Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі



Кіріспе
1. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің психологиялық кезеңдері
1.2 Грамматика сабақтарының түрлері
1.3 Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктср
2. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарда синтаксистік ұғымдарды меңгерту жолдары
2.1 Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік

2.2 Бастауыш сыныптарда синтаксистік ұғымды үйрету

2.3 Синтаксис және оның зерттеу обьектісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдіті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы
(морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады.Сондықтан тақырып өзекті.
1. P. С. Әшіров «Жай сөйлем синтаксисі» A 1983 ж (145 - 161 б)
2. Бастауыш мектеп № 9 - 2005 ж (14 - 16 б)
3. С. Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. 2003 ж (75 - 93 б)
4. М. Балақаев, Т. Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тілі» А. 2004 ж (163 - 178 б)
5. Бастауыш мектеп № 3 - 2003 ж
6. Ушинский К. Д. «Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнінде таңдамалы пікірлері». А. 1951 (72 6)
7. Жазыбаев М., Асқарбаева А., Рахметова С. «Бастауыш оқытудың тиімділігін арттыру» А. 1968 ж
8. Бозжанова К. «Кіші жастағы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру»
А. 1999 ж
9. Байқаутова О. «Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту»
1997 ж
10. Сарыбаев Ш. X. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» 1952 ж
11. Байтұрсынов А. «Тіл тағлымы» А. 1952 ж
12. Қазыбаев С. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. 1987 ж
13. Қоянбаев С. «Қазақша педагогикалық сөздік» 1993 ж
14. С. Рахметова «Бастауыш мектеп методикасы» А. 1998 ж
15. Қ. Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. 2005 ж
16. Н. Құрманова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. 2004 ж
17. Құлмағанбетов, А. Исанова, М. Исинғарина «Бастауыш мектепте казақ
тілін оқыту әдістемесі» А. 1997 ж
18. Қазақстан Республикасы бастауыш мектептың мемлекеттік стандарты.
19. Алдамуратов Ә. «Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру
психологиясы» А. 1983 ж
19. К. Аханов. «Тіл біліміне керіспе» А. 1997 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдіті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы
(морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады.Сондықтан тақырып өзекті.

1. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі

Қазақ тілі пәнін оқыту - мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі ұйытқысы. Ана тілін жақсы білмей тұрып, ол тілде дұрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктіліктердің барлығының негізгі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. Yenлы педагог К.Д.Ушинский: "Халық тілі - тарих шекарасынан әрі қайда әріректен басталатын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі, оның күллі барлық терең, толық ойы мен сезімі туған елінің тілінде",- деп көрсеткен болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Осындай күрделі міндеттерді шешуде ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: "Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі ". Бұған "Мұралардың ең қымбаты -- сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн шықпас суық көңілді жылытады. Асыл сөз мәңгі жасайды.", - деген Ғ.Мұстафиннің сөздеріне қоса ана тіліміздің алатын орнын, Конституцияға қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенін, халқымыздың егемендікке ие болуы нәтижесінде қолы жеткен ұлы қуаныш, бақытымыз екені жайында әңгімелей келе оқушыларымызға оның мәнін терең ұғындыра түсу үшін көрнекті тұлғалардың ана тілі жайында айтатын қанатты сөздерінен мысал келтіруді жөн көрдім. Л.Н.Толстойдың "Қанша айтсаң да, ана тілі қашанда ана тілі болып қала береді. Шешіліп бір сөйлеген келген кезде бірде-бір француз сөзі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа", М.И.Калинин "Ана тілін үйрену - ұлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл - ана тілі", М.Әуезовтің "Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті, ұжым деп санауға болмайды", Ғ.Мүсіреповтің "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді," - деген сөздерінен - ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.
Осыдан қазақ тілі пәнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:
1. Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру)
2. Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді
қалыптастыру).
Дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру).
Аралық қызмет (ұлттық дәрісханаларда қазақ тілі арқылы басқа
пәндерді ұғындыру)
Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабілетін
жетілдіруі).
Қазіргі танда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар тууы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру-әрбір мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады. Соның бірі - бастауыш сынып оқушыларына арналған "Атамұра" баспасынан шыққан жаңа бағдарламаларға негізделген "Қазақ тілі" оқулықтары. Бұл оқулықтар жаңаша оқыту бағыттарын талап етеді. Себебі "Атамұра" баспасынан шыққан "Қазақ тілі" оқулықтары мынадай оқу-әдістемелік принциптерге негізделген:
1. Оқулықтарды жасау барысында авторлар мынадай мәселелерге
басты назар аударған:
а) Қызметтік. Қазақ тілінің фонологиялық, лексикалық,
грамматикалық жақтарынан білім ала отырып оқушы, қатынас қызметін
қолдану мүмкіншілігі.
ә) Жүйелілік. Қазақ тілін оқыту барысы белгілі бір жүйеге бағындырыла жасалынған.
б) Тәрбиелік. Әрбір сөйлем, мәтін оқушыға тәрбие беру
мақсатында іріктеліп алынған.
2. Оқыту барысын жеңілдету үшін оқулықтармен қоса оқыту
кешенін құрайтын көмекші оқу - әдістемелік құралдар шықты. Бұл
кешенде басты орынды, негізі болып "Қазақ тілі" оқулығы тұрады.
"Қазақ тілі" оқулығын негіз ете отырып "Таза жазу" дәптерлері, түрлі
"Қазақ тілі" оқыту жөніндегі әдістемелік құрал, көмекші, диафильмдер
түрлі бағдарламалар, көрнекті құралдары т.б. шықты.
3. Оқулықта балаларға білім беру жүйесі толық сақталынған. Әрбір тақырып бастауыш мектеп оқушыларына оқу және жазу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген. Сондай-ақ әрбір тақырып жеңілден - ауырға, оңайдан -- қиынға принципіне сүйене отырып, бүкіл бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес жүйемен берілген.
4. Оқулықтардың құрылымы мен мазмұны оқушылардың жазу және оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру ісін жетілдіруде өтілген тақырыпқа қоса келесі тақырыпқа негізделіп отырады.
5. Оқулықтарда тілдік материалдың берілуі мен іріктелуі қазақ
тілінің фонологиялық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
грамматикалық заңдылықтарына негізделе отырып алынған. Тілдік
материалдар әліппеге дейінгі, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезеңдерді
толық қамтиды. Тілдік материалдар негізінен лексикалық және
грамматикалық принциптерге сүйенген. Әрбір сөздің мағынасы жекеше
тұрып та, басқа сөздермен байланысқан түскен жағдайларда толық
ашуға әрекет жасалынған.
6. Оқулықта оқушылардың фонетикалық, орфографиялық,
грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі
практикалық жаттығулар берілген.
7. Оқулықтағы түрлі тапсырмалар мен сұрақтар балалрдың оқу
және жазу, түсіну дағдыларын қалаптастыруға негіз болады.
Оқулықта оқушылардың саналылығы мен белсенділігін
арттыруға түрлі іс-әрекеттер басымды.
Оқулықтар оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес
психологиялық заңдылықтар мен тұжырымдары негізге алынған.
10. Оқулықтар бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес
жасалынған:
а) әліппе және тіл дамыту.
ә) оқу, фонетика, грамматика және тіл дамыту.
б) фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.
в) грамматика, емле және тіл дамыту.
11. Әрбір сынып оқулығы келесі сынып оқулығының басы, келесі
сынып оқулығы бұрынғы сынып оқулығының жалғасы ретінде
жасалынған.
Бірінші сынып оқулығында - :: қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.
Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.
Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында -- бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.
Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман
талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің
арасында оқыту ісін жетілдіру жұмыстары сөз болып, түрлі семинарлар
өткізе бастады. Әдіскерлердің осында іс-әрекеттері нәтижесінде жаңа
ғылыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады. Терминды академик' Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.
Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.
Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бұл ретте алға қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұжырымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізе алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.
Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер қазіргі кезеңдегі ғылым жетістіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тәжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбйе алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.
Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.
Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында - бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.
Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің арасында оқыту ісін жетілдіру жұмыстары сөз болып, түрлі семинарлар өткізе бастады. . Әдіскерлердің осында іс-әрекеттері нәтижесінде жаңа ғылыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады. Терминді академик Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.
Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.
Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бұл ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұжырымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.
Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тәжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, Бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбие алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді.

1.1 Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің психологиялық кезеңдері

Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арықлы әліг белігелерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлұматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты Бұл кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қолданудағы ұқсас белгілерін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңгереді. Мысалы, бастауыш класс оқушылары қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен II кластағы Сөз тарауынан бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып - Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Бұл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тануы қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақта нақтылы заттар туралы әңгіме (сұрақ-жауап) әдісімен бастайды.
Балалар мынау не?
Өшіргіш.
Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын ала дайындап әкелген жазуды көрсетеді.
- Ал, мынау не?
Балалар бұл сұраққа тағы да өшіргіш немесе өшіргіштің жазуы деп жауап беруі мүмкін. Мұғалім олардың жауаптырын түзетеді:
Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.
Мынау не?
Кітап.
Ал, мынау не?
Кітаптың атын білдіретін сөз.
Бұл сөзге қандай сұрақ қоямыз?
He? деген сұрақ қоямыз.
Осылайша мұғалім кім? не? деген сұраққа дауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде тануға үйретеді.
Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің салыстыру және жинақтау сияқты операцияларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сұрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не? деген сұрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тәуелдік) жалғауы ретінде танылады, т.б.
Бұл түста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2-класта оқушылар Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді 10 сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлұматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мұғалім мағлұматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның әр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.
Үшінші кезең - грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер тақырыбын оқыту барысында адамға қатысты сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады. деген анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бұл сұрақ кісі аттарына қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген ұғымды кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық ұғымды жақсы меңгеруге эсер тигізеді.
Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерту.
Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалға, Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер атты тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық ұғымдар әр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау мен қайталау сабақтары барысында берілген сөздерді қай сұраққа жауап беретініне байланысты топтап, немесе берілген сұрақтарға сай сөз ойлап жаттығады. Жалғауларды дұрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады. Сөйлем ішінен атауды білдіретінсөздерді табады. Кейін He істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер немесе Сөйлем тақырыбын өткенде оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді дұрыс құрауды, сөйтіп, өз ойларын дұрыс айтуды салалы түрде меңгере бастайды.
Белгілі бір грамматикалық ұғымды оқытудың өз кезеңдері әр класта қайталанып отырады. Себебі бастауыш класта оқытылатын грамматикалық ұғымдар кластан класқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп, сабақтастыра берілген.
Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егер ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бәрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:
1. сөз құрамы;
2. сөздердің жасалу жолдары;жалғаулардың жалғаны тәртібі;
сөз таптары және олардың қызметі;
әрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену және өзгеруі,
т.б.

1.1 Грамматика сабақтарының түрлері

Қазақ тілінен бастауыш сыныпта білім, білік, дағды беру жолында іске асырылатын оқу жұмыстарының ең негізгі түрі сабақ болып есептеледі.
Педагогиканың үйретүі бойынша және көрнекті педагогтардың зерттеуінше, сабақтың алуан түрлері бар екені мәлім. Қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, білік, дағды педагогтар қолданып жүрген сабақ түрлері арқылы беріледі. Солардың ішінен грамматика мен жазу сабақтарының мына сияқты бастыларын атап өтуге болады: 1) жаңа материалды түсіндіру сабағы, 2) оқушылардың білімін бекіту сабағы, 3) оқыған материалды қайталау және жүйелеу сабағы, 4) оқушылардың білімін, білігін, дағдасын есепке алу сабағы, мұнда көбіне бақылау жұмыстары жүргізіледі, 5) талдау сабағы.
Сабақтың кең тараған түрі біріккен сабақ болғандықтан, аз - кем тоқталып өтелік:
біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жылдасып, қабысып, жүйелі бір тұтас
сабақ болып етеді;
мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді;
сабаққа қажетті материал алдын ала іріктеліп жан - жакты толық
дайындалады;
сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады;
Біріккен сабақ бірде үй тапсырмасын қайталап, өткен материалды жаңа материалмен байланыстырудан басталса, енді бірде жаңа материалды түсіндіруден, ал кейде жаттығу жұмыстарынан басталады. Біріккен сабақта оқушылардыц білімі бүкіл сабақ бойы орындалған істердің негізінде бағаланады. Сабақтың бұл түрінде барлық әдіс (байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау т. б.) қолданылады. Әрине бұл әдістердің барлығы бірдей сабак сайын колданыла бермеді. Материал мен сабақтың мақсатына тиімді деп сыналғандары, ретіне қарай, мұғалімнің шеберлігіне карай әр сабаққа пайдаланылады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіруде мұғалім тақырыпты тақтаға жазады және оқушылардың дәптерлеріне жаздырады, ал сабақтың мақсатын ауызша түсіндіреді. Мысалы, тақырып: Бір буынды және көп буынды сөздерден ажыратады, көп буынды сөздерді буынға бөлу. Мақсаты - бір буынды сөздерді коп буынды сөздерден ажырата білуге үйрету арқылы оқушының ерікті зейінін, бақылампаздығын жетілдіру және мысалдар мен жаттығулардың тәрбиелік жағына баса назар аудару.
Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар мұғалімнін көмегімен тақтаға немесе плакатқа жазылған сөйлемдерді, сөздерді оқиды, олардың арасындагы байланыстарды анықтайды т.б. Мысалы, I сыныпта Әліппедегі сұрақтарды көрсетіп, жемістердің атын аттады. Қарақат сөзін буынға бөлгізеді, онда үші буын бар екені анықтлған соң, әр буын сұралады, әр буында кірістіріп, сөз құрайды, осы сөздерді кірістіріп, сөйлем құрайды, карақаттың қайда өсетіні, түрлері сұралып, буынға бөлінеді. Соңында Біздің бақта мәтіні құрастырылады (Біздің бақта түрлі қарақат өседі. Онда қызыл қарақаттар да бар. Қара қарақат та бар. Қаракат өте тәтті. Біздер қарақатты тереміз).
Жаңа материалды бекіту бөлімі де түрлі жолдармен ұйымдастырылады. Оқушыларға жаттығулар орындату, жатқа жазу жұмыстары, карточкалар арқылы т. с. с. жүргізілуі мүмкін.
Сабақтың қорытындысында мұғалім: мысалы, Заттың атын білдіретін сөздер тақырыбы бойынша: 1) сөйлемде.бір сөз бірнеше түрге енеді; 2) мүнда оған бірнеше сұрақ қойылады; 3) ол сөздер түрлі формада болғанда да заттык касиетінен айырылмайды, 4) олар заттың атын білдіреді; 5) ол сөздерге кім, кімдер, нелер? Деген сұраулар қойылады деген сияқтьі түрғыда түжырым жасайды.
Үйге берілетін тапсырмада балалардың белсенділігін, өздіктерінен орындай алу қабілетін жетілдіру мақсаты көзделуге тиіс. Мысалы, оқушыларға оқулықтан жаттығу берілетін болса, балалар әуелі оның шартын оқиды, сонан соң мұғалім: ал сонымен жаттығудағы басым нәрсе не болады? деген сияқты сұрау қояды. Мұнда оқушылардан сол жаттығуды қалай орындайтындықтарын сұрауға да болады.
Сөйтіп, сабақтың әр бөлімі немесе әр кезеңі әр түрлі ұйымдастырылады. Бұл - мұғалімнің қабілеттілігі мен шеберлігіне байланысты. Алайда жоғарыда көрсетілген бөлімнің барлығы бірдей бір сабақта іске аса бермеуі мүмкін.
Сабақтың қай түрі болмасын, барлыгында да мынадай дидактикалық талаптар іске асырылуға тиіс:
Жоғарыда көрсетілгендей, сабақтың тақырыбы мен максатына оқушылардың анық түсінуі қажет. Сабақтың мақсатын білсе, оқушы соған жеткенше асығады. Кейде оқушының жұмысында қате бар, оны қалай табуға болады? Дұрысы қалай болар еді? Сияқты сұрақтарды шешу проблемасын да қоюға болады. Сабақтың соңында сол күнгі оқушылардың білген жаңалықтары, оны білу не үшін керектігі анықталады.Ол оқушылар ана тілінен алатын білім, білік, дағдының әр кішкене бөлшегінің не үшін керектігін білсе, жұмысты ынталына орындайды.
Материалды түсіндіруде жаңа материал өтілген материалдармен
байланысты және оған негізделіп келуі шарт; білімділік, дамытушылық,
тәрбиелік маңызы күшті мысалдар іріктеліп алынып, балалардың белсенділігін арттыру, өз беттерімен орындау қабілеттерін күшейту, қорытынды шығару, дәлелдету сияқты жұмыстар кеңінен қолдануы қажет.
Жаттығудың формасы мен түрлері мейлінше түрлендіріліп отырылуға тиіс (сан алуан грамматикалық жұмыстар, көшіру, диктанттар. сөйлем құрастыру, мазмұндама, шығарма т. б.).
Әр сабақта өтілген материал қайталанады. Ол үй тапсырмасын гексеру
кезінде болсын, түрлі жаттығулар, арқылы жүргізіле береді. Қайталау арқылы ұмытылғандар қайта жаңгырығады, беки түседі. Оқу жылының барысында немесе тоқсан аяғында, кейде бір үлкен тақырыпты аяктағанда, жоғарыда көрсетілгендей, тұтас сабақ - өтілген материалды қайталауға арналады.
Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын
ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады. (Мұғалімнің түсіндермесі, қысқа, анық, конымды, тартымды болуы керек.
Жаттығу тапсырмалары анық, оқушылар қайта - қайта сұрап, бір - бірінің
зейінін болмайтылдей болғаны жөн). Оқушылардың тілін дамыту жұмысы негізгі, басты міндет ретінде іске асырылады. Оқушының сөздерді дұрыс айтуына, қажетті сөздерді іріктеп тауып алуына, сөйлем, мәтін құрауына көңіл бөліп, олардың ойын оятып, пікірлерін дәлелдетіп отырған жөн.
Қазақ тілі сабақтарында таблица, схема, дидактикалық материал. суреттер, заттар т. б. түрлі көрнекі құралдар кең қолданылады.
Балалардың барлығына бірдей талап қоймай, жеке ерекшеліктеріи есепке
алып, нашар үлгеретіндерге ерекше көңіл бөліп отыруды кам ғамасыз
ететін әдіс - тәсілдер таңдалуы қажет.
Шағын комплектілі мектептерде мұғалім бір кезде бірнеше сыныппеп жұмыс жасайды. Сондықтан мұғалім мұндай мектептердегі балаларды алғашкы күннен бастап тапсырманы өз беттерімен орындауға үйретуі тиіс. Ол үшін мыма сияқты жұмыс түрлерін ұтымды болады. 1) түрлі тапсырмалары бар жаттығуларды көшіру, 2) жазбаша талдау жасау, 3) сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер құрастырып жазу, 4) мәтіннен қажетті сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді тауып жазу, 5) мәтінді бөлімге бөлу. 6) катемен жұмыс (мұғалімнің көрсетуі бойынша). Сабақтың соңында балалардың тапсырманы қалай орындағандарын тексеріп, бағалайды.
Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті - балалардың анық естіп. қабылдау мен сөйлеу қабілетін дамыту. Бұл үшін көрнекіліктің алатын орны зор. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сәйлегенін естіп қабылдайды.
Сабақтарда көрнекілікке қойылатын талап: оқушы сөзді немесе анық бөлшектерін (әріптерді, буындардағы морфемаларды) анық көретін болуға тпіс, бірақ жазғанда бір әріптен соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай, естерінде тұтас сөз немесе буынды сақтап, сөзді немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолда қозғау көрнектілігі қажет.
Ендеше көрнекілік деген ұғым сөздері анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуде де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптердегі жазуларды да қамтиды.
Әдетте көрнекілік деп грамматикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптен немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады, екі асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі (бірде түбірі, екіншісінде қосымшасы).
Мұндай тәсілдер жазылғандарды көру арқылы анық бейнелеуді қамтамасыз етеді, алайда көрнекіліктер оқушылардың зейінін аударып, істің мәнін біршама түсінуге (мысалы, басқаша жазбай, неге осылай жазамыз) көмектесетін болса ғана пайда келтіреді. Сондықтан таблица т. б. жасау үшін материалдар жан - жақты ойластырылып, тандалып алынады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұксас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды ығарып, бслгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет.

2.1 Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктср

Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеруге тиіс:
1. Таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеу керек. Оқулықтарда бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЕТІСТІКПЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы үйрету жолдары
Пәндер