Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Кіріспе ... ... ... ... ... .4
I Терминдер және терминдер жүйесі
1.1 Термин атауы және оның тілдік сипаты ... ... 7
1.2 Ағылшын тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... ... 12
1.3 Қазақ тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... ... ... .24
I.бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ..33
II Мұнай.газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы лексикалық ерекшеліктері
2.1 Мұнай.газ терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы қиындықтар ... ... ... .34
2.2 Мұнай.газ саласындағы терминологиялық сөз тіркестерінің компоненттерінің арасындағы байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.3 Мұнай.газ терминдерін аударуда қолданылатын тәсілдер ... ... ... ... ..46
II.бөлім бойынша қорытынды ... ..
Қорытынды ... ... ...58
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... .60
Қосымша

Ғылыми ақпараттың мәнінің қиындауы және көлемінің үздіксіз жоғарылауы жаңа тапсырмалар мен қатынасын анықтай отырып, ғылыми терминологияның терең көп көріністі зерттеуін іске асырады. Қазіргі кездегі жағдайдағы маңызды тапсырмалардың бірі «ақпаратты-технологиялық жарылыстың» басқарушы процеске айналуы, бұның негізінде терминологияны стандарттау және унификациялау жатыр. Терминошығармашылықтың теориясы мен практикасы лингвистердің ғана емес, білімнің сәйкес сала мамандарын, сонымен қатар терминология стандарттауы мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың да көңілін аудартады. Оның реттелуі туралы жұмыс және халықаралық деңгейдегі унификациялау XIX ғасырдың ортасынан басталғандықтан, химиялық терминология бұл жағдайдағы анық мысал болып табылады. Кез-келген объектіні зерттеу оны қарастырудың кешенді, жүйелік қатынасын талап етеді. Жүйелік қатынас кезінде объект функциялануы бір деңгейдегі жүйелілігінің әрекеттесуін, сонымен қатар оның иерархиялық құрылысындағы әр түрлі деңгейдегі байланыстарды қамтамасыз ететін, бағынышты жүйелер мен бүтін жүйе элементтері жатады.
Тілдік құбылыстарды зерттеуге жүйелік қатынастың негізгі күйлері, біріншіден, бүтін бірлікті тудыратын, зерттеу объектісі ретінде элемент ұйымдарының жиынтығының бөлінуі; екіншіден, элементтердің бірігуінің ішкі заңдарының бүтіндігі, интеграция механизмі; үшіншіден, өз кезегінде, иерархиялық принциптің негізінде бүтінге кіретін жүйелік түзілулер болып табылатын осы бүтінді (жүйелілік немесе микрожүйе) құрайтын тәуелділіктер мен қатынастарды орнатуға бағытталған.
Ақпараттық процестердің автоматтандырылуының дамуына, терминологиялық мәліметтердің, автоматтандырылған сөздіктердің банктерін құру үшін электронды-есептеуіш машиналарын қолданумен байланысты терминология мәселелері жиі талқыланады. Бұндай сөздікті және мәліметтер банкін құру терминологиялық лексиканың стандарттауынсыз және унификациялауынсыз, терминологияның лингвистикалық мәселелерін зерттеусіз, білімнің әрбір нақты облысындағы термин өндірістерінің ерекшеліктерін анықтаусыз мүмкін емес. Бұл «терминологияны құрудағы әдістемелік көріністердің ары қарай терең зерттелуі және даму қажеттілігін» тудырады.

[1] Қайдар Ә., “Қазақ тілінің өзекті мәселелері” – Алматы, Ана тілі, 1998. 304б.;
[2] Айтбаев Ө., “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы” - Алматы, Ғылым: 1988. 208б.;
[3] Ақаев С.Т., “Терминдердің тілдік және танымдық сипаты” – фил.ғыл.док. А., 2002. Ғылыми кеңесшісі- Ә.Қайдар;
[4] Құрманбайұлы Ш., “Терминтану” - Оқу құралы., «Атлас баспасы-2001», Алматы: 2006. 53б.;
[5] Петушков В.П., “Лингвистика и терминоведение //Терминология и норма” - М., 1972. 116б.;
[6] Әбдірахманов Ә., “Термин қалыптастыру тәжрибесінен//Қазақ терминологиясының мәселелері” – Алматы, 1986;
[7] Новичкова Л.М., “Языковой статус термина и проблема разрешения его многозначности” - Москва. 1991;
[8] Григоров С.В., “ Как работать с научной статьей” – М.,: Московский лицей, 1993. 309 б.;
[9] Татаринов В.А., “Теория терминоведения. Т.1. Теория термина: история и современное состояние” - М., 1996;
[10] Гринев С.В., “Терминологические заимствования и упорядочение иноязычных терминов и терминоэлементов” – М.: Наука, 1982. 135б.;
[11] Лейчик В.М., Шелов С.Д., “Лингвистические проблемы терминологии и научно-технический перевод” - Вып.18., М., 1990. 78б.
[12] Даниленко В.П., Скворцов Л.И., “Нормативные основы унификации терминологии” - Тез.докл.науч.конф.языковедов: Культура речи технической документации., М.: Наука, 1982;
[13] Коновалова Е.Д., “Сопоставительный и контекстуальный анализ термина и обиходного слова в английском языке” - Дисс. на соис.уч.степ. к.ф.н. – Л.: 1974;
[14] Козлова Г.В., “Полисемия научно-технического термина в английском языке” - Дисс.к.ф.н. – 1980;
[15] Денисов П.Н., “О некоторых аспектах изучения языкoв науки” - В кн.: Проблемы языка науки и техники (логические, лингвистические и историко-научные аспекты терминологии). – М.:Наука, 1970;
[16] Гринев С.В., “Введение в терминоведение” - М., Московский лицей, 1993. 309б.;
[17] Ткачева Л.Б., “Основные закономерности английской терминологий” – Томск: Изд-во томского университета, 1987. 200б.;
[18] Головин Б.Н., Кобрин Р.Ю., “Лингвистические основы учения о терминах” – М., Высшая школа, 1987. 104б.;
[19] Бреус Е.В., «Основы теории и рпактики перевода с руского языка на английский» - М., Наука, 2000;
[20] Рецкер Я.И., «Теория перевода и переводческая практика» - М.,:Наука, 1974;
[21] Анимисова А.Г., “К вопросу о переводе терминов гуманитарных наук” - Язык, сознание, коммуникация., – М., 2002-Вып.21-139-143бб.;
[22] Ашинова К.А., “Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің жасалым жолдары” - Фил.ғыл.канд.дисс. Ғылыми кеңесшісі- Ахметжанова З.К., Алматы, 2007;
[23] Миров М.О., «Профессор Қ.Жұбановтың ұлттық ғылым тілін жасаудағы рөлі», канд.дисс. Ғылыми жетекшісі-Е.Қ.Жұбанов, Алматы., 1999;
[24] Құрманбайұлы Ш., “Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері” - Оқу құралы, «Сөздік-Словарь»- Алматы., 2005;
[25] А.В. Суперенская, Н.В. Подольская, Н.В. Васильева., “Общая терминология(вопросы теории)” - М., 1989. 213б.;
[26] Айсұлтанова Қ.Ә., “Қазақ тіліндегі терминжасамның ішкі көздері” - Фил.ғыл.канд.дисс. Ғылыми жетекшісі- Смагулова Г.Н.-Алматы., 2003. 124б.;
[27] Исаев С., “Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты” – Алматы., 1998. 274-275бб.;
[28] Макова М.И., “О структурных особенностях словосочетаний в английском языке” - Вопросы терминологиии в лингвистической статистики., Воронеж, 1972. 32-41бб.;
[29] Прохорова В.Н., “Русская терминология (лексико-семантическое образование)” - М., 1996. 58б.;
[30] Авербух К.Я., “Общая теория терминов” - Иванов., 2004. 142б.;
[31] “Қазақ грамматикасы” - Алматы, 2002. 262б.;
[32] Құрманбайұлы Ш., “Қазақ терминологиясының терминдену үрдісі” –фил.ғыл.док.дисс. –Алматы., 1998. 250б.;
[33] Бархударов Л.С., «Язык и перевод» - М.,: Высшая школа, 1975;
[34] Біләлов Ш., “Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері” – Алматы., Санат., 1996. 425б.;
[35] Алдашева А., “Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер” - Алматы: Арыс., 1998. 215б.;
[36] “Аударматану” – Алматы., 2008;
[37] Мушанов Ю.А., “Зависимость выбора слов от предварительных знаний о предмете (на материале союзов и частиц)” - Машинный перевод и прокладная лингвистика., М., 1977.;
[38] Апполова М.А., “Грамматические трудности перевода” - М., 1977.;
[39] Миньяр-Белоручев Р.К., “Теория и методы перевода” - М., 1976.;
[40] Швейцер А.Д., “Перевод и лингвистика” - М., Воениздат., 1973.;
[41] Читалина Н.А., “Учитесь переводить” - М., 1975.;
[42] Nida E., Taber Ch., “The Theory and Practice of Translation” - Leiden, 1969.;
[43] Комиссаров В.Н., “Современное переводоведение” - М., Высшая школа., 2002.;

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
I Терминдер және терминдер жүйесі
1. Термин атауы және оның тілдік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Ағылшын тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... ... 12
3. Қазақ тіліндегі терминдердің сөзжасамдық тәсілдері ... ... ... ... ... ... .24
I-бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
II Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы
лексикалық ерекшеліктері
2.1 Мұнай-газ терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы
қиындықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.2 Мұнай-газ саласындағы терминологиялық сөз тіркестерінің
компоненттерінің арасындағы байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.3 Мұнай-газ терминдерін аударуда қолданылатын тәсілдер ... ... ... ... ..46
II-бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..58
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Қосымша
Кіріспе
Ғылыми ақпараттың мәнінің қиындауы және көлемінің үздіксіз жоғарылауы
жаңа тапсырмалар мен қатынасын анықтай отырып, ғылыми терминологияның терең
көп көріністі зерттеуін іске асырады. Қазіргі кездегі жағдайдағы маңызды
тапсырмалардың бірі ақпаратты-технологиялық жарылыстың басқарушы процеске
айналуы, бұның негізінде терминологияны стандарттау және унификациялау
жатыр. Терминошығармашылықтың теориясы мен практикасы лингвистердің ғана
емес, білімнің сәйкес сала мамандарын, сонымен қатар терминология
стандарттауы мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың да көңілін
аудартады. Оның реттелуі туралы жұмыс және халықаралық деңгейдегі
унификациялау XIX ғасырдың ортасынан басталғандықтан, химиялық терминология
бұл жағдайдағы анық мысал болып табылады. Кез-келген объектіні зерттеу оны
қарастырудың кешенді, жүйелік қатынасын талап етеді. Жүйелік қатынас
кезінде объект функциялануы бір деңгейдегі жүйелілігінің әрекеттесуін,
сонымен қатар оның иерархиялық құрылысындағы әр түрлі деңгейдегі
байланыстарды қамтамасыз ететін, бағынышты жүйелер мен бүтін жүйе
элементтері жатады.
Тілдік құбылыстарды зерттеуге жүйелік қатынастың негізгі күйлері,
біріншіден, бүтін бірлікті тудыратын, зерттеу объектісі ретінде элемент
ұйымдарының жиынтығының бөлінуі; екіншіден, элементтердің бірігуінің ішкі
заңдарының бүтіндігі, интеграция механизмі; үшіншіден, өз кезегінде,
иерархиялық принциптің негізінде бүтінге кіретін жүйелік түзілулер болып
табылатын осы бүтінді (жүйелілік немесе микрожүйе) құрайтын тәуелділіктер
мен қатынастарды орнатуға бағытталған.
Ақпараттық процестердің автоматтандырылуының дамуына, терминологиялық
мәліметтердің, автоматтандырылған сөздіктердің банктерін құру үшін
электронды-есептеуіш машиналарын қолданумен байланысты терминология
мәселелері жиі талқыланады. Бұндай сөздікті және мәліметтер банкін құру
терминологиялық лексиканың стандарттауынсыз және унификациялауынсыз,
терминологияның лингвистикалық мәселелерін зерттеусіз, білімнің әрбір нақты
облысындағы термин өндірістерінің ерекшеліктерін анықтаусыз мүмкін емес.
Бұл терминологияны құрудағы әдістемелік көріністердің ары қарай терең
зерттелуі және даму қажеттілігін тудырады.
Ағылшын тіліндегі мұнай-газ терминологиясы гетерогенді модель бойынша
құрылған, яғни адамзаттық білімнің бірнеше облыстарының байланысуының
нәтижесі болып табылады. Оған геологиялық, геофизикалық, геомұнай-газ
терминдері кіреді, сонымен қатар мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға,
шаюға, мұнай және газ кен-орындарын өндіру, жерасты гидравликасы, мұнай мен
газды өңдеу және т.б. қатысты терминдер жатады.
Ғылыми зерттеу өзектілігі: егеменді ел болғалы бері бой көтеріп келе
жатқан мемлекеттік тіліміздің мұнай-газ саласымен байланысты термин қорын
қалыптастыру, шетелдік ғылыми терминдердің қазақ тілінің мүддесін көздеп,
ішкі заңдылықтарын сақтай отырып аударылуынан, мұнай газ саласында болып
жатқан өзгерістерге сәйкес ғылыми термин сөздіктерінің жаңартылуынан, жаңа
ақпараттардың толықтырылуынан туындайды.
Зерттеу нысаны: қазақ тіліндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам
жүйесінің бірліктері, сөзжасамдық қызметі, солардың нәтижесінде жасалған
мұнай-газ терминдерінің түрлері. Мұнай-газ терминдерін, олардың
контекстегі көріністерін ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударудағы
мәселелер.
Зерттеу жұмысының мақсаты: мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен
қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктерін анықтау және оған талдау жасау.
Ал осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
- терминдердің жүйелілігін, аударылатын тілдегі аударманың
ерекшеліктерн анықтау;
- мұнай-газ терминдерінің жасалу жолдарын, мағыналарын когнитивтік
тұрғыда көрсету;
- ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам
жүйесінің құрамын айқындау;
- мұнай-газ терминдерінің қазақ тіліне аударылуындағы қиыншылықтары
мен тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің дереккөздері: жұмысты жазу барысында Айтбаев Ө. Қазақ
терминологиясының дамуы мен қалыптасуы, Құрманбайұлы Ш. Терминтану,
Ткачева Л.Б. Основные закономерности английской терминологий, Гореликова
С. Н. Природа термина и некоторые особенности терминообразования в
английском языке сияқты ғалымдардың сөздіктерінен ағылшын топонимдері
алынды.
Теориялық және методологиялық негізде қазақстандық, ресейлік және шет
ел лингвистерінің жұмыстары алынды. Nida E., Taber Ch., Татаринов В.А.,
Құрманбайұлы Ш., Айтбаев Ө., Гринев С.В., Авербух К.Я., Бархударов Л.С.,
Миньяр-Белоручев Р.К., Құрманбайұлы Ш., Макова М.И. сияқты ғалымдардың
теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының әдістері мен тәсілдері: зерттеу жұмысында баяндау,
дәстүрлі сипаттама, салыстыру, статистикалық талдау, морфемдік талдау,
мағыналық талдау, жинақтау әдістері, аударма тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың құралы мұнай-газ терминдері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі болып, мұнай-газ терминдері
және олардың аударма барысындағы қиындықтары табылады.
Зерттеу жұмысының тілдік материалы: қысқаша терминологиялық
сөздіктер, ғылыми сөздіктер, ғылыми энциклопедиялар, мұнай-газ саласымен
байланысты методикалық оқулықтар, қазақ және ағылшын тілдерінде берілген
мәтіндер.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары мұнай және газ терминдерін құрылымдық-
семантикалық талдау терминдердің пайда болуына себеп болып, тарихи, мәдени
дәлелдерді қамти отырып, ағылшын және қазақ тілдеріндегі мұнай мен газға
байланысты терминдік өрістің пайда болуы және дамуына әсер етті. Мұнай және
газға байланысты терминдердің жеке топтамасын ерекшелеп көрсетуге, оларды
құрылымдық, номинативті – деривациялық, функционалдық сипаттамасын
жүргізуге болатындығын көрсетті.
Зерттеудің теориялық маңызы: зерттеу нәтижелері мұнай-газ терминдерін
аударуға және оларды оқып-үйрену әдістемесінің жаңаруына мүмкiндiк
туғызады. Сонымен қатар ондағы мұнай-газ терминдерінің функциясының
заңдылықтары мен тенденциялары анықталады, жүйе түзуші байланыстар
зерттеледі, соған қоса берілген терминожүйедегі терминологиялық
номинацияның ерекшеліктері және процесс туралы мәліметтер нақтыланып және
толықтырылады.
Зерттеудің практикалық құндылығы: зерттеу нәтижелері негізінде мұнай-
газ терминдерінің шығармашылық негізде қолданыстық мәнінің ашылуы
лексикология салаларына өзіндік үлесін қоса алады. Осы терминдерді
анықтаудың тіл тарихын зерттеушілер үшін теориялық та, практикалық мәні
бар. Оларды жоғарғы оқу орындарында мұнай-газ ісі, органикалық заттардың
мұнай-газ технологиясы курстарынан дәріс беруде, мұнай-газ терминдерінің
ағылшынша-қазақша, орысша-қазақша түсіндірме сөздіктер жасауда қолдануға
болады. Сонымен қатар мұнай-газ терминдері мен термин тіркестерін
практикалық материал ретінде пайдалануға болады. Ауызша және жазбаша
аударма тәжірбиесінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қосымша және
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, жаңалығы,
мақсаты мен міндеті айқындалып, зерттеу әдістері, нысаны және зерттеуге
негіз болған материалдар баяндалады.
Бірінші бөлімде терминдер туралы түсінік, мұнай-газ терминдерінің
ағылшын және қазақ тілінде жасалу жолдары баяндалады.
Екінші бөлімде мұнай-газ терминдерін аудару кезіндегі қиындықтар мен
оларды аудару тәсілдері қарастырылады.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижесі көрсетіледі.
I ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ
1.1 Термин атауы және оның тілдік сипаты
Егеменді ел болып тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде
мемлекеттік тіл, соның ішінде терминтану саласын дамыту, зерттеу
мәселелері алдыңғы орынға шығуда. Бұл мәселенің негізгі себебі ретінде
қоғамдағы, соның ішінде ғылым мен техника салаларында болып жатқан
өзгерістерді атап өтпеу мүмкін емес. Қоғамдағы өзгерістер, ең алдымен тілде
өз көрінісін табатыны белгілі. Осы тұста, еліміздің атақты академигі
Ә.Қайдар тіліміздегі терминологияның бүгінгі күйі мен ертеңгі жағдайы
жайлы сөз ете келе: ... қазақ әдеби жазба тілі – мемлекеттік тілдің
негізі болса, терминология мен ғылыми тіл – оның жон арқасы, бүкіл рухани-
мәдени өміріміздегі жаңалықтардың бәрін сергек сезініп, сол ыңғайда
өзгертіп отыруға бейімді құбылыс; сондықтан да мемлекеттік әдеби
тіліміздің бүгінгі күйі мен ертеңгі жағдайы терминологияның реттілігімен,
жүйелілігімен, тұрақтылығымен және қолданыс аясының кеңдігімен өлшенеді,-
деген пікір білдіреді [1, 3б.]. Терминдердің тілде атқаратын рөлін саралай
келе Ө. Айтбайұлы: ... дамыған, жетілген тілдің басты
көрсеткіштерінің бірі – оның терминдік жүйесінің саралануы болып табылады.
Тілдің қоғамдық қызметі арта түсті, дамыда деп ауыз толтырып айтарлықтай
дәрежеге жетсек, осыны айтқызатын терминологиялық лексика,- дейді [2, 164-
165бб.]. Терминдерді тіл дамуының көрсеткіші болуымен қатар, сол тілдің
сан ғасырлық тарихи дамудың нәтижесі деп те қарастырамыз. Адамзат ғылым
тауып, біліміне білім қосып, оған сәйкес термин арқылы тілін де көркейтіп,
көріктендіріп отырады. Сөйтіп, ғылым дамуы барысында ойдан ой туатын
сияқты, сөзден сөз туып, ғасырлар бойы тоқтаусыз, жалғаса дамып, атадан
мұра болып қалған сөздік қорымызды құрап, толықтырады [3, 20б.].
Елімізде терминқор жасау мәселесімен байланысты көптеген еңбектердің авторы
Құрманбайұлы Шерубай терминге мынадай лингвистикалық және терминтанушылық
анықтама береді: Термин – ғылыми немесе өндірістік технология атауы болып
табылатын арнайы қолданыстағы дифинициясы бар сөз немесе сөз тіркесі.
Термин – адам қызметі мен білімінің арнаулы салаларының жалпы, нақты немесе
абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар тілінің
лексикалық бірлігі.
Мәскеуде 1980 жылы жарық көрген энциклопедиялық сөздікке сүйенетін
болсақ, термин сөзі – рим мифологиясында шекара құдайы, сонымен бірге
шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі деген анықтама берілген
екен. Терминтану атауын, 1967 жылы 30 мамыр мен 2 маусым аралығында
Ленинградта өткен Екінші бүкілодақтық терминология мәселелеріне арналған
мәжілісте В.П.Петушков терминоведение ретінде ұсынғанын ескерсек, бұл
саланың Ресейде осыдан 30-40 жыл бұрын зерттеле бастағанын аңғаруға болады.
Термин атауы біздің қоғамға XX ғасырдың 30 жылдары жаппай қолданысқа
енді. Алайда бұл біздің елімізде сол кезеңге дейін термин мәселелерінің
зерттелмегендігінің белгісі емес.
Құрманбайұлы Шерубайдың зерттеулеріне сүйенсек термин атауы XX
ғасырдың бас кезінде қазақ зиялыларының арасында пән сөзі деп
қолданылғандығы жайлы жазады. Сол зиялылардың қатарына,
Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Нәзіп Төреқұлұлы,
Халел Досмұхамедұлын жатқызуға болады. XX ғасырдың 30 – жылдары пән сөз
терминінің пән атаулары деген нұсқасын Әлкей Марғұлан Еңбекші халық
газетінің сандарында Осы пән атаулары дұрыс па? деген атпен шығарған
мақаласында қолданған. Алайда термин сөзінің жоғарыда ұсынылған
нұсқалары, Совет халқында ортақ терминология қорын қалыптастыру мақсатында,
жаппай қолданыстан шығып, термин ретінде 60-70 жыл бойына қолданыста
жүрді. Тек соңғы жылдары ғана Қазақстандық зерттеушілер, ұлт тіліндегі
термин шығармашылығын дамыту мәселесін күн тәртібіне қойып, термин атауын
қайта өзгертуді ұсынып отыр. Бұл сөзге тағылып отырған басты кемшілік
оның кірме сөз болуында. Ш. Құрманбайұлы алдағы уақытта шет тілдерінен сөз
қабылдамау мүмкін емес дей отырып термин сөзінің, қазақ тілінің дыбыстық
жүйесіне сәйкестендіріліп, ары қарай термін ретінде қолданылуын қолдап
келетіндігін көреміз [4, 53б.].
Терминдерді тілдік бірлік, яғни сөз ретінде қарастырып жүрген
зерттеушілер қатарына Н.З. Котелованы жатқызуға болады. Термин деген –
сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес, - деген
пікірі термин – сөздің лингвистикалық табиғатын тануда орынды айтылған деп
айтуға болады. Терминдерде де сөзге тән қасиеттердің болуын
төмендегіден көруге болады:
а) терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркесінен болады;
ә) терминдер негізінен тілдік бірліктер;
б) термин – белгілі бір терминологияның мүшесі;
в) термин деген – ұғым аты;
г) терминдердің міндетті түрде дефинициясы болады;
ғ) терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысты
жағынан зат есімдер болады;
д) терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылыми тілде, белгілі
бір сала шеңберінде қолданылады;
Құрамы жағынан да терминдер түбір сөз де, туынды сөз де,
терминологиялық тіркес те бола алады [4, 54б.].
Терминдердің жоғарыда аталған сөздік қасиеттеріне қарамастан оның
жалпы қолданыстағы айырмашылығы оның нақтылығында. Бұл пікір Р.А.
Будагов, А.А. Левковская, А.А. Реформатский сияқты ғалымдардың
еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан. Олар төмендегідей жалпыхалықтық тіл
мен терминдер арасында болатын айырмашылықтарды ажыратады [3, 10б.]:
Жалпыхалықтық сөз Термин
көп мағыналы; дара, нақ мағыналы;
қолдану ауқымы кең; қолданыс ауқымы тар;
полисемантикалық құбылыстар, контекстіге тәуелсіз;
эмоционалдық бояу, экспрессивті; полисемантикалық құбылыстар,
стилистикалық қызмет, субъективті эмоционалды бояу, экспрессивті;
бағалау, көркемділік, мәнерлілік стилистикалық қызмет, субъективті
тән; бағалау, көркемділік мәселелері жат;
лингвистикалық, экстралингвистикалықлингвистикалық , экстралингвистикалық
мәселелермен тығыз байланысты; мәселелермен байланысты;
күрделі категория, стильдік стилистикалық бейтараптық,
бейтараптық жат; жүйелілік, қысқалық, жасандылық тән;
қолданыста әр алуан өзгеріске қолданыста тұлғаның өзгеріске
ұшырап, түрленіп отырады; ұшырап, түрленбейді;
Терминдердің ғалымдар арасындағы рөлін анықтауда көптеген шетелдік
зерттеушілердің оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырып жүргендігін атап
өткен жөн. Солардың арасында, ресейлік зерттеуші В.П. Петушков
терминтанудың көп жылдық тарихы болуына қарамастан, жаңадан қалыптасып келе
жатқан ғылым деп есептеген [5, 116б.]. Сонымен қатар XX ғасырдың 70 жылдары
терминдердің ғылымдар арасындағы орны жайлы Дж. Сейгер терминологияны
лингвистиканың біршама аз мән берілген саласы болды, енді оны дербес сала
ретінде қарастыратын уақыт жеткендігі жайлы жазды. Терминтануды зерттеуде
үлкен үлес қосқан, терминтанудың ғылымдар жүйесіндегі орнын айқындауда В.М.
Лейчикті атап өтпеу мүмкін емес. Өзінің 1989 жылы Предмет, методы и
структура терминоведения атты докторлық диссертациясында, ол терминдердің
белгілі бір ғылым мен техника саласындағы ұғымдардың атау болғандықтан оны
тек лексикологиялық немесе лексикографиялық аспектіден ғана емес, сонымен
қатар логика, семиотика, ақпараттану, математика, кибернетика, жүйелердің
жалпы теориясы, психологиялық аспектілерден де қарастыру керектігін атап
өтті.
Терминтануды өз алдына дербес ғылым емес деушілер де аз емес. Олардың
қатарына Ш.Біләл және Б.Момынова Отандық зерттеушілерді жатқызуға болады.
Алайда бұл көзқарасқа нақты дәйек болмағандықтан оны нақты деректерге
негізделген ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып айтылған деуге негізіміз
жоқ. Осы мәселеге қатысты Ш.Құрманбайұлы былай дейді: Бізде осы уақтқа
дейін терминология лексикологияның тармағы ретінде қарастырылып келе
жатқанымен, бірқатар шет елдерде терминтану дербес пән ретінде танылып
жетекші университеттерде оқытылып келеді. Терминтанушы мамандар
дайындалады. Бірқатар елдерде бұл пәнді оқытуға арналған Терминтануға
кіріспе, Терминтану сияқты оқу құралдары мен оқулықтар жазған.
Терминтануды дербес ғылым деп жариялау үшін ең алдымен, осы атқарылған
жұмыстар мен зерттеу нәтижелерінің дұрыс жасалмағандығын, кемшіліктерін
ғылыми тұрғыдан дәлелдеу қажет болады. Терминтануды таза лингвистикалық
деп атай алмағанымызбен, оның тіл білімінің қойнауынан пайда болғандығы
және терминологияның, ғылым тілінің көптеген мәселелері тілдік тұрғыдан
зерттеле беретіндігі, оның бірнеше ғылымдардың тоғысуынан пайда болып,
терминдік лексиканы бірнеше аспектіде қарастырсақ та оның ішінде
лигвистиканың алатын орны әрқашан айрықша болмақ. Себебі, термин дегеніміз
– сөз, терминология дегеніміз – сөздер жиынтығы [4, 14-15бб.].
Терминтану ілімі терминдердің жасалу ерекшелігін, олардың
мағыналарының өздері белгілейтін ұғымдарға сәйкес келуін, өзге тілдерден
қабылдануын, тілдік және логикалық тұрғыдан жүйеленуін қамтамасыз ету
қажеттілігінен пайда болғандығы белгілі. Сондықтан да ұлттық терминтанудың
дамуын кезеңдерге бөлп қарастыру маңызды болып отыр.
Жалпы термин туралы ғылымның дамуы елімізде XX ғасырдан бастау алады.
Алайда ғалым Ермахан Керімбекұлы зерттеулеріне сүйенсек, алғашқы қазақ
атаутану ғылымының негізі 1468 жылы қаланған. Бұл жерде негізінен
медициналық терминологияның дамуы жайлы сөз етіліп, оған негіз ретінде
Өтейбодақ Тілеуқабылұлының Шипагерлік баян еңбегі алынып отыр. Елімізде
Қазақ терминологиясын зерттеуді Октябрь революциясынан бастаған жөн
екендігін Ә. Әбдірахманов өз диссертациясында айтып өтіп, оның себеін сол
кезде қалыптасқан мал шаруашылығы, жер бедері, өсімдіктер дүниесі т.б.
салаларынан шыққан кәсіби сөздер революциядан кейінгі дәуірде ғылыми
терминологияға бір сала болып енуімен түсіндіреді [6, 65-71бб.].
Терминологияның тілдік сипатын ескере отырып, оның тарихын қазақ
лингвистикасының тарихымен байланыстырған жөн деп есептесек, онда ұлттық
терминтанудың қалыптасу кезеңін Ахмет Байтұрсынұлымен байланыстыруға
болмайды. XX ғасырдың 20 жылдары термин комиссиясының төрағасы болып
жүріп, ғалым жүздеген терминдерді қолданысқа енгізіп, терминжасам
тәсілдерін анықтап, ұлттық терминжасам үлгілерін қалыптастыру жолдарын
көрсетті. Сол терминдерді сөздік ретінде 1926 жылы Қызылордада орысша-
қазақша әскелік атаулары, 1927 жылы Пән сөздері, 1931 жылы Атаулар
сөздігі ретінде басып шығарды. Осы еңбектері арқылы Ахмет Байтұрсынұлы
терминографияны дамытудың алғашқы қадамын жасаумен қатар, терминологиялық
жұмыстарды жүргізуді оны бір орталықтан басқару, терминологияны ретке
келтіру сияқты мәселелерге бастама жасады. Сонымен қатар, ол кірме сөздерді
ұлттық фонетикалық, орфографиялық заңдылықтарға сәйкестендіру, өзге
тілдерден термин қабылдау мен термин алмасудың жолдарын, тәртібін атап
көрсенкен ғалым. Осы кезеңде, терминтану мәселесімен айналысқандар қатарына
алғаш зиялылары Н. Төреқұлұлы, Е. Омарұлы, Х. Досмұхамедұлы,
Қ. Кемеңгерұлы, Ж. Кудерин, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы,
Т. Шонаұлын жатқызуға болады.
Терминтану мәселесі негізінен Австрия, ТМД, Чехия, Словакия, Канада,
Польша, Нидерланды, Франция, Испания сияқты мемлекеттерде зерттеліп,
терминологиялық жұмыстар кеңінен жүгізіліп жатыр.
Шет елдегі ғалым О. Вюстер (Австрия) 1931 жылы жазған Техника, оның
ішінде, электроника тілін халықараылқ нормалау атты докторлық
диссертациясы шет елдердегі термин туралы ғылымның негізін қалауға бастама
болды. Сонымен қатар О. Вюстер австриялық терминтану мектебінің басшысы
болды. О. Вюстердің еңбектерін саралай келе, Новичкова Л.М.: О. Вюстер
заложил основы терминологии как науки и методы терминологической
лексикографии, выработал основные правила унификации терминов,- деген ой
қорытынды жасады. Оның Введение в общую теорию терминологии
терминологической лексикографии атты еңбегі терминдердің тілдегі рөлін
анықтауда үлкен орын алады [7, 38б.]. Астриялық мектептенген кейін КСРО
терминтану мектебі қарқынды дамыды деуге болады.
Ресейде 1940 жылдың аяғы мен 60- жылдың басында терминология
мәселесіне байланысты Л. Кутина, П. Денисова, А Герд, Д. Горский,
Е. Коловалова, Е. Войшвилло, Н. Кандаков және терминдерді аудару
мәселесіне қатысты Э. Скороходько еңбектері жарық көрді.
Аталған екі ірі мектептен кейінгі Прага мектебін атап өтуге болады.
Бұл мектеп өкілдері терминдердің мәтіндегі қолданыста, олардың
функционалдық және әлеуметтік мәдени тұрғыдан қарастырды. Бұл мектеп
дамуына елеулі үлес қосқан чехиялық ғалым Л. Дрозд бен словакиялық
Я. Горецки болды.
Терминтану саласында терең зерттеулер жүргізіп жүрген елдер қатарына
Канаданы жатқызуға болады. Бұл мемлекетте терминтанушылар көбірек
терминдердің лингвистикалық ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Г.
Рондо Неонимия (терминтану саласы) деп атауды ұсынған ғлым саласы аясында
көп еңбектер атқарылуда.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген мемлекеттеріне терминологиялық
орталықтар құрылған. Терминтанушылар әлемде ғылыми терминологиясы дамыған
60 елді атап көрсетіп жүр. Бұл дегеніміз сол елдерде терминологияның қоғам
өміріндегі рөлін жоғары екендігін түсінуі деп қабылдауға болады. Сондықтан
да, қазақ тілінің де терминтану жүйесін зерттеп, дамытудың маңызы күн сайын
артуда.
1.2. Ағылшын тіліндегі мұнай-газ терминдерінің сөзжасам
тәсілдері
Қазіргі таңда ақпарды алудың бірден-бір жолы халықаралық
конференциялар мен баяндамалар болып отыр. Ал сол конференцияларда
жасалатын баяндамалар негізінен терминдерден тұратындықтан, терминдерді
негізгі ғылыми ақпарды тасушы көзі деп қарастыруымызға болады. Ғылыми-
техникалық білімнің арта түсуі өз алдына терминдердің жасалу тәсілдерінің
маңыздылығын арттырды [8, 309б.].
Ағылшын тіліндегі мұнай-газдық терминология гетерогенді модель
бойынша құрылған, яғни адамзаттық білімнің бірнеше облыстарының
байланысуының нәтижесі болып табылады. Оған геологиялық, геофизикалық,
геомұнай-газ терминдері кіреді, сонымен қатар мұнай және газ ұңғымаларын
бұрғылауға, шаюға, мұнай және газ кенорындарының өндіру, жерасты
гидравликасы, мұнай мен газды өңдеу және т.б. қатысты терминдер жатады.
Белгілі бір саладағы термин мағынасын анықтап, түсінуде терминнің
құрылымдық мағынасының рөлі ерекше. Терминнің құрылымдық моделі қиын болған
сайын, сол термин арқылы жеткізілетін хабарды түсіну де қиындай түспек.
Ағылшын тіліндегі терминдердің жоғары іске асу қабілеті, жылдамдығы
мен өзін-өзі анықтау қабілеті күрделі терминологиялық топтардың пайда
болуына алып келді. Ал, бұл өз алдына термин мағынасын анықтап, екінші
тілде түпнұсқаға бара-бар аударма табда қиындықтар туғызуда.
Жоғарыда айтып кеткендей, термин тілдік сөздік құрамының бір бөлігі
болғандықтан, оған да сөздердегідей номинациялау тәсілдері тән. Алайда
сөздерге қарағанда, терминжасам тәсілдері белгілі бір термин элементтерді,
компоненттерді, арнайы сөзжасам тәсілдерді, құрылымдық модельдер мен
сөзжасам аффикстердің болуымен және сан жағынан көп халықаралық
элементтерді қолданумен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда терминтануда терминжасам тәсілдеріне байланысты
пікірлер айтып жүрген лингвисттер аз емес. Олардың қатарына
Татаринов В.А., Лейчик В.М., Гринев С.В., Ткачева Л.Б., Головин Д.Ю.,
Шелов С.Д., және т.б. жатқызуға болады.
Солардың ішінен, Татаринов В.А. терминжасамның төрт тәсілін бөліп
көрсетеді. Олар:
1. Лексико-семантикалық – сөздің семантикалық дамуы, жаңа термин
жасауға негіз болады.
2. Морфологиялық – жаңа терминдер бір немесе бірнеше сөз тудырушы
түбірлер негізінде сөз тудырушы аффиктер көмегімен жасалып төмендегідей
түрлерге жіктеледі:
А) суффиксация;
Б) префиксация;
В) префиксті-суффикстік тәсіл;
Г) субстантивация;
Д) сөзді біріктіру;
Ж) күрделі-суффиксалды тәсіл;
З) қысқарту;
И) аббревияция
3. синтаксистік – терминологиялық тізбектер жасайды.
4. басқа тілдерден қабылдау [9, 211-222бб.].
Еуропалық, мәдени ареалда арнайы лексиканы алғаш шығарушылар
гректер болды. Грек тілінің құрылымына ғылыми ойлау мен түрлі ғылымдар
терминдерінің пайда болу базасының дамуына алғышарт болды деуге болады.
Сан ғасырлар бойы Еуропа ғалымдарының тілі болып келген латын тілі
грек термин элементтері мен модельдерінің көшбасшысы болып келді. Қайта
өрлеу дәуірінің латын тілі Орталық және Батыс Еуропаның ұлттық тілдерімен
бәсекелес болды. Ғалымдардың өз ойларын туған тілдерінде жеткізу жолындағы
күрестері табысқа жетті.
Әйтсе де, қазірге дейін латын тілі көмекші роль атқарып отыр [7,
6б.].
Ғылым мен техниканың басқа салаларында халықаралық терминдер саны
өте көп.
Мұнай-газ терминологиясын зерттеу барысында осындай сөздердің
белгілі бір саны анықталды. Мысалы: ұлттық тілдің белгілі бір жеке салалық
термин жүйесіне терминді енгізу экстралингвистикалық факторлармен, алдымен
тіларалық ғылыми байланыстармен ерекшеленеді. Бұл калкілеу және басқа
тілдің терминдік жүйесінен алынған терминдерді белгілі бір терминологияда
қолдану әдісі болып табылады. Терминнің белгілі бір ұлттық тілдің кез-
келген ғылыми саласының жеке салалы терминдік жүйесіне өтуі кезінде,
әсіресе терминнің жаңа тілдік жүйеге енуді талап ететін лингвистикалық жағы
көрінеді.
Шет тілі терминінің түрлі деңгейлерінің ұғынылуы – оның географиялық
және фонетикалық образының сақталуынан кірме тілдің нормаларына толықтай
бағынуына дейінгі түрлі сатыларды атап көрсетуге болады. Осыған байланысты
келесі үрдістерді де ерекшелеуге болады:
1. Кірме сөз енетін тілдің графикалық құралдарымен көрсету
2. Сөзді грамматика жағынан меңгеру, яғни оны кірме тілдің белгілі бір
сөз табы категориясына қосу.
3.Шетел сөзін фонетика тұрғысынан меңгеру, яғни оны кірме тілдің
фонетикалық жүйесіне бейімдеу.
4. Сөздің сөз тудыру белсенділігі, жаңа сөз тудыру мүмкіндігі.
5.Оның семантикалық тұрғыдан меңгерілуі, яғни белгілі бір саладағы
сөздерді қайта бөлу.
6. Терминнің нақты бір салада тұрақты түрде қолданылуы.
Қазіргі терминтану жұмыстарында басқа тілден иемденіп алу жалпы
әдеби тіл сөздерінің терминологизация үрдісі ретінде де, өзге
мамандандырылған салалар терминдерін қолдану ретінде де кеңінен
қарастырылады. Мұндай иемденулер Г.Рондо классификациясы бойынша “ішкі
немесе сыртқы иемденулер” деп аталады. Көп жағдайда, иемдену ішкі дегенді
білдіреді, яғни басқа тілдерден иемденіп алу. Жалпы, С.В.Гриневтың ойынша
[10, 108-135бб.], терминдерді иемдену үрдісі жалпы әдеби тілдегіден
ерекшеленбейді, бірақ кейбір айырмашылықтар байқалады:
1. Иемденудің жазбаша жолмен енуі, өйткені ғылыми-техникалық
ақпаратпен алмасу басылымдар арқылы жүзеге асады.
2. Терминдік жүйелердің жоспарлы құрылуы мүмкіндігімен байланысты
иемденіп алу үрдісіне саналы түрде әсер етуі.
3. Терминдік иемденудің кеңінен таралуларының лингвистикалық
факторлары ретінде ерекшеленеді.
4. Терминдер мағынасын түсінуді жеңілдете түсуге әкелетін
интернационалдық терминдердің мәнін ашу мүмкіндігі.
5. Интернационализмдердің талабына қысқалық пен бірыңғайлылықтың сай
келуі.
Лейчик В.М. терминжасам тәсілдерін төмендегдей түрлерге жіктейді:
1. Семантикалық (семантикалық терминжасам)- лексикалық бірліктің
арнайы мағынаға ие болуы. Оған:
• терминдену (терминологизация) – лексикалық бірліктің терминдер
қатарына енуі;
• детерминологизация - лексикалық бірліктің арнайы лексика жүйесіне
бастапқы немесе басқы мағынамен қайта енуі;
2. Морфологиялық – термин-сөз жасау тәсілі;
3. Терминтудырушы – туынды термин жасау тәсілі;
4. Синтаксистік – сөз тіркес термин жасау тәсілі;
5. Кірме (заимствование) – бір тілден екінші тілге лексикалық
бірлікті қабылдау. Бұл тәсіл:
• тіларалық кірмелер – басқа тілден қабылдау;
• жүйеаралық терминдер – терминдердің бір терминдік жүйеден екінші
терминжүйеге өтуі [11, 5-16бб.];
Гринев С.В. өз алдына мынадай терминжасам тәсілдерін ерекшелейді.
1. Семантикалық тәсілі
• жалпыхалықтық сөздің терминденуі;
• жалпыхалықтық сөз мағынасының кеңейуі;
• жалпыхалықтық сөздің метафоризациялануы;
• жалпыхалықтық сөз мағынасының метонимиялық ауысуы;
• жалпыхалықтық сөз мағынасының салалануы (специялизация);
• жүйеаралық кірмелер (межсистемное заимствование);
2. Морфологиялық тәсіл
• суффиксалды терминжасам (суффиксация);
• префиксалды терминжасам (префиксация);
• префиксалды-суффиксті терминжасам (префикциально-суффиксальное);
• конверсия;
• қысқарту (усечение);
1. Терминжасамның синтаксистік тәсілі
Қазіргі таңда термин жасаудың синтаксистік тәсілі мұнай-газ терминдік
лексикасын көбейтудің өнімді жолы. Туынды және күрделі терминдермен
салыстырғанда, сөз тіркестерінің түсініктік белгілерін және туыстық
қатынастарын білдіретін қасиеттері бар. Туынды сөз атауыш мағыналардың
тек шектеулі санын ғана бере алады, ал сөз тіркесі мағыналарының шексіз
кешенін жеткізе алады [12, 7-68бб.].
Терминдік сөздік тіркестерінің құрамынан деривациялық базаны, яғни
жаңа терминологиялық атау пайда болатын бірлікті және адъюнкт – сол
сөздің мағынасы нақтылауға көмектесетін сөз немесе сөз тіркесін атап
көрсетуге болады. Лингвисттер терминдік сөздік тіркестер құраушыларын
әрқалай атайды: адъюнкт және ядро [13, 21б.], анықталатын және анықтауыш
сөз [14, 21б.], доминант және тәуелді компонент [15, 52-89бб.]. Ағылшын
тілінде адъюнкт әдетте терминдік сөздік тіркес құрамында шеткі орынға ие,
ал қазақ тілінде сол жақ немесе оң жақ орында тұрады. Синтаксистік
туындылар күрделілігімен ерекшеленеді. В.Н.Шевчук және Г.А.Соболева
терминдік сөздік тіркестердің туындылығы бойынша келесі деңгейлерге бөлді:
• Нөлдік деңгей: ағыл. Layer - қабат
• Бірінші деңгей: velocity layer - жылдамдықпен сипатталатын қабат
• Екінші деңгей: single velocity layer - тақташа жылдамдығымен
сипатталатын қабат
4. Морфология-синтаксистік тәсіл (морфолого-синтаксические способы):
• сөз біріктіру (словосложение);
• эллипсис;
• аббревиация;
• шет тілдер лексемалары мен терминдік бірліктерін қабылдау [16, 128б.];
Жоғарыдан көріп отырғандай, әртүрлі зерттеушілер терминжасам
тәсілдерін негізінен бірдей классификациялағанын байқауға болады. Алайда,
бұл классификацияларда да азды-көпті өзгешеліктер байқалады. Мысалы, В.А.
Татаринов, В.М. Лейчик және С.В. Гринев – кірме сөздер қабылдау тәсілін
өнімді деп қарастырса, Л.Б. Ткачева әр тілдің ерекшеліктерін ескергенді жөн
деп санап, былай дейді: каждый язык и даже терминосистема в пределах
одного языка может иметь свои отличительные терминообразующие признаки
[17, 39б.] және тек сол терминжүйеге тән терминжасам тәсілдері мен
амалдарының болатындығын айтады.
Осыған қарамастан, лингвистер термин құрылымы мәселесіне байланысты
бір пікірді ұстанады деп есептеледі.
Терминдерге құрылымдық анализ жасаған Л.Б. Ткачева терминдердің
төмендегідей түрлерін ажыратады:
1. Жай терминдер – яғни, біркомпонентті (бір құрамдас), аффиксация
немесе әдеби сөз мағынасын қайта ұғыну, немесе классикалық тіл элементтері
арқылы жеке-дара термин жасау арқылы, немесе басқа тілдерден қабылдау
арқылы жасалған терминдер.
2. Күрделі терминдер – екікомпонентті терминдер, құрамы жағынан
біртұтас және сөздерді біріктіру, жалпыхалықтық күрделі сөз мағынасын
өзгерту, өзге терминологиялық саладан алу, немесе әдеби тіл элементтерін
қолдану арқылы жасалады.
3. Терминологиялық тіркесімдер – көпкомпонентті, бөлек хатталған
(раздельнооформленные), екі немесе одан да көп элементтердің тіркесуі
арқылы жасалған, семантикалық бүтін тіркесімдер деп есептейді. Олар өз
алдына мынадай түрлерге бөлінеді:
• еркін терминологиялық тіркесімдер – құрамындағы бір немесе екі
элементті, тіркесімнің семантикалық мағынасын сақтай отырып,
синонимдік субституция ұшырай алуы;
• жүйелі терминологиялық тіркесімдер – құрамындағы компоненттерді
ауыстыру мүмкін емес;
• фразалық терминологиялық тіркесімдер – құрамы жағынан фразаларға
ұқсайтын, синтаксистік қатынастары предлогтар мен жалғаулықтар арқылы
жасалатын тіркесімдерді айтады [17, 40б.].
Головин Б.Н. мен Кобрни Р.Ю. мынадай терминдерді ерекшелейді:
1. термин-сөздер, олардың ішіне:
• туынды емес;
• туынды;
• күрделі;
• аббревиатураны жатқызса;
2. термин-сөз тіркестер, өз ішінде:
• жай, біреуі басыңқы екіншісі бағыныңқы болатын екі компоненттен
тұратын терминдер;
• күрделі, бағыныңқысы басыңқысын анықтап тұратын бірнеше
компоненттерден тұратын терминдер [18, 70-72бб.];
Осы тұста Лейчик В.М. мен Шелов С.Д. терминдердің қалыпты құрылымын
негізге ала отырып, оның мынадай түрлерін анықтауды ұсынады:
• термин-сөздер;
• термин-сөз тіркестер;
• термин-аббревиатура;
• термин-сөз-белгісі (термин-слова) [11, 34б.]
Сонымен жоғарыда берілген классификациялардан көріп отырғанымыздай,
барлық зерттеушілер жай термин болсын, күрделі термин болсын, тіпті
терминдік тіркесімдер болсын барлығы белгілі бір ұғымды білдіретін белгі
екендігімен келіседі.
Аталған зерттеушілер арасынан Ткачева Л.Б. классификацияларын негізге
ала отырып, ағылшын тіліндегі терминдердің мынадай түрлерін анықтауымызға
болады:
Жай немесе түбір терминдер, яғни бір сөзден құралған (бір
компонентті), дара немесе туынды емес сөздер: acid - қышқыл; refinery -
мұнай өңдейтін завод; conversion - химиялық өзгеріс; regulator - реттеуші
орган;
Күрделі терминдер, яғни көп сөзден құралған (көп компонентті немесе
құрамдас). Олардың ішіндегі байланыс қабысу арқылы жүзеге асады. Қабысу
тәсілі бойынша атрибутивті және кейбір релятивті (негзінен үстеу)
компоненттер анықталушы компонент және өзара тіркесіп, терминологиялық
тіркестер жасайды: groundwater - жер асты сулары; coalfield - көмірлі
алап; well-boring - ұңғыманы бұрғылау; outline - шектеме; blowout - газ
атындылары. Құрамына кіретін компоненттер санына қарай құрамдас
терминдердің арасынан мыналарды атап көрсетуге болады:
1. Екі компонентті – екі компоненттерден тұратын терминдер;
2. Үш компонентті – үш компоненттерден тұратын терминдер;
3. Көп компонентті – төрт немесе одан да көп компоненттен тұратын
термин.
Сөйлем ішінде сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыс арқылы
байланыстырылады. Мұндай байланыстардың төрт түрі ажыратылады:
• Предикативті – субъект және предикат арасындағы байланыс;
• Комплетивті – предикат және толықтауыш арасындағы байланыс;
• Атрибутивті – анықтауыш және анықталушы сөз арасындағы
байланыс;
• Пысықтауыштық – сөз және оған қатысты пысықтауыш арасындағы
байланыс.
Қайсыбір синтаксистік байланыспен біріктірілген сөздер тобы сөз
тіркесін құрайды [19, 61б.].
Мұнай-газ тілінде екі компонентті немесе бірінші дәрежелі туынды
терминдік сөздік тіркестер көптеп кездеседі.
Ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикалық құрылымының
ерекшеліктері мұнай-газ саласының сөз тіркестерін құруда көрініс
тапты.
I. Екі компонентті:
а) Атрибутивті - tubing collar – жалғастырушы муфта;
ә) Объектілі - drill column – бұрғылау тізбегі;
б) Предикативті - contact with counterflow – ағынмен әрекеттесу;
в) Пысықтауыштық – oxidizer for regeneration – регенерацияға арналған
қышқыл;
II. Үш компонентті
а) Атрибутивті - heavy diesel fuel – дизельдік ауыр отын;
ә) Объектілі - rock driliability – тау жыныстарының бұрғылануы;
б) Пысықтауыштық - accumulation in the sedimentary beds – қалдық
қабаттарындағы шөгінді;
III. Көп компонентті
а) Атрибутивті - multi-zone water flood installation - көп зоналы
суландырғыш қондырғы;
ә) Объектілі - mud conditioning – бұрғылау ертіндісі құрамын реттеу.
Тұрақты тіркесті терминдер – transmission facility - тасымалдау
құрылғысы; rock formation - тау жыныстары;
Еркін тіркесті терминдер – disaster damage=accident damage - апат
кезінде зақымдану; virgin land=old idle land=raw old idle virgin land -
тың, тыңайтылған жер;
Фразалық тіркесімді терминдер – all out emergency - алдын алынбаған
жағдай;
Қысқарған немесе қима терминдер (аббревиация) – SAA=surface-active
agents - беткейлік белсенді заттар; A-bomb=atomic bomb-атомдық бомба;
Жай, күрделі және терминологиялық тіркесімдер зат есімнен жасалған,
себебі ол аталмыш салада қолданылатын негізгі ұғымдарды атайды деп
есептеледі. Мұнай-газ саласындағы терминдердің көбісі біркомпонентті болып
келеді деп есептеледі.
Сонымен қатар, тілде еркін терминдік тіркестер бар олардың қатарына
acid-base balance=chemical balance – қышқылдық – негіз қалпы. Бұл
тіркестерді синонимиялық қатар ретінде де қабылдауға болады.
Қазақ тіліндегі сияқты аталмыш тіл саласындағы ең аз қолданылатын
тәсілдердің бірі қысқарту болып шықты. Мысалы: GOR=Gas Oil Ratio – мұнай-
газ коэффициенті.
Жоғарыда аталған терминжасам тәсілдеріне жеке-жеке тоқталып өтейік:
1. Жай термин жасаудағы аффиксалды тәсіл
Жоғарыда айтып кеткендей, термин жасаудың ең өнімді тәсілдерінің бірі
жұрнақ пен жалғау арқылы терминжасау болып табылады. Осы тұста, қазақ
тіліндегі терминдер аффиксация арқылы жасалса, ағылшын тілінде ол қатарға
префикстер де қосылады. Осыған байланысты Симонова К.Ю. аффиксация
тәсілінің термин мағынасын анықтаудағы рөлі жайлы былайдейді: аффиксация-
образование новых однословных терминов путем прибавления к корневым основам
заимствованных, главным образом, из греческого и латинского языков,
префиксов и суффиксов. Для успешного проведения дешифровки терминов нужно
хорошо представлять общие принципы терминообразования, знать некоторый
минимум латинских и гречиских корней, суффиксов и префиксов, которые
наиболее активно участвуют в процессе терминообразования, и обладать
определенными навыками практического применения этих знаний. Знание
значения префикса или суффикса, а также умение определить направление, в
котором происходит сдвиг значения исходного термина при добавлении к нему
того или иного префикса или аффикса, во многом определяет успех дешивровки
нового термина.
Мұнай-газ саласындағы термин жасайтын ең өнімді префикстер қатарына
re-, de-, pre-, dis- жатқызуға болады.
Re- префиксі қайтадан, жаңадан, қайта деген мағынаны береді.
Мысалы: reclamation- 1. оңалу 2. қайта қалпына келтіру, регенерация,
рекультивация; 3. игеру (жер), мелиорация;
De- префиксі шамалы кетіру, жоққа шығару; төмендету; бір
нәрсеге қарсы сияқты теріс мағынада қолданылады. Мысалы: degradation -
1. деградация, нашарлау; 2. деструкция, күл талқан болу; 3.
жұмыс қабілетінің төмендеуі, жер бедерінің төмендеуі.
Pre- префиксі латын тілінің prae деген сөзінен шығады. Ол латын
тілінен аударғанда алда, осының алдындағы деген мағынаны береді.
Сондықтан бұл терминді аударғанда алдын ала жоспарланған, жасалған деген
мағынада аудару керек. Мысалы: prevention – алдын ала сақтану, алдын алу,
алдын ала ескерту; алдын ала емдеу.
Sub- префикс асты, дейін, жағдайы (деңгейі) жағынан төмен,
азаю, төмендеу, бөлікке бөліну сияқты мағынада қолданылады. Мысалы:
submersible - су асты құрылғысы (Әлем мұхиттары байлықтарын зерттеу үшін
орнатылған).
Ad- бір нәрсеге қарай, белгілі бір бағытта қосымша зат немесе
қасиет сияқты мағынада қолданылады. Мысалы: admixture- қоспа, араластыру.
Ағылшын тіліндегі ең өнімді суффикстер қатарына -tion, -ing, -er-or,
-ment, -ty, -sion жатқызуға болады.
• -tion және -sion суффикстері роман тілінен алынған зат есімдерге
жалғанып, әрекет, қимыл; жағдай, сапа; белгілі бір объект; деген
мағынада қолданылады. Мысалы: production- 1.өндіріс 2.өнім
3.өнімділік; compression- компрессия.
• -ing суффиксі етістіктерден әрекет, жағдай, қимыл мағынасында
қолданылатын зат есімдер жасайды. Мысалы: drilling- бұрғылау.
• -er-or суффикстері етістіктерден 1. белгілі бір мамандық
иегері(адам) 2. арнайы қызметі бар машина немесе құрылғы мағынасында
қолданылатын есім сөздер жасайды. Мысалы: layer- қатпар; regulator-
реттеуші орган.
• -ment суффиксі етістіктерден жасалып әрекет, жағдай немесе нәтиже
деген мағынада қолданылатын зат есімдерде кездеседі. Мысалы:
equipment - құрал-жабдық.
• -ity суффиксі латын не грек түбірлері бар сын есімнен зат қасиетін
білдіретін зат есімдер жасайды. Мысалы: capability- 1.қабілет;
потенциалды мүмкіндік. 2.қуаттылық; өнімділік.
• -ent белгілі бір қызмет атқарушы жақты, механизмді немесе құрылғыны
білдіретін зат есім жасайды. Мысалы: аbsorbent – сіңіргіш.
• -ure, -age кейбір түсініктерді білдіретін зат есімдер. Мысалы:
exposure – ықпал, coverage – қаптама.
• -ive, -ant, -uble, -ible, -able анықтауыш қызметін атқаратын сын
есімдер. Мысалы: interactive - өзара әсерлесетін; resonant - жаңғыру
режимінде жұмыс істейтін; convertible – жаңартылған; reusable - қайта
қолданылатын; soluble – шешілетін.
Сонымен, жай терминдердің аффиксалды тәсіл арқылы жасалуын зерттей
келе, ағылшын тілінде кеңінен қолданылатын грек-латын префикстері мен
суффикстері мұнай газ саласында да кең қолданыс табатыны белгілі болды.
Күрделі сөздер мен сөз тіркестері көп жағдайларда ұқсастырылады.
Өйткені олардың ортақ ұқсастықтары бар.
Алдымен, терминдік сөздік тіркестер біртұтастықпен,
семантикалық біріккендігімен және сөзге балама болуымен сипатталады [18,
78б.]. Одан басқа, терминдік сөздік тіркестер маңызды тағы жалпы қасиеті
сөздер сияқты құрылымды-грамматикалық бірыңғай синтаксистік біртұтастығы.
Ол сөйлемнің бір мүшесі ретінде шығады. Сөйлем құрамына кіре отырып, барлық
терминдік сөздік тіркестер сөйлемнің басқа мүшелерімен синтаксистік
байланысқа түседі. Оның ешбір элементі, тіпті түпкі элементі де мұндай
қабілетке ие емес. Терминдік сөздік тіркестерге, сөздерге секілді
морфологиялық біртұтастық және жаңа терминологиялық бірліктердің туынды
базасы ретінде шығу қасиеті тән.
Қазақ тіліндегі терминдік сөздік тіркестер және күрделі сөздерді
шектеудің маңызды талаптарының бірі олардың грамматикалық құрылымында:
күрделі сөздер бірігіп немесе бөлек жазылады (қарақұс, қара ала). Терминдік
сөздік тіркестер де осы жолдармен жасалады. Сөз тіркестерін ерекшелеудің
анық графикалық талабы қазақ тіліндегі шектеу мәселесін шешеді. Ағылышын
тілінде жағдай өзгеше: күрделі сөз тек бірігіп немесе дефис арқылы
жасалмайды, сондай-ақ бөлек те жазыла береді. Сондықтан күрделі сөз немесе
сөз тіркесін шектеу мәселесі ағылышын тілі үшін өзекті болып келеді.
Ағылшын мұнай-газ терминологиясында NN құрылымының бөлек және дефис арқылы
жазылуы тіркелді. Дегенмен де, қазақ тілінде мұндай құрылымдарды аудару
заңдылықтары әлдеқайда күрделірек.
NN құрылымының мәселесі бірінші компонентпен байланысты. Оларға
шолу О.Н.Турцеваның “Ағылшын тілі: атау ерекшеліктері” (1986) еңбегінде
жасалған. Бұл орайда көптеген пікірлер бар.
1. Сын есім-компонент. Зат есімнен конверсия арқылы жасалады.
2. Ағылшын тілінің кейбір сөз таптарының материалдық ұқсастығы
лингвисттерге бірінші компонентті сын есімге жатқызуға мүмкіндік береді.
Бұл конверсияны ағылшын тілінде сөз жасаудың кең таралған жолдарына
жатқызады. Сөздердің мұндай еркін парадигмалық қатынастарымен ағылышын тілі
ерекшеленеді. Осындай мағыналық, парадигмалық байланыстардың спецификасы
сөздік белгіні көлемі жағынан кеңейтеді. Оған бір лексикалық -
грамматикалық қатардан екіншісіне өтуге мүмкіндік береді [15, 52-89б.].
3. Бірінші компонент – бұл анықтауыш қызметіндегі зат есім. Ал бүкіл
құрылым – сөз тіркесі.
4. Бірінші компонент – еркін сөз тіркесі емес, ал зат есімнің негізі –
күрделі сөз.
5. NN құрылымы - өзін сөз ретінде көрсететін потенциалды күрделі сөз
немесе құрылым.
6. Сөйтіп, осы мәселе жөнінде лингвисттердің ортақ пікірі жоқ. Ол әлі
күнге дейін шешілген емес, мүмкін шешілмейді де.
Ағылшын мұнай-газ терминологиясы анализі көрсеткендей, NN құрылымы
ағылшын тілінің атауыш мүмкіндіктерінің кеңеюі резерві болып табылады.
Атаулар саны өсуде. “Техника, ғылым, қоғамның дамуы жаңа құбылыс,
түсініктер, нәрселерге жаңа атауларды қажет етеді. Техникалық заттардың
атаулары бүкіл әлем тілдері үшін ортақ болғанымен, әр тілдік жүйеде
өздігінен қалыптасатын атау құралдары әр түрлі және бірыңғай емес.”
Мұнай-газ саласында қолданылатын күрделі терминдер
Термин жасаудағы өнімді тәсілдердің бірі болып сөз біріктіру тәсілі
табылады. А.И. Смирнитскийдің пайымдауынша күрделі деп құрамында бірнеше
компоненттері бар бірге не сызықша арқылы жасалатын терминдерді атауымызға
болады екен.
Зерттеулерге сүйенсек, ағылшын тіліндегі мұнай газ саласында
қолданылатын терминдердің көп бөлігі екі компонентті болып келеді. Мысалы:
edgewater- шеттік су; wellhead- ұңғыма ернеуі; құрамында үш компоненті бар
aeromagnetrometer- әуемагнитометр.
Жоғарыда келтірілген зерттеулер нәтижесінде тілде көптеген күрделі
терминдер бар екендігі белгілі болды. Олардың көп бөлігі төмендегідей
морфологиялық жолдар арқылы жасалған:
1. Егер NN мүшеленген үлгісін сөз тіркестер разрядына жатқызсақ, онда
кең таралғаны препозитивті анықтауыш қызметін атқаратын зат есімді
атрибутивті сөз тіркестері болады (NN): explosion wave, wind deposit, clay
layer, refraction wave. Мұндай терминдің сөздік тіркестерде екінші элемент
тіреуіш болып саналады. Ол элемент род жөніндегі түсінікті, ал атрибутивті
элемент түсініктің сипатты қасиетін көрсетеді. Ағылшынның предлогсыз
терминдік сөздік тіркестерде тіреуіш элемент әрқашан тұрақты орын алады да,
шеткі оң жақ позицияда орналасады, яғни ағылшын терминдік сөздік
тіркестеріне сол жақ жайылу тән.
Терминдік сөздік тіркестер құрылымы дәлелді болып келеді. Ол
берілген түсініктің басқа түсінікпен байланысын көрсетеді. Әдетте, тіреуіш
компонент осы аталған түсінік кіретін тематикалық топтың көрсеткіші ретінде
қызмет атқарады. Бұл үлгі ағылшын мұнай газ терминологиясында өнімді
болып табылады. Мысалы:
• N+N: railroad- теміржол; seafood-1.теңіз организмдері 2. Теңіз
тағамдары; landscape- ландшафт; seabed- теңіз түбі;
2. Ағылшын мұнай-газ терминологиясында препозитивті анықтауыш (AN)
қызметіндегі сын есімді атрибутивті терминдік сөздік тіркестер өнімді болып
саналады: isotropic subsurface, transgressive overlap, seismic profiling,
shallow reflectors.
Екі түбірлі сын есімді композиттер ағылшын мұнай-газ
терминологиясында келесі құрылымдық үлгіні құрайды:
• A+N: worst-ease- өте жаман жағдай; overpressure- артынды қысым;
freshwater- ауыз су бассейні және т.б.
• N+N үлгісі: paraffin resin (crude), gas-water (surface).
3. Ағылшын мұнай-газ терминологиясында Participle II AN үлгісі өнімді болып
саналады (Participle II - өткен шақтағы есімше):
Dislocated deposit – құрылымы бұзылған кен орны. Мұндағы
dislocated- өткен шақтағы есімше, to dislocate етістігінің бастапқы
формасы;
Interbedded layers – кезектесіп орналасқан қабаттар, interbedded
to interbed етістігінен жасалған.
Ағылшын мұнай-газ терминологиясында Participle I N типіндегі сөз
тіркестері сирегірек кездеседі: downcoming wave, subweathering layer.
Мұндай терминдік сөздік тіркестердегі алғашқы компонент табиғатына қатысты
түрлі пікірлер бар. Кейбір лингвисттер [14, 17б.] тіреуіш элемент, яғни зат
есімге препозиция болып тұрған –ing ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz