Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
Кіріспе
1. Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
1.1 Шетелдегі азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар
1.2 Азаматтықты алу және айырылу тәсілдері
2. Жеке тұлғалардың және олардың құқықтық мәртебесі
2.1 Заңды тұлғалардың құқықтарымен міндеттері
2.2 Азаматтармен бодандар азаматтардың мәртебелеріндегі айырмашылықтар
3. Ақш және қазақстанның жеке тұлғаларының құқықтық мәртебесінің айырмашылықтары
3.1 Екі елдің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетел азаматтарының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығынан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығында баяндалған ережелерден басқалары белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ азаматтар, шетелдік ұйымдар мен халықаралқ ұйымдар өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР соттарына жүгінуге құқылы. Шетелдік тұлғалар ҚР азаматтарымен және ұйымдарымен бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін орындайды. Соттарда шетелдік тұлғалар қатысатын істер б-ша сот ісін жүргізу осы кодекске және өзге заңдарға сәйкес ж.а. Шетелдік тұлғалар азаматтық процессте жалпы негізде талапкер болып қана қоймай, жауапкер, үшінші тұлғалар немесе істе өзге де процесс. Жағдайда иеленуге құқылы. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі олардың жеке заңы б-ша белгіленеді. Азаматтың жеке заңы өзі азаматы болып табылатын мем-ң құқығы б.т.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы- 30 тамыз 1995 ж.
2. 1991 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған"Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы" Заңы
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы,Ерекше бөлім).: 2000 жылғы 1 сәуірге дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасы –Алматы: Жеті жарғы, 2000.
4. Сапарғалиев Ғ.С Ибраева А.Е .Мемлекет және құқық теориясы А,.1998ж
5. Ғ.С,Сапарғалиев . Қазақстан республикасының конституциялық құқығы А, 1998 ж
6. Азаров А.Я. Права человека. М., 1995. Даниленко Г.М. Международная защита прав человека. М., 1998 ж.
7. Журсимбаев С. Права человека в международно-пра¬вовых актах и Конституции Казахстана. Астана, 1998 ж.
8. Искакова Г.К. Права человека в Казахстане. Алматы, 1999 ж.
9. Николайко И.В. Права человека и система ООН. Киев, 1991 ж.
10. Основные международные документы по правам че¬ловека. Материалы и комментарии. Алматы, 1998 ж.
11. Права и свободы человека в Казахстане. На основе материалов Международной конференции.Астана, 18-19 июня 1998 г.Алматы, 1998.
12. Права человека как фактор стратегии устойчивого развития. Под редакцией Лукашевой Е.А. М., 2000 ж.
13. Права человека. Учебное пособие. Под ред. Сарсенбаева М.А., Алматы, 1999 ж.
14. Развитие национальных учреждений по правам челове¬ка в Казахстане на основе материалов Международного семинара 2—4 сентября 1999 г., Астана, Алматы, 1999.
15. Между¬народные акты о правах человека. Сб. документов. М., 1998 ж.
16. Мемлекет және құқық негiздерi: Қураст. Е. Баянов. – Алматы: Жетi жарғы. 2001 ж.

Мазмұны
Кіріспе
3
1. Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
5
1.1 Шетелдегі азаматтар, азаматтығы жоқ тұлғалар
10
1.2 Азаматтықты алу және айырылу тәсілдері
14
2. Жеке тұлғалардың және олардың құқықтық мәртебесі
17
2.1 Заңды тұлғалардың құқықтарымен міндеттері
21
2.2 Азаматтармен бодандар азаматтардың мәртебелеріндегі айырмашылықтар
26
3. Ақш және қазақстанның жеке тұлғаларының құқықтық мәртебесінің айырмашылықтары
28
3.1 Екі елдің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері
28
Қорытынды
34
Пайдаланған әдебиеттер
35
Кіріспе
Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетел азаматтарының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығынан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар жарлығында баяндалған ережелерден басқалары белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ азаматтар, шетелдік ұйымдар мен халықаралқ ұйымдар өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР соттарына жүгінуге құқылы. Шетелдік тұлғалар ҚР азаматтарымен және ұйымдарымен бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін орындайды. Соттарда шетелдік тұлғалар қатысатын істер б-ша сот ісін жүргізу осы кодекске және өзге заңдарға сәйкес ж.а. Шетелдік тұлғалар азаматтық процессте жалпы негізде талапкер болып қана қоймай, жауапкер, үшінші тұлғалар немесе істе өзге де процесс. Жағдайда иеленуге құқылы. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс жүргізуге әрекет қабілеттілігі олардың жеке заңы б-ша белгіленеді. Азаматтың жеке заңы өзі азаматы болып табылатын мем-ң құқығы б.т.
2. сұрақАзаматтық сот өндірісінің мақсаттары мен міндеттері.
Сот ұйымдар мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді өз уақытында және дұрыс шешуі тиіс. Азаматтық сот өндірісінің осы тапсырмаларда орындауы азаматтардың құқықтар мен ар-намысты, абыройды құрметтеуі, азаматтардың дәл және мүлтіксіз заңды орындап тәрбиелеуге, қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік әділеттік принциптерін бекіту, құқықтық мем-ті, заңдылықты нығайтуға әкеліп соғады.
3. Ерекше талап өндірісінде қаралатын азаматтық істер
Ерекше талап өндірісі - бір тарап жеке немесе заңды тұлға болатын, ал екінші тарап міндетті түрде мемлекеттік билік органы немесе лауазымды тұлға болатын материалдық құқықтық дауға байланысты туындайтын азаматтық істер қаралатын өндіріс.
Ерекше талап өндірісінің талап өндірісімен ұқсастығы - олардың екеуінде де материалдық құқықтық даудың болуы сипатталады. Ал, айырмашылығы - талап өндірісі талап арыздың негізінде қозғалатын болса, ерекше талап өндірісі шағым және арыздың негізінде қозғалады. Сондай-ақ, ерекше талап өндірісінде бір тарап реінде әрдайым мемлекеттік орган немесе лауазымды адам қатысады.
Ерекше талап өндіріснде қаралатын азаматтық істерге: сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша қозғалатын істер; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша қозғалатын істер; мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне дау айту туралы іс бойынша қозғалатын істер; нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша қаралатын істер; прокурордың, органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттері заңсыз деп тану туралы жүгінуіне байланысты азаматтық істер қаралады.
1. Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
Конституцияның маңызды ерекшеліктерінің бірі - адам мен азаматтарының құқықтық мәртебесін жариялауы болып табылады.Біз көптеген елдердің конституцияларының мазмұнын салыстырмалы-құқықтық талдау әдісімен зерттеу нәтижесінде (Ресей, Болгария, ҚХР, ФРГ, Түрікменстан, Бельгия елдері, Украина, Қырғызстан Республикасы, т.б.) жазба конституциялардың бәрінде де, әдеттегідей, адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен міндеттері белгіленіп, бекітіліп берілетініне көзімізді жеткіздік.Мәселенің шындығын айтар болсак, Өзбекстан Республика - сы Конституциясының 25-бабында (1992 ж.): "Әркімнің бостандыққа құқы бар және дербес құқыққа ие" - делінсе, 43-бабында: "Өзбекстан халқының тарихи, рухани және мәдени мұраларын әрбір азамат қорғап, сақтауға міндетті"- делінген, Пакистан Ис - лам Республикасы Конституциясының II бөлімінің 9-тармағында (1956 ж.): "Моральдық немесе көпшіліктік тәртіпті сақтау мақсатында занда қарастырылған әрбір ақылға қонымды шектеулерді сактай отырып, барлық азамат бейбіт, қарусыз топтасуға құқығы бар" - делінген.
Испанияның 1978 жылы қабылданған Конституциясының 15-бабында: "Әркімнің өмір сүруге, физикалық және моральдық тұрғыдан тұтасты болуына құқы бар және еш уақытта да қинап, қорлауға, адамдық қасиетін таптайтын жазалауға жол берілмейді. Тек соғыс кезіндегі ерекше жағдайда болмаса, әскери-қылмыстық заңдарда қарастырылған, өлім жазасына тыйым салынады".Ресей Федерациясы Конституциясынын (1993 ж.) 25-бабында: "Соттың шешімінсіз немесе федеральдық занда қарастырылған жағдайлардан өзге кезде ешкім біреудің үйіне, еркіне қарсы, басып кіруге құқы жоқ" - деп жазылса, ал Словакия Конституциясында (1992 ж.): "Міндеттерді тек құқық пен бостандықтың негізін сақтай отырып тек заң негізінде, тек соның шеңберінде бекітуге болады" - делінген.Дегенмен де, мынандай жәйтті де ескерте кеткеніміз жөн. Конституцияларда адам мен азамат мәртебесі құқығы арасында айырмашылық белгілері де болады. Мұны ажырату қиынға соқпайды. Өйткені әрбір заң шығарушы бұл үшін мәтінде консти - туция баптарына сәйкес тұжырымдарды пайдаланады. Мысалы, адам кұқы мәртебесіне қатысты: "Әрбір адам", "бәрі", "бірде-бір адам" "ешкім", т.с.с, ал азамат мәртебесі құқына қатысты: "азаматтың құқы бар", "азамат міндетті", "азаматтарға кепілдік береді" сияқты т.б. тұжырым, түсініктер пайдаланылады. Осында тағы бір нәрсені айту маңызды. Мысалы, ФРГ, Испания, Мек - сика елдерінің негізгі зандарында: "азамат", "азаматтар" түсінігі орнына ұлтқа қатыстылығы: "неміс", "испан", "мексикалық" деп көрсетіледі. Әлбетте, ұлтына сілтеме жасау, оның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық тиістілігін көрсетеді, яғни, әңгіме оның азаматтығы жайлы болып отыр. Енді нақты мысалдарға жүгінейік. ФРГ-нің негізгі заңының (1949 ж.) 16-бабында: "... неміс азаматтығына ие болғандардың бәрі немесе 1937 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі Германия империясы аумағында тұрғандардың барлығының шетелдегі жұбайы не ұрпақтарының әрқайсысы, неміс ұлты ретіңде басқа жерге күштеп жер аударылған әрі босқын болып баспана тапқан неміс ұлтындағылардың бәрі, неміс болып табылады", - деп жазылған. Испания (1978 ж.) Конституциясынын 12-бабында: "18 жасқа жеткен испандықтар кэмелетке толады" - десе, Марокко корольдігі Конс - титуциясынын 5-бабында (1972 ж.): "барлықмарокколыктар заң алдында тен", - деп жазылған.
"Конституциялық құқық, бостандық, міндеттер әдетте төмендегі негізгі үш топқа бірігеді:
1 Жеке (азаматтық) құқық, бостандық, міндеттер (мысалы, жеке адам құқына қол сұқпаушылық, хат-хабар құпиялылығы, өз еркімен көңіл білдіру бостандығы, заңдарды сақтау міндеті, т.б.).
Саяси (мысалы, пассивті және активті сайлау құқы, жиналыс еркіндігі, отанды қорғау міндеті, т.б.).
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени (мысалы, еңбек ету қүқы, кәсіп таңдау еркіндігі, шығармашылық еркіндігі, салық төлеу міндеті, табиғатты қорғау, т.б.
Конституция әрдайым теңдік, бостандық және міндеттер құқығы тендігі принциптерін жариялайды. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 6-бабында: "Ресей Федерациясының әрбір азаматы оның аумағында барлық құқықтар мен бостандыққа ие болып әрі Ресей Федерациясы Конституциясында көрсетілгендей барлық міндеттер теңдей жүктеледі", - деп жазылған. Сондай-ақ, Конституцияда мемлекет тарапынан кұқық пен бостандықты шектеу мүмкіндіктері де айтылады. Мысалы, Хорватия Конституциясының (1990 ж.) 16-бабында: "Құқықпен бостандық тек заң арқылы ғана, басқа адамдардың бостандығы мен құқын, құқық тәртібін, қоғамдық мораль мен денсаулықты қорғау мақсатында, шектелуі мүмкін", - деп нақты көрсетілген. Ресейдің, Болгарияның, Өзбекстанның және т.б. елдердің Конституцияларында төтенше жағдайларда (соғыс, стихиялы бакытсыздық, жаппай тәртіпсіздік, т.б.) құқық пен бостандықтың кейбір тұстарына шектеу енгізу жақтары айтылған.Әлбетте, мұндай құқық пен бостандық шектеулері ақылға сыйымды да қисынды әрі жалпыға бірдей адам құқы декларациясы нормаларына сәйкес келеді. Осыған орай бұл декларацияның 29-бабының 2-тармағында: "Әрбір адам өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруда демократиялық қоғамдағы жалпы әл-ауқат пен қоғамдық тәртіпті, моральдің әділетті талаптарын қанағаттандыру, басқалардың кұкығы мен бостандығын танып, оны құрметтеуді қамтамасыз ету мақсатында ғана занда көрсетілген шектеулерге тартылуы мүмкін", - деп жазылған.Жазба конституциялардьщ бәрінде де мемлекет құқық пен бостандықты жариялай отырып іс жүзінде кепілдік береді. Әрине, мұндай маңызды мәселе казіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігінде (мысалы, АҚШ, Франция, Ресей, Англия, т.б.) соттарға жүктелген.
Әсіресе, адам құқығы жайлы парламенттің өкілетті институ - ты (омбудсмен, комиссар, медиатор, төреші, т.б.) аса үлкен маңызға ие. Қазіргі кезде мүндай институттар әлемнің 40-тан астам елдерінде (соның арасында Ресейде бар) құрылып, жүмыс істеуде. Мысалы, Ресей Федерациясы Конституциясының 103-бабына сәйкес, бұл адам қүқығы жөніндегі өкілетті орган болып табылады. Оған арнайы, "Парламент" жайлы әңгіме еткенімізде, кеңірек токталамыз.Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығының тағы бір беретін кепілдігі - маманданған заң көмегін пайдалану құқығы Көптеген конституциялар мемлекет тарапынан кепілдік берілетін адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілік тағайындайды. Біздің ойымызша кұқық пен бостандық жайлы нағыз кепілдіктерді мемлекеттің қарастыруы адам мен азамат құқы мәртебесін институттандыру құрылымының (мемлекеттердің негізгі заңдары) негізгі мәні - тек кана мемлекеттің азаматтық қоғам алдындағы белгілі бір міңдеттерін құжаттандыруды қарастыру ғана емес, сонымен катар адам мен азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігін ең аддымен мемлекеттің озбырлығынан шындап қорғаудың сенімді кепілдігін қалыптастыруы болып есептеледі. Міне, осы тұрғыда ерекше езекті Заң- І789 жылы Францияда қабылданған адам мен азамат құқығының Декларациясы Бұл Декларация әлі күнге дейін күшін жоғалтпай отыр. Декларация тек кез келген мемлекеттің басты мақсаты болып табылатын ажырамас әрі табиғи адам құқын қамтамасыз етуді жариялап қана қоймай, сонымен бірге көрсетілген кұқықтың басты құрамдарын: бостандық, жекеменшік, кауіпсіздік, езіп-жаншуға қарсы қарсылық сияқты т.б. нормаларды біржақты тұжырымдап берді.
Бұл Декларацияның сонымен қатар, американдық конституцияның мазмұнды да қуатты болып әрі жетіле түсуіне жағымды ықпал еткенін атап өтпеуге болмайды. Өйткені, 1787 жылы кабылданған АҚШ Конституциясында алғашқыда адам құқығы сөз болмаған еді, тек кейін, біраз жылдар өткеннен соң, 1791 жылы (құқық жайлы Билль) АҚШ Конгресі Конституцияға он түзету енгізіп бекіткен болатын.Әрине, белгілі бір мемлекет азаматтығына тиістілігіне қарай әрбір адам құқық, бостандық және міндет шеңберінде бағынышты болады.Сөйтіп, азаматтық-адамның белгілі бір мемлекетке саяси және құқықтық тиістілігін білдіреді. Соңдықтан да мемлекет өз азаматына құқық пен бостандық беріп, елден тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасайды. Азамат та өз кезегінде мемлекеттің барлық ережелерін сақтап, ондағы қаралған зандарды мүлтіксіз орындайды.
Мысалы, Қырғыз Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес Қырғыз Республикасына адамдардыңтиістілігі және оның мәртебесі азаматтығымен анықталады. Қырғыз Республикасының азаматтары Конституцияны, республика заңын және басқалардың құқығын, бостандығын, абыройы мен ожданын сақтауға міндетті.Қырғыз Республикасы азаматы болып танылғандардың бас - ка мемлекеттің азаматтығына тиістілігі танылмайды. Қырғыз Республикасының бірде бір азаматын өз азаматтығынан айыруға және өз азаматтығын өзгерту құқына тыйым салынады. Қырғыз Республикасы шеттегі өз азаматтарын қорғап, оларға қамқорлық жасайды. Осы іспетті ережелер, басқаша түрде берілгенімен Эстония, Болгария, Өзбекстан, Түркия, Польша және тағы баска көптеген елдердің конституцияларында да бекітіліп берілген.Шетелдіктер деп, басқа бір белгілі мемлекеттің аумағында тұрғанымен, бірак ол елдің азаматтығын алмағандарды айтады. Сөйтіп, шетелдіктерге баска елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.Азаматтық мәселелерін реттеу әрбір мемлекеттің ішкі конституциясына жататынын ерекше айту қажет. Гаага конвенциясының азаматтық жайлы зандар коллизиясына жататын (1990 ж.) тұжырымының өзінде-ақ: "Кім езінің азаматы боларын әрбір мемлекет өздерінің зандарына сәйкес анықтайды" деп жазылған. Сондықтан да әр түрлі мемлекеттердің азаматтық жайлы заңдарында әр түрлі қарама-қайшылықтар (коллизия) кездесіп қалады. Оны олар мемлекетаралык дәрежеде екі тарапты немесе көп тарапты келісімдер жасау арқылы шешіп отыруға тырысады. Мысалы, кос азаматтықты болдырмау және азаматтығы жоқ жайлы келісімдерді айтуға болады. Осы тұрғыдағы келісім ретінде 1995 жылғы Кдзақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халыкаралық-құқықтық актілерді: "Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшін келетін Қазакстан Республикасы азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін Ресей Федерациясы азаматтарына азаматтық алуды жеңілдету жайлы", сондай-ақ "Ресей федерациясы аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын Ре - сей Федерациясы азаматтарының құқықтық мәртебесі жайлы" келісім-шарттарды атауға болады. Мұндай халықаралық-құқықтық актілер қос азаматтықтың пайда болмауын алдын алады, сөйтіп Ресей мен Қазақстан азаматтарына осы аталған екі аумакта тұрақты тұру жайларын нақты анықтап, құқыктық мәртебе береді, әрі тіркеу барысында азаматтық алу тәртібін жеңілдетеді. Ресей Федерациясымен жасалған бұл келісім Ресейге, т.б. елдерге орыс тілді тұрғындардың жаппай қоныс аударуын тежейді. Әлбетте, бұл саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда ТМД республикаларындағы әлеуметтік шиеленісті бәсендетуде қолайлы жағдай туғызады.Мысалы, тек 1995 жылдың 9 ай мерзімі аралығында Қазақстаннан тысқары жаққа 251809 адам кетті. Мұның көпшілігі Қазақстанның Ресей Федерациясына эмиграция жасады.
Азаматтық алу-бұл болса да, азаматтық "қан құқы" немесе "тек құқы (негіз құқы)" принциптері негізінде алынады. Мұның алғашкысында туылған жеріне қарамай (мысалы, Эстония Респуб - ликасы Конституциясының 8-бабына сәйкес әрбір бала, ата-анасының бірі Эстония азаматы болып табылса, туылғаннан соң Эстония азаматы құқығына ие бола алады) ата-анасының азаматтығын алады, ал екіншісінде - ата-анасының азаматтығына қарамай, нәресте қайсы мемлекет аумағында дүниеге келсе (мы - салы, Мексика), сол елдің азаматы бола алады. Туылу жеріне орай азаматтық алуды шет еддерде - филиация, ал шетедціктерді азаматтыққа алуды-натурализация дейді. Бірақ, соңды жағдайда бірнеше шарттар сакталуы тиіс. Кейбір елдерде натурализация жасалынатын азаматтардың құқық шеңбері шектелуі де мүмкін. Мысалы, АҚШ Конституциясына сәйкес осы елдің Президенттігіне тек АҚШ-та туылған азамат сайланады, ал сенатор болу үшін 7 не 9 жыл АҚШ азаматы болу талап етіледі (яғни, Палата өкілдігіне мүшелікке немесе сенатор болып сайлану ушін АҚШ азаматтығы танылуы осы көрсетілген мерзімнен кем болмауы тиіс).Азаматтықты қалпына келтіру үшін азаматтар бұрын белгілі бір мемлекеттің азаматы болуы тиіс.Азаматтықты таңдау (оттация). Бір мемлекеттің аумағынан екінші бір мемлекет аумағына өткенде ғана жүзеге асырылады.Азаматтықтың тоқтатылуы мына кездерде жүзеге асырыла - ды: азаматтықтан шыққанда, азаматтығын жоғалтқанда, азаматтықтан айырғанда, басқа елдің азаматтығын таңдағанда (оттация) және т.б. себептермен.Азаматтығы жоқтық және көп азаматтылық. Азаматгығы жоқтық деп қандай бір мемлекетке тиісті азаматтығын көрсететін ресми құжаттарды ұсына алмауды айтады.Көп азаматтылықтың жиі кездесетін түрі қос азаматтық (бипатризм). Бұл жағдайда адам екі мемлекеттің азаматы болып есептеледі. Қос азаматтық, мысалы Австрия, Мексика, Польша, Канада, Испанияда орын алған. Мысалы, Испания Конституциясының 11-бабында: "Мемлекет Испаниямен ерекше байланыста болған не болып отырған Латын Америкасы немесе тағы басқа да елдермен кос азаматтық беру жайлы келісім-шарт түзе алады. Бұл елдерде испандықтарды өздерінің алғашқы азаматтығын жоғалтпай-ақ, тіпті бұл елдер өз азаматтары деп санамағанның өзінде де, екі тарап келісілген негізде қол астына алуларына болады".Литва Республикасы Конституциясының 12-бабында қарастырылған заң бойынша кейбір жағдайларда адамдарға бір мезетте Литва Республикасының және басқа да мемлекеттің азаматы болуға жол беріледі.Қазіргі кезде көптеген елдер кеп азаматтыққа әлі де теріс қарайды. Өйткені, бұл азаматтардың бұл жағдайда саяси құқықтары мен бостандығы шектеледі деп санайды. Қос азаматтық туралы пікір 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылғаны белгілі. Алайда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясында қос азаматтық шығарылып тасталды.Көп елдерде шетелдіктердің құқықтық мәртебесі негізінен өз азаматтары мәртебесіне теңестіріледі. Дегенмен, белгілі бір шектеулер де жоқ емес. Мысалы, шетелдіктер әскери қызметке шақырылмайды, сайлау құқын пайдаланбайды және т.б. Айталық, Болгария Конституциясының 26-бабында: "Болгария Республикасына келуші шетелдіктер, болгар азаматтығын жүзеге асыруды талап ететін конституция мен заңдардағы құқықтар мен міндеттерден басқа жағдайларда, Конституцияда көрсетілген барлық құқықтар мен міндеттерге ие" делінген.Құрама Мексика штаттары Конституциясының 33-бабында шетелдіктерге елдегі саяси істердің кез келгеніне араласуға тыйым салынған. Кейбір елдердін конституциясында саяси себептер нәтижесіне қарай шетелдіктерге баспана беру қарастырылған. Мұндай ережелер, мысалы, Ресей, Молдова Республикасы, Польша, Өзбекстан, Италия конституцияларында және Германияның Негізгі заңында көрсетілген. Алайда, саяси баспана беру деген сөз, тоқтаусыз азаматтық береді дегенді білдірмейді. Бұл екеуі мүлдем бөлек, өзара байланыссыз мәселелер әрі әр түрлі тәртіппен шешіледі.Кейбір елдердің конституциясы өз азаматтарын және өз аумағында заңды түрде тұрған шетелдіктерді жер аударуға тыйым салады. Сол секілді, халықаралық келісім-шарттарда қарастырылмаған болса, конституциялары бойынша басқа мемлекеттерге өз азаматтарын да, шетелдіктерді де беруге (экстрадиция) тыйым салынады. Мысалы, Беларусь Республикасы Конституциясының 10-бабы бойынша, Беларусь Республикасы халықаралық келісімдерінде қарастырылмаған болса, Республика аза - маттарын шетел мемлекетіне беруге тыйым салынған. Осы іспетті ережелер Болгария, Түрікменстан, Украина, Қырғыз Республи - касы, Испания, Дания, т.б. елдердің конституцияларында да қарастырылған. Ал, енді Мексика Конституциясына (33-бап) келеек, онда федеральдық атқарушы үкіметке (тіпті ескертусіз, алдын ала сот істерін жүргізбей-ақ) шетелдіктердің кез келгенін, ел ішінде болуын қаламаса, елден қуып шығуға құқық береді.

Шетел азаматтарыдегеніміз -- ол ҚР-ның азаматтығында жоқ және басқа мемлекеттің азаматтығында болатын тұлғалар.
Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп болған 1804 жылғы Француз Азаматтық кодексі онда шетелде жүрген ,Француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген.
Кейіннен ұлттық заң мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде де, 1896 жылы Герман Азаматтық заңында бекітіледі, ал Англо -- Американдық құқықтағы домицилий концепциясы басқа құқық жүйелерінен ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген, ал англо- саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша, пайда болу домицилиясымен (шыққан тегімен) таңдау домицилиясына бөлінеді.
Мысалы, некемен туған бала әкесінің домилициясына, некесіз туған бала шешесінің домицилиясына тиісті болады.
Дәл осылай отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Яғни жеке заң және domisilii заңы бойынша.
ҚР-ның Азаматтық Кодексінде жеке тұлғалардың жеке заңы атты арнайы 1094- бап бар.
ҚР-ның заңы бойынша, жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса, сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.
Адамның екі немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығының жеке заңы болып саналады.
Мысалы, Қазақстанның Австрия мен Турцияның Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес, егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса, оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.
ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар:
1. ҚР-ның аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі, яғни шетелдік азамат Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім шарттар жасасқаннан кейін, өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заң бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.
2. ҚР-сы аумағында шетел азаматының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет қабілеттілігін Қазақстандық құқықпен анықтайды.
3. ҚР-дағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды ҚР- ның заңнамасымен жүзеге асырады.
Шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ азаматтардың, яғни мигрантардың Қазақстан Республикасы аймағында уақытша тіркелуі үшін олардың төлқұжаттары немесе визалары негіз болады, Қазақстан Республикасы мемлекетаралық визасыз келу және болуы туралы келісімдері бар елдер, қабылдаушы жеке және заңды тұлғалардың немесе мигранттың жеке өтініш беруіне байланысты тіркеледі.
Тіркелу және болу мерзімдерін созылуы өтініш берілген күні рәсімделеді.
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуының созылуына өте қажетті жағдайда ғана рұқсат беріледі (яғни, шетел азаматының немесе жақын туыстарының науқасына байланысты, форс-мажорлық жағдайлар) міндетті түрде болған жағдайды құжаттарымен дәлелдеу қажет.
Қазақстан Республикасына келген мигранттар өздерінің құжаттарын қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғаларға тапсыруы қажет, ішкі істер органдарында тіркеуден өткізілгеннен кейін төлқұжаттары исіне қайтарылады.
Тіркеу мерзімі, қабылдаушы жеке, заңды тұлғалардың немесе мигранттың өтінішінде көрсетілген мерзімдерге тіркеледі, бірақ визада көрсетілген мерзімдерден аспауы керек. Сонымен қатар мигранттардың төлқұжаттарының мерзімінен тіркеу мерзімі созылмайды.
Қазақстан Республикасына шетелден келген азаматтар, егер Қазақстан Республикасымен мемлекет аралық визасыз келуі, болуы туралы келісім шарттары бар елдер отыз тәулікке дейін тіркеледі, ал Кедендік одақ мемлекет- мүшелері азаматтары - тоқсан тәулікке дейін тіркеледі, және көрсетілген мерзімге дейін созылады.
Білім алу мақсаты үшін келген мигранттардың төлқұжаттары бір жыл оқу мерзіміне тіркеледі.
Жұмыс бабымен келушілер алты айдан немесе одан жоғары мерзімдерге тіркелу үшін, қабылдаушы жұмыс беруші мекеменің жазба түрінде қолдаухаты(өтініші), еңбек келісім шарт көшірмесі және 3,5х4,5 см фотосуреті, сонымен қатар дәрігерлік анықтама (ден-саулық органынан кеуде клеткаларының флюрографикалық тексеру нәтижесі, ЖИТС инфекциясы анықтамасы), т.с.с., қажетті құжаттар.
Миссионерлік іс-әрекеттерімен, сол сияқты әлеуметтік немесе қолдау көмек көрсету мақсаттарымен келген шетел азаматтары, ішкі істер органдарына жалпы негізде көрсетілген тәртіпке сәйкес тіркеледі, сонымен қатар жергілікті уәкілі мемлекеттік религия іс-әрекеттерін бақылау органына есепке тұрады.
Қазақстан Республикасында уақытша келіп тіркелген мигранттар мекен-жайларын ауыстырған жағдайда, олардық қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалары жазбаша түрде мигранттардық мекен-жайлары ауыстырылғандығы туралы үш күннің ішінде ішкі істер органының көші-қон полициясы бөліміне хабарлауы қажет.
Мигранттар уақытша немесе тұрақты мекен жайларын өзгерткен жағдайларда үш күннің ішінде қайта тіркелуі қажет.
Қазақстан Республикасында мигранттардың заңға қайшы, тіркелусіз болғандығы анықталған жағдайда, олардың тіркелуіне көші-қон полициясы қызметкерлерінің баянаты негіз болады.
Жергілікті көші-қон полициясы бөлімінде уақытша келіп тіркелген мигранттарды, ішкі істер Басқармасы басшылығы арқылы, тіркелген мерзімдері көрсетіліп оларды мекен-жайлары үшін тексеру үшін учаскелік полиция қызметкерлеріне хабарлама жолданылады.
Егер, мигранттардың Қазақстан Республикасында рұқсат берілген мерзімдерінде қайтудан жалтару деректері анықталған болса, оларға учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік хаттама толтырып әкімшілік жауапкершілікке тартып, тіркелген мекен-жайы бойынша көші-қон полициясы бөліміне хабарлайды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен шет шығарылған мигранттардың Қазақстан Республикасынан шет шығуын учаскелік полиция инспекторлары бақылау жүргізіп, қолдау көрсетеді.
Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтар және оларды қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалар, сонымен қатар жұмыс беруші жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына қайшы келетін заң бұзушылықтарға жол берсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 01 қаңтарынан күшіне енген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне немесе Қылмыстық кодексінде көрсетілген бабтарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген әкімшілік жауапкершіліктер;
517-бап Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы - ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы - ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы - он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы - жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және
бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматгығы адамның мемлекетпен тұракты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болу, азаматтығын алу, азаматтығына қабылдау, азаматтықты тоқтату, азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылудың негіздерін және тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері. Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша; 2)Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша; 4) Қазакстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы №1017-ХІІ ҚР Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. Азаматтыкқа қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтініш беру арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары. Қазақстан Республикасынын азаматтығына: 1) Қазақстан Республикасының аумағында занды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады. Қазақстан Республикасынын, азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабілетін жоғалтқан не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және Қазақстан Республи - касы алдында ерекше еңбек сіңірген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақ-стан Республикасына қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген шарттардың болуы талпап етілмейді;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының ішіңде жақын туыстарының бірі -- баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасыңда тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.
Міндетті әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшілердің азаматтығы мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы азааматтығына қабылдаудан бас тар - ту негіздері. Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам:
1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
3) мемлекет қауіпсіздігіне, халыктың ден-саулығына нұқсан келтіретін құкыққа қарсы іс-әрекет жасаса;
4) мемлекетаралык, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса;
6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;
7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша осы Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін. Азаматтықты қалпына келтіру азаматтықтан шыкқан бес жыл уақыт ішінде Президеттің атына өтініш жазу арқылы қалпына келтірілуі мүмкін.
Азаматтықты тоқтату негіздері. Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
Азаматтықтан шығу. Қазақстан Республикасы Президентінің атына өтініш жазу арқылы азаматтардың өз еркімен азаматтылығының тоқтатылуы. Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Занда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Рес - публикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзіңце күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе ол адамныңт Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Рес-публикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
Азаматтықтан айырылу. Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралык шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юсти - ция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; 3) Қазакстан Республикасының мемлекетаралык шарттарында көзделген негіздер бойынша; 4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдык есепке тіркелмесе; 5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады. 14 жасқа дейінгі балалардың азаматтығы ата-аналарының азаматтығымен анықталады. 14-18 жасқа дейінгі азаматтардың азаматтығы олардың келісімімен өзгертіледі.
Азаматтық -- адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. [[Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды" делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.)
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) "Азаматтық туралы заңы" бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.

Әрбір тұлға коғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) коғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет - лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон мәртебелік жиынтық деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің әз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың, ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. Бір адам әртүрлі адамдарға қатынасына сәйкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінін балалары үшін - әке, ал өзінің анасы үшін ол - ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның коғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы кызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бұдан да басқа варианттары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.
Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат коғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, әзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен катар кәсіптік, экономикалық, саяси, демографиялық, діни және қандас - туыстық негізгі мәртебелердің бір түріне жатады. Бұлардан басқа көптеп саналатын эпизодтық негізгі емес мәртебелер де бар. Мұндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана кезегінде тұрушының және т.б. жатқызуға болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар. Мұндай мәртебені алып жүрушілердің құқықтары мен міндеттері көбінесе тіркелмейді. Оларды анықтау да өте киын, айталық, жаяу жүрушінің мәртебесі. Бірақ мұндай мәртебелер бар, олар адамның бастысына болмаса да, екінші қатардағы жүріс-тұрыс, ойлау және сезім белгілеріне ықпал етеді. Мысалы, профессор мәртебесі осы адамның өмірінде кәп нәрсені анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі - жаяу жүруші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншісінен мәнді өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін болса, міндетті түрде екінші бір мәртебені иемденеді.
Индивидтің коғамдағы немесе топтағы сыртқы жағдайы үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі (немесе алшақтауы) деп атайды. Индивид кептеген мәртебені иеленеді және көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес: коммерсанттар сантехниктерден немесе өр түрлі жұмыскерлерден жоғары бағаланады; еркектердің өндіріс саласында әйелдерге қарағанда үлкен әлеуметтік салмағы бар; негізгі ұлтқа жатумен аз ұлттарға жату бірдей емес.
Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулерді басқаларға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Мұндай иерархиядағы орынды ранг деп атайды. Ол жоғарғы, ортаңғы немесе төменгі рангқа бөлінеді. Иерархия бір коғам шеңберінде топтар арасында (мұндайда иерархияны топаралық деп атайды) және бір топтың шеңберінде индивидтер арасында (топ ішінде) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz