«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» БАҒДАРЛАМАCЫ
1 Түсінік хат
2 Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
5.6 жастағы балаларға арналған бағдарлама
3 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндігіне
сипаттама
4 Күн тәртібінің үлгісі
5 Ересектер тобының (5 жастан 6 жасқа дейін) базистік оқу жоспары
6 «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны
7 «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны
8 «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны
9 «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны
10 «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны
11 Ойын
12 Еңбек
13 Мерекелер және ойын.сауықтар
14 Қолданылған әдебиеттер
15 Қосымша

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау — уақыт сұранысына айналды. Ұсынылып отырған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық-педагогикалық және мазмұндық аспектілерін ашады және негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.
Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелігінің мүмкіншіліктерін ашуға, бала тұлғасын жан-жақты дамытуға, жалпыадамдық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік ортада оң қатынастарға қабілетті шығармашыл тұлғаны дайындауға бағытталған мектепке дейінгі ересек жас балаларын тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттарын шешуді көздейді.

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда
2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.
6. Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.
7. Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.
8. На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.
9. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.
10. Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.
11. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.
12. Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.
13. Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.
14. Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.
15. Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ
(5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН
ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН
БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ
БАҒДАРЛАМАCЫ
Астана — 2010
УДК 372.3.4
ББК 74.102
М 41
Құрастырушы-авторлар: Н.Л.Татаурова, И.А.Тирская, Т.А. Дрыгина, Г.Г.
корчевская, С.И.Шелипова, С.Г.Шақабаева., И.И.Митрофанова
Рецензенттер:
Б.А.Ердембеков, ф.ғ.д., СМПИ психологиялық-педагогикалық факультетінің
деканы
С.Г. нұрсейітова, Семей қаласы, №9 Айгөлек балабақшасының
меңгерушісі
М 41 Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Біз мектепке барамыз
бағдарламасы. – Астана, 2010. – 107б.
ISBN 9965-810-45-1
5-6 жастағы балалардың балалардың оқу тәрбие бағдарламасы баланың
тұлғалық дамуын және оның мектепке оқуға дайындығын қамтамасыз ететін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру ҚР МЖМБС
1,001-2009., Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының логикасында
мектепке дейінгі білім берудің базистік мазмұнын анықтайды.
Бағдарламаның мазмұны балаланың жеке жас ерекшелігін әлеуетін ашу
үшін жағдайлар жасауды, тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған білім
жүйесін қалыптастыруды, әлеуметтік ортада дұрыс қарым-қатынасқа қабілетті
шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуді қарастыратын мектепке дейінгі ересек жастағы
балаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатын іске асыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, педагогикалық
ЖОО мен колледждерінің студенттеріне ұсынылады.
УДК 372.3.4
ББК 74.102
ISBN 9965-810-45-1
© Мектепке дейінгі балалық шақ
Республикалық орталық, 2010
МАЗМҰНЫ
1 Түсінік хат 3
2 Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін 6
ұйымдастыру
5-6 жастағы балаларға арналған бағдарлама
3 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндігіне 8
сипаттама
4 Күн тәртібінің үлгісі 12
5 Ересектер тобының (5 жастан 6 жасқа дейін) базистік оқу жоспары13
6 Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны 14
7 Қатынас білім беру саласының базалық мазмұны 25
8 Таным білім беру саласының базалық мазмұны 30
9 Шығармашылық білім беру саласының базалық мазмұны 41
10Әлеуметтік орта білім беру саласының базалық мазмұны 53
11Ойын 59
12Еңбек 62
13Мерекелер және ойын-сауықтар 65
14Қолданылған әдебиеттер 66
15Қосымша 67
ТҮСІНІК ХАТ
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму
стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып
табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу
мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол –
үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы
мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа
мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық
үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен
қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек
жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау —
уақыт сұранысына айналды. Ұсынылып отырған Біз мектепке барамыз
бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың
психологиялық-педагогикалық және мазмұндық аспектілерін ашады және негізгі
құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.
Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелігінің мүмкіншіліктерін
ашуға, бала тұлғасын жан-жақты дамытуға, жалпыадамдық, ұлттық құндылықтарға
негізделген білім жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік ортада оң қатынастарға
қабілетті шығармашыл тұлғаны дайындауға бағытталған мектепке дейінгі ересек
жас балаларын тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттарын шешуді көздейді.
Негізгі міндеттері:
- бала бойында маңызды, шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға
мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік-даму ортасын құру;
- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала
әрекеті түрлерін қалыптастыру;
- ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде
тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпыадамдық, мәдени және адамгершілік
құндылықтарды дарыту;
- полиэтникалық және полимәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастардың
үйлесімділігін сақтауға негіз болатын ұлтаралық қатынас мәдениеті
негіздерін қалыптастыру;
- баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу
мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен мүмкіншіліктерін
пайдалану;
- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі
қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны
іске асыру дағдыларын жетілдіру;
- салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру мақсатында баланың
толыққанды физиологиялық дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы кеңістік құру;
- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін
дамыту;
- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды
ұйымдастыру мынадай негізгі педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді:
- мәдени сәйкестілік ұстанымы – аймақтық, ұлттық және әлемдік мәдени
құндылықтарды пайдалану арқылы балалар ұйымының жұмысын мәдени орталық
қатынас жасау арқылы ұйымдастыру;
- тәрбиелей отырып оқыту – баланың нақты ақыл-ойы мен тәжірибелік
әрекетін іске асыра отырып, оның бойына ұйымшылдық, тәртіптілік, ұқыптылық,
жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру;
- жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне байланысты қатынас жасау –
балалардың жасы мен субъективті тәжірибесіне сәйкес тақырып мазмұны мен
жұмыс тәсілдерін таңдау;
- жүйелілік – оқу материалын таңдау мен оны дұрыс жеткізу, оқыту мен
тәрбиелеу мазмұнын байыту;
- түйсіну мен белсенділік ұстанымы – балалардың оқу материалын дұрыс
түсінуі, қабылдауы мен ақыл-ойының, танымдық үдерісінің даму мәселелерін
қарастырады;
- қызметтік қатынас ұстанымы – оқыту мен тәрбиелеу үдерісін бала
әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формаларына танымдық компоненттерді
кірістіре отырып жүргізуді көздейді;
- адамгершілік ұстанымы – педагогтің бала пікірімен санасып, оның
сезімі мен көңіл күйін ескеріп, өзіне тең құқылы серіктес ретінде қабылдай
отырып, бойына жоғары адами құндылықтар – отаншылдық, туған жерге деген
махаббат сезімін дарыту;
- көрнекілік ұстанымы – оқытудың эмоционалдық және көрнекілік
технологияларын үйлесімді қолдану арқылы қоршаған әлемді қабылдау мен
тануға мүмкіншілік туғызу;
- креативтілік ұстанымы – мектепке дейінгі балалардың бойында бұрын
қалыптасқан дағдыларын өзіндік іс-әрекет жағдайларында қолдану
мүмкіндіктерін арттыру арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу. Сол арқылы қалыптан
тыс міндеттер мен проблемалық жағдайлардың шешімін өздігінен таба білу
қажеттіліктерін қолдап, одан әрі жетілдіруге ынталандыру.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың
қорытынды нәтижесі - үлкендермен және құрдастарымен қалыпты қарым-қатынаста
бола алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір
салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға дайын тұлғаны қалыптастыру болып
табылады.
Бағдарлама бес білім беру саласын қамтиды және мектепте білім алуға
бағытталған баланың әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.
Әр саланың мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға
бағытталған:
- денсаулық сақтау;
- коммуникативтік-тілдік;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік.
Бағдарламаның мазмұнын іске асыру – белгілі бір мақсатқа бағытталған,
бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру
салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.
Денсаулық білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға,
салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға,
бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін
жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны,
міндеттері белгіленген.
Қатынас білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке
дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін,
мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды
меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған
жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.
Таным білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын
кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу,
қарапайым іздеу әрекеттерін меңгеру, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруі,
түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап
көрсетеді.
Шығармашылық білім беру саласында баланың әлемге деген эстетикалық
қатынасы мен ұлттық, классикалық және заманауи көркем құралдарының дамуымен
бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін
біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттерін қалыптастырады.
Әлеуметтік білім беру саласында - әлеуметтендіруді қоғамдық
қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени
тәжірибелерінің дамуы ретінде қарастырып, еңбек және білім-білік
дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның
әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта жұмыс атқарып, төрт
білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалардың әрекеттерін
түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен, құрбыларымен қарым-
қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын
қалыптастырады.
Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның
әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасау, қоршаған ортаға
қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік,
әлеуметтік ортаға бейімделушілік, ашықтық, икемділік сияқты мінез-құлық
негіздерінің төселуіне ерекше көңіл бөлінген.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін
ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды
дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
түрлеріндегі режимдік кезеңінің үдерісінде үлкендермен, құрдастарымен
мәдениетті қарым-қатынас жасауға әдеттендіру әрі қарай жалғаса береді.
Баланың денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын
жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-
шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру
керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін
шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орында өзін-
өзі ұстау тәртібі мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте
маңызды.
Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп,
дұрыс, дәл орындауын қадағалау керек. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы
ережелері бар қозғалыс ойындары ойнатылады.
Балалардың күнделікті өмір тұрмысын ұйымдастыру барысында өсіп келе
жатқан балалардың дербестігінің, өзінің және құрбыларының өзін-өзі ұстау
қабілеттерінің артқандығын сезіне білуі, яғни үлкендер жағынан қамқорлыққа
мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну
уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалыс
қызметін дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға
бөлінетін уақыт мөлшері артады. Осыған орай ересек топта ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін
бағдарламалық материалдар күрделене түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды
меңгерту барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика,
тіл дамыту) күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта
мейлінше сергек, әрі белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы
жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату
керек. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне сай, тиімді әдіс-тәсілдерді
қолдану керек.
Баланың эстетикалық танымын дамыту мақсатында көркем шығармашылық
әрекеттерді (драмалық ойындар, әртүрлі көріністерді сахналау, бейнелеу
өнері) түрлендіріп ұйымдастыру қажет.
Оқу мен ойын әрекеттерін де баланы жалықтырмайтындай тартымды,
мейлінше түрлендіріп ұйымдастырған жөн. Өйткені осы әрекеттер арқылы бала
жаңа ұғымдармен танысады, өзіне таныс емес заттардың қызметі мен оларды
қолдану тәсілдерін меңгереді. Сондықтан да тәрбиешінің алдында баланың
шығармашылығын, дербестігін, ерік-жігерін шыңдауға бағытталған түрлі
ойындарды ұйымдастырып, оны дұрыс, тиімді тәсілдермен жүргізу міндеті тұр.
Ересектер тобынан бала үстел ойындарын ойнау, түрлі суреттерді қарап,
суретті ойындардағы тапсырмаларды орындау, құрастыру мен мүсіндеу сияқты
келешек оқушыға қажетті әрекет түрлерімен айналысуға деген қызығушылықпен
шығуы қажет.
Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет
кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен
ерекшеленетін дамытушы орта құру — оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өте
маңызды рөл атқарады.
Пәндік дамыту ортасы балалардың бір-бірімен, үлкендермен қарым-
қатынасын дамытуға бейімделіп жасалады. Сондықтан ол балалардың
физиологиялық, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуын қамтамасыз
етуге қолайлы, әрі ыңғайлы болуы қажет.
Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы
керек. Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары
қалыптасады. Осы мақсатта әр түрлі еңбек әрекеттерін ұйымдастыруға болады.
Мәселен, шаруашылық-тұрмыстық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін
жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған жөн.
Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны
жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру қажет.
Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата-
аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші балаға
қатысты мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық
қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді
қатыстырып отыруы керек.
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІГІНЕ СИПАТТАМА
Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады.
Баланың денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см
артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг
жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.
Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары
жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып,
негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы
көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар
жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп
жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала
алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.
Бес-алты жасында саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен
қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қиып ала
алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін
сурет сала алады.
Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен
ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп,
қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың
әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың үлкендермен қалыпты жағдайдан тыс -
тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді.
Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен
қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың
үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады.
Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен
үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен
адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі
баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған
алаңдаушылығымен байланысты.
Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық,
ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя
алады.
Егер 4-5 жастағы балалар үлкендермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат
құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар
өзін-өзі ұстау ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.
Бес-алты жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалардың (бұл әсіресе
балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық
құбылыстарының ошағы болып табылады. Өзінің тартымдылығымен құрдастары
үлкендерді басып озып бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-
қатынастың негізгі мазмұны — іскерлік ынтымақтастығы мен біріккен ойын
әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы әсіресе, сабақ және ойын
әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап,
іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік
әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне онымен бірге
қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері
мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны
өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат
алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас
шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа
балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де,
құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын
қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен
жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қатынас
құзіреттілігі қалыптасады.
5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар ойнату арқылы тәрбиелеу мен оқыту
одан әрі жетіле түседі. Балалар сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы
қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан
құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап
тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың
мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады.
Қойылымда көрсетілетін әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай
қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы
керек.
Осы кезеңде баланың жаңа дағдылары мен білімдері, қалыптасқан тәртіп
ережелері мен психикалық үдерістері, қиялы, қарым-қатынас жасау дағдылары
мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет — сюжеттік рөлдік ойындар арқылы
қалыптасып, дамиды. Басқа әрекет үстіндегі баланың мінез-құлқы бұл әрекет
кезінде мүлдем басқаша болады. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін
байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есінде тез сақтап қалады. Ойын үстінде
басқалардың пікірімен санаса отырып, өз талаптарын да орындата алады.
Осылайша түсініспеушіліктерді шешіп, бірлесіп жұмыс жасайды. Басқаша
айтқанда, қарым-қатынас іскерлігіне үйренеді.
Осы кезеңдегі маңызды құрылымдардың бірі — өзін-өзі ұстау ережелері
болып табылады. Бала бұрын өзінің эмоцианалдық көңіл күйін кез келген
ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен
қағидаларын сақтайды. Дегенмен де, бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы
енді қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет өзін қалай ұстау керек деген
сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау
тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп
отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын
сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес,
ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де
сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы
түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен
келісуге, тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.
Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстау еркіндігі — бала психикасының дамуы мен
жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған
жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты
емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының бар саласында
көрініс табады және бекітіледі.
Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі
туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Тұрмыстық түсініктер бұл күнделікті
сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек
жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері
бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың
нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы
туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің
дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті
салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің мен-ін
жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.
Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген
балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық
сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде
байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы
мүмкін.
Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі
реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда
болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету
қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-
қатынасын құра алады.
Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және
әлем туралы алғашқы түсінігінің кескіні пайда болады. Алайда, бұл қисынды
түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана.
Көрнекі-бейнелік ойлау — ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол
тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне
бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі — ойын.
Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады.
Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды
құрылымдарының бірі — елестету арқылы іске асырады.
5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол
арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты
түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын
заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік
береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім
шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың
себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.
Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде
екендігін естен шығармауымыз керек.
КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ
Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа
шамаланған
Күн тәртібінің элементтері Уақыты
(сағ., мин)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! 7.30 – 9.10
Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік
гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Ойындар,
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық.
Ойнайық та, ойлайық Ұйымдастырылған оқу 9.10 – 10.10,
іс-әрекеті. 9.10 – 10.40
Табиғат аясында 10.10 – 12.50
Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру,
ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және
шынықтыру шаралары.
Ас — адамның арқауы 12.50 – 13.20
Түскі ас
Тәтті ұйқы 13.20 – 15.10
Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі
ұйқыға жатқызу.
Ұйқымызды ашайық 15.10 – 16.00
Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары.
Бесін ас.
Алақай, ойын! 16.00 – 17.40
Сюжеттік-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық
ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды
ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
Ас — адамның арқауы 17.40 — 18.00
Кешкі ас
Ертеңге дейін... 18.00 – 19.00
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың
үйге қайтуы.
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНЫҢ
(5 жастан 6 жасқа дейін)
БАЗИСТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ
№ Ұйымдастырылған оқу
Білім беру саласы іс-әрекеті
1 Денсаулық 3
2 Қатынас 3
3 Таным 3
4 Шығармашылық 5
5 Әлеуметтік орта 1
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі 15
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 25-30 минут
ДЕНСАУЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына
саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты
құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және физиологиялық
қасиетін қалыптастыру.
Мектепке дейінгі ересек жастағы Денсаулық білім беру саласының
базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері
арқылы жүзеге асады:
- дене шынықтыру;
- валеология.
Дене шынықтыру
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын
жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу,
оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.
Міндеттері:
- денсаулығын нығайту, балалардың жалпы физиологиялық жетілуін
жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру,
жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасау;
- күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау
дағдыларын қалыптастыру;
- физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттерін
дамыту, шыдамдылығын шыңдау;
- балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы ойын
техникасын меңгерте отырып, жаңа машықтарды игерту;
- балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру,
құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;
- жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға
бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай
жасау;
- белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке
қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі
гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың іскерлік пен
дағдыларын жетілдіру және бекіту.
Негізгі қимыл жаттығулары
Жүру:
- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен
жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;
- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;
- заттарды аттап, заттар арасынан;
- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);
- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;
- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;
- шашырап, заттар арасымен;
- жүгіруді алмастыра;
- адымдап алға қарай жүру;
- жыланша ирелеңдеп;
- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа
қолға ауыстырып қысқа және кең қадаммен;
- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып жүріп өту.
Жүгіру:
- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;
- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі бетке бұрылыс жасап;
- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп майда және кең қадаммен заттар
арасымен;
- заттар арасымен шашырап;
- жыланша ирелеңдеп, кедергілер арасымен;
- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып сапқа қайта тұрып;
- кедергілерден өтіп;
- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен — баяу, жылдам, орташа қарқынмен
тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;
- ұстап және айламен тосып алып;
- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;
- қиылысқан жерге дейін 320 метрге;
- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, арақашықтыққа (ұзындығы 20 м)
жүгіру;
- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен
алмастыру;
- мейлінше тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20
метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);
- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;
- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу);
- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).
Секіру:
- бір орында, алға қарай;
- тізенің арасын қос аяқтап қаппен;
- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттар
арқылы (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;
- жіптің үстінен;
- түзу бағытта (ара қашықтығы 6 м)
- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3
м);
- оң және сол аяғын кезектесіп;
- 20 см-ге дейін жоғарыдан;
- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);
- бір орыннан ұзындыққа (80 см-ден кем емес);
- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см-ден кем емес);
- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см-ден кем емес);
- шахмат тәрізді қойылған қырлы бөрене арқылы (арақашықтығы 50 см),
доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;
- зал ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа
алға жылжып;
- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ытқып-ытқып, бір аяқтан
екінші аяққа алға айналдырып және қос аяқтап ытқып секіруді алмастырып
алға, артқа секіру;
- теңселіп, айналып, бір орында тұрған секіртпемен;
- қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;
- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос
аяқтап;
- қос аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180
градусқа бұрылып секіру.
Лақтыру, қағып алу, домалату:
- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен
ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес) допты
қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;
- допты заттар арасымен және түзу бағытта домалату;
- 3-4 м арақашықтықта допты, қапты, тасты, асықты нысанаға дәлдеп
лақтыру;
- 3-4 м арақашықтықтан қапты тігінен иықтан асырып оң және сол жағымен
лақтыру;
- қапшықтарды себетке, алысқа көздеп тастау, бір қолымен қапшықты, екі
қолмен допты төменнен құрсауға лақтыру;
- допты екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра
лақтыру;
- тізбектеліп және тізерлеп тұрып допты екі қолымен бір-біріне басынан
асыра лақтыру;
- 3 м арақашықтықта тізбектеліп допты төменнен қос қолдап, кеудеден
және төменнен лақтырып, тосар алдында қолды шапалақтау;
- допты қос қолдап заттар арасымен (4-5 м арақашықта) алға қарай алып
жүру;
- алға қарай жылжып қос қолмен допты лақтырып қайта қағып алу
(арақашықтығы 4-5 м);
- сақинаны лақтыру арқылы таяққа кигізу;
- допты қос қолмен себетке лақтыру;
- шағын допты бір қолымен лақтырып, қос қолдап тосып алу;
- допты бір қолмен еденге ыршытып, қос қолмен тосып алу, бір қолымен
жоғары лақтырып, бір қолымен тосып алу.
Еңбектеу және өрмелеу:
- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан қолды еденге тигізбей, жанымен
еңбектеу;
- гимнастикалық орындық үстінде ішпен, арқаға қапшық қойып еңбектеу;
- еңкіш басқышпен өрмелеп гимнастикалық қабырғаға өтіп, одан қайта
түсу, гимнастикалық орындық үстімен еңбектеу;
- биіктігі 50 см доға астымен қолына допты ұстап, қатарынан қойылған 3-
4 доғаның астынан еңбектеу;
- қолды еденге, шеңбердің шетіне тигізбей топталып шеңбердің ішіне
кіру (биіктігі 50 см);
- кеглилер арасымен допты басымен итеріп еңбектеу;
- арқаға қапшық қойып еңбектеу;
- гимнастикалық қабырғаның басына дейін бір және бірнеше тәсілмен
өрмелеп, басқа аралыққа ауысып төменге түсу;
- доғаның астымен допты басымен итеріп еңбектеу;
- кедергілер арасынан және қолды еденге тигізбей доға астынан
еңбектеу;
- шығыршықтарды айналдырып, олардың ішіне кіру;
- сатының қырына қойылған тақтайшалар арасынан өту.
Тепе-теңдікті сақтау:
- заттар арасымен аттап жүру;
- кедергісі бар тақтай үстімен адымдап, аяқ ұшымен жүру;
- орындық үстімен, текшелерді аттап, толтырылған доптармен, әр қадам
сайын допты алға қойып, қолды арқаға немесе алдына ұстап, басына қапшық
қойып жүру;
- арқан бойымен қырынан, қосымша қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын
еденге);
- қабырғалы тақтай үстімен жүру;
- еңкіш тақтай үстінен сымбатын бұзбай жүру және жүгіру;
- еңкіш тақтай үстіне жүгіріп шығып төмен қарай адымдап түсу;
- еңкіш тақтай үстімен бір қырымен қосымша адымдап жүру;
- арқан бойымен басына қапшықты қойып, бір қырындап, қосымша адымдап
жүру;
- гимнастикалық орындық үстімен арақашықтығы баладан екі қадам алыс
қойылған толтырылған доптардан аттау арқылы жүру;
- көлденең және еңкіш бөрене бойымен жүру және жүгіру;
- бір-бірінің қолдарынан ұстап жұптасып айналу;
- Қарлығаш жаттығуын орындау.
Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:
- сапқа бір қатармен тұру;
- сап түзеп жүруден бір және екі қатармен қайта тұру;
- бір орында және қимыл үстінде оңға, солға бұрылу;
- қатарда – қолды алға, сап түзеп жүргенде және шеңбер жасағанда –
қолды жан-жаққа созып тік тұру;
- секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу;
- қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен және үш қатарға тұру;
- шаңғымен сапқа тізбектеліп тұру, адымдап қадам басу, бұрылу;
- жүру барысында жұптасып және қайтадан бір қатарға тұру;
- педагогтің тапсырмаларын орындай отырып саптағы бір қатардан үш
қатарға жүру, жүгіру кезінде ауысу, қимылдар жасай отырып екі қатардан бір
қатарға сапқа тұру;
- саптағы бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.
Музыкалық-ырғақты жаттығулар:
Музыка ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс
дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты
өкшеге кезектестіріп қойып, топылдату. Адымдап жүрелеп (тізесін бүгіп)
жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Жұптасып шеңбер
бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар ойластырып,
шығармашылық таныту.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Кеуденің алдында
тұрған қолды жан-жаққа созу, желкені ұстап тұрған қолды жоғары көтеріп, жан-
жаққа созу. Қолдың құлып болып ұстасқан саусақтарын жоғары алға көтеру
(алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және
кезектесіп көтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта
қою. Қолды алға шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың
саусақтарын ашып, жұму.
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден
алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-
тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және
басты иіп жүрелеп жүру. Алға және жан-жаққа ұмтылу. Ұсақ заттарды аяқтың
саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың ұшын тірей отырып өкшемен
таяқпен арқан үстімен бір жағымен аттап жүру. Таяқ, білікше бойымен
(диаметрі 6-8 см) табанның ортасына сүйене отырып бір қырындап өкшені
өкшеге қойып жылжу. Табанды майыстырып, түзеп, айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-
біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға
бетімен қарап тұрып белінің тұсына сай қолына рейка ұстап алға еңкейіп,
иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреп тұрып қолын белінің тұсына
сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгіп және тіке көтеру. Арқасына
ұстасқан қолдарын көтеріп алақанын еденге тигізіп, алға еңкею. Тізерлеп
тұрып, алға еңкейіп отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа
бұрылып затты алу. Арқасымен жерде жатып аяқты жоғары көтеру, велосипед
айдағандай аяқты қимылдату. Бір аяқпен тіреуішке сүйеніп, тіреуіштен
тіреуішке өту. Ішпен жатып, аяқты майыстырып, қайта жазу (алдымен бір
аяқпен, содан соң екі аяқпен бірге). Арқамен жату, одан кейін ішпен жатып
ауысу және керісінше. Ішпен жатып қолды жан-жаққа созып майыстыру және
иығын аздап жоғары көтеру.
Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолды орындыққа сүйеп, аяқты бірге
керіп тартылу 5-10 рет 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші
баланың аяғынан ұстап жүреді).
Денені нығайтуға (пресс) арналған жаттығулар. Жұптасып жасайды: қол
желкеде, арқамен жату, екінші бала бірінші баланың аяғына отырады (5-10
рет), гимнастикалық қабырғада қолымен ілініп тұрып, аяқтарын қосып, бұрау
(5-10 рет).
Арқаға арналған жаттығулар. Топтасып алға, артқа әткеншек жасап
домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен ішпен жорғалау.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен
сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен түсіп келе жатып тежеу. Бірін-
бірі сырғанату.
Сырғанау. Мұз айдынында екпіндеп келіп өз еркімен сырғанау. Сырғанау
кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар
орындау.
Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға
жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге
шаңғымен жүріп өту. Бір орында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа
шеңбер жасап тұру. Тіке аяқты алға шырша, жартылай шырша сияқты тастап
төбешікке шығу. Аласа тіреу бойымен төмен түсу. Өз еріктерімен шаңғы алып,
орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына алып жүру.
Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос
дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол
аяқпен итеріп самокатпен жүру.
Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары,
төмен). Судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын көлденеңінен
созып). Иекке, көзге дейін суға батырып отыру, суға бетті түгел батырып,
суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасын екі аяқтап күшпен
итеру жаттығуын жасау. Арқамен және кеудемен сырғанап, суға демін жіберу.
Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілімен жүзу.
Гидроаэробика. Ернеуде тұрып суда бұрылыс жасап секіру және басқа да
жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Спорттық ойындар элементі
Қалашық. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып бір қырынан таяқты
лақтыру. 3-4 пішіндерді білу. Қалашықты 2-3 м және 5-6 м аралықтан таяқ
лақтыру арқылы ұшырып құлату.
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң
және сол қолмен алып жүру. Кеуде тұсынан екі қолмен допты лақтыру. Ойынды
топпен игеру.
Бадминтон. Белгіленген жаққа ракетканың воланын тойтару. Тәрбиешімен
жұптасып ойнау.
Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Заттың
айналасына допты айналдыру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты
қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып допты аяқпен қатарынан
бірнеше рет қабырғаға соғып аяқпен бір-біріне беру.
Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны домалату.
Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне домалату.
Өзіндік қозғалыс іс-әрекетінің белсенділігін арттыру
Ойынды түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-
саймандармен, спорттық керек-жарақтармен жабдықталған қозғалыс әрекетін
дамытатын қозғаушы орта құру. Заводтық спорт құрал-жабдықтармен қатар
жүйелі түрде массажерлар, жүру мен жүгіруге арналған, ептілікті,
үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жөн.
Ойын алаңын басқа да ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп
ұйымдастыру керек. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі
жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет.
Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағынуға
үйрету.
Балалардың қалауы бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау.
Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын
жетілдіру. Серуендеу орынын дұрыс жабдықтау.
Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау,
шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол,
бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауға қолайлы жағдай туғызу керек. Ойын
алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.
Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет – қыста және
жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.
Валеология
Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта
арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау. Балаларды салауатты
өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, дене және сезім мәдениетіне
тәрбиелеу.
Міндеттері:
- балаларды валеология негіздерімен таныстырып, денсаулық туралы ғылым
- Валеология туралы түсінік беру;
- өзінің денесі, оны сезіну туралы түсініктерін қалыптастыру;
- өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен қарауға тәрбиелеу;
- салауатты өмір салты: өзіне күтім жасау, дұрыс тамақтану, аурудың
алдын-алу, табиғаттағы еңбек пен демалысты алмастыру іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
- қиын жағдайда көмек көрсету тәсілдерін үйрету;
- тұрмыста, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын
қалыптастыру.
Мазмұны:
Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары
Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты
температура ұстап отыру. Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн
сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.
Балалармен қарапайым су процедураларын өткізу. Біртіндеп судың
температурасын төмендету арқылы дене шынықтыру.
Аяққа дене температурасына қарсы су құю жаттығуларын жүргізу. Баланың
денесіне түгел су құю кезінде судың бастапқы температурасы 34-35°С, ақырғы
температурасы 22-24°С болады.
Балаларды гигиеналық талаптарға сай ашық өзен, көлдерде шомылдыру.
Шомылу уақытының ұзақтығын біртіндеп ұзартып, 8-10 минутке жеткізу. Судың
температурасын біртіндеп төмендетіп отыру.
Шынықтыру өткізу барысында дене шынықтыру құралдарын пайдалану -
баланың денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізілуі керек.
Ертеңгілік жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға
жаттығуларды реттілікпен орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа сәйкес тұру,
жәй қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген
тәртіп бойынша дем шығару жүйесі жаттығуларын жасау.
Жақсы дене сымбатын қалыптастыру мен аяқ табанының дұрыс қалыптасуына
көңіл бөлу.
Серуен кезінде жиналған іскерлік пен дағдыларды қолданып қимылды
ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге
үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат
ерекшеліктерін қолданып ойнауға үйрету.
Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын ойнауға үйрету.
Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.
Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 3 минут болатын сергіту сәттерін
ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу,
еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес
жаттығулар.
Дене шынықтыру сабағында құрдастарымен әсерлі қарым-қатынас жағдайында
өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі іс-әрекеттерінде шығармашылық
таныту.
Дене шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде ұжымдық ойындарға,
сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру.
Өзінің жетістіктерін, меңгерген қимыл түрлерін, ептілігін,
шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете білуге,
жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Жетістігіне қуануға, достық қарым-қатынасын нығайтуға, кішкентай
бөбектерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Ұқыпты тамақтану мен үстел басында өзін-өзі ұстау дағдыларын
жетілдіру.
Өзінің жеке бас гигиенасы дағдылары мен ережелерін сақтауы мен оны
орындауын қадағалап отыруға дағдыландыру.
Дене тазалығын сақтауға, қолын, аяғын жууға, тісін ұқыпты тазалауға,
ешкімнің ескертуінсіз-ақ тамақтанар алдында қолын жуып және тамақтанып
болған соң ауыз қуысын шаюға, бет орамалын уақытылы ауыстырып, үстін, шашын
ретке келтіріп отыруға, беліне дейін ылғалды сүртінуге дағдыландыру.
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары мен киіміне күтім жасауға
дағдыландыру.
Гигиеналық шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек
көрсетуін мадақтау.
Баланың шамасына қарай жұмыс түрлеріне (асханада, оқу бөлмесінде
кезекші, тәрбиешіге көмектесу, т.б.) тарту арқылы еңбек етуге қызығушылығын
арттыру.
Өзіңді таны. Адамдардың сезім мүшелері мен дене бөліктері жайлы
түсінік беру. Олардың көмегімен қимылдай алады, айналадағы қоршаған ортаны
таниды. Адамдардың әр дене бөлігі белгілі тәртіпте жұмыс істейді. Олардың
қызметі үйлесімде болғанда ғана адам өз саулығын сезінеді. Адамның дене
құрылымы күрделі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz