«Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»



Кіріспе
1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым
1.1 Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
1.2 Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қойылатын педагогикалық талаптар
2. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың оқу дағдарларын қалыптастыру
2.1 Оқу және тіл дамыту методикасы
2.2 Сауат ашу жұмысының ерекшеліктері
2.3 Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
2.4 Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін оқу.тәрбие жұмысының түрлері
Қорытынды
Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан – жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы «шағын секірістерге» балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.
«Адам ата – анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады» - деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.
Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К.Б. Бархин, Н.М.Соколев, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева және т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.
Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П.П. Блонский, С.А. Рубенштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И.Жинкин және т.б. еңбектерінде қарастырды.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана. 2004 жыл.
2. Н. Ә. Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек» // «Егемен Қазақстан». 31 тамыз. 2000 жыл.
3. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.
5. Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық. - Алматы: Зият Пресс, 2004. - 140 б
6. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.
7. Кәтенбаева Б. Қазақ тілінен методикалық нұсқау. – Алматы, 1993.
8. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, 1988. – 240 б.
9. Қазақ тілінің оқу бағдарламалары. – Алматы, 1995. – 25 б.
10. Бастауыш мектеп. Журнал № 7. 2011 жыл
11. Қазақстан мұғалімі 16 сәуір. 2008 жыл.
12. Бастауыш мектеп. Журнал №1. 2012 жыл
13. Бастауыш мектеп. Журнал №9. 2001 жыл.
14. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. - Алматы: 1994
15. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.
16. Г.И. Уайсова, А.Е.Жұмабаева «1 сынып Сауат ашу». Оқулық «Алматыкітап баспасы» 2012ж.
17. Бабаев С.Б. «Бастауыш мектеп педагогикасы» Алматы, Нур-пресс, 2007 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан - жақты дамыған.
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.
Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы шағын секірістерге балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.
Адам ата - анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады - деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.
Осы тұрғыдан баланың мектеп есігін ашқан кезеңінде оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.
Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К.Б. Бархин, Н.М.Соколев, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева және т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.
Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П.П. Блонский, С.А. Рубенштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И.Жинкин және т.б. еңбектерінде қарастырды.
Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.
Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов,
Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.
Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері м. Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми - әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың мектепте сауат ашудың методикасы тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу - тәрбие жұмыстарымазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл еңбекте сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С. Рахметованың еңбегінде сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей - тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмааны белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған Бастауыш білім беру тұжырымдамасына сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;
- Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелердипломдық жұмыс тақырыбы Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеу объектісі - бастауыш мектеп оқушыларының тіл дамыту процесі.
Зерттеу бұйымы - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу болжамы - Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу міндеттері:
- сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау.
- Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс - тәсілдерді саралап, жинақтау;
- Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс - тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Ұлы философтар мен психо - лингвист ғалымдардың ойлау мен сөйлеудің өзара тығыз байланыста дамитындығы туралы, сондай - ақ тілдің және қарым-қатынастағы рөлі жайлы қағидалары.
Зерттеу әдістері: теориялық әдіс, баяндау әдісі, статистикалық әдіс, тексеру әдісі, оқушының іс-әрекет нәтижелерін талдау әдісі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының көлемі, мазмұны және жүйесі теориялық түрде негізделді;
- тіл дамыту үшін жаттығу үлгілері мен ойын түрлері сұрыпталып енгізілді;
- тіл дамыту жұмысын жүргізудің тиімді әдістемесі ұсынылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негізделетіндігі;
- Оқушылардың тілін дамытуға бағытталған жұмыстар сауат ашу барысының өн бойында, негізгі үйретілетін материалдармен тығыз байланыстырыла жүргізілгенде ғана нәтижелі болатындығы ;
- Сауат ашу кезеңінің әр сатысында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының басты бағыт - бағдары да, соған сай жүргізілетін жұмыстар мен оның әдіс-тәсілдері де өзгеріп отыратындығы.

1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым

Бастауыш мектептерде сауат ашу әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс - тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады, Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білік, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.
Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі - ғылыми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс проблемаларына байланысты студенттерді ғылыми ізденіске баулуды өзінің міндеті деп санайды.
Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі пәнінің міндеті - студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу.
Пәннің міндеті - студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу жолдарын меңгерту. Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерте отырып, оның ішкі құрылыс жүйесін, өзгерістерін талдауға жетілдіру. Лексиканың актив және пассив қоры туралы түсініктерін молайтып, қазақ тілінің сөздіктерімен жұмыс жасатудың ең оңай әдіс - тәсілдерін меңгерту.
Метод - бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы, тәсілі деген тұрғыда анықтама берілген.под ред. проф. Д.Н.Ушаков. Толковый словарь русского языка том 2,стр 199. Метод грек. зерттеу жолы деген мағынаны береді.Метод - халықаралық термин болып орныққан сөз.Метод - сөзбе - сөз алғанда жол, прием т.б.
Бастауыш сыныпта сауат ашу әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс - тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Бастауышта сауат ашу әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты.

1.1 Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар

Сауат ашу пәні бойынша стандарт ҚР БМЖМС 2.003-2002 негізінде дайындалды және "Сауат ашу" пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне қарамастан, "Сауат ашу" пәні бойынша оқушылардың жалпы білімдік дайындығын жүзеге асыру кезінде,
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде,
- білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында пән бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында,
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында "Сауат ашу" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында,
- білім саласындағы орталық жөне жергілікті атқару органдарында "Сауат ашу" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруда қолданылуы және сақталынуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Сауат ашу" пәні бойыпша осы стандарт мектептің бастауыш сатысындағы базистік оқу жоспарымен білім беру ұйымларының типтік оқу жоспарымен және жұмыстық оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта:
- ҚР БМЖМС 2.003-2002 "Жалпы орта білім. Негізгі ережелерге",
- ҚР ЕР. 40.1.01-2000 ҚР МЖС-нің "Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуге қойылатын жалпы талаптарына" сілтемелер жасалған.
3 Анықтамалар мен қысқартулар
Осы стандартта Қазақстан Республикасы Білім туралы" Заңына және ҚР БМЖМС 2.003-2002 сойкес қысқартулар, терминдер және анықтамалар қолданылды. Оларға қосымша осы стандартта келесі анықтамалар мен қысқартулар келтірілген.
"Сауат ашу" пәні бойынша білім беру стандарты - Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ сауат ашуда оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
"Сауат ашу" пәнінің базалық мазмұны - мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының тізбесі.
БМЖМС - Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
БОЖ - базистік оқу жоспары
4 Жалпы ережелер
4.1 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты
"Сауат ашу" пәнін оқытудың басты мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру: байланыстырып сөйлеуге үйрету; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту; ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
4.2 "Сауат ашу" пәнін оқытудың басты міндеттері: Әліппеге дейінгі кезең: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Әліппе кезеңі: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Әліппеден кейінгі кезең: оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.
4.3 "Сауат ашу" пәнінің зерттеу объектілері Интеграцияланған (оқу, жазу) мазмұндағы "Сауат ашу" пәні - ана тілінің байлығын меңгертудегі алғашқы саты, "Филология" білім саласына кіретін пән. "Сауат ашу" пәнінің оқыту аясы:
- қазақ тілінің дыбыстық және әріптік (графикалық) жүйесі;
- қазақ тілінен алғашқы грамматикалық мағлұматтар;
- балалар көркем әдебиеті шығармалары.
4.4 "Сауат ашу" пәні мазмүнының даму болашағы. Мектептің бастауыш сатысындағы "Сауат ашу" пәнінің мазмұны 2-4-сыныптарда "Қазақ тілі" және "Әдебиеттік оқу" пәндері, негізгі мектепте "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті" пәндерінің мазмұнында дамытылады.
4.5 "Сауат ашу" пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны БОЖ-да "Сауат ашу" пәні "Филология" білім саласына кіретін, мектептің бастауыш сатысында міндетті түрде оқытылатын пән ретінде берілген. Сауат ашуды оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының БОЖ-дағы мектеп компонентіне (тандау пәндері) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
5 "Сауат ашу" пәні бойынша оқу бағдарламаларының түрлері
"Сауат ашу" пәні білім берудің негізгі бағдарламасы пәнінде жүзеге асырылады.
"Сауат ашу" пәні оқу бағдарламасының мазмұны
!. Әліппеге дейінгі кезең: сөздің дыбыстық құрамын бағдарлай білу: саусақтарын жазуға даярлау (әр түрлі сызықтар өрнектер мен таңбалар сыздыру); сөздік қорын молайту; бай-ланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Әліппе кезеңі: әріптердің баспа және жазба түрлері, бас әріп пен кіші әріп; сөздің дыбыстық-буындық құрылымын модельдеу; сөзді буындап оқу және тұтас сөзбен оқу; сөйлемдерді, мәтіндерді оқу; әріптерді жазу, сөз ішіндегі әріптерді бір-бірімен дұрыс қосып жазу; сөз, сөйлем жазу; мәтінмен жұмыс жүргізу (сұрақтарға жауап беру, оқығанын мазмұндау, мәтін құрастыру).
3. Әліппеден кейінгі кезең: сөз, сөйлем, мәтін оқу және жазу: дауысты және дауыссыз дыбыстар, сөз таптары туралы алғашқы грамматикалық маглұматтарды меңгерту (заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер); сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен жазу, кісі аттары, жер-су атаулары және үй жануарларына қойылатын аттарды бас әріппен жазу.

1.2 Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне қарай қойылатын педагогикалық талаптар

Әңгіме әдісі немесе сұрақ- жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, балалар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа адаруды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы,оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, cоның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы қайда сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б.) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде тіл құбылыстарын жеке жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң нақты материалға қолдануды ұсынады, өздеріне мысал келтіреді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады.
Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай жолмен құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез келген әдісте қолданыла береді.
Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылыджүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.
Баланың алғашқы ұстазы ата-анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.
Балалардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті іс тәжірибесін білімін, біліктілігін, әдетінің тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірибесін қалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіліп, олардың әрқайсысының өз жоспары бар екені мәлім.
Сондай пәндердің бірі алты жастағы балаларды грамматикаға үйрету. Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады.

2. Сауат ашу кезеңінде оқушылардың оқу дағдарларын қалыптастыру

Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті - балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой - өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады
.Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел - жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі - алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық - психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.
Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу - қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы - бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым.
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.
Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете меңгеру.ана тілі , дүниетану сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын тыс шараларда да пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамытуға арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын жақсарту, ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т.б
Сонымен бірге ұлттық ойын түрлерін де кезектестіре, сабақ тақырыбына байланысты пайдаланамын. Жаңа материалдарды түсіндіру кезінде Бәйге, Көкпар, Асық секілді ойындарды ойнатамын.
Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар
§ Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып,білімдегі кемшіліктерді жоюға;
§ Оқушының тіл байлығын арттыра отырып , ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.
Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары
§ Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;
§ Ізденгіштікке ұмтылуға;
§ Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;
§ Толық фантазиялық еркіндікке;
§ Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді деп есптеймін.

2.1 Оқу және тіл дамыту методикасы

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер, - деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.
Осындай мәні мен маңызы зор өзекті мәселенің бірі - оқушы тілін дамыту. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуы, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан оқу-тәрбие процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ұғындырып, қалыптастыруымыз қажет. Ал мұндай іргелі мәселенің қабырғасы бастауыштан қаланатыны өздеріңізге белгілі. Олай болса бастауыш сыныптың әрбір мұғалімі тіл әдіснамасының қыры мен сырын жетік меңгеруі тиіс.
Ал, тіл әдістемесі ана тілін ұғынудың заңдылықтарын және тіл туралы білімді оқушыларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым.
Мұндағы білім беру жолдары мен құралдарына:
1. Мақсатты түрде іріктеліп алынған тілдік материал.
2. Оқу жұмысын ұйымдастыру.
3. Оны үйрету әдістері жатады.
Балалар ана тілінің фонологиялық мағынасын, әдеби тілдің орфоэпиялық мөлшерін, сөздің лексикалық мағынасын мектепке дейін-ақ меңгере бастайды. Ал мектепке келгеннен кейін мұғалім балалардың лексикалық қорын кеңейту, ана тілінің сан алуан, грамматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Сонда ғана заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады.
Мұғалім методикалық принциптерді дұрыс іріктей алғанда ғана бұл байланысты жүзеге асыра алады. Ал методикалық принцип төмендегідей методикалық ережелерді сақтауды талап етеді.
1. Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру.
2. Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету.
3. Балалардың лексикалық қорын байыту және оларды сөйлеуге үйрету.
4. Ұштастыра оқыту.
5. Қайталау.
6. Өз бетімен жұмыс істеуге баулу.
Бұл принциптерді бастауыш сыныптарда іске асыру үшін ең алдымен бағдарламалар тиянақты жасалынып, дидактикалық материалдар іріктеліп, оқыту әдістері белгіленеді. Яғни оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау сияқты жұмыстар жүзеге асырылады. Олай болса сөзімізді сауат ашу кезеңінде жүргізілетін жұмыс түрлерінен бастайық. Бала мектепке алғаш келгенде мұғалім ең алдымен балалардың білім дәрежесімен танысады, арнайы әр баланың даму картасы толтырылады. Яғни олардың қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады. Дәл осы кезеңде мынадай жұмыстарға баса назар аудару қажет.
oo Балалардың сөздік қорын қалыптастыру
oo Балаларға қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойын айтып беруге дағдыландыру.
oo Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару.
oo Тіл мүкістері бар кейбір дыбыстарды айта алмау жақтарын жою мақсатында жекелеген оқушылармен жұмыстар ұйымдастыру.
oo Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру.
Міне осындай жұмыстармен қатар әліппе кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріледі сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық жүргізіліп, ол жазуға дайындықпен ұштастырылады. Дауыстап оқу көбінесе І-ІІ сынып оқушыларына тән. Оқудың бұл екі түрі бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Оқушылардың дауыстап оқу арқылы алған дағдылары іштей оқуға тасымалдана береді. (ІІ-ІІІ сыныптан бастап дауыстап оқыған материалдар іштегі оқуға беріледі. ІІІ сыныпта жаңа материалдар алдын-ала дайындық жұмыстарынан кейін іштей оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: текске сурет ойластыру, тақырып табу, бөлімдерге бөлу т.б. ІІІ-IV сыныптарда іштей оқылған текстерге сұрақтар қойып жауап алу арқылы немесе мәтіннің мазмұнын оқушылардың қаншалықты түсінгендігін айтқызу арқылы, мәтіндегі кейбір ойларды, суреттеулерді тапқызу арқылы т.б. тексеріледі. Оқудың бұл екі түрінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу, түсініп оқу талаптары орындалуы тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір-бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені мәтінді түсінбей мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса түсінбейді.
Дұрыс оқудың негізі алғашқы оқу, жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаға әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырған жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Бала буындап оқуға қателессе, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын оқу-әдістмемелік кешендер
Тіл дамыту жұмыстарының маңызы
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Көрнекі құралдар
Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Пәндер