Вагонның бірлік жинақтарының белгіленуі, құрылысының негізгі бөлшектері және техникалық белгілері



Кіріспе
1. Вагонның бірлік жинақтарының белгіленуі, құрылысының негізгі бөлшектері және техникалық белгілері.
2. Вагонның жинақтау бірлігінің жөндеуін және технкалық жағдайын бақылау мерзімін қайталау
3. Вагонның жинақтау бірлігінің жұмыстық шарттың, ақауларының мінездемесі және пайда болу себебі.
4. Вагонның жинақтау бірлігінің технологиялық жөндеу ережесін өндеу (ереженің мазмұны).
4.1 Жөндеуді орындау кезіндегі жұмыстың көлемі
4.2 Сәйкестік жөндеудің түрінен шыққан кезде бөлшектерге жіберілетін өлшемдер
4.3 Қайталау жөндеуден кейінгі тексеру, бейімдеу және сынау
4.4 Жөндеу кезінде қолданылатын құрылғы жинақтау, сынау
5. Цехта, бөлімшеде жұмысты ұйымдастырудың жөндеудің технологиялық процессін жазу.
6. Технологиялық құрылғы, оның құрылысы және әсері
2009 жылы ҚР вагондарының жалпы паркі 94 348 бірлікті құрады, соның ішінде 59 381 бірлік немесе 63% мүкәммалдық, ал 34 967 бірлік немесе 37% жеке меншік болып табылады.
Жолаушылар вагондарын соңғы сатып алу 1993 - 1995 жылдары жүргізілген, сол кезде 317 вагон сатып алынған. 1985 жылдан бастап 1995 жылға дейінгі кезеңде орташа есеппен жыл сайын 87 жолаушылар вагоны, 1996 жылдан бастап орташа есеппен жылына 15 вагон сатып алынған.
Жылжымалы құрам тораптары мен жеке бөлшектерді пайдалану істен шығып, белгілі бір жағдайда апат туғызуы мүмкін. Жолаушы және жүк пойыздарының бірінен соң бірі жүруі, локомотивтің шамалы істен шығуы немесе жүк вагондары жолаушылар пойызымен соқтығысуы мүмкін. Бұл жағдай ТПЕ сәйкес істен шыққан пойыздар жүрісіне қауіп төндіретін, жылжымалы құрамды пайдалануға сондай-ақ, тасымалданатын жүктің бүтіндігіне кепілділік берілмесе рұқсат етілмейді.
Төменде көрсетілгендер бойынша бір вагон істен шықса, оны пойызға тіркеуге болмайды:
- ауыстыруды қажет ететін доңғалақ;
- тіркейтін тіректерінде, қапталында жарығы бар тіркемені;
- рессор үстіндегі тіректің жарығы;
- шегіну жарығы оның периметірінің ұзындығы 1/3 көп болса, төменгі белдеуі және 3 білікті тіркеменің айналатын тіректер жарығы және т.б. жарықтар.
Жолаушылар вагонына өте қатал талап қойылады. Қандай жағдайда болмасын, жолаушыларға қажетті жағдайларды жасайтын, пойыздардағы істен шыққан вагон құрылғыларын, алдыңғы кезекте жылыту, желдету, электір жабдықтарын қосуға болмайды. Бұл жүйелердің жұмыс істеу қабілетіне үлкен көңіл бөледі. Қазіргі жолаушылар вагонындағы бұл құрылғылар – электір агрегаттары күрделі және жетілген қызмет көрсетуді талап етеді. Әсіресе жолаушылар пойызындағы вагондарды қосқанда генератор сымдарын, біліктің ортаңғы бөлігіндегі редукторлы-карданды сымдарды тексереді. Жолаушылар пойызына вагонның келесі бір істен шыққан тетігі болса, қоюға рұқсат етілмейді: рамадағы кез-келген жарық; қаңқаның 50 мм артық қисайуы; кіргенде ұстайтын тұтқалармен, көтерілген тамбур фартугы істен шыққанда. Басқа вагоннан электірмен қоректенетін, жарық беру немесе жылыту құрылғылары істен шықса, өртенуге қауіпті жолаушылар вагонын сапарға жөнелтуге болмайды. Электір жабдықтарының бөлшектерін реліс басына 100 мм кем мөлшерде ғана жақындатуға және айналым стансасынан жөнелтуге немесе жолаушылар пойызында құрастырылған вагонның еріксіз желдеткіштері істен шыққанда, буксаның қызғандағы жүйесін бақылау рұқсат етілмейді.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1. Вагонның бірлік жинақтарының белгіленуі, құрылысының негізгі бөлшектері және техникалық белгілері.
2. Вагонның жинақтау бірлігінің жөндеуін және технкалық жағдайын бақылау мерзімін қайталау
3. Вагонның жинақтау бірлігінің жұмыстық шарттың, ақауларының мінездемесі және пайда болу себебі.
4. Вагонның жинақтау бірлігінің технологиялық жөндеу ережесін өндеу (ереженің мазмұны).
4.1 Жөндеуді орындау кезіндегі жұмыстың көлемі
4.2 Сәйкестік жөндеудің түрінен шыққан кезде бөлшектерге жіберілетін өлшемдер
4.3 Қайталау жөндеуден кейінгі тексеру, бейімдеу және сынау
4.4 Жөндеу кезінде қолданылатын құрылғы жинақтау, сынау
5. Цехта, бөлімшеде жұмысты ұйымдастырудың жөндеудің технологиялық процессін жазу.
6. Технологиялық құрылғы, оның құрылысы және әсері

Кіріспе

2009 жылы ҚР вагондарының жалпы паркі 94 348 бірлікті құрады, соның ішінде 59 381 бірлік немесе 63% мүкәммалдық, ал 34 967 бірлік немесе 37% жеке меншік болып табылады.
Жолаушылар вагондарын соңғы сатып алу 1993 - 1995 жылдары жүргізілген, сол кезде 317 вагон сатып алынған. 1985 жылдан бастап 1995 жылға дейінгі кезеңде орташа есеппен жыл сайын 87 жолаушылар вагоны, 1996 жылдан бастап орташа есеппен жылына 15 вагон сатып алынған.
Жылжымалы құрам тораптары мен жеке бөлшектерді пайдалану істен шығып, белгілі бір жағдайда апат туғызуы мүмкін. Жолаушы және жүк пойыздарының бірінен соң бірі жүруі, локомотивтің шамалы істен шығуы немесе жүк вагондары жолаушылар пойызымен соқтығысуы мүмкін. Бұл жағдай ТПЕ сәйкес істен шыққан пойыздар жүрісіне қауіп төндіретін, жылжымалы құрамды пайдалануға сондай-ақ, тасымалданатын жүктің бүтіндігіне кепілділік берілмесе рұқсат етілмейді.
Төменде көрсетілгендер бойынша бір вагон істен шықса, оны пойызға тіркеуге болмайды:
- ауыстыруды қажет ететін доңғалақ;
- тіркейтін тіректерінде, қапталында жарығы бар тіркемені;
- рессор үстіндегі тіректің жарығы;
- шегіну жарығы оның периметірінің ұзындығы 13 көп болса, төменгі белдеуі және 3 білікті тіркеменің айналатын тіректер жарығы және т.б. жарықтар.
Жолаушылар вагонына өте қатал талап қойылады. Қандай жағдайда болмасын, жолаушыларға қажетті жағдайларды жасайтын, пойыздардағы істен шыққан вагон құрылғыларын, алдыңғы кезекте жылыту, желдету, электір жабдықтарын қосуға болмайды. Бұл жүйелердің жұмыс істеу қабілетіне үлкен көңіл бөледі. Қазіргі жолаушылар вагонындағы бұл құрылғылар - электір агрегаттары күрделі және жетілген қызмет көрсетуді талап етеді. Әсіресе жолаушылар пойызындағы вагондарды қосқанда генератор сымдарын, біліктің ортаңғы бөлігіндегі редукторлы-карданды сымдарды тексереді. Жолаушылар пойызына вагонның келесі бір істен шыққан тетігі болса, қоюға рұқсат етілмейді: рамадағы кез-келген жарық; қаңқаның 50 мм артық қисайуы; кіргенде ұстайтын тұтқалармен, көтерілген тамбур фартугы істен шыққанда. Басқа вагоннан электірмен қоректенетін, жарық беру немесе жылыту құрылғылары істен шықса, өртенуге қауіпті жолаушылар вагонын сапарға жөнелтуге болмайды. Электір жабдықтарының бөлшектерін реліс басына 100 мм кем мөлшерде ғана жақындатуға және айналым стансасынан жөнелтуге немесе жолаушылар пойызында құрастырылған вагонның еріксіз желдеткіштері істен шыққанда, буксаның қызғандағы жүйесін бақылау рұқсат етілмейді.
Вагонның жөндеуден өткендігі туралы трафереті болмаса, пойызға қоюға рұқсат етілмейді. Жолаушылар пойызына вагонды қою үшін, жылдамдығы 140 кмсағ, жететін қосымша талаптармен бекітіледі. Бұл жүріс қауіпсіздігін сақтау үшін қажет, жылдамдық өскен сайын динамикалық, вибрациялық және басқа да күштер тораптағы вагондарға әсер етеді.
Мұндағы келтірілген істен шығуларда, пойызды жібергенде вагондарды тіркеуге болмайды, аялдау уақыттырында вагондарды ағытпай-ақ жөндеуге болады немесе күнделікті жөндейтін жолдарға вагонды ағытып береді. Вагонды ағытып алу туралы шешімді, вагон тексерушісі ТТБ (ПТО) жұмысының технологиялық үрдісіне сәйкес қабылдайды.
Вагон паркінің құрылысын жақсарту және беріктігін ұлғайту, ертерек құрастырылған жылжымалы құрамды жаңарту, жөндеу базаларын дамыту және бекіту, техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру, бірыңғай механикалық еңбек үрдісі негізінде алдыңғы технологияны енгізу және вагодарды жөндеу.

1. Вагонның бірлік жинақтарының белгіленуі, құрылысының негізгі бөлшектері және техникалық белгілері.

Пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін сақтау үшін, локомотивтің, вагонның, ашық құрамдағы жүктің жүріс кезінде қандай да бір ғимараттарға соқтықпауы қажет. Стансада адамдарға қызмет көрсететін көлікке, жылжымалы құрамға өту үшін жолдардың арасындағы қауіпсіздікті сақтауы қажет. Осындай мақсатта жылжымалы құрам (вагон мен локомотив) белгілі бір қатал тәртіпте құрастырылады, оны жылжымалы құрамның габариті деп атайды. Барлық құрылғылар мен ғимараттар жолдан белгіленген бір қашықтықта тұруы қажет, оны құрылыстың жақындық габариті деп атайды.
Темір жолды қайтадан өңдеп, жаңа жоспар жасағанда және жеке ғимараттарды салғанда стандарт талабына сай құрылыстың жақындық габариті мен темір жолдағы жылжымалы құрамның дөңгелек арасы 1520 мм болуы шарт:
жолдар үшін, жалпы темір жол желісіндегі ғимараттар мен құрылғылар және өнеркәсіп орындарымен стансаны жалғастыратын кірме жолдар - құрылыстың жақындық габариті С;
жолдар үшін, аумақтағы ғимараттар мен құрылғылар және зауыт, фабрика, шеберхана, депо, теңіз бен өзен порттары, жүк ауласы, қойма мен басқа да өнеркәсіп орындарының аумақтарының арасында, соның ішінде жалпы темір жол желісінің кәсіпорындарында - құрылыстың жақындық габариті СП.
Құрылыстардың жолға жақындау габариті деп жаңа және желіге екінші жол салғанда, жолды электрлендіргенде, сондай-ақ басқа да қайта құру шараларында, кірме жолдарында пайдаланылады. Егер олар жылжымалы құрамға өзара қатысты болмаса (жұмыс жағдайындағы вагон тежегіші, бекітілетін байланыс сымдары, су алатын айналмалы бөліктері және т.б.).
Жылжымалы құрамның габариті деп (жолдың осінен тік қарағанда) жүк тиелген немесе бос жылжымалы құрам түзу жазық жолда тұрғанда ішкі аумағынан шықпайтын көлденең шектік өлшемін айтады. Жаңадан құрастырылған жылжымалы құрам габаритке сәйкес болуы керек T. жылжымалы құрамды пайдаланғанда, құрылғылар мен ғимараттар Т габаритінде құрастырылады. Осы жылжымалы құрамды жіберу үшін С габаритінің талабына сәйкес болуы керек.
С пен Т габариттерінің арасында жазықтық болады, жүріс кезінде жылжымалы құрамның өтуіне және адамдардың жүріс қауіпсіздігін сақтауға, сондай-ақ, үлкен жүктерді тасымалдауға, өзінің мөлшері бойынша жылжымалы құрамнан шығып тұратын қауіпсіздіктерін сақтау керек. Габарит мөлшері миллиметрмен көрсетіледі және былай өлшенеді: жол осінен - көлденеңнен; рельс басының жоғарғы деңгейінен - тігінен (РБД (УГР)).
Стансадағы С габаритінің баспалдақты төменгі бөлігін, жол осінен 1745 мм қашықтықта, жолаушылар платформасын төмен 150-200 мм биіктікте орналастырады. 1100 мм биіктікте жүк және жолаушылар платформасы жол осінен 1920мм қашықтықта орналасады. Барлығы 1100-ден 4300 мм биіктікте салынады (мысалы: бағдаршам діңгегі, байланыс желісінң тірегі, жарықтандыратын діңгек және т.б.) жолдың осінен 2450 мм кем емес қашықтықта орналасуы керек.
1-ші сур. Ғимараттар мен құрылғылардың орналасуы көрсетілген (мосты, тоннел, галерея және платформадан басқа) ішкі жағынан станса мен аралықтың соңғы жолдары, сондай-ақ, стансадан жеке жатқан жолдар, жұмыс істейтін құрылыс - жол машинелерінің жұмыс қанаттары теріс жағында көрсетілген. Габаритте көрсетілгендей, соңғы жолдың осінен 3100 мм жақын емес қашықтықта орналасуы керек. Өте көп қар жиналатын ойықтар мен (шыңдардан басқа) олардан шығатын ( 100м қашықтықта) шеткі жолдардың осінен ішкі жолдардың байланыс желілерінің қашықтығы және баска да құрылғылар 5700 мм кем болмауы қажет. Қиын жағдайларда жаңадан электрлендірілген желілер жолдың осінің ішкі жағына дейін стансаларда 2450 мм кем емес, ал аралықта - 2750 мм болады.
Желілер мен жол бөліктеріне, пойыз жылдамдығы 160 км\сағ асқанда, габариттік мөлшері арнайы нұсқаулармен бекітіледі.
Ашық жылжымалы құрамда тиелген жүк (орауы мен бекітуін ескере отырып) тиеу габаритінде орналасуы қажет. Жүкті жаппай тиегенде белгіленген габарит бойынша дұрыс тиелуін габарит қаңқасы тексереді.

1. Вагонның жинақтау бірлігінің жөндеуін және технкалық жағдайын бақылау мерзімін қайталау

Тасымалдау үрдісінің үздікссіз жұмыс істеуі, қызметтік-техникалық ғимараттарды және құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын тұрақты тексеріп тұруын қажет етеді. Жұмысты тексеру уақыты мен тәртібі, бірнеше жылғы тәжірибені пайдаланып жасаған. Тексергенде құрылғы немесе жабдықтың жалпы жағдайын анықтайды, жеке құрылысын, тораптарға сай келетін мөлшерін және жіберуге болатындығын, бөлшектермен қозғағыштарының бір-бірімен әрекеттесуін, сапасын анықтайды.
Жабдықтар мен құрылғыларды, қызметтік - техникалық ғимараттарды соларға қызмет көрсететін жұмыскерлермен, сондай-ақ станса, депо, дистанция немесе телім бастықтарымен тексереді, енгізілген құрылғылар мен жабдықтардың пайдалану уақытын, бекітілген жағдайлар мен нұсқауларға қарайды.
Басты және қабылдап-жөнелтетін жолдардың бағыттама бұрмаларын, станса бастығы жол шеберімен және СОБ электрмеханигімен бірге айына бір рет тексеріп отыруы қажет.
Тексеру нәтижесі мен іс-шаралары, істен шыққандарды байқағанда, қалпына келтіру қажет, арнайы журналға жөндеген уақытын және жоспарлаған іс-шаралардың орындалғанын жазады.
Бағыттаманы ауыстыруда - ауыстыру механизімі мен жылжымалы бөлшек құрылғысы күрделі - жылжымалы құрамнан үлкен күш әсер етеді. Пойыздардың жоғарғы жылдамдықпен жүруі, бағыттама бұрмаларының тұрақты дұрыс қалпында тұруын қажет етеді, әйтпесе пойыздар жүрісіне тікелей қауіп әкеледі. Стансадағы электрлі орталықтағы бағыттамалар мен си гналдарды жол дистанциясының және дистанция сигналдары мен байланыс жұмыскерлері тексеріп тұрады. Міндетті түрде айына бір рет стансадағы бағыттама шаруашылығының жалпы жағдайын тексеріп, істен шыққандарды ескертіп тұру қажет. Бағыттама бұрмаларының мөлшерін тексеріп және онымен жібергенде тораптар мен бөлшектердің нақты бекітілуін, қажалу мөлшерін, желі жұмысын, жүріс жағдайындағы бағыттама үшкілігінің толық бекітілуін, қисық пен ойықтардың болмауы, жоспардағы бұрыштар және т.б.
Жолды, бағыттама бұрмаларын, СОБ құрылғыларын, байланыс желілерін тексеретін журнал барлық стансаларда, разъездерде, басып озу бекеттерінде және жол қосымдарында болады. Бұл құжат станса шаруашылығындағы құрылғылар мен жабдықтардың жағдайын көрсетеді. Журналдағы барлық жазуларды тексерген және жөндеген адам жазып, қол қояды. Станса бастығы жазуларды жиі тексеріп және қателіктерді болдырмау үшін шара қолданады.
Жол бастығының жиі тексеруі, қызмет пен бөлімше шаруашылығының жағдайын, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын, станса мен тораптарды дамыту, құрылғылар мен жабдықтарды қайта өңдеу, жолдағы өткізу және тасымалдау қабілетін арттыруды қарастыру, ал пән бойынша - мамандарға тәрбиелік жұмысты күшейтіп, өмірге қолдануға, білімдерін жетілдіріп, тұрмыстық жағдайларын жасау. Осы сұрақтарды шешіп, оларға шара қолданып, техникалық құрылғыларды дұрыстап қолданып, жұмысты алдыңғы деңгейге жеткізіп, жүрістің қауіпсіздігін үлкен дәрежеге көтеру керек.

2. Вагонның жинақтау бірлігінің жұмыстық шарттың, ақауларының мінездемесі және пайда болу себебі.

Құрылғылар мен жабдықтарды жөндеу және қайтадан құрастыру бекітілген жобаға сәйкес орындалады, технологиялық үрдіспен, техникалық жағдайларына, Техникалық пайдалану ережелерімен, сигнал және басқа да нұсқалармен, пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қарастырады. Жұмыстың көлемі көп болғанда - тоннелдер мен көпірлерді жөндеу, жолдарды орташа және толық жөндеу, қайтадан құрастыру, релісті толығымен ауыстыру, жолды көтеріп жөндеу, ауыр жол машиналарын жөндеуге пайдалану, екінші жолды салуға жасалатын жұмыстар, жер төсемін дұрыстау, реліс соңдарын құю көпір мен тоннелдерде 25м ұзын болуы керек. Жұмыстар жүргізген уақытта аралық пойыздар жүрісіне жабылады.
Құрылғы мен жабдықтарды жөндегенде жүріс қауіпсіздігін сақтау қажет, және пойыздар жүріс кестесі бұзылмау керек.
Жөндеу және құрылыс жұмыстарын үлкен көлемде жүргізгенде, пойыздардың жүріс кестесіндегі толас шақты қарастыру керек, және жылдамдықтың шектелуін ескеріп, жұмысты жасау керек.
Жолдарды күнделікті жөндеу жұмыстарын жүргізгенде, жасанды құрылғылар мен байланыс жүйесін және СОБ құрылғыларын, пойыздардың жүріс кестесінде қарастырылған технологиялық толас шақтың ұзақтығы 1-2 сағ.көлемінде, қажетті жүріс көлемін қамтамасыз ете отырып, оны жол бастығы бекітеді.
Жолдарды жөндеу, байланыс желісі және СОБ құрылғылары, басқа да құрылғылар мен жабдықтардың жұмысы, пойыздардың жүрісі кестеде көрсетілмеген уақытта жасалады, онда аралық жабылмай-ақ жасалады.
Егер жөндеу жұмыстары көп уақытты қажет етсе, жүрісті тоқтату керек болса, жол бөлімшесінің бастығы жұмыс басшысымен және жүріс қызметінің бастығымен келісе отырып, жұмыстың басталу уақытымен аяқталу уақытын бекітеді.
Жұмыс жүргізіп жатқан уақытта, жүріс тоқтап тұрса, сондай-ақ жүріс кестесінде толас шақ қарастырылса, жұмыс басшысы пойыз диспетчерімен тұрақты байланысты ұстап тұрады (телефон немесе радио).
Телімдегі, пойыздардың жүріс кестесіндегі толас шақ, түнгі уақытта қарастырылса, жұмыс басшысы жұмыс жүргізетін жерді жарықтандыруы керек.
Станса мен аралықтағы жүріске кедергі келтіретін (орындар, тоқтатуды қажет ететін), сондай-ақ жұмыс жүргізетін жерлер, жүріске қауіпті болғанда, тоқтатуы немесе жылдамдықты азайтуы керек, пойыз кесе де, келмесе де (маневр құрамы), екі жағынан қорғайтын сигнал қою қажет.
Рұқсат етілмейді:
- қоршау сигналы қойылмағанда немесе жұмыс жүргізетін орында жұмысқа кірісу, жүріске қауіпті;
- кедергіден қоршағанда немесе жұмыс жүргізген орында кедергіні болдырмау үшін, жұмыс толық аяқталғанша, жолдың жағдайын, байланыс желілерін, габариттің сақталуын тексергенше сигналды алуға болмайды.
Кедергі келтіретін жерді қоршау тәртібін және жұмыс істейтін орынды сигналдар нұсқасы бекітеді.
Ауыспалы сигналдарды күзетуге және бекітуге, жұмыс істейтін жердегі жолды қоршайды, жұмыс басшысы жұмысшылар тобынан сигналистерді бөліп алады, олар сәйкес емтихандарды тапсырған болады. Сигналисттердің бас киімі болуы керек, темір жол көлігінің жұмыскерлерінен басқа болады.
Бұрылыстағы жолдардың фронтында жұмыс істегенде, сондай-ақ кіші радиустың қисық телімдерінде, еңістер мен сигналдар анық көрінбейтін жерлерде және пойыздардың жүрісі көп телімдерде, жұмыс басшысы жұмыскерлермен байланыс орнатып (телефон немесе радио), жұмыс жүргізетін жерлерге қорғайтын сигналдар қояды. Жұмыс жүргізетін жердің байланысын жол бастығы бекітеді.
Тоқтату сигналымен қоршауды қажет ететін немесе жылдамдықты азайтатын, станса кезекшісінің рұқсатынсыз және жұмыс басшысының жол тексеру, бағыттама бұрмаларының, СОБ құрылғыларының, байланыс желілерінің журналына жазбай станса жолдарында жұмыс жүргізуіне болмайды. Телім, диспетчерлік орталықпен жабдықталған, мұндай жұмыстарды жоғарыда берілген бұйрықтар бойынша, тек қана пойыз диспетчерінің рұқсатымен ғана жасалады. Жұмыс жүргізгенде байланыс желісіндегі кернеуді ағытып,жолдың бүтіндігін және жасанды құрылғыларды бұзбай, сондай-ақ жұмысты орындағанда болған кедергілер, жұмыстың басталған уақытымен аяқталған уақытыжұмыс басшысының станса кезекшісіне айтуымен, телефонограммалық журналға тіркеледі, (диспетчерлік орталықтағы телім - пойыз диспетчеріне).
Жұмыс аяқталған соң құрылғыны іске қосу, станса кезекшісінің жұмыс басшысының айтқанын жол тексеру, бағыттама бұрмаларының, СОБ құрылғыларының, байланыс желілерінің журналына немесе телефонограммалық журналға тіркеуі, станса кезекшісінің айтуымен жұмыс басшысының қолы қойылады.
Бір тармақты желіде аралықты жабу үшін, екі тармақты және көп тармақты, бірнеше жолдарды жол бөлімшелерінің бастығы жұмыс басшыларына бір тәулік бұрын хабарлайды.
Аралықты немесе жолдарды ашып-жабу, жұмыстың басталуы мен аяқталуына қарай, пойыз диспетчерінің бұйрығымен орындалады.
Пойыз диспетчерінің бұйрығынсыз, жабылатын аралыққы немесе жұмыс істейтін жерді сигналмен қоршаған жолдарда, жұмыс басшысы жұмысқа кірісуге болмайды (жазбаша хабарландыру немесе телефонограмма және телеграмма). Аралықты немесе жолды ашу тек қана жазбаша хабарландыру арқылы жүргзіледі, телефонограмма немесе телеграмма, дистанция жолының бастығы немесе жол шеберінен төмен емес, сенімді жұмыскері жолдың жұмысы аяқталғандығын хабарлайды, немесе жасанды құрылғылардың жұмысын және пойыздар жүрісінің қауіпсіз, әрі үзіліссіз жүруін қамтамасыз етеді.
Жұмыс істеп тұрған СОБ құрылғылары мен байланыс желілерін, электірмен қамтамасыз еткенде аға СОБ және байланыс электромеханигінің немесе энергодиспетчердің хабарлауымен қалпына келтіріледі.
Үзіліс аяқталған уақыта, пойыздар жүрісінің жұмысына құрылғы мен жабдықтар толық бітіп, қалыпты жағдайға келтірілуі керек.

3. Вагонның жинақтау бірлігінің технологиялық жөндеу ережесін өндеу (ереженің мазмұны).

Жылжымалы құрам тораптары мен жеке бөлшектерді пайдалану істен шығып, белгілі бір жағдайда апат туғызуы мүмкін. Жолаушы және жүк пойыздарының бірінен соң бірі жүруі, локомотивтің шамалы істен шығуы немесе жүк вагондары жолаушылар пойызымен соқтығысуы мүмкін. Бұл жағдай ТПЕ сәйкес істен шыққан пойыздар жүрісіне қауіп төндіретін, жылжымалы құрамды пайдалануға сондай-ақ, тасымалданатын жүктің бүтіндігіне кепілділік берілмесе рұқсат етілмейді.
Төменде көрсетілгендер бойынша бір вагон істен шықса, оны пойызға тіркеуге болмайды:
- ауыстыруды қажет ететін доңғалақ;
- тіркейтін тіректерінде, қапталында жарығы бар тіркемені;
- рессор үстіндегі тіректің жарығы;
- шегіну жарығы оның периметірінің ұзындығы 13 көп болса, төменгі белдеуі және 3 білікті тіркеменің айналатын тіректер жарығы және т.б. жарықтар.
Жолаушылар вагонына өте қатал талап қойылады. Қандай жағдайда болмасын, жолаушыларға қажетті жағдайларды жасайтын, пойыздардағы істен шыққан вагон құрылғыларын, алдыңғы кезекте жылыту, желдету, электір жабдықтарын қосуға болмайды. Бұл жүйелердің жұмыс істеу қабілетіне үлкен көңіл бөледі. Қазіргі жолаушылар вагонындағы бұл құрылғылар - электір агрегаттары күрделі және жетілген қызмет көрсетуді талап етеді. Әсіресе жолаушылар пойызындағы вагондарды қосқанда генератор сымдарын, біліктің ортаңғы бөлігіндегі редукторлы-карданды сымдарды тексереді. Жолаушылар пойызына вагонның келесі бір істен шыққан тетігі болса, қоюға рұқсат етілмейді: рамадағы кез-келген жарық; қаңқаның 50 мм артық қисайуы; кіргенде ұстайтын тұтқалармен, көтерілген тамбур фартугы істен шыққанда. Басқа вагоннан электірмен қоректенетін, жарық беру немесе жылыту құрылғылары істен шықса, өртенуге қауіпті жолаушылар вагонын сапарға жөнелтуге болмайды. Электір жабдықтарының бөлшектерін реліс басына 100 мм кем мөлшерде ғана жақындатуға және айналым стансасынан жөнелтуге немесе жолаушылар пойызында құрастырылған вагонның еріксіз желдеткіштері істен шыққанда, буксаның қызғандағы жүйесін бақылау рұқсат етілмейді.
Вагонның жөндеуден өткендігі туралы трафереті болмаса, пойызға қоюға рұқсат етілмейді. Жолаушылар пойызына вагонды қою үшін, жылдамдығы 140 кмсағ, жететін қосымша талаптармен бекітіледі. Бұл жүріс қауіпсіздігін сақтау үшін қажет, жылдамдық өскен сайын динамикалық, вибрациялық және басқа да күштер тораптағы вагондарға әсер етеді.
Мұндағы келтірілген істен шығуларда, пойызды жібергенде вагондарды тіркеуге болмайды, аялдау уақыттырында вагондарды ағытпай-ақ жөндеуге болады немесе күнделікті жөндейтін жолдарға вагонды ағытып береді. Вагонды ағытып алу туралы шешімді, вагон тексерушісі ТТБ (ПТО) жұмысының технологиялық үрдісіне сәйкес қабылдайды.
Вагон паркінің құрылысын жақсарту және беріктігін ұлғайту, ертерек құрастырылған жылжымалы құрамды жаңарту, жөндеу базаларын дамыту және бекіту, техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру, бірыңғай механикалық еңбек үрдісі негізінде алдыңғы технологияны енгізу және вагодарды жөндеу.
Жүк вагондарының ішіне кіретіндер:
- транзиттік пойыздағы немесе құрамдағы вагондарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ құрамдағы бос вагондарды немесе вагондар тобын тиеуге ағытпай-ақ дайындау;
- бос вагондарды күнделікті жөндеу (ТР-1) немесе олардың тобын құрамнан ағытып алып, тасымалдауға бірыңғай дайындау және арнайы жөндейтін жолдарға беру;
- транзиттік пойыздардан және құрастырылған құрамнан вагондарды ағытып алып күнделікті жөндеу (ТР-2);
- деполық жөндеу (ДР) - вагондарды келесі деполық және толық жөндеуден өткенше жұмыс істеу қабілетіне кепілдік береді;
- толық жөндеу (КР) - вагон жабдықтарын толығымен қалпына келтіру.
Аралық стансадан вагонды жөндеуге ағытып алып, кепілдік телімдерінде істен шыққанын қалпына келтіру, жоспарда есептелмеген және ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Қамқор Вагон ЖШС-де практикадан өту есебі
Жүктерді тасымалдау құжаттамасы
Аралық станса
Жаппай тасымалданатын жүктердің тасымалдау технологиясы
Вагон-хоппердің құрылымын жетілдіру
Кәсіпорындағы логистикалық процестерді жетілдіру ( БП Жамбыл бөлімшесінің мысалында)
Батыс Қазақстан темір жолы
Доңғалақты буларды жөндеу
Теміржол бөлімінің жұмысын ұйымдастыру
Пәндер