«Поэзия, сен менімен егіз бе едің»


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі»
N
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің»
Мұқағали Мақатаев
Орындаған: ЛЭ-213 тобынын
білім алушысы Тунгушов Д. А
Тексерген : қазақ тілі мен әдебиет
оқытушысы Махметова Ж. Қ
Астана 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Тарау. Теориялық бөлім
1. 1 Ақынның өмірі мен шығармашылығы . . . 5
1. 2 Бала Мұхаметқалидан - ақиық ақын Мұқағалиға дейін . . . 6
1. 3 Поэзия, менімен егіз бе едің . . . 8
ІІ. Тарау. Іс тәжірибелік бөлім.
2. 1 Мұқағали қазақ поэзиясының бағын жандырған ақын . . . 11
2. 2 “Мұқағали поэзиясындағы образдар жүйесі” . . . 14
2. 3 Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйе . . . 18
ІІІ. Тарау. Әдістемелік бөлім.
3. 1 Таңдалған тақырыптың мақсаты мен міндеті . . . 22
3. 2 Таңдалған тақырып бойынша білімді, адамгершілік, имандылық, тағылымдылық, тәрбие мәселелерімен оның педагогикалық, психологиялық, мәдениеттаушылық, эстетикалық негіздері . . . 23
3. 3 Таңдалған тақырыпқа арнайы құрастырылған әдістемелер және оны жүргізудің жолдары . . . 25
Қорытынды . . . 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 29
І. Тарау Теориялық бөлім
Мұқағали өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігі, қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай жарасымды табиғи дамытты. Ол бірде қоғамның керенаулығын бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан. Сөйтіп жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын, жүйелі көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Осыған орай осы курстық жұмыс ақынның қазақ поэзиясындағы өзіндік ерекшелігі бар көркемдік жүйе тұрғысынан қарастырылады.
Тақырыбының өзектілігі . Поэзиядағы көркемдік жүйенің жасалу және қалыптасу сипаты бүгінгі әдебиеттану ғылымындағы ерекше назар аударуға тиіс мәселенің бірі. Қашанда өмір шындығын көркем түйіндеп суреттеу, яғни тарихи-қоғамдық болмысты сол болған қалпында жалаң баяндап қана қоймай, көркемдік үлгіде ләззат аларлық дәрежеде жеткізе көрсету аса мәнді де маңызды. Осы ретте ауыз әдебиеті үлгілерінде, жеке ақындар шығармашылығында көркемдік жүйе қандайлық дәрежеде. Олар өмір шындығын көркемдік шынайылық биігіне көтере алған ба деген мәселелер төңірегінде ойлансақ, мыналарға көзіміз жетеді. Анығында бұрынғы және бүгінгі жеке ақындардың поэзиясына қарағанда, ауыз әдебиетінің туындылары деп саналатын “Қыз Жібек”, ”Айман - Шолпан”, сондай-ақ сол халықтық дәстүрден сусындай отырып, өз шығармашылықтарында оны жетілдіре, дамыта түскен ”Біржан-Сара”, ”Әсет пен Рысжан”, т. б. сияқты идеялық көркемдік мәні жоғары шығармаларда өмір шындығы анағұрлым кең, анағұрлым терең көрсетіледі. Мәселе сол өмір шындығы көркем өнердің биік талаптарына сай суреттеледі, эстетикалық ләззат береді. Адамгершілікке, бостандық пен теңдікке, ар-намысқа талпынған ақылды, тапқыр қазақ жастарының көркем образдарын, кесек мінезін жасаған. Олармен салыстырғанда ауыз әдебиетінің тұнығын ішкен жыраулар поэзиясының өкілдері, айтыс ақындары өмір деректерін әр көлемде қамтыса да шыншылдық, көркемдік сипаты жағынан төмен жататындығы жасырын емес. Алайда поэзияның осы шыншылдығы жетімсіз, көркемдік мотивтері кемшін тұсын Махамбет, Абай, Ыбырай, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдері төрт құбыласын түгендеді. Осының нәтижесінде поэзия өзінің өмірлік, сұлулық сипаты жағынан халықтың рухани дүниесін молықтыруға үлес қосты. Көркемдік биік сапаланумен, шыңғыртып айтқан шындықпен жазылған шығармалар әрқашанда халықтың, белгілі бір заманның кең тынысты рухани өмірінің айқын айнасы болумен бірге әдебиеттің даму тарихында жаңа дәуір жасалды. Бізде бұл поэзияда Абайдан, прозада М. Әуезовтың “Абай жолынан” басталғаны мәлім. Абай поэзияны идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, немесе шығармашылықты “өмір оқулығы” ретінде қызмет атқаруға жеткізді. Әрі ол өлеңдеріне мүлде жаңа міндет жүктеді. ”Түзетпек едім заманды” деп, көркемөнердің өмірді дамытуға, өзгертуге шешуші үлес қосуын, белсенді әрекет етуін, идеялық-көркемдік құрал дәрежесінде биіктеуін уақыттың үлкен талабы есебінде ұсынды.
Осы тұжырымдарды шығармашылығына мықтап өзек еткен Мұқағали - Абай мектебінің түлегі. Әсіресе шығармаларының көркемдік қуаты, тақырып ауқымының кеңдігі, идеялық мақсатының тереңдігі, философиялық түйіні тұрғысынан мәнділігі, ұлттық болмысты, ұлттық психологияны, ұлттық көзқарасты бейнелеудегі шеберлігі жағынан өзінідк ерекшелігі бар. Ақын поэзиясы тақырыбының молдығы, көркемдік қуатының өзгешелігі, философиялық түйіндеулері, образ жасау шеберлігі жайында бүгінгі таңда аз айтылып жатқан жоқ. Алайда өзі өлсе де өшпес мұраға айналған, оқырман көңіліне берік ұялап, әр ұрпақпен үн қатысып, жаңа буын өкілдерімен сыр шертісе бастаған Мұқағали поэзиясына терең бойлай түсу, әр қырынан ғылыми саралап зерттеу әдебиеттанудағы маңызды мәселенің бірі деп білеміз.
Мұқағали қазақтың бай ауыз әдебиетін, одан кейінгі жазба әдебетінің озық үлгілерін, әлемдік әдебиет жетістіктерін бойына толық сіңіріп қабылдай отырып, поэзияда қалыптасып орныққан өлшем-өрнекті керек жерінде қырнап-өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан шеберлік танытты. Осы негізде жаңа өлшем, ұйқас түрлерін қолдана отырып, ұлттық поэзияның ырғақтық, әуезділік байлығын да молықтыра түсті. Мұқағали поэзиясының көркемдік түрін құрайтын бөлшектерге, яғни композиция, сюжеттік құрылыс, жанрлық өзгешелік пен бейнелеу тәсілдері, тіл кестесі, өлең өрнегі, өлеңге тән ырғақ пен интонация жүйесі, шумақ, ұйқас түрлерін қарастыру, олардың тұтастығын көркемдік жүйе дәрежесінде қалыптасуын және сол шығарманың идеялық мазмұнымен ажырамас бірлестік табуын анықтау, ғылыми түрде дәлелдеу, ақындық құпияларына үңілу зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді. Сондықтан ақын поэзиясын көркемдік жүйе тұрғысынан зерттеуді мақсат еткен курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі талас тудырмайды.
- Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
Мұқағали . . . Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып, оның ұлан ғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманның, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдына әкеледі. Ол туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті. Жаратушы иесі тумысынан ерекше дарынмен дараланған ақиық ақын. Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке, жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырларына ұңілген әркімнің жан сарайы кеңіп сала берері анық.
Бірақ біз ол туралы не білеміз Бұл орайда ақын өзін шын түснгісі, өмірбаянын, шығармашылығын зерделегісі келетін адамдадан бүкіл жазған сызғанын оқып шығуды өтінеді. Мені өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды сұраймын дейді. Өйткені ол үшін поэзия жанның шырылы. Ақын еркіне бағына отырып, біз де оның өз поэзиясынан жан жақты көрініс тапқан, күрмеуге келместей келте, сөйте тұра драматизмге толы өмір жолына үңілгенді жөн көрдік. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты Мұхаметқали. Бірақ пайғамбардын атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді деп есептеген ата анасы оны кішкентай күнінен Мұқағали деп еркелете атап кеткен. Тұңғыштары Мұқағалидың ізін ала туылған бір қызы мен бір ұлы ерте шетінеген Сүлеймен әкей мен Нағиман шешей олардан кейін Тоқтарбай, Көрпеш атты екі ұл сүйеді. Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы болыпты. Нағиман апаның айтуынша, үйдің тұңғышы болғасынба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.
Әже, , Өлдіге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса . . . нені көрем
-деп өзі жылағандай, Мұқағали ер мінезді, айбынды әжесін еекше құрметтеген. Батыр шалыс Тиын әже бірде көкпар тартып жүріп аттан жығылып мертіккен жұбайы Мақатайдың аяғын Бұл енді саған аяқ болмайды деп, дәрігердің келуін күтпестен, жіліншігінің сынған жерінен балтамен шауып тастаса керек. Сон білетін көне көз ауыл тұрғындары қайсарлығына байланысты Мұқағалиды сол Тиын әжесіне тартқан диді екен. Табиғаты шырайлы да шұрайлы Қарасаз топырағындағы қаймағы бұзылмаған қазақы ортада өсіп өнген Мұқағалидың балалығы әуелде мұңсыз басталады.
- Бала Мұхаметқалидан - ақиық ақын Мұқағалиға дейін
1980жылдардың ішінде республикалық баспасөз беттерінде аракідік болса да жариаланып, есімі ел құлағын елеңдете бастаған Мұқағали «Өлеңім өлтірмейді» деген сеніммен 1962жылы Алматыға қоныс аударады. Содан бастап ақынның кәсіби іс әрекеті әдеби шығармашылықпен тығыз байланыста өрбиді. Қазақ радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» жуналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарады. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады. М. Мақатаев поэзиясындағы көркемдік жүйенің бір парасы өзі өмір сүрген кездегі ауыл, ел тіршілігі, ұлттық мінез, ұлттық психология, табиғат көріністерінің көркем бейнесін жасауға негізделген. Ұлттық сипат кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген сөзімен анықталмайды. Бұл сырт көрініс, ұлттық мейрам Наурыз мерекесінде қазақы шапан киіп, басқа халық тілдерінде сөйлеген бауыр-туғандарымыздың сұр-сықпыты, міне, осы сияқты. Мәселе ұлттың дамуының әлеуметтік, экономикалық және тарихи ерекшелігіне дүниетанудағы көзқарасына, сезудегі ұлттық психологиясына байланысты. Әрі ұлттық ерекшеліктерді бірыңғай ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден іздеу де оғаштық. Яғни ол жаман қылық пен қасиеттерде де жатуы әбден мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат тарих көшіне ілесіп дамып, жаңа реңге ие болып отыратын құбылыс. Ұлттық сана - біріншіден өз халқын, ұлтын сыйлайтын ыстық ықылас пен сергек сезімнен туады. Екіншіден, елінің, халқының ұлттың өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп халық тағдырына, ұлт мәселесіне елдік, мемлекеттік тұрғыдан қарайтын саналы, салихалы ойдан туады. Бұл ретте ұлттық сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы әрқашан да ұлттық интеллигенция, зерделі авангард топ зиялы қауым, әсіресе ақын-жазушылар. Абайда: “Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алып, кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғататын” Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Мыржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар сияқты ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалайды. [12. 572-576 б] . Бұлар халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне қынжылған, келешегінен үміттенген. Дәл осындай шығармашылығында ұлттық сипаттар басым қазақ ақынының бірі - Мұқағали Мақатаев. Әр кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы аға буынның жеткен жерінен бастайтындығын ескерсек, Мұқағали да Абай мұрасын құран хадистеріндей құлағына құйып өскен өрен. Абай поэзиясының түп тамыры өмірде, ұлттық негізде, тарихта екендігін жете зерделеген Мұқағали оны игеріп қана қоймай дамытты, жемісті үрдістермен жетілдірді. Сөйтіп дәстүр мен жаңашылдық арақатынасын туғызды. Бұл бұрын да бар, алда да жалғасын табар құбылыс. Жалпы көркем әдебиет, өнер аса сындарлы тәрбиеші. Ата-анадан да, ұстаздан да өткін ұлы тәрбиеші - әдебиет, оның ішінде - поэзия. Тәрбиелік роль атқармаған өнер тұл.
Поэзиялық шығармадағы ой-пікір ақын көзімен көріп білген, өз көңілімен сезінген өмірдегі нақтылы жағдайлардан алған әсерлер түрінде туған идея болып келеді. Жалпы жағдайға қатысты қорытынды-түйін, ақыл-кеңес, насихат болса да, ақынның көңіл күйіне сабақтастырыла айтылады. Яғни поэзиядағы идея шығарманың көркемдік қасиетімен тығыз байланысты болса, ал көркемдіктің, ақындық шеберліктің өзі озық идеялықпен ұштасып жатады. Көркемдік жүйені форма, стиль, тіл шеберлігі, композиция, характер, образ жасау, тартыс мәселелеріне жан-жақты анализ жүргізу деп білеміз.
Ежелгі грек өнерінің табыстарынан, өзіміздің ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерінен осы күнге дейін рахат табамыз, осы күнге дейін оған сүйенеміз. Себебі ол таза адамзаттық өнер. Әр дәуірдің өзі жасаған биік тұғырлары бар. Сондай-ақ поэзиядағы көркемдіктің де биігі бар. Ол қайталанбайды. Және оған кім көрінгеннің қолы жете бермейді. ”Абай-позиядағы қазақ ренессанысының құзар шыңы. Абайдың ренессаныстық өредегі ұлылығы сол, ол өзі ғұмыр кешкен қоғамдағы қабынып тұрған қақтығыс-қайшылықтарды қаны сорғалаған қалпында шегіне жеткен шыншылдықпен көрсетіп берді” [13] . Мәселе түйіні - бабаларымыз жасаған сан ғасырлық көркемөнердің, мәдениеттің жақсы жақтарын пайдалана отырып, жаңа жол табуда. Ол жаңа форма ғана емес, ол көркемдік компененттердің мазмұннан ажырамас тұтастығын жасау. Қысқасы өмірдегі құбылыстарды тани, жіті көре білуден басталады. Бұл өмірдің диалектикалық даму заңдылығын ажырата алу деген сөз. Жаңалық табу - өзіңді-өзің ашу, шығармашылыққа өзіндік қырмен, қолтаңбамен келу.
Кез-келген шығарма халыққа түсінікті болуы керек. Сонда ғана ол жұртқа эстетикалық әсер етіп, жаңа рухани тілегін өтейді. Әрине түсініктілік деген сауатсыз адамға шақталған талап, жадағайлық, жеңіл-желпілік деген сөз емес, терең ойды көркемдік шеберлікпен қарапайым етіп көрсету. Дарынды таланттың, үлкен мәдениеттіліктің, табанды еңбектенудің қажет жері осы. Толстойдың ”Қарапайым жазу оп-оңай емес” деуі де сондықтан. Көркемөнерді зерттеушілер өнер туындыларын түсінетін эстетикалық білім қажет екенін айтқан. Шынында, терең поэзиялық туындыларды, опералық, симфониялық шығармаларды, керемет картиналарды түсіну үшін белгілі дәрежеде эстетикалық мәдениет керек. Бұл шығарманың формасын жорта қиындату емес, оқырман мен көрерменнің эстетикалық өрісін көтеру. Сонымен қарапайымдылық жалаң қарадүрсінділік те емес, дәстүрден қашып шатпаққа ұрынған жасандылық та емес. Дана қарапайымдылық, мөлдір айқындық - міне нағыз өнер.
Ақындардың барлығында қазақтың өлең мүмкіндігін мол пайдалану бар. Ол мүмкіншіліктер қазақтың қалыптасқан өлең құрылыстары мен мөлшерінен тыс тумаған, қайта солардың құбылған, құлпырған түрлері дерлік. Осыған қарағанда да қазақтың он бір буынды өлеңіне “сирағын сындырудың”, мұрын шүйіре қараудың қажеті жоқ. Өлең формаларын молайтуға қазақ поэзиясы толып жатқан мүмкіндік береді. Екі буыннан бастап, он бес буынға дейін пайдаланылатын өлең жолдары баршылық. Мысалы он буынмен келетін өлшемді Қасым Аманжолов заңдандырып кетті. Қасымнан бұрын бұл өлшеммен жазғандар болған, бірақ оны Қасым сияқты ешкім етене ендіре алмаған. ”Дариға” атты тамаша өлеңі он буынды қазақ өлең құрылысының төл түрі етіп бекіткен. Сол сықылды Мұқағали Мақатаев та тоғыз буын өлең құрылысын “Ильич” поэмасы арқылы орнықтырып отыр. Бұл жерде тоғыз буынды өлең құрылысының талантты шығарманың қызметінде жаңалықтың бір ғана көрсеткіші ретінде көрініс бергенін айтуға тиіспіз. Өлең құрылысы тілдің заңынан шығып кете алмайды. Поэзияның жолы кең. Ол стандарт емес, оның толып жатқан түрі, үлгісі, бояуы бар. Сондықтан ол бұрынғы үлгі, үрдіс, дәстүрмен жалғаса, сабақтаса жасалады.
1. 3 Поэзия, менімен егіз бе едің.
Мұқағали поэзиясы - ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан-жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең - Мұқағали үшін - қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай жарқылдаған жігері, қайрат -күші.
Қалқам!
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Бұл шынайы елжандылықтың сөзі, асқақ патриотизм үлгісі, кең- байтақ Ресейге дабысы кетіп, әлемді тамсандырған орыстың поэзия орбитасында күн нұрындай шұғыла шашқан Лермонтов, Пушкин, Есениндердің атақ-даңқын ардақтағанмен, абыройын дара қойғанмен, құлдық ұрып қол қусырмайды, табынып тәңіріне баламайды. Қайта оның есесіне қара өлеңді биік ұстайды, құдіретті рухқа, ұлы ұстазға балайды. Оның түпсіз терең, сұңғыла сыры бар. Ол қарапайымдылығында, бейнелеушілік мүмкіндігінде, шеберлігінің шексіздігінде, даналыққа суғарылғандығында. Қара өлеңнің күйсандығын ойнай білген, сөйлете алған жан ғана даласына тартып туған перзенті болмақ. Бұл әрі ұлттық сананың сырына қанықтырып, сиқырына үңілту. Сондай-ақ көне мұраға деген көзқарас. Қазақ өлеңіне ревизия жасаймыз, өлең өрнегіне өзгешелік ендіреміз, жаңалық ашамыз деп даурыққандарға тойтарыс бере отырып, анайылыққа барудан, тұрпайылыққа ұрынудан сақтандырады. Әр ақынның өлеңі халықтың жүрегіне жол тартатын қара өлеңдей сіңімді, ойға орнықты, өміршең болумен қатар қазақтық қанмен, ұлттық намыспен, ұлыстық нәрлі сөлмен жазылуын нұсқағандай. Өзіндік концептуалды көркемдікті көктен іздемей дәстүрлі жырдың ағысынан табуды көздейді.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Қазақтың қарапайым қара өлеңі - қас шеберліктің үлгісі. Оның авторы - халық. Ол сан ғасыр жасап, сап алтындай сараланған, сан ұрпақтың елегінен өтіп өңдеуін көрген, сұрыпталған дүние. Ол ақындықтың әліппесі, айтыскерліктің аренасы. Осы қара өлеңнен қанаттанған, халықтық мектептен дәріс алған Мұқағали өзін абыз халқының алдында ақынмын деп айтудан жасқанады, ізеттілік сақтап именеді. Бір қарағанда шындығы да солай. Халықтың тайқазанындағы дүниені, екіншісіне аударып құйып қайнатушы, ас әзірлеуші аспаз ғана. Мұқағали өлеңінің нанымдылығы, құпия құлпылануы әсіресе соңғы қос жолда “Күпі кию” - қазақтық белгінің тайға басылған таңбасындай көзге ұрады да ұлтымыздың түр-тұлғасынан хабар береді. Кешегі бітім- болмысы күпімен кескінделсе, бүгінгі түр-сипаты шекпен киген қалыпқа сыйып қазақ табиғатын тануға мол мүмкіндік беріп тұр. Қара өлең жас талғамайды, әнмен орындауға оңтайлы. Бір жағы ән өнерінің іргетасы. Қара өлеңнің он бір буынды екі немесе төрт тармақты болатындығы белгілі. Тақырыбы жағынан бай, орындалуы жағынан сан нақышты. Қара өлең көнелігімен де құпия. Музыкатануда ол жеке жанр түрінде қарастырылады [14. 146-155 б. ] . Қара өлеңнің қара анықтауышына қатысты айтсақ. Қара өлеңді жинақтап, жариялаушы Оразақын Асқар “Қара - әлемнің алғашқы қалпы, ежелгі сөз, ежелгі өлең. Қара тау, қара халық, қара сөз, қара жол деу ежелгі тау, негізгі халық, бастапқы сөз, бастапқы жол дегенді білдіреді” [15. 3-18б. ] - деуі әбден көңілге қонымды. Қазақта қара жарыс, қара бәйге деген тағы екі сөз қолданыс ұшырайды. Бұл қара өлеңнің нағыз баламасы, пареллель ұғымы сияқты көрінетінін біз де қосуға тиіспіз.
ІІ. Тарау. Іс- тәжірибелік бөлім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz