Жеке тұлға және қоғам
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қоғам және жеке тұлға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Жеке тұлға мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ... ... ... ..14
2.1 Тұлғаның негізгі құқықтарымен заңды міндеттері ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Құқық тұлғаның бостандықтары мен жауапкершілігінің өлшемі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ
Адам және адамзат құқықтарын қарастырар алдында, "тұлға", "азамат", категорияларының өзара қатыстылықтарын белгілеп алу өте маңызды. "Адам" ұғымы оны биологиялық жағынан қарастырып жануарлар әлемінің белгілі бір физиологиялық қасиеттері бар өкілі ретінде сипаттап барып таниды.
"Тұлға" ұғымы адамды қоғамдағы өзінің орны мен рөлін, оның алдында қаншалықты өзінің жауапты екендігін жете түсінген саналы да дербес адам ретінде бағалап әлеуметтік жағынан сипаттап барып таниды (әр түрлі объективтік-субъективтік себептерге байланысты адамның тұлғалық қасиеттерге (сапаларға) ие бола алмайтын жағдайлары да болуы мүмкін, мысалы, сот адамды психикалық кеселге ұшырауы себепті әрекет қабілеттілігі жоқ деп танығанда солай болады).
"Азамат" ұғымы адамды нақты мемлекетпен орнықты түрде құқықтық байланыс орнатқан дербес "тұлға" ретіңде заңдық жағынан сипаттап барып бағалайды һәм таниды.
Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы). Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады. Қазіргі кезеңде адам құқығы жалпы әлеуметтік ұғым ретінде түсініледі. Мұның өзі тұлға бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар мен стандарттарды бейнелейді, әрі оларды қамтиды.
Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады:
1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;
2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес);
3) жеке адамға тумысынан тән болады;
4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т.б. сияқтылар ретінде) танылады;
5) тікелей күші бар болып келеді;
6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;
7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;
8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Бейсенова А., Біржанова К. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
4. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права Казахстана. Алматы, 1994.
5. Сапаргалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
6. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
7. Теория государства и права. /Под ред. Профессора М.Н.Марченко. МГУ, 1996.
8. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
9. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы: Жеті Жарғы,
1997.
10. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. М., 1995.
11. Общая теория и права./Под ред. А.С. Пиголкина. М., 1996.
12. Теория государства и права./Под ред. М.Н. Марченко М., 1998.
13. Теория государства и права в схемах и определениях. В.К. Бабаев, В.М. Баранов, В.А. Толстик М.,1998.
14. Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет пен құқық теориясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Қоғам және жеке тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Жеке тұлға мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ ... ... ... ..14
2.1 Тұлғаның негізгі құқықтарымен заңды міндеттері ... ... ... ... ... ... . 14
2.2 Құқық тұлғаның бостандықтары мен жауапкершілігінің өлшемі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...27
КІРІСПЕ
Адам және адамзат құқықтарын қарастырар алдында, "тұлға", "азамат", категорияларының өзара қатыстылықтарын белгілеп алу өте маңызды. "Адам" ұғымы оны биологиялық жағынан қарастырып жануарлар әлемінің белгілі бір физиологиялық қасиеттері бар өкілі ретінде сипаттап барып таниды.
"Тұлға" ұғымы адамды қоғамдағы өзінің орны мен рөлін, оның алдында қаншалықты өзінің жауапты екендігін жете түсінген саналы да дербес адам ретінде бағалап әлеуметтік жағынан сипаттап барып таниды (әр түрлі объективтік-субъективтік себептерге байланысты адамның тұлғалық қасиеттерге (сапаларға) ие бола алмайтын жағдайлары да болуы мүмкін, мысалы, сот адамды психикалық кеселге ұшырауы себепті әрекет қабілеттілігі жоқ деп танығанда солай болады).
"Азамат" ұғымы адамды нақты мемлекетпен орнықты түрде құқықтық байланыс орнатқан дербес "тұлға" ретіңде заңдық жағынан сипаттап барып бағалайды һәм таниды.
Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы). Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады. Қазіргі кезеңде адам құқығы жалпы әлеуметтік ұғым ретінде түсініледі. Мұның өзі тұлға бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар мен стандарттарды бейнелейді, әрі оларды қамтиды.
Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады:
1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;
2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес);
3) жеке адамға тумысынан тән болады;
4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т.б. сияқтылар ретінде) танылады;
5) тікелей күші бар болып келеді;
6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;
7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;
8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;
1. Жеке тұлғаның қоғамдағы орны
1.1 Қоғам және жеке тұлға
Қоғамдық қатынастар туралы адамның ой-пікірлері алғашқы қауымдық қоғам дәуірлерінде қалыптаса бастаған. Осыған орай адамзаттың сана-сезімінде қоғам деген не? Ол қалай пайда болады? Қоғамның даму жолдары қандай? Қоғамдағы процестердің адамдармен өзара байланыстары бар ма? деген сұрақтар туындаған. Осындай сұрақтардың егізінде адамдар бірлесе отырып бір қоғамға бірігіп өздерінің тұрмыс тіршіліктерін қалыптастыруға бет бұрып, қоғамның даму жолдарын өздерінің практикалық өмірлерімен байланыстырған. Сондықтан да қоғам дегеніміз адамдардың өзара бірлісі отырып, саяси әлеуметтік, экономикалық және рухани іс-әрекеттерін атқаратын ортасы болып табылады. Қоғамдағы әр түрлі жағдайларды зерттеуде философия тарихында материализм мен идеализм бағыттарының арасында үздіксіз күрес жүріп келе жатыр. Материалистер қоғамды және оның даму жолдарын объективті құбылыстарға байланыстырып түсіндірсе, ал идеалистер сана-сезімге рухани әлемге байланысты мәселелермен түсіндіреді. Бұл жолда материалистік қоғам өмірін ғылыми тәжірибелер айқындаса, идеалистік бағыттағы қоғам туралы ой-пікірлерінің, іс-әрекеттерінің дамуына себеп болды, яғни қоғамдағы өдірістік қатынастарды дамыта отырып, қоғамның адамзат өміріндегі мәңгі құбылыс екедігі дәлелдеді. Қоғамның пайда болу жолында негізгі рөл адамзат қауымымен тығыз байланысты. Өйткені адамзат өзінің отбасынан бастап, белгілі бір ортада қоғамның пайда болуына түрткі болатын, жоғары рухани құдылығы басым тұлға болып отыр. Сондықтан да адамзат қоғамда өмір сүріп, қызмет ете отырып қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсіндірудің басты ерекшелігі, қоғамдық қатынастар мен байланыстар. Қоғамдық қатынастар негізінен екі түрге, яғни материалдық және идеалогиялық қатынастар болып бөлінеді. Материалдық қатынастарға табиғат және оың қазына байлықтарын адам арқылы өңдеп, қоғам өміріне пайдалану жолдары жатады. Ал идеалогиялық қатынастың негізгі мәселесі адамды адам арқылы тәрбиелеу, жетілдіру іс-әрекеттері болып табылады. Осыған сәйкес идеалогиялық қатынастар өз ішінде саяси, құқықтық, моральдік, діни, этикалық және философиялық қатынастар болып бөлінеді. Қоғамның табиғаттан айырмашылығы бар екенін бәріміз білеміз. Қандай айырмашылығы бар? Қоғамның табиғат жүйесінен айырмашылығы ол идеядан, түсініктен, құндылықтардан, адамдардың түсініктемелерінен тұрмайды. Адамдардың әлеуметтік іс-әрекетінің мәні олардың құндылықтарымен анықталады. Табиғи нысандар бір нәрсе үшін емес, өзара әрекет етеді. Жануарлар қоректенеді, көбейеді, өз инстинктерімен жүреді, олардың санасы жоқ.
Тарихи тұрғыдан немесе философиялық тұрғыдан болсын қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің орны ерекше. Өйткені бұл мәселені зерттеу отырып, қоғамның дамуыа себеп болатын қозғаушы күштер анықталады. Ғылым мен философиялық ізденістерде қарапайым халық қоғамның бірден -- бір қозғаушы күші болып табылады. Себебі бұқара халық қоғамның шикізат көздерін өндіруші материалдық және рухани игіліктерді жасаушы әлеуметтік процестерді тудырушы жалпы қоғамның дамуы мен өзгеруін қамтамасыз ететін күш болып саналады. Яғни қоғамның даму жолы қозғаушы күштер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда қарапайым халық өзінің ой белсенділігі және еңбек процесі арқылы қоғамның дамуына үлкен үлес қосады. Мысалы, қоғамдағы ғылыми жаңалыктар, экономикалық даму жолдары, мәдениет, спорт, қолөнер мен сауда-саттық жетістіктері, рухани әлем өмірі осы халыктың арқасында орындалады. Сонымен бірге қоғамның қозғаушы күші ретінде материалдық, экономикалық қажеттіліктер негізгі рөл атқарады. Бұл қажеттіліктер қоғамның өндіріс көздерінің дамуына, жумысшылар мен жеке кәсіпкерлердің белсенді іс-әрекеттер атқаруына, қоғамның әлеуметтік жағдайының түзелуіне себеп болады. Сонымен қатар қоғамның бірден-бір қозғаушы күші рухани қажеттіліктер болып табылады. Рухани қажеттіліктер қоғамның этикалық, мөдени, діни өмірлерінің қалыптасып, адам баласының үлылық деңгейлерге жетуіне жол ашады. Сондыктан да материалдық, экономикалық қажеттіліктер мен рухани қажеттіліктер бір-бірімен байланыса отырып қоғамныңдамуында негізгі рөл атқарады. Антикапық кезеңде қоғамды Платонның идеяларының не АристотельдІң формаларының негізінде түсінген. Платон қоғамды әділдік идеясын іске асыру арқыпы қарастырды. Аристотель де әділ қоғам қүру кажеттілігін айтып кетті. Платон мен Аристотельдің арасындағы айырмашылық -- Платон әділдік идеясын адамдық бастау емес, ғарыштық идея дейді. Аристотель әділдікті адамгершілікпен үндестікте қарайды. Ол әділдік мүрат, не форма емес, адамға тән дейді.
Адам мәселесіне өз философиялық көзкарастарын алғаш білдірген кене Шығыс философиясы болды. Кене Египетте философиялық дүниетаным жай білімнен ажыратылмаған кезде, Көне Индияда философия діни дүниетаныммен бірге дамыды. Ал Көне Қытайда қоғамдық сананың адамгершілік формасымен бірге сіңісіп кетті. Көне Шығыс философиясы адам мен табиғат жағдайларын теңдестіріп, біріктіреді. Әр адам ез бетімен емес, осы бірігудің бір бөлігі ретінде бағаланды. Өмірдің мақсаты мен мәні ұлылыктың ақиқатымен біріккен жоғары даналыққа жету болды. Сократ тек батыс европалық философияның ғана емес, этиканың да негізін салушы. Оны ең алдымен адамның ішкі алемі, оның жаны мен ізгілігі қыэыктырды. Сократ іэгілік дегеніміз -- білім, сондыктан адамға жақсылық пен өділдіктің мөнін гани білуі керек, сонда жаман қылықтар жасамайды деген қорытынды жасаған дейді Платон. Адам жаны, рухы және зерде турапы ғылым Сократ философиясында негіэгі орынды алады, ал адамның өзін-өзі тануы оның философиясының басты мақсаты. Сократтың шәкірті Платонға адам тек рух пен дененің бірлігі ғана емес, сол рух дегеніміздің өзі адамды адам ететін субстан-ция деген идея жатады. Адамның жалпы сипаты рухтың сапасына байланысты. Оның пікірі бойынша бірінші орында философтың рухы, соңында рақымсыз, жауыздың рухы жүретін рухтардың бағыныштылығы бар. Себебі, философтың рухы даналыққа жақын, білімге қүштар болып келеді, бұл адамның жануардан басты айырмашылығы. Аристотельдің адамды философиялық түсінуінің маңызды жетістігі оның әлеуметтік сипатын негіздеуімен байланысты. Ойшылдың Адам мемлекетте өмір сүруге арналған тірі жаратылыс иесі деген сөзі сақталған. Ол өз ақылын жақсылыққа да, жамандыққа да бағыттауға қабілетті, ол қоғамда өмір сүріп, заңдарды меңгереді. Адам қоғамда емір сүреді, ал қоғам дегеніміз бүкіл адамзат үшін де, жеке адам үшін де езі өмір сүріп отырған, онымен өндіріс-тік, қоғамдық, отбасылық қатынастар арқылы байланысқан ұжым. Қоғамдық өмірдің алға жылжуы сол адамның өзі тұракты өмірлік байланыста болған қоғамдық ұжымның өсуіне байланысты. Тарихтың алғашқы кезеңінде адам қоғамы ру-тайпалық болды. Жеке адамның, тулғаның және қоғамдық ұжымның өзара қатынас мәселесі адамдарды тарихтың барлық кезеңдерінде толғандырды. Себебі, тарихты адамдар жасаған. Адамзат тұлғалардан, на-ғыз қоғамдық біртұтастыктан кұрылған тығыз байланыстағы қауымдастық. Тарих әр адамның жекелеп алғандағы өмірлік іс-әрекетінің жиынтығы. Адамзат тарихы -- тірі жандылардың сансыз ұрпақтарынан құрылған маржандьг арал тәрізді. Бірақ адам жеке тұлға. Ол қоғамнан өз орнын алғысы келеді, сонымен бірге ғылым тек тұтас қоғаммен ғана айналысып қоймай, жеке адаммен де айналысқанын қалайды. Бірақ ғылым тек жалпының көрініс беру негіэінде ғана жекені зерттейді. Ғылымнан жеке адам да өз орнын табуы керек. Себебі адамдар тек тарихты талдап қоймай, табиғат пен адамның тағдыры туралы да ойланады. Қоршаған өмірді ол өзінің таптық жағдайына, тәрбиесіне, жасына байланысты қабылдайды. Қоғам мен жеке адамның, тұлғаның қатынасы бүтіннің қосарлану формаларының бірі. Қоғам мен жеке адам ажырамасбірлікте. Жалпы мен жекенің қатынасы диалектикалық өзара байланыс сипатында болады. Әрбір жеке адам жалпының, ерекшенің және жекеліктің бірлігі болып табылады. Жеке адамның ішкі өмірі -- ішкі әлемінің көрінісі және ондағы жағдайларға қарсы жауабы. Адам өмірі мен іс-әрекеті оны қоршаған шындықтан бастау алады. Оның әрекеті санасында бар сыртқы әлем бейнесінде ұғыныкты бола-ды. Адамның ішкі өлемі бай болған сайын оның өмірі де мәнді бо-лады. Адамның шынайы байлығы оның бір заттарға ие болуында емес, оның ой байлығында, мәдениет байлыктарын иемденуінде. Сыртқы орта- қоғам-жеке адамның, оның санасының ішкі әлемін аныктап, қалыптастырады. Сыртқы әлем бейнесі, жеке адам са-насында пайда болған қоғам түсінігі өз кезегінде адам әрекетінің негізі болып табылады. Адамның ішкі әлемі сыртқы әлемнің -табиғат пен қоғам құбылыстарының санасында бейнеленуінің нәтижесі. Сондықган ішкі әлем объективтіліктің негізінде субъек-тивтілік пен объективтіліктің бірлігі ретінде жүреді. Объективті деп адамның еркі мен санасына байланысты емес нәрсені, ал субъективті деп сыртқы әлемге емес адамға тән, бұл сыртқы өлемге адам не береді дегенді атайды. Субъект термині философияда қасиеттер мен жағдайдың заттық таратушысы мәнін береді. Субъект ол әрбір жеке адам, адамдар қоғамдасқан күйінде тарихи-өлеуметтік дүниенің иесі, ал адам ез қызметінде нені өзгертеді, сол объект. Адам тарихты өз мақсаттарын іске асыру үшін жасайды.
Мысалы, менің өмірім мені қоршаған ортада -- белгілі бір дәуірде, белгілі бір қоғамдық құрылымда өтіп жатыр. Бұл құрылымдар менен тәуелсіз, себебі оларды қүрған мен емес, сондыктан да мен табиғаттың емір сүру ақиқатына қалай сенсем, өз өмірімде олармен де санасуым керек. Менің алдымда бұл жағдайда өз орнымды табу, өз өмірімді қамтамасыз ету және мүмкіндігім болғанша, өз ортамды жақсы жағынан өзгерту қажеттілігі тұр. Сондықтан бұл менен тәуелсіз объективті қоғамдық жағдайлар кейде менің де қызметімді қажет етеді. Yenлы адамдар да, қарапайым халық та әркім шамасы келгенше қоғам дамуына өз үлестерін қосады. Міне, осы хандық кезеңдегі ұлы тұлғалар, хандар мен би-шешендер, жыраулар мен ақындар қоғамға пай-дасын тигізсе, қарапайым халық та бірі аз, бірі көп көлемде өз үлестерін қоса білді. Қоғам үздіксіз даму үстіндегі әлеуметтік тірі дене іспеттес. Оның өмірлік іс-әрекеті адамдардың рухани дамуын аныктайтын өндіріс төсілдерінің дамуымен белгіленеді. Адамдар басқалары-ның көмегі арқылы еңбек етеді, басқа адамдардың өндірістік іс-әрекетімен байланысты болады. Адам өмір үшін еңбек етіп, сол үшін күреседі, егер осыны ұғына білсе қоғамға деген сенімі осы өлеуметтік ортаны, ұжымдық өмірді, адамның тек жеке басының қамын ғана емес, басқа адамдардың да өмірлік болмысын түсіндіреді. Жеке адам өліп, жоғалып кетеді, ал қоғам объективті заңдардың негізінде өз өмірін жалғастырады. Адам қоғамдық да-мудың жемісі, сондықтан қоғам дамуына өз үлесін қосуы керек. Жеке адамның дамуы, оның өмірінің толыктығы өзі өмір сүріп отырған әлеуметгік жүйеге байланысты.
Адам екі әлемде: табиғат пен қоғам әлемінде өмір сүреді. Дегенмен оның табиғаты, мәні және өмірінің мазмұны онымен шектелмейді. Оған рухани жетілу сатылары қажет. Лев Толстой әлеуметтік мәселелерді шешу үшін мылтыктың керегі жоқ, адамның адамгершіліктәрбиесін күшейтіп, өзін-өзі рухани жетілдіру жағына көңіл бөлу керектігін айтқан. Рухани кемелдену мәселесі қашанда адамның өзіне-өзі үңілуінен, өзімен-өзі күресуінен басталады, өйткені барлық жақсылық пен жамандық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәһарлық адамның өзінің ішінде. Мәселе -- тек өмірлік үстанымда, дұрыс таңдау жасай білуінде. Руханилыктың ең негізгі өлшемдерінің бірі -- адамның жақсылыққа қарай тал-пынысы, -- дейді С.Нұрмұратов. -- Ал кез-келген мақсатқа қарай ұмтылыс жақсылыққа қарай барар жол емес. Өйткені, мақсат -оған жетуге тиісті құралды актайды деген қағида адами өлшем тұрғысынан теріс түсінік болып табылады. Қоғамдағы әділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани әлемнің зандылығына қайшы келетін іс-әрекеттер, Тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамдылық пен мойын-сұнушылық арқылы барлық қайшылыкты жеңіп шыққанда ғана руханилыктың есігі ашыладьі. Адам табиғаттың да, қоғамның да жағдайларына бейімделе алады, текбейімделіп қоймайды, онда кездесетін қиындықтармен күресе де біледі. Адам табиғат заңына да, қоғамның даму заңына да бағынады. Ерте заманнан бастап халық мәдениетінің өзіндік ерекшелігінің негізі осы мәдениеттің мәні болып табылатын руханилыктың имманентті формасы болды. Қазактың өзіндік санасының ішкі логикасын іздеу жалпы мәселелерді шешуге, оларға танымдық көзқарас қалыптастыруға әкеледі. Қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсіну халықгың қауымдасуы мен өмірлік идеялары-ның өзгешелігіне негізделген қоғамның дербестігі мен сапалы нақтылығын білдіреді. Мұнда қоғамдық болмыстың түрлі жақтары, қоғамдық сананың онтологиялық және гносеологиялық аспекті-лері, тіршіліктің өтуге болмайтын белгілері мен дамудың ішкі қайнар көздері біте қайнасып кеткен. Өзіндік ерекшелік тарихтың қозғаушы күштерінің бірі, мәдениеттің өмірлік көзі, қоғам дамуының өзегі және динамикалық принципі болып табылады. Қоғамның өзіндік ерекшелік ұғымы оның өзгешелігін, әртүрлілігін түсінумен, яғни салт-дәстүр нормалары, мінез-құлыктың формалары арқылы сипатталады. Мұнда тәуелсіз табиғатты, дамудың өзіндік кайнаркөздерін бейнелейтін адамдар өмірінің біртұтас-рухани аспектілері келтірілген. Бұл шығыс әмбебаптығының өркениеттік тұғырнамасына, қоғамның алыс және жақын шығу тегін зерттеуге, өткен мен бүгіннің арасындағы сабақтастықты бағалауға, әртұрлі уақыт пен кеңістіктегі мәдениеттер сұхбатына негізделген. Бұл жолда түрлі уакьптағы халық мәдениетіндегі тарихи және мәндік теңдіктер, шығармашылық пен патриотизм идеялары негізінде тұтас мөдениеттің жактаушыларының бірлесуі мүмкін болады.
Қазақ өркениеті материалдық және рухани аспектідегі жеке адам мен топтардың жалпы байланысына негізделген уақыт пен кеңістікте үлкен тұрақгылыққа ие болған әлеуметтік өмір ұйымының ірі көлемді нысаны ретінде көрінеді. Жалпыға ортақ мәні бар және қажетті құрылымдық компонентте жүзеге асатын қоғамдық өзара байланыстың рухани нысандары ерекше мәнге ие болады. Бұл өркениеттің әлеуметтік таратушылары арқылы рухани құндылыктардың, идеялардың, білімнің, бағдарлардың, нышанның бірлігі ретінде көрінетін оның біртұтастығы қамтамасыз етіледі. Өркениет қоғам дамуындағы сабактастықты, оның бола-шақпен байланысын қамтамасыз етеді, қоғамды түрлі өсу, тоқырау сөкілді қалыптасу кезеңдеріне бағындырады.
Қазақ қоғамы тұлғааралық қатынастар тірегі, құндылықтар тұрактылығы мен сүбелі рухани реттеуге негізделген. Ол экономикалық қатынастардан асып түсетін тұлғалық қатынастар фундаментализмі арқылы сипаттапады. Бұл қоғамда халық үшін үлкен мәні бар жалпы құндылыктар бар. Ол ерекше табиғи рухани өзара байланыстар арқылы көрініс табады. Философиялық қатынаста мемлекет әлсіз болған сайын этникалық қауымдастыққа табиғат ортасының әсері көбірек болады. Табиғат қазақтар үшін абсолютті және мәңгі бастау, өзіндік іс атқаратын, тіршілік себептері мен факторлары, белсенділік пен даму негіздері бар жалғыз орта. Адамдарға алғашында табиғат заңдылықтарына бағынуына, табиғат апаттарынан қашып, оның себептерін ұғынып, өз болмысын құруына тура келді. Бұл жерде табиғат жеке адамдарға олардың болмысының формасы мен себептерін көрсететін, ез тіршілігінің таусылмас терең логикасы бар Әлем ретінде көрінеді.
1.2 Жеке тұлға мәртебесі
Әрбір тұлға коғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) коғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет - лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон мәртебелік жиынтық деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің әз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінін балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның коғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы кызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бұдан да басқа варианттары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.
Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат коғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, әзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен катар кәсіптік, экономикалық, саяси, демографиялық, діни және қандас - туыстық негізгі мәртебелердің бір түріне жатады. Бұлардан басқа көптеп саналатын эпизодтық негізгі емес мәртебелер де бар. Мұндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана кезегінде тұрушының және т.б. жатқызуға болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар. Мұндай мәртебені алып жүрушілердің құқықтары мен міндеттері көбінесе тіркелмейді. Оларды анықтау да өте киын, айталық, жаяу жүрушінің мәртебесі. Бірақ мұндай мәртебелер бар, олар адамның бастысына болмаса да, екінші қатардағы жүріс-тұрыс, ойлау және сезім белгілеріне ықпал етеді. Мысалы, профессор мәртебесі осы адамның өмірінде кәп нәрсені анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі - жаяу жүруші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншісінен мәнді өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін болса, міндетті түрде екінші бір мәртебені иемденеді.
Индивидтің коғамдағы немесе топтағы сыртқы жағдайы үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі (немесе алшақтауы) деп атайды. Индивид кептеген мәртебені иеленеді және көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес: коммерсанттар сантехниктерден немесе өр түрлі жұмыскерлерден жоғары бағаланады; еркектердің өндіріс саласында әйелдерге қарағанда үлкен әлеуметтік салмағы бар; негізгі ұлтқа жатумен аз ұлттарға жату бірдей емес.
Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулерді басқаларға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Мұндай иерархиядағы орынды ранг деп атайды. Ол жоғарғы, ортаңғы немесе төменгі рангқа бөлінеді. Иерархия бір коғам шеңберінде топтар арасында (мұндайда иерархияны топаралық деп атайды) және бір топтың шеңберінде индивидтер арасында (топ ішінде) өмір сүре алады. Бұл жерде де адамның орнын ранг термині білдіреді. Мәртебелердің сәйкессіздігі топтар арасындағы және топтар ішіндегі иерархиядағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Осы қарама-қайшылық екі жағдаймен байланысты пайда болады:
-- индивид бір топта жоғарғы ранг те, ал екінші топта төменгі ранг те болғанда;
-- бір мәртебенің құқы мен міндеттері екінші бір мәртебенің құқығы мен міндеттеріне қарама-қарсы немесе кедергі келтіргенде.
Жоғары жалақылы банк қызметкері (жоғарғы кәсіптік ранг) отбасын материалдық игілікпен қамтамасыз етуші адам ретінде отбасында да жоғарғы рангуны иеленеді. Бірақ бұдан оның өзге топтарда, айталық, достарының, туыстарының, қызметтестерінің ортасында рангы жоғары болмайды. Әйелдің дәстүрлі экономикалық мәртебесі -- бибі болу, ал индустриялық дәуір оған тағы бірін -- жұмысшы әйел мәртебесін қосты. Бірақ оның бұрынғы ескі және жаңа мәртебелері келе-келе бір-бірімен қарама-қайшылыққа түсті. Бірдей тиімді және бір мезгілде екі рөлді атқару тіптен мүмкін емес. Олардың әрқайсысы кеп уақытты және біліктілікті талап етті. Сөйтіп, екі рөлді қатар атқару жүзеге асырылды. Жалпы ана мен тиімді қызметкер, сонымен қатар жақсы әйел мен тиімді қызметкер мәртебесін -- рөлдерін катар алып жүру өте киын. Қалжыраған әйел сезімтал, аяулы жар бола алмайды. Ал өндіріске кеткен қажетті уақыт лебінен бала тәрбиесі ақсайды. Сонымен, жаңа мәртебе -- жұмысшы бұрынғы үш мәртебемен - бибі, ана, жар -- қарама-қайшылыққа түсті. Демек, адамның кейбір мәртебесі үйлесімін тапса, ал басқалары қарама-қайшылықта болады. Оны мәртебелердің сәйкессіздігі деп атайды: ол индивидтің бір әлеуметтік топта жоғарғы, ал екінші бір топта төменгі ранг де болатынын көрсетеді. Солардың бірі -- әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретіндегі адам бейнесі (образ).
Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы XX ғасырдың 30-жылдарында Американын әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдама әр түрлі әлеуметтану ағымдарында, әсіресе құрылымдық - функциялық сараптау ағымында кеңінен тарады. Т. Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды, бұл рөлдер қайсыбір коғамдағы кез-келген индивидтерге тән.
Әлеуметтік рөл -- бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлға аралық қатынастағы тұлғаның объективті берілген әлеуметтік ұстанымы. Рөлдердің жиынтығын рөлдік жүйе дейді. Рөлдік жиынтық ұғымын Р. Мертон анықтады. Әлеуметтік рөлдер адамға заң немесе басқа да құқықтық актілер арқылы формальды бекітілуі мүмкін, және ол көптеген моральдық тәртіп нормалары арқылы формальды емес болуы да мүмкін. Әлеуметтік рөл рөлдік күтіліп пен рөлдік мінез-құлыққа бөлінеді. Рөлдік күтіліп ойын ережесіне сәйкес рөлді күтеді, ал рөлдік мінез-құлықты адам ез рөлінің шеңберінде нақты орындайды. Адам кез келген уақытта қайсыбір рөлді өзіңе алғанда онымен байланысты құқықтары мен міндеттерін нақты түсінетін болады, әрекеттердің нобайын және бір ізділігін біледі, сөйтіп өзінің төңірегіндегі адамдардың күткеніндей өз жүріс-тұрысын кұрады. Осыған орай коғам бәрінің дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сол үшін әлеуметтік бақылаудың тұтас жүйесі -- қоғамдық пікірден заң қорғау органдарына дейінгі және соған сәйкес әлеуметтік тыйым жүйесі -- бетіне басудан, айыптаушылықтан күштеп токтатуға дейінгі қамтыған.
Рөлдік мінез-құлық өте қатаң шектелген, өйткені әр түрлі кызметтерді араластыру немесе олардың бәрін бірдей орындамау бүкіл әлеуметтік жүйе тепе - теңдігінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл шектер абсолютті емес; рөл іс-әрекетке жалпы бағыт береді және оның мақсатын айқындайды, ал оларды орындау стилі варианттық фактор болады. Мысалы, фирма директорының рөлі басшылық жасау кызметін жүзеге асыруды талап етеді және оны басқа біреудің қарамағында кызмет істеу міндетімен алмастыруға болмайды. Бірақ басшылық жасау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: беделге сүйену, демократиялық, бетімен жіберушілік, ал бұл тұрғыдан алғанда фирма директорының рөліне ешқандай шектеу қойылмайды.
Бір адам көптеген рөлдерді орындайды, олар бір-бірімен қарама-қайшы келуі де, бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін, мұндай жағдай рөлдік қайшылықтарға әкеп соқтырады. Бұған әлеуметтануда жиі жазылып жүрген әйелдердің кәсіби және отбасындағы рөлінің арасындағы қайшылық мысал бола алады. құрайды, оның әрекетін қисынды етеді. Адам әлеуметтік нормалық шектеулерге байланысты табиғи формадағы түйсіктік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын болғандықтан, бойын билеген құштарлығы мен оның коғамда қабылданған формада жүзеге асуы арасынан ұдайы келістік іздеуге мәжбүр болады. Фрейд жасаған тұлға үлгісі үш деңгейлі түзілім болып табылады: төменгі деңгей (Ол немесе Гед), бұл санадан тыс импульстермен және тектік естеліктермен берілген, ортаңғы қабат (Мен немесе Эго) және жоғары деңгей (Асқан - Мен немесе Супер - Эго) -- адам қабылдаған қоғамдық нормалар. Аса қатал, шамшыл және жауынгер деңгей - Ол және Асқан - Мен. Олар адам психикасына екі жақтан шабуыл жасап, жүйкелік мінез-құлық халін қалыптастырады. Бұл тұлға үлгісі қоғамдық қысымнан әрдайым қорғанып жүреді және әлеуметтік ортамен шиеленіске түсіп отырады. К,оғам дамуының деңгейіне қарай жоғары деңгей (Супер - Эго) сөзсіз ұлғаяды, салмағы да артады. Фрейд бүкіл адамзат тарихын психоздың өрістеу тарихы ретінде қарастырады.
Тұлғаның тағы бір бейнесі -- әр түрлі ынталандыруларға көзқарас жүйесі ретіндегі тұлға. Осы көзқарасты ұстанғандар Б. Скиннер, Дж. Хоманс, К-Д Опп болды. Бұл тұжырымдама бойынша, әрбір адамның мінез-құлқын әлеуметтік орта тіл, дәстүр, әлеуметтік құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. арқылы қамтамасыз етеді және бақылайды. Басқа адамдармен өзара әрекетте, кез келген әлеуметтік топта адам өз мүддесін қорғайды: егер де оның мінез-құлқы қолдау тауып, жағымды ынталандырылатын болса, онда адам езін қоршаған ортаға және жалпы әлеуметтік жүйеге ниеті түзу, тілектес болады; егерде коғам тарапынан ол қолдау таппаса, онда ол шамшыл келеді, тәртіп бұзады. Бірақ әрбір адам жазаланудан аулақ болуға және қолдау табуға тырысады және осыған байланысты ол сыртқы ынталандырулар мен әлеуметтік бұйрықтардан бір жақты әсер алады. Басқаша айтқанда, тұлға проблемасын қарастырғанда, адам нендей бір жағдайларға неге әсерленеді деген мәселені сараптағанда мінез-құлық әлеуметтануы басты рөлді ынталандыру жүйесіне береді. Осыдан тұлға мінез - құлқындағы өзгерістер жақсыға, әрекетке үйрету процесінен туындайды.
Кез келген жақсылық атаулыны ынталандырушы ретінде пайдалануға болады. Олар: білім, билік, құрмет көрсету, даңқ, ақша, билік етушілердің оң қатынастары және т.б., бірақ өзінің қайнар көзі жағынан міндетті түрде әлеуметтік болуы керек. Ол қайнар кез коғамның қолында болуы шарт және оны коғам басқаруы керек. Сыйлық алу адам үшін қаншалықты құнды болса, онда ол соған сәйкес мінез-құлықты ұстанатын болады. Сонымен катар, адам бір сәт басқалардың тарапынан қолдау тапқанын сезінсе, онда тиісінше оның кейінгі әрбір әрекеттері де құнды болады. Бұл принципті тұлға аралық қатынастар деңгейінде қарастырғанда қарсыластар арасындағы еркін әрекеттер, олардың әрқайсысы өзін ұтысқа қол жеткіздім деп, яғни келетін пайдаға немесе сыйлыққа қарағанда өзінің жағдайға қосқан үлесі аз деп санағанға дейін сақталады.
Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи мектебі қалыптастырған тұжырым бойынша, адам өзінің міндеттерін орындауға, мақсатына жетуге ұмтылдыратын мінез-құлқы мен қылықтарын ұтымдылық көзқарасымен ғана тұсіну мүмкін болмайтын қызметтік тірі организм болып табылады. Тұлғаның негізіне адамның кызметі, қарым-қатынасы, танымы арқылы көрініс табатын оның дүниемен сан қырлы байланыстары алынған. Тұлғаны танып-білу кілті ретінде басты бағалау категориясы -- кызмет категориясы қарастырылған. Қызмет бұл жерде құрылымдық және функциялық аспектіде пайымдалған. Құрылымдық аспект кызметтің өз құрылысын анықтауды және кызметті құрайтын элементтерді анықтауды талап етеді. Функциялық аспект сол кызметтің қалайша жүзеге асатынына баса назар аударады. Сонымен, тұлғаны танып-білу оның кызметін тікелей зерттеумен байланысты және ол мынаған саяды:
-- жүйені құрайтын буынды, кызметтің негізгі түрін (кәсіби, танымдық, т.б.) анықтау;
-- кызметтің жүзеге асу принципін -- еріксіз немесе еркін, қол үзген немесе қол үзбегенін анықтау;
-- әртүрлі кызметтер арасындағы байланыстардың сипатын (сәйкестілік немесе сәйкессіздік), олардың иерархиялық орналасу деңгейін зерттеу;
-- әрбір кызмет түрінің жүзеге асу деңгейін зерттеу.
Тұлғаны танып-білуге келтірілген варианттардың бірде-бірі бұл құбылысты толық көрсете алмайды, олардың әрқайсысы оның жекелеген көріністерін қарастырады, бұл варианттар тек аса маңызды, негізгі ретінде беріліп отыр. Әлеуметтік тұрғыдан тұлғаны танып-білудің моделін жасау - болашақтың ісі.
Бүгінгі әлеуметтануда тұлға ұғымы екі мағынада:
а) индивидті қарым-қатынастардың және
б) саналы қызметтің субъектісі ретінде көрсету үшін қолданылып келеді. Оның мәртебесі мен рөлін тұлғаның әлеуметтену деңгейі анықтайды.
1 Құқық және жеке тұлғаның арақатынасы
1.1 Тұлғаның негізгі құқықтарымен заңды міндеттері
Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz