Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Үстеу сөзжасамы ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Ескерткіш тіліндегі үстеулер ... ... 5
1.2 Үстеудің шығу тарихы ... ... ... ... .7
1.3 Үстеудің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...8
2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы .14
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы жасалуы ... .. 29 3. 1 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер ... ... ... ... ... ... .. 29
3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер ... ... .. 33
3.3 Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер ... 33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... 36

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тіліміз бай әрі көп салалы. Оны зерттеу бір басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика саласындағы сөз таптарын меңгерту – «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту мәселесі ерекше. Үстеу – оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Үстеуге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар. Олай болса, үстеу – сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін сөздер. Үстеулер – тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын үстеулердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н.И. Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің, Н.Ф. Катановтың еңбектерінде үстеулер жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.

1. Сарбалаев Ж. Сөзжасам мәселелері. –Алматы: Арыс 2002. -152б.
2. Жуынтаева З.Н., Тұрсынова М.А. Көне түркі тілі –Қарағанды: ЖШС Санат- Полиграфия 2009. -135 б.
3. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1971.- 272б.
4. Қазақ грамматикасы. –Елорда.2002.
5. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы, 1976.-240б.
6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989. -368б.
7. Ганиев Ф. А. Суффиксальное слово образавание в современном татарском литературном языке. – Казань, 1974. С.210
8. Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского языка. М-Л., 1948 С.187
9. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. -Алматы: Ғылым, 1967. -412б.
10. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Ана тілі, 1991. -384б
11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері.. – А., 2002, -664б.
12. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ЫСБН 9965-409-88-9
13. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ЫСБН 9965-808-78-3

Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
---------------------- 3
1. Үстеу сөзжасамы ----------------------------------- ----------------------
----------------- 4
1. Ескерткіш тіліндегі үстеулер ----------------------------------- ---------
--------------- 5
2. Үстеудің шығу тарихы ----------------------------------- -----------------
----------------7
3. Үстеудің түрлері----------------------------------- ----------------------
-------------------8
2 Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы –14
2.1 Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері ---------------------------
------ 16
3 Үстеудің аналитикалық (синтаксистік) тәсілдер арқылы жасалуы ------ 29
3. 1
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер --------------------------
29
3.2 Бірігу арқылы жасалған үстеулер ----------------------------------- -
------------ 33
3.3 Сөз тіркестері арқылы жасалған үстеулер ---------------------------
-----------33
Қорытынды ----------------------------------- -------------------------------
-----------------35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ----------------------------------- ---------
--------- 36
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тіліміз бай әрі көп салалы. Оны зерттеу бір
басқа да, меңгерту тіптен бөлек. Қазақ тілінің грамматика саласындағы сөз
таптарын меңгерту – Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің негізгі
мәселелерінің бірі. Әсіресе, сөз таптары ішіндегі сан есімді оқыту мәселесі
ерекше. Үстеу – оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын
сөз таптарының бірі. Үстеуге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-
грамматикалық мағыналары бар. Олай болса, үстеу – сөздерді топтастырудың
бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан мезгілдік,
мекендік ұғымды білдіретін сөздер. Үстеулер – тілімізде өте көне заманнан
бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы
жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз
табының бірі болып саналатын үстеулердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н.И.
Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің, Н.Ф. Катановтың
еңбектерінде үстеулер жеке сөз табы ретінде қарастырылған.
Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі
көрсетілді. Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стилл ұсынған Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен
ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты
мен міндеттерін анықтау, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінің
ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, сан есімнің мағыналық түрлері мен
жасалу жолдарын қарастыру, ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын
ашу.
2. Оқушыларға үстеулердің мағыналық түрлері тақырыбы бойынша берілетін
білім көлемін анықтау.
3. Үстеулер түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін
саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
айқындау.
Сөйлемде беретін мағынасына, морфологиялық белгісіне, синтаксистік
қызметіне қарай бөлініп жататын сөз таптарының бipi — Үстеу. Бұлар көбінесе
етістіктің амалын, тәсілін, қимылдық сынын, бейнесін көрсетеді. Қарт
алдында шалқасынан сұлық жығылды. Бұл ойын бағана, жолшыбай Ғабитханға
айтқанды (М. Әуезов). [1]
Сөз табының бірінен саналатын үстеудің жасалу жолы әр түрлі амалдардың
негізінде жүзеге асады. Мұндай амал- тәсілдерді өзара сралап топтағанда,
олар екі үлкен арнаға жіктеледі: синтетикалық (морфологиялық) және
аналитикалдық (синтаксистік) тәсілдер. Екі тәсілде үстеу сөз табын тудыру
үшін қызмет атқарады. Сөз таптары арнасында да түрліше амал – тәсілдер
арқылы үстеулер жасалады.
Қазіргі қазақ тілінде сөздердің бір сөз табынан басқа бір сөз табына
ауысуының нәтижесінде жасалған лексика – грамматикалық омонимдер өте көптеп
саналады. Оны, мысалы, үстеулер мен сын есімдер құрамынан молынан ұшыратуға
болады:
1.Тез (сын есім), тез (үстеу).
2. Жылдам (сын есім), жылдам (үстеу).
3.Еріксіз (сын есім), еріксіз (үстеу).
4. Жедел (сын есім), жедел (үстеу) және т.б. [2,85]
1. Үстеу туралы түсінік
Морфологиялық, құрылысы (структурасы) мен құрамы жағынан үстеулер нeriзri
және синтетикалық, аналитикалық, тәciлмeн жасалатын үстеулер болып, үш
түрлі болады.
Нeгiзгi түбірлі үстеулер — әpi қарай бөлшектеуге келмейтінн түрлері: әpi,
6epi, төмен, кеш, жай, ерте, дәл, к,азір, жаңа, өте, мы- на, жорта, eнді,
ең, аса, тек, нақ, тап, әдейі т. б. Бойы дәл екі метр.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне за-мандардан бері қарай қолданылып
әбден орныққан, қалыптасқан сезжасамның негізгі үш тәсілі бар:
1. синтетикалық тәсіл,
2. аналитикалық тәсіл,
3. лексика-семантикалық тәсіл.
Адвербиализация процесі үстеулердің жеке сөз табы болып қалыптасуында
бірден- бір шешуші роль атқаратын фактор. Тілдің даму барысында басқа сөз
таптары адвербиализация процесінің нәтижесінде үстеулер тобына тікелей
немесе белгілі бір формада көнеріп барып өткендігі байқалады[6,368]. Соңғы
жағдай, негізінен, қазіргі кезде әбден үстеуленген зат есім формаларына
тән. Септік жалғауларындағы зат есім формалары кейбір оқулықтарда жазылып
жүргендей , көнелеу арқылы үстеу болып қалыптаспаған. Олардың үстеу болып
танылуы, біздіңше, ең алдымен адвербиализация процесінің нәтижесі. Олардың
үстеуленуіне бірден-бір себеп – септік формаларының өзіне тиісті
бастауыштық және толықтауыштық функциядан бөлек, басқа бір сөз табының
синтаксистік қызметінде, яғни, пысықтауыштық позицияда тұрақты әрі жиі
қолданысы. Сөйте тұра, қазақ тіл білімінде үстеулердің сөз табы болып
қалыптасуының бірден-бір жолы - адвербиализация процесіне жете мін беріле
бермейді. Керек десеңіз, адвербиализация процесі, тіпті, ауызға да
алынбайды.Мұның өзі қазақ тіл білімінде үстеулердің жасалуы жөнінде белгілі
бір жаңсақ пікірлердің қалыптасуына себеп болды. Соның бірі, мысалы ,
үстеулерді сөз тудырудың морфологиялық тәсілімен жасалады деу.[7,210]
Қазіргі қазақ тілінің барлық оқулықтарында үстеу туралы сөз болғанда,
үстеулер морфологиялық тәсілмен жасалады делінеді де, үстеулер жасайтын
қосымшалар ретінде –сыз-сіз, -лай-лей, -дай-дей, -шаң-шең,-ша-ше қары
--кері т.б. формалар көрсетіледі. Мұндай пікірлер белгілі бір мөлшерде
тілдік фактінің табиғатымен шын үйлесім таба бермейді, сондықтан ондай
қорытындыларға бүтіндей қарсы дау айтуға тура келеді. Өйткені –сыз-сіз,
-лай-лей, -дай-дей, -шаң-шең, т.б. қосымшалардың, әдетте, сын есім
жасайтын өнімді жұрнақтар екені мәлім. Ал –қары-кері тұлғасы болса, ол
тіпті, сөз тудыратын қосымша емес. Ол – түркі тілдерінің көне дәуірінде
барыс септік мәнінде жұмсалған –ғару-геру, -қару-керу тұлғасының бүгінгі
тілде санаулы сөздердің құрамында сақталған қалдығы.Ал, жалғаудың
ешқашансөз тудырмайтындығы анық. Соның өзінде, -қары-кері тұлғасы қалып,
қалған сөздердің өн бойынан барыс септігінің мәні айқын сезіліп тұрады.
Мысалы, жоғары, ілгері, тысқа, ішкері және т.б. Бұлар тілдің белгілі бір
кезеңінде барыс жалғаулы зат есімдер болған. Олар кейіннен адвербиализация
процесінің нәтижесінде үстеулер тобына мүлдем, біржола ауысқан. Сондықтан
да –қары-кері формасын үстеу жасайды деу артық айтқандық. Бұл пікірді,
сондай-ақ жоғарыда айтылған сыз-сіз, -лай-лей, -дай-дей, -шаң-шең,
-нан-нен т.б. қосымшаларға да айтуға болады.Қазіргі қазақ тіліндегі
еріксіз, өлердей, жаздай, көйлекшең, жартылай т.б. сықылды ондаған үстеу
сөздер аталған қосымшалардың сөз жасағыштық функциясы негізінде
қалыптаспаған.Олардың үстеу болуы – адвербиализация процесімен тікелей әрі
тығыз байланысты. -Лай-лей, -дай-дей,- сыз-сіз, -шаң-шең тұлғалы
туынды сын есімдер қолданылк тәжірибесінде белгілі бір синтаксистік
позицияда жиі-жиі қайталанып жұмсалудың салдарынан семантикалық жағынан
дамып, басқа бір грамматикалық категорияға – үстеулер тобына ауысқан.
1. Ескерткіш тіліндегі үстеулер
Көне жазба ескерткіштерінде кездесетін үстеулер қазіргі түркі
тіліндегі сияқты. Орхон- Енесей жазбаларындағы үстеулер мынадай мағынада
қолданылады: мезгіл, мекен, сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат, топтау.
Мекен үстеулер -йа,-йе немесе-ғару,-геру-,а,е,ре,-ре,-ңару жұрнақтары
арқылы жасалып, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап беріп, іс-әрекеттің
мекенін, бағытын білдіред[6,368]і:
Ілгері күн тоғыққа- Ілгері күн шығысқа. Осымен қатар, бүргері немесе
бірійе (оңға оңтүстік) йырғару немесе йырайа (солға, солтүстік) болып
қолданылады. Ічре ашсыз – Іші ассыз; Ташра тонсыз- сыртқы тонсыз. Үзе көк
теңрі – жоғарыда аспан тәңірі. Бағытты білдіретін туынды сөздердің –ғару,
-гері және –йа, йе қосымшаларының беретін мағыналары да, атқаратын қызметі
де бірдей. Ескерткіштерді –ғару, -геру қосымшаларының варианты ретінде
кейде –ңару, -ңеру қосымшалары қолданылады: Йеріне субыңару қанты – Жеріне,
суына жақын қондым; Йырғару түн ортусыңару – сол жақты түн ортасына;[7,210]
Мезгіл үстеулер –қа, -ре, -түз, -ты, -інче, -че жұрнақтары жалғану
арқылы жасалып, қашан?қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді, іс –
әрекеттің мезгілін, уақытын білдіреді: Өңре күн тоғсықда – Әуелі күн
шығысқа; Антағ өдке өкүніг – Сондай уақытта өкініп; Анчағ есідіп – Қазір
ғана естіп; Күнтүз олурматым – Күндіз отырмадым;
Сын (бейне) үстеу –е, -ті, -ле, -ча жұрнақтары жалғану арқылы
жасалып, қалай? қалайша?т.б. сұрақтарға жауап береді, іс-әрекеттің неше
түрлі істелу жолын білдіреді: Сабымын түгеті есідгіл – Сөзімізді түгел
естіңдер; Бу сабымен едгүті есід – Бұл сөзімді жақсылап есті. Бірле
сүңүштім – Бірге соғыстым; Оғланым ерде марымынча бол – Ұлым, ұстазымдай
даңқты бол; Сондай-ақ ескерткіштерде тег сөзі өзінен бұрынғы сөздермен
тіркесіп келіп, қазіргі қазақ тіліндегі –дай, -дей жұрнақтарының қызметін
атқарады: көрмезтег-көрсместей, білмезтег-білместей, бөрітег-бөрідей,
қонтег-қойдай;
Мөлшер үстеулер –ча жұрнағы жалғану арқылы жасалып, істің мөлшерін
білдіреді, қанша? неше?сияқты сұрақтарға жауап береді: Анча будун –
осыншама халық; Бунча йірке тегі йорыттым – Мұншама жерге дейін жүрдім.
Күшейткіш үстейлер –чығ, -ын, -ін жұрнағы жалғану арқылы жасалып,
істің, не заттың көлемін үлкейтіп көрсетеді, қалай?қандай? сияқты
сұрақтарға жауап береді: Аңар адычағ барқ йаратурдым – Оған бөлекше мазар
салдырдым; Ішін тасын адынчығ бедіз уртым – Іш-сыртына бөлекше өрнек
салғыздым.
Мезгіл үстеулері -ғалы, -гелі жұрнағы арқылы жсалып, іс-әрекеттің
мақсатын білдіреді: Санағалы түсүртіміз – Санағалы тоқтадық; Кісі оғлы көп
өлгелі туған.
Топтау үстеуі –егүн жұрнағы арқылы жасалып, іс-әрекеттің біреу емес,
бірнеше адамдардың бірігуімен істелетіндігін көрсетеді: үчегүн қабусуп
сүлелім-үшеулеп бірге соғысайық.
Түркі тілдерінде туынды үстеулер екі түрлі қосымша жалғану арқылы: бірі –
сөз тудырушы жұрнақтар арқылы, екіншісі – басқа сөз таптарына тән әр түрлі
сөздің кейбір көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалады. Орхон-Енисей
жазбаларында қосымшалар арқылы жасалатын туынды үстеулер арқылы жасалатын
туынды үстеулердің осы екі түрі де кездеседі. Септік жалғаулардың көнеленуі
арқылы бірер ғана туынды сөздео кездеседі. Бұл туынды үстеулер тұлғасы
жағынан септік жалғауларына жақын болғанымен,
Мағынасы жағынан мүлде алыстап, септік жалғаулы сөз қалпында
қабылданылмай қалыптасып кеткен үстеу ретінде танылады: бірле сүңүшдім –
бірге соғыстым.
М.Қашқаридың Түрік сөздігіндегі үстеу жасайтын біраз аффикстер қазіргі
түркі тілдерінде де, соның ішінде қазақ тілінде де ұшырасады.
Алайда, мынандай бір-екі жағдайды ескеру керек: ең алдымен ол заманғы
түркі тілдерінде үстеу жасайтын аффикстер мен үстеу сөздер сан жағынан аз
да, екіншіден, үстеу жасайтын аффикстердің біразы тілімізде фонетикалық
өзгеріске ұшыраған. Солай бола тұрса да, қазіргі тілдің құрамындағы
аффикстерді ескерткіш тілімен салыстыру олардың генезисін айқындауға үлкен
жәрдем беретінінде сөз жоқ.
Сөздікте үстеу жасайтын актив аффикстердің бірі –ла, -ле: Бір түлкү
терісін ікіле соймас – Бір түлкінің терісін екеулеп соймас; Түнле йүрүп,
күнтүз севнүр – Түнде жүріп, күндіз көңіл көтерер; Сөздікте үстеу жасау
қызметінде біршама жиі қолданылатын – лайу, -лейү қосымшасының құрамында да
осы –ла аффиксі бар сияқты. М.Қашқари осы аффикспен келген мына тәрізді
сөздерді береді: Улышыб ерен бөрлейү – Ұлысып ерлер бөрідейін; Арысланлайу
көкредім – Арыстандайын ақырдым; -Ча, -че аффиксі көбінесе етістіктің
есімше тұлғаларына жалғанып, үстеу қызметінде жұмсалатын сөздер
жасайды:Түнле булт өртенсе, евлуқ уры келдүрмүшче болур, таңда булт өртенсе
евге йағы кірмішче болур – Түнде аспан қызарса, әйел ұл туғандай болар,
таңда аспан қызарса, үйге жай келгендей болар.[7,210]
2. Үстеудің қалыптасу тарихы
Үстеу шығу тегі жағынан алып қарағанда, басқа сөз таптарынан келіп
шыққан грамматикалық категория. Сөздер мен сөз тіркестері өзінің ұзақ
тарихи қолданылу процесінде алғашқы мән-ерекшеліктерін жойып, бірте-бірте
көнереді де, үстеулерге келіп қосылады.Өзінің тура мағынасынан ажырап,
абстракцияланып кеткен қосымшаларда кіріккен түбірлерімен бір бүтін тұлға
болып, үстеу категориясына өтіп отырады. Сондықтан да тұлғасы да тиянақты,
берік болады. Әрине, өзінің о бастағы лексика – семантикалық қасиетімен
үстеу үстеу сөз табына жататын сөздер де жоқ. Бірақ оларды белгілі сөздер
тіркесінде, белгілі бір сөздердің қоршауында тұрғанда ғана ажыратуға
болады[6,368].
3. Үстеудің түрлері
Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге
болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін,
тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге
келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы,
үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі,
бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек,
мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең,
әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.
Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек,
оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай
туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер
қолданылады. Мысалы: бұрын, бұрынырақ, бұрындау, тым бұрын, кейін
кейінірек, кейіндеу, өте кейін, ілгері, ілгерірек, ілгерілеу, аса ілгері,
әрі әрірек, әрілеу, тым әрі, әрмен, әрменірек, әрмендеу, тіпті әрмен,
былай, былайырақ, былайылау, тым былай.
Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен
қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос
бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос,
құрдан-құр т. б.
Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа
сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-
әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері,
бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде,
кейіннен, ендігәрі т. б.
Туынды үстеулер
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы,
сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ,
кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған)
үстеулерді айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: 'жалаң
туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.
Жалаң туынды үстеулер
Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз.
Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері
жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі
арқылы үстеуге айналды.
Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер
Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар
мыналар:
-ша, -ше жұрнағы. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан
негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл
жұрнақ жалқы зат есімдерге де, жалпы зат есімдерге (мысалы: Омаровша,
Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де
(мысалы: батырша, батырларша) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше,
көзімізше, көзінше т. б.) жалғанып үстеу тудырады.
Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескіше, жаңаша, басқаша
т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу жасалады; жіктеу
есімдіктерінен де (менше, меніңше, сендерше), өздік есімдіктен де (өзімше,
өздерінше), кейбір белгісіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше)
үстеу сөздер туады.[7,210]
-лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары. Мысалы: осылай,
екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.
-дайын, -дейін, (-тайын, -тейін) жұрнақтары. Бұл жұрнақтар ― -дай және
-ын деген қосымшалардан құралған құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн
қатып, Бөрідейін жол тартып (Махамбет).
-шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма) жұрнақтары сілтеу есімдіктерінен үстеу
жасайды. Мысалы: осыншама, соншама, соншалық, мұнша, мұншалық т. б.
Көсемшенің құрамды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары қосылған
сөздің бәрі бірдей, әрине, үстеу бола бермейді. Адвербиалданған формалары
ғана үстеуге жатады. Мысалы: Қырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.
-шылап (-шілеп) жұрнағы. Бұл жұрнақ - бастапқы -ша және -лап деген
қосымшалардан құралған. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.
-қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасайды.
Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшқары т. б.
-ын, -ін, -сын, -сін қосымшалары тек біраз сөздерге ғана қосылып үстеу
тудырады. Мысалы: қысын, жазын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін,
кешкісін т. б.
Көнеленген формалар арқылы туған жалаң үстеулер
Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден
қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады.
Осындай көнеленген "қосымшалар" төркіндері септік жалғауларынан
болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас
келеді. Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай
үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе
есімдерден туады.
Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: зорға, босқа, текке, жатқа,
бекерге, әреңге, алға, артқа, ас(т)қа, үс(т)ке, бірге, кешке, ертеңіне,
әзірге, қазірге, күнге т. б.
Жатыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: алда, артта, аста, үсте,
кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда,
қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем(е)де т. б.
Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер: шалқасынан, жүресінен,
етпетінен, төтеден, кеңінен, тезінен, қырынан, келтесінен, басынан,
әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.
Көмектес септіктің көнеленуінен туған үстеулер: кезекпен, шынымен,
қалпымен, жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен т. б.
Күрделі туынды үстеулер
Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я қосарланып жасалған
немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулерді
айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.
Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудің нәтижесінде үстеулерге айналады.
Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, қыстыгүні,
әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түнеугүні, бірталай, ешқашан,
әлдеқайда, бірқатар, неғұрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, сөйтіп т.
б.
Сөздердің қосарлану арқылы туған үстеулер мынадай: әрең-әрең, енді-енді,
зорға-зорға; қолма-қол, сөзбе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, тоб-тобымен, лег-
легімен; үсті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босқа; тектен-
текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда; сөйлей-сөйлей, көре-көре,
айтып-айтып; жата-жастана; кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп,
он-ондап, мың-мыңдап; бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп; оқтын-оқтын, оқта-
текте, анда-санда; жапа-тармағай, тырым-тырағай т. б.
Жазуда бөлек таңбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде қолданылатын
грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер - оларды екі салаға
бөлуге болады.[7,210]
Грамматикаланған жай тіркестер: күні кеше, күні бүгін, күні ілгері, ала
жаздай, күндерде бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, келе сала, айта
келе, оқи келе, жаза келе, алдын ала, соңын ала, сабаққа бола, кітапқа бола
т. б.
Идиомаланған тұрақты тіркестер: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, түн
баласында, қаннен қаперсіз, елден ала бөтен, томаға тұйық, құлан таза т.
б.[
Үстеулердің мағыналары
Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа
бөлінеді.
Мезгіл үстеулер қимылдын, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де,
қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен
тіркесіп қолданылады. Мысалы: бугін келді, ертең барады, таңертең тұрады,
бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді т. б.
Мезгіл үстеулері кұрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір
бола береді.
Мекен үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп,
қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен
етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-
артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті т. б.
Мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі
түбір бола береді.
Мөлшер үстеу қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-
шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай?
қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде
етістіктермен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде
сын есімдермен тіркесіп, сынның мелшерін білдіреді. Мысалы: онша
жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым,
едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен
тіркесіп, қалай? қанша? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың шама-шарқын
білдіріп тұр.
Сын (я бейне) үстеулері қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін,
тәсілін білдіріп, қалай, қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап
береді. Сын-кимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады.
Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша
мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді т. б. Сын-қимыл (бейне)
үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбіп немесе күрделі түбір
бола береді.
Күшейту (я ұлғайту) үстеулері сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің
белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер
көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп
сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі,
тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б. Күшейткіш үстеулердің
біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың
сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден
шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б.Құрамы жағынан күшейткіш
үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Мақсат үстеулері кимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де,
қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан
жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т. б. сөздер
жатады. Мысалы: әдейі, келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана
үндемеді т. б.
Себеп-салдар үстеулері қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе
салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген
сұрактарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа,
амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады.
Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т. б.
Топтау (я бөлу) үстеулері қимыл, іс- әрекеттің жасалуының топтық сипатын
білдіреді, нешеден?қаншадан?деген сұрақтарға жауап береді. Олар: біреуден,
екеулеп, топ – тобымен, көптеп, қос – қостап,т.б.Морфологиялық құрамы
жағынан туынды және күрделі түбір күйінде қолданылады. Жасалу жолдары:
1. –лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары арқылы: көптеп, мыңдап,
жекелеп, т.б.
2. Қосарлану арқылы: қос – қостап, топ – тобымен, бір – бірлеп[6,368].
2. Үстеудің морфологиялық (синтетикалық) тәсілдер арқылы жасалуы
Сөзжасам саласында үстеудің синтетикалық тәсілдер арқылы жасалуы әр қилы
болып келеді. Өйткені бұл сөз табының қалыптасуына түрліше жұрнақтар
қатынасады. Мұндай жұрнақтар үстеудің туындауында үстеу сөз табының өзіне
не болмаса басқа сөз таптарына жалғанады. Бұл ретте, әсіресе соңғы жолдың
қолданысы күшті болады. Өйткені арнайы бір қосымшалар белгілі сөз
таптарына жалғану арқылы енді оларды басқа бір сөз таптарына айналдырып
жібереді. Сөзжасам жұрнақтарының басты бір қызметі осындай қасиетімен
айқындалады.
Сөзжасам жайында сөз қозғалған әдебиеттерде бұл мәселе сөз таптарының
ыңғайында әңгіме болады, ал енді қайсыбірлерінде сөз таптарының аясында
сөзжасам жұрнақтар жеке-жеке саралай көрсетіледі. Осы соңғы әдісті дұрыс
деп санаймыз, өйкені бұдан басқа сөз таптары тәріздес, үстеудің де жасалу
жолдары бірден айқын көрінетін болады. Осы жағын ескере отырып, үстеудің
морфологиялық тәсілдер арқылы жасалу жолдарын ж е к е ж ұ р н а қ т а
р төңірегінде жүргіздік. Бұл салада бір жұрнақтар үстеу қызметінде
молынан жұмсалса, енді біреулері аз мөлшерде қолданылады. Осындай сипатына
байланысты оларды әдеттегідей өнімді және өнімсіз жұрнақтар деп қарауға
болады. Біз ең алдымен солардың өнімді түрлерін әңгіме етпекшіміз. Сондай-
ақ бұл жұрнақтардың қай сөз табымен келетінін де саралай отырамыз.
Осы арада бір ескерте кететін жайт – кейбір үстеу сөздердің (басқа сөз
таптарының) мағыналарын айқындау кейде қиын соғып жатады. Сондықтан да
қиындықтың бұл түрінен арылу үшін қосымшалы кез келген сөздердің мағыларын
айқындауда олардың екі түрлі қарым-қатынастарына баса назар аударатын
боламыз: сөздердің бастапқы түбір қалпы мен оларға жалғанатын жұрнақтардың
өзаралық мағыналық қарым-қатынастары. Бұл жайтты өз еңбегінде проф. Э. В.
Севортян өте орынды айткан.
Үстеулердің өздеріне тән айырым синтетикалық жолдарын айтпастан бұрын
септік жалғауының ыңғайында келген үстеу сөздерге тоқтала кеткен жөн.
Өйткені мұндай сөздер былай сырт қарағанда түбір және қосымша морфемаларға
ажыралып тұрғанмен, сол қалпында тұтасымен үстеулердің табиғатын танытады.
Осы тәріздес сөздер кеңістік қатынастағы септік жалғауларында (бірге,
босқа, зорға, демде, анада, бозалаңда, бірден, кенеттен, түнімен) келіп, әр
мәнді үстеу сөз таптарын құрап тұрады. Мұндағы қосымшалар бір кезде септік
жалғаулары болып танылғанмен, осындай қолданыста енді сөзжасам аффиксіне
айналып кеткендігін аңғартады. Осындай қосымшалы сөздер жайында проф.
Н.К.Дмитриев кезінде төмендегідей ой білдірген. Басқа тілдер тәріздес,
башқұрт тілінде де үстеудің түрлері өзге сөз таптарынан бастапқы сөз
өзгерту қызметінен бүтіндей ажырап, өлі формаларға айналып кеткен
көрсеткіштер арқылы толығып отырады. Мұндайда бір септік жалғаулары айрықша
мәнге ие болады. Олар өздері жалғанған түбір сөздің мәнісінен ажырап, жаңа
сөз жасауға себепші болады да, тек этимологиялық тұрғыдан ғана негізгі зат
есімдермен байланысып жатады.[6,368]
Міне, бұл айтылған заңдылықтың қазақ тіл біліміне де тікелей қатынасы
бар. Септік жалғауларының ыңғайында жұмсалған үстеу сөздер осындай
қасиетімен танылады. Профессор А. Ы. Ысқақов осындай құрылыстағы
үстеулердің көрсеткіштерін жартылай аффиксті деп қарайды. Қалай болғанда да
бұл қосымшалар түбір сөздермен кірігіп кетіп, әр мәнді үстеулерді жасауға
ерте кездің өзінен-ақ ат салысқан. Соларды жекелей сараласақ, олардың
көрінісі төмендегідей болып келеді.[7,210]
1. Үстеулердің жартылай аффиксті көрсеткіштері
-да-де -та-те.
Сөзжасамның осы көрсеткіші үстеу, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік
сөз таптарына қосылып көбінесе мезгілдік, сондай-ақ мекендік ұғымдағы
үстеулердің қалыптасуына себепші болған. Қолдағы жиналған материалдар бұл
сөзжасам аффиксінің көбінесе үстеу сөздердің өзіне жалғанатындығын аңғартып
отыр. Бұдан түбір сөздердің өзі үстеулік мәнде болып, қосымшалардың
қосымша, үстемелік қызмет атқарып тұрғандығын байқаймыз. Бұл жерде бір
ескерте кететін жайт, үстеу сөздердің түбір құрамын айқындау көп жағдайда
қиындық туғызады. Өйткені үстеу сөз табы өз табиғаты жағынан басқалармен
үндес түсіп жатады. Осы жағы ескерілген болу керек, проф. Н.К. Дмитриев
башқұрт тілінің үстеуі жайында бұл заңдылықты айта отырып, өзге сөз
таптарындай мұны басқалардан айқын ажырата алатын өзіне тән ерекше
аффикстерінің жоқ екендігін ескертеді.
Үстеу сөздің өзінен пайда болған үстеулер. Мұндай үстеу сөздердің негізгі
мезгілдік ұңымда жұмсалып, өзімен біте қайнасып кеткен қосындыны ды осындай
мәнде болуға бағыштап тұрады. Қараңыз;
Үлкен айдынмен үркіте, шошыта келген қалың қайрат, қара бұлттай қатты ашу
қазірде қайта серпіліп, уақытша сабасына түскендей болды.(М.Әуезов).
Капитан бүгін азанда бір аса маңызды хабар естіпті(Ә.Нұрпейісов). Қарт
бақтың ең шеткі жағында жаңадан ғана егілген жас ағаштарға Әсет Ережепті
алып келді (Қ.Оразалин).
Кейде осы көрсеткіш басқа сөзжасам аффиксінен кейін мекен сатылып барып
та жалғанады: Ертеректе осы өлкені мекен еткен ағайынды екі жігіт болады
(Қ.Жұмаділов).
Зат есімнен пайда болған үстеулер. Бұл тәріздес үстеулер болған оқиғаның
мезгіл мөлшерін білдіріп тұрады.
Әбден әңгімелесіп, тамақ ішіп болған мезетте келді (С.Талжанов). Бұл
мезетте совхоз орталығынан келе жатқан жүргіншілер де келіп жеткен еді
(Т.Қаупынбаев). . . .Мынадай бір шана шөпті біз өзі көтереді дегенді
өмірде ойламағанбыз (М.Дүзенов).
Сын есімнен пайда болған үстеулер. Мұндайда сқздің түбір қалпы сын
есімдік мәнде келеді. Алайда мағыналық үндестігі жағынан кейде мұндай
сөздер үстеулермен де астарласып жатады.
Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп,
ботаның басында болды (С.Сейфуллин). Ағайлар деп бозалаңда, Тоқтатты бір
бала танып (Ж.Молдағалиев). Келесі бір күндерде әуелі жылмықта қар ерісе,
... сонда бұл апатқа қарсы тұрар мұнда кім бар? (Ә.Көшімов).
Есімдіктен пайда болған үстеулер. Үстеулердің бұл түрінде сөз түбірі
есімдік болады да, -да-де қосымшаларының әсерімен енді олар мезгілдік
ұғымдағы үстеу сөз табын жасайтын болады: Анада Ерғали барып қайтқанда бір
сөзінен денем түршіккен (Ғ.Мұстафин). Еламан бұндайда өз бөлмесіне кетіп
қалады (Н.Нүрпейісов). Күрес кезінде бұны біз естен әсте шығармаймыз
(Ғ.Мұстафин).
Соңғы мысалдағы әсте үстеуі ешқашан деген мағынадағы есімдік арқылы
жасалған.
Негізгі сан есім арқылы жасалған үстеулер тілімізде өте аз кездеседі. Бұл
ретте бір сан есімі арқылы келген үстеулерді атауға болар еді: Бірде ...
Әзімхан деген ағайын жігіт екеуміз қашып кетіп едік (С.Сейфуллин).
-ын-ін.
Бұл аффикс үстеу сөз табын жасауда ең көне түрінің бірінен саналады.
Мезгілдік ұғымда жұмсалатын сөздердің құрамында келіп, түбірмен біріге
тұтасқан қалпын сақтайды. Сондай-ақ бұл қосымша түбір сөзге қосылу арқылы
амалдық мәнді де туындатады.Осындай құрамда келген үстеулер көбінесе
ауызекі тілге тән болып келеді.
-ын-ін аффиксі жайында түркологиялық ілімде, негізінен алғанда,
қалыптасқан пікір бар. Ол – мұның септік жалғауының қалдығы деп танылуы.
Мәселен, профессор Н. К. Дмитриев жоғарыда аталған еңбегінде осы
–н(-ын) көрсеткішін көмектес септігінің көнерген түрі деп қарайды.
Қосымшаның осы түріне академик А.Н.Кононов та назар аударған болатын. Ол
былай деп жазады: Осы өнімсіз екпін қабылдамайтын аффикс бірнеше мезгіл
және сын-қимыл үстеулердің құрамында сақталған.[8,187]
Ал зеттеуші А.С.Ефимов түрік тілінде осы көрсеткіштің арнайы күрделі бір
топ құрайтындығын айтады. Бұл кісінің айтуынша біздің заманымызға дейін
осындай септік формасындағы біраз сөздер келіп жеткен. Бүгінде олар үстеуге
айналып кеткен. Мәндік құбылысы жағынан олар жыл мезгілі мен тәулік
мөлшерін білдіріп, есім сөздерден өрбіп жатады: қысын, жазын, күзін,
күндізін.
Автор бұлардан басқа мекендік және сын-қимыл мәндерінде жұмсалатын
үстеулерді де көрсетеді. Сонымен, жоғарыда айтылған пікірлерге қарағанда,
-ын көрсеткіші үстеудің арнайы бір форманты ретінде танылады.[6,368]
Қазіргі қазақ әдеби тілінде -ын аффиксінің сөз аясында жұмсалуынан гөрі
түбір мен қосымша аралығында қолданылуы жиірек ұшырасады. Ол төменгі
талдаулардан ашық байқалады.
-ында-інде. Жоғарыда келтірілген қысын, жазын, күзін тәріздес үстеулер
әдеби тілімізге көбінесе жатыс септігінің жалғауын қабылдап, қысында,
қжазында, күзінде, соңында, аяғында түрінде айтылады. Сонда мұндай
заңдылықта түбір мен қосымшаның аралығын байланыстыруда -н көрсеткішінің
айрықша қызмет атқаратындығы байқалады. Татар тілінің сөзжасамын арнайы
зерттеген Ф. А. Ганиев осындай сөздердегі -н құбылысын интерфикс деп
түсіндіреді.
Тіл ғылымында интерфикс ұғымы прикрепленный между, прокладной
между корнем и суффиксом болып түсіндіріледі. Жоғарыдағы мысалдардан
(қысында, жазында) байқалғандай, -н көрсеткіші, шынында да, түбір сөз бен
қосымшаның аралағын байланыстыратын қажетті дәнекер болып табылады.
Сөйтіп кейде ауыз екі тілде қысын келді де ауызекі тілде қысын келдім,
жазын көрдім деп қолданылғаны бомаса, қазіргі әдеби тілімізде, қазіргі
қазақ әдеби тілімізде мезгілдік ұғымды жұмсалатын осы тіріздес создер
кобінесе осылайша нда түрінде айтыладыы (қысында,жазында). Осы жағын ескере
отырып н көрсеткіші көмектес септігінің бұрынғы қалдығы бола тұрса да,
Ф. А. Ганиев айтқандай, оның интерфикс қызметін тап осындай қолданыста
басым деп санаймыз.[7,210]
-нда түрінде келген үстеулерді түбірлік жағынан саралай келсек,
бұлардың да әр түрлі сөз таптарынан жасалатының байқаймыз.
Зат есім арқылы. Басқа сөз таптарына нда көрсеткіші жалғану арқылы
енді мұндай сөздер сын қимыл, мекен, мезгілдік, сипат алып, үстеу
қатарынан танылады. Мәдинаның еті әбден бабында піскен екен, шалдар жағы
дән риза, (Лен. Жас). Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында
болғаны (Абай) Сырламай сол қалпында ұсынайын, Кешір, дос олақ айтсақ мына
бізді(М.Әлімбаев). Ол басында күмілжіп ештеңе айта қоймап еді
(Қ.Жұмаділов).
Үстеу арқылы. Түбір сөз үстеудің өзінен болады да, -нда арқылы қосымша
мән алады.Қапыда өткен дүние-ай,Ақырында еш боды-ау, Ел үшін еткен
еңбегім(Махамбет). Ертеңінде ол жұмысқа шыққан жоқ (Қаз.мұғалімі).
-нда қосымшасы сан есімге жалғанғанда, бұлардың да арасында реттік сан
есімнің–шы-ші жұрнағы қолданылады: Бұл сөзде ақыл да бар, ғибратта бар .
Өзіңе екіншіден пайда болар(Абай).
Біздің жоғарыда талдаған сөйлемдерімізде –да жалғауы аралық дәнекер –н
арқылы үстемеленсе, төмендегі мысалдардан –ғы арқылы жалғанатынын
байқаймыз. Мұның өзінен –да сөзжасамының түбір сөзге бірден жалғануымен
қатар осылайша басқа бір көрсеткіштер арқылы сатылай қолданатынын да
байқауға болады. –ғы +да түрінде келген осындай құбылыс көбінесе үстеу
түбірлі сөздердің өзінде болады. Мұрат алғашқыда немістердің бұл әрекетін
түсіне алмайды (Т.Ахтанов). Бүгерім жоқ, әдепкіде ағамнан айбындым, айта
алмай біраз жүрдім (Н.Сералиев). Жоғарыда талдаған үстеу сөздердің
қолданысынан басқа (қысында, баяғыда) –да жалғаулы үстеулер –тын, -ар,+ман
аффикстерінен де кейін жұмсалады: Бұл сөз бертінде ғана өз орнында
қолданылып келеді(Тарту). Әкем жас күнінен аңшылықты кәсіп қып, бертінде
ғана қойған екен(С.Мұқанов) . Ұрлықпенен қулыққа Байлағанда кестің бау.
Берерменде бесеусің. Аларманда және алтау (Абай).
Сөйтіп, -да көрсеткіші әр түрлі сөз таптарына жалғанып, үстеу
жасауда айрықша қызмет атқарады. Бұл ретте ол, жоғарыда байқалғандай, түбір
сөзден кейін, не болмаса араға басқа бір қосымша салып жалғанады.
Сондай-ақ әдеби тілімізде –да қосымшасы өзінен кейін де басқа бір
көрсеткішті (-ғы) қабылдай береді. Мұндайда негізгі сөз көбінесе есімдік,
көмекші есімдерден болады да, туынды түрімен мезгіл, мекендік ұғымдарда
жұмсалады. Әсіресе, соңғы –ғы қосымшасы осындай мәндік ұғымдарды саралай,
нақтылай түседі: Ақпан мен Баймағамбет екеуің Амангелдіге барып, мұндағы
хабарды білдіріңдер(С.Шәріпов). Жанат алдағы жиналыста жасайтын баяндамасын
жазып бітіріп, әкесінен бірер мәліметті алуға тосқан еді(Ғ.Мұстафин).
Осындағы үстеу сөздерде –ғы жұрнағы міндетті түрде айтылу керек. Сөйлемді
егерде осы қосымшасыз айтатын болсақ, мағыналық әрі стильдік жағынан
орашолақтық байқалар еді. Алайда осы типтес кейбір сөйлемдегі үстеуді –ғы
қосымшасынсыз да айтуға болатын тәрізді. Мен сіздің анадағы бір айтқан
сөзіңізді әлі ұмытқаным жоқ (С.Бегалиев).
Тұлғасы жағынан сырттай қарағанда, бұл көрсеткіш те бір кездерде барыс
септігі болып танылғанымен, үстеу сөздердің құрамында ол жігі ажырамастай
түбір морфемамен қатар қарастырылады. Басқаша айтқанда, осы туындының өзі
жалғанған сөзімен бір тұтастыққа үстеу болып келеді. Сондықтан да осындай
құрылыста келген үстеулердің табиғаты талданғанда, кірігіп кеткен сол
тұтастық қалпы есте сақталады. Талданылып отырған бұл көрсеткіш те көбінесе
үстеу сқздердің өзіне жалғанып, мезгілдік өатынаста жұмсалады. Менен әзірге
сырыңды жасыра тұр, түбінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz