Мектеп математика курсында оқушыларды жалпы деңгейлік тапсырмалармен және олимпиадалық сипаттағы деңгейлік тапсырмалармен таныстыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Математика сабағын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді нәтижелері және математикалық есептердің мәні . . . 7

1. 1Математикалық есептердің практикалық, дамытушылық, тәрбиелік мәні . . . 9

1. 2 Математикалық есептердің рөлі . . . 11

2. Олимпиадалық есептерді шешудің жалпы әдістері . . . 14

2. 1Математикалық есептердің шешудің алгоритмдік әдісі . . . 16

2. 2 Олимпиадалық есептерді Граф шығару әдісі . . . 22

2. 3Логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдері . . . 25

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі - жасұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математика пәнінің алатын орны ерекше. Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру екені сөзсіз.

Мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қатар жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Мектептегі мұғалім - ол балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оқушыларды шығармашылыққа баулуға, оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға, яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге және сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі -бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы - білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай жолдардың бірі - деңгейлік оқытудың математика сабағындағы тиімділігі. Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.

Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Бұл ретте деңгейлік олимпиадалардың маңызы зор. Есептер шығару оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет.

Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру екені сөзсіз.

Міне, осындай маңызды мәселелерді шешуде жас ұрпақты сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Сондықтан талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру біздің басты міндетіміз болып табылады.

Оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге байланысты, яғни мұғалім ізденісін қажет етеді. Дарынды балалардың қабілетін дамытудың жолдары көп. Соның ішінде олимпиадалардың рөлі ерекше. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын, олардың математикалық ой-өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер болатын қосымша тақырыптар көп әсерін тигізеді.

Мектеп бағдарламасында, жалпы орта білім беретін мектеп математика оқулықтарында олимпиадалық есептерге, олимпиадалық сипаттағы есептерге, оларды шешудің әдіс-тәсілдері мен жолдарын қарастыруға көп көңіл бөлінбейді. Бірақ әртүрлі деңгейдегі математикалық сайыстар, конкурстар, регаталар мен олимпиадалардың өте жиі өткізіліп тұратындығы баршаға аян.

Курстық жұмыстың құрылымы - зерттеу жұмысы кіріспеден, екі

бөлімнен, қорытындыдан, пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің мақсаты - мектеп математика курсында оқушыларды жалпы деңгейлік тапсырмалармен және олимпиадалық сипаттағы деңгейлік тапсырмалармен таныстыру жолдарын қарастырып, жүйелі түрде талдау.

Зерттеу міндеттері:

-математика сабағын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың

тиімді нәтижелері және математикалық есептердің мәнін анықтау;

-математикалық есептердің практикалық мәнін айқындау;

-математикалық есептердің дамытушылық мәнін нақтылау;

-математика пәнінен олимпиадалық есептердің рөлін түсіндіру;

-математикадан олимпиадалық есептерді шешудің жалпы әдістерін қарастыру;

-математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісін талдау;

-логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін қарастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы -деңгейлеп саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылым-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың мәселелерін шеше аламыз:

-Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.

-Оқушылардың жүктемесін оңталандыруға мүмкіндік туады.

-Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады. -Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.

-Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.

-Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.

-Олимпиада, конференци жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Зерттеудің методологиялық негізі- математикадан өткізілетін деңгейлік олимпиадалар және олимпиада есептері мен оның шығарылу жолдарының сипаты- мақсаты нәтиже. Қоғам талабы да - нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр. Өйткені баланы тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп- саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу және әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған білім беруде жаңа тарихы кезеңнің шақыруына жауап беруге дайын және экономика дамуының сұраныстарына сай, бойына адамгершілік ізгіліктер дарыған білімді, бәсекеге қабілетті дара тұлға қалыптастыру, оқушылардың олимпиадаға деген қызығушылығын туғызу арқылы, өзінің тапқырлығы мен ұшқыр қиялын толық көрсете алуға үйретеді.

Зерттеу жұмысының нысаны- жалпы орта білім беретін мектепте математика пәнін тереңдетіп оқыту.

Зерттеу пәні- мектеп математика курсында олимпиадалық сипаттағы деңгейлік есептерді шешу үрдісі.

Зерттеу әдістері- математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісі,

олимпиадалық есептерді Граф әдісі шығару, логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін қолдану.

Зерттеу базасы - Асан Тайманов атындағы гимназия

Зерттеудің практикалық маңызы: математикалық есептерді шешу барысында алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге пайдаланады, өзінің болашақтағы практикалық қызметіне қажетті істермен айналысады. Практикалық қажеттілігі бар барлық есептерде математикалық есептер шешуге тура келеді. Математика сабақтарының мақсаты математикалық теорияларды, идеяларды, заңдар мен заңдылықтарды үйретумен бірге, оқушыларға бағдарламада көрсетілген білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады.

Жаңашылдығы - деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндеті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты- сынып оқушаларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет сонымен қатар математикалық олимпиадалар табысты болу үщін олимпиадалық тапсырмалардың жинағын шығару керек. Оқу жоспарына сәйкес пәннен олимпиадалық тапсырмаларды шешу жайлы арнаулы курс немесе факуьтатив енгізуді жәнеболашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді .

1 Математика сабағын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді нәтижелері және математикалық есептердің мәні.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1 -деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайтын болады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

2. Деңгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3. Дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4. Оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді жақтары:

1. Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, пысықталынып отырады.

2. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады.

3. Оқушы өзін-өзі тексереді, өзінің жіберген қателерін біліп отырады.

4. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.

5. Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады, алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.

6. Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.

7. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.

8. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес балдық жүйемен ерекше бағаланады.

9. Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге бағыттайды, бос отырған оқушы болмайды.

10. Таланттылар өздерінің қабілетті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігі:

1. Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру.

2. Дарынды балалар болса оқушының - зерттеу жұмыстарын дамыту.

3. Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.

Орта мектепте математикалық есептер жалпы алғанда теорияны, математиканың әдістері мен ұғымдарын меңгеруге қажетті бірден-бір шешімді құрал болып есептеледі. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, тәрбие беруде және оқушыларға математиканың тәжірибелік істерге қолданылуы туралы білім, біліктілік қалыптастыруда есептердің атқаратын рөлі зор. Математикалық есептерді дұрыс шешкізіп, оқытудың жаңа әдіс тәсілдері арқылы жоғары деңгейдегі математикалық білім, біліктілік, дағды қалыптастыруға болады. Математикалық есептер: а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету үшін; б) тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыру; в) білімнің тереңділігі мен баяндылығын тексеру; г) оқушылардын шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдаланады. Оқу процесінде есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан білім мен біліктілігін жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда есептер маңызды рөл атқарады. Математиканы оқытуда есептер оқушылардың математикалық ой-өрісінің дамуы, оқытудың мақсаты, әрі құралы болып табылады. Сабақтарды жоспарлаған және ұйымдастырған кезде теориялық материалдар көбінесе есептер шығару процесінде жете түсінілуі және жақсы меңгерілуі қажет екенін ескерген жөн. Есеп шығаруды ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке әдісін кеңірек пайдаланған жөн: нашар оқитын оқушыларға ұсынылатын есептердің қиындық деңгейі осы бағдарламаның талаптарына сай анықталуы керек; ал бұл деңгейге жеткен оқушыларға бұдан да гөрі күрделірек есептер берген пайдалы. Дайындықтардың міндетті деңгейіне барлық оқушылармен жетуге қойылатын талаптарды саралау оқушыларға қиындық келтірмеудің негізін қалайды, оларды шамалары келетінжұмыспен қамтамасыз етеді және оқуға дұрыс көзқарас қалыптастырады. Математиканы оқыту процесінде есептердің білім берерлік, тәжірибелік, дамытушылық, тәрбиелік мәні зор, соларға тоқталайық:а) математикалық есептердің білім берерлік мәні. Математикалық есептерді шеше отырып, оқушылар жаңа ұғымдарды, жаңа мәселелерді таниды. Есеп шарты бойынша жаңа ұғымдармен танысады, математикалық теорияның есептер шешуге қолданылуын, есептер шешудің жаңа әдістерін танымдық немесе есептер шешуге қажетті математиканың жаңа бір саласымен танысады және т. б. Сондықтан оқушы математикалық есептерді шешу барысында теориялық материалды меңгеріп, жеткілікті түрде жаттығу арқылы дағды қалыптастырып, математикалық білімін көтереді. Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырудың білімдік мәні оқушыларға математикағылымының негіздерін үйретуді және алған білімдерін практикада қолдануға баулуды көздейді.

1. 1 Математикалық есептердің практикалық дамытушылық және тәрбиелік мәні

Математикалық есептерді шешу барысында алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге пайдаланады, өзінің болашақтағы практикалық қызметіне қажетті істермен айналысады. Практикалық қажеттілігі бар барлық есептерде математикалық есептер шешуге тура келеді. Математикалық есептер физикада, химияда т. б. жаратылыстану пәндерінде, электротехника мен радиотехникада, ең алдымен олардың теориялық негіздерін түсіндіруге қажет. Бұл есептерді шешкенде көбінесе физикалық, химиялық, географиялық және техникалық-практикалық мәні бар есептер қарастырылады. Математика сабақтарының мақсаты математикалық теорияларды, идеяларды, заңдар мен заңдылықтарды үйретумен бірге, оқушыларға бағдарламада көрсетілген білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Мұндай білім мен біліктілікті қалыптастыруда математикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді шығару, қарапайым есептеу құралдарын қолдану, әр алуан бақылаулар мен өлшеулерді орындау, әр түрлі модельдерді, кестелерді, диаграммаларды, табиғатта кездесетін құбылыстарды математика тіліне аудару т. б. жатады. Сондықтан бұл сабақтың негізгі бөлігін есеп шығару, лабораториялық-практикалық жұмыстар орындау құрайды. Сонымен, практикалық білімін және біліктігін қалыптастыру сабағына:

1) жұмыстың мақсатын анықтау;

2) оларды орындау ережелерін теориялық негіздеу;

3) жұмысты орындау үлгісін көрсету;

4) жаттығулар орындау;

5) қорытынды жасау;

6) үйге тапсырма беру сияқты құрылымдық элементтер енуі мүмкін.

Математикалық есептердің дамытушылық мәні

Есептер арқылы дамытушылықтың мәні оның ойлауы, еске сақтауы, елестетуі, осы және басқа да қабілеттері мен ерекшеліктері оның тұлға ретінде дамуы болып табылады. Оқушы оқытуға байланысты дамытылады деп есептеледі. Сондықтан дамыту дегеніміз оқыту, оқыту дегеніміз дамыту деп түсінуге болады. Дамыту мен оқыту айтылымдары тұрақты болуы мүмкін емес, ол білім берудің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде дамытуда оқушы тұлғасын біртұтас дамыту ретінде түсіну керек. Ол оқушылар үшін олардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін жан-жақты және үйлесімді дамыту үшін, мәдениетті, жоғары адамгершілікті, белсенді шығармашылықты және әлеуметтік кемелденген тұлға қалыптастыруды бағамдайды. Дамытушылық мәні оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін өркендету оларды өздігінен білім алып, ғылыми техникалық және саяси жаңалықтардан хабардар болуға үйрету, бірте-бірте оларды күрделі логикалық талдаулар жасауға баулу, сөйтіп диалектикалық ойлауы мен шығармашылық іс әрекеттерін қалыптастыру. Қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті тынысы мен еңбек әрекетіне қажетті білімін одан әрі жалғастыруға жеткілікті математикалық білім мен біліктілікті жүйелі түрде тиянақты әрі саналы меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Математикадан деңгейлік олимпиадалар мен олимпиадалық есептер көмегімен оқушылардың логикалық және математикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, олардың ерік-жігерін қайрайды; жастардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады; оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді; оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді.

Математикалық есептердің тәрбиелік мәні

Есептер өзінің мазмұны арқылы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, табиғатты ғылыми жағынан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелеуге тәрбиелейді. Есептерді шешу арқылы оқушы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, өз еңбегін бағалай білуге, алған бағытын соңына дейін шешуге үйренеді. Сондықтан математикалық есептердің тәрбиелік мәні оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу, оқушылардың метематикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Соңғы жылдары оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге деңгейлік есептерді енгізу қажеттілігі қарастырылып жүр. Деңгейлік есептердің жай есептерден басты айырмашылығы оларда басты назарды оқушының ойлау деңгейіне басты назар аударады. Оқушы деңгейіне байланысты таңдалып-құрастырылған есептер оқушының қызығушылығын арттырады. Онымен бірге есептерді шешу арқылы түрлі процестердің, күрделілігі және екі жақтылығы жөнінде көзқарас қалыптасады. Оқушылардың дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыруда қолданылатын есептер арнайы математикалық білімдерді пайдалануды талап етеді.

1. 2 Математикалық есептердің рөлі

Математикалық есептерді шешу арқылы оқушылар көптеген математикалық ұғымдарды меңгереді, математикалық таңбаларды біледі, дәлелдеу жолын үйренеді. Математиканы есептер арқылы оқыту логикалық ойлауды дамытуға, ойымыздың анықтылығын, ойлау жолының дәлдігін, таңбаларды қолдана білу мен еске сақтау қабілеттерін қалыптастыруға үйретеді. Есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан білім мен біліктілігін жүйелеуге, нақтылауға көмектеседі.

1) Математикалық есептерді шешу, жаттығуларды орындау арқылы оқушылар көптеген математикалық ұғымдарды меңгереді. Сонымен қатар математикалық ұғымды меңгеру үшін оның анықтамасын, ерекше белгілерін және қасиеттерін білу қажет. Квадраттық теңдеу ұғымын басқа теңдеулерден ажырата білу үшін әр түрлі жаттығулар беріп, оқушылардың білімін, түсініктілігін арттыруға болады.

Мысалы, төмендегі теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеу болады?

Бұл жаттығуларды орындаған кезде оқулықтағы анықтамамен салыстыра отырып, ұғымды бекітуге болады.

2) Математикалық таңбаларды түсіндіруге арналған есептер.

Математикалық таңбаларды дұрыс қолдану арқылы есептер дұрыс шешімін табады. Сондықтан математиканы оқытудың негізгі салаларының бірі -математикалық таңбаларды игеру, амалдардың орындалу ретін түсіндіру болып табылады. Мәселен, жақшаны ашқанда таңбалардың өзгеру, өзгермеу белгілері, амалдар қатар келгенде қайсысын бұрын орындау және т. б. Сондықтан белгілермен жұмыс жүргізгенде есептерге зор көңіл бөлу керек. Мысалы, мына есептерде жақша қандай роль атқарып тұр, қандай өрнектерде жақша амалдардың орындалу ретін өзгертпейді.

1) ( 1, 5 + 2*3, 2) - 0, 1; 2) 1, 5 + (3 - 2, 3) *0, 1.

Амалдардың орындалу ретін түсіндіріңіздер және жақша қандай рөл атқарады? Сонымен математикалық таңбаларды үйренуде басты мәселе есептер шешу барысында оны дұрыс қолдану.

3) Дәлелдеуді оқытуға қажетті есептер. Математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі оқушыларға дәлелдеулерді үйрету. Элементар есептерді шешу зерттеуді, дәлелдеуді қажет етеді, яғни мұндай дәлелдеуарқылы есептердің жауабын іздеу олардың дұрыс шешімін табуға мүмкіндік береді. Дәлелдеу алғашында есеп-сұрақ түрінде немесе қарапайым зерттеу түрінде болып келеді, ондағы мақсат сабақта өтілген ұғымдарды нақтылай түсуге және ұғымдардың арасындағы байланысты көре түсуге баулу.

4) Математикалық іскерлігін қалыптастыруға арналған есептер. Математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі - математикалық іскерлігін қалыптастыру болып табылады. Есеп шығару барысында оқушылардың жаңа тәсілдерді меңгеру, алгоритмдерді құру, өрнектерді ықшамдағанда амалдар қолдану арқылы іскерліктері шыңдала түседі.

Сондықтан есеп шығаруда оңайдан күрделіге, белгіліден белгісізге қағидасын сақтай отырып, оқушылардың бұрыңғы білімдерін пайдалана отырып, жаңа тақырыпқа байланысты есептердің жан жақты түсіндірмесін беріп, тақтаға толық жазып шығарған дұрыс. Сонда ғана оқушылардың математикалық іскерлігін тиянақты қалыптастыруға болады. Мысалы, өрнегін ықшамдау үшін ең алдымен орындалатын амалдарды анықтап алған дұрыс.

Мазмұнды есептерді шешуде іскерлігін қалыптастыру едәуір қиындық туғызады. Себебі, оның құрамына есепті талдау, есептің моделін құру, теңдеу құру және т. б. амалдарды орындау іскерлігі енеді. Іскерлікті таңдау үшін мынадай тапсырмаларды орындау керек:

1) Есепті талқылаңдар және оның шарты мен қорытындысын айырыңдар.

2) Есептің қысқаша моделін жазыңдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Информатиканы оқыту әдістері
Бастауыш мектептегі математика сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың маңызы
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі
Дәстүрлі оқыту әдістері
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Оқушылардың математикалық қабілеттері мен ойлау қабілетін дамыту
Есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz