Поэтикалық аудармаға түсінік



КІРІСПЕ
1. Поэтикалық аударманаға түсінік
1.1 Поэтикалық аударма кезіндегі проблемалар
1.2 Аударманың шарттары мен міндеттері
Поэтикалық аударма ерекшеліктері
Поэтикалық аудармада кездесетін қиындықтар
2.2 Поэтикалық аудармасының маңызы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы – кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы “өлең аудармасы” тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, “стихотворный перевод”, яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы “Жалпы аударма” курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы¬лық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.
Зерттеудің өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
1. Ларин Б. Теория и критика перевода. Л., 1962, 3-бет.
2. Любимов Н. Перевод – искусство. Мына кітаптан: Перевод – средство взаимного сближения народов. М., 1987, 141-142-беттер.
3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. А., 1962.
4. Университетское переводоведение. Выпуск 3. СП. 2002.
5. Оболенская Ю.Л. Художественный перевод и межкультурная коммуникация. М., 2006, 5-бет.
6. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1979, 334-335 беттер.
7. Фасмер М. Этимологический словарь русского языка. В четырех томах. СП. “Азбука”, 1996. Т. ІV, 72-бет.
8. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1994, 31-бет.
9. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., 1986, 212-бет.
10. Нелюбин Л. Толковый переводоведческий словарь. М., 2004.
11. Левый И. Состояние теоретической мысли в области перевода. Мастерство перевода – 1969. М., 1970, 119-бет.
12. Елеукенов Ш. Сұлулыққа іңкәрлік. А., 1999, 247-бет.
13. Сурат И. Кто из богов мне возвратил… Новый мир. 1994, ¹9.
14. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1984, 20-бет.
15. Сейітжанов Қ. Алтын Орда дәуірі түркі классикалық поэзиясының көркемдік ерекшеліктері және қазақ әдебиетімен дәстүр сабақтастығы (“Мұхаббат-нама”, “Хұсрау-Шырын” поэмалары негізінде). Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Астана, 2003, 17-бет.
16. Қасқабасов С., Әзібаева Б. Бабалар сөзі. 1 том. Астана,2004, 26-бет.
17. Скосырев П. Наследство и поиски. М., 1961, 285-286 беттер.
18. Маяковский В.В. Собр. соч. т. 10, 274-бет.
19. Мастерство перевода – 1962.М., 1963, 131-бет.
20. Слуцкий Б. Кому переводить? Иностранная литература. 1972, ¹2.
21. Мырза Әли Қ. Таңдамалы туындыларының көп томдығы. 13-том. А., 2005, 329-330-беттер.
22. Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989, 192-бет.
23. Қабдолов З. Сөз өнері. А.,1976, 264-бет.
24. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. А., 2004,

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы - кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы "өлең аудармасы" тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, "стихотворный перевод", яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.
Көркем аударма - аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы "Жалпы аударма" курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні - көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттарының лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушы - лық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.
Зерттеудің өзектілігі. Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау - ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Аударма - лингвистика заңдылық - тарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық тәржіме - алдымен әдебиеттану нысаны. Ең бастысы - бұған дейін қазақ көркем аудармасының (рас, көбіне проза аудармасы сөз етіледі) жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ әдеби байланыстар жайында зерттеулер, кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар, аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары туралы докторлық диссертациялар дайындалғанымен, қазақ поэзия аудармасының теориялық мәселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді:
- тәржіменің теориялық ой-қисындарын жинақтай көрсету;
- өлең тәржімесінің өзіндік ерекшеліктерін таныту;
- қазақ поэзия аудармасының даму кезеңдерін белгілеу;
- поэзия аудармасының эволюциялық жолын зерттеу;
- аударманың тілді байыту тәсілдерін талдау;
- аударманың төл әдебиетке ықпалын анықтау;
- аударманың әдіс-тәсілдерін сипаттау;
- тәржіме тағылымдарын қорытындылау.

1. Поэтикалық аударманаға түсінік
1.1 Поэтикалық аударма кезіндегі проблемалар

Өркениет пен өркениеттің, халық пен халықтың танысуы, табысуы адамның адаммен танысуы, табысуы сияқты. Олар бір-бірімен танысуы үшін бір-бірінен ортақ белгілер табуы керек, ал сол таныстық ұзағынан болуы үшін олар бір-бірінен өзінен таппайтын нәрселерді де табуы керек. Танысудың осындай жолы - көркем аударма. Басқа тілде сөйлейтін басқа халықтың жан әлемін, оның мәдениетін, атап айтқанда, көркем әдебиетін аударманың көмегі арқылы танып-білуге болатындығын әртүрлі елдер халықтары қарым-қатынасының бүкіл тарихы растап береді. Әрине, аударманың бәрі бірдей таным нысанын, яғни түпнұсқаны толық бейнелей бермейді. Көркем аударма - бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесі, ал көркем аударма теориясы, іс жүзіндегі жанды тәжірибені зерттей әрі жинақтай келіп, осы үдерістің, яғни шығарманы дүниеге қайта әкелудің сипатын, сондай-ақ аударманың алдына қойылған міндетті орындайтын құралдардың сипатын анықтаумен айналысады. Тарихи тәжірибе көркем аударманың бір-біріне кереғар екі ұстанымның аралығынан табылатынын көрсетеді: аударма сөзбе-сөз дәл шығуы, бірақ көркемдік тұрғыдан толыққанды болмауы да мүмкін, сонымен бірге көркемдік тұрғыдан толыққанды шығуы, алайда, түпнұсқадан қашықтап кеткен еркін баян болуы да мүмкін. Осы екі ұстанымның басын қосып, аударманың аңсар тұтарлық үлгісі сөзбе-сөз дәл әрі көркемдік тұрғыдан толыққанды аударма болып табылады деп пікір түюдің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ аудармашы аңсар тұтатындай мұндай толық тоғысудың болуы іс жүзінде мүмкін емес: нақты бір ойды жеткізу үшін екі тілдің әрқайсысы атымен өзгеше құралдар қолданады. Мәтінді аудару барысында сөзбе-сөз дәлдік пен көркемдік кемелдік ұдайы бір-бірімен шарпысып түсіп жатады. Мәселені шешудің диалектикалық жолын іздеуге тура келеді.
Тәржіменің қоғамдық сұранысқа тәуелділігі - басы ашық жай. Басқа жағын былай қойғанда, кез келген аудармашы (бүгінгі заман аудармашыларын айтамыз) өз жұмысының жарияланатындай болуын ойлайды. Ал ненің жариялануы, ненің жарияланбауы, көбіне-көп, ненің қажет етілетіндігіне байланысты. Қоғам қажет еткен дүние әдетте, прагматикалық тұрғыдан десек те, дұрыс қабыл алынады. Әр заманда, әр қоғамда аудармаға әр түрлі ақындардың таңдалатыны сондықтан. Жаңалықтар да көбіне қоғамдық сұраныс соны қажет еткен кезде жасалады. Бұл мәселенің тағы бір қыры мынада. Аударылатын туынды ұлт әдебиетіне қажет болуға тиіс. Өзіңде бар нәрсені өзгеден іздемейсің. Демек, аудармашы таланты оның қоғамдық сұранысты сергек сезінуінен, оқырманның нені қажет ететінін дәл болжай білуінен де көрінеді.
Бүгінде бүкіләлемдік бәсеке қалыпты жайға айналды. Елдер бәсекесі тілдер бәсекесіне қозғау салмай қоймайды. Қазақ тілінің сол бәсекеде шыдас беруі үшін оның мол мүмкіндігін дәйім дәлелдеп отыру қажет. Мұның бір жолы - көркем аударма. Бүкіл әлем кітаптан бетін әрі бұрып бара жатқан мына заманда бізде бөлекше құбылыс бой көрсете қалады екен деп үміт етудің жөні жоқ. Ендігі жерде Мұхтар Әуезов айтатын әдебиет әдебиет үшін деген талапты да еске алған артық емес. Бұл ең алдымен тіл өнерінің аударма саласында байқалса тіпті жақсы. Қазіргі аудармалар ең алдымен қазақ тілінің қамы, болашағы үшін жасалуы керек. Аударма кітаптар арқылы қазақ оқырманы мемлекеттік тілдің мүмкіндігін нақты көретіндей болуға тиіс.
Еңбекте көркем шығарманы аударуға болады немесе болмайды деген ескі дауға байланысты да біршама ойлар ортаға салынған. Ойлау категорияларының әмбебаптығы сол ойды жеткізу тәсілдерінде де ортақтық орнатпай қоймайды. Капитализм әлемімен кез келген мәселеде тіреске түсу, буржуазия өкілдерінің кез келген сөзін қалайда теріске шығару әдеті, кешегі кеңестік кезеңде Батыс елдерінде белең алған "шығарманың бәрі бірдей аударуға көне бермейтіндігі" жөніндегі теорияның "тиянақсыздығын" дәлелдеуге ұмтылыс түптің түбінде аударманың бағын ашуға септігін тигізді. Кеңестік аударма мектебі әлем әдебиетінің ең қиын, ең күрделі туындыларына да қол артты. Аударуға болмайды деген шығармалар мен аударудың қажеті жоқ шығармалар дегеннің ара-жігін де ажырату жөн. Әдебиетте әу бастан тек сөзді ойнатуға немесе сөзбен ойнауға құрылған туындылар да жетіп жатыр. Аударуға болады, аударуға болмайды деген ескі даудың бір дауасы - қаламгердің туған тілдің мүмкіндігіне кәміл сенуі. Н.Любимов аудармашы өзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша көркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс дей келіп, бұған не көмектеседі деп өзіне өзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: "Бәрінен бұрын - орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады, бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім көмектеседі. Бұл сенім болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, өзге тілдің құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес" [2, 141-142 б.]. Бұл сөзді орыс тілінің орнына қазақ тілі деп қойып алып, өзімізге айтудың да әбден реті бар. "Аударма мәдениеті үздіксіз өсіп келеді. Сонымен бірге, қазіргі бар аудармалардың өзінің де маңызын елемей, оны "мәртебелі ғылымның" назар аударуына арзымайтын нәрсе деп кемсітуге болмайды. Ондай пікірден қауіпті қорытынды шығып кетуі мүмкін. Аудару арқылы, тұтас алғанда, түпнұсқаның бар қасиетін беруге болмайды деу, сөйтіп, әдебиет жайындағы ғылым үшін көркем аударманың маңызын жоққа шығару - түпнұсқаның тілін екінші тілде бейнелеуге келмейтін әлдеқандай бір құпия жазу деп бағалағандық болар еді".

1.2 Аударманың шарттары мен міндеттері

Қазақ тәржіме өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап бой көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені көрсетіледі. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге күш салатындығында. Дегенмен, әр нәрсенің өз жөні бар. Шығармашылықта еркіндіксіз болмайды. Аудармашының еркінсіп кетуі - ерсілік. Бәрі өлшеміне байланысты. Еркін аударманың хрестоматиялық мысалы, классикалық үлгісі - Лермонтовтың Гетеден аударған "Тау шыңдары". Гетедей алыптан алшақтаған, өз бетінше кеткен деп осынысы үшін Лермонтовты айыптау ешкімнің ойына келмейді. Еркін аударманың ерен түрін Абайдан да табамыз. Абайдың "Евгений Онегиніндегі" талай тұс сондай. Абай еркіндігі оған Пушкин романын арқау ете отырып төлтума дейтіндей туынды шығаруға мүмкіндік берді.
Қазақ әдеби аудармасында әлемдік тәржіме өнеріндегі әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік кездесетіні назар аударарлық. Солардың арасында бұрыннан бары - бейімдей аудару (адаптация). Оның мәнісін Мұхаметжан Сералиннің "Айқапта" басылған "Рүстем-Зорапқа" түсініктемесінен тәп-тәуір тануға болады: "Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып отырған мына "Рүстем-Зорап" қиссасы фарсы тілінде жазылған атақты "Шахнама" деген кітаптың бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры "Рүстем-Зорап" қиссасын "Шахнама" деп алып, бір жағы тәжірибе, бір жағы ұйқастыру секілді қылып немісше жазған... Соны орыс шайыры Жуковский 1846-1847 жылдары өлең қылып, арттырып, кемітіп, қалыбына лайықты етіп (астын сызған біз - С.А.) істеп шығарған. Мен оны шамамның келгенінше қазақ тіліне Жуковскийдің шығарған қалыбынан дым алыстатпай аударуға тырыстым" [9, 212 б.].
Еліктеуді толыққанды, дербес әдеби жанр ретінде тану керек, жекелеген шумақтарда кездесетін сіңіру мен тікелей реминисцен - цияның аударма ретінде қаралуы жөнсіз. Мағжан Жұмабаевтың Феттен жасаған аудармасы ретінде қаралып жүрген ("Жүрек мас") өлеңі шындығында орыс ақынының әсерімен, еліктеу түрінде жазылған төл туынды.
Диссертацияда сөзбе-сөз аударманың қазақ өлең тәржімесіне жасаған теріс ықпалы нақты мысалдармен дәлелденеді. Сонымен бірге сөзбе-сөзшілдікті, әріпшілдікті жерден алып, жерге сала берудің де жөні жоқ. Әріпшілдік - ғылыми ұғым. Оның да өзінің жөн-жобасы, жолы-жосығы бар. Егер аударма тарихында әріпшілдік әдісі болмағанда аудармадағы дәлдік те дәл қазіргі деңгейінде болмас еді. Аударма әдебиетінің құрылымындағы заңды элемент ретінде әріпшілдік өз қызметін атқарды. Негізінде, әріпшіл аударманың тәржіменің басқа түрлеріне дес бермей кететін тұстары көп-ақ. Мысалы, саяси құжаттар, әсіресе дипломатия саласының аударма ісінде әріпшілдіктен артық, әріпшілдіктен сенімді ештеңе жоқ. Ал поэзияға келгенде де әріпшілдік әдіспен жасалған аудармалардың өзіндік орны ерекше болатын жайлары кездеседі. Саймасай (эквивалентті) аудармаға тиісінше көңіл бөлінген. Саймасай аудармада мәтіннің негізгі күш түсетін тұстарын (доминанттарын) сақтау мақсатында саналы түрде жоғалтуға көнуге тура келеді. "Эквивалентті" сөзінің әу бастағы латындық этимонын еске түсіріп қойған да артық емес: "эквивалентті" - "күші тең" деген сөз. Яғни, аудармашы шығарманың оқырманға әсер күшін тең сақтауға ұмтылуы керек. Саймасай аударманың барабар (адекватты) аудармадан негізгі айырмашылығы да түпкі нәтижеге бағдар ұстайтындығында. "Барабарлықпен салыстырғанда саймасайлық түпкі нәтижеге көбірек бейім тұрады" - Л.Нелюбиннің "Тәржіметану түсіндірме сөздігінде" [10] осылай делінген. Саймасай аударманың денодаттық, коннотациялық, мәтіндік-нормативтік, прагматикалық, формалық түрлері болады, солардың бәрінің де тірелер жері - бір-біріне теңдестірілген бірліктердің мағыналық ортақтастығы.
Еңбекте көп назар аударылған тақырыптың бірі - қазақ поэзия аудармасындағы әдіс-тәсілдердің эволюциясы. Қазақ аудармасы да негізінен еркін аудармадан басталған. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер болғандықтан, оларда түпнұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын ғана жеткізуге күш салатындығында. Еркін аудармадан әріпшіл, яғни сөзбе-сөз аудармаға көшкен кезеңді толықтай кері кету деп санау жөнсіз. Әріпшіл аударма болмаса еркін аудармадан барабар аудармаға бірден секіріп өту мүмкін де емес еді. Осы арқылы өзге тілдегі туындыларға абайлап, ықтияттап қарауға көшу рецепцияның жаңа белесінің көрінісіне айналды. Саймасай аударманың жиырмасыншы ғасырда біржола орнығуына адамзат санасына нақтылықтың біржола кірігуі де үлкен себепкер болды. Қай салада да ғылыми дәлдік, қай тақырыпта да ауа жайылмай сөйлеу талап етілетін жаңа заман аударма өнеріне де өзіндік ықпалын тигізбей қоймады.
Эволюциялық тұрғыдан барабар (адекватты) аударма ең жоғары сатыда тұрғаны дәлелденеді. Барабар аудармада түпнұсқаның ерекшеліктері мен мазмұнын, оның тілдік пішінін аударма жасалатын тілдің құрылымын, стилін, лексикасы мен грамматикасын тілдің мінсіз дұрыстығымен үйлестіре отырып ескеру арқылы дұрыс, дәл және толық беру талап етіледі.
Зерттеуші аударма терминологиясына байланысты нақты ұсыныстар айтқан. Жолма-жол аударманы атымен мансұқтай сөйлеудің жөнсіздігі дәлелденеді. Жолма-жол аударманың көптеген кемшіліктерімен қатар даусыз бір артықшылығы бар, ол артықшылығы - түпнұсқадан тікелей жасалатындығы. Жолма жол (подстрочный) аударма мен жолына жол (строка в строку) аударманың арасын ашып алу керек. Жолма жол аударма деп түпнұсқаның мәтінін егжей-тегжейіне дейін, дәлме-дәл түсіріп беретін сөзбесөзге жақын аударманы айтамыз, ал жолына жол аударма - түпнұсқаның жолына тәржіменің жолы тап түсетіндей етіп аудару. Өлеңде жолына жол келтіре тұрып шебер шығару, жатық жеткізу болмайды емес, болады.
Тәржіменің түр-түріне тоқталғанда, көне тілдерден бүгінгі тілдерге, бір тілдің ескі нұсқаларынан қазіргі тілге аударуды айтқанда, бұл құбылыс бізге қатыссыз сияқты сөйлейтініміз бар. Қадым замандарда дүниеге келген фольклорлық шығармаларымызда қазіргі қазақтар түсінбейтіндей сөз кездеспейді, мұның өзі тілдің тазалығының, халықтың бірлігінің белгісі деп жатамыз. Негізінде, бұл ғылыми сипаттағы тұжырымға жата қоймайды. Бағзыдан жеткен дастандардың тілі бүгінгі әдеби тілімізден аумай тұрса, ол сол шығармалардың ауызша жеткенінің арқасы алдымен. Біздің фольклордың ғажайып көркемдігінің бір сыры да ғасырлар бойы айтыла-айтыла әбден ұштала-ұштала түскенінде, дамылсыз редакцияланғанында. Ол ұлы редактордың аты - халық. Бұл мұрамыз ғой, оны сол күйінде ғана айтуымыз керек қой деген ұғым болған жоқ ол кезде. Ал заманында тасқа қашалған, бертінде қағазға түскен халық мұрасын осы заманғы тілде қайта сөйлету дәстүрі бізде де бар.
Еңбекте тәржіменің ұлттық поэзияда тың түр табуға жасаған ықпалы нақты мысалдармен дәлелденген. Шалыс ұйқас біздің өлеңімізге Абайдың Пушкиннен жасаған аудармалары арқылы енсе, он буынды өлең Қасым Аманжоловтың Шевченко жырларын тәржімелеуі арқылы орныққан.
Поэзия аудармасына қойылар талаптарды айтқанда алдымен ауызға алынатыны сөзбе-сөзділіктен қашу, жолма-жолдылықтан қашу, шығармашылық еркіндікке құлаш ұру сияқты болып келеді. Бірақ, осы айтылғаннан өлең аудармасында сөзбе-сөздік дәлдік, жолма-жолдық көркемдік болуы мүмкін емес деген ой шыға ма? Шықпайды. Бәрі де таланттың қолында. Шын талант өзге біреу сірестіріп қоятын сөзбе-сөзділіктің өзін сырлы сұлулыққа суара алады, шын талант өзге біреу жабыстырып қоятын жолма-жолдылықтың өзін жарасымды жымдастырып жібереді. Бұл орайда Ғали Орманов аударған Пушкиннің "Қысқы жол" өлеңі нақты мысал бола алады.

Сквозь волнистые туманы
Толқынға ұқсас тұманнан
Пробирается луна,
Ай ақырын шығады;
На печальные поляны
Төңірекке мұңайған
Льет печально свет она.
Мұңды сәуле құяды.
По дороге зимней, скучной
Қысқы жолда жабырқау
Тройка борзая бежит,
Келеді аттар бұлдырап;
Колокольчик однозвучный
Жалғыз үнмен қоңырау
Утомительно гремит
Қажытады сылдырап.

Тәржіме тәжірибесіне талдау жасаған тұста аудармашы жұмысының бүкіл үдерісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінген. Әуелгі бетте түпнұсқаның мазмұнын, оның семантикалық және стилистикалық құралдарын жан-жақты зерделеу, өлеңнің ырғақтық, фонетикалық, синтаксистік құрылымдарын, пішінінің негізгі элементтерін айқындайтын белгілерді бөліп алу жұмысы жүрмек, онан кейін аударма тілінде түпнұсқаның маңызды қырларын қайта қалпына келтіруге теңдес құралдарды іздестіру басталады. Мұнан соң түпнұсқада о баста бөле көрсетілген белгілерді жаңа көркемдік тұтастыққа жинақтау жүреді. Соңғы кезеңде біткен аударма түпнұсқамен салыстырылып, түпкілікті түзетулер енгізіледі. Негізінде, осы соңғы кезең өлең аудармасына онша тән емес сияқты. Түпнұсқамен салыстырып, біткен өлеңге түзету енгізу жырдың тұтас табиғатына нұқсан келтіруі әбден мүмкін. Ол жұмыс поэзияда алдымен атқарылуы керек.
Адамды түсіну қандай қиын болса, оның жазғанын түсіну одан да қиын. Иржи Левыйдың: "Дұрыстап оқу - жұмыстың жартысын жасап тастау" [11, 119 б.] деген сөзі бар. Аударылатын мәтіндегі өмір болмысын дұрыс әрі терең түсіну - аудармашыға қойылар басты талап.
Аудармадағы ағаттықтардың, қателіктердің, кемшіліктердің әр кезеңдегі сипаты әр түрлі. Тәржімешінің когнитивті тәжірибесінің жетіспеуінен жіберілетін кемшіліктің бірі - тастап кету. Семантикалық деңгейдегі қателіктер өзгеру, ауысулардың, яғни трансформацияның дәл ұғынылмауынан орын алады. Олақтық, салақтықтан кететін қателіктерге де тиісінше көңіл бөлінді.
Өлең аудармасының өнері дегеніміз бір тұста ұтып, бір тұста ұтылып жүріп барып шығармашылық жеңіске жету. Әр жол сайын дөп табамын, әр жол сайын дәл түсемін деген адам дәл сол жолдарда тауып кеткендей болып көрінгенімен, шығарманы тұтастай алып қарағанда өлеңдік өзегінен айырылып қалып жатады. Белгілі бір дәрежеде "құрбандықтарға" саналы түрде бармайынша, шын мәніндегі көркем аудармаға қол жеткізу қиын. Ол үшін аудармашы өзі қолға алған шығармадағы тастап кетуге, алмастыруға болатын тұстарды бар жан-жүрегімен, бар ақыл-ойымен, бүкіл болмыс-бітімімен сезінуге тиіс. Ең бастысы - нақпа-нақ білуге тиіс. Түйсікке сене беру, шабытқа арқа сүйей беру түптің түбінде бір опындырмай қоймайтыны сөзсіз. Абзалы, аудармашының ақын ғана емес, тарихшы, этнограф, тілші, сыншы, мәдениеттанушы болып жатқаны керек. Аудармашылық өнер мен ғылымның арасында тұруға тиіс дейтініміз де сондықтан.
Реалиялар аудармаларына да назар салынған. Ең алдымен түпнұсқаның рухын дәл табу, негізгі айтар ойын дәл аңдау, басты бейнелерін дәл жеткізу шарт. Қалғаны - екінші қатардағы нәрселер. Тіпті бір қарағанда реалия сияқты көрінетін сөздердің, атаулардың өзі шындап келгенде өлең өрнегін айшықты ете түсуге, дыбыс үндестігін күшейту арқылы әсерді арттыруға қызмет етіп қана тұрғанын көреміз.
Диссертацияда рецепция проблемасына да тиісінше көңіл бөлінген. Бір қоғамның басқа елде немесе басқа дәуірде пайда болған әлеуметтік және мәдени формаларды қабыл алуы әдеби ауыс-түйістен алдымен көрінеді. Көркем мәтінді қабыл алушы, пайымдаушы ретінде аудармашының өзі субъективті тұлға екені талассыз. Әрі тәржімеші мен автордың дүниетанымында да өзгешелік болатындығы сөзсіз. Оның үстіне қабыл алушы (реципиент) - коммуникативтік актінің қатысушысы ретінде оқырманның өзі де субъективті тұлға.
Зерттеуде аударылған мәтіннің қабыл алынуында оқырман менталитетін, тіл заңдылықтарын ескерудің қандайлық үлкен орын алатыны айтылады. Қазақ тілінде орыс тіліндегідей род жоқтығына байланысты туындайтын проблемалардың өзі бірқыдыру. Мысалы, Абайдың Лермонтовтан аударған "Жартас" өлеңіндегі суреттелген жай қазақ оқырманын орыс оқырманындай толқыта қоймайды. Себебі, біз жартасты, яғни мужской родтағы "утес-ті" ер кісінің метафорасы, ал женский родтағы "тучка-ны" жас қыздың метафорасы ретінде соншалықты табиғи қабыл алмаймыз. Мұндай ойлау жүйесі бізге тән емес. Тегінде, ұлттық ойлау жүйесінен шалғай тұрған шығармалар аудармаға көнбейтін болуы да мүмкін.
Аудармадағы ағаттықтардың типологиясы екшеледі. Тіларалық омонимдер, идиомаларды берудегі қиындықтарды айтпағанда, отызыншы-қырқыншы жылдарға дейін мәтіннің мәнін дәл ұқпаудың өзі жиі кездесіп тұрды.
Абайдың Пушкин романынан жасаған нұсқасының жанрлық табиғаты жөнінде қазақ әдебиеттануында едәуір материал қордаланып үлгерді. Абай жасаған асыл нұсқаның белгілі бір анықтаманың аясына сыя қалмайтыны, қатқан қалыпқа дәл түсе қоймайтыны - ақын ұлылығының тағы бір айғағы. Шериаздан Елеукеновтің: "Хаттарда" аударма атаулының бар түрі кездеседі. Дәлме-дәл яки бара-бар, еркін тәржіма және сарындастық тәржімаға қатысты шамалы еліктеу, дербес шығармаға тән қасиеттер түгел ұшырасады" [12, 247 б.] деуі сондықтан. Қалай болғанда да Абай Пушкиннен атымен аударма жасамаған деудің реті келе қоймайды. Абайдың Пушкиннен сөздің бүгінгі мағынасындағы аударма жасамағандығы - басы ашық жай. Абай өзінің "Евгений Онегинін" туындатқан. Қалай туындатқан? Біздің пікірімізше, Абай өзінің "Евгений Онегинін" негізінен алғанда аудармалық лирика [13] тәсілімен туындатқан. Түпнұсқаға шығармашылық еркіндікпен қараған, кейіпкерлер болмысына өз байыптамасын жасаған, туындының табиғатын қазақ реципиентінің қабыл алуына лайықтап келтірген.
Абайдың "Евгений Онегиннен" аудармаларында ақынның сөз сәйкестігінің де, бейне баламалылығының да, уәзін, екпін, ұйқас, интонация барабарлығының да үздік үлгісін жасағандығына мына жолдарды орысша-қазақшасымен текшелеп қойып шыққанда да көз жетеді.

Но так и быть. Судьбу мою
Не болса да өзімді

Отныне я тебе вручаю
Тапсырдым сізге налынып

Перед тобою слезы лью
Толтырып жасқа көзімді

Твоей защиты умоляю
Есірке деймін жалынып

Абайдағы нақтылық, сәйкестік назар аударарлық. "Кто ты, мой ангел ли хранитель" - "Шыныңды айт, кімсің тербеткен, Иембісің сақтаушы?". "Ангел-хранитель" ұғымын дәл осылайша жатық жеткізу церковнославянизмдер табиғатын тамыршыдай тап басып танудың жемісі. "Или коварный искуситель" - "Әлде азғырып әуре еткен, Жаумысың теуіп таптаушы". "Искушение" ұғымын " азғырып әуре ету" деп алған Абай "коварный" сөзінен сол "искусительдің" тұлғаны "теуіп таптайтын" сұмдығын сезіндіреді. "Мои сомнения разреши" - "Шеш көңілімнің жұмбағын", "Быть может это все пустое" - "Әлде бәрі алданыс". Эквивалентті дейсіз бе, эквиритмді дейсіз бе, адекватты дейсіз бе, дәлме-дәл дейсіз бе, жолма-жол дейсіз бе, тіпті сөзбе-сөз дейсіз бе - жалпы, аударма теориясындағы талаптардың бәріне бірдей жауап бере алатын шумақтар. Ал енді "Обман неопытной души..." деген жолдан "Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс" деп шығаруға тіпті айтар сөз жоқ.
Абайдың алыптығы Лермонтовтан аудармаларынан тіпті бөлекше көрінеді. Ақын атамыз қазақ поэзия тәржімесінің шыңға шыққан шедеврлерін тап осы Лермонтовтың өлеңдерін аудару арқылы жасаған болатын. "Қараңғы түнде тау қалғып" - аудармадағы көркемдіктің, бейнеліліктің, әуезділіктің, дәлдіктің эталоны. Лермонтовтағы "тау шыңдарын" "тауға" түсіріп, асқақтаған шыңы жоқ Шыңғыс тауына келтіріп, "аңғарды" жазық "далаға" ауыстырып, Қарауылдың айналасына айналдырып жіберген данышпандығының арқасында Гете картинасы қазақ жеріне көшкен де қойған. Тегінде, Абайға Пушкиннен гөрі Лермонтов жақынырақ болған деп айтудың реті бар. Абай өз жанының қажетін Лермонтовтан көбірек тапқандай. Мұның өзі оның Лермонтов өлеңдерінің денін таза аударма күйінде шығаруынан, ал Пушкинге келгенде еркіндікке дес беріп, өз бетінше пайымдама жасауға, кейіпкерлердің мінез бітімін, кісілік болмысын өз қалауынша өзгертуге бейімдігінен де көрінеді. Пушкинге Абай жарыса сөйлесе, Лермонтовқа қосыла сөйлейді. Қазақ поэзиясы көркемдік нақтылық, бейне дәлдігі сипаттарына ие болғаны үшін Абай аудармаларына да қарыздар.
Ұлттық мәдениеттердің бетбұрысты белестерінде аударманың алар орны арта түседі. Қазақ қауымы үшін осындай белес - Абай дәуірі. Академик Сейіт Қасқабасов дәуірге, қоғамға сәйкес белгілі бір жанрлар актуальды сипат алып, басым түсіп жататынын айта келіп, "Мысалы, ХҮ-ХVІІІ ғасырларда қазақ қоғамы мен тарихы үшін елді қорғау, жауға тойтарыс беру аса маңызды саналды", "Сол сияқты ХІХ-ХХ ғасырларда ақындар айтысы, лирикалық жанрлар шыға бастады. Олардың басты функциясы - эстетикалық болды, бірақ басқа сипаттарын да жоғалтқан жоқ" [14, 20 б.] деп көрсетеді. Яғни, сол тұста сыртқы жаудан тыншу тапқан қазақ елі өз ішіне үңілуге, адамның жанына бойлауға, сезім жайын ойлауға мүмкіндік алған еді. Абай аудармалары қазақ тілінің ғажап мүмкіндігін көрсетіп берді. Абай өз өнегесімен қазақ әдебиетінің іргесін жоғарырақ түріп, түндігін толығырақ аша алды: мұнан былай ұлттық сөз өнерімізге сырттан самал да көбірек есетін, төбеден күн нұры да көбірек түсетін болды.

Поэтикалық аударма ерекшеліктері
Поэтикалық аудармада кездесетін қиындықтар

Аударма саласы -- мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Ол туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек, күн тәртібінде тұра бермек. Және солардың актуальдылығы -- белгіл кезеңдерге байланысты жағдай. Аударма туралы қай кезеңде не айтылса да маңызын жоймайды, өйткені ол қашан да жаңа, соны проблемаларға жол ашады, мұрындық болады. Ол проблемалардың негізгісі, бір сөзбен айтсақ, аударманың әсіресе классикалық шығармалар аудармасынын, көркемдік дәрежесі, оны екінші тілде жасаудың жолдары.
Аударма өнері, аударма үлгілері, ең алдымен, әр дәуірдің жемісі болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық дәуірде, барлық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні, ертеңгі бүгінгіні алдына үлгі ете отырып, соның жетістіктерін пайдаланады, өз тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп, аударманы алға дамытады.h4
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы сәт қадамынан бастап-ақ аудармалық шығарманың жалпы мазмұнын, идеясын беру мақсаты дұрыс ұсталды. Және оқырман ұғымы, талғамы, талабы еске алынып отырды. Аударып отырған ақынның, жазушының идеялық-көркемдік ерекшелігін дәл жеткізу -- Абай аудармаларында тамаша іске асырылды. Ал осы қасиеттердің бәрі күні бүгінге шейін аудармада ұсталатын негізгі бағытқа кіреді, соның проблемалары болып саналады.
Жақсы аударма, жаман аударма ұғымдары бізде жиі қолданылады. Мұның біріншісі: аудармашы шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін жақсы бере білген деген сияқты сөздермен сипаттала салынады.
Екіншілерге айтылатыны және едәуір өкінішпен айтылатыны аударма төңірегінен кәсіп іздеушілер, пайда тапқыштар туралы болып кете береді. Сөйтіп, біріншілер аударма өнерінің сара жолында тұрғандар дәлінеді де, аударма өнерінің барлық табысы, жетістігі соларға танылады. Ал, аудармалардағы мешеулік, кемшілік пен жетіспеушілік, сорақылық дегендер жаңағы кәсіп іздеушілердің еншісіне күні бұрын бөліне салынады. Ал, мәссленің байыбына бара қарасақ, жаңағы еншілеудіц екеуінде де үстірт қорытынды, біржақтылық бар.
Біздің аударма өнерінде етек алған тәсілдердің ең бастылары деп еркіи аударма, жолма-жол аударма ұғымдарын айта аламыз. Шынында да, аудармаға еркін аударма немесе жолма-жол деп айдар тағудың өзі аударма өнеріндегі көркемдік. дәлдік, адекваттық талаптарға орайлас туғаны анық. Бұл талаптардың үдесінен шығу біреулерді еркіндік жолына, енді біреулерді түпнұсқаға байланған жолма-жолдың тәсіліне әкеп маңдай тіретті.
Тіпті жолма-жол аударманың өзінде таңғажайып сырлар, жолдар бар екені аян. Аударма мәдениеті өскен сайын жолма-жол аудару әдісі де кеңіп, өріс ала бастады деуге де бүгінгі күннің шындығы бар. Сол тәсілмен аударылған шығармалар да көп. Олай болса, жолма-жолдық ұғымы толық сөз етілуі, оның біздегі кейбір жақсы да, жаман да жақтары көрсетілуі керек. Айта кетейік жолма-жолдың әдісін қолдаушылар негізінен, дұрыс пікір ұсынады. Олар аударма түпнұсқаға жақын болған сайын автордың стилі, үні толық беріледі дейді. Ал осы дұрыс пікірдің өзі тәжірибеде бір тілден екінші тілге жай кешіре салу әдісін туғызды. Шынын айтсақ, мұның аударма өнерімен байланысы шамалы еді. Бұл әдіс бір ғана бізде емес, басқа ұлт әдебиетінде де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ ӨЛЕҢІН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Поэзиялық шығармаларды аудару
Әннің аудармасының ерекшеліктері
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Аударма сапасының бағалау мәселелері
Жазбаша аударма және оның түрлері
Аударма және өркениет
Бір тілдегі мәтінді екінші тілдегі мәтінмен ауыстыратын тілдік операция
Аударма түрлеріне жалпы түсінік және қалыптасу кезеңдері
Қазақ поэзиясының тарихи контексті
Пәндер