Педагогикалық менеджмент маңызы


Мазмұны
- Педагогикалық менеджмент маңызы
- Педагогикалық менеджмент білім беру сапасы
- Педагогикалық менеджмент ақпараттық қамтамасыз ету
- Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қатынастар
- Мектеп басшыларының қызметі
- Атқаратын қызметтері
- Қазіргі кезеңдегі басшының рөлі
Кіріспе
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: а) адамдармен қарым - қатынас жасау әдісі, үлгісі; б) билік және басқару өнері; в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; г) басқару органы, әкімшілік бөлігі
Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджмент дегеніміз - кешенді әдістердің, ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жұйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару.
Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы. Хоруженко К. М., Куперина А. В. Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені Садвакасова З. М. анықтамасы Педагогикалық менеджмент - Бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру.
“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару - кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы - ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған. “Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдар қатынасы теориясының” орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi. Отандық ғалымдардан Булатбаева, Садвакасова, Исаева, Әлқожаева, Мутанов, Хмель, Тутеева, Минажова. Ал шетелдік ғалымдардан Симонов В. П, Хоруженко К. М, Курепина А. В. Фредерик У. Тейлор, Мри Р. Фоллет, Игорь Ансофф және т. б.
- Педагогикалық менеджмент маңызы
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У. Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынадай тоқтамға келеді: «дәстүрлі әдістің орнына - ғылым, қарама- қарсылықтың орнына - үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау . . .
Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:
- Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг) ;
- Басқару - не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор) .
Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлінісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты. Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан тұрады. Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын - ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды. Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі - нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.
Менеджмент дегенді негізінде өз еңбегін пайдаланып, интелектісін және басқа да адамдардың тәртібін пайдаланып жетекшінің қойылған мақсатқа жете білуі. Басқаша айтқанда бұл ғылым саласы және адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнері.
Педагогикалық менеджмент - бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.
Білім беру процесінің астарында оны құраушы үш процесс бар:
Оқу-тәрбиелік, оқу- танымдық және өзіндік білім алу процестері.
Педагогикалық менеджмент анықтамасына қарап, кез келген оқытушы оқу -танымдық процесінің менеджері екенін көреміз (оларды басқару субъектісі ретінде) ал, орта білім беру мекемелерінің жетекшісі- жалпы алғандағы оқу- тәрбиелік процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде) .
Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Менеджер еңбегінің құралы- білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек қажеттілігі- ақпарат. Еңбек қаруы- сөз, тіл, сөйлеу.
Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу, тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқарудың төмен болу себебі- жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.
Орта білім беру мекемелеріндегі оқушылардың оқу-танымдық процестерін оқытушымен басқару проблемасын жақсартудың бірден-бір шарты олардың жете білушілігі мен оқытушыға лайықты кәсіби шеберліктермен қамтамасыз ету. Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі оның кәсіби функцияларын орындау даярлығымен, әлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен және оның психо-педагогикалық дайындалуымен сипатталады. Мұндағы ең бастысы - педагогикалық шеберлік. Зерттеулердің негізінде «педагогикалық шеберлік» түсінігіне біз келесі мағыналарды кіргіземіз:
- мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбилеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу;
- оқушылардың назарын аудару және оқылатын материалмен қызықтырып әкету;
- оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру;
- адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу;
- ең қиын және оқушылардың күтпеген сұрақ қою кездерінде өзін жоғалтып алмау;
- оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу;
- өз жұмысында алдыңғы жаңа педагогикалық ғылымдар мен тәжірибелерді сауатты қолдана білу;
- «еңбек қаруын» пайдалана білу- сөзбен, сөйлеумен;
- Сын ойлай білу және айқын белсенді позициялы болу, қиындықтардың алдында ойыннан қалыс қалмау және оқушыларға сөздердің органикалық бірлігін, сенімділікті және істі көрсете білу;
- өз сабақтарын түрлендіре білу.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.
Педагогикалық үрдісті басқару - қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алыған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Басқару объектісі биолгиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару - тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамудағы бір ерекшелік - білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады.
Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мындай қағидалар принциптер жиынтығымен анықталады:
- білім берудің ізгілік сипатта болуы;
- біліім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы;
- білім берудің жалпыға бірдейлігі;
- білім берудің зиялылығы;
- білім берудегі еркіндік пен плюрализм;
- білім берудің демократиялық сипатта болуы;
Білім берудцің қоғамдық сипаты бірқатар белгілермен анықталады. Мұндай белгілер қатарына мыналаар жатады.
Мектеп іс-әрекетін ұжымдық басқару органы - мектеп кеңесі басқарады. Оның атқаратын функциялары мен жұмыс мазмұны жалпы білім беру мекемесінің типтік ережелерінде көрсетіледі.
Мектептің жоғары жетекші органы - конференция, жылына кем дегенде бір рет шақырылып отырады. Мұнда мектеп кеңесі, оның төрағасы, іс-әрекет мерзімі анықталады және мекеме Жарғысы қабылданады.
Конференциялар аралығындағы жетекші орган рөлін мектеп кеңесі атқарады.
Педагогикалық жүйе және ғылыми басқару объектісі ретіндегі мектеп
Мектеп педагогикалық жүйеге жатады, себебі ол бірқатар жүйе құраушы факторлармен, қызмет көрсету жағдайларымен, құрылымдық және функционалдық компоненттер жиынтығымен сипатталады. Жүйе құраушы факторлар рөлін мақсаттар мен нәтижелер атқарады; қызмет көрсету жағдайлары - әлеуметтік-педагогикалық және уақытша байқалатын жағдайлармен; құрылымдық компоненттер - басқарушы (педагогикалық ұжым) және басқарылушы (оқушылар ұжымы) жүйелермен, педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, құралдармен, нысандармен және әдістермен; функционалдық компоненттер - педагогикалық талдаумен, мақсат қою және жоспарлаумен, ұйымдастырумен, бақылаумен, реттеу және түзетумен анықталады.
Мектепті педагогикалық жүйе және басқару объектісі ретінде қарастыру оны басқарушылардың басқару іс-әрекеті бір мезгілде мақсаттар анықтау мен олардың нәтижелеріне қол жеткізуге, педагогикалық және оқушылар ұжымдарын қалыптастыру жағдайларын жасауға, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнын таңдап алу мен құралдарын, нысандарын, әрекетін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай амал педагогикалық жүйе мақсаттылығын сақтай отырып, оны құрайтын компоненттерді жаңартуға тиімді әсер етеді.
Енді педагогикалық жүйенің сжүйе құраушы факторлары мәніне тоқталайық. Педагогикалық жүйенің бастысы болып табылатын, маңызды жүйе құраушы фактор - баланың тұлғалық күштерін үйлесімді дамытуға, оның өзін-өзі анықтауына және өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасауға бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың біріккен әс-әрекет мақсаты болып табылады. Мектеп мақсаты - тұлғаның интеллектуалдық, құлықтық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық және басқа да мәдениетін қамтитын базалық мәдениеті негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Жүйе құраушы ретіндегі нәтижелер - жекелеген оқушылардың да, тұтастай алғандағы оқушылар ұжымының да тәрбиелік деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін неғұрлым тұрақты және нақты өлшемдер жиынтығымен анықталады. Мұндай өлшемдердің болуы қойылған мақсатты оның жүзеге асырылу күйімен салыстыра отырып, мұғалімнің, педагогикалық, іс-әрекетке қатысушыларың іс-әрекеті жолдарын түзетуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік -педагогикалық жағдайларын жалпы және арнайы жағдайлар деп екіге бөлуге болады. Жалпы жағдайларға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық жағдайлар, ал арнайы жағдайларға оқушылардың әлеуметтік-демографиялық құрамы, мектептің туған жері, материялдық мүмкіндіктері, жабдықтар, ол тұрған жердегі қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық үрдістің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер - педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық климат, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық жүйенің уақытша сипаттамалары үш өзара байланысты кезеңдермен анықталады: бастапқы жалпы - 1-3 (4) сыныптар; негізгі жалпы - 4 (5) - 9 сыныптар; орта (толық) жалп білім беру - 10 (11) сыныптар. Жалпы білім берудің әрбір сатысы өзінің ерекше міндеттерін жүзеге асырады, бірақ жалпы мақсатқа - оқушы тұлғасын дамытуға - бағытталады.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым және оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-әрекеті негізінде анықталады.
Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді:
Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды.
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, аға вожатыйлар, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі көмекшісі, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер.
Үшінші деңгей - мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей - оқушылар, сынып және жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың субъект-субъектілік сипатын көрсетеді. Оқушы өзара ісерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады.
Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады: вертикаль бойынша - жалпы мектеп ұжымы және сыныптар ұжымы. Горизонталь бойынша - қоғамдық ұйымдар, спорттық секциялар, шығармашылық, бірлестіктер, үйірмелер, бригадалар және т. б.
Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету - бұлар педагогикалық үдерісті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру логикасын анықтайды.
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:
- дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы - сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;
- тəрбиелік - үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады;
- оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер) ;
- мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.
Əкімшілік жүйенің қажеттігі - дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан. Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі, яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.
Басқаруға тəн жəне бір сипат-бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар - араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог - тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару - бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол - сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі.
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады.
Мектеп - мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz