Мемлекеттік билікті жүзеге асыру


Мазмұны
- Мемлекеттік билікті жүзеге асыру
- Мемлекеттік биліктің түсінігі
- Атқарушы билік түсінігі, белгілері
- АҚШ мемлекеттік билік түсінігі, түрлері
- Тікелей және өкілдік демократия институттары
- Демократияның негізгі теориялары, тән белгілері
- Тікелей демократия түсінігі
Кіріспе
Соңғы он бес жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі - тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр.
«Мемлекет биліктің түсінігі және құрылымы» атты курс жұмысымның тақырыбы өте қызықты да күрделі болып табылады. Бұл тақырыпты пайымдай отырып, қазіргі кезеңде дербестігін алған біздің мемлекетіміздің қандай екенін, оның қалыптасуын ұғынуға болады. Мемлекетіміздің республика екендігі атынан айқын болса, унитарлық екендігін біз Конститутциямыздан айқын көре аламыз. Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады.
Билік бұл-бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл «басқару-орындау» қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады:табиғи теңсіздік (физикалық,
интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік(мәртебелілік, экономикалық,
білімділік және т. б) .
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз. Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес. Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі, біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәуелсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз. Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін.
Биліктің қоғамдық құбылыс ретінде шығуын, мәнін, құрылымын қарастырып, саяси ғылымдағы анықтамаларына, негізгі концепцияларға тоқталу. Билікті қатынас ретінде қарастыра отырып, оның субъектісін, объектісін көрсетіп, саяси және мемлекеттік билікті қарастыру, саясаттанудағы биліктің бөлінуі мәселесіне тоқталып, саяси биліктің легитимдігі, жариялылығын, типтерін басқару бойынша формаларын, жүргізу әдістерін көрсету. ’’Билік’’-саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады. Билік-адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Саяси ғылымда билікті саяси құбылыс ретінде зерттейтін саланы кратология(«kratos»-билік, «logos»-ілім, ғылым) деп атайды.
- Мемлекеттік билікті жүзеге асыру
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. [1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай
- заң шығарушы;
- атқарушы;
- сот билігі
болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай
- авторитарлық;
- тоталитарлық;
- демократиялық
болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:
- пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
- пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
- жария-саяси сипатта жүруі,
мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.
Қазақстан Республикасы - Еуропа мен Азия қос континенттерінің тоғысының солтүстік жарты шарында орналасқан. Жер көлемі бойынша Қазақстан Ресей, Қытай, АҚШ, Бразилия, Канада, Үндістаннан кейінгі әлемде 9-шы орында тұр. Қазақстан Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен шекаралас. Қазақстан Президенттік басқарудағы зайырлы, демократиялы, басты назарда адам және оның өмірі, оның құқықтары мен бостандығын ескеретін құқықты және әлеуметтік біртұтас мемлекет. Қазақстандағы Мемлекеттік билік бірыңғай болып табылады және оның құрамына Парламентпен жүзеге асатын заңшығарушы билік, Орталық орган мен жергілікті органдардан, мемелекеттік сот қарамағында қызмет ететін сот билігінен тұратын Үкіметтің атқарушы билігі кіреді. Мемлекет билігінің негізгі тұғыры халық болып табылады.
ҚР Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: ҚР Парламенті Сенатынан және ҚР Парламенті Мәжілісінен тұрады. ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және мемлекет астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Сенат та ұлттық-мәдени және қоғамның өзге маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, он бес депутатты ҚР Президенті тағайындайды. Сена тқа сайланатын депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Қазақстан Республикасының Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің Депутаттық корпусын тең және мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттар құрайды. ҚР Парламентінің Мәжілісі конституциялық заңмен белгіленген тәртіпте сайлана-тын 107 депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палат аға бірдей мүше бола алмайды. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл . ҚР Парламенті Мәжілісінің (Парламент тің төменгі палат асы) ерекше өкілеттіктері: Парламентке енгізілген конституциялық заңдар және заңдар жобасын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау; Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрін сайлауға Республика Президентіне келісім беру; Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау; Мәжіліс Парламентіне Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
- Мемлекеттік биліктің түсінігі
Сонымен, мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрсек.
Билік бұл - бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл «басқару-орындау» қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т. б) . Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз. Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің тұрақты болуының себебі оның , әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес. Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды. Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз.
Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған - мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі енеді - ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл - саяси мәртебелердің теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы, жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т. б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы «ми штабы», сонымен бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы - саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл - қоғамды ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді.
Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі, сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары - мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді. 1
Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
- Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот органдары) .
- Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент әкімшілігі және тағы басқалары) .
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі «мемлекеттік аппарат» категориясымен тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл - Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни, мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік механизмді де қарастыруымыз қажет.
Қазақстанның демократиялық жолмен құқықтық және әлеуметтiк мемлекет орнатуы - қазіргі өркениеттi әлемдiк тәжiрибеде нық қалыптасқан билiк бөлу қағидасына негізделеді. Билiк бөлу қағидасына сәйкес Республикадағы бiртұтас мемлекеттiк билiк Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы өзара iс-қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Айтылған билiк тармақтарының iшiнде заң шығарушы билiк негiзгi орынды иемденедi.
1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңынан бастап, жергілікті өкімет органдарының жүйесін реформалау үдерісі басталды. Қазастан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясында билікті бөлу тұжырымдамасы баянды етіліп, жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың және одан әрі дамытудың құқықтық негіздері туындады. 1994 жылы 7 наурызда сайлау болып XII және сайланған Жоғарғы Кеңес дүниеге келді. Жоғарғы Кеңес бір жылға жуық уақытта 138 акт, соның ішінде 8 заң қабылдайды. Жоғарғы Кеңес төменгі деңгейдегі Кеңестерінің бастамасымен өзін-өзі таратқан соң, 1995-жылғы Республика Конституциясында заң шығарушы билiктi жүзеге асырушы жаңа орган - қос палаталы Парламент бекiтiлiп, бүгінгі күнi өз қызметін жүзеге асыруда. 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңда жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, оның органдарының құзіретін, қызметін ұйымдастырудың тәртібін, мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайы белгіленген болатын.
Еліміз Тәуелсіздік жылдары дәулетіне сәулеті сай әлем таныған абыройлы мемлекетке айналды. Осы игіліктің барлығы халқымыздың берекелі бірлігі мен тату тірлігі арқылы жүзеге асып, қоғамның тұрақтылығы мен ынтымағына халық қалаулылары елеулі үлес қосып келеді. Біздің тәуелсіз еліміздің алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге енді. Өзінің қалыптасқан 20 жылдан асқан уақыт ішінде мүмкіндіктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусы - қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүргізуде өз белсенділіктерін танытып келеді.
Мәслихаттардың тиісті әкімшілік-аумақтықтық бөліністегі халықтың еркін білдіретіні және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылайтыны ҚР Конституциясында белгіленген және онда мәслихаттардың халық арасындағы рөлі мен міндеттері көрсетілген. Қазір еліміздегі түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 3300-ден астам депутаттар болса, оның ішінде Қызылорда облысындағы жергілікті мәслихаттарда 145 депутат бар, оның 29-ы облыстық, 19-ы қалалық, 97-і аудандық мәслихат депутаттары.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Парламент пен мәслихаттар өкілеттіліктері күшейді. Мәслихаттардың өкілеттік мерзімдері 4 жылдан 5 жылға ұзартылды, тиісті мәслихаттардың келісімімен әкімдерді тағайындау, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін қарау жүзеге аса бастады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы және осы Заңға 2009 жылғы 9 ақпанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы мәслихаттар құзіретін нақтылауға, аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру мен сайлауға, қосымша өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берді.
Мәслихат тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды. Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде функцияларды орындайды.
Саяси өкiлдiк белгiлi бiр формада Ежелгi Грецияда - Халық жиналысы, Римде - Сенат, дала халықтарында - Құрылтайлар формасында билiктi атқарудың әр алуан әлеуметтiк мүдделердi жалпы ерiкте реттейтiн әмбебап тәсiлдерiнiң бiрi болды. Қоғам демократиялық бағытта ілгері жылжыған сайын жергілікті жердегі парламенттің рөлін орындайтын мәслихаттардың өкілеттігін бірте-бірте кеңейтудің, депутаттар мәртебесін арттырудың конституциялық жолдарын қарастырған абзал. Мәслихат қызметінің жариялылығын қамтамасыз ете отырып, өкілді органның жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты көрсетудің жолдарын ойластырған жөн. Бұл үшін мәслихаттардың өз басылымы болуын да шешкен дұрыс болар еді. Кез-келген дамыған елдерде заң сол елдің құқықтық жүйесінің негізін құрайды, заңдарда демократиялық қоғамның мүшесі ретінде азаматтардың еріктері мен мүдделері бекіп, құқықтық, адамгершілік, жеке қасиеттері дамиды. Бірақ, қандай болмасын заңның егер тетіктері дұрыс жұмыс атқармаса, демократиялық қоғамның құқықтық негізі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылмасы анық. Өкілді орган, оның тыныс-тіршілігінен хабардар болуға мәслихатта жоғары дәрежеде әзірленіп-талқыланған, зор жауаптылықпен қабылданған, қоғам өмірінің талаптарына толығымен жауап беретін, ол қабылдаған актілер ғана қоғамның, мемлекеттің, жеке азаматтардың мүдделеріне сай келеді. Ал мәслихат шешімдерінің жоғары сапасына заңдарды жетік меңгерген халық қалаулыларының нәтижелі жұмысының арқасында ғана қол жеткізуге болады. Осы бағытта мәслихат депутаттарының мәртебесін арттырумен бірге, оның жұмысын жақсартуға, парламентаризмнің нығайып, жақсы тәжірибелердің жинақталуына және өкілді органның қызметін үнемі халық назарында ұстап отыруға мүмкіндік туар еді. Қазақстан- тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына аяқ басқан жас мемлекет. Бүгінгі күні 17 млн қазақстандықтың 5 млн-нан астамы 30-ға жетпегендер. Бүгінгі жастан ертеңгі ел басқаратын азаматтар шығады. Сондықтан жаңа ұрпақтың билікке араласуында жастар тәрбиесінде жергілікті өкілді органның да қалыс қалмағаны дұрыс. Әркімді заман билеп, арпалысып, айқасып жатқан кезеңді салыстырып, саралап, халықтың мұң-мұқтажын ойлап, арман-мұратын, қажыр-қайратын жасампаз арнаға бұру халық қалаулыларының алдында тұрған асқақ та, маңызды міндет. XX ғасырдың басында А. Байтұрсынұлы айтқан «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген қағидасын әр депутат үнемі жадында ұстауы керек.
- Атқарушы билік түсінігі, белгілері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz