Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.

Қазріг кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше.

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің күрігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.

Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және білімділік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.

Мектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кіріктіре алатын болады.

Курстық жұмыстың көкейтестілігі: оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы ақыл-ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығу бойынша клубтар, оқушылардың ғылыми қоғамдары желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады. Жалпы алғанда, сыныптан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан-жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс-әрекеттердің қорытындысы шығады және сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.

Курстық жұмыстың теориялық негізі: мектептердегі бүгінгі сыныптан тыс сабақтардың сипатына көз салсақ, мұғалімдердің сыныптан тыс жұмыстар туралы қазіргі ойлары, сондай-ақ оларды қолданудың практикасы көп жаңалық, өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. Практикада жиі кездесетін көптеген жаңалықтарды ғалымдар оқыту процесінде шығармашылықты дамытудың алгоритмі, яғни шығармашылықты дамытудың тәртібі мен ережесі.

Курстық жұмыстың мақсаты: мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама бере отырып, бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарын ұйыдастыру жолдарын айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға теориялық және әдістемелік тұрғыдан сипаттама беру.

2. Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері мен олардың ерекшеліктерін ашып көрсету.

3. Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілу жолдарын айқындау.

  1. Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінікСыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері

Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар - баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастыру.

Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
1. Балада жағымды «Мен»-тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты

  • өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
  • өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
  • өзінің маңызды орын алатынын сезінуі.

Жағымды «Мен»-тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.

Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті
сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады.

Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланы өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.

2. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қытынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

3. Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс долға түскен жасөспірімдердің көбеюімен көкейкесті болып тұр.

4. Әлемтанудағы адамгершілік, эмоционалдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.

5. Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі - мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.

6. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет. Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға көмектесу қажет.

Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі - сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз, оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде Сократ та атап көрсеткен.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.

Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне:

  • үйірме,
  • факультативтік курстар,
  • экскурсия,
  • олимпиада,
  • әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар,
  • ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады.

Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.

Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар - баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.

Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.

Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.

Информатика кеші - бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.

Информатикадан викториналар - бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.

Іскерлік ойындар - оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.

Информатикадан диспуттар - бұл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.

Сынып сағаты . Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі. Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.

Байқау - бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді. Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.

Үйірме - бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.

Сөзжұмбақ құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялары өзіндік бақылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және нәтижелі білім алуға жетелейді.

Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Пәндік, апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.

Ауызша журнал - оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.

Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады.

Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.

Cыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға тәрбие беру

Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр. Мұндай мектептердің жұмысы бүгінгі таңда заман сұранысын болашақ талаптарымен ұштастыра отырып, қазіргі жаһандану жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсеткен.

Осындай күрделі мақсаттың жүзеге асуы білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету жағдайына байланыстылығын да көрсетті. Республикада бұл міндеттердің шешу жолы білім берудің қосымша дамыту бағдарламаларында айқындалады. Сондай -ақ “ҚР тәлім тәрбие тұжырымдамасында” үздіксіз тәрбиенің негізі - ұлттық тәлім тәрбие деп қарастырады. Мұнда әрбір халықтың тәлім -тәрбиелік мұрасы - мәдениеттің құнды бөлігі немесе қазақ халқының педагогикалық ой -пікірлерін бүкіл оқу тәрбие жүйесінің тірегіне айналдыруды көздейді.

Осыған орай, мектепте оқушыларды тек сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі маңызды болып отыр.

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
Оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс әрекеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Қазіргі мектептердегі оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;

- оқушыларды дамыта оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу.
Оқушылардың сыныптағы сабақ үстіндегі және сыныптан тыс әрекеттерін кіріктіру бірыңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, ондағы әр құралдар тәрбиелік және білімділік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі.
Мектеп басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктері мен шығармашылық қызметте, басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын, мақсат-міндеттерін кіріктіре алатын болады [1]

Қазіргі кезде оқыту мен тәрбие беру үдерісінде сабақтан басқа сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Білім мазмұнын әлемдік оқыту жүйесіне теңестіру, сонымен бірге қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере оқытудың маңызы артуда [2] .

Оқушылардың білімін дамыту жолдарының бірі ретінде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін Р. Ж. Қоянбаев [3], З. Абилова [4], К. Б. Бозжанова [5], Е. Омар [6], С. Нұрмағанбетов [7] т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырады.

Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: Олар: оқу-саяхат, топ-серуен, үйірме, клуб жұмысы, ертеңгілік, ғылыми жұмыстар, іскерлік ойындар, диспуттар, байқау, көрмелер, олимпиадалар, пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар т. б. жатады. Биологиядан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, биологиямен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен
қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

Биологиядан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі.

Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т. б. үйретеді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.

Қорытындылай келе, оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден - бір маңызды тәрбие құралы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан - жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде ұйымдастыру, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.

1. 3 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны

Бүгінгі таңда ұлттық мәдениет әдебиетінің, тілдің, әдет - ғұрып, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.

Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс”. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.

Блұ болса, кәсіби шеберлікпен ұйымдастырылатын мектептің тәрбие жүйесі арқылы жүзеге асады. Мектептің сыныптан тыс тәрбие жүйесі сол мектептің өзіндік ерекшелігі негізінде жасалған тәрбие тұжырымдамасы бойынша айқындалады.

Жеке тұлғаның қалыптастып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т. с. с. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбис жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Орта мектеп химиясы бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Сыныптан тыс оқытудың маңызы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Жалпы білім беретін мектептерде өлкетану материалдарының географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардағы ғылыми – педагогикалық негіздерін айқындау
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері
Сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz