Медициналық тақырыбында қолданатын терминдерді аудару


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ:
  1. Медициналық тақырыбында қолданатын терминдерді аудару
3: 5
КІРІСПЕ:
  1. Медицина аудармасына жалпы мағлұмат
3: 5
КІРІСПЕ:
  1. Медициналық терминологияның қалыптасу тарихы
3: 8
КІРІСПЕ:
  1. Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы
3: 14
КІРІСПЕ:
  1. Медициналық аударманың ерекшеліктері
3: 22
КІРІСПЕ:
  1. Аударма трансформациясы
3: 23
КІРІСПЕ:
  1. Медициналық құжаттардың латын тілінен аударылуы
3: 23
КІРІСПЕ:
  1. Медициналық аудармадағы ағылшын тілінің ролі
3: 23
КІРІСПЕ:
  1. Клиникалық зерттеулердің аудармасы
3: 25
КІРІСПЕ: Қорытынды
3: 35
КІРІСПЕ: Әдебиет
3: 38

КІРІСПЕ

Аударма - қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың

актерге теңеу бекер емес. Аударма - шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.

Аударма - сан қырлы, дүние, ол - өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К. Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны. Россельс) . Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы - құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан.

Аудармашыға қажет қасиеттер - терең, жан-жақты білім, ақындық-жазушылық қабілет, үлкен шеберлік, талант, мол тәжірибе, екі немесе көптеген тілдерді жетік меңгеру, кәсіби мамандану және үздіксіз іздену, шығармашылық машықтану, шабыттану, елестету кеңдігі, түйсіну тереңдігі, сезімталдық даралығы, тіл байлығы. Аудармаға құштарлық, қызығушылық, ұлт әдебиеті мен автор шығармасының жауапкершілігін жете түсіну, т. б.

Келесі кезекте, қазіргі таңдағы ең ауқымды аудармалардың бірі медициналық нұсқаулықтардың аудармасына тоқталайын деп едім. Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс, қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау стилінің өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы терминологияда, ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа ерекшеліктерде қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды аударма жасау үшін, әр сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі логикасын бақылау қажетті, түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және аудармалы мәтіндегі қателіктер мен жаңыңылыс басылған сөздерді байқай алу керек.

Медицина - терең және бәрін қамтитын, сан түрлі тармақтар мен салалардан тұратын ғылым. Бұл фармокология да, педиатрия да, стомотология да, - ұзақ айта беруге болады. Медициналық аударма кәсіби деңгейде болу үшін, сала бойынша терең ғылыми білімді игеру керек. Туған тілде не жайлы айтылғанын білмей тұрсақ, өзге тіл диалектіне қалай аудармақшымыз?

Медициналық құжаттарды аудару үшін көптеген медициналық қысқартуларды, аббревиатураларды білу және кәсіби медициналық тілді ұғыну керек. Бұл шарт ағылшын тіліне, орыс, қазақ тілдеріне де қатысты. Баяндау стилінің өзгешелігінде, қабылданған жазба нысанында, қолданылмалы терминологияда, ауруларды жіктеуде, дерт белгілерін атауда және тағы басқа ерекшеліктерде қолданылған сөзбе-сөз аударма мәнсіз болады. Ұтымды аударма жасау үшін, әр сөз орамының мағынасын түсіну, баяндаманың ішкі логикасын бақылау қажетті, түпнұсқамен ықтимал айырмашылықтарды және аудармалы мәтіндегі қателіктер мен жаңыңылыс басылған сөздерді байқай алу керек.

Егер де сіз асқан аудармашы болу үшін тек қана ағылшын тілін білу қажет деп ойласаңыз, терең қателесіз. Өйткені аударма әлемі мүлдем әрқилы болады: өнеркәсіп, саясат пен шоубизнестен бастап, физика, комонавтикаға дейін және т. б. Осы салалардың әрқайсысында өзіндік ерешеліктері бар, ал ең өзектісі - медициналық аударма нұсқаулықтарының ерекшеліртері

Медициналық аударманың ерекшеліктері ең алдымен қай сферасын алмасақ та - кез келген жағдайда аударма ғылыми сипатқа ие болатынымен айрықшаланады. Өткені медицина - терең және бәрін қамтитын, сан түрлі тармақтар мен салалардан тұратын ғылым. Бұл фармокология да, педиатрия да, стомотология да, - ұзақ айта беруге болады. Медициналық аударма кәсіби деңгейде болу үшін, сала бойынша терең ғылыми білімді игеру керек. Туған тілде не жайлы айтылғанын білмей тұрсақ, өзге тіл диалектіне қалай аудармақшымыз?

Медициналық аударманың ерекшеліктері тағы осыда: аударма саласы соншалықты өзгеше, тіпті аудармашыдан кәсіби терминологияны, көпшілік мақұлдаған қысқартуларды, аббревиатураларды түбегейлі білуді талап етеді. Әсіресе бұл, өте сирек кездесетін мыңдаған препараттар атауларын, олардың сыңарларын шыдамдылықпен тәржімелеуді талап ететін фармакология сферасындағы медициналық аудармаға қатысты.

Келесі ерекшелігіне медициналық аударма жасайтын тілмаштың мойнына жүктелетін терең жауапкершілік те жатады. Шынында, медицина адамдарды емдеу үшін, тіпті өлімнен құтқару үшін арналған. Кез келген қате аударылған сөйлем дертті анықтауда немесе дәрі дәрмек жазып беруде ақпараттың бүлінуіне әкеп соқтыруы ықтимал, бұның салдарынан науқастың жағдайы нашарлауы, ал одан әрі өлімге ұшырауы мүмкін.

  1. Медициналық тақырыбында қолданатын терминдерді аударуМедицина аудармасына жалпы мағлұмат

Термин сөзінің шығу тегі терең. Ежелгі Римде термин сөзі шекараның тәңірлік иесі, территориялар мен учаскелерді бөліп тұратын шекаралық бағаналар мен тастардың қорғаушысы, күзетушісі ұғымында қолданылды. Бұл тастар қасиетті саналды. Егер кімде-кім бұл тастарға қол тигізсе және тиіссе онда ол қарғысқа ұшырайды деп саналды. «Ғылыми терминдер осыған ұқсас тастар болып межеленіп бөлінген, қайта танымға қызмет етті», - дейді Б. С. Мейлах.

«Термин - слово или словосочетание, являющиеся названием определенного понятия какой-нибудь специальной области науки, техники, искусств». С. И. Ожегов сөздігінде осылай сипатталған.

Кәсіби аудармаларда техникалық көп баламалар термин рөлінде көрінеді (ғылыми, экономикалық, медициналық т. б. ) . Термин - ойды дәл жеткізуге, аса мағыналық дәлдікке ең бастысы сол саладағы дәл білімге негізделеді. Ана тілі негізінде жасалған терминдарді әріптік және терминологиялық мәнде ажыратуға болады. Терминнің әріптік мәні термин жасау үшін пайдаланылатын тілдік элементтік мәнінде құралады. Терминологиялық мән терминді жеткізудегі ұғым мазмұнында айқындалады. Терминдер әріптік және терминологиялық мәнде сәйкеспесе, бөгде семантикалыққа жатқызылады. Екеуі бір-бірімен сәйкескен жағдайда ұғымдар арқылы нысаналы негіздегі байланысты дұрыс бағдарлайды. Дұрыс аударылған термин ұғынуға, қабылдауға жеңіл. Мағынасы жағынан айқын. Сөйлеммен сәтті қабысады.

Зерттеушілердің ортақ тұжырымына тиянақталсақ, термин - арнайы (ғылыми, техникалық, әскери, медициналық, географиялық, т. б) мамандық саласына қатысты туындаған сөздер мен сөз тіркестері. Ғылыми техника, өнер, қоғамдық өмір саласындағы белгілі түсінікті дәл белгілейтін сөздер мен сөз тіркесі. Ешқандай түсіндіруге келмейтін қалыпты, мағыналық қолданысы шектеулі сөздер. Аудармаға арналған мәтінде термин әрқашан аудармада жеке шешіміді талап етеді, сондай-ақ аударма бірлігі болып табылады. Терминология - өндіріс қызмет саласындағы терминдер туралы білім жиынтығы. Терминдерді аудару - ең қиын аударма түрі. (Сондықтан Медицина ғылымы толығымен терминдерден тұрғандықтан, қиын аудармалардың бірі болады) . Терминдерге балама табу да үлкен білімділікті талап етеді. Әдетте терминдер арнайы ғылыми, техникалық, өндірістік т. б. салалар түрлерінде қолданылады. Арнайы заттарды белгілеуге және арнайы ұғымдарды дәл жеткізуге қолданылатын немесе басқа тілден кіріккен сөздер. Олар негізінен ақпаратты барынша дәл және мейілінше нақты жеткізудегі тілдегі ізденіс нәтижесі. Терминология аудармашыдан тек қана шетел терминологиясын жақсы білумен бірге, соған баламалы ұлттық, терминология іздестіріп, оны тілде орынды, дұрыс пайдалануға дағдыландырады. Ұлттық тілдің бай сөздік қорын жете меңгеру термин аудармасының сапалы дәрежеде жасалуына жәрдемдеседі. Термин аудармасының қиындығы сан-салалы ғылым мен техниканың арнайы материалдарынан тұрады. Негізгі аудармашылық мақсат терминге дәл, дұрыс балама табу немесе қалыптасқан халықаралық термин болса, сол күйінде қарастыра отырып, оның мағыналық сипатын түсіндіру. Термин ереже бойынша, басқа тілде де соған сәйкес терминмен аударылады. Сондықтан да ұқсастық, синонимдік ауыстыру, сипаттамалы аударма тек қана аудармаға арналған сәйкес терминдер тілде жоқ жағдайда жасалады. Дәл және анық семантикалық сипаттағы бір мағыналы терминдермен бірге көпмағыналы терминдер де болады. Бір сыңарлы терминдердің көпмағыналылығы оларды түсіну және аудару қиындығын тудырады, ал оған балама табу толығымен алғанда контекст жағдайына байланысты.

Мысалы:

Дистопия - дистопия (жеке клетканың немесе бір мүшенің дұрыс орналаспауы)

Дистросия - дистросия (созылу)

Дистросия голеностопного сустава - балтыр−табан буынының дистросиясы

Чума - оба

Артериальная ладонная глубокая - алақанның терең артериялық доғасы.

Васкуляризация - тамырлану, тамырлар пайда болу.

Еюнорафия - еюнорафия (ас ішекті тігу)

Дуоденохолангит - дуоденохолангит (ұлтабар мен ет өзегінің қабынуы)

Профилактическая доза - профилактикалық доза

Терминдерді түсіну және аудару қиындығына байланысты көзқарас тұрғысынан оларды 3 топқа бөлуге болады:

1. Шетелдік өмірдегі реалийді белгілейтін терминдер. Бұл топтағы терминдерді түсіну қиындық тудырмайды, дегенмен мынадай жағдайлар болуы мүмкін: ағылшын термині (интернационалдық термин) түріне байланысты қазақша баламалық түр табу оңай емес.

2. Шетелдік тұрмыс-тіршілік реалийін белгілейтін қазақ өміріне қатыссыз немесе жалпыға бірдей қазақ (орыс) терминологиясында баламасы бар терминдер.

3. Шетелдік болмыс реалийін белгілейтін қазақ болмысында қолданылмайтын, жалпыға бірдей қазақ терминологиялық баламасы жоқ терминдер. Мұндай терминдерді аудару мынадай жолдармен жүргізіледі.

а) ағылшындық терминді сипаттау;

б) сөзбе-сөз аудару;

в) жекелеген немесе толық түрдегі транслитерациясын беру (транслитерация - шетелдік сөздің графикалық үлгіде, яғни әріптік қабылдау түрінде жеткізуге арналған аудармашылық тәсіл) ;

г) бір алфавиттік жүйеде (негізгі тілде) жазылған мәтінде басқа алфавиттік жүйедегі (аударма тіліндегі) құралдармен беру.

4. Шетелдік сөздің әріптерін қазақ алфавиті негізінде беру. Транслитерациясы және сөзбе-сөз аудармасы. д) Мәтінді жеткізу тәсілінде дыбысталуын анағұрлым дәл жеткізуге ұмтылу үшін аударма тілі алфавитінің көмегіне сүйену.

Шетелдік сөздің дыбысталуын (жекелеген есімдерді, георграфиялық атауларды, ғылыми терминдерді) орыс алфавитінің көмегімен беру. е) транскрибиробания және аударма. Осындай терминдерді аудару кезіндегі негізгі қателік мынада, аудармашылар кейде шетел терминдеріне орыс материалдарынан әріптік сәйкестік табуға ұмтылады. Мұндай тәсіл мүлдем дұрыс емес, бірішіден, шетелдік болмыс реалиінің қызметі жойылып кетеді, екіншіден қателерінің орын алу себебі, бұл терминдер тек қана шетелдік болмысты сипаттайтын ұғымды беруі мүмкін, сондықтан орыстың арнайы қабылданған реалилерімен сәйкестендіруге болмайды. Тағы бір қате аудармаға сәйкес емес тәсіл таңдаудан, жоғарыда аталған топтардың біріне терминді қате күйінде енгізу.

Аудармашының тағы бір қатесі сөзбе-сөздік, яғни шет елдік термин немесе оның орыс терминіне ұқсас сыңарлары басқа мағынаны білдірген жағдайда сөзбе-сөз аударма жасау.

Аударма кезіндегі бір жай аталған контексте терминнің шынайы мағынасын үнемі ескеріп отыру қажеттілігі. Сондықтан терминді дұрыс түсіну мен аудару тілді жақсы білумен бірге, шетелдік және орыс, қазақ болмысының реалилерін жақсы білуге қатысты.

Терминдерді қазақшалау жөні осы екен деп, оның бәрін аудару қажеттілігі де шамалы. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ш. Құрманбайұлы «тіл термин сөздер арқылы көбірек жаңарады», - деген ой айтады. Термин баламалары - ғылыми тілдің дамып, жетілуін айқындап отырады. Терминді қажетті жерінде ғана қолдану пайдалы. Бұл жөнінде А. Байтұрсыновтың тұжырымы - бұлжымас қағида. «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында қайда кеткенін білмей, айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздердің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек». Сондықтан да ағылшын, орыс тіліндегі терминдерге ғылыми сипаттама жасап, оның мағынасын ашып, айқындап, ұлттық ұғымға сай қолдану - мұқият ізденіспен шешілетін мәселе. Термин - жалпыға бірдей баршаға ортақ, түсінікті сипатта жасалуы тиіс. Өкінішке орай, бәрімізге түсінікті, дағдылы қолданысқа енген орыс терминдерін жаңалау желеуімен жасалған, бір-біріне ұқсаған, мағыналық жағынан жақындап кеткен, қарапайым халықты шатыстыратын баламалар да жоқ емес. Бұл жөнінде әркез белгілі тіл мамандары Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Ө. Айтбаев, Ш. Құрманбайұлы т. б. белсене атсалысып жүр. Терминді аударуда да дәлдік, қысқалық, жүйелілік сақталуы шарт. Ең бастысы баламасы түсініксіз, ұғымға ауыр болмауы тиіс.

XVIII ғасырдың соңында неміс ғалым И. Г. Гердер тіл мен әдебиеттің өзіндік ерекшелігін қорғай келе, аударманы ұлттық тілді «бұзу» себептері деп атады. Таза, мінсіз, бұзылмаған тіл халықтың мінез-қылығын, болмысын дәл бейнелеуге көмектеседі. Оның айтуынша мейлі ол тіл жұтаң әрі өзгермелі болсын, соның өзі ежелгі ұлттық мәдениетті бейнелей алады. Аударма тілінің мәселелері әр кезде қызу талқыланып келеді. Әсіресе ұлттық тіл «түрленген тұста», қоғам өз тілінің бейнелеу мүмкіндіктерін айқын сезінгенде көрінді.

1-Петр патша реформасынан кейін Ресейде көптеген шетелдік сөздер кең қолданысқа енді. Өйткені, аударма ісінің қарқынды дамуына қарай орыс тіліне қаптап кеткен бөгде сөздерден арылтуға М. В. Ломоносов, В. К. Тредиаковский, А. П. Сумароков батыл араласты. А. С. Пушкиннің өзі де Ресейге аударма және еліктеу арқылы енген шетелдік сөздердің, әсіресе француз сөздерінің қолдануын айыптай келе, олардың орыс сөз өнерін өркендетуді тежейтінін айтты. Н. Гальдің «Слова живое и мертвое» кітабында исланд халқының туған тіліне сүйіспеншілігі мен қызығушылығының зор екендігі көрсетілген. Тағы бір ерекшелігі елде шет елдік сөздерді енгізбеу туралы кезінде аз жазылмаған. Исланд пуризмі (тілді кірме сөздерден арылтып олардың орнына дұрыс-бұрыстығына қарамай ана тіліндегі сөздерді қолдануға әуестену) қатаң сақталынды. Автор Н. Беркованың айтуынша: «Исландияда шет елдік сөздер жоқ деуге де болады, басқа европалық тілдерде интернационализм саналатындар мұнда туған тіл құралдарымен ауыстырылады». Мұның өзі аударманың сөздік қорды байыту, ұлттық тілді жетілдіруге тигізер ықпалы дегенімен де, тілдің бар құндылығын тиімді пайдалана білу мүмкіндігін айғақтайды. Аудармадағы сөз мәдениетін сақтаудың озық үлгісі тілге талғамсыз, таңдаусыз жат сөздерді, терминдерді тықпалай беруден сақтандыру.

  1. Медициналық терминологияның қалыптасу тарихы:

Медицина институтындағы болашақ дәрігерлерге, осы салада қызмет ететін аудармашыларға анатомияны игере бастаған алғашқы күндерден бастап-ақ анатомиялық латын терминологиясының сөздігі қажет болады. Аудармада үш тілдегі сәйкес анатомиялық терминдерді бір-бірімен салыстыра отырып, қазақ сөздері ішінен лайықты балама сөз табу жұмысында белгілі қиындықтар кездеседі. Дегенмен, мұндай қиындықтар анатомияның барлық бөлімдері немесе барлық терминдеріне тән нәрсе емес. Мәселен, сүйектер мен асқазан-ішек жолы құрылыстарын белгілеу үшін жалпы терминологияны аударғанда, қазақ тілінің баламаларға бай екені анықталады.

Мысалы:

«гребень» (латынша - crista) деген терминді қазақ тіліне бірнеше сөздермен аударуға болады: қыр арқа, жота, жал;

«вырезка» (іncisnra) - тілік, кетік, ойынды, ойық;

«край» (limbus) жиек, шет, ернеу;

«канатик» (funiculus) - арқан, жіп, шылбыр;

«связка» (ligamentum) - жалғама, байлам;

«губчатый» (spongiosus) - кеуекті, кемікті, деп аударылады.

Сүйек жүйесіне байланысты терминдерді қарастырғанда, бір сүйекті қазақ тілінде белгілеу үшін бірнеше термин - синонимдерді табуға болады; «Плечевая кость» (humerus) - тоқпан жілік, иық сүйек;

«Решетчатая кость» (os ethmoidale) - кеңсірік, торлы сүйек; «Большеберцовая кость» (tibia) - асықты жілік, үлкен жілік;

«Крестец» (os sacrum) - сегізкөз, жая;

«Бедренная кость» (femur) - ортан жілік, сан сүйек;

«Затылочная кость» (os occipitale) - қарақұс, шүйде сүйек . Іш қуысындағы мүшелерді қарастырғанда

«Слепая кишка» (caecum) деген терминдерді қазақша соқыр ішек, тұйық ішек, бүйен деп аударуға болады.

«Толстая кишка» (intestinum tenue) - ащы ішек, жіңішке ішек деп аталады.

Бірқатар анатомиялық құрылымдарды белгілеу кезінде байқалатын қазақ тілі терминдерінің байлығы, өткен тұрмыс салтымен, мал шаруашылығымен байланысты. Бұл жағдайлар жаңа сөздер жасауда өз орындарын тапты.

Алайда нерв, қан тамырлары жүйелері мен сезім мүшелері құрылымдарына қатысты баламаларда, орыс анатомиялық терминологиясын құру кезінде қолданылғандай, терминдерді латыншадан транскрипциялауға және транслитерациялауға тура келеді. Орыс анатомиялық термині

«Фасция (латынша fascia) » қазақ терминологиясы бойынша - фасция; «Формайия» (formatio) - формация;

«Гипофиз» (hypophysis) гипофиз;

«Лимфа» (lympha) - лимфа;

«Миокард» (myocardium) - миокард;

«Паренхима» (parenchyma) - паренхима;

«Нефрон» (nephron) - нефрон;

«Строма» (stroma) - сторома;

«Эпифиз» (epipysis) - эпифиз;

«Конус» (conus) - конус;

«Пронатор» (pronator) - пронатор;

«Нейрон» (neuron) - нейрон;

«Полюс» (polus) - полюс және т. б.

Халықаралық анатомиялық номенклатураны құрудың жауапты редакторы, белгілі совет анатомы С. С. Михайловтың (1987) пікірі бойынша - орыс анатомиялық номенклатурасын жасау кезінде «бүгінгі уақытта транскрипцияланған және транслитерацияланған терминдерді атап өту мүмкін емес». Ол тілді дамытудың мүмкін жолдарының бірі осы көрсетілген тәсілдер болып табылады деп есептейді. С. С. Михайлов, В. Даль өзінің атақты сөздігін «Тірі ұлы орыс тілінің түсіндірме сөздігі» деп кездейсоқ атамағанын ескертеді. Тіл әрқашан да дами береді, ол шындығында да тірі.

Орыс анатомиялық номенклатурасында латын терминдерінің орысша баламалары бола тұра, латынданған түрінде жиі берілетін жағдайлар кездеседі.

Diafragma - грудобрюшная переграда - диафрагма;

Trachea - дыхательное горло - трахея;

Acinus - пузырек - ацинус;

Pericardium - околосердечная сумка - перикард.

Мен осындай жағдайларды, дүрыс және дәл түсіну үшін, қазақтың эквиваленттік сөздерін келтірдім де оның қасына, орыс анатомиялық терминологиясынан алынған латынданған терминдерді қойдым. Менің пікірімше, бұл әдіс қазақ тілінің мүмкіндігін кеңейтіп, оны халықаралық анатомиялық номенклатураға жақындатады, сонымен қатар, әр тілдерге сіңіп кеткен терминдерді бір жүйеге келтіріп, үйлестіруге мүмкіндік береді. Мысалы:

Aponevrosis - жалпақ сіңір, апроневроз.

Diafragma - көк ет, диафрагма.

Trachea - кеңірдек, трахея.

Acinus - ұлпашық, ацинус.

Pericardium - жүрекқап, перикард.

Sphincter - қысқыш, сфинктер.

Sinus - қойнау, қуыс, синус.

Aorta - қолқа, аорта.

Ampula - кеңдеужер, ампула.

Membrana - қабыршақ, мембрана.

Lacuna - шұңқырша, көлшік, лакуна.

Еді халықаралық анатомиялық номенклатураларының құрылуы тарихына тоқтала кету керек. Жалпы өмірдегі және оның ішіндегі анатомия ғылымындағы ғылыми ойдың біртіндеп дамуына орай, анатомиялық терминология да біртіндеп, баяу және ретсіз түрде дамып, құрастырылды, сол себепті де, ол жан-жақты бола алмады. Анатомиялық терминдерді қолдануда әр елдің өз дәстүрлері қалыптасты, сондықтан да, кейбір мүшелер әр жерде әр түрлі аталып жүрді. Көптеген анатомиялық құрылымдар, соларды алғаш рет ашып немесе алғаш рет зерттеген ғалымдардың есімдерімен аталды. Алайда, анатомиялық жаңалық ашу әр елде әртүрлі ғалымдарға таңылып жүрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рецептивті лексикалық дағдылар
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Ауызша аударма
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
Терминология және медициналық терминдер
Медициналық терминдердің аударылуы
Ағылшын тілді терминдерді аударудың техникалық әдістері
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Берілген тақырып бойынша эссе жазу тәртібі
Пәнді шет тілі арқылы зерделеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz