Жеке тұлға мәртебесі


Мазмұны
- Жеке тұлға мәртебесі
- Жеке тұлға түсінігі
- Жеке тұлға құрылымы
- Құқық басты құндылық
Кіріспе
Осыдан 60 жыл бұрын 10 желтоқсанда Адам құқының жалпыға ортақ декларациясы қабылданған болатын. Содан бері осы күн әлемнің өркениетті елдерінде Адам құқының бүкіл дүниежүзілік күні ретінде аталып өтіп келеді. Аталған датаға орай, бүгін елдордада алқалы басқосу ұйымдастырылғалы отыр. Онда негізінен әлемдегі және дүние жүзіндегі адам құқы мен бостандығына қатысты проблемалар талқы таразысына салынады деп күтілуде.
Осы орайда біз адам құқы мен бостандығына қатысты маңызды мәселелерді курстық жұмыста зерттеуді жөн көрдік.
Жұмыста мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары (әрі қарай - ҚР ҮЕҰ), халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдар ұсынған мәліметтер, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тапсырысы бойынша Әлеуметтанушылардың халықаралық ассоциациясының (ISA) тұрақты мүшесі болып табылатын Қазақстан әлеуметтанушыларының тәуелсіз ассоциациясы 2006 жылғы қазанда жүргізген «Қазақстандағы адамның құқықтары: қоғамдық пікір» атты әлеуметтанушылық зерттеудің нәтижелері пайдаланылды. Жұмыста сол сияқты жұмыс тобы мүшелерінің түзету жүйелері, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім беру, мәдениет мекемелерінде, құрылыс нысандары мен басқа да ұйымдарда болуы нәтижесінде алған мәліметтері; Адам құқықтары жөніндегі комиссияның адам құқықтары саласындағы 2000 және 2006 жылдар аралығында мемлекеттік органдармен және ҚР ҮЕҰ-мен, адам құқықтары саласындағы халықаралық ұйымдармен бірлесіп өткізген халықаралық конференциялардың, «дөңгелек үстелдердің», семинарлардың, тренингтердің материалдары; жеке және заңды тұлғалардың Адам құқықтары жөніндегі комиссияға жазған шағымдарын қорытындылап, талдау нәтижелері пайдаланылды.
Жұмыста адамның және азаматтың азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарының сақталуы мәселелері талданады.
Атап өтетін жәйт, Қазақстан Республикасы адам құқықтары саласындағы 40-тан астам көпжақты әмбебап халықаралық шарттардың, соның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның, Нәсілдік кемсітудің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның, Бала құқықтары туралы конвенцияның, Әйелдерге қатысты кемсітулердің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның, Босқындар мәртебесі туралы конвенцияның және оның Хаттамасының қатысушысы болып табылады.
- Жеке тұлға мәртебесіЖеке тұлға түсінігі
Әрбір тұлға коғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) коғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет - лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т. б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон «мәртебелік жиынтық» деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің әз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т. б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т. б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінін балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның коғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы кызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бұдан да басқа варианттары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.
Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат коғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, әзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен катар кәсіптік, экономикалық, саяси, демографиялық, діни және қандас - туыстық негізгі мәртебелердің бір түріне жатады. Бұлардан басқа көптеп саналатын эпизодтық негізгі емес мәртебелер де бар. Мұндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана кезегінде тұрушының және т. б. жатқызуға болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар. Мұндай мәртебені алып жүрушілердің құқықтары мен міндеттері көбінесе тіркелмейді. Оларды анықтау да өте киын, айталық, жаяу жүрушінің мәртебесі. Бірақ мұндай мәртебелер бар, олар адамның бастысына болмаса да, екінші қатардағы жүріс-тұрыс, ойлау және сезім белгілеріне ықпал етеді. Мысалы, профессор мәртебесі осы адамның өмірінде кәп нәрсені анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі - жаяу жүруші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншісінен мәнді өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін болса, міндетті түрде екінші бір мәртебені иемденеді.
Индивидтің коғамдағы немесе топтағы сыртқы жағдайы үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі (немесе алшақтауы) деп атайды. Индивид кептеген мәртебені иеленеді және көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес: коммерсанттар сантехниктерден немесе өр түрлі жұмыскерлерден жоғары бағаланады; еркектердің өндіріс саласында әйелдерге қарағанда үлкен әлеуметтік салмағы бар; негізгі ұлтқа жатумен аз ұлттарға жату бірдей емес.
Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулерді басқаларға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Мұндай иерархиядағы орынды ранг деп атайды. Ол жоғарғы, ортаңғы немесе төменгі рангқа бөлінеді. Иерархия бір коғам шеңберінде топтар арасында (мұндайда иерархияны топаралық деп атайды) және бір топтың шеңберінде индивидтер арасында (топ ішінде) өмір сүре алады. Бұл жерде де адамның орнын «ранг» термині білдіреді. Мәртебелердің сәйкессіздігі топтар арасындағы және топтар ішіндегі иерархиядағы қарама-қайшылықты көрсетеді. Осы қарама-қайшылық екі жағдаймен байланысты пайда болады:
- индивид бір топта жоғарғы ранг те, ал екінші топта төменгі ранг те болғанда;
- бір мәртебенің құқы мен міндеттері екінші бір мәртебенің құқығы мен міндеттеріне қарама-қарсы немесе кедергі келтіргенде.
Жоғары жалақылы банк қызметкері (жоғарғы кәсіптік ранг) отбасын материалдық игілікпен қамтамасыз етуші адам ретінде отбасында да жоғарғы рангуны иеленеді. Бірақ бұдан оның өзге топтарда, айталық, достарының, туыстарының, қызметтестерінің ортасында рангы жоғары болмайды. Әйелдің дәстүрлі экономикалық мәртебесі - бибі болу, ал индустриялық дәуір оған тағы бірін - жұмысшы әйел мәртебесін қосты. Бірақ оның бұрынғы ескі және жаңа мәртебелері келе-келе бір-бірімен қарама-қайшылыққа түсті. Бірдей тиімді және бір мезгілде екі рөлді атқару тіптен мүмкін емес. Олардың әрқайсысы кеп уақытты және біліктілікті талап етті. Сөйтіп, екі рөлді қатар атқару жүзеге асырылды. Жалпы ана мен тиімді қызметкер, сонымен қатар жақсы әйел мен тиімді қызметкер мәртебесін - рөлдерін катар алып жүру өте киын. Қалжыраған әйел сезімтал, аяулы жар бола алмайды. Ал өндіріске кеткен қажетті уақыт лебінен бала тәрбиесі ақсайды. Сонымен, жаңа мәртебе - «жұмысшы» бұрынғы үш мәртебемен - бибі, ана, жар - қарама-қайшылыққа түсті. Демек, адамның кейбір мәртебесі үйлесімін тапса, ал басқалары қарама-қайшылықта болады. Оны мәртебелердің сәйкессіздігі деп атайды: ол индивидтің бір әлеуметтік топта жоғарғы, ал екінші бір топта төменгі ранг де болатынын көрсетеді. Солардың бірі - әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретіндегі адам бейнесі (образ) .
Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы XX ғасырдың 30-жылдарында Американын әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдама әр түрлі әлеуметтану ағымдарында, әсіресе құрылымдық - функциялық сараптау ағымында кеңінен тарады. Т. Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды, бұл рөлдер қайсыбір коғамдағы кез-келген индивидтерге тән.
Әлеуметтік рөл - бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлға аралық қатынастағы тұлғаның объективті берілген әлеуметтік ұстанымы. Рөлдердің жиынтығын рөлдік жүйе дейді. «Рөлдік жиынтық» ұғымын Р. Мертон анықтады. Әлеуметтік рөлдер адамға заң немесе басқа да құқықтық актілер арқылы формальды бекітілуі мүмкін, және ол көптеген моральдық тәртіп нормалары арқылы формальды емес болуы да мүмкін. Әлеуметтік рөл рөлдік күтіліп пен рөлдік мінез-құлыққа бөлінеді. Рөлдік күтіліп «ойын ережесіне» сәйкес рөлді күтеді, ал рөлдік мінез-құлықты адам ез рөлінің шеңберінде нақты орындайды. Адам кез келген уақытта қайсыбір рөлді өзіңе алғанда онымен байланысты құқықтары мен міндеттерін нақты түсінетін болады, әрекеттердің нобайын және бір ізділігін біледі, сөйтіп өзінің төңірегіндегі адамдардың күткеніндей өз жүріс-тұрысын кұрады. Осыған орай коғам бәрінің дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сол үшін әлеуметтік бақылаудың тұтас жүйесі - қоғамдық пікірден заң қорғау органдарына дейінгі және соған сәйкес әлеуметтік тыйым жүйесі - бетіне басудан, айыптаушылықтан күштеп токтатуға дейінгі қамтыған.
Рөлдік мінез-құлық өте қатаң шектелген, өйткені әр түрлі кызметтерді араластыру немесе олардың бәрін бірдей орындамау бүкіл әлеуметтік жүйе тепе - теңдігінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл шектер абсолютті емес; рөл іс-әрекетке жалпы бағыт береді және оның мақсатын айқындайды, ал оларды орындау стилі варианттық фактор болады. Мысалы, фирма директорының рөлі басшылық жасау кызметін жүзеге асыруды талап етеді және оны басқа біреудің қарамағында кызмет істеу міндетімен алмастыруға болмайды. Бірақ басшылық жасау әр түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін: беделге сүйену, демократиялық, бетімен жіберушілік, ал бұл тұрғыдан алғанда фирма директорының рөліне ешқандай шектеу қойылмайды.
Бір адам көптеген рөлдерді орындайды, олар бір-бірімен қарама-қайшы келуі де, бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін, мұндай жағдай рөлдік қайшылықтарға әкеп соқтырады. Бұған әлеуметтануда жиі жазылып жүрген әйелдердің кәсіби және отбасындағы рөлінің арасындағы қайшылық мысал бола алады. құрайды, оның әрекетін қисынды етеді. Адам әлеуметтік нормалық шектеулерге байланысты табиғи формадағы түйсіктік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын болғандықтан, бойын билеген құштарлығы мен оның коғамда қабылданған формада жүзеге асуы арасынан ұдайы келістік іздеуге мәжбүр болады. Фрейд жасаған тұлға үлгісі үш деңгейлі түзілім болып табылады: төменгі деңгей (Ол немесе Гед), бұл санадан тыс импульстермен және «тектік естеліктермен» берілген, ортаңғы қабат (Мен немесе Эго) және жоғары деңгей (Асқан - Мен немесе Супер - Эго) - адам қабылдаған қоғамдық нормалар. Аса қатал, шамшыл және жауынгер деңгей - Ол және Асқан - Мен. Олар адам психикасына екі жақтан «шабуыл» жасап, жүйкелік мінез-құлық халін қалыптастырады. Бұл тұлға үлгісі қоғамдық қысымнан әрдайым қорғанып жүреді және әлеуметтік ортамен шиеленіске түсіп отырады. К, оғам дамуының деңгейіне қарай жоғары деңгей (Супер - Эго) сөзсіз ұлғаяды, салмағы да артады. Фрейд бүкіл адамзат тарихын психоздың өрістеу тарихы ретінде қарастырады.
Тұлғаның тағы бір бейнесі - әр түрлі ынталандыруларға көзқарас жүйесі ретіндегі тұлға. Осы көзқарасты ұстанғандар Б. Скиннер, Дж. Хоманс, К-Д Опп болды. Бұл тұжырымдама бойынша, әрбір адамның мінез-құлқын әлеуметтік орта тіл, дәстүр, әлеуметтік құрылымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және т. б. арқылы қамтамасыз етеді және бақылайды. Басқа адамдармен өзара әрекетте, кез келген әлеуметтік топта адам өз мүддесін қорғайды: егер де оның мінез-құлқы қолдау тауып, жағымды ынталандырылатын болса, онда адам езін қоршаған ортаға және жалпы әлеуметтік жүйеге ниеті түзу, тілектес болады; егерде коғам тарапынан ол қолдау таппаса, онда ол шамшыл келеді, тәртіп бұзады. Бірақ әрбір адам жазаланудан аулақ болуға және қолдау табуға тырысады және осыған байланысты ол сыртқы ынталандырулар мен әлеуметтік бұйрықтардан бір жақты әсер алады. Басқаша айтқанда, тұлға проблемасын қарастырғанда, адам нендей бір жағдайларға неге әсерленеді деген мәселені сараптағанда мінез-құлық әлеуметтануы басты рөлді ынталандыру жүйесіне береді. Осыдан тұлға мінез - құлқындағы өзгерістер жақсыға, әрекетке үйрету процесінен туындайды.
Кез келген «жақсылық» атаулыны ынталандырушы ретінде пайдалануға болады. Олар: білім, билік, құрмет көрсету, даңқ, ақша, билік етушілердің оң қатынастары және т. б., бірақ өзінің қайнар көзі жағынан міндетті түрде әлеуметтік болуы керек. Ол қайнар кез коғамның қолында болуы шарт және оны коғам басқаруы керек. Сыйлық алу адам үшін қаншалықты құнды болса, онда ол соған сәйкес мінез-құлықты ұстанатын болады. Сонымен катар, адам бір сәт басқалардың тарапынан қолдау тапқанын сезінсе, онда тиісінше оның кейінгі әрбір әрекеттері де құнды болады. Бұл принципті тұлға аралық қатынастар деңгейінде қарастырғанда қарсыластар арасындағы еркін әрекеттер, олардың әрқайсысы өзін ұтысқа қол жеткіздім деп, яғни келетін пайдаға немесе сыйлыққа қарағанда өзінің жағдайға қосқан «үлесі» аз деп санағанға дейін сақталады.
Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи мектебі қалыптастырған тұжырым бойынша, адам өзінің міндеттерін орындауға, мақсатына жетуге ұмтылдыратын мінез-құлқы мен қылықтарын ұтымдылық көзқарасымен ғана тұсіну мүмкін болмайтын қызметтік тірі организм болып табылады. Тұлғаның негізіне адамның кызметі, қарым-қатынасы, танымы арқылы көрініс табатын оның дүниемен сан қырлы байланыстары алынған. Тұлғаны танып-білу кілті ретінде басты бағалау категориясы - «кызмет» категориясы қарастырылған. Қызмет бұл жерде құрылымдық және функциялық аспектіде пайымдалған. Құрылымдық аспект кызметтің өз құрылысын анықтауды және кызметті құрайтын элементтерді анықтауды талап етеді. Функциялық аспект сол кызметтің қалайша жүзеге асатынына баса назар аударады. Сонымен, тұлғаны танып-білу оның кызметін тікелей зерттеумен байланысты және ол мынаған саяды:
- жүйені құрайтын буынды, кызметтің негізгі түрін (кәсіби, танымдық, т. б. ) анықтау;
- кызметтің жүзеге асу принципін - еріксіз немесе еркін, қол үзген немесе қол үзбегенін анықтау;
- әртүрлі кызметтер арасындағы байланыстардың сипатын (сәйкестілік немесе сәйкессіздік), олардың иерархиялық орналасу деңгейін зерттеу;
- әрбір кызмет түрінің жүзеге асу деңгейін зерттеу.
Тұлғаны танып-білуге келтірілген варианттардың бірде-бірі бұл құбылысты толық көрсете алмайды, олардың әрқайсысы оның жекелеген көріністерін қарастырады, бұл варианттар тек аса маңызды, негізгі ретінде беріліп отыр. Әлеуметтік тұрғыдан тұлғаны танып-білудің моделін жасау - болашақтың ісі.
Бүгінгі әлеуметтануда тұлға ұғымы екі мағынада:
а) индивидті қарым-қатынастардың және
б) саналы қызметтің субъектісі ретінде көрсету үшін қолданылып келеді. Оның мәртебесі мен рөлін тұлғаның әлеуметтену деңгейі анықтайды.
- Жеке тұлға құрылымы
Жеке тұлға немесе кісі қасиеттерін көптеген ғылымдар зерттейді: философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика. Олардың әрқайсысы жеке тұлға мәселелерін өзінің зерттеу пәнімен байланысты қарастырады.
Адамның көпаспектілі екенін оны атаудың өзінен көрінеді: «адам», «жеке тұлға», «тірі жан» (индивиуум), «өзіндік адам» (яркая индивидуальность) .
Адам деген ұғымды пайдаланғанда - ол биоәлеуметтік қасиеттермен сипатталатын, дискреттік белгілер жүйесін меңгерген, жоғары психикалық функциялары қалыптасқан, құрал-жабдықтарды жасап, оны пайдалана алатын жан деп түсінеміз.
Ал жеке тұлға деп жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға қабілеті қалыптасқан адамды айтамыз.
Бұл ерекшеліктер жеке адам теорияларында көрсетілген:
1. Мәдени-тарихи даму концепциясы
2. Іс-әрекет теориясы.
3. Ақыл-ой қызметін қалыптастыру теориясы.
4. Үйрету теориясы
5. «Бастапқы адамдандыру» концепциясы.
Жеке тұлға туралы теориялардың ішінде бізді қызықтыратыны баланың нағыз адами қасиеттерді меңгеруін түсіндіретін теориялар. Оларды келесі топтарға бөліп көрсетуге болады:
- Л. С. Выготский ұсынған мәдени-тарихи даму концепциясы. Бұл концепция бойынша жеке тұлғаның қалыптасуы өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында адамзат тәжірибесінде тарихи қалыптасқан шартты белгілерді пайдаланумен байланысты. Қарым-қатынас барысында меңгерілген шартты белгілер (сөздер) біртіндеп жеке тұлғаның психикалық қызметінің негізі болады.
- Іс-әрекет теориясы. Бұл теорияның авторы А. Н. Леонтьев. Леонтьев теориясының негізгі қағидасы - барлық іс-әрекет бірінші кезеңде саналы жасалған әрекет ретінде, сонан соң біртіндеп шапшаң орындайтын міндетті қызметке айналады (жазу, оқу, өзіне-өзі қызмет көрсету, еңбек ету) .
А. Н. Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек.
Жеке тұлға құрылылыын зерттеу экспеременсталдық психологияда өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Сондықтан XIX ғасырдың аяғынан бастап бұл мәселе жан-жақты зерттелуде. АҚШ ғалымы Олпорт 1949 ж. жеке адамға берілген анықтамаларды жүйеге келтіріп 50 анықтамасы бар екенін көрсеткен. Ол өз анықтамасын берген: Жеке адам- индивиттің ішіндегі мативациаларының жүййеге келтірілген, динамиалы, сыртиқы ортамен қарым-қатынасы ерекше ұйымдастырылған жүйе деп анықтаған. Ж. Пиаже эксперим. Ол қолданылатын анқтамасын ұсынған. Оның ілімі бмойынша жеке адам дегеніміз тек сол адамды сипаттайтын психологиялық көрсеткіштердің сапалық белгілер жи ынтығы.
К. Плотонов жеке адам-сана иесі деп қысқа тұжырымдама жасаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz