«ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ



1 Түсінік хат
2 Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3 Ата.аналармен жұмыс
4 Мерекелер мен ойын.сауықтар
3.4 жасар балаларға арналған бағдарлама
5 3.4 жастағы балалардың жас ерекшелік сипаттамасы
6 Күн тәртібінің үлгісі
7 ІІ сәбилер тобының (3жастан бастап 4 жасқа дейін) базистік оқу жоспары
8 «Денсаулық» білім беру саласы
9 «Қатынас» білім беру саласы
10 «Таным» білім беру саласы
11 «Шығармашылық» білім беру саласы
12 «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
13 Баланың ойын әрекеті арқылы дамуы
14 Балалардың еңбек әрекеті арқылы дамуы
4.5 жастағы балаларға арналған бағдарлама
15 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндігіне
сипаттама
16 Күн тәртібінің үлгісі
17 Ортаңғы топтың (4 жастан 5 жасқа дейін) базистік оқу жоспары
18 «Денсаулық» білім беру саласы
19 «Қатынас» білім беру саласы
20 «Таным» білім беру саласы
21 «Шығармашылық» білім беру саласы
22 «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
23 Баланың ойын әрекеті арқылы дамуы
24 Бланың еңбек әрекеті арқылы дамуы
25 Қолданылған әдебиеттер
26 Қосымша
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді «Жаңа адамды» тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет.
Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ. Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде. Бұл бағдарламалар жаңа білімдерді қабылдауға, оларды тиімді қолдануға қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш бала тұлғасын қалыптастырудағы қоғамның, ата-аналар мен бастауыш мектептің талаптарын орындау мақсатын көздейді.
«Зерек бала» бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып жасалған:
- оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы;
- тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы;
- дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы;
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық үдерістерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық қатынас ұстанымы;
1. Алиева Т.И., Арнаутова Е.П., Протасова Е.Ю. Программно-методическое пособие, М.: 1999.
2. Арнаутова Е.П. «Педагог и семья», М.: 2002.
3. Арушанова А.Г. Речь и речевое общение дошкольника. М.: 2002.
4. Давидчук А.Н. Индивидуально-ориентированное обучение младшего дошкольника. М.: 2000.
5. Новоселова С.Л. Развивающая предметная среда. М.: 2002.
6. Рунова М.А. Физкультурное и спортивно-игровое оборудование для детей. М.: 2000.
7. Реуцкая Н.А. Игровое оборудование для дошкольной организации. Аннотированный перечень. М.: 1999.
8. Павлова Л.Н. Раннее детство: развитие речи, мышления. М.: 2000.
9. Пилютина Э.Г. Познавательное развитие. М.: 2000.
10. Парамонова Л.А. Детское творческое конструирование.
11. Петрова В.А. Музыка – малышам.
12. Шулешко Е.В. Наглядно-дидактическое пособие по обучению грамоте.
13. Пищулин В.Г., Смирнов И.П. Новые подходы, квалификация, мастерство. М.: 2008.
14. Доронова Т.Н. Младший возраст. Планирование работы с детьми. М.: 2007.
15. Гризик Т.Н. «Познаю мир». М.: 2008.
16. Скаткин М.Н. «Как учить творчеству», журнал «Педагогика». № 8, 2004.
17. Тестов В.А. «Жесткие» и «мягкие» модели обучения / Журнал «Педагогика». № 8, 2004.
18. Савенков А. Исследовательские методы обучения в дошкольном образовании / Журнал «Дошкольное воспитание». № 12, 2005.
19. Кайкенова Ж.К. Системный подход к подготовке учителя новой формации / Журнал «12-летнее образование». №6, 2006.
20. Жаменова К.Х. Сущность психолого-педагогического сопровождения / Журнал «12-летнее образование». № 7, 2006.
21. Исмагамбетова Л.Ж. О проблеме здоровьесберегающей среды / Журнал «12-летнее образование». № 6, 2007.
22. Фуряева Т. «Диагностика начального дошкольного воспитания» / Журнал «Детский сад от А до Я». №5 — М.: 2006.
23. Белкина В.Н., Искатова Т.Г., Диагностика педагогического регулирования взаимодействия детей раннего и дошкольного возраста / Журнал «Детский сад от А до Я». №2. - М.: 2006.
24. Ежкова Н.С. Диагностика ценностных ориентаций детей младшего дошкольного возраста. Просвещение: № 5, 2006.
25. Урунтаева Г.А. Дошкольная психология. М.: 2000.
26. Ежова Н.Н. Научись общаться. Феникс. - Ростов-на-Дону, 2005.
27. Оверчук Т.И. 120 ответов на вопросы. М.: 2002.
28. Честнова Н.Ю. «Настольная книга педагога детского сада», Феникс, Ростов-на-Дону: 2005.
29. Вассерман Ф.Я. Управление качеством обучения на основе ИКТ. Алматы, 2008.
30. Француазо Дольто. На стороне ребенка. М.: 1999.
31. Шерон Лин Каган. «Стандарты раннего детства в Америке» // Перевод стандарта/ 2005.
32. Хелен Пенн. «Стандарты Великобритании». Алматы, 2003.
33. Рудольф Герр. «Образование в Германии». М.: 2004.
34. Каптерев П. «О природе детей». М.: 2005.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ
(3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ АРНАЛҒАН
ЗЕРЕК БАЛА
БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана-2010
ББК 74.102
М41

Құрастырушы-авторлар: Т.М.Калашникова, Г.Н. Новогренко, Н.И.
Матвиненко, Г.Ю. Жигайло
Рецензенттер:
Н.Н.Ниязбаева - педагогика ғылымдарының докторы, ҚМУ-нің педагогика
және психология кафедрасының меңгерушісі
Б.М.Өтегенова - педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ-ның педагогика
және психология кафедрасының меңгерушісі

М41 Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Зерек бала бағдарламасы.-Астана,
2010.-136 б.

ISBN 9965-810-42-7

Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейін)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Зерек бала бағдарламасы ҚР МЖМБС
талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің жалғасы болып табылады.
Бағдарлама мазмұны мектепке дейінгі кіші жастағы баланың біртұтас
тұлғалық және физиологиялық танымдық, қатынастық, шығармашылық және
әлеуметтік дамуына бағытталғын.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, педагогикалық
жоғарғы оқу орындары және колледж студенттеріне ұсынылады.

ISBN 9965-810-42-7

УДК 372.34
ББК 74.102

© Мектепке дейінгі балалық шақ
республикалық орталығы, 2009
МАЗМҰНЫ

1 Түсінік хат 3
2 Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру 6
3 Ата-аналармен жұмыс 8
4 Мерекелер мен ойын-сауықтар 11
3-4 жасар балаларға арналған бағдарлама
5 3-4 жастағы балалардың жас ерекшелік сипаттамасы 12
6 Күн тәртібінің үлгісі 15
7 ІІ сәбилер тобының (3жастан бастап 4 жасқа дейін) базистік оқу16
жоспары
8 Денсаулық білім беру саласы 17
9 Қатынас білім беру саласы 22
10 Таным білім беру саласы 25
11 Шығармашылық білім беру саласы 31
12 Әлеуметтік орта білім беру саласы 34
13 Баланың ойын әрекеті арқылы дамуы 38
14 Балалардың еңбек әрекеті арқылы дамуы 40
4-5 жастағы балаларға арналған бағдарлама
15 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндігіне 41
сипаттама
16 Күн тәртібінің үлгісі 44
17 Ортаңғы топтың (4 жастан 5 жасқа дейін) базистік оқу жоспары 45
18 Денсаулық білім беру саласы 46
19 Қатынас білім беру саласы 52
20 Таным білім беру саласы 56
21 Шығармашылық білім беру саласы 65
22 Әлеуметтік орта білім беру саласы 70
23 Баланың ойын әрекеті арқылы дамуы 75
24 Бланың еңбек әрекеті арқылы дамуы 77
25 Қолданылған әдебиеттер 79
26 Қосымша 81

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен
еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру
саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт
талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы
тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын
қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін
кез келді.
Бізді қоршаған табиғаттың өзі адамзат баласының алдына айнала қоршаған
әлемді жаңаша қабылдауға қабілетті, жаңаша ойлайтын, жан-жақты білімді
Жаңа адамды тәрбиелеп шығару міндетін жүктеп отыр.
Қазіргі таңда баланы дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге
негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарыны мен
талантын ашуға және оны жан-жақты дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет.

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі
мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай
туғызу қажет. Жаңа заман баласы — бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы.
Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де
соншалықты жемісті болмақ.

Осыған орай, жаңа бағдарламалар әзірленуде.
Бұл бағдарламалар жаңа білімдерді қабылдауға, оларды тиімді қолдануға
қабілетті, ортаға мейлінше тез бейімделгіш бала тұлғасын қалыптастырудағы
қоғамның, ата-аналар мен бастауыш мектептің талаптарын орындау мақсатын
көздейді.
Зерек бала бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып
жасалған:
- оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай
болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы;
- тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-
тәсілдерінің өзара байланыстылығы;
- дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және
оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы;
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық
үдерістерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік,
шығармашылық қатынас ұстанымы;
- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру,
үлкендермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының жаңа МЖМБС-на сүйене отырып,
мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамытудың негізгі мақсаттары мен
міндеттерін, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты
мақсаттарын шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасындағы мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың МЖМБС-на сай 3 жастан 5 жасқа дейінгі
балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы
бойынша (Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік
орта) жүзеге асады.
Білім беру салаларының базалық мазмұны баланың жеке басының
икемділіктері мен танымдық қабілетін, қызығушылығы мен білуге құштарлығын
арттырудың негізі болып табылады.
Білім беру салаларының мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың
ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және
маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім,
көңіл күй және т.б. қамтиды.
Ғылыми көзқарастар бойынша, ұсынылып отырған бағдарламаның жетекші
психологиялық-педагогикалық бағыты - бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы
үдерісін құзіреттілік басқару қағидасына сүйене отырып жүргізу болып
табылады. Сонымен қатар, ұсынылып отырған бағдарламаны субъектінің іс-
әрекет жүйесін орта арқылы басқаруға бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың
нәтижелерін болжау, жоспарлау және оның сапасын арттыру құралы деп
есептеуге де болады.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың базалық мазмұнын
орта білім берудің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, төмендегідей
құзіреттіліктерді қалыптастыруды көздейді:
- денсаулық сақтау;
- тілдік-қатынастық;
- танымдық;
- шығармашылық;
- әлеуметтік.
Бағдарлама балалардың жеке басының ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас
жасау ұстанымын басшылыққа ала отырып, дамыта оқыту мақсатын көздейді және
мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру мен дамыту
үдерістерін басқару механизмімен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның
гуманитарлық мақсатын көздейтіндігін, ашықтығын, мектепке дейінгі
оқытудың полимәдени ұстанымын басшылыққа ала отырып жасалғандығын
көрсетеді.
Бағдарламада бала ойынына үлкен мән беріледі. Себебі, ойын — баланың
негізгі әрекеті. Бала өмірге келісімен ойын арқылы өзін қоршаған әлемді,
табиғатты таниды. Сол арқылы дамиды, өседі. Ойын үстінде игерген білім-
білік дағдыларын қолдануға, жетілдіруге мүмкіндік алады. Бағдарламада
баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-
қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-
қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болатын
сюжеттік-рөлдік ойындарға ерекше орын беріледі.
Пәнаралық байланыс пен белгілі бір білім беру саласындағы берілетін
білімдердің тұтастығына негізделген оқу материалының интеграциялануы
бағдарламаның айрықша белгісі болып табылады. Интеграция педагогке оқу
материалын білім берудің бір және бірнеше салалары шеңберінде біріктіруге,
түрлендіруге, сонымен қатар кез келген әдістемелік тақырыпты кеңінен
елестету, сезіну мүмкіншілігін береді. Сонымен қатар, оқу материалын
интеграциялау - әр жас кезеңінің ауысуына байланысты білім берудің базалық
мазмұнынын шоғырландыру мен бірізділік ұстанымдары арқылы жүзеге асыруға
жағдай жасайды.
Бағдарламада ұсынылатын материалдарды меңгертудің бекітілген уақыт
мөлшері көрсетілмейді. Бұл педагогке оқу материалын баланың жеке
ерекшелігіне қарай тиісінше түрлендіріп, толықтыру мүмкіншілігін береді.
Десек те, бұл оқу материалын жүйесіз қолдану деген сөз емес. Себебі,
интеграциялаудың өзі белгілі бір жүйе болып табылады.
Ең бастысы, білім берудің базалық мазмұнын жүзеге асыру балаға
тұлғалық-бағдарлық және жеке ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасау мен
балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне ата-аналарды белсенді қатыстыру
мақсатында ұйымдастырылып, жүзеге асырылғанда ғана баланың жеке басының
даму сапасы жоғары деңгейге жететіндігін естен шығармауымыз керек.

БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Педагогикалық үдеріс үлкендердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен
баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құрылуы тиіс.
Үлкендер ешқандай психологиялық қысым көрсетпей-ақ, өзі сол іс-
әрекетке қатысуға қызығушылық сыңай таныту арқылы балаларды ұйымдастырылған
танымдық іс-әрекетке қатыстыра алады.
Білім беру салалары шеңберіндегі ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет
әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін.
Тақырыптық орталық сынды мектепке дейінгі жастағы балалардың өз
бетінше еркін іс-әрекет түрлерін орындауға арналған көпжүйелі орта
ұйымдастыру (әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі даму дәрежесіндегі
балалардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау).
Балалардың мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып,
ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қолдану (жұптасып, шағын топтармен, бүкіл
топпен).
Балалардың үлкендермен бірлескен іс-әрекет түрлерін жүргізуге күн
тәртібінен арнайы уақыт (7-30 минутқа дейін) бөлінеді.
Осы бағыттар бойынша педагогикалық үдеріс төмендегідей
құзіреттіліктерді қамтиды:
1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қарым-қатынас, ойын, зерттеу-
іздестіру, үлкендермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру
(базистік оқу жоспарына сай әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын, әр сипатты
іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру).
2. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған іс-әрекет түрлері:
- балалардың өз бетінше еркін іс-әрекеті: ойын, сурет салу, мүсіндеу,
жапсыру, көркемдік-тілдік әрекет, құрастыру, дидактикалық ойындар мен
жаттығулар, т.б.;
- үлкендердің балалармен бірлескен іс-әрекеті: ойын, сурет салу,
танымдық-зерттеу, тәжірибе жасау, қатынас жасау, музыкалық-сергіту,
мерекелер мен сауықтар, дене шынықтыру-сауықтыру, жобалау және т.б.
Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарым-қатынас негізінде әр баламен
жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.
Сонымен қатар, күнделікті үлкендермен ойнауына да арнайы уақыт бөлінуі
тиіс. Бұл ойындар баланың қалауымен ұйымдастырылып, үлкендер тарапынан
қолдау көрсетілуі керек. Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-әрекеттері күн
сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін орнымен, түрлерімен
ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі қажет.
Жоғары интеллектуалдық және физиологиялық жүктемесі ауыр ойындар мен
сабақтар аптасына 1, 2 сабақтан артық болмауы керек.
Оқу іс-әрекетін баланың денсаулығы мен өзін-өзі сезіну, көңіл күйі
жағдайларын ескере отырып ұйымдастырған жөн. Егер бала өзін жайсыз, тіпті
сәл шаршаңқы сезініп тұрса, оны оқу сабағына қатыстырмаған дұрыс. Мұндай
кездерде тиісті шаралар қолданып, балаға жайлы жағдай жасау керек.
Оқу іс-әрекетінің барысында, зейінін тұрақтандыратын, оны
қызықтыратын, ынтасын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
балалардың жұмыс істеу қабілетін арттырып отыру қажет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен басқа да жұмыс түрлері баланы
шаршап-шалдықтырмайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей,
жалықтырмайтындай бекітілген уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі тиіс.
Күн тәртібінде емдік-шынықтыру шаралары мен психологиялық тренингтер,
сергіту мен музыкалық үзіліс сәттеріне, баланың өз қалауымен еркін жүріп-
тұруына уақыт бөлінуі керек.
Ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу барысында балаларды зеріктіріп,
қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмас үшін жұмыстарды
түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті, көркем тілмен жеткізе білудің
маңызы өте зор.
Дүйсенбі мен жұма күндері физиологиялық және интеллектуалдық жүктемесі
бар іс-әрекет түрлері жүргізілмейді. Себебі, баланы демалыс күндердегі
еркіндіктен кейін балабақша тәртібіне бірден араластыру оның психо-
физиологиялық жағдайына ауырлық тигізуі мүмкін. Сондықтан аптаның басында
баланы балабақша тәртібіне ақырын кіргізіп, ал соңында ақырын шығару
керек.
Егер бала шаршаса, жұмыс істеуден бас тартса, зейіні шашыраңқы болса
тапсырманы міндеттеп орындатуға болмайды.
Сонымен қатар, зеріктіретін, шаршататын қажетсіз білімдер мен
ақпараттардың көптігі баланың жүйке жүйесіне айтарлықтай салмақ түсіреді.
Сондықтан, берілетін білім-білік дағдыларының мөлшері баланың жеке және жас
ерекшеліктеріне сай берілуі керек.
Бұл кезеңде бала іс-әрекеттерді мейлінше еркін, өз қалауы бойынша
жасауды, яғни, еркіндікті қалайды. Осыған орай, балаларды ұзақ уақыт, бір
орында қозғалыссыз ұстауға, міндеттеп, күштеп әрекет жасауға итермелеуге
болмайды. Бұл баланың психо-физиологиялық дамуында орны толмас олқылықтарға
әкеліп соқтырады.

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке
дейінгі ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың
алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол – салауатты да саналы
ұрпақ тәрбиелеу.
Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы
өте зор. Себебі, отбасы - баланың эмоцианалдық қорғаны, психологиялық жан
тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты -
баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал
етеді.
Зерек бала бағдарламасы тәрбиешілерге отбасымен ынтымақтаса отырып
бала тәрбиесінде оң нәтижелерге жету жолында бағыт-бағдар береді.
Мақсаты: ата-аналарды олардың құзіреттіліктерінің қалыптасуы мен
жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай
қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кеңестермен қамтамасыз
ету.
Міндеттері:
- әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату;
- баланы дамыту мен тәрбиелеу барысында күш біріктіру;
- ортақ қызығушылықтар мен туындаған қиыншылықтарда бірлесіп шешім
қабылдау, бір-бірін қолдау;
- ата-аналардың тәрбиешілік шеберлігін, білімдерін ынталандыру мен
байыту, өзіндік педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімін арттыру;
- балаларды жақындарына сыйластық сезімімен қарауға тәрбиелеу.
Мазмұны: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі оң көзқарастары мен дұрыс
бағдарын және баланың ата-анасына, жақындарына мейірімі мен сыйластығын
қалыптастыру.
Ашық, еркін қарым-қатынас жасауға жағдай жасау
Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға, құрдастарымен қарым-қатынасын
байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі (ойын, еңбек,
компьютер, тамақтану, серуендеу кезінде, бассейнде, спорт залындағы)
жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру. Балалардың үлкендермен бірлесіп
әртүрлі жұмыс түрлерін: мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, ойын, би, т.б.
жасауына жағдай жасау.
Тәрбиешілер ата-аналарды білім беру үдерісіне қатыстырып,
ұйымдастырылған іс-әрекет пен сабақтан тыс іс-әрекет түрлерінің жүргізілу
барысын көрсетеді. Осылайша, ата-аналар балаларын басқа қырынан тану
мүмкіншілігіне ие болады.
Ата-аналар мен педагогтердің үздіксіз қарым-қатынасы (диалог)
Тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен
балалардың жетістігі, әрекеті туралы айтып отырады. Ата-аналар мен
тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде (әлжуаз, жетілуі мен дамуында
ауытқушылықтары бар, көңіл күйі тұрақсыз балалар туралы) бірлесе отырып
шешім қабылдайды. Балаға ата-анасы оны қандай болса да жақсы көретінін
сезінетіндей эмоцианалдық тыныштық пен қамқорлық ортасын қалыптастыру
жөнінде ақыл-кеңестер береді. Педагогтер баланы жан-жақты дамытуға, оның
білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік
қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды.
Сонымен қатар, отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып баланың бойындағы
ерекшеліктері мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады.
Тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін
қолданады. Мысалы: тренингтер, пікірталастар, практикумдер, әңгімелер,
лекциялар.

Арнайы мамандар мен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне жағдай жасау
(психолог, логопед)
Ата-аналарды психолог, логопед, медицина қызметкерлерінің, қосымша
сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен таныстырып, баланың дамуындағы
ерекшеліктері мен кедергілері туралы мәлімет беріп отырады.

Тәрбиешінің балалардың үйдегі өмірімен танысуы
Отбасының бала тәрбиесіндегі қиыншылықтарын, жіберген қателіктерін,
ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын, балалардың жеке
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алады. Отбасының құпиясын жария етпей,
қиыншылықтарды ата-аналармен бірлесіп шешеді. Қажет болса, арнайы
мамандардың қызметіне жүгінеді. Бала тәрбиесінде оң нәтиже көрсетіп жүрген
отбасылардың тәжірибесін басқаларға үлгі қылады.

Жұмыс түрлері
Педагогикалық тренингтер
Пікірталас клубы
Рөлдік ойындар
Педагогикалық сырсандық (отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесі жөнінде
тәжірибе алмасуы)
Жеке әңгімелесу
Балалар мен үлкендердің бірлескен көңіл көтеру, демалыс уақыты
Ұлттық нақыштағы отбасылық кештер
Танымдық-викториналық ойындар
Сенім клубы (ата-аналардың арнайы мамандармен оңаша әңгімесі)
Көрмелер ұйымдастыру
Ақпараттық және тақырыптық стендтер мен фотомонтаждар
Радиохабарлар, бейнефильмдер
Конференциялар
Лекциялар
Баланың отбасылық жағдайымен танысу мақсатында үйіне бару
МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР

Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге
қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала
тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын
арттыру;
- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге
араласуына талпынысын тәрбиелеу.

Мазмұны:
Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:
Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі – Көп тілде
сөйлей білеміз. Қазақстан Республикасының күні – Еліміздің туған күні.
Тәуелсіздік күні – Еркіндік күні. Жаңа Жыл. 8 Наурыз – Аналар мерекесі.
Наурыз – Көктем мерекесі. Күлкі күні – Күлейікші шаттана. Қазақстан
халықтарының бірлігі күні – Достық күні. Жеңіс күні. Балаларды қорғау
күні.
Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.
Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер
мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын
мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін
қолдау.
Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге:
өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін
сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары мен балабақша қызметкерлеріне арнап сый-
сияпаттар мен мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей
бұйымдарын жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен
құттықтауға үйрету.
Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып,
түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен
шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.
Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру
(қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері,
ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру).
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән
байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін
арттыру.
3-4 ЖАСАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

3-4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК СИПАТТАМАСЫ

Сюжеттік-рөлдік ойындар - 3-4 жастағы баланың тұлғалық,
интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-
әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен
мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен,
баланың тілін дамытуға өте қолайлы.
Бұл жастағы балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты
болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен
айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Үлкендермен қарым-
қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында
эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын
ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.
3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл —
біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың
тұлғалық механизмі болып табылады.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің - сезіну мен
қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз
қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға
көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп
көру арқылы қабылдауға ауысады.
Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші
орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-
қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен
байытады.
3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды
өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың
ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған қиял мен шындықты
ажырату қиынға соғады. Ол — өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән.
Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты
ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды.
Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін
ажыратады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы
қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы
қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек қана өзі ғана емес, басқа да
тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4
жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып
жүргізіледі. Әр түрлі материалдарды қолдану барысында балалар олардың
қасиеттері мен құрастырудың ерекшеліктерін танып-біледі.
Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін
меңгереді (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау).
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және
тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде
ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.
Бала үшін бейнелеу өнері — өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың
өзі сияқты дербестігімен, ашықтығымен ерекшеленеді.
Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп,
баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды,
пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді
бейнелей алады.
Бұл кезеңде көп балалардың музыкаға ықыласы жоғары деңгейде
болғандықтан, музыка мәдениетін меңгертуге өте қолайлы.
Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды
дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің жоғары
деңгейлігімен сипатталады.
3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл
кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі
мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында
өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген
ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға
мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі.
Үш жасар бала — қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет
салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.
3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің
көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік
мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады.
3-4 жастағы балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына құзыреттілік,
эмоционалдылық, бастамашылдық, дербестік жатады.
Құзыреттілік. Бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі
деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді,
үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа
адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес
(көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін
қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді (Мен ұлмын, Мен
қызбын).
Біліктілік құзыреттілігі баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында
әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол
әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні,
көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен
қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемі, дөңгелек, т.б.).
Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық санаттар мен сөйлеу тілін
меңгеруімен сипатталады.
Екінші тілді меңгеру. Мектепке дейінгі кіші жастағы бала екінші тілдің
неге керек екендігін түсінбейді. Сондықтан оны меңгеруді алдына саналы
түрде мақсат етіп қоймайды. Ол балалардың өзге тілді адамдармен қарым-
қатынас жасау барысында қалыптасады.
Екінші тілді меңгеру үдерісі баланың үлкендермен және басқа балалармен
қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін
қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың
тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет
қуану, үлкендермен, құрдастарымен ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына
қанағаттану негізінде қалыптасады.
Дене қызметін дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзіреттілігі олардың
өмірлік маңызды қозғалыс түрлерін (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым
гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруімен анықталады.
Эмоционалдылығы. Балада үлкендермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау
қажеттілігі жоғары болады. Өзінің түрлі көңіл күйі мен сезімін (қуаныш,
реніш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетеді.
Бастамашылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында: қарым-
қатынаста (үлкендерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтініш
жасау, т.б.), заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу,
қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру),
өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді. Осы әрекеттер
арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамиды.
Дербестік — 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелігі (Мен өзім,
Қолымнан келеді). Олар барлық іс-әрекет түрлерінде үлкендерге еліктеп,
оларды қайталайды (өзі тамақтанады, киінеді), мақсатты бір іс-әрекетке
қызығушылықпен кіріседі (ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және
т.б.).
Үлкендер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр
кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған
ескертулерді ескере бермейді, сондықтан үлкендер қауіпті жағдайлардың алдын
алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе
кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.с.с.).
КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Сәлеметсіңдер ме, балалар! 7.30 - 9.20
Таңертеңгілік қабылдау. Жаттығу.
Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық қарым-қарым-қатынас:
қызықты қысқа және ұзақ мерзімді іс-әрекеттерін бірігіп
жобалау. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне
дайындық.
Ойнайық та, ойлайық 9.20 - 10.00
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілістерімен бірге жалпы
ұзақтығы). Үлкендердің балалармен біріккен іс-әрекеті.
Табиғат аясында 10.00 - 12.20
Серуенге дайындық. Серуен.
Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен қайту.
Гигиениалық және шынықтыру шаралары.
Ас — адамның арқауы 12.20-13.10
Түскі ас.
Тәтті ұйқы 13.10 - 15.10
Гигиениалық және шынықтыру шаралары. Жатқызу және түскі
ұйқы.
Ұйқымызды ашайық 15.10 - 16.00
Ояну. Шынықтыру шаралары.
Бесін ас.
Алақай! Ойын! 16.00 - 17.40
Сюжеттік - рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.
Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар.
Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.
Балалардың еркін өзіндік іс-әрекеті.
Ас дәмді болсын Кешкі ас 17.40 - 18.00
Ертеңге дейін... 18.00 - 19.00
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың үйге
қайтуы.

ІІ СӘБИЛЕР ТОБЫНЫҢ
(3жастан бастап 4 жасқа дейін)
БАЗИСТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ

№ Білім беру салалары Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті
1 Денсаулық 2
2 Қатынас 2
3 Таным 2
4 Шығармашылық 4
5 Әлеуметтік орта 1
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі 11
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 15-20 минут

ДЕНСАУЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: дене бітімі жақсы қалыптасқан, денсаулығын сақтауға және
шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын
қалыптастыру.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- дене шынықтыру;
- валеология.

Дене шынықтыру
Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру, қозғалыс
ептілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
- жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және өрмелеу жаттығулары
арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын
қалыптастыру;
- сапқа тұру мен қайта тұрғызудың қарапайым дағдыларын дамыту;
- дене күшінің қасиетін дамытуға, ептілікке, шыдамдылыққа, тепе-
теңдікті сақтауға дағдыландыру;
- қол мен аяқ қимылдарын үйлестіріп, басын тік ұстап, аяғын сүйретпей
нық басып жүруге үйрету;
- балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету;
- жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін
қалыптастыру;
- дербестікке, қимылдарының мәнерлілігі мен икемділігіне, табиғи және
еркін жүру мен жүгіру ептілігіне, кеудесін түзу ұстауға, тепе-теңдігін
сақтауға, топтағы қатарда өз орнын таба білуге, қозғалыс пен ептілігін
дамытуға дағдыландыру;
- балаларды спорттық ойындармен және жаттығулармен таныстыру.

Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары
Жүру:
- сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, жұптасып;
- тізені жоғары көтеріп;
- тоқтап, отырып-тұрып, бұрылып, жыланша ирелеңдеп, заттарды айналып
өту, аттау арқылы түрлі тапсырмаларды орындау;
- адымдап алға;
- адымдап артқа;
- төбешікке мініп, түсіп;
- еркін жүруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге, аяқтарын
сүйретпей, басын жоғары ұстап жүруге үйрету.
Жүгіру:
- сапта, арақашықтықты сақтап, әр бағытта;
- жіптен және қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен;
- түрлі бағыттарда;
- алаңның бір жағынан келесі жағына;
- тура және айналма жолмен;
- жүгіруді жүрумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты өзгертіп;
- бір-бірін қуып, ұстап алу;
- тез қарқынмен (10-20 м дейін);
- баяу қарқынмен үздіксіз (50-60 сек бойы);
- балаларды еркін жүгіруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге,
аяқтарын сүйретпей, басын қалыпты ұстап жүгіруге үйрету.
Секіру:
- екі аяқпен (аяқтары бірге және алшақ);
- белгілі бір затқа басымен жанап өтіп жоғары секіру;
- арақашықтығы 2-3 метр жерге дейін қос аяқпен секіру;
- бір орыннан ұзындыққа, жерде жатқан шығыршыққа секіру;
- биіктігі 15-20 см тереңдікке;
- биіктігі 5-10 см заттың үстінен;
- аяқты бүкпей, бір аяқты екінші аяқпен кезектестіріп секіру.
Дәлдеп лақтыру, домалату, қағып алу:
- бір-біріне 1,5-2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ қойып,
малдас құрып отырып допты домалату;
- допты тұрып домалату;
- қақпадан өткізіп допты домалату;
- допты екі қолымен кеуде тұсынан, бастан асыра, жоғары лақтыру;
- допты екі қолымен жоғары, төмен еденге ұрып (жерге) лақтырып, қағып
алу;
- көлденең нысанаға лақтыру, алысқа;
- нысанаға тігінен оң және сол қолымен лақтыру
Өрмелеу және еңбектеу:
- арақашықтығы 4-6 метр жерге тура бағытта, жыланша ирелеңдеп,
қойылған заттардың арасымен еңбектеу;
- еденнің үстіне қойылған тақтайшалармен;
- жіппен биіктігі 40 см доғаның астынан;
- гимнастикалық қабырғаның екінші баспалдағына бекітілген көлбеу
тақтайдың бойымен;
- бөренеден аттап өту;
- орындықтың астымен жорғалау;
- еденге тігінен орналастырылған шығыршықтың арасынан жорғалап өту;
- көлбеу сатымен өрмелеп өту;
- гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және түсу;
- сатымен және гимнастикалық қабырғамен (биіктігі 1,5 м) өрмелеу.
Тепе-теңдікті сақтау:
- бір шетінің биіктігі 20-30 см көтерілген көлбеу тақтаймен жүру;
- тегістелген бөрененің үстімен жүру;
- бір орында аяқтың ұшымен көтерілу және тұру;
- бір орында тұрып екі бағытта да шыр айналу.
Сапқа тұру және сап құрылымын өзгертіп қайта тұру :
- бүкіл немесе шағын топтармен сапқа, шеңберге, қатарға тұру;
- орнында адымдап, бұрылу арқылы қатардағы өз орнын табу.
Музыкалық- ырғақтық жаттығулар
Музыка әуенімен бірлесіп, жекелей сап түзеп жүру. Музыканың басталуы
мен аяқталуын ырғақты қозғалыспен көрсету. Жануарлар мен ертегі
кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын көрсету. Би қимылдарын жасау.

Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар
Жаттығуларды құралмен немесе құралсыз орындауда қолдарын жанынан жоғарыға
көтеріп, қолдарын кезекпен немесе бірге түсіру. Құралды алдынан, артынан,
басының үстімен қолдарына кезекпен ауыстыру. Алдынан немесе басының үстінен
шапалақтап қолдарын артына жасыру. Қолдарын алға созып, жан-жағына апару,
алақандарын жоғары бұрып, буындарын көтеріп түсіру, саусақтарын қозғалту.
Қолының саусақтарын жұмып ашу. Қолдарын белдеріне қою.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтерілу. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою. Қатарынан 2-3
рет жартылай отыру жаттығуларын жасау. Қолдарын алға созып, қолдарымен
тізесіне сүйеніп, тізесін құшақтап және басын иіп отыру. Тізесінен бүгілген
аяқтарын кезекпен көтеру, тізесінен бүгілген аяқтарын бір-біріне соғып,
шапалақтау. Құм салынған қапшықтарды отырған күйде аяқтарымен ұстап алу.
Таяқшамен, валикпен (диаметрі 6-8 см) жан-жағына табанының ортасымен
сүйеніп қосалқы адымдармен қозғалу.
Кеудеге арналған жаттығулар
Бір-біріне басының үстінен допты беру (алға және артқа).
Қолды алға көтеріп оңға және солға бұрылу. Алға, оңға, солға еңкею. Бұрылып
отырып құралды артына қою және бұрылып алу. Артқа сүйеніп отырып, аяғын
өзіне тарту, малдас құрып отыру, созу; тізесін құшақтап екі аяғын өзіне
тарту, аяқтарын кезекпен көтеріп, оларды бір-біріне қою (оң аяғын сол аяққа
немесе керісінше). Отырып алға еңкею. Тіземен тұрып алға еңкею. Арқасымен
жерде жатып бір мезгілде қолы мен аяғын көтеріп, түсіру, велосипед тебісіне
еліктеп аяқтарын қозғау. Жерге ішпен жатып аяқтарын майыстырып жазу (бір-
бірлеп және бірге). Арқасымен жерде жатқан жерінен аунап барып ішпен жату
және керісінше айналу. Ішпен жатып қолдарын жан-жағына созу арқылы иілу
және иықтарын көтеру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау
Биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату.
Сырғанау
Үлкендердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау.
Шаңғымен жүру
Шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу
және сырғанау адымдарымен жүру.
Велосипед тебу
Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу.
Жүзуге дайындық
Суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау.
Дене тәрбиесінен айына 1 рет ұзақтығы 15-20 минут болатын ойын-сауық
шараларын ұйымдастыру.

Валеология
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы
валеологиялық түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы
мен денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру;
- мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру;
- қоршаған ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым қауіпсіздік дағдыларымен
таныстыру.

Мазмұны:
Салауатты өмір салты
Бала ағзасын нығайту мен шынықтыру шараларын жүргізу (беті-қолын,
мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, аузы мен тамағын салқын сумен шаю,
суық және жылы ауа ванналары).
Түрлі гимнастикалар мен массаждар жасау (таңертеңгілік, дем алу,
артикуляциялық гимнастикалар, көзге арналған гимнастика, тіс тазалау және
қызыл иекке массаж жасау, нүктелі массаж).
Күн тәртібіне сәйкес балаларды күнде таза ауаға шығару.
Өз-өзіне күтім жасау дағдыларын дамыту (ауа-райына байланысты киіну,
жуынып таза жүру, шашын тарау, қол орамалын қолдану).
Күнделікті тұрмыста және табиғат аясында өз-өзін ұстау тәртібі мен
қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау (далада өсіп тұрған жидектер мен
саңырауқұлақтарды жемеу, жануарлармен байланысқа түспеу).
Бағдаршамның түстерімен, көшеде өзін-өзі ұстау мен жол ережелерін
сақтаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек)
таныстыру.

Мәдени-гигиеналық дағдылар
Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін
құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін
жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп
түсіндіру.
Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға,
(жылдың соңына қарай) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға,
нан қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын
шаюға үйрету.
Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық
жерде тазалық сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне назар аударуға,
жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру.
Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
ҚАТЫНАС БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, үлкендермен және
құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші
жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
Қатынас білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік тілді, орыс және басқа тілдерді үйрету.

Тіл дамыту
Мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- артикуляциялық аппаратын дамыту және барлық дыбыстар мен сөздерді
дұрыс айтуға әзірлеу;
- сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану;
- тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру;
- өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру;
- тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
- қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.

Мазмұны:
Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын
дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу)
қатысты сөздермен байыту.
Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің – жеңі, жағасы, түймелері)
ажыратып, атай білуге үйрету.
Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні,
қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен
толықтыру.
Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп,
машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-
аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.).
Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер — антонимдерді
(үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен толықтыру: кір
жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.
Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген таңқаларлық
заттардың атауларымен (желпуiш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін
түсіндіру.
Тілдің дыбысталу мәдениеті
Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға
үйрету.
Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу,
жаңылтпаштар айту.
Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін
сезінуіне мүмкіндік туғызу.
Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді
жалғастыру.
Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету
(үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында,
есіктің артында, айнаның алдында және т.б.).
Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-
жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде
айтуға үйрету.
Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап,
көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т.б.).
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын)
қолдана білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған
сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.
Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын
қысқаша әңгіме құрау.
Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін
драмалауға қатыстыру.
Шығармашылық тілді дамыту
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Тақпақтап, ұйқасты сөздер айтып ойналатын ойындарды балалар
қызығатындай етіп өткізу керек. Сол арқылы баланың тілі дамиды.
Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды
қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру, өздері білетін ертегілерді драмалау.
Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің
бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.

Көркем әдебиет
Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларымен
таныстыру. Көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
- халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті арқылы адами қарым-қатынас
әлемімен таныстыру;
- балаға айналасындағы адамдардың сырт бейнесі қаншалықты әртүрлі
болса, мінез-құлқы да соншалықты әртүрлі болатындығы туралы түсінік беру.
Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету;
- ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін
бақылауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қарым-
қатынастарын бағалауға тәрбиелеу.

Мазмұны:
Қоршаған әлем туралы, адами сезімдер мен қарым-қатынастар туралы
түсініктерін кеңейту.
Шығармалардың мазмұнын балалардың жеке тәжірибелерімен, олардың
күнделікті өмірі мен қоршаған ортасымен сәйкестендіруге үйрету.
Халық ауыз әдебиеті шығармалары мен балалар әдебиетіне қызығушылығын
арттыру.
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға, оларды сахналауға қатысуға
ықыластарын арттырып, қолдау көрсету.

Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарым-қатынастың
ауызша және ауызша емес түрлерін игеру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- жақсылық, өзара көмек, достық туралы түсінік беру;
- үлкендермен және құрдастарымен жайдары әңгімелесе білу дағдыларын
қалыптастыру.

Мазмұны:
Үлкендердің аты-жөнін сыпайы түрде атап, Сіз деп айтуға (апай, ағай,
аға, көке, апа), амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-
қатынас мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын қалыптастыру.
Үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста көмектесуіңізді
өтінемін, менімен ойнашы сөздерін қолдануға үйрету.
Адамдармен қарым-қатынаста ұлты мен тіліне қарамастан қайырымды әрі
жайдары қарым-қатынас жасау керектігін үйрету.
Түрлі ұлт өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау.
ТАНЫМ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-
әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті
өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын
қалыптастыру.
Таным білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту,
заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
- қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру;
- заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен
таныстыру;
- көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны:
Сан мен санау
Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және
олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.
Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен
беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе
тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.
Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.

Қанша?, қанша артық?, қанша кем? сұрақтарын түсініп, көп,
бір, артық, кем сонша, қанша, тең сөздерін қолдана отырып жауап
беруге үйрету.
Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға
үйрету.
Көлем
Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші),
ұзындығы (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-
біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.
Геометриялық пішін
Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата
білуін жетілдіру.
Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша,
трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр,
үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.
Заттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері
Музыка тыңдау
Балбөбек бағдарламасы
Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Балабақшада балаларды мектепке даярлау бағдарламасы
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Қазақ халқының бай салт – дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі
Пәндер