Аударма эквиваленттілігі проблемалары
Кіріспе 3
I Бөлім. Аударма эквиваленттілігі проблемалары 5
1.1 Эквивалентсіз лексика туралы жалпы түсінік 5
1.2 Эквивалентсіз лексика түрлері 6
1.3 Мақал.мәтелдер 7
1.4 Идиомалар 8
II Бөлім. Эквивалентсіз лексиканы аудару ерекшеліктері 9
2.1 Эквивалентсіз лексиканы аударудағы қиындықтар 9
2.2 Эквивалентсіз лексиканың аударылу жолдары 12
Тәжірибелік бөлім 27
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиет 31

Өзінің ерте кездегі дамуынан бастап аударма адамзат үшін ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарды, әр түрлі тілдік топтарға жататын адамдардың қарым-қатынасы үшін көмектесті. Жазу пайда болғаннан кейін аударма адамдарға өзге мәдениет жетістіктеріне жол ашты. Әдебиет пен мәдениеттердің қарым-қатынасы тек қана аударманың көмегі арқылы шындыққа айналды.
Қазіргі таңда лингвоелтану және лингвомәдениеттану ғылымдарына көп көңіл бөлініп келеді. «Тіл және мәдениет» проблемасын зерттейтін барлық ғалымдар тілді мәдениетпен байланыстыра отырып зерттеу қажеттігін айтады. Бұл тілдің ұлттық-мәдени спецификасын анықтауға көмектеседі.
Енді тақырып бойынша баламасыз аударма туралы сөз етейін. Лексикадағы ұлттық бояуы бар пластқа эквивалентсіз лексика жатады.
Бұл тақырыпқа көптеген лексикология саласының алдыңғы қатарлы мамандары өздерінің зерттеулерін арнады. Жұмысты жазу барысында оқулықтар, лекциялар курсы, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, В.Н. Комиссаров, Я.И. Рецкер, С. Влахов, С. Флорин, Л.С. Бархударов, М.Г. Комилев, А.Д. Швейцер, Г. Г. Панова, Ю. Найда т.б. зерттеулері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.
Берілген курс жұмысының мақсаты эквивалентсіз лексика түрлері, олардың классификациясы мен аударылу тәсілдерін анықтау.
Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
1. Мағынасында мәдени компоненті бар эквивалентсіз лексика сияқты сөздер бойынша ғылыми әдебиетті зерттеу, cонымен қатар, оларды аударудың бар және мүмкін болатын тәсілдерін қарастыру.
2. Көркем шығарманың мәдени фонын құруда эквивалентсіз лексиканың рөлін (мәнін) анықтау.
3. Көркем шығармаларды аудару кезінде осындай лексикалық бірліктердің берілу тәсілдерін сарыптау, фондық сөздердің берілулерінің басым тәсілдерін анықтау.
4. Эквивалентсіз лексика түрлерінің берілу тәсілдерінің тиімділігі не тиімсіздігін анықтау.
Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері мен оларды аудару тәсілдері мәселелері әлі күнге дейін толық зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні (рөлі) өте зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің қазіргі дамуы шетел тілін оқыту кезінде туған тіл мен оқытылатын тілдің ұлттық мәдениетін үйлестіріп оқытуды ұйғарады. Соңғы кездері тіл білімі мен лингводидактикалық лингвоелтану саласы кең таралуда. Оқытушының міндеті – оқушыны басқа мәдениетке, басқа өркениетке қатыстыра отыра, оның назарын ұлттық-таңбаланған лексикаға аударып, оның белгілі бір фондық елтанушылық ақпаратты иеленіп, белгілі бір ассоциацияларының пайда болуына сілтеу.

1. Н. Н. Амосова «Основы английской фразеологии», Ленинград,- Издательство ленинградского университета, 1963 г.
2. И. В. Арнольд «Стилистика современного английского языка», Л., - Просвещение, 1981 г
3. Антипов Г.А., Донских О.А., Марковина И.Ю., Сорокин Ю.А. Текст как явление культуры. – Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1989.
4.Л. С. Бархударов «Язык и перевод», М.,- Международные отношения, 1975 г.
5.Е. В. Бреус «Основы теории и практики перевода с русского на английский язык», М.,- УРАО, 2000 г.
6. Белянин В.П. Введение в психолингвистику. – М.: ЧеРо, 2000.
7.Виноградов В.С. Язык и перевод 2001, стр. 5
8. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение
в преподавании русского языка как иностранного. М.: Русский язык,
1976, с.121
9. Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. - М.: Международные отношения, 1980.
10.Н. Васютина «Культурная непереводимость: проблемы и решения», М., -1998
11.Влахов С., Флорин С. Непереводимое в переводе. /Монография. –
М.: Высшая школа, 1986. – 384с.
12.Виноградов В.С. Лексические вопросы перевода художественной прозы.
М.: Издательство Московского университета, 1978.
13.И. Р. Гальперин «Стилистика английского языка», М.,-Высшая школа, 1981 г.
14. Казакова Т.А. Практические основы перевода. – СПб.: Союз, 2002. – 319с.
15. Келтуяла В.В. О переводе интернациональных слов. //Тетради переводчика, вып. 4. – М.: Международные отношения, 1967. – с.47-55.
16. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. – М.: Международные отношения, 1973. – 245с.

Жоспары
Кіріспе 3
I Бөлім. Аударма эквиваленттілігі проблемалары 5
1.1 Эквивалентсіз лексика туралы жалпы түсінік 5
1.2 Эквивалентсіз лексика түрлері 6
1.3 Мақал-мәтелдер 7
1.4 Идиомалар 8
II Бөлім. Эквивалентсіз лексиканы аудару ерекшеліктері 9
2.1 Эквивалентсіз лексиканы аударудағы қиындықтар 9
2.2 Эквивалентсіз лексиканың аударылу жолдары 12
Тәжірибелік бөлім 27
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиет 31
Кіріспе
Өзінің ерте кездегі дамуынан бастап аударма адамзат үшін ең
маңызды әлеуметтік қызмет атқарды, әр түрлі тілдік топтарға жататын
адамдардың қарым-қатынасы үшін көмектесті. Жазу пайда болғаннан
кейін аударма адамдарға өзге мәдениет жетістіктеріне жол ашты.
Әдебиет пен мәдениеттердің қарым-қатынасы тек қана аударманың көмегі
арқылы шындыққа айналды.
Қазіргі таңда лингвоелтану және лингвомәдениеттану ғылымдарына көп
көңіл бөлініп келеді. Тіл және мәдениет проблемасын зерттейтін
барлық ғалымдар тілді мәдениетпен байланыстыра отырып зерттеу
қажеттігін айтады. Бұл тілдің ұлттық-мәдени спецификасын анықтауға
көмектеседі.
Енді тақырып бойынша баламасыз аударма туралы сөз етейін. Лексикадағы
ұлттық бояуы бар пластқа эквивалентсіз лексика жатады.
Бұл тақырыпқа көптеген лексикология саласының алдыңғы қатарлы
мамандары өздерінің зерттеулерін арнады. Жұмысты жазу барысында
оқулықтар, лекциялар курсы, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген
негізгі ғылыми әдебиеттер, В.Н. Комиссаров, Я.И. Рецкер, С. Влахов, С.
Флорин, Л.С. Бархударов, М.Г. Комилев, А.Д. Швейцер, Г. Г. Панова, Ю. Найда
т.б. зерттеулері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде
пайдаланылды.
Берілген курс жұмысының мақсаты эквивалентсіз лексика түрлері, олардың
классификациясы мен аударылу тәсілдерін анықтау.
Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
1. Мағынасында мәдени компоненті бар эквивалентсіз лексика сияқты
сөздер бойынша ғылыми әдебиетті зерттеу, cонымен қатар, оларды аударудың
бар және мүмкін болатын тәсілдерін қарастыру.
2. Көркем шығарманың мәдени фонын құруда эквивалентсіз лексиканың
рөлін (мәнін) анықтау.
3. Көркем шығармаларды аудару кезінде осындай лексикалық бірліктердің
берілу тәсілдерін сарыптау, фондық сөздердің берілулерінің басым
тәсілдерін анықтау.
4. Эквивалентсіз лексика түрлерінің берілу тәсілдерінің тиімділігі не
тиімсіздігін анықтау.
Осы тақырыпты қозғай отырып, эквивалентсіз лексиканың жаратылысы, типтері
мен оларды аудару тәсілдері мәселелері әлі күнге дейін толық
зерттелмегенін көреміз. Сонымен қатар, мәдениет аралық қарым-қатынас үрдісі
кезінде эквивалентсіз лексиканың мәні (рөлі) өте зор. Шетел тілдерін
оқыту әдістемесінің қазіргі дамуы шетел тілін оқыту кезінде туған тіл
мен оқытылатын тілдің ұлттық мәдениетін үйлестіріп оқытуды ұйғарады.
Соңғы кездері тіл білімі мен лингводидактикалық лингвоелтану саласы кең
таралуда. Оқытушының міндеті – оқушыны басқа мәдениетке, басқа өркениетке
қатыстыра отыра, оның назарын ұлттық-таңбаланған лексикаға аударып, оның
белгілі бір фондық елтанушылық ақпаратты иеленіп, белгілі бір
ассоциацияларының пайда болуына сілтеу. Ұлттық-таңбаланған лексика мен
фразеологияның анықталуы, яғни мағынасы басқа тілдің тәсілдері арқылы қиын
берілетін бірліктер тіл мен тілі оқытылатын елдің ақиқаттығы туралы
білімді кеңейтеді және байытады. Көркем шығарма мәтінінің құрамдас бөлігі
болып табылатын эквивалентсіз лексиканың мәселесі ерекше қызығушылыққа
ие. Берілген мәселе бойынша санаулы ғана басылымдар бар (В.С. Виноградов,
Э. Медникова, Н.И. Паморозская). Осы мәселе әлі де шешілмеген, себебі әлі
күнге дейін эквивалентсіз лексика көркем шығарма мәтінінен тыс
қарастырылады, лексикалық бірліктердің қызметі шығарма контекстінде
ескеріле бермейді. Эквивалентсіз лексиканы аудару тәсілдерін олардың
көркем шығармадағы қызметі тұрғысынан зерттеу ерекше қызығушылыққа ие,
берілген курс жұмысының жаңалығы да осыған негізделген.
I Бөлім. Аударма эквиваленттілігі проблемалары
1.1 Эквивалентсіз лексика туралы жалпы түсінік
Өз кең мағынасында қолданылатын мәдениет сөзі мен осы сөздерге тіл
элементтері ретінде салынған, сақталған және баяндалған ақпараттың
арақатынасы мәселелері бұрыннан бері тек лингвисттерді ғана емес, басқа да
ғылымдардың өкілдерін қызықтырған. Халық пен ел өмірінің барлық үлкен
және кіші ерекшеліктері (мәселен, жаратылыс жағдайы, географиялық
жағдайы, тарихи дамуының барысы, әлеуметтік құрылысының көрінісі, қоғамдық
ойдың, ғылымның, өнердің даму үрдісі) міндетті түрде осы халықтың тілінде
көрініс табады. Сондықтан да тіл кез келген ұлт мәдениетінің көрінісі
болып табылады дешенді батыл айтуға болады, тіл кез келген халықтың ұлттық-
мәдени кодын береді. Мағынасында тіл мен мәдениеттің байланысын көрсететін
ерекше бөлігі айқындалатын сөздер кездеседі. Олар семантикалық тілдік
бірлігінің мәдени компоненті деп аталады.
Дүниетанымдық элементтерді өз бойына мол дарытқаны да, дүниені көркемдік
әдіспен бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі мен дараланатыны да және
философиялық мазмұнның тереңдігі жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы
биігі де – эквивалентсіз лексика. Эквивалентсіз лексика - ғасырлар
шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік
тіршілігі, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. эквивалентсіз лексика
дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан
–алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар
бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар – қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн
мен мәні жағынан сан – саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр.
Эквивалентсіз лексиканың дүниетанымдық табиғатының күрделілігі оның
көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми
қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен
сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр.
Сондықтан да эквивалентсіз лексиканың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген
жөн:
1. Эквивалентсіз лексика объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай
қорытады.
2. Эквивалентсіз лексиканың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында
қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
3. Эквивалентсіз лексиканың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының
қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процксін
белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау
керек.
4. Эквивалентсіз лексика дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне
тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
1.2 Эквивалентсіз лексика түрлері
Фразеологизмдер
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден)
басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым
күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы
зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім
сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші,
тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір
тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады.
1990 жылы шыққан Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте фразеологизмге
мынадай анықтама берілген: Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан
синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу
кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және
лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер. Осы
анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін
сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік
тұрақты қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік бірліктер, қос сөздер мен
қосарлы тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде
болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық,
қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан
тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады.
Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде
танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы
лексикологиямен жақындасатынына негізделген.
Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр
қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық сөздермен)
мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен
сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз
мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.
1.3 Мақал-мәтелдер
Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын
мақал – мәтелдер мән – мазмұнның тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен
ерекшеленеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер
нақты да күрделі ойдың себеп – салдарын, халықтың өнер тәжірибесінің
қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі,
тыныс – тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан –
жақты көрініс тапқан. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын,
шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие мәдени
ентаңбалы (маркерлі) тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму
кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық – грамматикалық
жүйесінде өзіндік із қалдырып отырғаны белгілі, алайда, өзінің біртұтас
жүйесін, тұлға – тұрпаты мен мән мағынасын сақтап қалған тілдік бірліктер –
өздік құрамдағы мақал – мәтелдер.[5,31]
Тарихи тұрғыдан қарағанда қанатты сөздер мақал – мәтелдердің қорын
байытатын негізгі көз болып табылады. Осы күнгі мақал – мәтелдерде ақылгөй,
дана адамдардың аузынан шығып, замандар бойы халық қолданысында әбден
екшеліп, қырналып, жетіліп, біздің заманымызға жеткен қанатты сөздер
сияқты, бірақ олар бастапқы қалпын, авторларын сақтамаған. Қанатты сөздер
грамматикалық құрылысы жағынан мақал – мәтелдер тектес әртүрлі формада
кездеседі. [4,454]
Мақал деген – халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып
берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді
уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз.
Мақал формасы жағынан аяқталған сөйлем іспеттес. Мақалдардың көпшілігі екі
компонентті, яғни құрмалас сөйлем типтес болып келеді. (түстік өмірің
болса, кештік мал жина; ер бір рет өледі, ез мың рет өледі т.б.) Мағынасы
жағынан екі компонентті мақалдың алдынғы бөлімінде әр нәрсенің жайы не
әрекетінің жағдайы, шарты байымдалса, кейінгі бөлімінде соған қатысты
қорытынды, түйінді пікір тұжырымдалады (бір кісі таққа отырса, қырық кісі
атқа отырады; ер арыса аруақ, ат арыса тулақ т.б.). Бірақ мақалда айтылатын
ойдын өзара шарттылығы міндетті болмай, логикалық жағынан бір – біріне
ұқсас өмірдегі құбылыстар оның екі бөлімінде де байымдау түрінде берілуі
мүмкін.
1.4 Идиомалар
Тарихи ұстала келе бір ұғым ретінде қалыптасқан тұрақты сөз тіркестері,
жалпы алғанда, бір тектес, бірыңғай болып келсе де тіркесте енген сөздердің
арақатынастары, өзара мағыналары жөнінен бірдей бола бермейді. Белді бекем
буу, ата жолын қуу, қол қусыру деген сияқты тіркестер мен қырғи қабақ болу,
жүрек жалғап алды, бүйрегі бұрды деген тіркестегі сөздерді салыстырсақ,
олардың өзара байланысу тәсілдері мен мағыналары бірдей емес екенін
байқауға болады. Алдыңғы сөз тіркестеріндегі сөздердің жеке тұрғандағы
мағыналары мен сол тіркеске еніп тұрғандағы мағыналары бір-бірінен алшақ
емес және тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынастарын
анықтауға болады. Ал кейінгі тіркестегі сөздердің жеке тұрғандағы
мағыналары тіркеске еніп тұрған күйіндегі мағыналарына сәйкес емес. Ол
сөздер бастапқы мағыналарынан айырылып, біртұтас мағынаға айналған. Ол
тіркестегі сөздерді ажыратып, синтаксистік қарым-қатынас жағынан мүшеге
бөліп талдауға келмейді. Мысалы, жүрек жалғап алайық дегенде жүрек деген
нәрсе бар, оны жалғауға болады деген ұғым шықпайды. Ac ішейік деген ұғым
шығады. Бұлардың алдыңғылары жай фразерлогиялық тіркестер де, соңғылары
идиомалық тіркестер.
Сөйтіп, жеке тұрғандағы мағынасы тіркестегі мағынасына сай келмейтін,
бірінен-бірін бөліп алып қарауға болмайтын, өзге тілге сөзбе-сөз
аударылмайтын түрақты сөз тіркестерін идиoмaлық тipкecтep немесе и д и o м
a дейді.
II Бөлім. Эквивалентсіз лексиканы аудару ерекшеліктері
2.1 Эквивалентсіз лексиканы аударудағы қиындықтар
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың
рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар
ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде
қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің
практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем
образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып,
ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай
қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның
құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз
кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған.
Мысалы: Келген дәулет – кеткен бейнет
Ер тынысы –еңбек, ез тынысы –ермек сияқты еңбектің неше алуан қасиетін
өмір шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала
данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар –
еңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы.
Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында
тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден,
мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық – тарихи тәжірибе негізінде
жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар –
жалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні.
Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарда
көрінеді. Өйткені белгілі бір мақалға арқау болатын өмір шындығы
типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана
қолданылады.
Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, олардың қолдану орындары
мен ауыспалы мағыналары әр түрлі ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына,
тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады.
Қазақша, орысша және ағылшынша мақал-мәтелдердің мағынасы жағына өзара
бір үндестік, айырмашылық болады. Егер біз бір тақырыпта 3 түрлі тілде үш
мақал алсақ, 3 мақалдық түпкі мағынасы айтылайын деген ойы бір. Яғни өзара
үндестік. Мысалы 3 тілге де ортақ еңбек тақырыбына мақал мәтелдер алайық.
Care killed the cat (Забота убивает кота)
Не работа старит, а забота
Еңбек қажытпайды, қайғы қажытады
Былай қарасақ 3 мақалдың да түпкі бір үндестік еңбек етсең ғана бұл
өмірде қиындықты жеңе аласың. Бірақ кішкене ойланып, үңіліп қарасақ,
орысша және қазақша мақал-мәтелдер бір-біріне едәуір жақын және бір-бірінің
тура аудармасы болып табылады. Ал ағылшынша мақал-мәтел осы жағдайда қалған
екеуімен мағынасы жағынан үндеседі.
Мысалы:
Live and learn(Живи и учись)
Век живи-век учись
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
Бірақ бәрі бірде бұл жерде бірақ ой айтылған. Яғни ол өмірде оқусыз күнің
жоқ, оқы, оқы және оқы деп айтқандай. Түпкі мағына бір деп айта аламын.
Кейбір кездерде қазақша және ағылшынша мақал-мәтел бір-біріне көбірек
ұқсас, бір-бірінің тура аудармасы.
Мысалы:
Better late than never
All is not gold that glitters.
Лучше поздно, чем никогда
Не все то золото, что блестит
Ештен кеш артық,
Жылтырағанның бәрі алтын емес
Яғни бұл жерде мақалдар тура аудармасы бойынша әрі ұқсастық, әрі үндестіг
көрсетеді. 3 тілдегі мақал-мәтелдердің құрылысы, мағынасы жағынан үндестігі
мен айырмашылығын көрсететін мысалдарды көптеп келтірсекте болады. Еңбек
тақырыбына
No pains, no gains . Без труда нет плода. Еңбексіз өнбек жоқ.
Little strokes fell great darks. Терпение труд все перетерпут.
Еңбек етсең
емерсің.
A tree is known by its fruit. Дерево познается по плоду. Еңбегіне
қарай өнбегі.
Білімге байланысты
Two heads are better then one.
Ум хорошо, а два лучше.
Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
A word to the wise. Умному – палик. Ақылдыға- ишарат.
(Мудрому одно слово). Глупому- толчок. Ақымаққа- тоқпақ.
Батырлық, ерлік туралы:
Forture favous the brave
Слипость сдвигает горы с места
Тәуекел тау жығады.
Туған жер, Отан туралы:
East or West home is best.
Нет земли лучше Родины, нет людей лучше чем на Родине.
Туган жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Thereis no place like home
Все земли- хороши.
А своя- всех лучше.
Ел- елдің бәрі жақсы
Өз елің бәрінен де жақсы
Тағы бір үлкен үндестігі ол- лексикалық құрылымы, грамматикалық құрлысы,
мағынасы жағынан ағылшынша, орысша, қазақша мақал-мәтелдердің синонимдері
болады. Мысалы құрлысы жағынан үндесетін синонимдер:
Honesty is the best policy. Четность- лучшая политика.
Син. Cheats never prosper. Арыңды жасыңнан сақта.
Сәйкес Нечестно живешь - себя подведешь.
Strike while the in is not. Make hay while sun shines.
За двумя зайцами погонишься . Двум господам не служит.
Ни одного не поймаешь.
Пәлен жерде пайда бар, Пәлен жерде бақыр бар,
өз жеріңдей қайда бар. Іздеп барсаң мыс та жоқ
Pride goes before a fall- гордыня предшествует падению.
Өйткені берілген мақалдың ағылшынша аудармасы жоқ, синонимін алдым.
Сондықтан егер мен осы тілдің біреуінде мақал - мәтел оқысам, мен оны
түсіне де алам, қазақша және орысша айта алам. Өйткені тіл өзгерсе де, сөз
өзгерсе де мақал-мәтелдің өзінің бастапқы, негігі мағынасы өзгермейді.
Сондықтан біз қай ұлтты адам болсақ та, қай тілде сөйлемесекте ата-
бабамыздың келер ұрпаққа, яғни бізге деп қалдырып, кеткен алтыннан да
қымбат, асыл қазынамыз мақал-мәтелдерді біліп, жадымызда сақтауымыз керек.
A friend in need is friend in deed, Друзья познаются в беде
A tree is known by its fruit fruit. Дерево познается по плоду
Old friends and old wine are best. Старый друг лучше новых двух
A friends eye is a good mirror. Глаза друга- это лучшее зеркало
A friends frown is better than a foe’s smile Лучше горькая правда
друга,чем месть друга.
A friend to all is friend to none Кто друг всем,тот никому не друг
2.2 Эквивалентсіз лексиканың аударылу жолдары
Аудармадағы транскрипция дегеніміз – бастапқы лексикалық бірліктердің
аударма тіліндегі фонемалар арқылы фонемалық ресми қайта жаңғыруы, негізгі
сөздің фонетикалық имитациясы. Аударманың келесі тәсілі транслитерация –
бастапқы лексикалық бірліктерді аударма тілінің әліпбиі арқылы әріптік
ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің әріптік имитациясы. Бұл жерде бастапқы
сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына сай түрде беріледі.
Мәселен, Shakespeare – Шекспир есімінің қазақ тіліне аударылуы ағылшын тілі
дыбыстарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәйкестенсе, қазақ тілінде
фонетикалық сәйкессіздік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне
түрлендіріледі. Мұндай транскрипция амалы ағылшын есімдерін қазақ тіліне
аударуда қолданылады.
Біршама қиындық қазақ есімдерін ағылшын тіліне аударуда орын алады.
Мысалы, қазақ тіліндегі ж, х, ю, я, і, ә, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө сынды әріптер
мен дыбыстарды ағылшын тіліне аудару қиындық туғызады. Сонымен бірге патша
есімдері мен титулдарын аудару кезінде аудармашынының аударма
транскрипциясын қолдануында да біршама қиындықтар орын алады. Осы салада
XIX ғасыр соңына дейін қолданысқа енген есім түрлеріне қатысты жалпы
тіларалық транскрипция ережелері бар. Мәселен, ағылшын королі James I
Stewart есімі әдебиеттерде Иаков 1 Стюарт деп аталса, соңғы жылдары
баспасөз беттерінде Яков 1 есімі кездеседі. Дегенмен, бұл ішінара дәстүрлі
түрден ауытқу шын есім транскрипциясына әлі өткен жоқ, яғни Джеймс 1
негізгі есімі әзірге қолданыс аясында кездеспейді.
Аударма тәжірибесінде жалқы есімдердің аудармасы үшін қолданылатын
транскрипция және транслитерация тәсілдері жеткіліксіз болып келеді. Егерде
жалқы есімдер негізіне символдық қызметтер жатса, яғни ерекше объект есімі
болса немесе есім орнына емес, қосымша есім орнына қолданылса, онда олар
жалпы есімге айналады. Өйткені, есім тұлғаның тұлғалық қасиеттерін және
белгілерін білдіреді. Мұндай жағдайларда транскрипциядан басқа немесе оның
орнына калькалаумен бірге семантикалық аударма үйлесімділігі қолданылады.
Мысалы, ағылшын мәтіндерінде кездесетін Chief White Halfoat есімін қазақ
тіліне әртүрлі тәсілдер арқылы жеткізуге болады: Чиф Уайт Хафоут
(транскрипция), Қолбасшы Ақ Сұлы (семантикалық аударма), Қолбасшы Уайт
Хафоут (аралас аударма: семантикалық аударма мен транскрипция
үйлесімділігі). Джозеф Хеллердің Catch – 22 романында бұл есім аралас
мағынада қолданылған: мұнда Chief кейіпкердің үндіс екендігін білдіретін
қосымша есіммен бірге, тарихи қалыптасқан, ағылшын тіліне аударылмайтын
ресми негізгі үндістердің жанұялық атауы болған White Halfoat тегі
үйлескен. Осы жерде қолдануға қажетті тәсіл – аралас аударма болғанымен,
метис мағынасын білдіретін half-bread, half-blood сияқты әдіспен жасалып
Хеллердің сатиралық атына заты сай Halfoat есімі өз мағынасын жоғалтады
және есім мен кейіпкерді суреттейтін контексттік тәуелділікті ұстанады:
Chief White Halfoat was a handsome, swarthy Indian from Oklahoma with a
heavy, hard-boned face and tousled black hair, a half-blooded Creek from
Enid...
Аударма транскрипциясы арқылы аударылатын жалқы есімдерден басқа
бірліктер тобына мамандардың көпшілігі халықтар мен тайпалар атауын,
жағрапиялық атауларды, іскерлік мекемелер, компаниялар, фирмалар, мерзімді
басылымдар атауын, хоккей және басқа спорттық команда атауларын, рок –
музыканттардың тұрақты топтары мен мәдени объектілер атауларын және т.б.
жатқызады. Салыстырмалы түрде, мұндай атаулардың көпшілігі транскрипция
және транслитерация тәсілдері арқылы оңай аударылады:
Bank of London - Бэнк оф Лондон
Minnesota - Миннесота
Wall Street Journal – Уолл Стрит Джорнал
Detroit Red Wings – Детройт Ред Уингз
Beatles – Битлз
The Capitol – Капитолий
Metropolitan – Метрополитен, және т.б.
Шындығында транслитерация тәсілін қолдану салыстырмалы түрде аз
кездеседі және ескірген атау түрлерімен байланысты болып келеді:
Illinois – Иллинойс (Илиной емес)
Michigan – Мичиган (Мишиган емес)
Объектілердің біршама тізіміне байланысты аударманың дәстүрлі түрлері
қалыптасты. Олардың бірі негізгі атаумен ішінара сәйкес болса,
Мәскеу – Moscow
The Hague – Гаага
Санкт-Петербург – St. Petersburg,
бірі негізгі тілдегі атауымен мүлде сәйкес келмеуі мүмкін:
England – Англия
The English Channel – Ла-Манш және т.б.
Жағрапиялық атауларды транскрипциялау барысында екпіннің аударма
тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес орнын ауыстыруы мүмкін:
Florida (екпін бірінші буында)
Флорида (екпін екінші буында)
Washington (екпін бірінші буында)
Вашингтон (екпін соңғы буында).
Егер атаудың құрамына мағыналы сөз енсе, онда аралас аударма, яғни
транскрипция және семантикалық аударманың үйлесімділігі қолданылады деген
ереже бар:
Gulf of Mexico - Мексика шығанағы
River Thames - Темза өзені
The Pacific Ocean - Тынық мұхит
Hilton hotel - Хилтон қонақ үйі
Mayflower Restaurant - Мейфлауэр рестораны.
Дегенмен, осындай шарттардың өзінде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы,
Бостон қаласындағы No Name Restaurant атауын қалай аударуға болады? Ноу
Нейм рестораны ма, әлде Есімсіз ресторан ба? Ымыраға келуге болады: No
Name рестораны.
Транскрипция фирма, компания, баспа, автомобиль маркалары, мерзімді
басылымдар атауларын аударуда қолданылады:
Subaru – Субару
Ford Mustang – Форд Мустанг
Facts Оn File – Фэктс Он Файл
Жас Алаш – Zhas Alash
Атамұра - Atamura.
Бірақ, оқу орындарының атаулары ішінара немесе толық семантикалық
аударма арқылы аударылады:
Western Michigan University
Батыс Мичиган Университеті
Cherry Hill High School
Черри Хилл орта мектебі
Ақтөбе Мемлекеттік Университеті
Aktobe State University.
Әртүрлі елдердегі түрлі білім беру дәстүрлеріне сәйкес оқу
орындарының атауларын аудару біршама қиындық тудырады. Мәселен, американдық
білім беру жүйесінде school сөзі деңгейі және түрі жағынан әртүрлі оқу
орындарының бірқатарын атауда қолданылады: high school шындығында орта
мектеп дегенді білдіреді, school of law – құқық институты, graduate
school – аспирантура не магистратура. Осыны есепке ала отырып Princeton
School of Law – Пристон Университеті жанындағы Құқық институты деп аудару,
Пристон құқық мектебі дегеннен гөрі үйлесімді болады. Мұндай атауларды
қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару – күрделі мәселе. Мысалы, институт
сөзі Қазақстан, Ресейде жоғары оқу орнының, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-
басқару мекемелерінің атауы болса, ағылшын тілді елдерде institute сөзі
екінші мағынаны білдіре отырып, әдетте негізгі мағынаны тарылтады. Мұндай
жағдайларда аудармашы әдетте жағдаятқа сай шешім шығарады. Әзірге оқу
орындарының түрлерін атау халықаралық деңгейде мемлекетаралық келісімге
келіп, жүйеленген жоқ. Сондықтан семантикалық аударма тәсілін қолдану
орынды болады. Дегенмен, транскрипция арқылы аударма жүргізу де қолайлы.
Мәселен, қолданысқа тез арада енген gymnasia сөзі гимназия атауын білдіруде
қолданылады. Әртүрлі халықаралық үлгідегі анкеталарды толтыруда оқу орнының
атауын екі нұсқада толтыру ұсынылады. Мысалы:
Қазақ Педагогикалық Институты
Kazakh Teachers’ Training College
және
Kazakh Pedagogical Institute.
Аударма транскрипциясын аударманың дәстүрлі аясында қолданудағы
кездесетін қиындықтың бірі – саны аз халықтар атауларын немесе өзге ұлттық-
мәдени феномендерді аудару. Мәселен, Американың негізгі халқының атауын
аударуда әртүрлі көзқарастар мен нұсқаулар бар: Cheyenne – чейендер,
шейендер, шайендер, шейенн, чейенн деп жағдайға сай аударылса, Cherokee –
черок, чероктар, черокездер деп аударылады. Атаулардың қазіргі таңға сай
аудармалары – шайендер және чероктар болады, өйткені осы атаулар ғана
ағылшын тіліндегі дыбысталуына ұқсас. Дегенмен, ағылшын тіліндегі
атаулардың өздері бастапқы үндіс сөздерінің транскрипциясы болып табылады.
Черокездер нұсқасы, шындығында екі Cherokee және Iroquois сөздерінен
жасалынған және тек халық атауын ғана емес, сонымен бірге черокез тілінің
жанұясына тілдік туыстығын білдіреді. Әртүрлі етіп оқу мынадай тайпа
атауларын аударуда, яғни семантикалық және транскрипция әдістерінің
үйлесімділігінде қолданылады: Flathead – флетхедтер не тегіс бастылар,
(тықырбастылар) Blackfoot – блэкфуттар не қара аяқтылар(жалаңаяқтар).
Жалқы есімдерді аударудағы транскрипция мәдениетаралық
үйлесімділіктер аясымен байланысты болады: өзге мәдени атауларды ағылшын
тіліне транскрипциялау қазақ тілінен өзгеше болуы мүмкін. Осындай
атаулардың қазақ және ағылшын тілінің мәдениетіне сай дәстүрлі түрлері
әртүрлі болып келеді. Мысалы, қазақ тіліндегі Шыңғыс хан нұсқасын ағылшын
тілінде Genghis Khan (Jenghiz) деп аударуда екпін бірінші буынға түседі,
Қытай астанасы Пекин атауын ағылшын тіліне аударғанда мүлдем өзгеше Beijing
деп аударылса, Валтасар патша есімі ағылшын тілінде тануға қиын кейіпте Bel-
shaz-zar (екпін екінші буында) деп, Amenophis IV (Ikhnaton) қазақ тілінде
Аменхотеп не Эхнатон болып өзгереді. Мұндай сәйкессіздіктер тізімі біршама
үлкен болғандықтан, аудармашыдан тілдік және жалпы мәдени көрегендіктің
болуын талап етуі орынды.
Аудармашы қиын мәселелердің бірі деп басты назар аударатын нәрсе –
бастапқы мәтіндегі мәдениетке сай, бірақ аударма тілінің мәдениетінде мүлде
кездеспейтін ұлттық-мәдени объектілер атауы – реалийлер. Кең көлемді
мәдениетаралық коммуникация жағдайында бұл атаулар үлкен топ
құрайтындықтан, оларды аударуда транскрипция не транслитерация әдістерін
қолданған қолайлы.
Әдетте мұндай реалийлер, яғни бастапқы тілдің басты тілдік бірлігі
аударма мәтінінде өзінің толықтай шет тіліндегі түрінде болады, максималды
шетелдіктен бастап бірнеше сатылы жолдан өтеді. Мәселен, бастапқы балама
транскрипциядан толық ассимиляцияға дейінгі бірліктер тілдің сөздік қорына
енеді. Аудармашылардың үлкен тобы мен түпнұсқа авторлары аударманың екі
түріне жүгінеді: шетелдік бірлікті семантикалық аудармамен бірге не
түсіндірмемен сақтау немесе транскрипцияны түсіндірмемен бірге қолдану.
Әсіресе, осындай реалийлер туралы түсінік түрлері қазіргі таңдағы рок
музыка туралы мәтіндерге сай келеді:
Кейін Ридинг – фестиваль келіп, Хиптар онда бағдарламаны басқарып,
Innocent Victom альбомынан жаңаларын ойнатып, әлемге Free Me -
коммерциялық рок үлгілі шығарма синглын танытты.
Осы кішкене үзіндіде асты сызылған сөздер белгілі бір халықаралық рок
музыка әлемінің реалийлерін білдіреді. Олардың толық аудармасыз шетелдік
түрінде не аударма транскрипциясы не аралас аударма түрінде берілгені
кездейсоқ емес.
Өнертану мәтіндерін аударудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың
ішінде ұлттық өнер үлгілері атауларын, мешіт, шіркеу атауларын,т.б.
аударуда қиындықтар туындайды. Бұл мәселелерді шешу жолы – транскрипция,
семантикалық аударма не аралас аударма.
Тағы бір транскрипция тәсілі арқылы аударылатын мәдени-реалийлер түрі
– фольклорлық және әдеби шығармаларда кездесетін фантастикалық тіршілік
иелері атаулары мен есімдері.
Алдар Көсе – Aldar Kose
Hobbit – Хоббит
Goblin – гоблин және т.б.
Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі
бір шынайы қасиетін білдіретін мағыналық құрамдары барлары аралас аударма
не калькалау арқылы аударылады.
Соңғы транскрипция тәсілі арқылы аударылатын тілдік бірліктерге
терминдер жатады. Мұнда транскрипцияға негізгі термин қандай негізде
екендігіне сай анықталатын грек, латын немесе ағылшын бірліктері алынады:
cable – кабель, restitution – реституция, reconstruction – реконструкция,
т.б.
Аударма тілінде сәйкес үйлесімділігі болмайтын тілдік бірліктерді
аудару үшін қажет транслитерация тәсілімен бірге калькалау тәсілі де
қолданылады. Калькалау дегеніміз – сөздің құрам бөліктері (морфемалар)
немесе фразалар (лексемалар) аударма тілінің элементтеріне сәйкес
аударылатын біріккен сөз құрамы немесе сөз тіркестерінің айтылуы.
Калькалау аударма тәсілі ретінде транслитерация белгілі бір себептермен
эстетикалық, мағыналық не басқа да ұстанымдарға байланысты қолданылмаған
кезде мәдениетаралық коммуникация жағдайында үлкен көлемдегі әртүрлі кірме
сөздердің енуіне негіз болды.
Тілдердің даму тарихы көбіне функционалдық белгідегі тіларалық өзара
байланыстың көптеген үлгілерін көрсетеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz