Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Кіріспе
1. Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
1.1 Дене тәрбиесі туралы мәлімет
1.2 Дене тәрбиесі пәнінің құрылымы және объектілері
1.3 Пәннің ғылыми зерттеу әдістері мен әдіснамалық негіздері.
2. Дене тәрбиесіндегі көрсеткіштер
2.1 Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау
2.2 Дене тәрбиесі жұмысындағы бақылау және жұмысын жоспарлау
2.3 Студенттердің дене тәрбиесінің көрсеткіштері
Қорытынды
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Зерттеудің өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс – бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық , ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау, тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге келісімен-ақ бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-сипау, дене жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тәрбиелеу болып табылады. Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін жетілдіруге, адам ағзасын бірқалыпты дамытуға бағытталады.
Негізгі көрсеткіші тән сұлулығы мен оны қалыптастыру, әрі денсаулығын жақсарту.
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
Дене тәрбиесінің маңызы : саналық және белсенділік, жүйелілік, біртіндеушілік, реттілік, даралық.

1. Матвеев Л.П. Теория и методика физической. – М : «ФиС», 1991 г. - 336 с.
2. Русанов В.П., Колкутин А.М. Основы теории и методики физической культуры и спорта. У- Ка, изд-во ВКГУ, 2003 г. - 325 с.
3. Уанбаев Е.Қ. Дене мәдениеті мен спорттың теориясы мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2006 ж. 272 б.
4. Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің ңегіздері. -Алматы, «Санат», 2000г – 125 б.
5. Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті мен спорттың ілімі мен әдістемесі. -Өскемен, ШҚМУ баспасы. 2009 ж. 260 б.
6. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2002 г. - 478 с.
7. Теория и методика физического воспитания. / Под редакцией Б.А. Ашмарина - М.: «ФиС» 1990 г. - 234 с.
8. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. Практикум по теории и методике физического воспитания и спорта. - М.: «Академия», 2001 г. - 143 с.
9. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. – М.: «ФиС», 1970 г.
10. Матвеев Л.П. Основы спортивной тренировки. - М.: «ФиС» 1977 г.
11. 5 - 11 сыныптарға арналған мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы. (С.И. Камысбекова, Ю.Г. Тилеугалиев, С. Тайжанов) - А-Ата , 2000 г. - 47 с.
12. Республиканская учебная программа по физической культуре высших учебных заведений. А-Ата, 1992 г. - 40 с.
13. Мананков Н.Е., Колкутин А.М. Физическое воспитание студентов. У-Ка, изд-во ВКГУ, 2001 г. -131с

Зерттеудің өзектілігі. Өмірдегі ең күрделі де қиын әрі өте жауапты жұмыс
– бала тәрбиесі. Оның ішінде бала бойында жақсы мінез-құлық , ақыл-парасат,
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болғанымен, дені сау,
тәні шыныққан шымыр болуы үшін жүргізілетін тәрбие сәби өмірге келісімен-ақ
бастау алуға тиісті ізгі істер. Олар: сәбиді шомылдыру, сылап-сипау, дене
жаттығуларын жасау, ыстық, суыққа шыңдау.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене
тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды
өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру
қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам
баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу
керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға
немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының
нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты
өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға,
дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен
санитария шараларын сақтауымыз қажет.Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің
негізгі мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен
салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тәрбиелеу болып табылады. Үйрету
міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін жетілдіруге, адам ағзасын
бірқалыпты дамытуға бағытталады.
Негізгі көрсеткіші тән сұлулығы мен оны қалыптастыру, әрі денсаулығын
жақсарту.
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және
ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен
байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті
дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа,
достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен
қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны
тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
Дене тәрбиесінің маңызы : саналық және белсенділік, жүйелілік,
біртіндеушілік, реттілік, даралық.
1. Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
1. Дене тәрбиесі туралы мәлімет
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық,
ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және
республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер
жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты,
жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты
дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі
жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және
дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке
дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік,
жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.

талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл
адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене
мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп
танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-

Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жүзеге
асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене тәрбиесіндегі
тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі
айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың денешынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тәрбиесінің жүйесі балалардың
денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген
құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене
мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін және жеке тұлғаның дене
мәдениетін қалыптастыру мәселелері бірқатар ғылыми зерттеулерге арқау
болған М.Таникеев, Т.А. Ботағариев, А.Б. Нұрлыбекова, Б.А. Тойлыбаев,
Ж.К.Оңалбек, А. Қарақов, Қ.Т. Жанабаев, Б.М. Сапарбаев, Е.Мұхитдинов және
т.б.
Ж.К. Оңалбектің, О.А. Аяшевтің, Т.Ж. Бекбатчаевтың, С.И. Қасымбекова, Ж.
Егізбаевтың еңбектері дене тәрбиесіне балаларды баулуға арналған.
Дене тәрбиесі мектепке дейінгі балардың білімі мен жан-жақты дамуына, күшті
де қуатты болып өсуіне, Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту,
тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола
отырып, мектепке дейінгі балалардың денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-
қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс
қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын
орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.
Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі
балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке
тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай
балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға
болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі
ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруды ескере
отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің ғылыми-теориялық тұрғыда
талданбауы ғылыми - әдістемелік тұрғыдан жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету
сұранысы мен осы уақытқа дейін қарастырылмауы арасында қарама-қайшылықтар
орын алып отырғаны байқалады.
Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы
адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда
еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.
Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін,
әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.
Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы
істерде
жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін
дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық,
әрі рухани байлық.
Яғни спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы
нәтижеге жеткізу саласы. Яғни жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға
қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір
түрі.
Қызмет - спорттық әрекет. жарыстырушылык. интернационалдық. жүйкені
реттсйтін. комуникативтік. ақпараттық, жалпы мәдениеттік. денені жетілдіру,
эвристикалық бейбітшілік кызметі. ойын-сауықтық іс-әрекет..
Бұқаралық спорт- тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен
қозғалыс дағдыларын дамытып. жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға
көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының
мұқтаждығын қанағаттаңдыратын спорт түрі болып табылады.
Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы
спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін
спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада,
чепионат және олимпиадалық ойындар.
Әуесқойлық спорт- азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің
спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғарғы нәтижелерге
жетуге мүмкіндік беретін сан қилы спорт қозғалысы.
Кәсіпқойлық спорт-спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға
қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық кәсіпкерлік қызметтің бір
түрі.
2. Дене тәрбиесі пәнінің құрылымы және объектілері
Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді
жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.
а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай
түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана
алуға үйрету.
б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ
кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.
в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты– сабақ жүргізу жүйесінде оқушының
адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру
шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді
ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын
орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық
жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін
жаттығуды қайталап өз
мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу
дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да
керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т.б.)
Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды
дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).
Дене тәрбиесі мен еңбек байланысының мақсаты.
Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып
табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды.
Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-
құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі
гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген
ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене
тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, Өзің үшін, өз мақсатың
үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың?
деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына
назар аудару
Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.
Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның
жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы
керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп
сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді
қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу
барысында жаксы, дұрыс емес деген сөздер жиі айтылады. Ал Жарайсың,
міне қандай әдемі! деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс
қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол
жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан
сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне
ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз
еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке
дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер
эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар
болып табылады.
3. Пәннің ғылыми зерттеу әдістері мен әдіснамалық негіздері.
Спорт ілімі мен дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі қатар жургізіліп.
сабақ құрылымы әртүрлі болғанымен қолданылатын жаттығу, ойын, жарыс түрлері
бірдей болып келеді. Дене тәрбиесі пәнінде сабақ құрылымы 45 минуттан
тұрса, спорт сабақтарында 90 минуттан тұрады. Құрылымы жағынан ұксас пәндер
мектепке дейінгі дене тәрбиесі, мектеп дене тәрбиесі, орта жонс жоғарғы оқу
орын дене тәрбиесі пәндерімен тығыз байланысты. Білім мен тәрбие беру
мақсатында спорт медицина, спорт физиологиясы, спорт психологиясы, спорт
педагогикасымен тығыз байланысты.
Дене дайындығы түрлері. Қоғамдағы адамзаттың тұлғасын шынықтыруда дене
дайындығы 3-ке бөлінеді. Олар: 1.Жалпы дене дайындығы-негізгі бағыты
денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы
уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын
дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық
факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің
жұмысын үлкен табыстарға жеткізу.
2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы-бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі
мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен
құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әсксеи-қолданбалы, кәсіби
еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-колданбалы дене
жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.
З. Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен
жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының
қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын
арттыру. Қьзметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру
өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттарып
дағдыландыру.
2. Дене тәрбиесіндегі көрсеткіштер
1. Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық бақылау, бағалау
Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мұмкіншілік болғанынша
көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық күйінде көп болдырмау.
Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтушы
тығыздығы болады. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан
дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогиқалық
тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын
орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну,
сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б. Педагогикалық ақталмаған
уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі,
снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп
бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің
спорт залдан себепсіз шығуы және т.б.
Сабақтың жалпы үзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға
кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Қозғалтушы тығыздық сабақтың
негізгі бір өнімділігін. сапасын көрсететін көрсеткіш.
Дене тәбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу,
тіркеу хаттамасын жүргізу. Ол үшін сабақта белсенді, тәртіпті, дене
тәрбиесі сабағында орташа үлгіретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5
минут сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Әрбір 3 минут
сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ
біткеннен кейін біз алынған мәліметтер бойынша оқушы ағзасындағы
физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз.
Дене тәрбиесі мұғаліміне педагогикалық талдау және бағалау екі түрлі
мақсатта қажет болады. Бірінші - өзінің сабақ беруін, қандай дәрежеде бере
алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін білу. Екінші
- әріптестерінің сабақ өткізулерін талдау, бағалау. Қазіргі кезде мектеп
мұғалімдері білетін бірнеше педагогикалық сабақ талдау әдістері бар, ол
әдістер көптеген әдебиеттерде жазылған. Соның бірі дене тәрбиесі сабағының
гистограммасы ең бір оңай, дене тәрбиесі сабағының қалай өткенін тез
анықтайтын әдіс.
2. Дене тәрбиесі жұмысындағы бақылау және жұмысын жоспарлау
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене
тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының
жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының
басталуына дейін құрастырады. Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге
бөлінеді: 1.
Ұйымдастыру жұмыстары. 2. Оқу жұмыстары. 3. Күн тәртібіндегі дене
тәрбиесі сауықтыру шаралары. 4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік
жұмыстары. 5. Үгіт- насихат жұмыстары. 6. Дәрігерлік бақылау және тазалық
тексерулер. 7. Шаруашылық жұмыстары. Осы дене тәрбиесі және спорттық
жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене мәдениеті
ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі,
барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді: 1.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі. 2. Тоқсандық жоспар
кесте. 3. Әрсабақтық жоспар. 4. Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жақсы ұйымдастыру үшін, жұмысты орнықты
орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу
жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу
және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгірімін
бақылауға көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш
кезеңнен тұрады. Олар: алдын - ала есепке алу, ағымдық есепке алу және
қорытынды есепке алу. Есепке алу жүйесінде жоғарда айтылған негізгі
түрлерінен басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері
қолданылады. Негізгі есеп алу құжаты мектеп сынып журналы болып есептеледі.
Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа
жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады.
Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны,
разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындаған төрешілер тізімі,
жоспар орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы,
президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген
жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген
тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі
жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік.
Дене мәдениеті ұжымның мүшелері мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене
тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің
төрағасы мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы
болатын, жүргізетін дене тәрбиесі мұғалімдері. Дене мәдениеті ұжымы ең
алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып,
құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында
осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапершіліктері қатаң
бақылануы, жұмыстары дұрыс бағаланулары керек. Мектептің дене мәдениеті
ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты,
білікті маман болуы қажет.
Дене мәдениеті ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың
арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес
мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан
төраға, төраға орынбасары, хатшы сайланады. Дене мәдениеті кеңесі жанынан
көпшілік дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін
дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құрылады.
Мектептегі сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын ұйымдастыру.
Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт
жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі
сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі - сыныптан тыс өткізілетін спорт,
көпшілік спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді: 1. Спорт
түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). 2. Мектептегі
жаттықтырулар ұйымдастарылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар. Спорт
түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген
спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік,
басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық,
облыстық, республикалық жарыстар т.б. жарыстар. 3. Президенттік сынама
сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. 4. Жазғы және
қысқы Президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыс спорт түрінің
жарыстарына дайындық және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек.
5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар. Оқушылар арасында кең тараған
жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары. 6. Туристік жорықтар,
саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи
орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу,
көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін.
Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әртүрлі
кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру ж.т.б. жорық
дағдыларын меңгереді. 7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдерге
арналған, денсаулықтарын нығайту, дене қуаты дайындығы деңгейлерін
жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар. 8. Спорт мерекелері. Оқу
жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмысттарын
қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін
спорт кеші.
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір –
бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және
спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі.
Сыныптан тыс спорт, көпшілік спорт жұмыстарын жоспарлаудың негізгі
жоспарлау құжаты - көпшілік спорт шараларының жылдық күнтізбелік жоспары.
Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын
есепке ала отырып жасау
керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басы қыркүйек айында өткізілетін
жарыстардан бастап, оқу жылының аяғы мамыр айындағы қорытынды спорт
мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар қамтылуы қажет. Спорттық шаралар
рет – ретімен өздерінің жүргізілетін кезеңдеріне байланысты құрастырылады.
Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі – сауықтыру
шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, ұзартылған үзіліс
кезіндегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.
Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі:
оқушылардың қозғалыстары белсендіріледі, денсаулықтарын нығайтылады,
қимылдары жетілдіреді, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігі туралы
ұғынады, ақыл – ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке
және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы
оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру
басқармалары ұйымдастырады. Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі
ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар
және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек
сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт
клубтары, бассейіндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула
спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс
жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әртүрлі болып келеді. Спорт
түрлерін таңдауға балалардың мұмкішіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп
жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме
өзінің жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу
жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар құрамы,
бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу
жұмыстарын жүргізеді.
Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла
жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге
жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене
қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол
мекемелер: балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ), олимпиадалық
ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ), жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ),
спорттық мектеп интернаттар
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың
қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол
бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары
жақсы,
белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрган балалармен жұмыс
істейді. Ол бағыттағы мекемелер: жазғы сауықтыру лагері, еңбек сауықтыру
лагері, стадиондар, су станциялары, жас туристер станциялары, мәдениет
үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері, мәдени демалыс парктері, аула
клубтары.
3. Студенттердің дене тәрбиесінің көрсеткіштері
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: (Қазақстан - 2030;
Стратегиялық даму жоспары) Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын
ынталандыру мәселесін алдымызға басты мақсаттардың бірі ретінде қойып
отыр. Оны іске асыру үшін Қазақстанның әрбір азаматы қоршаған ортаны,
табиғатты ауа мен су таза ұстау арқылы дене тәрбиесі және спортпен
айналасуға тиіс деп көрсетеді [1].
Президентіміздің 1995 жылдың мамырындағы ) №2661 Қазақстан
Республикасында бұқаралық спортты шұғыл түрде дамыту туралы Жарлығын
жүзеге асырумен қатар, елімізбен жерімізді әлуметтік-экономикалық даму
болашағын, халқымыздың денсаулық деңгейін нығату – дене тәрбиесі және спорт
саласында қызмет етіп жүрген әрбір азаматтың басты міндеті болып саналады,
деп айтылған [2].
Зерттеу мақсаты: студенттердің денсаулығына зиян келтірмей отырып,
олардың дене күш қабілеттерін артыру, жетілдіру, бағалау.
Зерттеу міндеттері: зерттеп отырған маселенің жай-күйін тарихты және
заманауи әдебиеттер мен статистикалық материалдар арқылы жүргізу.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге сараптама жүргізу, мамандарға сауалнама
сұрау салу, педагогикалық тәжірбиелер, байқаулар, логикалық сараптама
жүргізу.
Зерттеу нәтижелері және олардың сараптамасы:
Мемлекеттiк бағдарлама мектепке дейiнгi жастағы балалардың, оқушылардың
және студент жастардың, орта және егде жастағы халықтың, мүгедектердiң дене
тәрбиесiнiң, спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды
дайындаудың басты аспектiлерiн қамтиды, дене шынықтыру мен спорттың
материалдық-техникалық базасын нығайту және дамытуды, ғылыми-зерттеу базаны
құру және нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi қарастырады.
Бұрынғы бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде, республикада дене
шынықтырумен және спортпен шұғылданушы студенттер саны 24,1 пайызға өстi,
бұқаралық дене шынықтыру-спорттық іс-шараларын өткiзудiң саны едәуiр артты,
салалық спартакиадаларды, студенттiк универсиадаларды өткiзу қайта қолға
алынды [3]. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері арасында жүргізілген
зерттеулер қортындысы бойынша көрсеткіштері мынадай:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және география факультеттерінің 2011
жылы оқуға түскен студенттерінің дене тәрбиесі сабақтарындағы 2011 жылының
қазан айы мен 2013 жылдың сәуір айындағы қыздардың сынама көрсеткіштері m
- 30 студент
Сынама түрлері 2011 жыл 2013 жыл Президенттік
сынама талабы
1.100 м жүгіру 17,11 14,19 15,4
2.Орыннан ұзындыққа 187,7 193,1 210
секіру
3.Денені жатып көтеру29,6 37 30
(пресс)

жылы оқуға түскен студенттерінің дене тәрбиесі сабақтарының 2011 жылының
қазан айы мен 2013 жылдың сәуір айындағы ұлдардың сынама көрсеткіштері m -
40 студент

1.100 м жүгіру 13,76 10,38 12,4
2.Орыннан ұзындыққа 219,6 327,3 270
секіру
3.Кермеде тартылу 15,3 16,1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz