Ілияс жансүгіров және сөз өнері



Мазмұны

Кіріспе 3
1. Ілияс Жансүгіров және сөз өнері 5
1.1 Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің негізгі тақырыптары 5
1.2 Ілияс Жансүгіровтың әлемге арнаған ақындық үні 11
1.3 Ілияс Жансүгіровтың лирикалық көркемдігі 14
2. І. Жансүгіровтің шығармаларын тиімді оқыту жолдары 16
2.1 Ілияс жансүгіров поэзиясының ерекшеліктерін оқытуда қойылатын талаптармен әдістер 23
2.2 5.6 cынып оқушыларымен «Күйші» поэмасын талқылау 25
3. Практикалық және тәжірбиелік бөлім 31
3.1 Оқушылармен практика өткізу 31
Қорытынды 36
Пайдаланған әдебиеттер 37
КІРІСПЕ
Ілияс Жансүгіров –қазақ әдебиетінің қайнар көзі болған қазақтың дәстүрлі әдебиетінің, яғни халық шығармасының бай-мұрасын зерттеп,оны творчестволық жолмен игеру керектігін де үнемі қадағалап,ол жөнінде пікір айтып оған қамқоршы болған әдебиетші. Халық шығармасын, ескі заман күйін шертер аңыз-әңгіме жырларына ерекше назар аударып,оны өзінің творчествосына пайдалануда да Ілияс Жансүгіров басқаларға үлгі көрсеткен ақындардың бірі болды. Ілияс өзі араласқан әдебиет майданында халқының асыл қазынасын зерттеді. Кейінгі ұрпаққа мирас болған осынау мол дүниені (фольклорды)жинау туралы пікірлер айтты. «Тілінің көркемдігі, сөз образдарының оргиналдығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады»,-деп жазады Қ.Жұмалиев. І.Жансүгіров поэзиясы қазақ әдебиетін түр жағынан байытқанын айта келіп, Т.Нұртазин де: «І.Жансүгіровтің поэтикалық жаңалықтары арнайы зерттеуге тұрарлық дүние»,- дейді. Ілияс сол мағынасын сақтап, сөздің тіркестерін де бұзбай пайдаланады.
Курс жұмысында І.Жансүгіров лирикасының қырлары арнайы түрде қарастырылып отыр. Курс жұмысында қазақ әдебиетіндегі Ілияс арнасы да сөз болып ондағы ақын поэзиясының орны, әдеби бағыттың дамуына қосқан үлесі, өзіндік жаңашылдығы айқындалады. Әрі суреткердің негізгі бейнелеу тәсілі мен реализм, сентиментализм, символизм сынды көркемдік әдістерінің өзара байланысы, сабақтастығы сөз болады.
Курс жұмысының өзектілігі: І.Жансүгіровтің әдеби мұрасы соңғы жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлі қырынан зерттелініп, қарастырып келеді. Алайда оның арналы ерекшеліктерінің бірі болып табылатын бейнелеу тәсілдері жөніндегі мәселеге қажетті деңгейде назар аударылмай жүр. Соның нәтижесінде, ақын поэзиясының ең негізгі бейнелеу тәсілі – романтикалық тәсілдің идеялық-көркемдік мазмұны да арнайы зерттеу нысанасына айналды.
Курс жұмысының мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің көркем шығармаларындағы, жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ақын лирикасының табиғатын, маңызы мен орнын айқындау. Аса көрнекті суреткердің лирикасы мен поэмасының туу, қалыптасу себептерін ашып, қоғамдық жағдайлармен байланыстыра отырып, олардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін қарастыру.
Курс жұмысының міндеті: Ақын лирикасының тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық және философиялық негіздерін көрсетіп, оның ұлттық табиғатына ерекше мән беру; Қаламгер лирикасындағы романтизмді тақырыптық, әрі хронологиялық жағынан қарастыра отырып, оның ішкі ағымдарының идеялық-көркемдік мазмұнына сипаттама жасау, олардың даму процесін ашу; Романтикалық поэма саласындағы ақындық ерекшелігі мен көркемдік жетістіктеріне көңіл бөлу; Ақынның негізгі бейнелеу әдісінің сыр-сипатын толымды ашу мақсатында, оның шығармаларындағы өзге де көркемдік әдістер ерекшелігін баяндап, олардың табиғи бірлігін айқындау.
Зерттеу жұмысының нысаны: Ақынның лирикасын мазмұнына қарай жүйелеп, олардың әртүрлі ағымдарына қарай топтастырылуы. Қаламгердің романтикалық поэмаларының табиғатын ашып көрсету. І.Жансүгіров шығармаларының көркемдік бейнелеу тәсілдерін таныту, жалпы ұлттық сөз өнері тарихындағы маңызды әдеби- көркем құбылыстың қыр-сырын анықтау.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ілияс Жансүгіров, Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. – Алматы, «Жазушы» 1986 жыл.
2. Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар, «Эко», 2000жыл.
3. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002 жыл.
4. Ілияс Жансүгіров, «Құлагер», плэмалар мен өлеңдер. – Алматы, «Жазушы», 1974 жыл.
5. Мухамеджан Қаратаев, Т. Нүртазин, С. Қирабаев. Қазақ совет әдебиеті. – Алматы, «Мектеп», 1987 жыл. 249-283-беттер.
6. Ілияс Жансүгіров, «Құқ», - Алматы, 1989 жыл.
7. «Қазақ әдебиеті» газеті, 2008жыл, № 3-5.
8. Жанғара Дәдебаев, Қазіргі қазақ әдебиеті. Лекциялар курсы. – Алматы, «Қазақ университеті», 2002 жыл.
9. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, «Ғылым», 1957 жыл.
10. Ғаламтор. www.abai.kz., www.vigipedia.kz. www.google.kz.
11. «Егемен Қазақстан» газеті, 2011 жыл, № 5-9.
12. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, «Күлтегін», 2002 жыл.
13. «Қазақстан мектебі» журналы, 2010-2012 жылдар, №1-9.
14. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1997 жыл.
15. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы, «Жазушы», 1977 жыл.
16. Историко-литературный процесс. Проблемы и методы научения. Под ред. А.С.Бушмина. Л., «Наука», 1977, с 295.
17. Неупокоева И.Г. Революционно-романтическая поэма первый половины ХІХ в. Опыт типологии жанра. М., 1977, с 50.
18. Тілешов Е. Мағжан Жұмабаевтың поэзиясындағы романтизм 10.01.08 -әдебиет теориясы 10.01.02.-қазақ әдебиеті. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. - Алматы 1997ж. 30 б
19. Жұмабаев М. Шығармалары - Алматы, "Жазушы", 1992. 477б
20. Құнанбаев А Шығармалары - Алматы 2004
21. Кәрібаева Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналар ы Астана «Елорда». 2001-312 б.
22. Кемелбаева А. Мағжан романтизмі // Қазақ әдебиеті 2007
23. Қанарбаева Б . Мағжан поэзиясындағы фольклорлық сарын -А.2001
24. Қанарбаева Б. Мағжан символист -Алматы .,2007 -529 б

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Ілияс Жансүгіров және сөз өнері
5
1.1 Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің негізгі тақырыптары
5
1.2 Ілияс Жансүгіровтың әлемге арнаған ақындық үні
11
1.3 Ілияс Жансүгіровтың лирикалық көркемдігі
14
2. І. Жансүгіровтің шығармаларын тиімді оқыту жолдары
16
2.1 Ілияс жансүгіров поэзиясының ерекшеліктерін оқытуда қойылатын талаптармен әдістер
23
2.2 5-6 cынып оқушыларымен Күйші поэмасын талқылау
25
3. Практикалық және тәжірбиелік бөлім
31
3.1 Оқушылармен практика өткізу
31
Қорытынды
36
Пайдаланған әдебиеттер
37

КІРІСПЕ
Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің қайнар көзі болған қазақтың дәстүрлі әдебиетінің, яғни халық шығармасының бай-мұрасын зерттеп,оны творчестволық жолмен игеру керектігін де үнемі қадағалап,ол жөнінде пікір айтып оған қамқоршы болған әдебиетші. Халық шығармасын, ескі заман күйін шертер аңыз-әңгіме жырларына ерекше назар аударып,оны өзінің творчествосына пайдалануда да Ілияс Жансүгіров басқаларға үлгі көрсеткен ақындардың бірі болды. Ілияс өзі араласқан әдебиет майданында халқының асыл қазынасын зерттеді. Кейінгі ұрпаққа мирас болған осынау мол дүниені (фольклорды)жинау туралы пікірлер айтты. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының оргиналдығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады,-деп жазады Қ.Жұмалиев. І.Жансүгіров поэзиясы қазақ әдебиетін түр жағынан байытқанын айта келіп, Т.Нұртазин де: І.Жансүгіровтің поэтикалық жаңалықтары арнайы зерттеуге тұрарлық дүние,- дейді. Ілияс сол мағынасын сақтап, сөздің тіркестерін де бұзбай пайдаланады.
Курс жұмысында І.Жансүгіров лирикасының қырлары арнайы түрде қарастырылып отыр. Курс жұмысында қазақ әдебиетіндегі Ілияс арнасы да сөз болып ондағы ақын поэзиясының орны, әдеби бағыттың дамуына қосқан үлесі, өзіндік жаңашылдығы айқындалады. Әрі суреткердің негізгі бейнелеу тәсілі мен реализм, сентиментализм, символизм сынды көркемдік әдістерінің өзара байланысы, сабақтастығы сөз болады.
Курс жұмысының өзектілігі: І.Жансүгіровтің әдеби мұрасы соңғы жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымында әртүрлі қырынан зерттелініп, қарастырып келеді. Алайда оның арналы ерекшеліктерінің бірі болып табылатын бейнелеу тәсілдері жөніндегі мәселеге қажетті деңгейде назар аударылмай жүр. Соның нәтижесінде, ақын поэзиясының ең негізгі бейнелеу тәсілі - романтикалық тәсілдің идеялық-көркемдік мазмұны да арнайы зерттеу нысанасына айналды.
Курс жұмысының мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің көркем шығармаларындағы, жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ақын лирикасының табиғатын, маңызы мен орнын айқындау. Аса көрнекті суреткердің лирикасы мен поэмасының туу, қалыптасу себептерін ашып, қоғамдық жағдайлармен байланыстыра отырып, олардың идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін қарастыру.
Курс жұмысының міндеті: Ақын лирикасының тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық және философиялық негіздерін көрсетіп, оның ұлттық табиғатына ерекше мән беру; Қаламгер лирикасындағы романтизмді тақырыптық, әрі хронологиялық жағынан қарастыра отырып, оның ішкі ағымдарының идеялық-көркемдік мазмұнына сипаттама жасау, олардың даму процесін ашу; Романтикалық поэма саласындағы ақындық ерекшелігі мен көркемдік жетістіктеріне көңіл бөлу; Ақынның негізгі бейнелеу әдісінің сыр-сипатын толымды ашу мақсатында, оның шығармаларындағы өзге де көркемдік әдістер ерекшелігін баяндап, олардың табиғи бірлігін айқындау.
Зерттеу жұмысының нысаны: Ақынның лирикасын мазмұнына қарай жүйелеп, олардың әртүрлі ағымдарына қарай топтастырылуы. Қаламгердің романтикалық поэмаларының табиғатын ашып көрсету. І.Жансүгіров шығармаларының көркемдік бейнелеу тәсілдерін таныту, жалпы ұлттық сөз өнері тарихындағы маңызды әдеби- көркем құбылыстың қыр-сырын анықтау.
Курс жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

1. Ілияс Жансүгіров және сөз өнері
1.1 Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерінің негізгі тақырыптары

Ақынның алғашқы өлеңдерінде қоғамдық, саяси теңсіздікті көрсету, оқу-ағарту, біліиге шақыру, өнерге , еңбекке үндеу мәселелері жазылған. (Арман, Көңілдің жүгірісі, Өзіме, Сәлемдеме, Замандасқа, Талғамалар, Жаңылғаным т.б.).
Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің бір тобы - заман туғызған жырлар. Жас жалшыға, Баспаханада қыр қазағы, Кедей тойы, Қойшы ойы, Егінші өлеңдерінде теңдікке қолы жеткен еңбекші топтың бейнелері жасалған. Ақынның саяси лирикасындағы Ұлы күнде, Май тойында, Октябрь күні сияқты өлеңдерінде терме, мадақ жыр үлгісін, аллегориялық (пернелілік) кейіптеу әдісін қолданған. Осындай құрылымы, жанры жағынан (формалық, стильдік ерекшелік) туындылар қатарына Некешілдер, Ала бие, Саудагер тамашасы, Ит-ай, Шошқа т.б. өлеңдерін қосуға болады.
Ілияс Жансүгіров - табиғатты өлеңмен кестелеген ақын. Жетісу суреттері (1928) Жетісудің тау, тоғайын, өзен-көлін оқырманның көз алдына әкеледі. Осы жерді мекен ететін аң-құс, өсетін шөптің сипатын беріп қоймай, табиғатты ұлттық бояумен айрықша суреттейтін ақын оның бүкіл бейнесін ғана емес, күш-қуатын, ерекше бітімін көрсетеді.
Жетісу суреттері: Жалпы сын, Тау суреттері, Жетісу суреті, Жетісу жәндігі, Жер түгі деген тараулардан тұрады. Сондай-ақ, Жазғы салымда (1922), Жазғытұрым, Жазғы шілде, Күз (1923), Қыс (1922), Мүзгіл суреттері (1923) өлеңдерінде жыл мезгілінің көркем пейзажын берсе, Желді күн (1924), Бұлақ бойында (1924), Көлге(1924), Ауылдың алды (1926) өлеңдерінде адам мен табиғатты бірге егіздеу арқылы суреттейді.
Қаламгер өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшелігінің бірі - ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, тұрмысты сол қалпында бейнелі суреттеуі. Сабын (1925), Ұршық (1927), Саптыаяқ (1925) өлеңдерінде ұлттық таным, түсінік, мінез, өнер, эстетикалық талғам бар.
Өлеңдерінің ішінде Саясат қошқарлары, Коммуна, Гималай саяси тақырыпқа жазылған. Саясат қошқарларында ірі капиталистік елдердегі алауыздық айтылса, Коммунада Париж коммуналарын еске алады. Осы өлеңдерінің арасында Гималайдың орны ерекше. Сұрау, Жауап бөлімдерінен тұратын туындыда көкпен таласқан таудың күннен нұр ала алмай отырған жайын сұрайды да, екінші бөлімінде отарлық езгіден күйзелген, байлығы тоналған, өз бағы өзіне бұйырмай жатқан Шығыс елдерінің трагедиялық бейнесі жасалады. Ақын бұдан құтылудың жолы саяси күрес деп қорытады. Өлеңде тау, мұз, тұман, бұлт, қар, күн, өзен, жел т.б. көркемсурет жасаушысы бейнелер ретінде қолданылған.
1920 жылға шейін ауылда жүріп жас жігітт жастық шаққа лайық, балғын, ыстық лепті, сырлы лирикалық өлеңдер жазды. Оның дені - махаббат, сүйіспендік өлеңдері. Бірақ, не керек, бұл өлеңдер әзір түгел табылып болған жоқ. 1918 жазған бір дәптер өлеңі сол күйі қолға түспей келеді.соның өзінде ақынның алғашқы қадамын аңғартатын деректер бар. Мысалы, Ілиястың ақындық қабілетінің ауыл көлемінде белгілі болғандығына Бисекенің жоқтауы деген жыр да айғақ бола алады. Махаббат туралы жазған Ынтықтар деген өлеңі оның бұл сезімді Абайша, жүректі кірден арылтатын ең таза, ізгі сезім деп қастерлейтінін көрсетеді. Бұл өлең Ілиястың шебер суретші, нәзік сыршыл ақын болатынын да танытады [5, 269].
Ілияста Абайдың Сегіз аяқ атты өлең үлгісімен жазылған шумақтар да бар.
Ашылар ма көз,
Іс болар ма сөз,
Көп көксеген күн туып?
Жауын, сел қайнап.
Дауыл, жел айдап,
Өз еркінше жүр қуып.
Алу үшін теңдікті, -
Сағынамыз кеңдікті, -
деп көксеген күнінің теңдік пен бостандық екенін айтып жырлайды, елдің еңсесін басып келген қу мен сұмдарды сынайды. 1917 жылғы февраль революциясын Ілияс қуанышты сезіммен қарсы алады да, Тілек деген өлең жазады.
Сонымен қатар 1915-1916 жылдары жазған Бұлбұлға, Әншіге, Өзіме, Сәлемдеме, Көңілдің жүгірісі, Жанды сөз, Алдымда деген өлеңдер Ілиястыңақындық өресі мен аяқ алысының әжептәуір жетілгендігін аңдатады. Өлеңнің сарыны, құрылысы жөнінен Абайға еліктегені байқалады. Тіпті әлеуметтік тақырыпқа жазған Қалпымыз атты өлеңінде де біз оның кең тынысты ақындық өріске шыққанын байқаймыз.
Жан сүйісіп, тән ысып,
Ынта айрылмай жалындар,
Сыбырласып, сырласып,
Кірден жүрек арылар.
1919 жылы атаман Анненковтың тырнағына түскен ағайындарына жаны ашып, қабырғасы қайысып шығарған Не күйде? деген назалы өлеңі сақталған. Ілияс екі жыл ішінде жазған өлеңдерінің кейбіреуін Алматыда шығатын Тілші мен Кедей еркі газетіне жіберіп бастырады. Соның ішінде айрықша атап айтуды қажет ететін 1920 жылы Тілші газетінде жарияланған Ортақшыл партия деген өлең. Мұны Сәкен шығармаларынан кейін жалпы қазақ поэзиясында Коммунистік партия тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдерінің бірі десе болар еді. Бұл тарихи елеулі өлеңінде ақын Коммунистік партияға:
Жөнің түзу, жолың ашық, ойың шын,
Алысқанның аузына құйдың құм,
Мейірім, шапқат, әділеттің өзісің,
Есіт даусын біз езілген сорлының, -
деп қазақ аулының бұрын езілген, артта қалған қараңғылық халін мұң етіп шағып, көз қырыңды сала гөр деген тілегін білдіреді. Сол жылы жазылған Еңбекшілерге деген өлеңінде Ілияс совет өкіметінің еңбекшілер өкіметі екенін түсіндіріп, ендігі жерде оларды кеңесіп, бірлесіп, еңбек етуге шақырады.
Арыным деген өлеңінде ақын Жарлы, жалшы, жақыбайды жарылқау, жандағы ауру, жүректегі жалыным дей келіп, осы мақсаты бірлескен күресте ғана орындалатынын айтады. Сонымен қатарды оның Боранда деген өлеңінде аулдағы байдың малшыға көрсеткен қорлығы, Бейсембек болыс деген өлеңде баймен жағысқан жүгенсіз болыстың ұсқынсыз қылықтары, Елге шыққанда ... ов не айтады деген өлеңде қызмет бабын қара басының қамына пайдаланған парақордың іс-әрекеттері баяндалады.
1921-1922 жылдарда Ілияс ел тұрмысына көбірек үңіледі. өзі оқып келген және өзі оқытушы боп жүрген Ілиястың ол кездегі өлеңдерінің басым тақырыбы оқу, жастар жөнінде болып келеді. Жалпы жасқа, Жас бұлбұлдарға, Жастар ұраны, Жазғытұрым, Жазғы шілдеде, Күзде деген өлеңдерінде ол жастарды талпынуға, ұйымдасуға, оқуға шақырады.
Ілиястың 1924 жылы жазылған Жастар деген өлеңі - оның төрт-бес жылы бойы жастар тақырыбына арнаған өлеңдерінің маңыздысы дерлік. Бұл өлеңді сол кездегі жас ұрпақ ұранындай әнге қосып шырқайды екен.
Жастар,
Заманның қызыл гүліміз.
Жастар,
Наданның сәуле күніміз.
Жастар,
Ортақшыл, өркен, жаңа тап,
Жастар,
Лениншіл өркен жаңа топ,
Тұрмысқа ол нұсқа.
Лениншіл жас,
Атта, алға бас,
Кел, аралас еңбекке.
Елмен жетіс,
Елге жеміс бермекке.
Өзінің профессионал ақын бола бастағанын түсінген Ілияс енді аударма жұммысымен де шұғылданады. Пушеин мен Лермонтов өлеңдерінен аудара бастайды. Черкестер, Қанжар, Тілек, Жыр, Тұтқын, Тұрмыс тостағаны, Ақын өліміне осы жылдары аударылған. Сонымен қатар Демьян Бедныйдан да кейбір өлеңдер аударды [7, 49].
1924 жыл - Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен творчествосында ерекшк орын алатын жыл. Бұл оның Коммунистік партияның қатарына кандидат болып енген жылы. Коммунист ақынның творчествосы сол жылы ала-бөтен кең қанат жайып, өлеңдерінің мазмұны мен тақырыбы молыға да тереңдей, саяси жағынан ұштала да өткірлене түскенін байқаймыз. Азасы бүкіл елімізді тітіреткен Ленин өлімінің ауыр қайғысына басқа ақындармен бірге Ілияс та үн қосып, арнаулы өлең жазды. Ленин өлді деген өлеңінде ол ұлы көсемді еңбекші халыққа жарық таң атқызған дана, дауылға ұшыраған жұртты жарыққа алып шыққан капитан бейнесінде суреттей келіп:
Еткен іс, айтылған сөз, салған ұран,
Қорыды қорғасындай жүрекке иман.
Өмірдің тербетілген кемесінде,
Адасад сілтеуіңнен ауытқыған, -
деп түйді. Мұнда ақын бұдан былай адаспай, бақытқа жетудің бірден-бір жолы Ленин сілтеуінен ауытқымау, Ленин ісін, Ленин сөзін, Ленин ұранын жүректе сақтау екенін жақсы түсінеді де, жақсы түсіндіреді. 1923 жылы Ілияс халықтың қолын бақытқа, бостандыққа жеткізген Ұлы Октябрьге арнап өлең (Ұлы күн) жазады. Мұна да ол Октябрь мен Лениннің ұлы бейнесін ұштастыра жырлады. 1924 жылы Орта Азиядағы республикалардан ұлт республикалары жасалғанын құттықтап, ақын Ұлт отауын тіккенде деген өлеңін жазды. Ол кездегі Ілиястың көтеріңкі көңіл-күйін, ақындық серпіні және оның себебін мына бір Жаңа әдебиет деген қысқа өрнекті өлеңінен ашық аңғарамыз:
Күреспен, күшпен,
Бірлікпен,
Төгілді жерге жаңа нұр.
Жігермен, іспен,
Еңбекпен
Соғылды жерге жаңа өмір.
Жаңа өмірмен,
Жаңа елмен
Түледі біздің қала, қыр.
Күшті күймен,
Тәтті әнмен
Үдеді біздің жаңа жыр.
Москвадағы Коммунистік журналичтика институтын бітіріп шыққаннан кейін көптеген ғылымдарға қызуғышылығы артып соларды зерттей бастайды. Сөйтіп жүріп ол творчестволық жұмысын да тастамайды. Бұл жылдары жазған өлеңдері өткен жылдарға қарағанда, сан жағынан сәл кемірек болғанмен, сапа жағынан ұтымдырақ, байсалдырақ шыққан: тақырыптары маңыздырақ, идеялық мазмұндары мағыналырақ, салмақтырақ, ақындық үні де нығырақ, қуаттырақ. Мұнда біз, алдымен, өндіріс тақырыбының пайда боғанын көреміз. Москвадағы Орақ пен Балға атты шойын, темір қорытатын заводтың сипатын суреттеп жазған (Заводта) өлеңі мен Жетісуға темір жол салуына арнаған (Отарба) өлеңінің соны тақырыпқа жазылғанын атап айтуға болады.
Қызыл темір қылмаңдап,
Ырғиды оқ жыландай.
Жұмысшының жылдамдап
Қысқашы қысад қырандай.
Мұнда ақын әлі заводтың тыс көрінісінен шығып, жұмысшының ішкі дүниесіне кірмейді. Ол алғашқы әсерін сырт суреттеумен беріп, мынадай көкей тесті арманды айтуға асыққан:
Осыны көрген қазақтың
Ойын мына ой орады:
Бәріне де жан-жақтың
Осындай оттар толады...
Өзінің туған даласында да осындай заводтар орнайтынына сенген ақын сол далада темір жол салына бастағанын көргенде, қалай қуанатыны белгілі ғой. Отарба атты өлеңінде ол шын шаттық сезімін ақтарып, шынайы шабытқа мінеді.
Ақын жол салынатын даланың сүйкімді суретін, одан өтетін отарбаның оңды бейнесін сипаттайды.
Отарба - Ілиястың поэзиялық дарынының қуатты серпінінен туған өлең. Ен даласын айқыш-ұйқыш темір жолдары шарлап, ұшан-теңіз кен байлығын, егіс байлығын халық ризығына емірене ақтарып отырған бүгінгі индустриялы да астықты Қазақстанды көрген кісі бұдан отыз жыл бұрынғы ақынның шын шабытпен, нағыз ақындық қиялмен түйген болжалды арманына және қырандай көреген қырағылығына сүйсінеді де таңданады, сөйтеп, мына өлеңді оқып, эстетикалық әсерге бөленеді.
Арба келді, Алатау!
Мәңгі марқұм байғұс-ау!
Қалтырар кеудең дірілдер.
Меңіреу, мылқау, құм қоныс,
Керең дала тым-тырыс,
Жатушы ең жансыз жан кірер,
Жолбарыстай жоныңда
Жондарыңның қойнында,
Қазынаң қалмас, қазылар.
Елдерің жатқан өңірде,
Ерлерің жортқан беліңде
Заводтар зәулім азынар.
Асқағы - аспан Алатау
Жексені - жер Қаратау
Кеулетер, қойнын ақтарар.
Асылға бай кендерім, астыққа бай жерлерім,
Дәулетті көлдер мақтанар...
Отарбадан кейін Октябрьдің он жылдығына арнап жазған Ұштасқан үш тілек атты өлеңінде де Ілияс өзінің ақындық аяқ алысының жақсарғанын танытты. Мұнда ақын бұрынғы көшерін жел, қонарын сай біліп, қу мекен далада қазақ халқының мүшкіл халін ебелекке, еңбекші елін бастап, жарық жағаға шығарған ұла көсеміміз В.И.Лениннің образын қырағы капитанға балап көрсетіп, нақты көркем картина жасайды. Орыс халқының балға ұстаған жұмысшысы мен орақ ұстаған шаруасының қазақтың таяқ ұстаған малшысына қол ұшын беріп, ұлы тілек үстінде достасқан одағын да ақын нақты образ, сурет арқылы көз алдыңа әкеледі.
Ілиястың ән туралы өлеңдерінің ең алғашқы қарлығашы - 1916 жылғы Әншіге дейтін өлеңі. Бұл сарын әуелде тастан шыққан бұлқ тәрізді сылдырап басталса, бара-бара ол Күй мен Күйші поэмасына құйды да, тау өзені тәрізді сарқырап ақты, ақырында Құлагер поэмасының аңғарына құлап, кемерімен теңелген жылым дариядай ұлы арнады терең тұңғиығы теңселе шалқиды.
Ілияс Жансүгіровтің бұдан басқа Ауылдың алды, Ағыңды менің Ақсуым, Ақшам, Біздің күз, Боранда, Бұлақ бойында, Бұлбұлға, Бұлт, Бөбек бөлеу, Домбыра, Ел шетінде, жау бетінде, Жайлау, Жанартау, Жас жалшыға, Жауын, Желді қарағай, Жетісу суреттері, Жалпы сын, Жетісу суреттері, Жүдеу жүрек, Кім екен?, Күн шыққанда, Көктемде, Көлге, Көші-қон, Не күйде, Орақ науқаны, Оқимын, Сабын, Сапарда, Саптыаяқ, Тас, Тас шешей, Толғау, Шаттық жыры, Қазақ қызы, Қақпан, Қырман, Қыс, Ұршық, Әнші, Әншіге сияқты өлеңдері бар.
Арман
Мезгіл бар ма құтылар,
Шынжырлаулы тағдырдан?
Бірақ ой жоқ ұмтылар,
Табылар тағдыр дағдыдан.
Рахымы жоқ шынжырға
Байқамастан шалдырған,
Аяқ, қолы құрсауда,
Зарлауда жүр балдырған.
Желк-желк еткен жас шалғын
Суық желмен майысып,
Селк-селк еткен болды күн
Көтермей белі қайысып.
Ажарлы, нұрлы ақ балғын
Заманмен тозды сайысып,
Көңіл құрғыр соп-солғын,
Жылдам суып, жай ысып.

1.2 Ілияс Жансүгіровтың әлемге арнаған ақындық үні

Халықаралық жағдай мен жер жүзілік оқиғалар, империалистерге қарсы өршіген жұмысшы қозғалысы мен ұлт-азаттық қозғалысы мәселелері - әр жылдары-ақ ақынның назарын аударып келген тақырыптың бірі. Жансүгіров поэзиясында бұл тақырып әжептәуір орын алады. Капиталистік елдердің ала ауыз дипломатиясын мазақтап, ол - 1922 жылдың өзінде Тілші газетінде Саясат қошқарлары деген сықақ өлең жариялаған болатын. Оның бер жағында капитализм дүниесін сұр жылан образында алып жазған Қос аяқ деген өлеңін 1928 жылы Жаңа әдебиет журналына бастырды. 1926 жылы май айында Англияда күшпен басылған көмір кеншілерінің көтерілісіне арнап жазған Кім үшін деген өлеңі 1928 жылы Сағанақ жинағында шықты. 1925 жылы Тілші газетінде Комунна деген өлең жазып, ақын бейнелі сөздерімен Париж Коммунасы қаһармандары бастаған ұлы істі Совет Одағы жүзеге асырып отырғанын, Коммунаның жарқын идеясы күндердің күнінде дүние жүзін нұрға бөлейтінін айтып, жалынды жыр қозғады. 1929 жылы Еңбекші қазақ газетінде атақты француз ақыны Виктор Гюгоның Қырғында деген революциялық өлеңін өазақшаға аударып бастырды [10, 254].
Ілиястың халықаралық тақырыпқа жазған шығармаларының ішіндегі ең биік шыңы - 1929 жылы Еңбекші қазақ газетінде шыққан Гималай атты даңқты өлеңі.
Ақ шалып басын қар көміп,
Аспанның төсін арда еміп,
Анасындай алтын күн,
Сел жіберіп бір жауып,
Жел жіберіп бір желпіп,
Ауық-ауық құшақтап,
Әлсін-әлсін нұр сеуіп,
Есейген асқар Гималай...
Сол күннен нұр ала алмай,
Басы мұнар, бауры тар...
Гималай асқар неге олай?
Буырқанып, бұрсанып,
Бұлттанып, құрсанып,
Бірде жылы, нұрланып,
Бірде ашулы, томасарып,
Бірде торғын жұмсарып,
Көк үйрілген анадай...
Сол анадан сүт алмай,
Көзі соқыр, көңілі тас,
Гималай асқар неге олай?
деп басталатын өлеңде ақындық жүрегінен ең ардақты сезімі ақтарылған.
Жемісі жерде мәуелеп
Терегі көкке әуелеп,
Тағысы таста ойнаса,
Қырдан қыран әуелеп,
Андыздап ара бал сорып,
Шешегін шымшып көбелек.
Құндағы ну, қарағай
Сол сәулетке оранбай.
Борбайы борша, арша арқа,
Гималай асқар неге олай?
Бұлт тамшылап, қамшылап
Бұрқақтатып күн шығад.
Сол бұрқақтың астында
Қиналған бір үн шығад.
Қиналад та, күңіренед.
Асқар әлде тұншығад,
Басқан оны қай кұдай?
Түсті ме екен найзағай?
Жатыр ма екен жау жайлап?
Гималай асқар неге олай? [1, 158].
деген жолдарда әсем образдардың кестесі тігілген, асыл сөздердің маржаны тізілген. Ал енді:
Гималай - көктің кіндігі.
Гималай - жердің түндігі.
Мұз туырлық, қар үзік,
Түрілмеген бір күні, -
деген шумақта сол кездегі қазақ ұғымына таныс киіз үйдің байырғы бейнесі арқылы керемет көркем сурет жасалған.
Гималай - Ілияс шығармаларының ішінде айрықша айшықтысы, әдемісі, мазмұны мен түрі қиысқан, төрт тақтасы түгел жатық, тыңнан ойғандай тұтас, қорытып құйғандай сом, кесек шыққан көркемі. Оның идеясы терең, нақ, шын өмірлік идея. Оның екпіні мен әуені шын өмірлік, табиғи сезімнен туған, нағыз толқыған ақын жанынан жарып шыққан.
Ленин бір кезде Шығыс пен Азия елдерінің империализмге қарсы қозғалатынын, отаршылдықтың құлдық бұғауынан құтылатынын жіті болжап айтқан болатын. Гималайда Ілияс сол жау жайлаған қалың Шығыстың ауыр күйін суреттей келіп, оның бойындағы алып қуатын, алдағы жарқын болашағын меңзеп, Лениннің даналық болжалына өзінің ақындық қиялын ұштастырады:
Гималайда қуат бар,
Қозғалды оны құрауға.
Гималайда ұлы от бар,
Таянып тұр, тұтауға.
Гималайда улы оқ бар,
Құл атады құдайға.
Болса болар, болғандай ...
Көксеп күн мен көк орай,
Дейтіндерге неге олай?
Айтар сонда Гималай!
Бүгінгі отаршылдықтың бұғауын үзіп, өз тізгінін өзі алып, тәуелсіздік жолға түскен Азия, Африка елдері Ленин болжалының өмірлік, даналық болжал екеніне айқын айғақ боса, сонымен бірге олар ақын қиялының да өмір шындығына сәйкес, революциялық идеядан пайда болған негізді, қисынды қиял екеніне даусыз дәлел бола алады.

1.3 Ілияс Жансүгіровтың лирикалық көркемдігі

Ілияс Жансүгіров - аса ірі талант иесі. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында үлкен еңбек сіңіріп, осы әдебиеттің негізін салушы, үлкен тірегінің бірі болды. Әсіресе оның ақындық еңбегі зор. Ілиястың жазушылық еткен жиырма шақты жыл өмірі қазақ совет әдебиетінің алғашқы кезеңдерімен тұтасады, яғни ол осы әдебиетпен жарыққа бірге шығып, бірге жасасып келеді. Сондықтан өзі негізін салысқан жас әдебиеттің жетістіктері мен табыстарының бәріне Ілияс ортақ, бәрінде оның үлесі бар. Күннен-күнге, жылдан-жылға үздіксіз өсіп, жетіліп келген осы әдебиеттің алдында тұрған маңызды мәселелері мен міндеттері Ілияс творчествосына да тән. Сондай-ақ қазақ поэзиясының жалпы дәрежесіне тән қасиеттер мен сипаттар Ілияс поэзиясына да жат емес. Сонымен бірге Ілиястың ақындық қуатына, ерекщелігіне айрықша тоқтау қажет. Мұнда айтарлық жайттар көп. Жүйрік те асқақ ақын Ілияс Жансүгіров ең алғаш әдебиетке қадам басқанда, үзіп-шалып қана оқыған, ортадан төмен білімі бар, ауылда өскен ересек жігіт еді. Оның бойындағы бар қаруы: ана тілі, ауыз әдебиеті, Абай мен Ыбырайдың, Махамбет пен Шернияздың, Сұлтанмахмұт пен Сәбит Дөнентаевтың өлеңдері және кейбір Шығыс ақындарының, әсіресе татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармалары болатын. Ілияс творчествосына әуелден нәр беріп, ұрық сепкен үлгілер осылар.
Ілияс талантының жылтыраған көзі, тамыр жайған топырағы оның 1915-1916 жылдары жазған алғашқы өлеңдер дәптерінен-ақ көрініп тұр. Мұнда Абай поэзиясының әсері айтпай танырлық. Оның ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқын, Отанын сүйгіш сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке төзбеуі, жаман мінез, қылықтар мен әлеуметтік міндерді сынап, сықақ ету дәстүрі - Ілияс өлеңдерінің де салты. Абай Жасымда ғылым бар деп ескермедім деген өлеңінде терең ғылым ала алмадым деп опық жесе, жиырма жылдан кейін Ілияс білім алу мәселесін енді теңдік алу мәселесімен ұштастырып:
Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас!
Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!
Ынта салсаң, білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жаға алмас, -
дейді. Бұл - Ыбырай мен Абайға, Сұлтанмахмұт пен Дөнентаевқа жалғасқан кәдімгі ағартушылық жолы. Ілиястың Біздің жазда деген өлеңі - Абайдың осы тақырыптағы елгілі өлеңдерімен үндес те әуендес. Ынтықтар деген өлеңдегі жазғы түннің суреті мен жастардың махаббаттық жолығысуының да, жоғарыда айтқандай, Желсіз түнде жарық аймен көп жері ұқсас. Поэзияның күш-қуатын, қооғамда алатын орны мен атқаратын ролін Ілияс Абайша ұғынады. Оның Жанды сөз деген екі шумақ өлеңі Абайдың өлең сөз бен ән-күй туралы айтқан керемет әдемі өлеңдерін еске түсіреді.
Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер,
Қайғы, зарын, қуанышын жақсы тінтер.
Жүрегімнің айнасын шаң басқанда,
Орамалым осы өлең бетім сүртер.
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.
Елдің сәні сақталар жанды сөзбен,
Қай жұрт болсын талассыз осыған құл!
Ауылда өскен жас ақынның туған ел әдебиетіне - халықтың асыл сөзіне - бұл секілді таң қаларлық тамаша көзқараасына Абайдың тікелей әсері тигендігі даусыз. Мұны Ілияс өлеңдерінің құрылысынан да айқын көреміз. Поэзияда Абай жасаған үлгілер Ілияста өте кең орын алған. Басқасын былай қойғанда, Абайдың өзінде сирек кездесетін Сегіз аяқ пен Бойы бұлғаңның үлгісімен жазған Ілияста Қалпымыз, Шым-шытырық деген өлеңдер бар [4, 270].
Ілияс поэзиясының қалыптасуына Абай творчествосының игі әсерін және Ілияс шығармаларында Абай өнегесінің алатын үлкен орнын тағы да толып жатқан мысалдармен көрсетуге болады. Орыс поэзиясының Абай қоданған шалыс ұйқас үлгісі Жансүгіров поэзиясында аллитерация, ассонанстармен құлпырып жанып кетеді.
Жанардың жанған жалыны,
Жердің жүзін жарық етер.
Жарылқар жалшы, жарлыны,
Жаңа жұрт жасар, қарқ етер.

2. І. Жансүгіровтің шығармаларын тиімді оқыту жолдары

Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы да белгілі. Білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән мәтінімен өзара байланысты қарастырылады.
Білім алу - батылдық, оны толықтыру даналық, ал шебер қолдана білу - өнер демекші, қазіргі таңда жеке тұлға құзыреттілігі, нәтижеге бағытталған білім беру негізі - әрбір мұғалімнің көкейкесті мәселелерінің бірі. Білім жүйесін реформалаудың бір мақсаты - жан-жақты, білімді өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру емес пе?! Сабақ жүргізу барысында, қазіргі мұғалім бағыт-бағдар беруші, оқушы ізденіс қызметінің көмекшісі болуы керек. Ол үшін дәстүрлі білім беру моделінен жаңа білім беру моделіне көшуіміз керек.
Дәстүрлі оқытуда шығармашылық жұмыстарға көңіл бөлу - технологиялық оқытумен салыстырғанда шығармашылық жұмыстарды жеке тұлғаға бағыттау, оқушыларға еркіндік беру, оқушы мен мұғалім еңбегін өнімді іс-әрекетке негіздеу, оқушыға субъект ретінде қарау негізге алынбаған.
Сондықтан жас ұрпаққа білім беруде және тәрбиелеуде белсенділігі мен қызығушылығын, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыруда технологиялық оқытудың алатын орны ерекше. Жаңа оқыту қағидасы бойынша оқытудың әдіс-тәсілдеріне төмендегідей талап қойылады:
Мұғалімнің оқыту кезіндегі билік жүргізу әдісінен арылуы;
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлғңа білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдаушы оқушы екендігі;
Жеке тұлғаның оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін, белсенділігін дамыту;
Оқыту нәтижелі болуы үшін барлық тапсырмалар мен қойылатын сұрақтар деңгейі бала үшін қол жетімді, баланың қабылдау деңгейіне сай, түсінікті, қарапайым болуы керек.
Олай болса, Блум таксономиясы бойынша сабақ әзірлеп. Өткізу және Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды әзірлеу - білім беруді ізгілендіруде дәстүрлі педагогикадан айтарлықтай өзгешелігі бар оқыту жүйесі.
Орта білім беру кез-келген мұғалімнің оқыту құралдары оның болжамдарының, білімі мен ұстанымының , көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуы керек.
Блум жүйесінде сабақта мұғалімнің іс-әрекеті жеке тұлғаға қарай бағытталған тапсырмалар ұсынушы, нақты мақсат қоюшы, бағыт - бағдар беруші, кеңесші, оқушының жетістігін құптаушы, ынталандырушы, мақсаттарға жетелеуші. Ал, оқушы өз ізденісімен табысқа жетуші (Оқушы + кітап - мұғалім). Осы талапты ескере отырып өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда Блумның мақсат қою таксономиясы бойынша әзірленген оқу тапсырмаларында жеке тұлғаның білімнің өзіне қаншалықты қажет екенін, оның мазмұны мен таным әдістеріне сын тұрғысынан қарап, талдау жасауы ескеріледі.
Іс-тәжірибе барысында әдебиет пәні бойынша Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын жоғарыда айтылған мақсаттар жоспарладым. Төмендегі сабақ жоспарының үлгісінде оқушы пікірін тыңдау, сұрау, нақтылау, өз сөзімен қайта айту, ақпаратты сызба түрінде беру, нақты жағдайға өз көзқарасын білдіру, ой қорытындысын жасау, басшылыққа алынды.
Сабақ жоспары
Титул беті
Құзырлықтар каталогы
Тақырып:
І. Жансүгіров.
Анам тілі, Домбыра өлеңдері
1
Базалық құзырлылық:
оқу іскерлігі

1.
1

Құрамды құзырлылық:
Ақпаратқа сызбалық талдау беру
Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 6

Оқытушы: Дюсембинова Н.Е.

1.1.
1

Әдіс, амал, құрал:
Топтастыру әдісі, пікір -болжам, бағалау

Дидактикалық дәреже: жоғары

Оқу орны: №19 ОМГ МДШО

Базалық оқулық:
Әдебиет. Арман-ПВ баспасы
Автор: Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева.

Мақсатты әлеуметтендіру

1.
Табиғат
Оқушының тұрақты дамуын қамтамасыз ету
Сабақтың мазмұны:
Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау;
Өлеңдерін оқыта отырып өз ана тілін бағалай білуге баули отырып, сөздік қорларын дамыту және еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе білуге үйрету;
Қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғындыра отырып ұлттық мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу;

2

Қоғам
Жеке интеллектуалдық әлеуетін көрсете алу

3
Мен
Жеке тұл,аны сөз мағыналарын меңгеруге баулу

Блум таксономиясы бойынша кезеңдер

Уақыты:

Сабақ тақырыбы:
І.Жансүгіров. Анам тілі, Домбыра өлеңдері.

Жалпы мақсат:
Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау арқылы өлеңдерін оқыта отырып, өз ана тілін бағалай білуге шақыру, сөздік қорларын дамытып, еркін сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге үйрету және қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғындыра отырып ұлттық мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу

Сілтеме:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
3. 6-сыныпқа арналған оқулық
4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:
Ілияс Жансүгіровтің өмірі және шығармашылығымен таныса отырып, өлеңдерін оқиды;Оқи отырып өз ана тілін бағалай білуге үйренеді, қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғынады, тапсырмаларды орындай отырып,сөздік қорларын кеңейтіп, еркін сөйлеуге машықтанады.

Сабақта қолданылатын материалдар:
Ілияс Жансүгіровтің портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, домбыра, жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет оқулығы ,бейне ролик.

Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыты:

Оқушылар назарына Домбыра видеоролигі ұсынылады. Түстер арқылы топтастырады.
Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
5 минут

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Серпінді доп әдісі: Бір біріне сұрақ қою және сұрақтарға жауап беруді ұсынамын. Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру
Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша өзара сұрақтар қояды
Оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап беру арқылы жақын арадағы даму аймағын орнатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын жандандырады.
5 минут
Теориясы
Білу
(Кім? Не ? Қашан? Қайда? Не істеді?)

ІІІ. Жаңа тақырып
- Балалар, енді назарларыңды тақтаға аударыңдар. Мен
сендерге бейнеролик көруді ұсынамын.
- Бейнероликтен не байқадық? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
(Оқушылардың ойын тыңдау )
-Ендеше сабағымызға қандай мақсат қоямыз?
Оқушылар бейнеролик көру арқылы мұғалімнің қойған сұрағына жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын ашады.
Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары бойынша сабақтың мақсатын белгілейді
5 минут

Теориясы
Түсіну
(Неге? Неліктен? Не үшін?)

Практикасы
Қолдану
(Оқулықтағы тапсырма бойынша жұмыс)

Оқушыларға қосымша мәлімет беру
Жылдар
Болған оқиғалар
Шығармалары
1894 ж.
14 мамыр
Бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған

1909 ж.
Петербургте шыққан Абайдың жинағы қолына түседі.

1928 ж.

Сағанақ тұңғыш кітабы жарық көреді
1929 ж.

Күй поэмасы
1930 ж.

Дала поэмасы
1934 ж.

Күйші поэмасы
1936 ж.

Құлагер поэмасы
1938 ж.
Қайтыс болды

Анам тілі өлеңі
- Балалар,өлеңмен таныспас бұрын Анам тілі не жайында деп ойлайсыңдар?
( Оқушы ойын тыңдау )
Электрондық оқулықта берілген Анам тілі өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу
Бағасы алтын анам тілі - қымбат
Бағаланған балаң түрі - есейген
Маңымды танығанмын - білдім
Тәттілік - қадірлілік
кәусар - жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада
- Ақын өз ана тілін қалай бағалайды? сұрағының төңірегінде ой қозғау.
Аружан жазып келген Анам тілі атты шығармасын оқиды. (Шығарманы талдап кету)
Электрондық оқулықта берілген Домбыра өлеңін ашып қоямын.
Домбыра жайында қысқаша айта кету. ( Оқушылар пікірін де біле кету абзал)
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы сермеп ойнау, іліп қағу, шертіп ойнау т.б.
Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.
Домбыра өлеңін оқып, мазмұнын ұғындыру.
Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
І. Жансүгіров лирикасы
Ілияс Жансүгіров. Абай кітабы
Ільяс Жансүгіров
Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
І.Жансүгіров поэмаларындағы драматизм
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі
Пәндер