Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қылы сырларына канығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылыми деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.

Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әріне бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.

Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыру - барысында осы жастағы балалардың дүниетаным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысалы:

  1. Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қалмайды. «Зат, сын, қимыл» т. бт. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін - әлсін нақтылап түсіндіріп отырғандағана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесебастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқтысоздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
  2. Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасынмүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердін ең әуелі грамматикалықмағынасы ескеріледі.

Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздік грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді.

Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барасында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдер және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматикалық әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматикалық әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.

Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл - ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті баларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, (мұғалімнен) батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының арттыруды талап етеді; сондықтан бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімдердің саласы - сөйлем синтаксисі маңызды рөл атқарады. Сөйлем құрауда оқушылардың логикалық ойлау кабилетін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады.

Ал бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда сөйлем мүшелерін білу - кажетті мәселе.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.

Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру қажет. Синтаксистік қателіктерді болдырмау үшін белгілі сөздерден сөз тіркестерін жасату және олардан сөйлемдер құрату;

аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау және сөздерді алмастырып көру;

бір ойды білдіру үшін вариант пен сөйлемдер құрату;

сөйлемдегі сөздерінің орнын ауыстырып көру, ондағы ауысуын қадағалау;

сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің орнын анықтау, оны ауыстырып байқау;

өлеңмен жазылған сюжетті көркем шығармаларды ауызша және жазбаша мазмұндату.

Демек, оқушылар бастауыш сыныпта пысықтауыш жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әріне бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.

  1. Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы1. 1 Грамматика сабақтарының міндеті мен мақсаты

Бастауыш мектепттерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі - грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.

Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грам­матика курсының алға қоятын ең басты мақсаты - оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастау­ыш мектепте орындала қалмайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарында арнаулы факультеттерде де оқылады. Ал бас­тауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге дайындық болып есептеледі. Бірақ бастауыш мек­тептерде берілетін грамматикалық мағлұматтар өзінің қарапайымдығына қарамастан ғылыми негізде құрылады .

Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.

Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және дұрыс жаза алады. Морфология саласынан сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.

Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жүмыстың нәтижесі болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз үғымдар оқушы­лар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде грамматикадағы дерексіз ұғымдарға, дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады.

Бағдарламаның «Түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік қағидалары белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын меңгеруге қажетті грамматикалық мағлұматтар мен сөйлеу дағдыларын, орфография және пунктуация бойынша дағдыларды толық қамтитындығы байқалады.
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің «Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы» қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетіледі:

  1. Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
  2. Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
  3. Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату әдісі.
  4. Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі. Қазіргі кезде мектептерде негізінен мынандай әдістер қолданылады:мұғалімнің хабарлауы, оқушылармен әңгімелесі, оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.

Хабарлау әдісінде грамматика сабақтарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұнда оқушылардың зейінін аударып, айтылғандарды олардыңжақсы ұғынуларын қамтамасыз ететін түрлі құралдар қолданылады.

Материалдарды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйелі ашып көрсетуге тырысалы. Мысалы, түбірлес сөздің белгілері, т. б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттерінебасшылық ете отырып, бірте-бірте қорытындыны балалардың, өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.

Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда өте сирек қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикамен жазуға үйретуде кеңінен қолданылатын әдіс әңгіме әдісі болып табылады.

Әңгіме әдісі немесе сұрақ-жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі - «эврика» - таптым) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.

Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны оқушылар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз
немесе сөйлем беріледі, соның ішінен мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалада т. б. ) табу керек.

Міндет: сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық жағдаяттар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірбиесі, дайындығы, бағдарламалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы - олар-
дың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің кө-
мегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім грамматика-
лық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді.
Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазбаша
жоспар жасатады) . Мұндай жаттығуларды балалар өз-
діктерінен орындалғанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. II сыныпта 5-10 минут, III сыныпта -10-15 минут, IV сыныпта 15-20 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б.

Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті мате­риалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.

Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы да оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығудың ұғымы оқушыларға өздік­терінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу-мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас практикалық жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылар­дың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.

Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалар­дың ақыл-ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар талдау жасаса, екіншіде оны жинақтайды. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетико-графикалық (дыбыстық-әріптік), морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық, пунктуациялық талдау жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырып, жинақтайды.

Жинақтау балалардың алған білімдерін байланыстырып, жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сұрақтарына жауап береді, септеледі, жіктеледі, тәуелденеді ) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырады.

Әдетте талдау немесе жинақтау бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушы зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөз дерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сын есіммен, етістікпен немесе керісінше т. с. с. ) . Міне, мұнда талдау да, жинақтау да қолданылады. Жұмыстың мұндай тәсілдері талдау-жинақтау (аналитико-синтетикалық) әдісі деп аталады.

Талдау мен жинақтауда әсіресе оқылып отырған құбылыстың ұқсастығы мен ерекшеліктерін табу, оларды топтау, жүйелеу сияқты жұмыстардың маңызы зор.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады, ал екінші жағдайда (де­дуктивтік әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе мәтінді талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйым-дастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.

Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң үстеу сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сын есіммен, етістікпен байланысып келетінін айтады. Ал осы тақырыпты дедук-тпвтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеуді табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.

Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.

Қандай әдіс болмасын әр түрлі құралдар арқылы іскс асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік, схема, кар­тина, таблица,, кинофильм, диафильм, радио, магнитофон т. б. Бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай, кез келген әдісте қолданыла береді. Мысалы, сөз тұлғасын талдауда схемалар, сөз табы мен онын, жазылуын үйреткенде таблицалар т. с. с.

  1. Оқушылардың грамматика бойынша білімдерін есепке алудың жолдары

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, оларды материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырылсын. Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады: 1) бір сабақтың негізінде бағалау; 2) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; 3) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Оқушылардың білімін бір сабақтың негізінде бағалаушы оқушының қандай сұрауларға, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстарды орындағанын есепке алып отырады. Сабақтың соңында бірнеше оқушыға бүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қояды және неге олай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді) . Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай жұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта сұраулар бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлық оқушылар қатыстырыла тұрса да, мұғалім білімін, дағдысын, шеберлігін есепке алатын оқушыны іштей байқап, сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, II класта оқушыларға деформаланған мәтін ұсынылып, ондағы сөйлемдерді тауып, соңына нүкте қою керектігі тапсырылды дейік. Оқушылар иапсырманы орындап болған соң, мұғалім олардан сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: 3 - 4 оқушыдан сұрағанына жауап алады,

1) аяқталған ойды білдіреді,

2) сөйлем өзара байланысты сөздерден құралады,

3) сөйлемнен соң нүкте қойылады,

4) әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Сол оқушылар өздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды.

Мұғалім олардың сөйлем жөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілген тапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұл үшін жекелеген оқушылар орнынан тұрғызылып, нүкте қойған, бас әріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған 3 - 4 оқушыны тақтаға шығарып, олардың дәптерлерін тексереді; қажет болса, тақтаға сөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалім бір сабақ бойы осылайша материал жинайды.

Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала және жаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды. Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмысты орындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылып бағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларға көрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді. Балалардың әрбір жауабы, әрбір еңбегі ескерілетініне көзі жетсе, әр сабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.

Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін үйге берілген тапсырманы орындауларына, жазбаша бақылау жұмыстарының нәтижесіне немесе сабақтың әр кезеңінде (әсіресе жаңа сабақты түсіндіру я бекіту кезінде) бір күрделілеу сұраққа дұрыс, толық анық жауап беруіне қарай бағалауға да болады. Оқушының белсенділігін көтеруге, тапқырлығын арттыруға және өздігінен ойлай білуін күшейтуге бұл әдістің де пайдасы зор.

Мектеп тәжірибесінде балалардың білімдерін және емле дағдыларын тексеру бірге жүргізіледі. Мысалы, балалар диктант жазса, ол оқушылардың грамматикадан белгілі бір тақырып бойынша алған білімдерін тексеруге де, емле, жазу дағдысын, шеберлігін тексеруге де арналады. Оқушылар ондағы сөздерді, сөйлемдерді талдайды, шартты белгілермен көрсетеді, керекті сөздерді теріп жазады, схемаға түсіреді т. с. с. Мұнда грамматикалық талдауға берілетін тапсырмалар көп болмауға тиіс (2 - 3-тен аспасын) . Бақылау жұмысы дұрыс көрсеткіш беру үшін, оны ұйымдастыру және өткізу барысында кейбір шарттар орындалуы қажет:

  1. Орфографиялық бақылау жұмысы белгілі бір тақырып аяқталып, оқушылырда жазу дағдылары қалыптасқаннан кейін жүргізіледі. Егер мұндай алғышарт болмаса бақылау жұмысын кейінге қалдыра тұрған жөн.
  2. Балалардың жазғандарын қарағанда тек соңғы өтілген тақырыптар бойынша берілген білімдер ғана емес, сонымен қатар бұрын берілген білімдер де қамтыла тексеріледі.
  3. Бақылау жұмысына әдетте мәтін немесе жеке сөйлемдер алынады. Әр сыныпқа белгілі мөлшерде сөз саны есептеп беріледі.
  4. Бір түрлі орфограмманың бірнеше қайталанып келуінің (бір бақылау жұмысының ішінде) қажеті жоқ.
  5. Бақылау жұмысында ең соңғы оқылған тақырыпқа 2 - 6 объект, ал бұрын оқылғандарға екі объектіден келтірілген жеткілікті.
  6. Бірдей орфограммада кездесетін сөздерді варианттармен берген тиімді.
  7. Мұғалім бақылау диктантының мәтінін тұтас оқып шығады, ондағы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіреді, сонан соң жеке сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліп оқып жаздырады. Әр сөйлем қайта тұтас оқылады, бұл кезде оқушылар жазғандарын тексеріп шығады. Ең соңында мәтін тұтас, жай, бір рет оқылады, балалар оған ілесіп отырып, жазғандарын тексереді. Оқушыларға жұмыстарын жөндеуге қосымша уақыт берілмейді. Мұғалім жазғандарын жинап алады.
  8. Оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын және шеберліктерін тексеру мақсатында өтілген материалдардың негізгі мәселелері жайлы қосымша тапсырмалар беріледі. Мысалы, грамматикалық тұлғаларды табу, сөз таптарына ажырату, септіктерді қою т. с.

Сабақта оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайтарып қоюы жеткіліксіз, олар сұрақты өздері де дұрыс қоя білуге дағдылануға тиіс. Сұрақ қоюға үйретуді қайталау сабақтарында жүргізген дұрыс.

Сонымен, оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін белгілі бір жүйемен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.

  1. Грамматикалық материалдарды пайдалану жайында

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа көңіл аударылады. Мысалы, «сөз таптары» тақырыбы «зат есім», «сын есім» т. б. с. с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т. б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыптағы тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы әрбір абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатын­дай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленеді - осылар ашып көрсетілуге тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Бастауыш мектептердегі грамматика курсы
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Грамматика және тіл дамыту
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Бастауыш сыныптарда оқушыларға қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Грамматикамен жазу сабақтарының міндеті мен мақсаты
Бастауыш сыныптарда грамматика сабақтарының маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz