Microsoft Office туралы түсінік және түрлері



Кіріспе
1. Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
1.1 Microsoft Office Word
1.2 Microsoft Office Excel
1.3 Microsoft Office Power Point
1.4 Microsoft Office Access
2. JavaScript тілінің негіздері
2.1 JavaScript негізгі ерекшеліктері
2.2 JavaScript тілінің мүмкіндіктері
3. Flash MX.те жұмыс жасау мүмкіндігі
3.1 Графика
3.2 Анимация
3.3 Дыбыс
3.4 Flash филімдерін қолдану түрлері
4. Delphi туралы түсiнiк
4.1 Delphi программалау ортасы
4.2 Object pascal тілі
4.3 Delphi . де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
4.4 Ақпараттық жүйенің архитектурасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.
1. В. Гофман, А. Хомоненко. Работа с базами данных в Delphi.Санкт-Петербург, БХВ, 2000 г.
2. Основы построения АСУ. Учебн.пособие для вузов, под ред. В.И.Костюка. – М.: “Советское радио”, 1977г. – 304 с.
3. Автоматизированные системы управления предприятиями.: Учебник для вузов. В. Н Четвериков, Г. Н Воробьев, Г.И.Казаков и др., под ред.В. Н Четверикова. – М.: Высшая школа, 1979г. – 303 с.
4. Дейт К. Дж. ”Введение в системы баз данных”. Пер. с англ. – К: Диалектика, 1998 г. – 784 с.
5. Мартин Дж. “Организация баз данных в вычислительных системах”:
пер. с англ. - М: Мир, 1990. – 660 с.
Александровский А.Д. Delphi 4. Шаг в будущее. – М.:ДМК, 1999.
6. Архангельский А.Я. Разработка прикладных программ для Window в Delphi 5. – М.:БИНОМ, 1999.
7. Бобровский А.Д. Delphi 5: учебный курс. – СМб.:Питер, 2002.
8. Горман В . Хомоненко А. Delphi 6 СПБ:БхВ Петербург 2002.
9. Желонкин А. Основы программирования в интегрированной среде Delphi. Практикум.-М.:БИНОМ, 2004. – 236с.:ил.
10. Камардинов О., Жантелі Х. Delphi 5-6 Шымкент – 2002жыл.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
6
1. Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
7
0.1 Microsoft Office Word
7
0.2 Microsoft Office Excel
9
0.3 Microsoft Office Power Point
10
0.4 Microsoft Office Access
12
1. JavaScript тілінің негіздері
14
0.1 JavaScript негізгі ерекшеліктері
14
0.2 JavaScript тілінің мүмкіндіктері
15
1. Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі
17
0.1 Графика
17
0.2 Анимация
18
0.3 Дыбыс
18
0.4 Flash филімдерін қолдану түрлері
19
1. Delphi туралы түсiнiк
21
0.1 Delphi программалау ортасы
21
0.2 Object pascal тілі
22
0.3 DELPHI - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру
23
0.4 Ақпараттық жүйенің архитектурасы
25
Қорытынды
26
Пайдаланған әдебиеттер
27

Кіріспе

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс және Қазақстан Республикасының егемендік алуы жағдайында жастарды өмір мен еңбекке баулу мақсатымен оларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жан-жақты жақсарту қажеттігі қазіргі заманда дәлелдеуді талап етпейді.
Мектепте информатикадан білім беруді қайта құру осы жұмыстың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Оқушылардың информатикаға даярлауды жақсарту проблемасы, әсіресе қазіргі кезеңде, барынша алуан түрлі ғылымдарға информатиканың жедел енуі өмір шындығына айналып отырған кезде ерекше артып отыр. Алайда, оқушыларды мектепке оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру болашақ мұғалімді педагогтік институттар мен университеттерде әдістемелік-математикалық, психология-педагогикалық және кәсіптік даярлауды жетілдірумен барынша тығыз байланысты.
Соңғы жылдардағы жұмыс тәжірибеміз университеттердің түлектерін информатикаға даярлауда бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті, олар мыналар: түлектердің мектепте информатика курсы бойынша алған білімдерінің қазіргі талаптарға сай келмейтіндігі; информатикалық білімдерді алудағы формализм; информатикалық мәдениет пен математикалық ойлау деңгейінің төмендігі; әдістемелік білімдердің атүстүлігі; түлектің алдағы әрекетке даярлауының мұғалімдік кәсіпке, ғылым және оқу пәні ретіндегі информатикаға деген ынта-ықылас, пәндік тұрғыдан да алдағы қызметті білуге ұмтылушылық сияқты қасиеттерінің жеткілікті дәрежеде дамығандығы. Сонымен, студентті университетте оқыту кезеңінде информатика мұғалімінің кәсіптік шеберлігі негіздерінің қазіргі кезеңде мектепті дамыту міндеттерін шешу үшін қажетті деңгейіне қол жеткізілмейді. Сондай проблемаларды шешуде өзімнің үлесімді қосу мақсатында мен осы тақырыпты таңдап, аддыма оны ары қарай зерттеу жұмысын жалғастыруды жөн көрдім.

1. MICROSOFT OFFICE ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
0.1 MICROSOFT OFFICE WORD

Microsoft Office - құрамында Word мәтіндік процессоры, Excel электрондық кестесі, Access мәліметтер базасы, PowerPoint графикалық презентация программаларыжәне электрондық поштасы бар біріктірілген жүйе.Бұл жүйенің жалпы сомасы оның құрамындағы программалар құнының қосындысынан төмен болып келеді. Барлық программалар бірігіп, мәліметтер алмаса отырып жұмыс істей алады, олардың жұмысын үйлестіріп жеңілдетуге мүмкіндік беретін Microsoft Office Manadger утилиті де бар.
Microsoft Office Word (күнделікті -- MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде жәнеWindows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын Office бумасының бір бөлігі болып табылады.
Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
* Файл--Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
* WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
* тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
* редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;
* Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

0.1 MICROSOFT OFFICE EXCEL

Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған,электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделіфункциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
* 1988 -- Excel 2.0
* 1990 -- Excel 3.0
* 1992 -- Excel 4.0
* 1993 -- Excel 5.0 (Windows NT)
* 1995 -- Excel 7 (Windows 95)
* 1997 -- Excel 97
* 1999 -- Excel 2000 (9) -- Microsoft Office 2000
* 2001 -- Excel 2002 (10) -- Microsoft Office XP
* 2003 -- Excel 2003 (11) -- Microsoft Office 2003
* 2007 -- Excel 2007 (12) -- Microsoft Office 2007
* 2010- Excel 2010 (13)-Microsoft Office 2010
* 2012- Excel 2013 (14)-Microsoft Office 2013
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 - тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 - оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
* Сан
* Формула
* Мәтін

0.2 MICROSOFT OFFICE POWER POINT

Microsoft PowerPoint - Microsoft Office-тiң құрамындағы презен - тация материалдарын дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лiк мөлдiр қабыр - шақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестiрiлетiн материалдар, компьютер экранында анимациялық көрiнiстердi бейнелей алатын тұсаукесерлерді дайындау мүмкiндiгiн бередi. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.
MS Powerpoint программасын жүктеудің ең қарапайым тәсілі - есептер тақтасындағы Пуск(R)Программы(R)Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту.
Powerpoint программасы iске қосылған мезетте презентация құрудың тәсiлдерiн таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкiндiгiн беретiн сұхбаттық терезе ашылады
Автомазмұн шеберi (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгiлi тақырыпқа сәйкес мәтiн және безендiру элементтерi енгiзiлiп сақталған презентациялар тiзiмiнен қажеттiсiн таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.
Презентациялар шаблоны (Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендiру элементтерi сақталып қойылған шаблон түрiне келтiрiп дайындау мүмкiндiгiн бередi.
Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы ешқандай мәтiн енгiзiлмеген және безендiру элементтерi пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкiндiгiн бередi.
Презентацияны ашу (Открыть презентацию) ауыстырғышы бұрын - құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкiндiгiн бередi. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейiн, ашуға қажеттi презентация сақталған орынды көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезе ашылады.
Microsoft PowerPoint программасы iске қосылғаннан кейiн пайда болған сұхбаттық терезеде Автомазмұн шеберi өрiсiн таңдап, ОК батырмасын шертемiз. Осы кезде Автомазмұн шеберi iске қосылады
Автомазмұн шеберi презентация құру үшiн сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап берудi талап етедi:
1-шi қадамда Презентацияның түрi, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесi қадамға өту үшiн қажеттi тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай(Далее) батырмасын шертемiз.
2-шi қадамда Презентацияны көрсету тәсiлдерi, презентацияның баяндамашы өзi түсiндiретiн болғандықтан тек иллюстративтi слайдтардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрiнде дайындалып, көрермендер өз беттерiнше қарауға арналатын опцияларының бiрiн таңдау қажет;
3-шi қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фото - гра - фия - лық слайд немесе электрондық презентация болу керектiгiн көрсету қа - жет.
4-шi қадамда Қосымша мәлiметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтiндердi терiп жазамыз.
Осы сұрақтардың бәрiне жа - уап алғанннан кейiн автомазмұн ше - - берi презен - - та - цияны дайын - дайды. Тиiстi мәлiметтердi енгiзгеннен кейiн Дайын (Готово) батырмасын шертемiз.
Дайын болған презен - тациядағы мәтiндердi өз ыңғайы - мызға қарай өзгертiп, арнайы эффектiлер қосып, көркемдеу элементтерiн қолдана аламыз. Автомазмұн шеберiн презентациямен жұмыс iстеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл(R)Құру(Файл(R)Создать) командасын орындап, ашылған сұхбат терезенiң Презентацияларiшкi бетiнде Автомазмұн шеберi шарт белгiсiнде тышқанды екi рет шерту жеткiлiктi.
PowerPoint программасында көркемделiп, дайындалған презентациялар шаб - лон - дар түрiнде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетiн PowerPoint программасы iске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезедеПрезентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкiндiгi бар. Осы опция таңдалғаннан кейiн Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерiнен түратын, Презентацияны құру сұхбаттық терезесi ашылады
Осы сұхбаттық терезе Файл(R)Құру командасын жүктегенде де ашылады. Сұхбаттық терезенiң оң жақ шетiнде орналасқан үш батырма көмегi - мен презентациялар тiзiмiн iрi шарт белгiлер, ұсақ шарт белгiлер және кесте түрiнде көруге болады.
Презентацияның шаблонын тышқан көмегiмен белгiлеген кезде шығатын үлгiден қарап отырып, өзiмiзге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертемiз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұхбаттық терезесi шығады (4-сурет). Бұл сұхбаттық те - ре - зеде қажеттi слайдтың түрiн көрсетуiмiз қажет. Экранда таңдалған шаб - лон - ға сәйкес бос перзентация пайда болады. Осы презентацияға тиiстi мәтiндердi енгiзiп, арнайы эффектiлер қосып, көркемдеймiз.

0.3 MICROSOFT OFFICE ACCESS

Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:
* 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
* 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
* 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
* 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
* 2003 Access 2003 (MS Office 2003)
* 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
* 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)
Microsoft Access бағдарламасы ол - кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, сoндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады

1. Javascript тілінің негіздері
0.1 Javascript негізгі ерекшеліктері

JavaScript -- бұл салыфстырмалы қарапайым объектілі - бағытталған тіл, және ол үлкен емес клиенттік және серверлік қосымшаларды Интернет үшін жасауға және құруға арналған. JavaScript тілінде жазылған бағдарламалар HTML-құжаттамалары құрмына қосылады және солармен бірге таралады. Көру бағдарламалары (ағылшын тілінің browser сөзінен шыққан браузерлер) Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer типтері бағдарлама-қоюшы құжаттамаларында тұрғызылған құжат мәтіндерін таниды (script-коды) және оларды орындайды. Олай болса, JavaScript -- бағдарламалаудың интерпретацияланатын түрі. JavaScript жасалған бағдарламаларпдың мысалы ретінде пайдаланушымен енгізілген мәлімттерді тексеретін немесе құжаттаманы ашу немесе жабу кезінже қандай да бір әрекеттерді орындауға атқаратын бағдарламаларын қарастыруға болады. Мұндай бағдарламалар негізінен пайдаланушының әрекетіне әрекет ете алады - тышқан пернесін басу, экранды формаға мәліметтерді беру немесе тышқанды жылжыту арқылы беттерде жылжуға мүмкіндік береді. Одан басқа, JavaScript-бағдарламалар браузерлердің өзін және құжаттамалар атрибуттарын басқара алады.
JavaScript тілі синтаксисі бойынша Java тілімен ұқсас бола отырып, объектілі модельді қоспағанда, өз кезегінде мәліметтердің статикалық типтері және қатаң типтеу қасиеттеріне ие емес. JavaScript бағдарламасында Java бағдарламасынан өзгешелігі, кластар түсінігі тілдің синтаксистік конструкциясының негізі болып табылмайды. Мұндай негіз болып мәліметтердің алдын ала анықталған типтерінің қатары, яғни атқарылатын жүйемен көтерілетін типтері: сандық, булевтік және қатарлық есептеледі, сонымен қатар өз бетінше дербес функцияларды орындаушылар және объектілер әдістері (JavaScript терминологиясындағы әдістер -- және сол сияқты басқалар, яғни функциябағдарламалар); өз қасиетеріне және әдістеріне ие алдын ала анықталған объектілер үлкен қатарына ие объектілі модель және ь.б., сонымен қатар жаңа объектілерді пайдаланушылар үшін бағдарламалардағы тапсырмалар ережелері қатары және т.б. жатады.
JavaScript бағдарламаны жасау үшін ешқандай қосымша құралдар қажет емес, тек қана сәйкес версиядағы JavaScript тілін көтере алатын және HTML - құжаттамаларды құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор болса болды. Бағдарлама JavaScript тікелей HTML-құжаттама мәтінінде тұрғызылатын болғандықтан сіз өзіңіздің жұмысыңыздың нәтижесін құжаттаманы браузермен көру кезінде көре аласывз және қажет болғанда өзгерістер енгізуге мүмкіндігіңіз болады.

0.2 Javascript тілінің мүмкіндіктері

Бұл тілдің көмегімен көрінетін элементтермен және HTML - құжаттамалардың мазмұнымен динамикалы басқаруға болады. Экранда қрнектелетін құжаттамаға шамаланып құрылған HTML құжаттамаларды браузермен жүктелген құжаттамаларды синтаксистік талдау процесінде жазуға болады. Document объектісінің көмегімен құжаттамаларды нольдн бастап генерациялауға боладжы, ол негізінен пайдаланушының жасаған алдыңғы әрекеттеріне немесе қандай да бір факторға байланысты жүргізілуі мүмкін.
JavaScript браузер жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Мысалы, Window объекті экранға қалқып шығатын диалогтық терезелерді шығаруға, браузер жаңа терезелерін құруға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MICROSOFT ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Дерекхана терезесімен танысу
Мәліметтерді статистикалық талдау
MICROSOFT POWER POINT БАҒДАРЛАМАСЫ
Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Абзацты форматтау тәсілдері
Динамикалық блоктар
Офистік қосымшаларда VBA тілін пайдалану
WEB беттері және онда қолданбалы программаларды оқытуды ұйымдастыру
Жобаның басқару кезеңдері
Пәндер