Әлеуметтік норма



Мазмұны

Кіріспе 3
1. Әлеуметтік норма түсінігі 4
1.1 Әлеуметтік норма мазмұны 4
1.2 Әлеуметтік норма функциялары 6
2. Әлеуметтік нормалардың түрлері 9
2.1 Моральдық норма 11
2.2 Корпаративті норма 12
2.3 Әдеп ғұрыптық норма 13
2.4 Құқықтық норма 21
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 26
КІРІСПЕ

Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы норималарды,жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,әрекет жасау мүмкіндігі.Мысал,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Екіншіден, «құқық» деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,соған сай келетін заңдардың,өзге де нормативтік-құқықтық актілері » болып табылады.Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.Мысалы,конституциялық,әкімшілік,азаматтық,еңбек,қылмыстық құқық .Төртіншіден, «құқық » термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.Мысалы,құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.Құқықтың негізгі үш тірегі бар:имандылық,қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да,абыройы да жоғары болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен,орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы 2004 жыл
2.Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2003 жыл.
3.Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері.- Алматы: Жеті Жарғы 2003жыл.
4.Ашитов З.О. Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері.- Алматы: Жеті Жарғы, 2003 жыл.
5.Ашитов З.О. Егемен Қазақстанның құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы,2003 жыл.
6.Жоламанов К.Д. Мемлекет және құқық теориясы.- Алматы: Эверо 2004.
7.Н.И.Матузов.А.В.Малько Теория государства и право .-Москва. Юристь 2005.
8.Т.Н.Радько.Теория государства и право.-Москва.Академический Проект 2005.
9.М.И.Абдулаев. Теория государства и право.-Питер 2003
10. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы А,98.
11. Қайрат Сапарғалиев Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi А, 94.
12. А. Ибраева, Н. Ибраева. Теория государства и права А, 2000.
13. Т.Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясы,2008.
14. А. В. Малько Теория государства и права М., 2000, Юристъ.
15. Лзарев В.В Теория государства и права М,1992га.
16.Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы: Жеті Жарғы, 2001.
17.Баймаханов М.Т. Мемлекет және құқық негіздері.-Алматы: Жеті Жарғы, 2000 жыл.
18.Жоламан Қ.Д. Мұхтарова А.Қ. Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. –Адматы: Эверо, 2004 жыл.
19.Табанов С.А Құқық теориясы мен сот жүйесінің конституциялық негіздері. –Алматы: Жеті Жарғы,2003.
20.Хропанюк В.Н. Теория государства и права.- Москва: Интерстиль, 1997 жыл.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Әлеуметтік норма түсінігі
4
0.1 Әлеуметтік норма мазмұны
4
0.2 Әлеуметтік норма функциялары
6
1. Әлеуметтік нормалардың түрлері
9
0.1 Моральдық норма
11
0.2 Корпаративті норма
12
0.3 Әдеп ғұрыптық норма
13
0.4 Құқықтық норма
21
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
26

КІРІСПЕ

Қоғамның объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар:біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы норималарды,жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық пргрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп,қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, құқық деген ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,әрекет жасау мүмкіндігі.Мысал,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Екіншіден, құқық деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,соған сай келетін заңдардың,өзге де нормативтік-құқықтық актілері болып табылады.Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады.Мысалы,конституциялық,ә кімшілік,азаматтық,еңбек,қылмыстық құқық .Төртіншіден, құқық термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады.Мысалы,құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз.Құқықтың негізгі үш тірегі бар:имандылық,қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да,абыройы да жоғары болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен,орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

1. Әлеуметтік норма түсінігі
1.1 Әлеуметтік норма мазмұны

Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін -- ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау -- экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты -- экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде кұрылран пропоршюналдык -- жоспарлылык болып табылады.
Жосларлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау 1 схемада көрсетілген классификацияға сәйкес жіктеледі:
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).
Жоспарлау мерзіміне байланысты: ұзақ мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне) байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау (демография процесстерін, халықтың өмір сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау (ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы); экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау).
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-- мемлекеттік экономика саясатын және экономиканы мемлекеттік реттеу шараларын жасау;
-- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
-- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
-- барлық экономикалық шешімдердің үйлестілігін қамту;
-- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия -- ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында генерал шеберлігін береді.
Стратегиялык жоспарлау -- Үкіметтің, аумақ құқықтарынің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.
Стратегиялық жоспарлау -- ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау -- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.
Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты -- ұлттық эконоімиканың бір қалыпты дамуын, оның кұрылымдық өзгерістерін, дағдарысты жағдайлардың алдын-алу және олардың ықпалын жұмсарту, елдің экономикалық және саяси тәулсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, индикативті жоспарлау төмендегі талаптарға сай болуы шарт:
-- республика экономикасын мемлекеттік реттеуде қолданылатын құралдардың тиімді болуына қол жеткізу;
-- нарық механизмдерінің әрекеті негізінде экономиканың өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз ету және шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзіндік экономикалық белсенділігін пайдалануына кеңінен жағдай жасау;
-- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
-- аумақтық экономикалық саясаттың тиімділігін камтамасыз ету.

1.2 Әлеуметтік норма функциялары
Қоғам -- әлеуметтік институттардың біртұтас жүйесі. Әлеуметтік институттардың әрқайсысы өзінің функцияларын, міндеттерін атқара отырып, қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз етеді. Қоғамдағы орнына, атқаратын міндеттеріне, қызметінің сипатына қарай оларды ғалымдар бірнеше топқа біріктіре отырып қарастырады. Айталық, бірінші топта -- экономикалық институттар. Олар ұлттық және трансұлттық корпорациялар, қоғамдық өндірісті, шикізат өнімдерін өңдеуші барлық зауыт, фабрикалар, экономикалық бірлестіктер, шағын және орта кәсіпорындар мен шаруашылықтар, индустрия және ауыл шаруашылығында қызмет көрсетуші субъектілер, шару шаруашылықтары, экономика институттарын өзара байланыстырушы жүйелер, банктер т.б. Әлеуметтік қызметтері -- өндіріс жиынтығын қамтамасыз ете отырып, қоғамдық байлықты жасау және оны бөлу, экономиканы қоғамның басқа салаларымен үйлестіру. Сонымен қатар заң талаптарымен санаспай, табысы үкімет назарынан тыс қалып жатқан көлеңкелі экономиканың да қоғамда орын алып келе жатқанын ескеру қажет.
Екінші топта -- қоғамның саяси ұйымы: мемлекет (заң шығарушы, атқарушы және соттық билік жүйесі); саяси партиялар (әлеуметтің әркелкі топтары мен қабаттарының мүдделерін бейнелей отырып, бұл мәселелердің мемлкеттің қатынасуымен шешілуін қамтамасыз ету, оған бақылау жасау және бұл істерге тікелей ат салысу, қоғамдық сана мәселері); мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар (халық және оның әркелкі әлеуметтік топтарының өмірлік мүдделерін бейнелеу, шешу немесе оны мемлекет алдына қою, мемлекетпен бірлесе отырып іске асыру). Саяси ұйымның аталған үш элементтерінің (институттарының) қызметтері -- қоғамның өркениет жолымен басқарылуын, дамуын қамтамасыз ету және өркениетті даму идеологиясын, стратегиясын жасау, құндылықтарын нақтылау негізінде әлеуметтік ұйымдастыру. Әрине, жеке тұлға да басқару субъектісі. Ол ешбір ұйымға, партияға енбей-ақ, өзінің ғылыми, жасампаздық, мамандық еңбектері арқылы, ақпарат құралдарын пайдалану, сайлау құқын адал пайдалану т.б. жолдармен басқару, бағдарлау ісіне өз үлесін қоса алады. Сайлаудың демократиялық мүмкіндігін өзі мен халық таңдырын сеніп тапсыратын тұлғаларды дұрыс таңдауға саналы түрде пайдалану оның қоғам игілігіне тікелей қосқан үлесі деуге болады.
Келесі топта -- әлеуметтендіру институттары: отбасы, балабақша, мектеп т.б. білім мекемелері, арнайы мәдени қызмет көрсету институттары (театр, әдебиет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, музей, кітапхана т.б.). Міндетті қызметтері -- жас ұрпақты қоғам мен әлеуметтік уақыт талабына сай жан-жақты тәрбиелеу, әлеумет мәдениетін, денсаулығын, интеллектуалдық рухани байлығын, азаматтық тіршілігін қамтамасыз ету. Төртінші топта -- әлеуметтік бақылау институттары: сот жүйесі; ішкі қоғамдық тәртіпті, елдің қауіпсіздігін сақтау, ел іргесін қорғау органдары жүйесі және заңды бұзғандарды түзету мекемелері. Бұлардың қызметінің негізі -- заң, Ата заң рухында даярланған заңдық -- нормативтік құжаттар. Әрине, заңды оны қорғаушылардың өзі бұзса, өте өкінішті.
Сөйтіп, аталған әлеуметтік институттар өзінің тиісті қызметтерін барынша тиімді атқарса, қоғамның жоғары дамыған өкениетті әлеуметтік кеңістік екеніне еш күмән болмайды.
Қызметін атқаруға дәрменсіз әлеуметтік институт дисфункцияға (тиісті қызметін атқара алмауы) шалдығады. Оны реттеудің екі жолы бар. Біріншісі -- оның қызметі ел үшін әлі қажетті болса, онда оны рефомалау. Құлаққа жиі естілетін реформалау ұғымының негізгі мәні де осында. Мекеме (ұйым) жұмысын қазігі сұранысқа сәйкестендіріп реттеу (мәселе кадрда ма, нормативтік құжаттарда ма, әлде дұыс басқаылмай ма, соны нақтылау арқылы), қажетті жолға салу. Екіншісі -- қызмет етуге дәрменсіз, түзетуге келмейтін мекеме ретінде оның ісін тоқтату. Кей жағдайда өз уақытында қажетті болған, жаңа кезеңде қажеттілігі қалмаған институттар да енді өз қызметін тоқтатады.
Кез келген әлеуметтік институттың пайда болып, қалыпты қызмет етуінің, яғни институттануының және қызметінің тиімді және дұрыс орындалуы мына факторларға байланысты:
* бұл мекеменің (ұйымның) қызметіне қоғамдық сұраныстың болуы;
* мекеменің (ұйымның) заңдық, нормативтік негіздері мен мақсат, міндеттерін дұрыс анықтаған құжаттардың болуы және реттелуі;
* әлеуметтік институттың функцияларын орындаушы маманданған кадрладың жеткіліктігі және олардың біліктілігі;
* мекеме немесе ұйым алдына қойылған функцияларды атқаруды қамтамасыз ете алатын матеиалдық базаның болуы.
Істі атқарушы адамдар осы институт қызметі идеясын және міндеттерін өзінің ісі деп қабылдап, оны ішкі түсінігіне және қажеттілігіне айналдырған жағдайда ғана олар барлық күш-жігерімен еңбек етеді. Ал шын ниетімен емес, тек роль атқарушы адамдар да (тіпті осы істің маманы бола тұра), өмірлік тәжірибеде кездесіп тұратын құбылыс. Бұлар қызметі арқылы өздері қызмет етіп жүрген әлеуметтік институттардың қоғамдық міндеттерін дұрыс атқаруына нұқсан келтірері сөзсіз.

1 Әлеуметтік нормалардың түрлері

Әлеуметтік нормалардың түрлері екі негізгі белгісі бойынша шектеледі:
1) оларды орнату тәсілі бойынша;
2) оларды қамтамасыз ету шарасының сипаты бойынша.
Әлеуметтік нормалардың түрлеріне жататындар:
1) мораль нормалары (адамгершілік) - бүл адамдардың жақсы мен жаман, жақсылық пен зұлымдық, әділіттілік пен әділетсіздік туралы көзқарастарына қатысты қоғамда бекілілетін және қоғамдық пікір күшімен немесе ішкі көндірулермен (мысалы, қарт адамға қоғамдық транспортта орын беру, таңертең көршімен амандаспау) қорғалатын мінез құлық ережелері;
2) қоғамдық бірлестік нормалары (корпоративтік нормалар) - бұл қоғамдық ұйымның өзімен бекітілетін және осы ұйымдардың жарғысында көрсетілген қоғамдық мәжбүрлеу шаралары арқылы қорғалатын мінез құлық ережелері. (мысалы, жазушылар немесе бау-бақшашылар одағының жарлығында көрсетілген белгіленген мінез құлық ережелерін орындамау оларды бұл бірлестіктен шығаруына әкеп соқтырады). Басқаша айтқанда, корпоративтік нормалар тек ішкі қатынастарды реттейді: - қоғамдық бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) еркін білдіреді;
3) салт-дәстүр, әдет-ғұрып нормалары - бұл белгілі бір қоғамдық салада тарихи даму үрдісінде қалыптасқан мінез құлық ережесі; көп рет қайталану нәтижесінде әдетке айналып, соның арқасында олар қоғамдық пікірде қолдау тауып қолданылып келеді(ер адамдарда қол алысу, бірінші төлқұжатты беру);
4) құқық нормасы - мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формалді анықталған мінез құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың ерекшеліктері:
1) мұнда реттеу пәні терең әлеуметтік - қоғамдық қатынастар;
2) субъектілік құрамы әлеуметтік сала өкілдері ретіндегі тек адамдармен ғана байланысты.
Әлеуметтік нормалардың түрлерінен құқық нормасын (құқық) бөліп көрсетеді.
Егер құқық нормасын нормамен, мысалы моральмен салыстыратын болсақ олардың бірлігі және айырмашылығы бар.
Бірлігі:
1) әлеуметтік норма жүйесінде олар әмбебап, барлық қоғамға таралатын болып көрініс табады;
2) олардың реттеу объектісі бір - қоғамдық қатынастар;
3) соңғы есепте қоғамнан туындайды.
Айырмашылығы:
1) пайда болуы бойынша (егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, ал құқық - мемлекетпен бірге);
2) көрініс табу нысаны бойынша (егер мораль қоғамдық санада болса, ал құқық - жазбаша нысанға ие арнайы нормативтік актілерде болады);
3) әрекет ету ауқымы бойынша (егер мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттесе, ал құқық әлде қайда маңызды және реттеуге келетін қатынастарды);
4) әрекетке енгізу уақыты бойынша (егер мораль нормалары әрекетке мойындалғаннан кейін енгізілсе, ал құықтық - нақты бекітілген мерзімде);
5) қамтамасыз ету тәсілі боынша (егер мораль нормалары қоғамдық мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал құқық нормалары - мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен);
6) бағалау өлшемі бойынша (егер мораль нормалары жақсылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, ал құқық нормалары - заңды және заңсыз, құқықтық және құқықтық емес тұрғыда реттейді).
Қоғамдық қатынастарды реттеу үрдісінде құқық пен мораль өзара әрекеттеседі. Олардың талаптары көп жағдайда сәйкес келеді: құық қолдайтын және даттайтынды ережеге сай моральда қолдап, даттайды. Және керісінше көптеген құқық нормалары нравствендықтан (өлтірме, ұрлама және т.с.с.) туындайды.
Корпоративтік нормалар құық нормаларына ұқсас, өйткені:
1) заңдық нормалар сияқты жазбаша актілерде - жалпы жиналыстарда, конференцияларда, съездерде қабылданатын құжаттарда (мысалы, жарғыда, шешімдерде) бекітіледі;
2) ұйым мүшелеріне міндетті сипатқа ие;
3) жүзеге асыруда ішкі бақылауды қажет етеді;
4) өз нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету құралдарының тіркелген толық құрамырамына ие;
5) нормалар жүйесі, яғни реттелген мінез құлық ережелерінің жиынтығы ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар құқықтық және корпоративтік нормалар арасында келесідей айырмашылықтар бар:
1) егер құқық нормалары мемлекетпен қабылданса, ал корпоративтік нормалар - сәйкес құрылымдармен қабылданады;
2) егер құқық нормалары мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілсе, ал корпоративтік - берілген ұйымның қоғамдық пікірінің күшімен;
3) егер құқық нормалары жалпыға міндетті болса, ал корпоративтік нормалар тек сәйкесінше ұйымның мүшелеріне ғана міндетті;
4) егер құқық нормалары қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттеуге арналса, ал корпоративтік нормалар - тек ішкіұйымдастырушылық.

4.1 Моральдық норма
мораль нормалары (адамгершілік) - бүл адамдардың жақсы мен жаман, жақсылық пен зұлымдық, әділіттілік пен әділетсіздік туралы көзқарастарына қатысты қоғамда бекілілетін және қоғамдық пікір күшімен немесе ішкі көндірулермен (мысалы, қарт адамға қоғамдық транспортта орын беру, таңертең көршімен амандаспау) қорғалатын мінез құлық ережелері;
Моральдық нормаларды білу іс-әрекеттердің моральдылығын білдірмейді. Сол себептен кәсіптік қызметтің білімдері тәжірибемен өзінің мағынасын сақтап қалады деп қабылдаған жөн - олар кәсіптік қызметте аздап пайдалануы да пайдаланбауы да мүмкін. Бұл жағдайда "екі моральдылығы бар" деп аталатын тұлғамен істес болуға тура келеді. Бұл тұлға теориялық жағынан адамгершілік сұрақтарына, соның ішінде кәсіптік мораль сұрақтарына да тез бейімделе алады, бірақ та бұл талаптарға бағынуды міндетті емес деп есептеледі. Жоғары адамгершілікті дамыту және қалыптастыру, оны шектеулі ету, өзінің тұлғатығының ажырамас бөлігі ету талпыныстары маманнан білімді ғана емес, сонымен қатар бүкіл еңбек жолында және өмір жолында өз-өзімен жұмыс жүргізуді талап етеді.
Адамгершілік ұстанымдар - бұл кәсіптік моралға және тәжірибеге негізделген әлеуметтік қызметкердің ұстанымы. Адамгершілік ұстанымдар маманның тұлғалық дамуында және оның санасындағы жоғары деңгей. Бұл терең және жан-жақты белгілі моральдық нормалардың тұлғалық бағасымен, олардың әлеуметтік тәжірибеде тексерілгендіктен, өмірлік және кәсіптік тәжірибемен де тексерілгендіктен осылай есептеледі. Адамгершілік ұстанымдар маманнан өз еңбегін істің қызығушылығы тарапынан қарауды, қоғам мен клиентке жағымды әркеттер жасаудың және қандай әрекеттер жасауға міндетті екенін анықтап алуды талап етеді. Адамгершілік ұстанымдар маманның кәсіптік қыщметке теориялық және тәжірибелік тұрғысынан дайындығын көрсетеді, әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі іс-әркеттері мен тәртібіне саналық қатынасының негізі болып табылады. Бұл тұлғаның еріктік қасиеттерін қалыптастыруға және қоршаған шындылыққа тұрақты моральдық жауап беру формаларын қалыптастыруға қатысады.
Бірақ та адамгершілік ұстанымдар өздік қасиеттерімен де сипатталады. Сол себептен жұмыстың күнделікті тәжірибесінде тұлғаның өзіндік ұстанымдарына қарсы жағдайлар кездесуі мүмкін, жағдайлық себептер өзіндік ұстанымдардан қарағанды маңыздырақ кездеседі. Бұл жағдайда тұлға өз-өзімен және өзінің принциптерімен қарама-қарсы шығады.
Адамгершілік қажеттілік - әлеуметтік қызметкердің адамгершілік санасының жоғары деңгейі. Ол кәсіптік этика талаптарының сақталуына деген моральдық қажеттіліктің болуымен сипатталады. Кәсіптік этика талаптарының сақталуы адамның ішкі қажеттілігіне айналған кезде, ол этикалық принциптерге негізделген өзінің барлық еріктік және эмоционалдық қасиеттерін ұйымдастырады, этикалық қиын проблемаларды адамгершілік тұғысынан шешуге кұш салады. Бұл жағдайда кәсіптік этика талаптарын сақтау қажеттілігі тұлғаның тұрақты қасиетіне, оның өзінің іс-әрекеттері мен тәртібін ұйымдастыратын, ар-ұят пен намысының ісі қылдыратын қуаты күшті факторға айналады. Маман өзінің адамгершілік қажеттіліктерін басшылыққа ал отырып, оның жамандық пен жақсылық критерийлерін жауап бермейтін көзқарасына сәйкес келмейтін іс-әрекеттерге, бірақ жағдайлық қажеттілік болғанда, бармайды.
Әлеуметтік қызметкердің тұлғалық адамгершілігі белгілі бір жұмыс ұжымында қабылданған моральдық нормалардың әсеріне ұшырайды. Бұдан бұл қызметкер тек қана олардың этикалық идеалдарын үйренбейді, сонымен қатар моральдық қатынастардың күнделікті тәжірибесінде шындықты қарама-қарсы қоя білу керек. Бұл ережелер ең біріншіден кәсіптік моральдың мазмұнына әсер етіп, оны түзетеді.
Кәсіптік моральдың әлеуметтік қызметкердің адамгершілік білімдерінің қалыптасуында, ұстанымдар мен қажеттіліктерінің қалыптасуында ролі зор. Бұл оған бұл маманның өкілі ретінде талап ететін позицияла мен өзіндік адамгершілік позицияларын бір-бірімен ұштастыруға көмектеседі, әр түрлі моральдық талаптарға бағынуға көмек береді.
Осыдан әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті оның адамгершілік және тұлғалық қасиеттерімен анықталады.
Әлеуметтік жұмыс пен нақты әлеуметтік қызметкерлердің қызметін шектейтің ресми құжаттардан басқа, кәсіби маман мен оның клиентінің арасында бірлескен жұмыстың мақсаты мен әрекет ету сипаты , жұмыс жасау барысы туралы анық және нақты келісім болуы тиіс. Бұл клиент пен әлеуметтік қызмет арасында жасалған келісімшарт болуы мүмкін, өтініш немесе клиенттің әлеуметтік қызметке жолдаған басқа да құжат болуы мүмкін.

4.2 Корпаративті норма

Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз қоғамдық ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында, ережелерінде, шешімдерінде бар болатын, белгіленген жүріс-тұрыс ережелері.
Айырмашылығын көрсететін ерекшеліктер:

Жалпы ерекшеліктері:
ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ МЕН КОРПОРАТИВТІК НОРМАЛАР:

Айқын, нақты жүріс- қамтамасыз ету дәрежесі
тұрыс ережелері болады;
Арнайы актілерде мәжбүрлеу түрлері;
баяндалған болып келеді;
құқық нормаларының
Нормалары жүйеге басымдылығы.
келтірілген болады.

4.3 Әдеп ғұрыптық норма

Құқықты жүзеге асыру нысаны:
Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы т.б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезенде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.
Әдет-ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.
Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т.б. Әдет -- адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Әдеттілік -- моральдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі. Әдеттілік ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқгы жалпы халықгық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.
Прецеденттік құқық нысаны -- белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыкқа алынып отырады. Оның екі түрі бар:
а) соттық прецедент; ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі).
Заң ғылымы -- (құқықтық доктрина) -- құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.
Нормативтік шарттар -- қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады... Мысалы: ГФР -- ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б
Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.
Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі: біріншіден -- нормативтік актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады; екіншіден -- құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.
Нормативтік- құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:
1. Құқық нысаны туралы арнаулы заң қабылдауды тездету керек. Ол заңцы қүқық нысанының барлық түрлерінің маңызын, рөлін көтеруге бағыттау.
2. Кеңес Одағының, дамыған елдердің жақсы тәжірибесін пайдалануға көңіл бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.
3. Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші рөлін, Конституцияның маңызын күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші, сенімді жолы.
Құқықтың қоғамдағы атқаратын істері сан алуан. Соған сәйкес нысаны да, оның түрлері де толып жатыр:
-- құқықтың тарихи ескерткіштері;
-- тарихи ескі мұралар;
-- археологиялық қазба деректер;
-- заң жұмыстарының тәжірибесі;
-- заңгерлердің еңбектері;
-- заң бағытындағы ғылыми еңбектер;
-- құқықтық шарттар;
-- нормативтік актілер;
-- заңдар, заңға тәуелді актілер.
Міне осы көрсетілген құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге болады.
Мемлекеттік органдардың қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни нормаларда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік бірлестіктердің, одақгардың, ұйымдардың, ұжымдардың, саяси партиялардың, кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны болады.
Құқықтың ең күрделі нысандары:
1. Құқық салаларының нормативтік актілері.
2. Қоғам салаларының нормативтік актілері.
3. Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік- ведомстволардың актілері.
4. Жергілікті органдардың актілері.
5. Сот жүйесінің актілері.
Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар. Олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.
Норма дегеніміз -- бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық -- қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы.
Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман - тілегі де, мақсат-мүддесі де мемле-кеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік ұлттық сананың негізгі мазмұнын құрайды. Жеті жарғының ел құрметіне бөленіп, шежіреші және кемеңгер ақсақал-дардың жадына берік жазылуына негізгі се-бепкер оның ережелерінің қазақ ұлтының мемлекеттілігі мен құқықтық өздігінің жар-шысы екендігінде. Жеті жарғы ең алды-мен біздің заманымызға дейін қариялардың берік жадымен жеткен қазақтың байырғы әдет-ғұрып заңдары мен ережелері, еура-зиялық көшпелі қауымдардың мемлекеттік және құқықтық өмірінің, мәдениетінің жар-қын ережесі.
Қазақ халқының құқық жүйесін әдет-ғүрып құқығы құрайды. Бұл жүйені бұрын-ғы кезеңдерде адат деп атаған. Ғалым-дардың пікірі бойынша Адат араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді. Адат өте ерте кезден басталып, көптеген өзге-рістер мен толықтырулармен қазақ қоға-мындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен адаттың құқықтық институттары ғасыр-лар барысында үлкен өзгерістерге ұшыра-мады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды.
Қазақ халқының әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты:
а) әдет-ғұрыптар - адат;
б) билер сотының практикасы;
в) билер съездерінің ережелері;
г) шариғат нормалары.
Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне за-маннан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Уақыт өте келе таптық қау-ымдастық күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-ғұрыптар құ-қықтық сипат алып, билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады. Құқықтың бұл түрі қазақ қоғамының талаптары мен ерекшеліктеріне сай келді. Көшпелі қоғам жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалған рулық қатынастар, патриархалдық отбасы, көшпелі мал шаруашылығы т.б. қатынас-тарды реттеудің бірден-бір тиімді жолы әдет-ғұрып құқығы болып табылды [1, 15-16].
Қазақ хандары әдет-ғұрып құқы-ғының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қо-ғамның талаптарына сай өзгерістерге ұшы-ратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Әдет-ғүрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның заңдары бес бе-лімнен тұрды:
Бірінші бөлім - мүліктік және жер қа-тынастарын реттеуші нормалар;
Екінші бөлім - қылмыс пен жазаға қа-тысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы әлеуметтік нормалар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Қоғамдық қатынастарды реттеуі
Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
Әлеуметтік нормалар
Қоғамның әлеуметтік нормалары.
Пәндер