1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 1929-1933 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс.
1. 1 1929-1933 жылдағы экономикалық дағдарыс: себептері және барысы . . . 6
1. 2 Ф. Д. Рузвельттің биліке дейінгі өмір жолы . . . 9
1. 3 1932 жылғы сайлау науқаны,
Ф. Д. Рузвельттің сайлау бағдарламасы және билікке келуі . . . 13
2 «Жаңа бағыт» бағдарламасы: жетістіктері мен кемшіліктері.
2. 1 Ф. Д. Рузвельттің алғашқы «жүз күні» . . . 15
2. 2 «Жаңа бағыттың» әлеуметтік- саяси реформалары . . . 19
2. 3 «Жаңа бағытты» сынау . . . 26
Қорытынды . . . 30
Әдебиеттер тізімі . . . 32
Қосымша
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
XX Ғасырдағы АҚШ тарихындағы ең маңызды өтпелі кезең 1933 жыл. Бұл уақыт америка тарихын екіге бөлді. Егер 1933 жылыға дейін американдық қоғам классикалық капитализм бағытында болса, 1933 жылдан соң капитализімнің түбегейлі өзгеруі орын алды. Бұл өзгерістерге мемлекетпен қоғамның араласуы бұрынан келе жатқан процесс болғанымен тек осы уақыттан бастап жүйеге келе бастады. Бұл капитализмді өзгерту емес, оның тірегіне айналуы еді. АҚШ президенті Ф. Д. Рузвельттің атымен байланысты түбегейлі өзгерістердің басында радикалды өзгеріс алдында ол : «Адамзаттың тарихы мистикалық цикілде дамуда. Бір ұрпақтың қолынан көп нәрсе келгенімен, келер ұрпақтан сұраныс көп, ал қазіргі американдықтар өз тағдырларымен тоғысуда» [1] деген қаннаты сөзінен басталды. Экономикалық дағдарыстың басты себептері сұранысқа төлем мүмкіндігіне тауарларды қайта шығарудың қатынасы, қоғамдық капиталды өндірудегі процесстердің бұзылуы, көптеген фирмалардың банкротқа ұшырауы мен жұмыссыздықтың көбеюі сондай ақ басқада әлеуметтік-экономикалық тоқыраулар болды. Жаңа заман тағыда жаһандық дағдарысқа ұшырады. Осы кездег тек тұлға ретінде ғана емес сонымен қатар мықты саясаткер ретінде Ф. Д. Рузвельт өте үлкен қызығушылық танытады. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбын өзекті деп қарауға болады. Жұмыстың басты мақсаты 1929-1939 жылдардағы АҚШ-ғы «Жаңа бағытпен» Рузвельттің саясаттының мән-мағынасын түсіну және оның салдарын корытындылай зерттеп нәтижесіне баға беру.
Тақырыптың тарихнамасы
КСРО өмір сүріп түрған кезеңде дүниежүзінің алып мемлекеті Америка Құрама Штаттары туралы қызығушылықтар нәтижесінде көптеген зерттеулер дүниеге келген. Ол зерттеулер Кеңестік құрылысты асыра дәріптеп АҚШ-тың шын тарихы бұрмаланған. Солай бола тұрса да елдің өміріндегі президенттердің атқарған қызметтері тарихтан алып тастау мүмкін емес еді. Курс жұмысын жазу барысында негізінен орыс тарихшыларының еңбектері мен әдебиеттері қолданылды. В. Л. Мальковтың «Жаңа бағыты» атты еңбегінде АҚШ-тың «Жаңа бағыты» туралы толық мәліметтер берілді. Сондықтан автор Рузвельттің «реформалар жинағын» сипаттауда толығымен осы еңбекке негізделді. Сонымен қатар бұнда «Жаңа бағыттың» әлеуметтік-экономикалық саясаты да нақты сипатталған. Осыған тағы да Т. В. Галкованың «Социально-экономическая политика правительства Ф. Рузвельта на завершающем этапе нового курса» атты еңбегін де қосуға болады. Бұл әдебиет біршама өзгеше мәліметтер берді. Оның ішінде «Жаңа бағыттың» не себептен құлдырап, заңды күшін жойғандығы туралы сауалдарға осы еңбектің көмегімен анық көрсетті. А. С. Маныкиннің «Эра демократов» атты еңбегі АҚШ-тың жалпы саяси жағдайын суреттеген. Ал, АҚШ-тың сыртқы саясаты А. И. Уткиннің «Дипломатия Франклина Рузвельта» атты еңбегінде толық зерттелген. Сонымен қатар, В. Л. Мальковтың «Франклин Рузвельт. Проблемы внутренней политики и дипломатии: Историко-документальные очерки» еңбегі құнды материалдар берді. Жұмысты қарастыру барысында В. Л. Мальковтың «Новый курс» в США», «Путь к императорству: Америка в первой половине XX века» ғылыми еңбектері негізге алынып, қарастырылды.
Мұнда автор, Ф. Рузвельттің саяси портретін суреттей отырып, Құрама Штаттардың бүкіл саяси тарихын көрсетіп, жан - жақты талдауға тырысқан. Ф. Рузвельттің өмір баянын суреттеп, оның жан - жақты саяси қайраткер болып қалыптасуның алғы - шарттарын іздеуге тырысқандығы байқалады. Мұнда ол оның әкесінің жоғарғы саяси элиталармен байланысы болғандығының арқасында ғана жете алды деген көзқарастан таймайды. «Новый курс» в США» атты еңбегі кеңестік идеология тұрғысынан жазылып, ал келесі еңбегі «Путь к императорству: Америка в первой половине XX века» атты ғылыми жұмысы «қырғи - қабақ соғыстан» кейін де шықсада автор мұнда сол баяғы анти батыстық немесе анти американдық бағытынан таймаған. Керісінше Ф. Рузвельттің капитализмнің негізгі жетекшісі деп бағалайды.
Дегенмен, ғалым - тарихшы Ф. Рузвельттің саяси портреті мен мемлекеттік қызметін жан - жақты талдап, негізгі іс - әрекеттерін көрсете алған. Мұнда оның өмірінен кездесетін қызықты дипломатиялық оқиғалар да суреттелген.
Келесі ғылыми жұмыстарға А. И. Уткиннің «Рузвельт» шығармасын жатқызамыз. Қарастырылып отырған жұмысқа осы автордың тұлға тарихына арналған бірнеше ғылыми мақалалары қолданысқа алынып, талдау жасалды.
Атап айтқанда А. И. Уткиннің «Рузвельт и белый Дом» [2], «Рузвельт: дорога к губернаторству» [3], сондай - ақ, «Новый курс» Рузвельта» [4] атты ғылыми мақалалары ерекше қолдауға тұрарлық. Ғалым кең мұрағаттық және шет ел тілдерінде (ағылшын, неміс) шыққан деректер негізінде үлкен жұмыс жасаған. Дегенмен, А. И. Уткиннің мақалаларының мазмұнын түсіну қиынға соғады, өте күрделі жазылған. Сонымен қатар, Н. Н. Яковлевтің «Франклин Рузвельт: человек и политик. Новое прочтение» 1975 және 1981 жылдары екі рет жарық көрген ғылыми монографиясын да атап кетуге болады. Н. Н. Яковлевтің бұл еңбектерінің тілі тартымды, әрі қызықты жазылған. Бір кемшілігі кеңестік заман идеологиясы өз іздерін көрсетіп қалып жатады.
Жұмысты қарастыру барысында бұданда басқа ғылыми мақалалар мен ғылыми монографиялар қолданылды.
Тақырыптың мақсаттар:
1. 1929-1933 жылдардағы дағдарысты зерттеу.
2. Ф. Рузвельттің саяси жолын анықтау
3. Ф. Рузвельттің «жаңа бағыт» реформасын талдау мен оның әлеуметтік экономикалық өзгерістерінің енуі. Тарихта тұлғалардың тарихы ерекше орынды иеленді. Әсіресе, мемлекеттік және саяси қайраткерлігімен ерекшеленген ірі саяси тұлғалар әрқашанда ел тарихында шешуші роль атқара білген. «Қырғи қабақ соғыс» жойылып, посткеңестік мемлекеттерде саяси идеологияның құрсауы тарих ғылымынан оқшауланғанан кейін, қазіргі заман тарихын зерттеуде, соның ішінде ірі саяси қайраткерлер мен олардың атқарған ісін жаңаша тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы туды. Осындай тарихи тұлғалардың бірі, есімі кеңес дәуірінде аса жоғары деңгейде айтылмай, айтыла қалса да тек сыни тұрғыда аталып келген Франклин Делано Рузвельт болды.
Ф. Д. Рузвельт (тарихи әдебиеттерде «Ф. Д. Р» деп атаған) . Құрама Штаттардың тарихында өз орны бар, мемлекеттің экономикасы мен мәдениетінің дамуына, әскери өндірістік кешенімен әлеуметтік деңгейін, көтеруге өз елеулі үлесін қосқан ірі мемлекет қайраткері. Ол бастапқыда әртүрлі қызметтерде, кейін саяси қызметке араласып, АҚШ - тың жоғарғы мемлекеттік басқару жүйелерінде ұзақ жылдар бойы қызмет жасады. Ал, 1932 - 1945 жылдары АҚШ - тың президентігіне алғаш ел тарихында 4 рет қатарынан президент болып сайланды. Франклин Рузвельт АҚШ - тың президенті бола жүріп, сол уақыттағы елдегі күрделі әлеуметтік - экономикалық қиындықтарға тап келіп сол қиындықтарды шешумен ерекшеленді. 1924 - 1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарымен күресіп, «жаңа бағыт» саясатын жүргізді. Осы саясатының негізінде ол Құрама Штаттарда бірқатар реформалар жүргізіп, елді үлкен қауіп - қатерден аман алып қалды. Міне, осындай ірі мемлекеттік, саяси қайраткердің өмірі мен мемлекеттік қызметін, және оның қоғамға әкелген өзгерістерін қарастыру бүгінгі таңдағы қазіргі заман тарихы ғылымындағы өзекті мәселелері болып табылады
.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- Ф. Рузвельт өмірінің басты кезеңдеріне: жастық шағын қарастыра отырып, болашағына әсер еткен алғы - шарттарды анықтау;
- Әскери-теңіз министрлігіндегі Рузвельтің қызметін қарастыра отырып, мұндағы атқарған қызметіне талдау ;
- Нью - Йорк штатының губернаторы болудағы саяси науқандарына, одан губернатор болғандағы іс - әрекеттерін көрсету;
- «Жаңа бағыт» арқылы АҚШ халқын қиындықтан алып шығудағы негізгі күрестеріне тоқталып, шынайы баға беру;
Жұмысты жазу барысында көп мәліметтер мен құжаттар интернет жүйесі арқылы алынды. Интернет жүйесі арқылы алынған мәліметтер меи материалдарда Франклин Рузвельттің өмірі, қайсарлығы, елдің тізгінін ұстанғандағы, табандылығы, бір беткейлігі шынайы тарихи құжаттар арқылы беріледі. Осы тақырыпты зерттей отырып мен бұл тақырып студент жастар үшін Америка Құрама Штаттатары, оның президенті Франклин Рузвельтке деген қызығушылығын арттыра түстіне сенемін.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.
1 1929-1933 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс.
1. 1 1929-1933 жылдағы экономикалық дағдарыс: себептері және барысы.
Әлем қайда бұзылсада, қауіп бүкіл әлемге төнеді.
Франклин Делано Рузвельт
1924 жылы АҚШ-та президенттік сайлау болып, республикалық партия екінші рет жеңіске жетіп, Кулидж президент болды. 1924 жылы АҚІІІ-та капитализм уақытша тұрақтану кезеңіне өтті. Буржуазияның саяси ықпалы күшейді. Ереуілдік қозғалыс жеңіліс тапты. Жалпы демократиялық қозғалыс сайлаудан кейін әлсіреді. Экономикалық өрлеу үшін АҚШ буржуазиясы қаржы бөлуге кірісті. Экономика құрылымын өзгертіп, ішкі өндіріске капиталды салып, жаңа технологияны енгізіп, өндіргіш күштің тез өсуіне жағдай жасады. Өнеркәсіптiң жаңа салалары: ауыр өнеркәсіп, автомобиль, машина жасау, энергетиканың дамуына көңіл бөлінді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру тез өсті. Мысалы: 1923 жылмен салыстырғанда болат қорыту 45 млн. т; 57 млн. т артты; электр энергиясы 71 млрд. квт. сағ, 117 млрд. кв. сағатқа өсті. АҚШ өнеркәсібі дүниежүзінде өндірілген өнімнің 48%-ын шығарды. Сөйтіп, капиталистік елдердің арасында бірінші орынға шықты. Ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің өндіріске тез енгізілуі, автомобиль шығару, Америка қоғамының мақтанышына айналды. Автомобиль өндірісінің негізін қалаушы Генри Фордтың атыен шықты. Жаңа конвейерлік жүйенің енгізілуі, өндірістің үздіксіз жүргізілуі өндіргіш күштердің артуы, АҚШ-ты автомобиль шығарудан дүниежүзінде біріншi орынға алып шықты. Мысалы: 1913 жылы 485 мың, ал 1921 жылы, 1. 6 млн, 1929 жылы 5, 4 млн. автомобиль шығарылды. Форд автомобиль заводында кейбір кезде күніне 25 мың автомобиль шығарылатын болды. Өнеркәсіптің химия, самолет жасау, радиотехника салалары қарқынды дамыды. 1928 жылы капитализмнің тұрақтануы өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетті «Американдық гүлдену заманы басталды» деп түсіндірді АҚШ президенті Кулидж.
1928 жылы АҚШ-та кезекті президенттік сайлауда республикалық партия жеңіске жетіп Герберт Гувер елдің президенті болып сайланды. Гувер үкіметі сайлаушылардың үмітін ақтай алмады. АҚШ экономикасындағы дағдарыстандардың жолын іздеген «миллионер үкіметі» одан еңбекшiлiк арқылы шығудың жолын таңдады. «Қатал индивидуализм» идеясы елдің дағдарыстан мемлекеттік қолдау арқылы шығу жолынан бас тартты[] . Еңбекші халықты әлеуметтік жағынан қорғауға және жұмыссыздарға көмек көрсетуге қарсы болды. Гувер үкіметі реакциялық саясат ұстады. АҚШ фермерлерінiң талабын орындау үшін 1929 жылы маусым айында Конгресс арқылы «Ауыл шаруашылық тауарларын өткізу туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша федералдық фермерлердi басқару басқармасын құрды. Фермерлердің өнімдерін сатып алу және рыноктағы артық астықтың мөлшерін азайту үшін мемлекет т фермерлерге 500 млн доллар бөлді. Фермерлерден сатып алынған ауыл шаруашылығы тауарлары мемлекеттік қоймаларда сақталды. Қоймаларға 257 млн т. бидай, 1, 3 млн т. жиналды. Халыққа қажетті азык-түлік тауарларын базарға шығаруды тежеді. Халық арасында аштық басталды. Ұсақ және фермерлердің жағдайы нашарлады. Мемлекеттік қолдау саясаты уақытша ғана қолданылып, көп кешікпей тоқтатылды. Гувер үкіметі ішкі саясатта миллионерлерді қолдап, ірі монополия иелеріне жеңілдіктер жасады. Жеке меншік компанияларына жеңілдетілген несие берсе, корпорация иелеріне салық мөлшерін азайтты. Шет елдiң тауарларына баж салығын өсiріп, ірі өнеркәсіп монополиясы тауарларының бағасын көтерді. Ірі монополияларды мемлекеттік субсидия (көмек) арқылы қолдап отырды. Гувер үкіметі дағдарыс жылдарында мемлекеттік монополиялық саясатты жүргізуге мәжбүр болғанымен, оған шектеу қойып отырды. Бұл саясатты АҚШ-та кейіннен Рузвельт үкіметі толық жолға қоя алды.
Гувер үкіметінің сыртқы саясаты 20-жылдары басталған экспанциялық бағытта жүргізілді. Қаржы-ақша саясаты АҚШ-ң халықаралық қатынастағы орнын нығайтты. Шет елдерге АҚШ инвестициясы көптеп шығарылды.
1929 жылы шет елге шығарылған инвестиция мөлшері 16. 5 млрд. доллардан 27 млрд. долларға өсті. Американ капиталы Латын Америкасы елдеріне көптеп шығарылды. Бұл АҚШ монополистеріне шексіз пайда әкелді. Экономикалық экспансия саясаты бұл елдерде әскери бақылауын күшейтті. АҚШ үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан кейін Қытайда өз беделін көтеруге қол жеткізді. Бұл саясат Қытайда 1924-1925 жылдарда халық көтерілісінің басталуына әкеліп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың Еуропа елдерінде беделі нығая түсті. Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның экономикалық дамуын күшейтуі әсер етті. Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы АҚШ-тың гегемондық саясаты басталды. 20-жылдарда АҚШ өзінiң антисоветтік саясатын жалғастыра берді.
1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Біріншi дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд. доллар болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.
1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12. 4 млн. акция сатылса, бес күннен кейін 16, 4 млн. акция сатылды. Қағаз ақша құнсызданып, акция иелері 32 млрд. доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Ныо-Йорк қор биржасында 19 млрд. доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер етгі. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.
Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.
Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн. адамға жеттi. Жұмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегi қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ға қысқарды.
АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.
1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықтар өздерінің банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе бастады. Американың гүлдену дәуiріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне, көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.
АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайындық басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді. Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды. [5]
1. 2 Ф. Д. Рузвельттің билііке дейінгі өмір жолы.
Қалың қалтаның сыбдыры, аш қарынның дауысынанда қаттылығы
Адамдардың басты кемшіліші
Франклин Делано Рузвельт
Франклин Делано Рузвельт 1882 жылы 30 қаңтарда Гайд паркте ауқатты жер иеленуші және кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. Оның отбасы солтүстіктегі саясаткерлермен байланыстары болған. Олардың үйлері Гудзон өзенінің табиғаты жасыл жерде орналасқан. Оның арғы атасы Ван Рузвельт Америкаға ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген. Қазіргі Нью-Иорк ол кезде голландылық болып, Жаңа Амстердам болып аталған. Кейін оны ағылшындар басып алып, қаланың атын өзгерткен. Рузвельт ағылшын мәнерінде Рузвельт болып аталған. Оның екі немересі американ тарихында президент болды: Біріншісі президент Теодор Рузвельт. Ол 1901-1909 жылдары аралығында президенттік атқарған. Екіншісі-Франклин Делано Рузвельт. Франклин екінші некеден туған бала еді. Әкесі Джеймс Рузвельт 54 жасында өзінен 26 жас кіші Сара ханымға үйленеді. [6-12]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz