Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері


М а з м ұ н ы
1. Кіріспе . . . 3-5
2. Ғылыми әдебиеттерге шолу . . . 6-34
2. 1. Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері . . . 6-14
2. 2. Желін ауруларының турлері және белгілері . . . 15-16
2. 3. Желін ауруларын анықтау әдістері . . . 17-19
2. 4. Желін ауруларын емдеу және алдын алу шаралары . . . 20-34
3. Өзіндік зерттеулер . . . 35-52
3. 1. Шаруашылық жөніндегі мәліметтер . . . 35-36
3. 1. 1. Табиғаты мен климаты . . . 37-38
3. 1. 2. Шаруашылықтың экономикалық көрсеткіштері . . . 39-40
3. 1. 3. Шаруашылықтың эпизоотологиялық індет және жұқпалы емес аурулары жөніндегі жағдайы . . . 41-42
3. 1. 4. Еңбекті қорғау және сақтандыру . . . 43-48
3. 1. 5. Табиғат пен сыртқы ортаны қорғау . . . 49-52
4. Ғылыми зерттеулеу . . . 53-64
4. 1. Дипломдық жұмыстың негігі мақсаты . . . 53
4. 2. Зерттеулерге керекті заттар және тексеру әдістері . . . 54-56
4. 3. Алынған мәліметтер және оларға талдау жасау . . . 57-63
4. 4. Қорытынды мен ұсыныстар . . . 64
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65-69
- Кіріспе
Ел басымыздың халыққа жолдауында алдағы жылдарға Қазақстанның даму стратегиясын айқындап берді. Республикамыздың дамуының жаңа кезеңінде ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа және маңызды міндеттер қойып отыр. Осының ішінде мал шаруашылығын баса атап өтті. Сонымен қатар ветеринария жүйесін халықаралық стандартқа көшіру қажет екендігін айтты.
Ел басы Үкіметке ауылшаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырды.
Ветеринарияның басты міндеті - ауылшаруашылығының ветеринариялық тазалығын сақтау, адамдардың денсаулығын адам мен малға ортақ аурулардан қорғау, жоғары сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және халықты малдардың аса қауіпті ауруларының енуінен қорғау болып табылады. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру. Сондай-ақ, қазіргі таңда, еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді жоспарлап отығанда, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы жоғары болу керек. Мал өнімдерінің сапалық мәселесі халық денсаулығына және тұтынушылар мүддесіне зиян келтіріп ғана қоймай, басты мал өнімдерінің экспорттық қуатына әсер етіп, еліміздің халықаралық беделіне әсерін тигізеді.
Малшаруашылық өнімдерінің сапасын, жалпы көлемін ұлғайтуда ветеринария ғылымының және тәжірибенің маңызы өте зор. Бұл жаңағы шаруашылықты әртүлі, инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандырады. Көптеген аурулармен күресу ойдағыдай жүріп жатқанымен, кейбір жеке аурулар кездесіп жатады. Бұл аурулар шаруашылыққа өте зор нұқсан келтіреді. Мұндай ауруларға желін ауруларын жатқызуға болады. Жнлін ауруларының әсерінен сиырлардың өнімділігі төмендеп, табыннан көптеген жас әрі жоғары өнімді сиырлар шығарылып жатады. Бұл шаруашылықтын тез өркендеуіне өте үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар желін ауруларының әсерінен сүттің сапасы төмендеп, төл аурулару көбейе түседі.
Желін ауруларының ішінде ең көп әрі көрнекі түрде зиян келтіретіні желінсау ауруы (сүт безінің қабыныуы) .
Жаңа емдік және диагностикалық препараттарды қолдану, машинамен сауудың техникасының жаңаруының өзі қазіргі уақытта желінсаумен күресуде көзделген мақсаттарға жетпей жатыр.
Желінсаумен ауырған сиырларды сауу кезінде сүт безінде пайда болатын ауырсынулар жатыр спазмасына әкеледі, басқа көбею органдарының жұмысын бұзады (төлдің шығарылуы және сорылуы, іш тастау, дұрыс жетілмеген төлдердің туылуы, сиырларды қайталап ұрықтандыру) . Бұлардың барлығы төлдің жатырдан шығуына кері әсерін тигізеді.
Желісау кең тараған ауру ретінде болып тұр. Бұл аурудың пайда болуында негізгі себептердің бірі машинамен сауу техналогиясының және жалпы сүт сауу техналогиясының бұзылуы болып тұр. Осыған байланысты басқа аурулармен салыстырғанда қазіргі жағдайда сүт өнімінің төмендеуіне байланыстысты, сиырларды уақытынан ерте бракқа шығару, төл аурулары және бедеу сиырлардың санының артуы, сонымен қатар сүттің тағамдық және техналогиялық қасиеттерінің төмендеуі үлкен мөлшерде экономикалық зиян әкелуде.
2. Ғылыми әдебиеттерге шолу
2. 1 Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері.
В. Венскявиченің мәліметі бойынша 225 бас сиырлардан тұратын табында 171-нен гипоагалактия табылған. Сауу кезінде желіннің ауру бөлігінен сауылған сүт, сау бөлігімен салыстырғанда орта есеппен 23 пайызға аз болған, және де желіннің ауырған бөлігінің өнімділігі лактация аяғына дейін төмен болған. [1]
В. И. Мутовиннің мәліметі бойыша жасырын желінсау кезінде болатын желін бөлігінің гипогалактиясында төлдеуден кейінгі мерзімде орта есеппен сиырдан 7, 5 пайыз аз сүт алынған. [1]
В. М. Карташованың мәліметтері бойынша көптеген елдерде жылына желінсаумен 50 пайызға дейін сиырлар ауырады. Және көптеген зиян әкеледі. [2]
Сиырларды уақытынан ерте бракқа шығару олардың өнімділігі мен пайдаланылуын қысқартады. Нәтижесінде сиырлардың өмір сүруі орта есеппен 5, 5-6, 5 жылдан аспайды. Осыған орай өнімділігі де 3, 5-4 жылдан аспайды. Осылай етке кеткен әрбір мұндай сиырдан 3-4 бұзау және 3-4 лактацияның сүті алынбайды. Экономикалық шығынның бір бөлігін желінсауды емдеуге кеткен және профилактикалық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындар жатады. Олардың бағасы қабынудың дәрежесіне және аурудың асқынуына байланысты. [2]
Н. И. Полянцев пен Б. А. Калашниктің мәліметтері бойынша желісаумен зақымдалған сүтте ауру туғызатын микробтар болады. Бұндай сүтті бұзауларға термиялық өңдеуден өткізбей бұзауға беретін болсақ көптеген ішек-қарын ауруларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, адамдарда ангина, скарлатина және әр түрлі ішек ауруларын тудыруы мүмкін. Жалпы сүтте 5-10 пайыз желінсаулы сүттің болуы ірімшік және әртүрлі сүт өнімдерінің техналогиялық дайындау процесін бұзады. [3]
В. Венскявиченің зерттеулерінде 1-14 күндік жастағы бұзаулардың диспепсиямен ауырғанын байқаған. 315 желінсаудан таза сиырлардан алынған бұзаулар және 205 желінсаумен ауырған сиырлардан алынған бұзаулар зерттеуге алынған. Аурған бұзауларды емдеу тиімділігі де қарастырылған. Зерттеулер нәтижесінде желінсаумен ауырған сиырлардан туып оның уызын ішкен бұзаулар 2 есе диспепсиямен ауырып 4, 3 есе өлім-жітімге ұшыраған, олармен бірге туылған сау сиырдың уызын ішкен бұзаулармен салыстырғанда. [1]
Белгілі дат ғалымы S. O. Klastur-дың көрсету бойынша микробиологиялық жағдайын білу үшін бактериологиялық зерттеулер жүргізіп. Нәтижесінде әр түрлі микроб қоздырғыштарын тапқан. [2]
Н. Т. Климов, В. А. Паринов, В. И. Слободяник, Е. Е. Шевелева, В. И. Зимников, А. Н. Модин, А. В. Чурсин, Д. М. Пониткиндердің айтулары бойынша: Сиырларда желінсаудың пайда болу және даму себебі машинамен сауу техналогиясының бұзылуынан болып табылады. Әр түрлі микроорганизмдер ең бастысы, коккалы флора (стафилакоккалар және стрептакоккалар), күтіп бағу, азықтандырудың дұрыс болмауы асептикалық қабынуды асқындыруы мүмкін. Әдетте сүт безінің резистенттілігі төмен сиырларда кездеседі. [4]
В. Г. Васильев шаруашылықтағы сиырларды 4 топқа бөлді. 1-ші топтағы сиырларды машинамен сауар алдында сауыншылар желіннің төменгі жағын және бөліктерін жуған ( n=52) ; 2-ші толптпғы сиырларға қосымша белсенді массаж жасалынған (n=50) ; 3-шіде (b=48) ; 3 минут бойы аппарат бос жұмыс істеп тұрып, сосын коллекторды тартып тұрып саууды жалғастырған. 4-ші де сауу техналогиясы толық сақталған.
1-ші топта желінсау 11, 5 пайыз сиырда (клиникалық түрі 3, 8 және жасырын түрі 6, 7 пайыз), 2-шісінде 4 пайыз сиырда кездесті (2 және 2 пайыз), 3-ші топтағыларда 18, 8 пайыз (8, 4 клиникалық және 10, 4 пайыз жасырын түрі ), 4-ші топта 6 пайыз (2 клиникалық және 4 пайыз жасырын түрі) . [5]
В. М. Карташовтың айтуы бойынша азықпен улану кезінде малдардың сүтінің техналогиялық қасиеті және биологиялық көрсеткіштері бірден төмендейді. Желінсаудың пайда болуында негізгі улану сауылып жүрген сиырлардың нитриттермен және нитраттармен уланудан болады. Егер де бұл заттар жасыл шөпте қалыпты концентрациядан көп мөлшерде болатын болса. [6]
С. И. Пляшенко және тағы басқаларының айтулары бойынша сүт безінің табиғи резистенттілігінің деңгейін сүттің құрамындағы лактопераксидаза, лизоцим, лактоферрин және иммуноглобулиндер мен лейкоцидтер көрсеткіштеріне байланысты делінген. [6]
B. Senft және басқаларының айтулары бойынша микроорганизмдердің сүт безіне енуіне және онда көбеюіне тосқауыл болатын организнің қорғаныс жүйесі. Бұған фогацитоз, иммунды жүйе, сүттегі бактериостатикалық әсер ететін протеиндер және ферменттер. [6]
A. Frerking және басқалары қосымша желін бөліктерімен 201 сиырдың секретіне бактериологиялық зерттеулер жүгізді. Қосымша желін бөліктері бар 52, 2 пайыз (102 жануар) сиырдан стрептакоккалар, микрококкалар, стафилакоккалар, коринебактериялар және ішек таяқшалары бөлініп алынды. Бактериологиялық зерттеу кезінде негізгі желін бөлітерінен сынақтың 14, 4 пайызынан оң нәтижелер алынды. Негізгі және қосымша желін бөліктерінен бірдей микрофлора бөлінгеннің өзінде сиырларда көпбөліктіліктің тұқымқуалауы зерттелінді. Желіннің басқа да белгілері сияқты көптөлділік те тұқым қуалайды. [6]
Э. Ф. Ложкиннің тұжырымдауы бойынша, созылмалы желінсаумен ауырған сиырлар келесі сүтею кезеңінде де ауырады. Алғаш рет төлдеген сиырлар желінсаудың кез келген түрімен ауырса, онда 96, 6 пайызы келесі сүтею кезеңінде ауырады. Сондықтан желінсауға төзімсіз деп - үлкен сиырларды егер олар сүтеюдің бір кезеңінде желінсаудың созылмалы, клиникалық және жасырын түлерімен ауырса, сонымен қатар желінсаудың кез келген түрімен ауырған алғашқы төлдеген сиырларды жатқызуға болады. [6]
А. И. Ильин және А. К. Поспеловтың көрсетулері бойынша: Желінсаудың пайда болуына әсер ететін ең негізгі себеп: азықтандырудың зоогигиеналық қалыпты мөлшерінің бұзылуы, жануарларды күтіп бағудың дұрыс болмауынан. Олардың тексерулері бойынша желінсаумен ауыратын сиырлар көбіне зоогигиеналық, зоотехникалық және ветеринариялық- санитариялық талаптары сақталмаған шаруашылықтарда кездеседі. [7]
Сиырларда желінсаудың таралуы В. Н. Олескиевтің мәліметтері бойынша бірден бұзаулағаннан кейін - 25 пайызында, сүтею кезеңінің бірінші - екінші айларында - 20 пайызында, сүтеюдің келесі айларында - 17 пайызында, жіберу кезеңінде - 23 пайызында, суалу кезеңінде - 15 пайызында кездесті. Желінсаудың пайда болуында және дамуында ең маңызды рольді микробтық фактор атқарады. [8]
Н. Ф. Мышкин, А. П. Студенцов, Н. А. Флегматов және басқа да ғалымдардың көрсетулері бойынша сиырларда желінсау көбінде төлдегеннен соң бірінші күні басталады. [9]
Г. В. Зверевой және басқаларының мәліметтері бойынша сүтею кезінде желінсаумен - 36, 3 пайыз, бұзауын жіберу кезінде - 22, 6 пайыз, суалу кезінде - 15, 8 пайыз, және төлдегеннен кейін алғашқы күні - 25, 3 пайыз. Бұл жыл бойы желінсаумен ауырған сиырлар санына. [9]
R. Gotze және D. Sahnketer-дің мәліметтері бойынша инфекциялық аурулар үрпі каналы арқылы жұғуда көбінде домаланған және конус тәрізді ұшы бар үрпіге қарағанда, тарелкалы және кратерлі ұшы бар желін бөліктері көп зақымдалады. [9]
Желінсау-желіннің қабынуы сауын сиырда жылдың қай мезгілінде де, кейде тіпті суалған кезде де кездесе береді. Сүт безі аурулары малдар арасында жиі шығады және кең таралған. Желінсаудың әртүрлі формаларының этиологиясын, ағымын және болжамын, оны анықтау, емдеу және алдын алу шараларын жүргізуге көптеген зерттеушілердің жұмыстары арналған. [10, 11]
Желінсау пайда болуының негізгі себептері: дұрыс саумау, микроб факторының болуы, ауру малды анықтау және емдеудің дер кезінде жүргізілмеуі, төмен селекция жұмыстары, машиналы саууға дұрыс іріктеп алмау және басқа факторлар болып табылады. [8]
Ұрып-соғудан, жарақаттанудан желін тканіне микробтар (стрептококк, стафилококк, қылау қоздырғышы, іріңдеткіш микроб т. б. ) енуінен, желіндегі микробтардың ауру жұқтыру қабілетінің күшеюінен, ішек-қарын аурулары салдарынан, уланудан, шуы түспеуден, төлдеуден кейінгі эндометриттен болады. Қора-жайдың, сауын стакандарының лас болуы, желінді лас сумен жуу, сиырды мезгілінде саумау, сауған кезде оның сүтін сарықпау, сауын аппаратының дұрыс жұмыс істемеуі, вакуум тәртібі бұзылуы, стакандарды ұзақ ұстаудан, желінге салқын тигізу, малды дұрыс-азықтандырмау, оған сапасыз азық беру- мұның бәрі желінсауға әкеліп соғуы мүмкін.
Сүт безіндегі патологиялық процесс келесі ретпен дамиды. Мәселен, сауу ережесі мен технологиясы бұзылса (сүт беру рефлексі тумай тұрып сауу аппаратттарын ерте қосу немесе сауылып біткен желінде олардың ұзақ тұрып қалуы), алдымен тітіркену дамиды да, қайталама теріс әсерлерде асептикалық қабынуға - жасырын маститке ұласады. Желіннің бұл ширегінің жергілікті төзімділігі төмендейді, үрпі ұшының және сыртқы саңылауының стрептококк, стафилококк сияқты микроорганизмдермен ластануы және үрпі үстіндегі цистерналарға (синустарға) енуі нәтижесінде әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі жұқпалы процесс дамиды. [12, 13, 14]
Желінсаумен сиырлар лактацияның кез-келген кезеңінде зақымданады, мұнда көбінесе өнімділігі жоғары сиырлар жиі ауырады. Негізгі сүт жоғалту ауыру кезеңінде және келесі сауығу кезеңінде жүреді. Біраз сиырларда ұзақ уақытқа созылған емдеу нәтижесінде сүт безі ұлпасының орнына келмейтін өзгерістері белең алып, бұрынғы сүт сауымы мүлде қалпына келмейді. 20% астам сиырлар желінсаумен ауырғаннан кейін, бір немесе бірнеше желін ширегі семуі салдарынан ақауға шығарылады. Статистика бойынша субклиникалық желінсаумен 40-60% сиырлар ауырады, ал желінсаумен ауырып жазылған сиырлардан алынатын сүт өнімінің шығыны орташа жылдық сүт сауымының 10-15% құрайды. [15]
АҚШ -та желінсаумен күрес бағдарламасы 30 жыл бұрын қабылданған болатын, бірақ осыған қарамастан, сиырлардың ауруынан келетін жыл сайынғы шығындар орташа 2 млрд дол., Осының шамамен 70% шығын субклиникалық желінсаудан келді. [16]
Сүтті мал шаруашылығына желінсау ауруы келтіретін зияндар, барлық жұқпалы емес аурулардың жалпы экономикалық шығындарына теңеседі. Көбінесе жоғары өнімді сиырлар ауырады. Қолайсыз жағдайлардың әсерінен жіті желінсаудың бір түрі екінші түріне айнала береді, не олар ұштаса жүреді. Желінсаудың кейбір түрлері, әсіресе, іріңді - катаральды желінсау (стрептококк енуінен болған) ұзаққа созылады да, бірте-бірте желін ұлпасына зақым тигізеді, оның орнын дәнекер ұлпа қаптайды.
30% дейін ауырып айыққан сиырлар желін ширектерді семуі салдарынан ақауға шығарылады. Нәтижесінде сиырдың өмірінің орта ұзақтығы 5 жыл шамасынан аспайды, одан 2, 5-3 жыл ғана өнім алынады. Демек әрбір осындай сиырлардан 3-4 бұзау кем алынады және сауым сүт 3-4 лактацияға кемиді. [17]
Сүт сапасы төмендеуінен келетін шығындар мен ауру сиырлардың бұзауларының өлім- жітімін қосу керек. Бұл тұрғыдан субклиникалық желінсаумен ауырған сиырлардың сүті қауіпті, себебі ол сыртқы белгісі бойынша қалыпты сиыр сүтінен айырмасы жоқ, бірақ құрамында адам мен мал үшін қатерлі патогенді және токсигенді микрофлора болуы мүмкін. Бұл жағдайда сүт өнеркәсібі де үлкен шығындарға ұшырайды, себебі ауру сиырлардың сүтінің жинақтағы тіпті кішкене қоспасы (10%) сүттен жоғары сапалы өнімдерді даярлауға мүмкіндік бермейді. [18]
Желінсау себептерінің ерекше тобын желін және емшектердің жарақаттары (жара, сызат, жарылу, соғылу), сонымен қатар, үсу, күйіктер, өрескел уқалаумен және әсері күшті сүртпе майлар жағудан туған дерматиттар және тітіркенулер құрайды.
Өнеркәсіптік сүт кешендерінде сиырларды ұстауы машиналы саууды қолданусыз мүмкін болмайды. Бірақ аппаратты дұрыс қолданбау желінсауға жаппай ұшыраудың себебі болуы мүмкін. Мысалы қолмен сауу кезінде 5-6% желінсау тіркелсе, машиналы сауда бұл көрсеткіш 60% жетеді. [19]
Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде сиырларды ұстау және азықтандыру шарттарының, машинамен сауудың ережесі мен технологиясын сақталмауы малдың инфекцияға жалпы және жергілікті төзімділігін төмендетіп, сыртқы ортада, желінде бактериялар жиналып, көбеюіне ауру малдан сау малға жұғуына жағдай жасайды, яғни тұйық шеңбер түзіледі. [20]
Жалпы ағза мен сүт безіне неғұрылым көп теріс факторлар әсер етсе, соғұрылым сыртқы ортаға патогенді микрофлора бөлетін, желінсаумен ауырған сиырлар көбейеді. Нәтижесінде тіпті шартты түрде патогенді микроорганизмдердің де уыттылығы күшеюіне жағдай жасалып, олар сүт безіне алдымен галактогенді жолмен жаппай түсіп (массивті инфекция), төзімділігі мықты малдардың өзінде де желінсау туғызуы мүмкін. Ауру бұл жағдайда энзоотия түрінде өтіп, көбінесе жоғары өнімді сиырларды зақымдап, шаруашылыққа орасан зор зияндар әкеледі. [21]
2. 2. Желін ауруларының турлері және белгілері.
А. П. Студенцов бойынша желінсаудың классификациясы.
1. Серозды;
2. Катаральді;
3. Фибринді;
4. Іріңді;
а) іріңді катаральді,
б) желін абцесі,
в) желін флегмонасы.
5. Геморрагиялық;
6. Арнайы (спицификалық) ;
а) желін аусылы,
б) актиномикозы,
в) желін туберкулезі.
7. Желін дерматиті.
Желінсаудың асқынулары:
а) желін индурациясы, б) желін гангренасы. [1]
Жасырын желінсауды сипаттауда В. М. Мутовин бойынша алғашқы сатысында сүттің тек, сілтілі реакциясы ғана белгіленеді (серозды желінсау) . Кейіннен соңғысы сұйықтау бола түседі, қаймақтың мөлшері азаяды және ақ тұнба пайда болады (серозды-катаральді желінсау) . Ақырындап тұнба көбейіп соңында сары түс болады (катаральді желінсау) . Сонымен қоса ауырған желін бөлігінде сүт беру көрсеткіші төмендейді (гипоголактия) . Акырында толық агалактия болады, ол желінсаудың айқын көрінуінсіз, сүт безінің паренхимасының атрофиясымен байланысты. [2]
Г. В. Зверева анықтамалары бойынша Студенцовтың классификация-сында көрсетілген қабынулардың барлығы шынымен де сүт безінде кездеседі және серозды, катаральді, фибринозды, іріңді желінсаудан пайда болатын және өтетін патологоанатомиялық, патологогистологиялық өзгерістердің кешені, басқа паренхиматозды ағзаларда болатын өзгерістермен сәйкес өтеді. [2]
В. М. Аристарховтың қорытындылары бойынша желінсау кезінде қабыну процесіне сүт цистернасының безді және үрпі бөліктері де қатысады, шығатын сүт жолдары және бездің секреттеуші элементтері патологиялық өзгерістерге ұшырайды. [2]
- Желін ауруларын анықтау әдістері.
Ең бірінші: Желінді клиникалық (қарау, қолмен тексеру және салыстырмалы сауу) және лабораториялық (сүтті зерттеу: тұндыру, реактивтермен және ПЭДМ) .
Субклиникалық желінсауды әрбір сауын сиырдың сүтін айына 1-2 рет міндетті түрде тестілеуден өткізу арқылы анықтайды. Ол үшін А. В. Бойко және басқалары (2003) желінсауды ең ерте кезеңінде сүттің 1 мл соматикалық торшалар 200 мыңнан асқан кезде анықтауға мүмкіндік беретін альфа- тестті қолдануға ұсыныс жасайды. [22]
Желінсаумен ауырған сиырдың сүтіне күйдіргі натрий қосса және жақсылап араластырса қоймалжың сұйық масса пайда болады. Mutphy және Hansen-нің ойлары бойынша уайтсайд сынағы сүттегі лейкоцидтерге байланысты және бұнымен желіндегі қабыну үрдісінің дәрежесін анықтауға болады. Schalm және Norlander күйдіргі натрийдің орнына лаурилкүкіртқышқыл натрий пайдалануды ұсынды. 1939ж Уайтсайд анықтады. [18]
И. И. Архангельский және Оксамитныйдың айтулары бойынша беткейлік активтә заттардың (димастин, мастидин) реактивтерінің реакция қорытындылары сүттегі лейкоциттердің мөлшеріне байланысты. Ал В. И. Мутовиннің көрсетуі бойынша димастин көрсеткіші сүттегі жасушаларға байланысты емес. Оның ойы бойынша, димастин иондық-молекулярлы фазаны бұзады және мұнымен қоса сүттің тұрақсыз ақуыздарын тұнбаға тусіреді. [2]
В. И. Мутовин зерттеулерінде сүтке арналған бақылау пластинкаларын пайдаланды. Сауу алдында алғашқы сүтті ақ-қара фонда тексеруге: түрлі- түсті индикаторлармен сүттің ph-н анықтауға лейкоцидтердің мөлшерін анықтауға пайдаланды. Мысалы: 4 пайызды күйдіргіш натримен; жасырын желінсауды арнайы реактив-Димастинмен анықтау үшін; Ветеринариялық-санитариялық бақылауда сүттің шеткі қышқылдығын анықтауға және тағы басқа реакцияларды сүттің азғана мөлшерімен анықтауда пайдаланды. [23]
И. С. Загаевский жасырын желінсаумен ауырған сиырларды анықтау үшін көктемде айына 1-рет, ал басқа уақыттарда екі үш-ай сайын мтексеру жүргізген. 7 пайызы бромкрезолпурпурдың спиртті ерітіндісінде дайындалған индикатор карточкалары қолданылған. Зерттеу жақсы желдетілген сиыр қораларында станоктың жанында немесе ашық, таза ауада жүргізілді. Ерітіндіні сүтпен араластырғанда барлық бөлігінен алынған сүттер бірдей болмаса жасырын желінсауға күмән болды. Желінсаудың әр түрлі түрі бар 756 сиырды зерттегенде, тұндыру арқылы және Уайдсайд сынағы бойынша сүт безінің өткір қабынуының алғашқы кезеңін анықтауға болатынын көрсетті. Ал желісаудың жасырын түрі толық нақты анықталмады. 475 сиырдың ауырған желін бөліктерінен алынған сүттің активті қышқылдылығы (PH) 6, 9-7, 2 шамасында; Ал 187 сиырдың зақымдалған желіндерінен сауылған сүттің PH мәні өзгеріссіз. 92 желіні ауырған сиырдың сүтінің PH мүні 6, 1-6, 5 және зақымдалғандары 6, 5-6, 8. Желінсаудың қоздырғыштары табылған желін бөліктері ауру деп саналды. PH мәні 6, 5 тен төмен болған сүтте көп мөлшерде St. Agalactie longus кездесті, ал зақымдалмаған бөліктерден сауылған сүтте микрофлора жоқ болды немесе аз мөлшерде микрококкалар кездесті. [24]
Ал Н. К. Оксамитная айтуы бойынша сүт безінің ұлпаларында тек морфологиялық айқын клиникалық өзгерулер болғанда ғана оң болад. Және жасырын желінсаумен ауырғанда сиырлардың 20 пайызында ғана анықталған, ал димастинмен 60 пайызында анықталған. [2]
2. 4. Желін ауруларын емдеу және алдын алу шаралары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz