Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау



Кіріспе ... ... ... ... ... 3
I Мұнай және газ өндірісіндегі қолданатын терминдерді аудару мәселе
1.1 Термин атауы және оның тілдік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ағылшын тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... 7
1.3 Қазақ тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... ... .12

II Аударма трансформациясы
2.1 Мұнай.газ терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы қиындықтар ... ... ..18
2.2 Мұнай.газ саласындағы терминологиялық сөз тіркестерінің компоненттерінің арасындағы байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Мұнай.газ терминдерін аударуда қолданылатын тәсілдер ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ...28

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ..29
Ғылыми ақпараттың мәнінің қиындауы және көлемінің үздіксіз жоғарылауы жаңа тапсырмалар мен қатынасын анықтай отырып, ғылыми терминологияның терең көп көріністі зерттеуін іске асырады. Қазіргі кездегі жағдайдағы маңызды тапсырмалардың бірі «ақпаратты-технологиялық жарылыстың» басқарушы процеске айналуы, бұның негізінде терминологияны стандарттау және унификациялау жатыр. Терминошығармашылықтың теориясы мен практикасы лингвистердің ғана емес, білімнің сәйкес сала мамандарын, сонымен қатар терминология стандарттауы мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың да көңілін аудартады. Оның реттелуі туралы жұмыс және халықаралық деңгейдегі унификациялау XIX ғасырдың ортасынан басталғандықтан, химиялық терминология бұл жағдайдағы анық мысал болып табылады. Кез-келген объектіні зерттеу оны қарастырудың кешенді, жүйелік қатынасын талап етеді. Жүйелік қатынас кезінде объект функциялануы бір деңгейдегі жүйелілігінің әрекеттесуін, сонымен қатар оның иерархиялық құрылысындағы әр түрлі деңгейдегі байланыстарды қамтамасыз ететін, бағынышты жүйелер мен бүтін жүйе элементтері жатады.
Ғылыми зерттеу өзектілігі: егеменді ел болғалы бері бой көтеріп келе жатқан мемлекеттік тіліміздің мұнай-газ саласымен байланысты термин қорын қалыптастыру, шетелдік ғылыми терминдердің қазақ тілінің мүддесін көздеп, ішкі заңдылықтарын сақтай отырып аударылуынан, мұнай газ саласында болып жатқан өзгерістерге сәйкес ғылыми термин сөздіктерінің жаңартылуынан, жаңа ақпараттардың толықтырылуынан туындайды.
Зерттеу нысаны: қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам жүйесінің бірліктері, сөзжасамдық қызметі, солардың нәтижесінде жасалған мұнай-газ терминдерінің түрлері. Мұнай-газ терминдерін, олардың контекстегі көріністерін ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударудағы мәселелер.
[1] Қайдар Ә., “Қазақ тілінің өзекті мәселелері” – Алматы, Ана тілі, 1998. 304б.;
[2] Айтбаев Ө., “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы” - Алматы, Ғылым: 1988. 208б.;
[3] Ақаев С.Т., “Терминдердің тілдік және танымдық сипаты” – фил.ғыл.док. А., 2002. Ғылыми кеңесшісі- Ә.Қайдар;
[4] Құрманбайұлы Ш., “Терминтану” - Оқу құралы., «Атлас баспасы-2001», Алматы: 2006. 53б.;
[5] Петушков В.П., “Лингвистика и терминоведение //Терминология и норма” - М., 1972. 116б.;
[6] Әбдірахманов Ә., “Термин қалыптастыру тәжрибесінен//Қазақ терминологиясының мәселелері” – Алматы, 1986;
[7] Новичкова Л.М., “Языковой статус термина и проблема разрешения его многозначности” - Москва. 1991;
[8] Григоров С.В., “ Как работать с научной статьей” – М.,: Московский лицей, 1993. 309 б.;
[9] Татаринов В.А., “Теория терминоведения. Т.1. Теория термина: история и современное состояние” - М., 1996;
[10] Гринев С.В., “Терминологические заимствования и упорядочение иноязычных терминов и терминоэлементов” – М.: Наука, 1982. 135б.;
[11] Лейчик В.М., Шелов С.Д., “Лингвистические проблемы терминологии и научно-технический перевод” - Вып.18., М., 1990. 78б.
[12] Даниленко В.П., Скворцов Л.И., “Нормативные основы унификации терминологии” - Тез.докл.науч.конф.языковедов: Культура речи технической документации., М.: Наука, 1982;
[13] Коновалова Е.Д., “Сопоставительный и контекстуальный анализ термина и обиходного слова в английском языке” - Дисс. на соис.уч.степ. к.ф.н. – Л.: 1974;
[14] Козлова Г.В., “Полисемия научно-технического термина в английском языке” - Дисс.к.ф.н. – 1980;
[15] Денисов П.Н., “О некоторых аспектах изучения языкoв науки” - В кн.: Проблемы языка науки и техники (логические, лингвистические и историко-научные аспекты терминологии). – М.:Наука, 1970;
[16] Гринев С.В., “Введение в терминоведение” - М., Московский лицей, 1993. 309б.;
[17] Ткачева Л.Б., “Основные закономерности английской терминологий” – Томск: Изд-во томского университета, 1987. 200б.;
[18] Головин Б.Н., Кобрин Р.Ю., “Лингвистические основы учения о терминах” – М., Высшая школа, 1987. 104б.;
[19] Бреус Е.В., «Основы теории и рпактики перевода с руского языка на английский» - М., Наука, 2000;

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I Мұнай және газ өндірісіндегі қолданатын терминдерді аудару мәселе
1. Термин атауы және оның тілдік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. Ағылшын тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... 7
3. Қазақ тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... ... .12

II Аударма трансформациясы
2.1 Мұнай-газ терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы
қиындықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Мұнай-газ саласындағы терминологиялық сөз тіркестерінің
компоненттерінің арасындағы байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.3 Мұнай-газ терминдерін аударуда қолданылатын тәсілдер ... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..28

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Кіріспе

Ғылыми ақпараттың мәнінің қиындауы және көлемінің үздіксіз жоғарылауы
жаңа тапсырмалар мен қатынасын анықтай отырып, ғылыми терминологияның терең
көп көріністі зерттеуін іске асырады. Қазіргі кездегі жағдайдағы маңызды
тапсырмалардың бірі ақпаратты-технологиялық жарылыстың басқарушы процеске
айналуы, бұның негізінде терминологияны стандарттау және унификациялау
жатыр. Терминошығармашылықтың теориясы мен практикасы лингвистердің ғана
емес, білімнің сәйкес сала мамандарын, сонымен қатар терминология
стандарттауы мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың да көңілін
аудартады. Оның реттелуі туралы жұмыс және халықаралық деңгейдегі
унификациялау XIX ғасырдың ортасынан басталғандықтан, химиялық терминология
бұл жағдайдағы анық мысал болып табылады. Кез-келген объектіні зерттеу оны
қарастырудың кешенді, жүйелік қатынасын талап етеді. Жүйелік қатынас
кезінде объект функциялануы бір деңгейдегі жүйелілігінің әрекеттесуін,
сонымен қатар оның иерархиялық құрылысындағы әр түрлі деңгейдегі
байланыстарды қамтамасыз ететін, бағынышты жүйелер мен бүтін жүйе
элементтері жатады.
Ғылыми зерттеу өзектілігі: егеменді ел болғалы бері бой көтеріп келе
жатқан мемлекеттік тіліміздің мұнай-газ саласымен байланысты термин қорын
қалыптастыру, шетелдік ғылыми терминдердің қазақ тілінің мүддесін көздеп,
ішкі заңдылықтарын сақтай отырып аударылуынан, мұнай газ саласында болып
жатқан өзгерістерге сәйкес ғылыми термин сөздіктерінің жаңартылуынан, жаңа
ақпараттардың толықтырылуынан туындайды.
Зерттеу нысаны: қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам
жүйесінің бірліктері, сөзжасамдық қызметі, солардың нәтижесінде жасалған
мұнай-газ терминдерінің түрлері. Мұнай-газ терминдерін, олардың
контекстегі көріністерін ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударудағы
мәселелер.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ
тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау және оған талдау жасау. Ал осы
мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
- терминдердің жүйелілігін, аударылатын тілдегі аударманың ерекшеліктерн
анықтау;
- мұнай-газ терминдерінің жасалу жолдарын, мағыналарын когнитивтік
тұрғыда көрсету;
- ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам
жүйесінің құрамын айқындау;
- мұнай-газ терминдерінің қазақ тіліне аударылуындағы қиыншылықтары мен
тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің дереккөздері: жұмысты жазу барысында Айтбаев Ө. Қазақ
терминологиясының дамуы мен қалыптасуы, Құрманбайұлы Ш. Терминтану,
Ткачева Л.Б. Основные закономерности английской терминологий, Гореликова
С. Н. Природа термина и некоторые особенности терминообразования в
английском языке сияқты ғалымдардың сөздіктерінен ағылшын топонимдері
алынды.
Теориялық және методологиялық негізде қазақстандық, ресейлік және шет ел
лингвистерінің жұмыстары алынды. Nida E., Taber Ch., Татаринов В.А.,
Құрманбайұлы Ш., Айтбаев Ө., Гринев С.В., Авербух К.Я., Бархударов Л.С.,
Миньяр-Белоручев Р.К., Құрманбайұлы Ш., Макова М.И. сияқты ғалымдардың
теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының әдістері мен тәсілдері: зерттеу жұмысында баяндау,
дәстүрлі сипаттама, салыстыру, статистикалық талдау, морфемдік талдау,
мағыналық талдау, жинақтау әдістері, аударма тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құралы мұнай-газ терминдері болып табылады.
Курстық жұмыстың зерттелу объектісі болып, мұнай-газ терминдері және
олардың аударма барысындағы қиындықтары табылады.
Зерттеу жұмысының тілдік материалы: қысқаша терминологиялық
сөздіктер, ғылыми сөздіктер, ғылыми энциклопедиялар, мұнай-газ саласымен
байланысты методикалық оқулықтар, қазақ және ағылшын тілдерінде берілген
мәтіндер.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қосымша және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, жаңалығы, мақсаты
мен міндеті айқындалып, зерттеу әдістері, нысаны және зерттеуге негіз
болған материалдар баяндалады.
Бірінші бөлімде терминдер туралы түсінік, мұнай-газ терминдерінің
ағылшын және қазақ тілінде жасалу жолдары баяндалады.
Екінші бөлімде мұнай-газ терминдерін аудару кезіндегі қиындықтар мен
оларды аудару тәсілдері қарастырылады.
Қорытындыда Курстық жұмыстың нәтижесі көрсетіледі.

I Мұнай және газ өндірісіндегі қолданатын терминдерді аудару мәселесі

1. Термин атауы және оның тілдік сипаты

Егеменді ел болып тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде
мемлекеттік тіл, соның ішінде терминтану саласын дамыту, зерттеу
мәселелері алдыңғы орынға шығуда. Бұл мәселенің негізгі себебі ретінде
қоғамдағы, соның ішінде ғылым мен техника салаларында болып жатқан
өзгерістерді атап өтпеу мүмкін емес. Қоғамдағы өзгерістер, ең алдымен тілде
өз көрінісін табатыны белгілі. Осы тұста, еліміздің атақты академигі
Ә.Қайдар тіліміздегі терминологияның бүгінгі күйі мен ертеңгі жағдайы
жайлы сөз ете келе: ... қазақ әдеби жазба тілі – мемлекеттік тілдің
негізі болса, терминология мен ғылыми тіл – оның жон арқасы, бүкіл рухани-
мәдени өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сергек сезініп, сол ыңғайда
өзгертіп отыруға бейімді құбылыс; сондықтан да мемлекеттік әдеби
тіліміздің бүгінгі күйі мен ертеңгі жағдайы терминологияның реттілігімен,
жүйелілігімен, тұрақтылығымен және қолданыс аясының кеңдігімен өлшенеді,-
деген пікір білдіреді [1, 3б.]. Терминдердің тілде атқаратын рөлін саралай
келе Ө. Айтбайұлы: ... дамыған, жетілген тілдің басты
көрсеткіштерінің бірі – оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады.
Тілдің қоғамдық қызметі арта түсті, дамыда деп ауыз толтырып айтарлықтай
дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын терминологиялық лексика,- дейді [2, 164-
165бб.]. Терминдерді тіл дамуының көрсеткіші болуымен қатар, сол тілдің
сан ғасырлық тарихи дамудың нәтижесі деп те қарастырамыз. Адамзат ғылым
тауып, біліміне білім қосып, оған сәйкес термин арқылы тілін де көркейтіп,
көріктендіріп отырады. Сөйтіп, ғылым дамуы барысында ойдан ой туатын
сияқты, сөзден сөз туып, ғасырлар бойы тоқтаусыз, жалғаса дамып, атадан
мұра болып қалған сөздік қорымызды құрап, толықтырады [3, 20б.].
Елімізде терминқор жасау мәселесімен байланысты көптеген еңбектердің авторы
Құрманбайұлы Шерубай терминге мынадай лингвистикалық және терминтанушылық
анықтама береді: Термин – ғылыми немесе өндірістік технология атауы болып
табылатын арнайы қолданыстағы дифинициясы бар сөз немесе сөз тіркесі.
Термин – адам қызметі мен білімінің арнаулы салаларының жалпы, нақты немесе
абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар тілінің
лексикалық бірлігі.
Мәскеуде 1980 жылы жарық көрген энциклопедиялық сөздікке сүйенетін
болсақ, термин сөзі – рим мифологиясында шекара құдайы, сонымен бірге
шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі деген анықтама берілген
екен. Терминтану атауын, 1967 жылы 30 мамыр мен 2 маусым аралығында
Ленинградта өткен Екінші бүкілодақтық терминология мәселелеріне арналған
мәжілісте В.П.Петушков терминоведение ретінде ұсынғанын ескерсек, бұл
саланың Ресейде осыдан 30-40 жыл бұрын зерттеле бастағанын аңғаруға болады.
Термин атауы біздің қоғамға XX ғасырдың 30 жылдары жаппай қолданысқа
енді. Алайда бұл біздің елімізде сол кезеңге дейін термин мәселелерінің
зерттелмегендігінің белгісі емес.
Құрманбайұлы Шерубайдың зерттеулеріне сүйенсек термин атауы XX
ғасырдың бас кезінде қазақ зиялыларының арасында пән сөзі деп
қолданылғандығы жайлы жазады. Сол зиялылардың қатарына,
Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Нәзіп Төреқұлұлы,
Халел Досмұхамедұлын жатқызуға болады. XX ғасырдың 30 – жылдары пән сөз
терминінің пән атаулары деген нұсқасын Әлкей Марғұлан Еңбекші халық
газетінің сандарында Осы пән атаулары дұрыс па? деген атпен шығарған
мақаласында қолданған. Алайда термин сөзінің жоғарыда ұсынылған
нұсқалары, Совет халқында ортақ терминология қорын қалыптастыру мақсатында,
жаппай қолданыстан шығып, термин ретінде 60-70 жыл бойына қолданыста
жүрді. Тек соңғы жылдары ғана Қазақстандық зерттеушілер, ұлт тіліндегі
термин шығармашылығын дамыту мәселесін күн тәртібіне қойып, термин атауын
қайта өзгертуді ұсынып отыр. Бұл сөзге тағылып отырған басты кемшілік
оның кірме сөз болуында. Ш. Құрманбайұлы алдағы уақытта шет тілдерінен сөз
қабылдамау мүмкін емес дей отырып термин сөзінің, қазақ тілінің дыбыстық
жүйесіне сәйкестендіріліп, ары қарай термін ретінде қолданылуын қолдап
келетіндігін көреміз [4, 53б.].
Терминдерді тілдік бірлік, яғни сөз ретінде қарастырып жүрген
зерттеушілер қатарына Н.З. Котелованы жатқызуға болады. Термин деген –
сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес, - деген
пікірі термин – сөздің лингвистикалық табиғатын тануда орынды айтылған деп
айтуға болады. Терминдерде де сөзге тән қасиеттердің болуын
төмендегіден көруге болады:
а) терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркесінен болады;
ә) терминдер негізінен тілдік бірліктер;
б) термин – белгілі бір терминологияның мүшесі;
в) термин деген – ұғым аты;
г) терминдердің міндетті түрде дефинициясы болады;
ғ) терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына
қатысты жағынан зат есімдер болады;
д) терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылыми тілде,
белгілі бір сала шеңберінде қолданылады;
Құрамы жағынан да терминдер түбір сөз де, туынды сөз де,
терминологиялық тіркес те бола алады [4, 54б.].
Терминдердің жоғарыда аталған сөздік қасиеттеріне қарамастан оның
жалпы қолданыстағы айырмашылығы оның нақтылығында. Бұл пікір Р.А.
Будагов, А.А. Левковская, А.А. Реформатский сияқты ғалымдардың
еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан. Олар төмендегідей жалпыхалықтық тіл
мен терминдер арасында болатын айырмашылықтарды ажыратады [3, 10б.]:
Жалпыхалықтық сөз Термин
көп мағыналы; дара, нақ мағыналы;
қолдану ауқымы кең; қолданыс ауқымы тар;
полисемантикалық құбылыстар, контекстіге тәуелсіз;
эмоционалдық бояу, экспрессивті; полисемантикалық құбылыстар,
стилистикалық қызмет, субъективті эмоционалды бояу, экспрессивті;
бағалау, көркемділік, мәнерлілік стилистикалық қызмет, субъективті
тән; бағалау, көркемділік мәселелері жат;
лингвистикалық, экстралингвистикалықлингвистикалық , экстралингвистикалық
мәселелермен тығыз байланысты; мәселелермен байланысты;
күрделі категория, стильдік стилистикалық бейтараптық,
бейтараптық жат; жүйелілік, қысқалық, жасандылық тән;
қолданыста әр алуан өзгеріске қолданыста тұлғаның өзгеріске
ұшырап, түрленіп отырады; ұшырап, түрленбейді;

Терминдердің ғалымдар арасындағы рөлін анықтауда көптеген шетелдік
зерттеушілердің оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырып жүргендігін атап
өткен жөн. Солардың арасында, ресейлік зерттеуші В.П. Петушков
терминтанудың көп жылдық тарихы болуына қарамастан, жаңадан қалыптасып келе
жатқан ғылым деп есептеген [5, 116б.]. Сонымен қатар XX ғасырдың 70 жылдары
терминдердің ғылымдар арасындағы орны жайлы Дж. Сейгер терминологияны
лингвистиканың біршама аз мән берілген саласы болды, енді оны дербес сала
ретінде қарастыратын уақыт жеткендігі жайлы жазды. Терминтануды зерттеуде
үлкен үлес қосқан, терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орнын айқындауда В.М.
Лейчикті атап өтпеу мүмкін емес. Өзінің 1989 жылы Предмет, методы и
структура терминоведения атты докторлық диссертациясында, ол терминдердің
белгілі бір ғылым мен техника саласындағы ұғымдардың атау болғандықтан оны
тек лексикологиялық немесе лексикографиялық аспектіден ғана емес, сонымен
қатар логика, семиотика, ақпараттану, математика, кибернетика, жүйелердің
жалпы теориясы, психологиялық аспектілерден де қарастыру керектігін атап
өтті

1.2. Ағылшын тіліндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам тәсілдері

Қазіргі таңда ақпарды алудың бірден-бір жолы халықаралық
конференциялар мен баяндамалар болып отыр. Ал сол конференцияларда
жасалатын баяндамалар негізінен терминдерден тұратындықтан, терминдерді
негізгі ғылыми ақпарды тасушы көзі деп қарастыруымызға болады. Ғылыми-
техникалық білімнің арта түсуі өз алдына терминдердің жасалу тәсілдерінің
маңыздылығын арттырды [8, 309б.].
Ағылшын тіліндегі мұнай-газдық терминология гетерогенді модель
бойынша құрылған, яғни адамзаттық білімнің бірнеше облыстарының
байланысуының нәтижесі болып табылады. Оған геологиялық, геофизикалық,
геомұнай-газ терминдері кіреді, сонымен қатар мұнай және газ ұңғымаларын
бұрғылауға, шаюға, мұнай және газ кенорындарының өндіру, жерасты
гидравликасы, мұнай мен газды өңдеу және т.б. қатысты терминдер жатады.
Белгілі бір саладағы термин мағынасын анықтап, түсінуде терминнің
құрылымдық мағынасының рөлі ерекше. Терминнің құрылымдық моделі қиын болған
сайын, сол термин арқылы жеткізілетін хабарды түсіну де қиындай түспек.
Ағылшын тіліндегі терминдердің жоғары іске асу қабілеті, жылдамдығы
мен өзін-өзі анықтау қабілеті күрделі терминологиялық топтардың пайда
болуына алып келді. Ал, бұл өз алдына термин мағынасын анықтап, екінші
тілде түпнұсқаға бара-бар аударма табда қиындықтар туғызуда.
Жоғарыда айтып кеткендей, термин тілдік сөздік құрамының бір бөлігі
болғандықтан, оған да сөздердегідей номинациялау тәсілдері тән. Алайда
сөздерге қарағанда, терминжасам тәсілдері белгілі бір термин элементтерді,
компоненттерді, арнайы сөзжасам тәсілдерді, құрылымдық модельдер мен
сөзжасам аффикстердің болуымен және сан жағынан көп халықаралық
элементтерді қолданумен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда терминтануда терминжасам тәсілдеріне байланысты
пікірлер айтып жүрген лингвисттер аз емес. Олардың қатарына
Татаринов В.А., Лейчик В.М., Гринев С.В., Ткачева Л.Б., Головин Д.Ю.,
Шелов С.Д., және т.б. жатқызуға болады.
Солардың ішінен, Татаринов В.А. терминжасамның төрт тәсілін бөліп
көрсетеді. Олар:
1. Лексико-семантикалық – сөздің семантикалық дамуы, жаңа термин
жасауға негіз болады.
2. Морфологиялық – жаңа терминдер бір немесе бірнеше сөз тудырушы
түбірлер негізінде сөз тудырушы аффиктер көмегімен жасалып төмендегідей
түрлерге жіктеледі:
А) суффиксация;
Б) префиксация;
В) префиксті-суффикстік тәсіл;
Г) субстантивация;
Д) сөзді біріктіру;
Ж) күрделі-суффиксалды тәсіл;
З) қысқарту;
И) аббревияция
3. синтаксистік – терминологиялық тізбектер жасайды.
4. басқа тілдерден қабылдау [9, 211-222бб.].

Еуропалық, мәдени ареалда арнайы лексиканы алғаш шығарушылар
гректер болды. Грек тілінің құрылымына ғылыми ойлау мен түрлі ғылымдар
терминдерінің пайда болу базасының дамуына алғышарт болды деуге болады.
Сан ғасырлар бойы Еуропа ғалымдарының тілі болып келген латын
тілі грек термин элементтері мен модельдерінің көшбасшысы болып келді.
Қайта өрлеу дәуірінің латын тілі Орталық және Батыс Еуропаның ұлттық
тілдерімен бәсекелес болды. Ғалымдардың өз ойларын туған тілдерінде жеткізу
жолындағы күрестері табысқа жетті.
Әйтсе де, қазірге дейін латын тілі көмекші роль атқарып отыр [7,
6б.].
Ғылым мен техниканың басқа салаларында халықаралық терминдер саны
өте көп.
Мұнай-газ терминологиясын зерттеу барысында осындай сөздердің
белгілі бір саны анықталды. Мысалы: ұлттық тілдің белгілі бір жеке салалық
термин жүйесіне терминді енгізу экстралингвистикалық факторлармен, алдымен
тіларалық ғылыми байланыстармен ерекшеленеді. Бұл калкілеу және басқа
тілдің терминдік жүйесінен алынған терминдерді белгілі бір терминологияда
қолдану әдісі болып табылады. Терминнің белгілі бір ұлттық тілдің кез-
келген ғылыми саласының жеке салалы терминдік жүйесіне өтуі кезінде,
әсіресе терминнің жаңа тілдік жүйеге енуді талап ететін лингвистикалық жағы
көрінеді.
Шет тілі терминінің түрлі деңгейлерінің ұғынылуы – оның
географиялық және фонетикалық образының сақталуынан кірме тілдің
нормаларына толықтай бағынуына дейінгі түрлі сатыларды атап көрсетуге
болады. Осыған байланысты келесі үрдістерді де ерекшелеуге болады:
1. Кірме сөз енетін тілдің графикалық құралдарымен көрсету
2. Сөзді грамматика жағынан меңгеру, яғни оны кірме тілдің белгілі бір
сөз табы категориясына қосу.
3.Шетел сөзін фонетика тұрғысынан меңгеру, яғни оны кірме тілдің
фонетикалық жүйесіне бейімдеу.
4. Сөздің сөз тудыру белсенділігі, жаңа сөз тудыру мүмкіндігі.
5.Оның семантикалық тұрғыдан меңгерілуі, яғни белгілі бір саладағы
сөздерді қайта бөлу.
6. Терминнің нақты бір салада тұрақты түрде қолданылуы.
Қазіргі терминтану жұмыстарында басқа тілден иемденіп алу жалпы
әдеби тіл сөздерінің терминологизация үрдісі ретінде де, өзге
мамандандырылған салалар терминдерін қолдану ретінде де кеңінен
қарастырылады. Мұндай иемденулер Г.Рондо классификациясы бойынша “ішкі
немесе сыртқы иемденулер” деп аталады. Көп жағдайда, иемдену ішкі дегенді
білдіреді, яғни басқа тілдерден иемденіп алу. Жалпы, С.В.Гриневтың ойынша
[10, 108-135бб.], терминдерді иемдену үрдісі жалпы әдеби тілдегіден
ерекшеленбейді, бірақ кейбір айырмашылықтар байқалады:
1. Иемденудің жазбаша жолмен енуі, өйткені ғылыми-техникалық ақпаратпен
алмасу басылымдар арқылы жүзеге асады.
2. Терминдік жүйелердің жоспарлы құрылуы мүмкіндігімен байланысты
иемденіп алу үрдісіне саналы түрде әсер етуі.
3. Терминдік иемденудің кеңінен таралуларының лингвистикалық факторлары
ретінде ерекшеленеді.
4. Терминдер мағынасын түсінуді жеңілдете түсуге әкелетін
интернационалдық терминдердің мәнін ашу мүмкіндігі.
5. Интернационализмдердің талабына қысқалық пен бірыңғайлылықтың сай
келуі.
Лейчик В.М. терминжасам тәсілдерін төмендегдей түрлерге жіктейді:
1. Семантикалық (семантикалық терминжасам)- лексикалық бірліктің
арнайы мағынаға ие болуы. Оған:
• терминдену (терминологизация) – лексикалық бірліктің терминдер
қатарына енуі;
• детерминологизация - лексикалық бірліктің арнайы лексика жүйесіне
бастапқы немесе басқы мағынамен қайта енуі;
2. Морфологиялық – термин-сөз жасау тәсілі;
3. Терминтудырушы – туынды термин жасау тәсілі;
4. Синтаксистік – сөз тіркес термин жасау тәсілі;
5. Кірме (заимствование) – бір тілден екінші тілге лексикалық
бірлікті қабылдау. Бұл тәсіл:
• тіларалық кірмелер – басқа тілден қабылдау;
• жүйеаралық терминдер – терминдердің бір терминдік жүйеден екінші
терминжүйеге өтуі [11, 5-16бб.];
Гринев С.В. өз алдына мынадай терминжасам тәсілдерін ерекшелейді.
1. Семантикалық тәсілі
• жалпыхалықтық сөздің терминденуі;
• жалпыхалықтық сөз мағынасының кеңейуі;
• жалпыхалықтық сөздің метафоризациялануы;
• жалпыхалықтық сөз мағынасының метонимиялық ауысуы;
• жалпыхалықтық сөз мағынасының салалануы (специялизация);
• жүйеаралық кірмелер (межсистемное заимствование);
2. Морфологиялық тәсіл
• суффиксалды терминжасам (суффиксация);
• префиксалды терминжасам (префиксация);
• префиксалды-суффиксті терминжасам (префикциально-суффиксальное);
• конверсия;
• қысқарту (усечение);
1. Терминжасамның синтаксистік тәсілі
Қазіргі таңда термин жасаудың синтаксистік тәсілі мұнай-газ терминдік
лексикасын көбейтудің өнімді жолы. Туынды және күрделі терминдермен
салыстырғанда, сөз тіркестерінің түсініктік белгілерін және туыстық
қатынастарын білдіретін қасиеттері бар. Туынды сөз атауыш мағыналардың
тек шектеулі санын ғана бере алады, ал сөз тіркесі мағыналарының шексіз
кешенін жеткізе алады [12, 7-68бб.].
Терминдік сөздік тіркестерінің құрамынан деривациялық базаны, яғни жаңа
терминологиялық атау пайда болатын бірлікті және адъюнкт – сол сөздің
мағынасы нақтылауға көмектесетін сөз немесе сөз тіркесін атап көрсетуге
болады. Лингвисттер терминдік сөздік тіркестер құраушыларын әрқалай
атайды: адъюнкт және ядро [13, 21б.], анықталатын және анықтауыш сөз [14,
21б.], доминант және тәуелді компонент [15, 52-89бб.]. Ағылшын тілінде
адъюнкт әдетте терминдік сөздік тіркес құрамында шеткі орынға ие, ал қазақ
тілінде сол жақ немесе оң жақ орында тұрады. Синтаксистік туындылар
күрделілігімен ерекшеленеді. В.Н.Шевчук және Г.А.Соболева терминдік сөздік
тіркестердің туындылығы бойынша келесі деңгейлерге бөлді:
• Нөлдік деңгей: ағыл. Layer - қабат
• Бірінші деңгей: velocity layer - жылдамдықпен сипатталатын қабат
• Екінші деңгей: single velocity layer - тақташа жылдамдығымен
сипатталатын қабат
4. Морфология-синтаксистік тәсіл (морфолого-синтаксические способы):
• сөз біріктіру (словосложение);
• эллипсис;
• аббревиация;
• шет тілдер лексемалары мен терминдік бірліктерін қабылдау [16, 128б.];
Жоғарыдан көріп отырғандай, әртүрлі зерттеушілер терминжасам тәсілдерін
негізінен бірдей классификациялағанын байқауға болады. Алайда, бұл
классификацияларда да азды-көпті өзгешеліктер байқалады. Мысалы, В.А.
Татаринов, В.М. Лейчик және С.В. Гринев – кірме сөздер қабылдау тәсілін
өнімді деп қарастырса, Л.Б. Ткачева әр тілдің ерекшеліктерін ескергенді жөн
деп санап, былай дейді: каждый язык и даже терминосистема в пределах
одного языка может иметь свои отличительные терминообразующие признаки
[17, 39б.] және тек сол терминжүйеге тән терминжасам тәсілдері мен
амалдарының болатындығын айтады.

1.3 Қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам тәсілдері

Терминжасам мәселесіне қатысты елімізде көптеген зерттеушілер қазақ
тілінің термин жасаудағы тілдік мүмкіндіктерінің кеңдігін айтып келеді. Өз
кезінде А. Байтұрсынұлының термин жасаудағы ұстанған басты ұстанымы да
осындай болған еді. Ол ұлттық тілімізде арнайы түрде термин жасауда тіл мен
ғылым жүйелерін асқан шеберлікпен үйлестіре білді. Сонымен қатар ғылым-
білім ұғымдарын қазақшалаумен тек А. Байтұрсынұлы ғана емес, білімнің әр
саласынан оқулық жазған сол кездегі қазақ зиялыларының бәрі де айналысты.
Мысалы, ғылым атауларын мүмкіндігінше қазақшалап, тіл табиғатын бұзбай,
сақтау жолдарын ерекше ынтамен зерттеген ғалымдар қатарына: Х.
Досмұхамедұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Қ. Кемеңгерұлы, Ә.
Ермеков, Е. Омаровты жатқызуға болады. Осы ұстанымды ары қарай жалғастыра
келе, Ө. Айтбайұлы: Қазақ терминологиясының жасалуына ең басты екі арна,
екі көз себеп болады: оның бірі- ұлттық тіліміздің өз сөз байлығы (ішкі
мүмкіндігі) да, екіншісі- әрқилы тілдік амалдар қолдану нәтижесінде
қабылданған кірме терминдер,-дейді [21, 206б.]. Қазақ тілінің төл
мүмкіндіктері, яғни қазақ тілінің байырғы сөздері арқылы терминқор жасау
мүмкіндігі жайлы К.А. Ашинова өз зерттеулерінде: Ғылым саласының негізінің
қалануы әр саладағы арнаулы ұғымдардың атауларын жасау қажеттігін туғызды.
XX ғасырдың бас кезінде ғылым салаларының дамуына байланысты қазақ
терминологиясы тілдің өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып қалыптасты. Бұл-
терминдерді ана тілімізде жасап, ғылымды қазақ тілі арқылы игеруге
болатындығының бір дәлелі болса, ғылым мен техниканың тілін өз тілімізде
атауға қазақ тілінің мүмкіндігінің толық жететіндігінің тағы бір айғағы
болады,- деді [22, 15-18бб.].
Қазақ терминологиясының негізінің қалануын XX ғасырдың бас кезімен
байланыстыратын болсақ, сол кездегі қазақ зерттеушілерінің арасынан
профессор Қ. Жұбановты атамай кету мүмкін емес болар еді. Алғаш рет
Мемтерминком Бюллетендерінің 1935 жылғы, № 1 санында ол съезде қабылданған
терминология принциптері ретінде қазақ-орыс тілдерінде, 1936 жылы жарық
көрген Қазақ тілі термин сөздігінің беташары ретінде басылып шықты. Оның
орысша мәтіні Қ. Жұбановтың 1966 жылы басылған Қазақ тілі жөніндегі
зерттеулер жинағында жарияланды [23, 86б.].
Қ. Жұмабаев терминжасауда төрт түрлі тәсілмен асады деді. Ана тілі
негізінде термин жасаудың жолдарын көрсетеді:
1. Лексика-семантикалық тәсіл;
2. Семантикалық немесе синтаксистік тәсіл;
3. Аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл;
4. Калька және аудару жолдары;
Осы көрсетілген жолдарды ғалым қазақ тілінің төл терминдерін жасауда
өнімді болмақ деп санаған [23, 89б.].
Термин жасауда жаңа терминдерді өзге халықтардың дайын күйде берілген
терминдерінің орнына, әрбір ұлт тілінің өз тілдік қорын пайдалануының
маңыздылығы жайлы айтып кеттік. Сонымен қатар әрбір ұлт тілінің
ерекшеліктеріне қарай өз тілдеріне сай терминжасау жолдары болатындығын
атап өту қажет. Қазақ тілінің терминжасаудың төл немесе қазақ тілінің
ерекшеліктеріне сай термин жасау жолдарын зерттеп қалыптастыруда өткен
ғасырдың 20-30 жылдары терең зерттеулер жүргізген ғалымдар арасына алаш
өкілдері Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омарұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Мағжан
Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Халел Досмұхамедұлы, Жұмахан
Кудерин, Сұлтанбек Қожанұлы, Телжан Шонаұлын жатқызуға болады. Осы
кісілердің еңбектерін ары қарай жалғастырғанда қазақ тілінің терминқорының
қазіргі жағдайы әлдеқайда дұрыс болатындығы жайлы қазіргі таңда термин
мәселесімен тығыз айналысып жүрген ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз жиі
айтып жүр. Кеңестік дәуірден бізге мұра болып қалған көптеген салалық
терминдердің 70-80 пайызы кірме терминдерден тұратындығы бұл салада ұзақ
жылдар бойы атқарылған жұмыстардың аздығының дәлелі болып отыр. Ғалымдардың
зерттеулеріне сүйенсек терминжасау дегеніміз бір шығармашылықтың түрі және
жаңа терминді ойлап табу ол тек берілген саладағы біліктілікті ғана емес,
сонымен қатар терең лингвистикалық білімді талап етеді. Ш. Құрманбайұлының
зерттеулеріне сүйенсек, терминдік жүйені жасауда терминжасамның әлемде ең
көп тараған төрт түрлі тәсілі пайдаланылады, олардың қатарына: а)
терминжасам (сөзжасамның түрлі әдістерін пайдалану арқылы); ә) терминдену
(термин емес сөздердің терминдер қатарына өтуі); б) қайта терминдену (өзге
саланың дайын терминін пайдалану); в) терминалмасу, халықаралықтандыру
(өзге тілдерден дайын терминдерді қабылдап алу) сияқты тәсілдері бар деп
жүрген ғалымдардың барлығы жайлы айтады [24, 100б.].
1. Терминжасамның синтетикалық тәсілі (морфологиялық тәсілі). Қазақ
тіліндегі сөзжасам тәсілдері арасында қосымшалар арқылы сөз жасау, ең
өнімді тәсілдердің бірі болып саналады. Сөзжасамның бұл түрін синтетикалық
немесе морфологиялық тәсіл деп атаймыз. Осы тәсіл арқылы туындайтын сөздер
екі тілдік бірліктің қатысуымен: сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Оның
формуласы мынадай [24, 101б.]:

1 2
3
лексикалық мағыналық сөз + сөзжасамдық жұрнақ = туынды сөз

Терминологиядағы жүйелілікті кейбір ғалымдар терминологияның басты
принципі деп есептейді [25, 213б.]. Сонымен қатар Париждік мектеп
өкілдерінің мынадай сөздері соған дәлел бола алады: Ни одно явление в
языке не может быть понято без учета системы к которому оно принадлежит.
Терминологияда жүйелілік мәселесі өте маңызды. Сондықтан да термин жасауда
тілдік қорымызда бар сөздерді қолдану салалық терминдерді жасауда белгілі
бір үлгіні сақтап қалып жүйелілікті бұзбауға үлкен әсерін тигізеді. Қазақ
тілінде қазіргі таңда термин жасауда ең өнімді қосымшалар қатарына,
баспасөз саласынан: -ма-ме, -ба-бе, -па-пе (хаттама, баяндама); тіл
білімінің фонетика саласынан: -м, -ым-ім (айтылым, алмасым); өз кезінде А.
Байтұрсынұлы жасаған терминдерде қолданыс тапқан қосымшалар: -уыш, - уіш, (-
ыш-іш) (баяндауыш, анықтауыш); әскери терминдермен қолданлатын: -уыл-уіл,
-ауыл-еуіл (шабуыл, айдауыл), энергетика саласында соңғы кездері
қолданылып жүрген терминдер қатарына: -қыш-кіш, -ғыш-гіш (ауа жинағыш, бу
таратқыш т.б.), сол сияқты басқа да өнімді қосымшалар қатарына –қы-кі,
-ғы-гі, -қ-к, -ақ-ек жұрнақтарын жатқызуға болады. Қосымшалардың қалған
бөлігі бірді екілі термин жасауға қатысып немесе мүлдем қатысудан қалған
қосымшалардан тұрады. Олардың қатарынан: -ат (қырат, суат); -қа (жонқа,
тұтқа); -л (болжал); -мыс (болмыс, тұрмыс); -н, -ын, -ін (боран, қорған,
жауын); -сын (сусын, ықтасын), -шақ-шек (қатпаршақ, жұмышпақ, түйіншек);
-ық-ік (қабық, бөлік, үзік) сияқты т.б. жатқызуға болады [24, 130-131бб.].
Жоғарыда атаылп кеткен терминдену сөзіне Айсұлтанова Қ.Ә. тілдік
тұлғаныңбасқа жаңа ұғымды қабылдауы- деген анықтама беріп, лексеманың
терминге айналу жолдарын төендегідей ажыратады

Тілдегі мағынасы түсінікті сөздердің терминологиялық өріске өтіп,
ауыспалы мағынада термин ретінде қолданылуы лексика-семантикалық тәсіл деп
аталады. Жалпыхалықтық тілден терминдер қатарына өткен сөздерге: үнем,
шығын, пайда, қорғаушы, қорғаныс, шек және т.б. жатқызуға болады [26,
83б.]. Терминдік жүйесі әлі толығымен қалыптасып болмаған қазақ тілі үшін
терминдену процесі термин жасаудағы өте тиімді жолдардың бірі болмақ деп
сенеміз. Себебі, қазақ тілінің жалпыхалықтық сөздігі сан мыңдаған әлі де
ғылыми статус алмаған сөздерге бай екендігін есте сақтаған жөн. Осы тұста,
Ә. Қайдардың: Жалпы тіл байлығы әдеби тіліміздің мол дүниесімен ғана
шектелмейді, оның сыртында шалқып жатқан теңіздей жалпыхалықтық тілдің
шексіз, таусылмас қоры тағы бар,- деген сөздері еске түседі. Сонымен,
қазақ тілінде терминжасамның бірнеше тәсілдері бар. Олар:

Жоғарыда көрсетілген жолдар ішіндегі морфологиялық әдіс ең жиі
қолданылатындардың бірі деп есептеледі. Терминдердің жасалып, қалыптасуына
әсер ететін бірден-бір құрал – жұрнақтар екендігі. Сондықтан, тілде
жұрнақтарды есім мәнді терминжасаушы жұрнақтар және етістік мәнді
терминжасаушы жұрнақтар деп ажырату қалыптасқан [26, 63б.].
Есім мәнді жұрнақтар заттық мәндегі терминдер жасауға негіз болады.
Олардың қатарына:
1. –лық; -лік; -дық; -дік; -тық; -тік – кодаминанттылық, байланыстылық,
үйлесімділік, өткізгіштік, үздіксіздік;
2. –ыш; -іш; -кіш; -гіш; -қыш; -ғыш – байланыстырғыш, кеміргіш;
3. –кер; -гер; -ым; -ім – бөлім, баспагер;
4. –ыс; -іс; -с – шектес;
5. –ман; -мен – оқырман, көрермен;
6. –ғы; -гі – бұрғы;
7. –ғыш; -гіш; -қыш; -кіш – тыңайтқыш, есептегіш;
8. –ма; -ме; -ба; -бе; -па; -пе – қаптама, айқаспа;
9. –лық; -лік; -дық; -дік; -тық; -тік – беріктік, тұтастық, циклдік және
т.б.
Етістік мәнді термин тудырушы жұрнақтардың –у жұрнағы болып табылады деп
есептеледі. Мысалы: тотығу, қорыту, жайылу, эксплуатациялау және т.б.
2. Терминжасамның аналитикалық (синтаксистік) тәсілі. Тілімізде
терминдер жасауда қосымшалар әдісіне қоса лексикамыздың қомақты бөлігі
екі, үш немесе одан да көп сыңарлы терминдерден тұратынын ескерту қажет.
Осы мәселеге байланысты С. Исаев өз зерттеуінде былай дейді: Тілдегі,
тілдік процестегі себеп-салдарлық құбылыс, байланыстарға мән бере
бермегендіктен кейде сөзжасамның бұл тәсіліне біріккен, кіріккен сөздер,
қосарланған, қайталанған сөздер, тіркес (күрделі) сөздер жатқызылады. Бұлар
яғни, біріккен (кіріккен) сөздер сөзжасам тәсілі емес, сол сөзжасам тәсілі
(аналитикалық немесе синтаксистік) негізінде пайда болған нәтиже яғни жаңа
туындылар, олар біріктіру процесі арқылы, қосарлау я қайталау, тіркестіру
нәтижесінде туған тілдік единицалар. Сондықтан бұл екі түрлі тілдік
құбылысты бір-бірімен шатастыруға болмайды. Соған қарамастан
грамматикаларда бұлар күрделі сөздер және оның түрлері ретінде беріледі
[27, 274-275бб.].
Шет елдердегі аналитикалық тәсілдің қолданысы жайлы сөз қозғайтын болсақ,
терминтанушылар әртүрлі еуропа тілдерінің терминологиясында бұл әдіс арқылы
жасалған терминдер сан 60%-95% құрайтындығы жайлы айтады. Сол
зерттеушілердің бірі, М.И. Макова 70-жылдары жазған мақаласында ағылшын
тіліндегі сөздердің тіркесуі арқылы жасалған терминдер терминологияның 70
пайызын құрайтындығын көрсетеді [28, 32-41бб.]. Орыс тліндегі бұл тәсілдің
қолданылу жиілігі жайлы З.М. Осипиенко өзінің кандидаттық диссертациясында
тіркесті терминдер орыс терминқорының 62-77 пайызын құрайтындығын айтса,
тағы да бір ресейлік зерттеуші В.Н. Прохорова орыс тіліндегі
синтаксистік жолмен жасалған термин туралы пікірі алдыңғы зерттеушінің
пікірін растай түседі. Ол: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Неологизмдер мен окказионализмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы (халықаралық ұйымдар құжаттарының негізінде)
Терминдерді аудару барысында трансформациялардың қолданылуы (ағылшын және қазақ заң терминдері)
Терминология және медициналық терминдер
Мұнай және газ саласындағы терминологиялық өрістің ерекшелігі
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы
Сөз тіркесі түріндегі терминдер
Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повесінің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы
Пәндер