Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ



Мазмұны

Кіріспе 3
1. Қазақ хандығының құрылуы(15.18ғғ) 5
1.1 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның “Қосқа жолы ” заңдары. 8
1.2 Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538.1580 жж). 11
1.3 Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680.1718). «Жеті жарғы» заңдары. 14
2. Қазақ хандығының мәдени үрдістері 19
2.1 Қазақ хандығының мәдениеті 19
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер 23
Кіріспе

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-18 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих – и – Рашиди».
2. Мұхаммед Хайдар Дулати «Шайбанинама»
3. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тауарих ғұзидаин нұсыратнама»
4. Мұхаммед Хайдар Дулати «Раузат» ас – Сафа»
5. Мұхаммед Хайдар Дулати «Қазақ хандығы тарихының материалы»
6. К.А.Пищулина «14-ғасырдың ортасы – 16-ғасырдың басындағы Шығыс оңтүстік Қазақстан»
7. «Қазақ ССР тарихы», 2-том, Алматы, 1979ж.
8. К.А.Пищулина «Қазақ хандығы», «Қазақ совет энциклопедиясы», 4-том
9. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі», Алматы, 1971 ж.
10. «Қазақ ССР тарихы», 1-том, Алматы, 1957 ж.
11.Фазлолаллбин Розбехан Исфахани «Миһманнами Бұхара», Москва, 1976ж.
12. Абдолла ибн Мұхаммед ибн Али Насыролла: «Зұюдат әл - әсар»
13. А.А.Семенов «Алғашқы шайбанилар және Мауреннахр үшін күрес»
14. В.В.Веньяминов – Зернов «Қасым хан жайындағы зерттеу».
15. Зайнидин Уасафи «Бадайи әл – уақаии», «Қазақ хандығы тарихының материалдары, Алматы, 1969 ж.
16. Хайдар ибн Әли әл-Хұсайн Рази «Тарих – и – Хайдари».
17. Ахмет Заки Уәлиди «Түрік – татар тарихы», Қазақ, 1915ж.
18. П.П. Иванов «Қарақалпақ тарихының очерктері»,1935ж
19. «Өзбек ССР тарихы», 1-том, Ташкент, 1967 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Қазақ хандығының құрылуы(15-18ғғ)
5
0.1 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның "Қосқа жолы " заңдары.
8
0.2 Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж).
11
0.3 Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). Жеті жарғы заңдары.
14
1. Қазақ хандығының мәдени үрдістері
19
0.1 Қазақ хандығының мәдениеті
19
Қорытынды
22
Пайдаланған әдебиеттер
23

Кіріспе

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-18 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы - Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы . Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Өзектілігі: Қазақ халқының тарихын зерттеу қоғам өміріндегі мәні мен орны ерекше және өте маңызды болып келеді. Солардың ішінде айырықша көңіл аударарлық кезеңдерінің бірі - ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, қалыптасу тарихының өзекті негізгі пробемаларын талдап, сол кездегі таптық күрестің және ұлт - азаттық қозғалыстың өзекті мәселелерін зерттеу бүгінгі күннің талабы.
Мақсаты: Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей, тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі дегендей әрбір ұрпақтың өткен тарихты оқып үйренуі, одан тағылым алуға деген талпынысы барлық ұлттар мен халықтар үшін заңды құбылыс. Сол себепті Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелктерімен ұлттық болмысымызды көрсету және тарихтағы орны мен мәнің ашу баяндаманың басты мақсаты болып келеді.
Міндеті: ХҮ ғасырдағы Қазақ хандығының орнығуының мәнін ашып көрсету мен ішкі саяси жағдайының ерекшеліктеріне тоқталуымен бірге қоғамдық құрылымына талдау жасау басты міндеттерінің бірі.Сондықтанда отандық тарихты оқып үйрену, оны ұрпақ санасына жеткізу бүгінгі күндегі басты міндеттерідің бірі болып табылады. Егер біз мемелекет болғымыз келсе, өзіміздің мемелекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн (Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы, 1999ж,273 - бет).

1. Қазақ хандығының құрылуы(15-18ғғ)

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті - қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған көшпелі өзбектер мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті - Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің "Тарихи -Рашиди" атты шығармасында былай деп жазады: Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі - ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- қазақтар деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды. Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет Қазақстан деген атау қолдынала бастады..
Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті - қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.
Қазақ хандығының саяси - экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:
1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті - Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет - Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті - Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді.
Әбілхайыр ханың орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан хандарына сүйенді.
XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы султан Махмұд биледі.
Қазақ хандары Дешті - Қыпшақты басып алуға умтылғандардың бірінен соң бірін жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани ханды Шығыс Дешті - Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте - бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы Дешті - Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті - Қыпшақтан ала келген өзбек деген атау бірте-бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар өзбек деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай алмаған.
XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті - Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған өзбек- қазақ деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. Қазақ термині бірте-бірте Шығыс Дешті - Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. Өзбек термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.

1.1 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханның "Қосқа жолы " заңдары.

Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті - Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. Тарихи-Рашиди, Шайбани, т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.
Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.
Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Құқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- Қасқа жолды жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, Жарғы ережелеріне (ақсақалдар ережесі, ата-баба жолы, жөн-жосықтар) мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны Қасым ханның қасқа жолы деп атап кеткен.
Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:
1.Мүлік заңы (мал - мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.
Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ - даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати (Тарихи - Рашиди) атты кітабында: Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ - дейді.
Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саяси экономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.

1.2 Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі . Хақназар хан (1538-1580 жж).

Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.
Қасым хан тұсында қазақ хандығының нығайғанына қарамастан , ол әлі орталықтанған мемлекет бола қоймады, мұның өзі Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды.
Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң, оның мұрагерлері арасында өкімет билігіне таласқан ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар туды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде өзара қырқысудың зиянды зардаптары хандықтың жай - күйіне қатты батты. Қазақ билеушілеріне қарсы монғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты.
Өзара қырқысу кезінде Қасым ханның мұрагері Мамаш көп ұзамай қаза тапты. Бұдан соң Қасымның немере інісі Тахир хан болды (1523-1533 жж.).
Тахир хан әскери - саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстарды тия алмады, бұған қарамастан төңіректегі елдердің бәрімен жауласты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты.
Ішкі саясатта халыққа рақымсыз қаталдық істеу, сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты.
Тахир хан қазақ хандығының барлық жеріне түгел билік жүргізе алмады. Оның тұсында феодалдық қанаудың күшеюінен, оның үстіне Тахирдің қол астындағыларына қаталдығына наразы болған халықтар үнемі одан айырылып көшіп кетіп отырды. Мұхаммед Хайдар Дулатидің айтуынша: алғашқы Тахир хан қол астына Қарахан 1 миллион адамнан кейін 400 мыңдай адам қалған, бастапқыдағы он лек әскерден кейін 2 лек әскер қалған екен .
1533 жылы Тахир хан қайтыс болғаннан соң, қазақ хандығына Бұйдаш (1533-1534 жж.) хан болды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстар Бұйдаш хан тұсында да туып отырды. Сөйтіп, қазақ хандығы әбден әлсіреп, бірнеше иеліктерге бөлініп кетеді. Мәселен, Қазақстанның батыс аудандарында Ахмед хан, Жетісуда Тоғам хан болғаны белгілі. Міне, бұл Қасым хан қайтыс болған соң туылған ішкі енжарлық пен феодалдық қырқыстар салдарынан қазақ хандығының 3 бөлікке бөлініп кеткендігінің белгісі.
Сөйтіп, Қасым хан қайтыс болған соң қазақ хандығына туылған саяси дағдырыс 15 жылға созылды. Ішкі енжарлық қырқыстар мен феодалдық соғыстардың ауыртпалығы және күн санап күшейген феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын қатты күйзелтті. Сонымен қатар қазақ хандығын да әбден әлсіретті.
Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қала құрылысы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Иран елі - Иман елі
Қазақ хандығының құрылуының өзіндік ерекшелігі туралы
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік саласы
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақ хандығы
Пәндер