ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1. Паскаль тіліндегі программаның құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Мәліметтердің типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4. Стандартты функциялар, стандартты типтердің сипатталуы ... ... ... ... .18
1.5. Өрнектер және олардың жазылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕ АҚПАРАТТАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ПРОГРАММАЛАР
2.1. Программа құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2. Паскаль тілінің қарапайым операторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.3. Оқыту процесіндегі компьютердің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
IV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

ЭЕМ-дердің мүмкіндіктері барлық салаларда кең қолданылуына алып келді. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми - техникалық мәселелерді шешу, оның ішінде алгебралық және анализ есептерін шешуде компьютерлік технологияны тиімді және жылдам қолдана білуге байланысты болып отыр. ЭЕМ-нің көмегінсіз шешу мүмкін емес. Осы мақсаттар үшін қуатты және тез жылдамдықтағы үлкен және кіші дербес ЭЕМ-дермен қатар сандық әдістер мен стандартты қолданбалы программалар түзуде. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ЭЕМ-де алынған шешімнің дәлдігін бағалайтын математикалық аппарат бар болып, ол жоғары дәрежеде жетілдірілген.
Программалау кезеңі әрі қарай ЭЕМ-де программаның орындалуы және шешімнің нәтижелерін алу кезеңі келеді. Есепті шешудің соңғы кезеңі - нәтижелерді талдау. Онда алынған нәтижелерді бақылау есептеулері нәтижелерімен немесе тәжірибе нәтижесінде алынған берілгендермен (егер олар бар болса) салыстырылады. Сондай кейбір нәтижелер жарамды, ал кейбіреулері нақты есептің маңызына қайшы келуі мүмкін: мұндай шешімдер алынбайды. Алынған нәтижелердің жарамдылығының ең жоғарғы критериясы практика болып табылады.
Қазіргі кезде компьютерлер адамдардың өмірі мен қызметінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Адамның компьютермен табиғи тілде тілдесуі келешектің ісі, ал қазіргі кезде компьютерлерге берілетін тапсырмалар компьютер түсінетін тілде, атап айтқанда программалау тілдерінің бірінде беріледі.
Соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Бұл информациялық технологияның дамуымен және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуімен байланысты. Егер адам компьютермен істес болса, онда ерте ме немесе кеш пе программалауға деген талпынысы тіптен кейде қажетсінуі пайда болады.
Сондықтан компьютерді өзінің кәсіптік мамандығының деңгейін көтеруге пайдаланғысы келген әрбір адам программалау тілдерінің бірімен және программа жасау технологиясымен таныс болуы тиіс. Әр маман өз есебін компьютерде шығару үшін керекті программаны құра білуі, жөндей білуі және оны баптай білуі тиіс. Бұл жұмыстарды орындай білу маманның программалау дағдыларын қалыптастырады.
Қазіргі кезде кеңінен таралған программалау тілдерінің көптеген түрлері бар. Бір әрекетті орындаушы адам програманы Паскаль тілінде де Бейсик тілінде де және Си тілінде де жазуға болады.

1. Р. Вильяме, К. Маклин. Компью¬теры в школе: Пер. С англ. М. Про¬гресс, 1988. -336 с.
2. Лебедева М. Б. и др. Разработка педагогических программных средств вычислительной техники для учебных заведений профтехобразования. -М. Высш. шк., 1990. -126 с.
3. О. Камардинов “Есептеуіш техника және программалау” Республикалық баспа кабинеті. Алматы 1997 жыл.
4.О. Камардинов “Паскаль тілінде программаоау” Республикалық баспа кабинеті. Алматы 1994 жыл.
5.Е.Б. Шаметов “Паскаль тілін үйренейік” Шымкент 1993 жыл
6.Ғ.Ш. Тойкенов “Паскаль тілінде программалау” Дәнекер. Алматы 2001жыл
7.Г.К. Нұрмұханбетова, А.Әшірбекұлы “Паскаль тілінен лабораториялық практикум” Шымкент 2000 жыл
8.К. Боон «Паскаль для всех» Энергоатомиздат. Москва 1988 г В.Е. Алексеев, А. С. Ваулин «Языки программирования» Высшая школа. Москва 1987 г. N5
9.О.Н. Перминов «Программирование на языке Паскаль» Радио связь. Москва 1983г
10.В.Г. Абрамов, Н.П. Трифонов, Г.Н. Трифонова «Введение в язык Паскаль» Наука. Москва 1988 г
11.С.А. Абрамов, В.С. Зима «Назало программирования на языке Паскаль» Наука. Москва 1987 г
12.Н.Вирт «Язык программирования Паскаль» Статистика. Москва 1974 г
13.Д. Прайс «Программирование на языке Паскаль» Мир. Москва 1987г

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1. Паскаль тіліндегі программаның құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Мәліметтердің типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4. Стандартты функциялар, стандартты типтердің сипатталуы ... ... ... ... .18
1.5. Өрнектер және олардың жазылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕ АҚПАРАТТАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ПРОГРАММАЛАР
2.1. Программа құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
2.2. Паскаль тілінің қарапайым операторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3. Оқыту процесіндегі компьютердің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
IV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Кіріспе
ЭЕМ-дердің мүмкіндіктері барлық салаларда кең қолданылуына алып келді. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми - техникалық мәселелерді шешу, оның ішінде алгебралық және анализ есептерін шешуде компьютерлік технологияны тиімді және жылдам қолдана білуге байланысты болып отыр. ЭЕМ-нің көмегінсіз шешу мүмкін емес. Осы мақсаттар үшін қуатты және тез жылдамдықтағы үлкен және кіші дербес ЭЕМ-дермен қатар сандық әдістер мен стандартты қолданбалы программалар түзуде. Қазіргі уақытта көптеген ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ЭЕМ-де алынған шешімнің дәлдігін бағалайтын математикалық аппарат бар болып, ол жоғары дәрежеде жетілдірілген.
Программалау кезеңі әрі қарай ЭЕМ-де программаның орындалуы және шешімнің нәтижелерін алу кезеңі келеді. Есепті шешудің соңғы кезеңі - нәтижелерді талдау. Онда алынған нәтижелерді бақылау есептеулері нәтижелерімен немесе тәжірибе нәтижесінде алынған берілгендермен (егер олар бар болса) салыстырылады. Сондай кейбір нәтижелер жарамды, ал кейбіреулері нақты есептің маңызына қайшы келуі мүмкін: мұндай шешімдер алынбайды. Алынған нәтижелердің жарамдылығының ең жоғарғы критериясы практика болып табылады.
Қазіргі кезде компьютерлер адамдардың өмірі мен қызметінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Адамның компьютермен табиғи тілде тілдесуі келешектің ісі, ал қазіргі кезде компьютерлерге берілетін тапсырмалар компьютер түсінетін тілде, атап айтқанда программалау тілдерінің бірінде беріледі.
Соңғы кездері программалауға қызығушылық күрт артты. Бұл информациялық технологияның дамуымен және оның қоғамның күнделікті өміріне кеңінен енуімен байланысты. Егер адам компьютермен істес болса, онда ерте ме немесе кеш пе программалауға деген талпынысы тіптен кейде қажетсінуі пайда болады.
Сондықтан компьютерді өзінің кәсіптік мамандығының деңгейін көтеруге пайдаланғысы келген әрбір адам программалау тілдерінің бірімен және программа жасау технологиясымен таныс болуы тиіс. Әр маман өз есебін компьютерде шығару үшін керекті программаны құра білуі, жөндей білуі және оны баптай білуі тиіс. Бұл жұмыстарды орындай білу маманның программалау дағдыларын қалыптастырады.
Қазіргі кезде кеңінен таралған программалау тілдерінің көптеген түрлері бар. Бір әрекетті орындаушы адам програманы Паскаль тілінде де Бейсик тілінде де және Си тілінде де жазуға болады.
Соңғы жылдары программалаушылар арасында Паскаль программалау тілі кеңінен тарай бастады. Бұл тілді Цюрих технологиялық институтының профессоры Никлаус Вирт алғашқыда жалпы программалауды оқыту мақсатымен жасақтаған. Паскаль тілі өзіне дейінгі тілдердің көптеген жақсы ерекшеліктерін қамти отырып, алдыңғы қатарлы программалау тәсілдерінің талаптарына сай құрылған. Атап айтсақ, мына төмендегідей артықшылықтарға ие:
:: программаның құрылымын табиғи қарапайым тілдерге жа-қындататын жүйелі программалау тәсілдері Паскаль тілінде басқару жүйелерінің жұмыстарында айқын көрсетіліп, толық іске асырылды;
:: программалау практикасында кеңінен таралған модульді программалау әдісін қолдануға лайықталған;
:: программаның қарапайымдылығын, көрнектілігін, бекемділігін қамтамассыз ету мақсатымен мәліметтерді жүйелі түрде қолданудың жан жақты түрлері (жиын, жол, жиын, жазба, файл т.б.) қарастырылған.
Паскаль тіліне программалаушылардың ерекше көңіл аударуы және оқу орындарында программалауды оқытуда көбінесе негізгі тіл ретінде алынуы тілдің осындай ерекшеліктеріне байланысты.
Паскаль тілінің басқа тілдерге қарағанда программалауды оқытуға өте ыңғайлы тіл екендігін сеніммен айтуға болады.
1. ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
Паскаль тілін 1968-71 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.
Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне өте тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс атқара алады.
Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығы компьютерде жеңіл тексеріледі және жіберілген қате тез түзетіледі.
1.1. Паскаль тіліндегі програманың құрлымы
Паскаль тіліндегі ең кішкентай программаның түрі мынандай
болады:
BEGIN
END
Бұл программа әрине ешнәрсе орындамайды. Егер біз бұл программаға бір нәрсе орындатқымыз келсе, онда бізге қажетті әрекеттерді орындауға бұйрық беретін барлық операторларды осы BEGIN және END қызметші сөздерінің арасына жазуымыз керек.
BEGIN
Writeln (2002); Writeln (2005) END.
Кәдімгі жағдайда программада айнымалылыр, тұрақтылар, бағыныңқы программаны шақырушы операторлар т.б. элементтер болады. Олардың бәрі BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына жазылуы тиіс. Мысалы: Const k=16; VAR a:=Real BEGIN
a:=6
Writeln (a+k) END.
Сонымен, Паскаль тіліндегі программа программаның тақырыбынан, блоктан тұрады және нүктемен аяқталады. Блок өз кезегінде сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен тұрады.
BEGIN қызметші сөзінің жоғарғы жағына сипаттау бөлімі орналасады.
BEGIN қызметші сөзінің төменгі жағына орындалатын операторлар бөлімі орналасады. Операторлар бөлімі нүктелі үтірмен (;) бөлінген және операторлық жақшалармен, яғни BEGIN, END қызметші сөздерімен шектелген тізбегін қамтиды. END сөзінің алдына нүктелі үтір қойылмайды, бірақ оның болуы қате болып есептелмейді, қайта ең соңғы орындалатын операторымен END қызметші сөзінің арасында бос оператордың қатысатындығын білдіреді.
Сонымен, Паскаль тіліндегі программаның жалпы құрлымы мына (4-сурет) төмендегідей болады.
PROGRAM АТЫ (ФАЙЛДЫҢ АТЫ...ФАЙЛДЫҢ АТЫ),
LABEL
, ... , ТАЊБА;
CONST
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ = ТҰРАҚТЫ ;
Программаның тақырыбы.
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ=ТҰРАҚТЫ,
TYPE
VAR
ТАҚЫРЫПТЫҢ АТЫ=ТИП; ТИПТІҢ АТЫ=ТИП;
АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ, ... ,АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ: АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ...АЙНЫМАЛЫНЫҢ АТЫ: ТИП;
PROCEDURE ПРОЦЕДУРАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ;
БЛОК;
FUNCTION ФУНКЦИЯНЫҢ ТАҚЬІРЫБЫ;
БЛОК;
BEGIN
END.
ОПЕРАТОР; ОПЕРАТОР;
Тањба бөлімі
Тұрақтылар бөлімі
Типтер бөлімі
Айнымалылар бөлімі
Процедура бөлімі
Функция бөлімі
Операторлар бөлімі
Құрама оператор
Сипаттау бөлімі
Блок
Бөлімдердің берілу реттілігі қатаң анықталған, бірақ Паскаль тілінің кейбір нұсқаларында LABEL, CONST, TYRE, VAR сипаттамаларының реттілігі еркін анықталады.
Программаның тақырыбында PROGRAM қызметші сөзінен кейін программаның ішінде мағынасы жоқ және барлық программаны білдіретін программаның аты көрсетіледі. Программаның атынан кейін дөңгелек жақша ішінде файлдардың тізімі, яғни Программа қатынас жасайтын компьютерлердің сыртқы құрылғыларында орналасқан берілгендер жиыны келеді.
Кәдімгі жағдайда стандартты (INPUT) және шығыс (OUTPUT) файлдарының аттары немесе олардың біреуі пайдаланылады, мысалы:
PROGRAM CONUS (INPUT, OUTPUT);
Паскаль тілінің көптеген нұсқаларында стандартты файлдардың аттары болмауы да мүмкін, яғни олар үнсіз қабылданады.
Программа тақырыбынан кейін тамға бөлімін сипаттау (LABEL) келеді. Программадағы кез келген операторды оның алдына тамғаны, яғни төрт цифрдан аспайтын таңбасыз бүтін санды қою арқылы ерекшелеуге болады. Таңба оператордан қос нүкте арқылы ажыратылады, мысалы:
28 : READ (ХО, ҮО, ZO );
Программада тамғаның болуы басқарудың арнайы операторларына сілтеме жасауға және программаның табиғи орындалу барысын өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық тамғалар LABEL бөлімінде аталуы керек, мысалы:
LABEL
1, 12, 988.
Егер программада тамғалар болмаса, онда LABEL бөлімін жазбауға да болады.
Тањба бөлімінен кейін тұрақтыларды сипаттау бөлімі (CONST) келеді. Программада тұрақтылар аттарымен көрсетіледі, олай болса тұрақтылардың осы аттарына кейбір мәндер (сандар, қатарлар) меншіктелуі керек, мысалы:
CONST
РІ=3.1415926;
МАХ=1000;
HEAD -- 'кесте тақырыбы'.
Тұрақтылардың атауларын пайдалану программалаушыға про-грамманың басында машинаға тәуелді немесе берілген есеп үшін тән тұрақты шамаларды топтап беруге мүмкіндік береді. Бұл жерде оларды программаның өзін өзгертпей-ақ өзгерту оңай.
Тұрақтылары топтастырылып берілген программа әсерлі әрі көрнекті болады.
Типтерді сипаттау бөлімі (TYPE) пайдаланушы енгізетін берілгендердің қарапайым және құрылымдық типтерін анықтау үшін қызмет етеді. Мұндай типтерге біз жоғарыда қарастырған аттап өту және шектелген типтер жатады. Программадағы әр түрлі шама тек бір типпен ғана берілуі керек. Тұрақтының типі оның мәнінің жазылу пішімімен анықталады. Айнымалының типі міндетті түрде арнайы айнымалыларды сипаттау бөлімінде (VAR) берілуі тиіс.
Айнымалыны сипаттау бөлімінің жалпы түрі программаның жалпы құрылымдық схемасында көрсетілген, мұндағы тип дегеніміз бүл типтің аты Стандартты немесе TYPE бөлімінде анықталады.
Егер программалаушы өзіндік программалық бірлік болып та-былатын және оған процедураның немесе функцияның атын және оның параметрлерін көрсету арқылы сілтеме жасауға болатын стандартты процедуралар және функциялардан басқа өзінің проце-дуралары мен функцияларын анықтайтын болса ғана процедураларды және функцияларды сипаттау бөлімі (PROCEDURE, FUNCTION) программада қатысатын болады.
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.
Программа қатарларының алдындағы азат жол немесе бос орындар саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарға бірнеше командалар немесе операторлар орналаса алады, олар бір-бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол әрі түзетуге жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы болып саналады.
Кез келген прорамманың алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан, яғни атынан тұрады. О дан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі орналасады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала бекітіп анықтап алуға көмектеседі.
Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Операторлар бөлімінде командалар реттеліп орналасады, олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбірі қайталанып цикл немесе қосымша программа түрінде де орындалуы мүмкін.
1.2 Тілдің алфавиті, тiлдiң ќарапайым объектiлерi
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
Тіл ерекшеліктіріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады, олар:
:: атау ретінде (идентификатор) пайдаланылатын символдар;
:: цифрлар;
:: айыру белгілері;
:: арнайы символдар.
Атау символдарды рөлін латын алфавитінің 26 әрпі және цифрлар атқарады.
а) Әріп ретінде латын алфавитінің бас және кіші әріптері қолданылады.
Бас әріптер мен кіші әріптер бірдей болып есептеледі мысалы,
xe.qu х бір айнымалының атауы, дәл сол сияқты ALFA1, ALFAl және
alfa де бір атаудың жазылу түрлері болып саналады. Атауларда
әріптер цифрлармен араласып жазыла береді, бірақ атаудың
алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VESI, SALMAK2, Baga5,_cena7, T7S25, ART25, var8.
Ұлттық әріптер (қазақ, орыс, араб, т.б.) атау ретінде қолданылмайды, олар тек апострофқа яғни жоғарғы үтірге (') алынған тұрақты сөз тіркестері немесе жақшаларға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.
ә) Ондық цифрлар: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 тәрізді сан таңбалары.
Он алтылық цифрлар ондық цифрлардан және А дан F ке (немесе а дан (-ке) дейінгі латын әріптерінен тұрады.
Арнайы символдарға пунктуациялау және операциялардың белгілері жатады.
б) Арифметикалық, амалдардың белгілері:
:: + - қосу;
:: - - алу;
:: * - көбейту;
:: - бөлу.
:: D1V- бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі
бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 амалының нәтижесі 3.
:: MOD - қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін
қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 - нәтижесі 1. в) Логикалық, амалдардың белгілері:
:: AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
:: OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
:: NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
:: XOR - арифметикалық немесе амалы;
:: SHL - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
:: SHR - биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру.
г) Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшіру) пернесін басу белгісі жөне түсініктемелер жатады. Айыру белгілері атауларды, сандарды, мағыналарына сәйкес арнаулы қызмет атқаратын қызметші сөздерді бір-бірінен бөліп тұруға арналады.
Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компиляторға арналған директиваның (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдына $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.
Сонымен, айыру белгілеріне мыналар жатады: - (бос орын), , (үтір). . (нүкте), : (қос нүкте), ; (нүктелі үтір), ' (апостроф), (.),
[,], {,}
д) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: алғашқы символы міндетті түрде әріп болуы тиіс, мысалы, VESI, SALMAK2, Baga5,_cena7, T7S25, ART25, var8.

бөліндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 ама-лының нәтижесі

Түсініктеме {және} немесе (*және*) белгілерімен қоршалып, солардың ішіне жазылады, ол бір немесе бірнеше жолдардан тұруы мүмкін. Компьюторға арналған директиваның (түсінік белгі) алдына $ белгісі қойылады. Алдына $ белгісі жоқ түсініктемеге компиляция жасалмайды.

[,], {,}::
д) Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері:
= (тең), (тең емес), (кіші), (үлкен), = (үлкен емес, таңбасының орнына), = (кіші емес, таңбасының орнына).
Паскаль тілінде кейбір символдар пайдаланылмайды , мысалы, %, &, " т.б.
Паскаль тілінің қызметші сөздері дегеніміз бір-бірінен айыру белгілерімен бөлініп, программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тілінің қызметші сөздерін үш топқа белуге болады, олар: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейнестандартты идентификаторлар.
Тілдің операторларын, яғни қарапайым сөйлемдерін жазу үшін мағынасы мен қолдану тәсілі біржола анықталып қойылған символдар тіркесінен тұратын қордағы қызметші сөздер пайдаланылады. Олардың жалпы саны 80-нен астам. Алгоритмдік тілде бұлар қазақ, орыс тілінде қысқартылып жазылса, программалау тілдерінде ағылшын тілінде жазылады.
Программалау тілдерінде өрнек, оператор, тіл синтаксисі мен семантикасы ұғымдары кең пайдаланылады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар, т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады. Математикада формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор деп аталады.
Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны программаның сипаттамасы болып табылады.
Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне сандар, идентификатор, тұрақтылар, айнымалылар, функциялар және өрнектер жатады.
Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті ; мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болу үшін алгебра I курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдаланылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мәндер, символдық мәндер, 1 т.б.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты бо - лып екіге ажыратылады.
Бүтін сандар. Разрядтылығы 16 биттен тұратын дербес компьютерлер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша
INTEGER) -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылады. Мысалы, +4, -100, 15743, 0, т.б.
Паскаль тілінде ондық және оналтылық бүтін сандар пайдаланылады. Оналтылық сандардың алдында $ белгісі қойылады. Мысалы, $АВС немесе $8В2.
Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mE=p түрінде жазылады. Мұндағы: m- санның мантиссасы деп аталады; Е - оның дәрежесі дегенді білдіреді; р - дәреженің сандық мәні.
2. Атау -- идендификатор (identification -- обьектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды белгілеп жазу үшін қолданылады.
Идентификатор -- міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы, X, XI, СУММА, ВЕС, P23PS6, DT54AS, ALFA, baga2, SALMAK, OMECA2,
Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Бейстандартты атауды пайдаланушы өзі тағайындайды.
Тілді алғаш жасаушылар стандартты атауларды кейбір тіл элементтері типтерінің, шамалардың (тұрақты, айнымалы), стандартты функциялардың, процедуралардың аттарын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін енгізген. Оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек. Мысалы, REAL (нақты сан), INTEGER (бүтін сан), VAR (айнымалы), CONST (түрақты;, SIN, COS (тригонометриялық функциялар), EXP, LOG (математикалық функциялар), FALSE, TRUE (логикалық мәндер) ағылшын тілінің қысқартылған сөздері. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын басқа да қызметші сөздер жай атаулар ретінде қолда-нылмайтын стандартты идентификаторлар болып есептеледі. Оларға мыналар жатады: AND, ARRA Y, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF т.б.
Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификаторлардан өзгеше болуы тиіс. Мысалы, 112, STOIMOST, CENA, F105, МАТА. Біз қарастырып отырған тіл Турбо Паскаль деп аталатын дербес компьютерлерге арналған Паскаль программалау тілінің бір нұсқасы. Мұнда идентифи - каторлар ретінде тек латын алфавитінің үлкен не кіші әріптері мен цифрлары ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Пайдаланушылар қойған бейстандарт атауларға әркім өз қалауынша тағайындаған атаулар, яғни стандартқа кірмейтін идентификаторлар жатады. Ол атауларды тағайындағанда төмендегі талаптар орындалуы қажет:
:: Атау тек латын әріптерінен (астын сызу белгісі де _ әріп болып саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифрдан да, әріптен де бастала береді.
:: Атаудың алғашқы емес символдары әріптерден, цифрлардан немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін.
:: Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет.
:: Атаудағы символдар саны 127-ден аспауы қажет.
:: Атауда бас және кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етіледі. Олардың ішкі кодтары әр түрлі болғанымен транслятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады. Бірақ мұны да ұтымды пайдаланған жөн, мысалы, ZatNomiri, BujmBagasj, т.б.
Т+-рақты, басқаша айтқанда, константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік (integer, real, boolean, char, string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар true (ақщат) немесе false(жалган) мәндерінің біреуіне ие бола алады.
Символдық және тіркестік (строковый - string) мәндер үшін орыс, қазақ әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар апостроф ішіндегі таңбалармен (литерлермен)
жазылады, мысалы: 's=' , 'сумма' , 'функцияның мәні' , 'у=' және т.б.
Тұрақтыларға мысалдар келтірейік:
:: бүтін х =-25; y=1936; z=123;
:: нақты х=2.14; у=4Е15; z=-0.5E-12; beta=-250.0;
:: символдық s='c'; sl='h'; s2='9'; s3=' ' ;
:: логикалық Bl=true; B2=false;
:: тіркестік C='Turbo Pascal'.
Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Егер программада оны құрастырған иесінің аты бірнеше рет кездесетін болса, онда оны тұрақты түрінде берген жөн, өйткені бұл ат кейіннен өзгеріске ұшырымайды.
Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі CONST қызметші сөзінен басталатын бөлімде көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі (форматы) төмендегідей болады:
CONST
Mening_atjm = 'Қанат Оңлабекұлы';
Max = 1000;
Міп = 0;
Merter_nomiri =121;
Паскаль тілінде қордағы қызметші сөздермен алдын ала анықталған бірнеше тұрақтылар бар, олардың кейбірі төмендегі кестеде көрсетілген.
Идентификатор
Типі
Мәні
Сипатталуы
True False Maxint
Boolean Boolean integer
True False
32767
Ақиқат Жалған Ең үлкен бүтін сан мәні
3. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар иденти-фикаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: ALFA, Ү, ХЗ, SUMMA, BAGA, A1B8, т.б. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болған жөн. Айнымалылар атаулары сипаттау бөлімінде var қызметші сөзінен кейін орналасады да, соңында көрсетіледі. Оның жазылу пішімі:
var Идентификатор : тип Мысалы:
var А, В : integer;
Sum, baga : real;
Қарапайым айнымалылар өз аттары бойынша жазылады. : Мысалы, delta, x, y, result, number_of_student. Индексті айнымалыларға жиын (массив) элементтері жатады.
Жиын дегеніміз бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі. Жиын элементтерінің барлығы да бір типте болуы тиіс. Индекс жиын элементінің нөмірін көрсетеді : де, тік жақшаның ішінде жазылады. Мысалы, AflJ (A ), ВЕТА[К,7] (fa,?), C4[3,5] (C43,,s). Жиындар бір, екі, үш өлшемді (индексті) бола береді. Индекстер үтірмен бөлініп жазылады. Индекстің ең үлкен және ең кіші мәні сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетіледі. Мысалы, s: array [1.. 50] of real;
mas: army [1.. 10, 1.. 10] of char; alfa: array [nl..n2] of integer;
1.3 Мәліметтердің типтері
Программадағы мәліметтердің, шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне жатуы тиіс.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип деген шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.
Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, алуға, көбейтуге және бөлуге болады. Ал, "IBM" және "PC" мәндері сөз тіркесі типіне і жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады ("IBM PC"), қосуға, алуға, көбейтуге, бөлуге болмайды.
Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілі үшін шамалардың типін көрсету міндетті болып есептелінеді. Сондықтан программа алдында оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шамаларының атаулары және олардың типтері көрсетілуі қажет.
Тілде пайдаланылатын типтер скалярлық, (қарапайым) және кұрылымдық (структуралық,) болып үлкен екі топқа жіктеледі. Ал скалярлық қарапайым типтер алдын ала анықталған стандартты және жасанды типтер болуы мүмкін. Стандартты типтерге мыналар жатады:
:: бүтін - INTEGER,
:: нақты -- REAL,
:: логикалық - BOOLEAN,
:: сиволдық - CHAR,
:: тіркестік - (STRING), ;
:: мәтіндік - (TEXT),
:: тәрізді типтер жатады.
Құрылымдық типтерге жиындар -- ARRAY, жазбалар -- RECORD, ұснындар -- SET және файлдар- FILE деген түрлерге бөлінеді.
Бұлардан өзге типтер программаның типтерді сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Ол үшін type қызметші сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге болады:
Type тип атауы = тип мәндері;
Логикалық шамалар екілік сандар жүйесінде сәйкес 1 және 0 деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы 1 тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал 0 сол шарттың орындалмайтынын -- тұжырымның жалған екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (0) болып жазылады.
Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, #, "?", "%", т.б. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.
Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері рет - телген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып, өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.
Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады:
:: бүтін типтер - SHORT1NT, INTEGER, LONGNT, BYTE, WORD;
:: нақты тип - REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
:: логикалық - BOOLEAN;
:: символдық - CHAR;
:: саналатын тип ;
:: ауқымды (диапазонды) тип.
Бутін сан түріндегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады.
Типі Мәндердің өзгеруі Ұзындығы, байт
1.1.1 BYTE
SHORTINT
INTEGER
WORD
tONGINT
0-255
-127 - +127
-32768 - +32767
0 - 65535 2147483648 - +2147483647
1 1
2 2 4
Нақты сан түріндегі типтер. Ондық аралас сандар бүтіні мен бөлшегін бөлетін үтірлері жылжымалы және тұрақты түрлерде жазылады. Үтірлер тұрақты ондық сандар кәдімгі математикада жазылады, бірақ үтір орнына нүкте қойылады. Мысалы, 1$.48, -127.25, 0.67, -8.0. Үтірлері жылжымалы ондық сандар желік көрсеткіші берілген экспоненциалды түрде жазылады, [саны, -1.25Е+12 (1,25*1012), 1.3Е-05 (1,3*1(15),т.б. Нақтылардың ауқымы төмендегі кестеде берілген.
Типі
Ауқымы
Мәнді цифрлары
Өлшемі, байт
REAL
-1.7 1038 - 1.7.1038
11-12
6
single
-3.4 1038 - 3.4.1038
7-8
4
DOUBLE
-1.710308-1.7.10308
15-16
8
EXTENDED
-1.1 104932- 1.1. 104932
19-20
10
COMP
-2 1063-1 - 2.1063+1
19-20
8
Логикалық типтегі (BOOLEAN) шамалар негізінен екі мән қабылдайды -- TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.
Символдық типтегі (CHAR) шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады. Мәннің символ екендігін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, 'a', 'h', '5', '*', т.б.
Тіркестік типтегі шамалар (STRING) апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды. Мысалы, 'компьютер', 'универсиmeті', 'main', '#&*', т.б
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен алады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып жай жақша ішіне жазылады. Мысалы, атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор,...,п-идентификатор -
, "сейсенбі", ... , "жексенбі");
Идентификаторлар орналасқан орны бойынша 0-ден бастап нөмірленеді. Бір идентификатор тек бір ғана саналатын типті көрсетеді.
Диапазондық немесе ауқымды тип. Мұнда көрсетілген шама қбылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ец улкен) d нүкте арқылы бөлініп көрсетіледі. атау -- алғашқы мән..соңғы мән; Программада мынадай шамалар кездесуі мүмкін: Guma_kunderi=L. 7; Aj_kunderi=1..31;
Бұл типтегі шамалар көрсетілген алғашқы және соңғы мәнге немесе олардың арасында жататын кез келген бөлігін ғана алады.
1.4. Стандартты функциялар, стандартты типтердiњ сипатталуы
Турбо Паскаль тілінде алдын ала программалары жасалып аты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде қоюға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты бар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және ішінде аргументі көрсетілуі қажет.
Стандартты функциялар: abs(x), sgr(x) - х-тің квадраты, sin(x), cos(x), exp(x), ln(x), sgrt(x) - х-тің квадрат түбірі, argtan(x), frac(x) -санның бөлшегі, int(x) - санның бүтіні, рі(3.14159) т.б. Бірсыпыра стандартты функциялар төмендегі кестеде келтірілген. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің әр уақытта сәйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн.
1.Арифметикалық функциялар.
Арифметикалық функцияларда бүтін және нақты шамалар пайдаланылады. Олар төмендегі кестеде көрсетілген.
Паскаль тілінде жазылуы
1.1.1.1 Атқаратын қызметі
Функция типі
abs(x)
Аргументті абсолюттік
х-тің
шамасы
типіндей
arctan(x)
Аргументтің арктангенсi
нақты
cos(x)
Аргументтің косинусы
нақты
sin(x)
Аргументтің синусы
нақты
exp(x)
е-нің х доржесі
нақты
frag(x)
х санының бөлшек
нақты
бөлігі
нақты
int(x)
х санының бүтін болігі
(бүтін)
нақты
ln(x)
Х-санының натурал
логорифмі
Pi
п-дің мәні
рі=3.14159265
sgr(x)
х-тің квадраты
х-тің
типіндей
sgrt(x)
х-тің квадрат түбірі
нақты
Е с к е р т у. Егер компьютордың кілті {SN+} түрінде болса, функцияларды real нақты типі орнына extended типі аланылады.
2. Типтерді өзгерту функциялары. Бұл функциялар шамалардың бірін өзгерту үшін пайдаланылады. Мысалы, нақты санды бүтін 1, цифрлар түрінде берілген символдар тізбегін бүтін санға, т.б. барады. Олар:
Chr(x) - х санын (кодын) символға аударады. High(x) - шаманың максимум мәнін береді. Low(x) -- шаманың минимум мәнін береді.
Ord(x) -- саналатын (реттелген) типті бүтін типке көшіреді, Мысалы, аргумент реттелген типте (логикалық, символдық, сана - латын) болса, онда нәтиже типі Longint болады.
Round(x) -- нақты санды бүтін санға дөңгелектейді.
Тгипс(х) -- нақты санның бүтін бөлігін береді.
З.Реттелген типтегі шамаларга пайдаланылатын функциялар. Бұл функциялар реттелген типтегі шамалар үшін пайдаланылады. Мысалы, элементтің алдындағы немесе соңындағы элементті анықтау, т.б. Олар :
Odd(x) -- х сандық шамасының тақ екендігін тексеру. Мүнда ; аргумент типі Longint түрінде, ал сан тақ болса, нәтиже true (щиқат), жұп болса false (жалған) болады.
Pred(x) -- реттеліп орналастырылған х-тің алдыңғы мәнін :береді.
Succ(x) -- реттеліп орналастырылған тізбектегі х-тің келесі ^мәнін анықтайды. Егер бұл функцияны соңғы элементке пайдаланса, қате деген хабар шығады.
Стандартты типтердің сипатталуы
Шамаларға қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.
Бутін сан туріндегі тип. Бүтін типтердегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:
Атау1, атау2,..., атауп: тип; мұндағы тип орнында бүтін типті көрсететін қызметші сөздің бірі жазылады. Мысалы, integer, byte,...
Бүтін типке мынадай амалдар қолданылады: +, -, * , div, Imod.
Белгілер
Амалдар
Операндалар типі
Нәтиже типі
+
қосу
Бүтін (екеуі де), біреу
Бүтін, нақты
Бүтін, нақты
-
алу (азайту)
Бүтін (екеуі де), біреуі
4
Бүтін, нақты
Нақты, бүтін
*
көбейту
Бүтін, екеуі немесе біреуі,
Нақты
Нақты, бүтін
бөлу
Бүтін немесе нақты
Нақты
і div
бүтін бөлу
Бүтін
Бүтін
* mod
бүтін қалдық
Бүтін
Бүтін
Қосу, алу, көбейту, бөлу амалдары кәдімгі математикада орындалады, ал қалған екі амалға мысал келтірейік. 5 div2=2 5 mod 2=1
8 div 3=2 8 mod 3=2
7 div 2=3 7 mod 2=1
Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үш бүтін береді:
abs(x) - бүтін х санының абсалют шамасы;
sqr(x) - бүтін х санының квадраты;
trune(x) -- нақты х санының бүтін бөлігі (нәтиже дөңгелектенбейді), мысалы, trune(52.9) -- 52;
round(x) -- нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді, мысалы, round(x)=round(x+0.5), x=0,
round(x)=round(x+0.5), x=0,
succ(x) -- реттеліп орналасқан бүтін х санынан кейін тұратын санды береді, мысалы, succ(5)=6;
pred(x) -- реттеліп орналасқан бүтін х санының алдында тұратын санды береді, мысалы, pred(5)=4;
Бүтін сандарға not, or, shl, chr, and, xor амалдарын қолдану биттерге амалдар қолдану болып табылады.
NOT амалы. Бұл амалды пайдаланғанда әр битті 1-ден 0-ге, ал 0-ді 1-ге алмастырады, мысалы, ондық кодта not 12=-13, ал сәйкес екілік кодта:
not 0000000000000110 = 1111111111111001.
SHL амалы. Бұл амал екілік кодта жазылған санды көрсетілген разрядтар санына солға жылжытады, мысалы,
128 shl 3=1024 , себебі
128ю = 27 = 100000002 бұл санды солға 3 орынға жылжытсақ, соңына 3 нөл қосылады, сонда ол 100000000002 болып шығады, яғни бұл сан 210=1024-ке сәйкес келеді.
0000000010000000 = 0000010000000000.
SHR амалы. Екілік кодта жазылған санды көрсетілген разрядтар санына оңға жылжытады, мысалы, 1024 shr 3=128 (0000010000000000 = 0000000010000000)
Нақты тип. Нақты типтегі мәндерді қабылдайтын атаулардың сипатталуы:
Атау1, атау2,...,атауп: тип;
мұндағы тип орнына нақты типті көрсететін қызметші сөздердің бірі жазылады, мысалы, real, single,...
Жоғарыда көрсетілгендей бұл типтерге жадтан сәйкес 6, 4 байт орын қажет болады. Егер деректер мәні жоғары шектен асып ? кетсе, онда программаның орындалуы тоқтатылады да қате жөнінде хабар шығады. Ал төмендегі шектен де программа орындала береді.
Нақты типтегі шамаларға: + -қосу, - -алу, * -көбейту, -бөлу алдары қолданылады. Бұл амалдарда операциялар (аргументтер) сан болуы да мүмкін, бірақ нәтиже әрқашанда нақты саналады, мысалы, 52 = 2.56 126 = 2.0.
Төмендегі стандартты функциялар тек нақты мәндер береді: cos(x), arctan(x), ln(x), exp(x), sqrt(x). Ал егер х саны нақты болса, онда abs(x) және sqr(x) функциялары да нақты мән береді.
Логикалық тип. Бұл типтегі атаулар былай сипатталады:
Атау1, атау2,...,атауп: boolean;
Логикалық шамалар true (ақиқат) немесе false (жалган) мәндерінің бірін ғана қабылдайды.
Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар пайдаланылады:
and - (ЖӘНЕ), or - (НЕМЕСЕ), not - (ЕМЕС), хог-(алынып тасталынған НЕМЕСЕ).
true and true = true (1 and 1=1)
true and false = false (1 and 0=0)
false and true = false (0 and 1=0)
false and false = false (0 and 0=0)
15 and 12 = 12 (1111 and 1100 = 1100)
true or true = true (1 or 1 = 1)
true or false = true (1 or 0 = 1)
false or true = true (0 or 1 = 1)
false or false = false (0 or 0 = 0)
15 or 12 = 15 (1111 or 1100 = 1111)
not true = false not false = true
1 xor 1 =0, 1 xor 0 = 1, 0 xor 1=1, 0 xor 0=0
15 xor 12 = 3 (1111 xor 1100 = ООП).
Логикалық шамаларға бір ғана стандартты функция ood(x) пайдаланылады. Егер х саны тақ болса, онда оның мәні true, ал жұп болса, онда false болады.
Символдық тип. Символдық типтегі шамалар былай бейнеленеді:
Атау1, атау2, ... , атауп : char;
Жоғарыда айтылғандай символдық типтегі шамалардың мәндері апостроф ішіне алынып жазылады. Символдық айны-малылардың мәндері арифметикалық өрнектерде пайдаланылмайды. Әр символдың өзіне тән рет нөмірі коды (ASCII кодындағы) болады, олар символдардың орналасу реті бойынша өсіп отырады, мысалы,
0, 1, ... , 9, А, Б, С, ... , Z, а, б, с, ... , z, ... .
Символдық шамаларға қатынас амалдары: , =, =, , , = пайдаланылады. Бұл амалдар орындалғанда символдардың өздері емес олардың нөмірлері (кодтары) салыстырылады.
Символдық шамаларға төмендегі стандартты функциялар пайдаланылады.
ord(x) -- х-тің орнында тұрған символдың рет нөмірін (кодын) береді, мысалы, ord('?')=63, ord('5')=53;
chr(x) -- рет нөмірі І ; санына сәйкес символды береді, мысалы, chr('53')=5, chr('73')=;
pred(x) -- x символының соңында тұрған символды береді, мысалы, pred('M')='N '.
Жоғарыда келтірілген стандартты функциялар олардың мән-I лерін автоматты түрде тез есептеуге мүмкіндік береді.
1.5. Өрнектер және олардың жазылуы
Өрнек деп арифметикалық амалдардың таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынын айтады. Өрнектердің есептелу барысында амалдардың орындалу реті жақшалардың көмегімен өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалдар,
(5+7*х)1.8, (sin(x) +5*cos(2+x))ln(x), т.б.
Төмендегі өрнектердің математикада және программалау тілінде жазылулары қатар келтірілген.
JC + 1
exp(x
а - exp(Z *
-- sqrt(\ + V* = х - exp(ln(jc)3);
ab - exp(ln(a) * exp((;c +1) * ln(b))).
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz