басқалар кіреді. Қоғам өте күрделі, өзін-өзі басқарушы ағза.
Корпорациялар, страттар, жеке тұлғалар өздерінің экономикалық, саяси,
рухани мүдделерін көздейді. Нәтижесінде қоғамда әртүрлі әлуметтік
қатынастар пайда болады [6, 56 бет]. Олардың барлығын игеру тек қана
мемлекеттің қолынан келе бермейді. Дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекет жалпы азаматтық құндылықтар мен мүдделердің басымдылығын таныған,
әлуметтік әділеттілікке бағытталған жерлерде қалыптасады.
Құқықтық мемлекет аса қуатты экономикалық базисті, өмір сүрудің жоғарығы
тдеңгейін және қоғамның әлеуметтік құрылымында орта таптардың басым
болуын қажет етеді, көп салалы нарықтық экономикаға сүйенеді.
Құқықтық мемлекет құру жолы ұзақ та ауыр жол, оның жан-жақта
ойластырылған стратегиясы мен тактикасы болуы қажет. Өзге мемлекеттердің
тәжірбиесіне назар аудара отырып, өзіндік дәстүрлер мен шындыққа сүйене
отырып жететін жоғарғы мақсат. Құқықтық мемлекетке құқықтық саяси,
экономикалық, әлеуметтік реформаларды қатар жүргізе отырып жетуге болады.
Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшеммен онша көп уақыт
өте қоймаса да, жаңа мемлекеттің конституииялық дамуының кейбір
қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Мемлекеттілікті құрудың
бастаулары туралы әңгіме болатындықтан бұл мемлекеттану ғылымы үшін және
мемлекеттік құрылыс практикасы үшін барлық уақытта да көкейкесті проблема.
Конституциямыз қолданылып келе жатқан он жыл еліміздің Ата Заңының
өміршеңдігін, орнықтылығын, нарыктық және демократиялық мәнісін барынша
ашып көрсетті. Осы уақытта тындырылған істерге сын көзімен қарап, әділін
айтсақ, Конституцияның бойында жатқан әлеует әлі де әлсіз пайданалып
келеді.
Өкінішке қарай, көптеген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар,
соның ішінде соттар мен құқық қорғау органдары Конституцияның мән-мақсатын
терең пайымдау үшін, ең бастысы — оның қағидаларын барлык азаматтардың
мүлтіксіз орындауы үшін қолдан келетіннің бәрін істеген жоқ. Жалпы
жұртшылықтың санасында Конституцияның біздің өміріміздегі рөлі мен орнын
жете бағамдау әлі де толық орныққан жоқ. Осыған орай құқықтық білім беру
мен оқыту жүйесін құрудың маңызы айрықша арта түседі.
Бізде әлі де құқықтық енжарлық еңсерілген жоқ, әрі біз одан барлық
деңгейде, өз жұмыстарын қайта құра алмай келе жатқан, соның салдарынан
көптеген заңдарды, Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулыларын сүлесоқ
орындап отырған министрліктер мен ведомстволардан бастап, заңды білмеу
мені жауапкершіліктен құтқарады дегенді әдетіне айналдырған жекелеген
азаматтарға дейін әлі де арыла алмай келеміз.
Сондықтан да, біздің бәріміздің де Конституцияны жете білуге тиіс
екенімізді ұмытпауымыз қажет. Алайда адамдарға кең құқықтар мен
мүмкіндіктер бере тұра, Конституцияның өзі де азаматтық қолдау мен қорғауға
зәру.
Ең бастысы, кім екеніне қарамастан, әр адам Конституция қағидаларын қатаң
сақтауға міндетті. Біздің бәріміздің заңды білуіміздін маңызы зор. Ал
оларды орындауымыздын маңызы одан да зор. Онысыз біздің өркендеген мемлекет
орнатамыз, елімізде тәртіп орнатамыз деген ниетіміздің бәрі бекер.
Мемлекет құру ісі - үздіксіз процесс, ол мемлекет канша өмір сүрсе, сонша
уақыт жүргізіле бермек. Әлбетге, өмірдің өзі оған өзгерістер енгізуді,
соның ішінде конституциялық өзгерістер енгізуді талап етуі ықтимал. Бірақ
бір мәселенін басы ашық, Қазақстан Республикасының Конституциясы өзі өмір
сүрген жылдар ішінде өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді, оның
басты қағидалары бүгін де көкейкесті қалпында қалып отыр. Қазақстан-2030
стратегиясында атап көрсетілгендей: Аса ауыр жағдайларда жинақталған
мемлекеттілік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі,
әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі
мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді[11]. Біздің
еліміздің болмыс-бітімін бейнелейтін саяси тұрақтылық, ұлтаралық және
азаматтық келісім көкейімізге Конституция рухының шындыққа айналатынына
деген нық сенім ұялатады. Еліміздің негізгі Заңы біз үшін алдағы уақытта да
өзіміздін биік максатымыз — мемлекеттердің әлемдік коғамдастығына енген,
азаматтарының дәулетті лайыкты өмір сүруіне барлық жағдай жасалған тәуелсіз
экономикалық өркенді құқықтық мемлекет құру жолындағы ілгері басуымызды
реттейтін негіз қалаушы басты құжат болып қала береді.
3 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясындағы құқықтық
қағидалары
Конституцияда қағидалардың орын алуы, оның нормативтік қасиетінің кең
ауқымда қолданатындығын көрсетеді. Конституциялық қағидалар қоғамның
материалдық және рухани өміріндегі әлеуметтік маңызды құбылыстарды
жинақтап, қорытып мемлекеттегі нормативтер шеңберінде келтіру арқылы
нормативтік сипатқа ие болады. Олар қоғамдық қатынастарды реттеумен тығыз
байланысты, құқықтық жүйеге бағыт береді және барлық құқық шығарушы, құқық
қолданушы органдар, азаматтар, лауазымды тұлғалар және қоғамдық
бірлестіктер басшылыққа алатын міндетті құқықтық қағидалар ретінде өмір
сүреді. Конституциялық қағидалар әділдік, адамгершілік, ақиқаттық
көрсеткіші болғандықтан, тұрақтылығымен ерекшеленеді. Конституциялық
қағидалар бұл қоғамдық қатынастарды конституциялық реттеудің идеялық
негіздері. Конституциямыздың Республика қызметінің түбегейлі қағидалары
туралы ержесі мемлекетімізге, оның органдарына және қоғамымызға, оның
қоғамдық-саяси институттарына қатысты. Бұл қағидалар: қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық: бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдум немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Конституциядағы қоғам мен мемлекет
қызметінің түбегейлі қағидалары туралы айтылғандарды ескере отырып,
қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық қоғамдық та, мемлекеттік институттар
қамтамасыз етуге тиіс.
Қазақстанның көп ұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттің
тәуелсіздігін бекітуде қазақстандық патриотизм қағидасының маңызы зор. Оны
нығайту үшін мемлекеттік, қоғамдық институттардың отбасы мен мектептің
бірлескен күш-жігері қажет.
Республика қызметінің түбегейлі конституциялық қағидасы ретінде мемлекет
өмірінің барынша қызмет мәселелерін демократиялық әдістермен шешу
мемлекеттік институттардың, саяси партиялардың, басқа да қоғамдық
бірлестіктердің, бейүкіметтік ұйымдардың, халықтың түрлі әлеуметтік жіктері
мен топтарының бірлескен күш-жігері негізінде мүмкін болады.
Бұл орайда мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру мен оған баға беру
олардың жұмысының формальды-статистикалық көрсеткіштермен шектелмеуі тиіс.
Бірінші кезекте азаматттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын,
заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың
нақты нәтижелері назарға алынуы тиіс.Республика қызметінің Конституцияда
аталған түбегейлі конституциялық қағидалары заңнамада белгілі бір дәрежеде
бекітеді. Бұл процесс ел ішінде де, Қазақстанның басқа мемлекеттермен
қарым-қатынастарында да жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайдағы
қажеттіктерге сәйкес тереңдеп, кеңейе түсуге тиіс [12].
Қазақстан қазіргі шекарасында кейініректе қазақ ұлты мен қазақ хандығын
құрған тайпалардың орналасқан тарихи-этникалық мекені болғанын атап өткен
орынды. ХҮІІ ғасырдың соңғы ширегінде қазіргі Қазақстанның бүкіл аумағы
қазақтардың бақылауында болды. Сондықтан өзінің осы қалпындағы Қазақстан-
біреулердің қазақтарға тартуы емес, қайта олардың тарихи Отаны, ежелден
қазақ жері. Біздің халықтың кәнісі емес, маңдайының соры мынада: патша
империясының отаршылдықпен езіп-жанушы, кеңес өкіметі жылдарында аштықтан
қырылуы, коллективтендіру және отан соғысы кезеңінде жер аудару мен басқа
ұлттарды зорлап көшіру, тың эпопеясы мен республикасының жер қойнауын игеру
барысында тұрғылықты емес халықтың үлес салмағының түрде өсуі салдарынан өз
ата-бабаларының жерінде де азшылыққа айналғандығында. Өткен өкпені халықтың
есіне салу-арзымайтын іс. Бірақ жаңа жағдайда өз орнын таба алмай отырған
шовинистік пиғылдағы саяси авантюристердің жекелеген арандату әрекеттерін
жауапсыз қалдыруға бомайды. Сондықтан, республиканың билік жүргізу
құрылымдары Қазақстанның унитарлық тұтастығын, оның аумағының бірлігі мен
бұзылмауын қамтамасыз ету үшін барлық конституциялық құралдарды бұдан былай
да пайдаланатын болады. Жалпы демократиялық процестермен адам құқығының
жүзеге асырумен қазақтардың үйлесімді ұлттық түлеуі басқа ұлттар
топтарының тең құқықтық дамуының қажетті шарты болып табылады. Өзінің
дамуына бөгеттер кездестірмеген қазақ ұлты, сөз жоқ, басқа халықтардың
мүддесі мен сұранысына түсіністікпен және құрметпен қарайтын болды. әр
халықтың интеллегенциясы әуелбастан тайталасқа емес, қайта топтасуға ынтық
болу керек. Сонымен бірге, мынадай жәйтті де атап көрсету қажет: этностың
мемлекет құруға қабілеті ең алдымен оның басқа ұлттың өкілдерімен ынтымақта
тұру, республикада тұратындардың барлығы Қазақстанды өз Отаны деп есептеуі
үшін қажетті ахуалды тұрақты ұстану ниеті мен қабілетінен байқалады.
Басқадай айқындама тұйыққа әкеліп тірейді. Бұл өте маңызды, басты нәрсе.
әңгіме қазақ ұлтының топтастырушы миссияся туралы болып отыр [13, 10
б.].Қоғам әр түрлі объективтік және субъективтік факторларға байланысты
қаббатарға, топтарға, таптарға, ұлттарға, тектерге, конфессияларға және
тағы басқаларына бөлінеді. Мұндай бөліну әр түрлі әлеуметтік топтарда әр
түрлі дүниетаным, көзқарастар, идеялар, сенімдер бар екендігін көрсетеді.
Осы әртүрлілік көзқарас алшақтығының, текетірестің, олардың арасындағы
күрестің себебіне айналмауы тиіс және мұнда қоғамдық келісім болуының
маңызы зор. Қоғамдық келісімді мемлекет, оның органдары және қоғам, оның
саяси-қоғамдық институттары қолдауға міндетті.
Қазақстан Республикасының тағы бір маңызды қағидаларының бірі елде саяси
тұрақтылықты орнықтыру болып табылады. Саяси тұрақтылық қоғамда саяси,
құқықтық мұраттар мен әлеуметтік мәдени құндылықтардың бірлігіне қол
жеткізілген кезде орнығады. Қазақстан Республикасының Конституциясында
қоғамның барлық мүшелерін біріктіре алатындай және саяси тұрақтылық үшін
берік негіз қалайтындай саяси-құқықытық мұраттар, әлеуметтік құндылықтары
бейнелеген.
Қазақстан Республикасы өтпелі кезеңді басынан өткеруде. Бұл
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу
процесі жүріп жатқанын білдіреді. Осы процестің ойдағыдай табысты өтуі
мемлекеттік институттарға, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік
қызметкерлердің қызметіне байланысты. Мемлекет саяси тұратылықты, халықтың
игілігін көздейтін экономикалық дамуды, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауда қамтамасыз етуге міндетті.“Еліміздің жаңа ғасырдағы
тұрақтылығы мен қауіпсіздігі” атты Қазақстан халқына Жолдауында Республика
Президенті ұлтымыздың, мемлекетіміздің Конституцияда белгіленген бағыт
бойынша ХХІ ғасырда ары қарай дамуына кедергі келтіретін қауіп-қатерлердің
бірі туралы былай жазды: “Көршілес жатқан елдердегі қарулы қақтығыстар және
олардың Қазақстанға ауысу қаупінің бар екендігі-таяудағы жылдарда біздің
қауіпсіздігімен салынар басты сынақ. Бұл-құр теория емес, нақты қатер. Бұл
қатер босқындардың баса-көктеп еніп кетуінен де, Қазақстанды қарулы
қақтығыстарға ұрындыру мақсатымен жасалатын арандатушылықтан да, ел
территориясында террорлық әрекеттер жасаудан да, шекарадағы жағдайды
ушықтырудан көрініс табуы мүмкін. Жаңа ғасырдың басында саяси және діни
экстремизмнің кеңінен таралуының қаупі де мұнан кем емес. Экстремизмнің
неше атасы-өтіп бара жатқан ғасырдың қорқынышты жаңалығы, оны ойда-жоқта
шыға келген сұмдық деп қарауға болмайды. Оның бастау-бұлағы, себеп-салдары
бар. Тек күш көрсетумен бұл мәселені шеше алмайсың. Күш көрсетуді
туғызатыны да бар [14, 7 б].
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі дегеніміз елдің ұлттық
мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі. Елдің
ұлттық мүдделерін іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың
конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамы құндылықтарын, түпқазық
мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты
болатын Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, әлеуметтік және
басқа да қажеттерінің жиынтығы құрайды. Ал енді ұлттық қауіпсіздікке
тікелей қатысы бар саяси және діни экстремизм мәселелеріне тоқталайық.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Бегі әділ болса, елі бақытты, халқы түзу болса, бегі бақытты деп Жүсіп
Баласағұн бабамыз айтқандай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың көреген басшылығымен жиырма жылға жуық уақыт
аралығында еліміз қол жеткізген көңіл толатындай жетістіктерді тілге тиек
еткенде, өткен тарихты еске түсірмей тұра алмайсың. Уақыт – төреші деген
ақиқат екен. Тәуелсіздік жылдарында ғасырға бергісіз қаншама тарихи
оқиғалар басымыздан өтті. Елбасының сындарлы да салиқалы, жүйелі түрде
жүргізіп отырған ішкі-сыртқы саясатының арқасында елімізде тыныштық пен
татулық орнап отыр, соңғы кездері әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың
тигізген зардаптарынан арылудың алғашқы нышандары да байқалуда. Ресей
Федерациясымен, Белорусь Республикасымен кедендік үштік одақ құрдық,
Дүниежүзілік сауда ұйымына бірге мүше болып кіруге талпынудамыз. ЕҚЫҰ-ға
төрағалық ету мәселесі, Мәдени мұра, Жол картасы бағдарламаларының
ойдағыдай орындалып жатуы... Міне, басқа да осы сыяқты еліміз үшін аса
маңызды әрі күрделі саяси-әлеуметтік және экономикалық жобалардың өз
шешімін табуы Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей басшылығымен жүзеге асырылуда.
Президенттің ішкі-сыртқы саясатын мақұлдап қана қоймай, ынтымақпен соңынан
ерген Қазақстан халқы да, өз кезегінде Елбасының бағын жандырып, абыройын
асқақтатып отыр [17].
Көп этносты Қазақстан халқы қазіргі кезеңде әр түрлі тілде сөйлесе де,
мемлекеттік тұтастық пен өзара түсіністік арқылы қасиетті көк байрақтың
астында бірлік пен достықты мұрат етіп, тату-тәтті ғұмыр кешуде. Елбасы мен
халықтың арасындағы арақатынасты саралай отырып, тәуелсіздіктің қаншалықты
қымбат, баға жетпес ұғым екенін, оның ұдайы жасампаздыққа жетелейтінін
ұғына түскендейсің. Әлем тарихына зер салар болсақ, өз елі тәуелсіздігінің
берік іргетасын қалап, аса қысқа тарихи мерізімде дамудың сара жолына салып
жіберген мемлекет басшылары саусақпен санарлық. Осындай тұлғалардың бірі
Елбасы Н.Ә. Назарбаев екені Қазақстан халқы үшін зор мақтаныш [18].
Тәуелсіздіктің елең-алаңында Қазақстан мемлекеттілігінің болашағына күмән
келтіргендер де аз болмады. Қаншама қиындықтарды бастан кешкеніміз де рас.
Зейнеткерлердің зейнетақысын, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын тауып
бере алмадық. Көптеген қалаларымыз бен елді мекендеріміз электр қуатынсыз
қалған кездерді де бастан өткіздік. Бұл республиканың тәуелсіздікке ие
болғанына бірер жыл ғана толған , КСРО-ның ыдырап, зауыт-фабрикалар жұмыс
істетуін тоқтатқан, ел жаппай дағдарысқа ұшыраған, жаңа ғана айналысқа
енгізілген ұлттық валютаның құны күрт түсіп кеткен қиын-қыстау кезең еді.
Бұл жылдары тәуелсіздікті баянды ету оңай шаруа болған жоқ. Бұрынғы
кеңестік кеңістікте қалыптасқан жүйелі, жоспарлы экономикалық
байланыстардың үзілуі, көптеген ірі кәсіпорындардың тоқтап қалуы немесе
шығарған өнімдерін сата алмауы, соның салдарынан дүкен сөрелерінің қаңырап
бос қалуы егемен елімізді тығырыққа тірегендей болды. Осы бір елдік пен
ерліктің нағыз сыналар кезеңінде, Елбасының саяси ұпай жинаудан гөрі нақты
экономикалық реформаларды іс-жүзіне асыруды шешуші орынға шығаруы, қандай
істі қолға алса да осы бағытты ұстана отырып іс-әрекет жасауы, елді
есеңгіреткен әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бірте-бірте еңсеруге
мүмкіндік берді.
Қиыншылықтар мен қайшылықтарға толы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы алдындағы сіңірген ерен еңбегінің
барлығын санап шығуға едәуір уақыт кетер еді. Дегенмен, Елбасының ең
негізгі еңбегі туған халқының жүздеген жыл армандаған тәуелсіздігін баянды
етуі деп білеміз. Сондай-ақ, республиканы аяғынан тік тұрғызудағы көп
жылдық ел басқару тәжірибесіне негізделген дана басшылығы мен көреген
қайраткерлігі. Мысалы, Президент өз елінің сенімді болашағын толық әрі жан-
жақты қамтамасыз ету үшін сан тарапты зерттеліп, тереңнен толғап
ойластырылған құқықтық реформалардың мемлекеттік тарихи маңызын жете ұғынып
қана қоймай, оны табандылықпен іс жүзіне асыра білуінде. Қазақстан
Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz