Адам құқығы теориясы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
  1. Адам құқығы теориясы
3: 5
Кіріспе:
  1. Адам құқықтарымен еркіндік жүйесі
3: 5
Кіріспе:
  1. ҚР адам құқықтары
3: 7
Кіріспе:
  1. Адам құқықтарын қорғау
3: 12
Кіріспе:
  1. Адам құқықтарын қорғау
3: 19
Кіріспе:
  1. Адам құқықтарын қамтамасыз ету
3: 19
Кіріспе:
  1. Адам құқықтарын реттейтін актілермен шарттар
3: 23
Кіріспе:
  1. Адам құқықтарын қорғау мәселелері
3: 24
Кіріспе: Қорытынды
3: 30
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
3: 31

Кіріспе

Адам дүниеге келген күннен бастап өзінің құқықтарына ие болары белгілі. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінеді: «Адам құқығы мен бостандығы әркімге тумысынан бастап беріледі, абсолюттігі мен ажырамастығы мойындалады, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды . . . ». [1]
Құқық - адам бойына енгізілген өзіндік құндылық, құқық - бұл адам бостандығының өлшемдері. Бостандық - бұл өз құқықтарыңды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Адам құқығы шектеулі, ол ешқашан абсолютті бостандықта бола алмайды. Тек құқық қана әлсізді күштіден қорғауға бағытталған. Құқықтық мүшесі ретінде де, әлеуметтен тыс нәрсе ретінде де адамға және нақты бір мемлекеттік құрылыс мүшесі ретінде азаматқа да қатысты бола алады. Кез келген елдің кез келген азаматы адам, ал кез келген адам нақты бір мемлекеттің азаматы бола алмайды. Мұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында «әркімнің құқығы бар» деп көрсетілген мысалдан көруге болады. Мұндағы «Қазақстан азаматтары құқылы» деп айтылған кезде, бұл тек Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық статусына қатысты екендігі көзделеді. «Азаматтық» деген терминнің өзі адамның нақты бір мемлекетке жататындығын, содан барып өзара құқықтар мен міндеттемелер туындайтындығын білдіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi - өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат - қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» және Конституцияның 12 бабының 2 тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, оларды ешкім айыра алмайды, заңдармен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұнымен қолданылуы осыған қарай анықталады» делінген.

Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
Мысалы, қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж. ), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатар құжаттар қабылданды. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады.

Адам құқығы - бұл жеке адамның өмірін, адам қасиеттері мен қоғамдық өмірдің барлық саласындағы іс-әрекет бостандығын қамтамасыз ететін табиғи мүмкіндіктері.

  1. Адам құқығы теориясыАдам құқықтарымен еркіндік жүйесі

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз.

Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.

ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.

1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.

Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады.
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады.
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады.

Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын бекітті.

  1. ҚР адам құқықтары

Адам құқықтарының қазіргі замандағы ұғымы ежелгі заманда пайда болған табиғи құқық идеяларынан шығады да, өзінің тікелей бастауын либерализм идеяларынан алады. Оның ең көрнекті өкілдері өмірге, қауіпсіздікке, бостандыққа, меншікке, мемлекетке тәуелсіз болатын және онымен қорғалатын адамның табиғи, ажыратылмас (шеттетілмейтін), әрі қасиетті нормаларына қысым көрсету кедергісінің маңызды құқықтарындағы ұғымын негіздеді.

Адам мен адамзат құқықтары институтын дамытудағы сапалы серпіліс ХХ ғасырдың екінші жартысында көбінесе тоталитарлық режимдердің қайғылы тәжірибесіне реакция ретінде болды. Қалыптасқан азаматтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтар каталогы елеулі кеңейеді. Оларға жаңа «құқықтар ұрпағы»: қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа және т. б. Осы кезеңде адам мен азамат құқықтары институтын дамытудағы жетекші рөлді оның негіз құраушы құжаттарында ресімделген халықаралық құқық иеленеді: Жалпыға ортақ адам құқықтарының декларациясы (1948ж. ), Біріккен Ұлттар Ұйымымен қабылданған, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт, және азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт (1966ж. ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Хельсинки қорытынды актісі (1975ж. ) қосылады.

Олар және адам құқықтары жөніндегі кейінгі халықаралық құжаттар адам мен адамзат құқықтары каталогының масштабты стандартын және қатысушы-мемлекеттердің конституциялық құқығымен қабылданған осы құқықтарды қамтамасыз ету кепілдіктерін құрады.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, аса маңызды алғашқы халықаралық-құқықтық құжат 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы болып табылады. Осы құжатқа Бастама бөлімде былай мәлімделген: «Бас Ассамблея осы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын оны орындауға барлық халықтар және барлық мемлекеттер әрбір адам мен қоғамның әрбір органы осы Декларацияны үнемі ескеріп, ағарту және білім беру жолымен осы құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге және ұлттық пен халықаралық прогресті шаралар жолымен олардың Ұйымға мүше мемлекеттер халықтарының арасында да, сондай-ақ олардың юрисдикциясында болатын халықтардың арасында жалпыға ортақ және тиімді танылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге ұмтылатындай етіп жариялайды» [1] .

Декларацияның 1-бабында былай деп жарияланған:«Барлық адамдартумасынан өзініңар-намысы мен бостандығында еркін және тең болады. Оларға ақыл мен ар берілген және олар бір-бірімен ағайындылық рухында әрекеттесуі тиіс». Осы жарияланған құқық 3-баппен күшейтіледі: «Әрбір адамның өмір сүруге, бостандыққа және жеке ісіне қол сұғылмауына құқығы бар».

2-бапта Декларация әрбір адамның нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік, сословиелік немесе басқа жағдайына қатысты қандай да болмасын айырмашылықсыз, осы Декларациямен жарияланған барлық құқықтар мен барлық бостандықтарды иеленуі тиіс екенін анықтайды.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 7-бабы мынаны бекітеді: «Заң алдында барлық адамдар бірдей және ешбір айырмашылықсыз заңның тең қорғауына құқығы бар. Барлық адамдардың осы декларацияны бұзатын қандай да болмасын кемсітушіліктен және осы кемсітушілікке қандай да болмасын арандатушылықтан қорғауға құқықтары бар». Осы халықаралық құқық нормасының мағынасын қоғамның кез келген мүшесінің лайықты адамша тіршілік етуге құқығын қорғау ретінде, әрбір адамнан жеке тұлғаны көруді талап ету ретінде түсіну керек.

Көрсетілген қағида кейіннен адам мен азамат құқықтарын сақтау стандарттарын анықтайтын, барлығы дерлік халықаралық-құқықтық көздерде, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің ұлттық заңдарында қайталанған.

Қазақстан Республикасының берілген Декларацияны ратификациялау туралы арнайы акт (заң) қабылдамағаны, алайда оның барлық қағидаларын Қазақстан Республикасының Конституциясында және салалық заңдарда жүйелі көрсеткені есте қаларлық.

Сонымен бірге Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізгі қағидаларының танылуы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1990 жылғы 25 қазандағы мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының Бастама бөлімінде, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсандағы № 1008-XII Қаулысымен іске қосылған, «Қазақстан Республикасының мемлекет-тік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында тура көрсетілгенін атап өту керек, онда сөзбе-сөз былай делінген: «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, Қазақстан халқының еркін білдіріп, Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясында, халықаралық құқықтың жалпыға танылған басқа нормаларында бекітілген жеке тұлға құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын танып, қазақ ұлтының өзін-өзі анықтауға құқығын растап, азаматтық қоғамды және құқықтық мемлекетті құру шешімділігінен бастау алып, ынтымақшыл сыртқы саясатты жүзеге асырып, өзінің ядролық қару-жарақты таратпау принципіне және қарусыз-дандыру процесіне шынайы берілгендігін мәлімдеп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялайды».

Сонымен, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының қағидаларын нақтылы сақтайды, бірақ заң жүзінде оны халықаралық-құқықтық құжат ретінде ратификацияламайды. Алайда берілген жайттың принциптік маңызы жоқ, өйткені біріншіден, бұл онсыз да Декларацияға сәйкес келетін, қалыптасқан құқықтық жүйеге әсер етпейді, ал екіншіден, Қазақстан Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізінде және дамуы бойынша қабылданған екі құжатты: 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және сондай-ақ 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактты ратификациялады.

Қазақ мемлекеттілігі орныққан жылдар ішінде конституциялық теория негізіне салынған басты идеялардың бірі оған сәйкес Қазақстан Республикасында адамның, оның өмірінің, құқығы мен бостандығының басты қазына болып табылатын принципі болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қоғамды идеялық шоғырландыру Қазақстан прогресінің шарты ретінде» еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның жоғары қазынасы - оның игілігі үшін түрлендірулер басталған адам болып табылады».

Осы принципке Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасы үйлеседі, ол да жоғарыда айтылған принципке сүйенеді: «…негізгі принциптердің бірі - адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін білдіретін, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы принципі».

Адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған болатын. Ол адам құқықтарының тұңғыш арнайы ұлттық мекемесі болды. Оның қызметінің негізінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатын Елбасы саясатын жүзеге асыру болады. Ол өзімен мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды ауыстырмай, адам құқықтарын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосады. Бұл - адам құқықтарын қолдау мен қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік механизмдерін күшейту де, осы сферада мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жасауға қатысу да, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу де.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік механизмін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдауға өз үлесін қосты. Бұл Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға, сондай-ақ БҰҰ азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілеріне қосылуы; халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомство аралық комиссия құру; Білім және ғылым министрлігі құрылымында Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетті ұйымдастыру.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның Сараптық кеңесінің құрамына адам құқықтарын қорғау сферасында нақты тәжірибесі бар ҮЕҰ өкілдері кіреді. БҰҰ Даму бағдарламасының және ЮНЕСКО Кластерлік бюросының көмегімен Алматыда ТМД және Балтия елдерін аналогтары жоқ, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қазақ және орыс тілдеріндегі цифрлық кітапханасы сәтті іске қосылды. Ол халыққа адам құқықтарын қорғау сферасында тегін құқықтық ақпарат береді.

Өздерін мемлекеттік билік және лауазымды тұлғалар, республикадағы басқа ұйымдар тарапынан көрсетілген әділетсіз әрекеттер құрбаны санайтын жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін омбудсмен институты құрылған. Өзінің мәртебесі бойынша адам құқықтары бойынша уәкілетті тұлға нақты адамның бұзылған құқықтарын қорғайтын халықтық қорғаушы болып табылады. Ал жалпы алғанда Комиссия және омбудсмен, Қазақстанның құқықтық өрісінде бір-бірін толықтыра отырып, адам құқықтарын қорғау сферасына өз үлестерін қосады.

2008 ж. 23 сәуірде ҚР Парламенті БҰҰ жан азабына қарсы Конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялады, бірақ Хаттамамен көзделген ұлттық ескерту механизмін құру үш жылға кейінге қалдырылады деп ескертілген. 2008 ж. 11 маусымда Парламенттің келісімдік комиссиясы судьяларға рұқсат етілген қамау бойынша өкілеттіктер беру туралы заңды бекітті.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасында адамның қоғамдағы орны, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасы толығымен және түпкілікті шешілген деп пайымдауға болмайды. Өкінішке орай, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары әлі де орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кездегі мемлекеттік функцияның түсінігі және жіктелуі
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Адам мен азамат құқығы
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Жеке тұлға құқықтары мен бостандықтары
Дәлелдеме ұғымы туралы
Құқықтың пайда болу теориялары
Құқық қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz