Камаз автокөлігінің құрлысы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .2
1.КАМАЗ АВТОКӨЛІГІНІҢ ҚҰРЛЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ...4
1.1 Жүргізу бөлігі ... ... ...4
2. ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ...7
2.1 Автокөліктерді ағымдағы жөндеу ... ... ... ... 7
2.2 Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі ... ... 7
3.АВТОКӨЛІКТК АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ... ... .9
3.1. Қозғалтқышты ағымдағы жөндеу ... ... ... 11
3.2 Агрегаттар мен түйіндерді ағымдағы жөндеу ... ... ... ... ... ... ... ... 12
4.ТАЗАРТУҒА ЖӘНЕ ЖИНАП ЖУУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫЛАР ... ... ... ..15
4.1 Жалпы мәліметтер мен сыныпталыуы ... ..15
4.2. Бұйымды ағынды тазартуға арналған қондырғылар ... ... ... ... ... ... 17
4.3Ағынды қондырғылардың жуатын қаңқасын жобалау ... ... ... ... ... ..20
4.4 Щеткалы және ағынды.щеткалы жуу қондырғылары ... ... ... ... ... .22
4.5 Бұйымды батырып тазарту қондырғылары ... ... ...23
4.6 Ультрадыбыстық жуу қондырғылары ... ... 25
5. ҚОРЫТЫНДЫ ... ...27
6. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... .28

Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - өз уақытында ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру.
Автомобиль - күрделі машына, механизмдер мен жүйелер жиынынан тұрады. Олардың конструкциясы әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдер негізгі механиздермен конструкциясымен жұмыс істеу қағидалары бірдей болып келеді. Сондай-ақ автомобильді құрастыру схемасында да ортақтық болады және ол олардың қызметі мен механизмдердің орналасуына байланысты.
Әрбір автомобильде үш негізгі бөлігін алуға болады: кузов, қозғалтқыш, шасси.
Кузов – таситын жүкті орналастыруға арналған. Жүк автокөліктерінің кузовы жүкке арналған платформадан(жүк кузовы) және жүргізуші кабинасынан тұрады.
Қозғалтқыш - жанармай жанған кездегі бөлінетін жылу қуатын механикалық қуатқа айналдырады. Мұндай қуатты айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың мін білігінің айналуын келтіреді, ол негізінде двигательдің айналдыру моменті бір қатар механизмдер арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі.Көпшілік автомобильдерде поршенді - карбюраторлы немесе дизелді қозғалтқыштар қолданылады.
Шасси мынадай бөлшектерді, механизмдермен жүйелерді біріктіреді: трансмиссия, көтергіш жүйе, белдік, аспалар, дөңгелектер, рульдік басқару және көтергіш жүйелер.Жүк автомобильдерінің ішінен Камаз-740 автомобилін қарастырайық.Камаз тәрізді үлкен жүк машиналары алыс қашықтықтарға әртүрлі жүктерді жеткізуге арналған.

1. Буравлев Ю.В. и др. Устройство, обслуживание и ремонт автомобилей Камаз: Учебник для сред. проф. -техн. училищ/Ю.В. Буралев, О.А. Мортиров, Е.В. Клетенников. - М.: Высш. школа, 1979. - 256с
2. Барун В.Н., Азаматов Р.А., Машков Е.А. и др. Автомобили Камаз: Техническое обслуживание и ремонт. - 2 –ое изд., перераб. и доп. – М.: Транспорт, 1988. – 325 с., ил.25.
3. Руководство по ремонту и техническому обслуживанию автомобилей Камаз – 740, - 53211, - 53212, - М.: Третий Рим, 2000. - 240 с., ил.15.
4. Титунин Б.А. . Ремонт автомобилей Камаз. - 2-ое изд., перераб. и доп. –М.: Агропромиздат, 1991. -320 с., ил.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1.КАМАЗ АВТОКӨЛІГІНІҢ ҚҰРЛЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Жүргізу бөлігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1 Автокөліктерді ағымдағы жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..7
2.2 Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі ... ... 7
3.АВТОКӨЛІКТК АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3.1. Қозғалтқышты ағымдағы жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 11
3.2 Агрегаттар мен түйіндерді ағымдағы жөндеу ... ... ... ... ... ... ... . ...12
4.ТАЗАРТУҒА ЖӘНЕ ЖИНАП ЖУУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
4.1 Жалпы мәліметтер мен сыныпталыуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
4.2. Бұйымды ағынды тазартуға арналған қондырғылар ... ... ... ... ... ... 17
4.3Ағынды қондырғылардың жуатын қаңқасын жобалау ... ... ... ... ... ..20
4.4 Щеткалы және ағынды-щеткалы жуу қондырғылары ... ... ... ... ... .22
4.5 Бұйымды батырып тазарту қондырғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
4.6 Ультрадыбыстық жуу қондырғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
5. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
6. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - өз уақытында ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру.
Автомобиль - күрделі машына, механизмдер мен жүйелер жиынынан тұрады. Олардың конструкциясы әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдер негізгі механиздермен конструкциясымен жұмыс істеу қағидалары бірдей болып келеді. Сондай-ақ автомобильді құрастыру схемасында да ортақтық болады және ол олардың қызметі мен механизмдердің орналасуына байланысты.
Әрбір автомобильде үш негізгі бөлігін алуға болады: кузов, қозғалтқыш, шасси.
Кузов - таситын жүкті орналастыруға арналған. Жүк автокөліктерінің кузовы жүкке арналған платформадан(жүк кузовы) және жүргізуші кабинасынан тұрады.
Қозғалтқыш - жанармай жанған кездегі бөлінетін жылу қуатын механикалық қуатқа айналдырады. Мұндай қуатты айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың мін білігінің айналуын келтіреді, ол негізінде двигательдің айналдыру моменті бір қатар механизмдер арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі.Көпшілік автомобильдерде поршенді - карбюраторлы немесе дизелді қозғалтқыштар қолданылады.
Шасси мынадай бөлшектерді, механизмдермен жүйелерді біріктіреді: трансмиссия, көтергіш жүйе, белдік, аспалар, дөңгелектер, рульдік басқару және көтергіш жүйелер.Жүк автомобильдерінің ішінен Камаз-740 автомобилін қарастырайық.Камаз тәрізді үлкен жүк машиналары алыс қашықтықтарға әртүрлі жүктерді жеткізуге арналған. Ол үлкен үнемділігімен, пайдалану сенімділігімен, жүргізушінің жұмыс орнының жайлылығымен ерекшеленеді.
Жүк машиналарының ішіндегі Камаз автомобилінің бұл артықшылығы оны бірінші орынға итермелейді. Камаз автомобильдерін жаппай өндіру және халық өндірісіне пайдалану 1976 жылы басталды. Дизельді 8 цилиндрлі, төрт тактілі Камаз автомобильдерінің қозғалтқышы сығу арқылы от алады және олардың V-кейіпті орналасқан цилиндрлерінің құлау бұрышы 90°-қа тең.
Камаз-740 автомобилінің үлкен қуаттылығымен, сенімділігімен, қолдану аймағының кеңдігімен ерекшеленеді:
-кремнилі-алюминий қорытпадан құйылған жоғарғы компрессорлы сақина қосымша шойынмен бекітілген;
-поршен сақинасының бүйір беті хромды-молибденмен жабылған;
-индукциялы шыныққан иінді білік азотталған немесе бекітілген;
-негізгі және шатунды подшипниктерде құрыш-қолалы үш қабатты жұқа бүйірлі жапсырмалары бар;
-жабық салқындату жүйесі бәсең қататын салқындатқыш сұйықпен толтырылған, температуралық режимді автоматты түрде реттейтін гидромуфталы жетек желдеткішпен термостаттан тұрады;
-майды, жанар майды және ауаны сүзгіден өткізетін жоғарғы эффектілі қағаз сүзгі элементтері;
-цилиндр гильзасы көлемді-шыныққан және жалпақ ұшты хонингпен өңделген;
Автомобиль агрегаттарының тозу заңдылығымен интенсивтілігін зерттеу процессі кезінде алынған автомобиль транспорттарының техникалық пайдалану портативін түзету қолданыстағы әдісті жетілдіруге мүмкіндік берді.
1. КАМАЗ АВТОКӨЛІГІНІҢ ҚҰРЛЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Жүргізу бөлігі
Жүріс дөңгелектері автомобильді жол бетімен байланыстыратын торап болып табылады. Жүргізу бөлігі рама, белдік ілгіші, дөңгелек қозғалтқышынан тұрады. Рама автомобильдің негізгі бөлігі болып табылады. Ол қозғалтқышты, трансмиссия агрегаттарын, жүріс бөлігін, қосымша және арнаулы құрылғыларын, басқару органдарының механизмдерін сонымен бірге кабинамен кузовты бекіту және орнату үшін арналған. Камаз-740 автомобильдерінде лонжеронды клепанды рама қолданылады.
Дөңгелек қозғалтқышы жер бетімен ілініс күшінің пайда болуын және автомобильді басқару мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Дөңгелек шинасы бірқалыпсыз жолдардағы және кедергілерді жою кезіндегі динамикалық жүктемені азайтады. Дөңгелек қозғалтқышы жетекші және жетектегі дөңгелек болып екіге бөлінеді. Жетекші дөңгелек қозғалтқыштан трансмиссия арқылы тарту күшіне өтетін автомобиль қозғалысын қамтамасыз ете отырып жарқабақтау моментін өзгетеді. Жетектегі дөңгелек автомобиль қозғалған кезде автомобиль рамасынан итергіш күш әсерінен айналады. Жетекші және жетектегі басқарушы дөңгелек автомобиль қозғалысын басқаруды рульдік басқару көмегімен қамтамасыз етеді.
Аспа жатықтық жүрісті жақсартуға, ұзақ жолдарда жүргізушінің тез шаршап қалмау мүмкіндігін және тасымалданатын жүктің бүлінбеуін қамтамасыз етеді. Ол раманың белдікпен тығыз байланысын іске асыратын, дүмпу мен соғуды жұмсартуды қамтамасыз ететін құрылғыларды және рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моменттер берілісін ұсынады. Аспа серпімді, бағыттаушы және өшіруші құрылғылардан тұрады.
Аспаның серпімді құрылғысы вертикаль күштердің басты кейіптегі шартты әсрінен болатын динамикалық жүктемені азайтуға қызмет етеді. Аспаның серпімді құрылғысы дөңгелек бірқалыпсыз жолдармен жүрген кезде дөңгелектен автомобиль кузовына түсетін соғу жүктемесін айтарлықтай жұмсартып, өзі деформацияланады. Серпімді құрылғы жұмысының нәтижесінде автомобиль рамасының ауысуын азайтады және жатықтық жүрісін жақсартады. Камаз-740 автомобилдерінде серпімді құрылғы ретінде маталл қаңылтыр рессорлар қолданылады.
Аспаның бағыттаушы құрылғысы автомобиль рамасына қатысты серпімді құрылғының деформациясы кезіндегі дөгелектің ауысу сипаттамасын анықтайды және сонымен бірге рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моментті (тежеу күші, тарту күші, жанама күші және олардың моменттері) береді.
Камаз-740 автомобиліндегі бағыттаушы құрылғы лар функциясын рессорлар, рычагтар, теңгергіштер орындайды.
Өшіру құрылғылар аспаның серпімді құрылғысы әсерінен автомобиль кузовында пайда болатын тербелісті тез өшіруге арналған. Өшіруші құрылғылардың жоқтығы автомобильдің бірқалыпсыз жолдардағы үлкен жылдамдықпен қозғалысы тербеліс резонансына әкеліп соғуы мүмкін.
Тербелістің өшуі рама тербелісінің механикалық энергияға айналуына әкеліп соғады. Серпімді құрылғы детальдарының үйкелісі тербелістің өшуін қамтамасыз етеді. Дегенмен қаңылтыр рессорлар арасындағы үйкеліс төсемнің вертикал тербелісінің кинетикалық энергиясының елеусіз мөлшерін жылуға айналдырады. Сондықтан тербелісті өшіру үшін арнайы құрылғылар жартылай ашық, ағысы шектеулі тесік арқылы өтетін тұтқыр сұйықтың ішкі үйкеліс жұмысына негізделген амортизаторлар қолданылады.
Белдік автомобиль дөңгелектерін аспа детальдары арқылы рамамен байланыстыратын торап. Белдік жетекші және жетектегі болып екіге бөлінеді. Екеуіде басқарушы да, басқарушы емес те бола алады. Жетекші белдік өзімен бірге араласатын басты беріліс, дифференциал, жарты ось деп аталатын трансмиссия деталдары мен саңылауларынан тұратын бос денелі балканы ұсынады. Басқарушы белдік ағысты екітаңбалы (жетектегі белдік) немесе құбырлы (жетекші белдік) балка түрінде орындайды және аяқ жағында дөңгелек цапфасы белдікпен шарнирлі байланыста болады. Автомобиль қозғалысының бағыты белдікке қатысты цапф бұрылысымен өзгереді. Камаз автомобилінің рамасы екі лонжеронды және алты көлденең балкадан тұрады. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші көлденең балка дөңгелек ағысты болады. Алдыңғы және артқы буфер және алтыншы көлденең балка алмалы-салмалы.
Бак аспасының бекіткішінің орнына лонжерон күшейткіштері орнатылған. Іліністі-тартқыш құрылғы арнайы көлденең затқа бекітіледі. Алдыңғы буферде буксерлі ілмектер болтпен бекітілген
2.ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Автокөліктерді ағымдағы жөндеу
Автокөліктің ағымдағы жөндеуінің көлемі жүргізілетін жұмыс сипатына байланысты. Ол ақаулықтар пайда болғанда немесе машиналарға техникалық қызмет көрсету кезінде анықталады. Машинаны ағымдағы жөндеуде жұмыс көлемі әдетте 30 адам-сағ. аспайды.
Ағымдағы жөндеудің технологиялық үрдісі операцияларының мазмұны әр түрлі болуы мүмкін, себебі ол анықталған ақаулықтардың саны мен сипатына, жою тәсілдеріне байланысты.
Машинаны ағымдағы жөндеу технологиялық үрдістің маршруттық сызбасына сәйкес жүзеге асырылады. Ол ақаулықтарды нақтылаудан және жою тәсілдерін анықтаудан басталады. Қажет болғанда автокөлік жөндеу алдында ластанудан тазартылып, жуылады. Бұзылған аспаптар, механизмдер, түйіндер мен агрегаттар тікелей машинада немесе автокөліктен алынған соң жөнделуі мүмкін.
2.2 Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі
Технологиялық үрдіс -- механизмдер мен агрегатарды жинақтау кезінде бөлшектің жағдайын немесе бөлшектердің қалпын өзгерту бойынша операцияларды бірізді орындау болып табылатын өндірістік үрдістің бір бөлігі. Технологиялық үрдістердің келесі түрлері болуы мүмкін: операциялық, маршрутты және маршрутты-операциялық.
Операциялық технологиялық үрдісте операциялар мазмұны өңдеу режимдері (кесілу, берілу, машиналық уақыт, құралдың жылдамдығы) санамаланып көрсетіледі.
Маршруттық технологиялық үрдісте операциялар бірізділігі көрсетіледі. Маршрутты-операциялық технологиялық үрдісте екеуі де көрсетіледі.
Ақаулықтың күрделілігіне және сипатына қарай жұмыс күрделілігін анықтау
Жарамсыз бөлщектер
ӨА тазалау және жуу (қажет болған жағдайда)
Кем дегенде бір негізгі бөлшекті капиталдық жөндеуге жіберу (қажет болған жағдайда)
Жөндеуге қажетті жекелеген бір бөлшектер мен аспаптарды шығару
Автомобильде жекелеген бөлiктерін, құрылғылар мен компоненттерін ағымдағы жөндеу
Жаңа бөлшектер
Ішінара құрылғылар мен агрегаттарды бұзу
Жарамсыз бөлшектер
Қосалқы бөлшектер, компоненттер мен агргаттарды сақтау(қойма)
Тазалау және бақылау бөліктері
Жарамды бөлшектер
Бөлшектерді қалпына келтіру
Жаңа бөлшектер
Агргеттар мен құрылғыларды біріктіру
Өрт автомобильдеріне құрылғылар мен агргаттарды орналастыру
Автомобильдерді жөндеу сапасын анықтау
1 сурет. Автокөліктің ағымдағы жөндеу технологиялық үрдісінің маршрутты сызбасы.
3. АВТОКӨЛІКТІ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ КЕЗІНДЕ ОРЫНДАЛАТЫН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Автокөлікті ағымдағы жөндеу кезінде кемшіліктерді жою бойынша кең таралған жұмыс түрлері дәнекерлеу, қаңылтырлық, арматуралық және кузовтық болып табылады. Олар тозған бөлшектерді қалпына келтіру, сызаттар, жарықшақтарды дәнекерлеу, ойықтарды жамау кезінде орындалады. Қаңылтырлық пен дәнекерлеу, арматуралық пен кузовтық жұмыстарға кузовтың, кабинаның, қанаттардың, қанаттанудың зақымданған бөлшектерін бөлшектеу, құрастыру, түзету және дәнекерлеу операциялары жатады. Қаңылтырлық-дәнекерлеу бөлімшелерінде жөндеуге қажетті қосалқы жөндеу бөлшектері (ҚЖБ): панельдер, ендірмелер, жамаулар және т.б. жасалады.
Бөлшектеу-құрастыру жұмысында ағымдағы жөндеу кезіндегі еңбек шығыны автокөлікті ағымдағы жөндеудің жалпы еңбек сыйымдылығының 60-65 % құрайды. Бұл жұмыстар механикаланған құралмен (пневматикалық немесе электрлік сомын бұрағыштармен) жабдықталған бекеттерде жөндеу шеберханаларында орындалады.
Бөлшектерді слесарлық қол өңдеу оларды верстактағы қыспаққа егеу, қол ара, қырнауыш, тескіштер жиынтығы бар бұрғы немесе басқа да мамандандырылған құрал немесе тетіктер көмегімен бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады. Бөлшектерді слесарлық өңдеудің үлгісі ретінде бүлінген бұранданы плашка (сыртқы бұранда үшін) немесе таңбалаушы (ішкі бұранда үшін) көмегімен қалпына келтіру болуы мүмкін.Корпустық бөлшектердегі ішкі бұранданың зақымдануы зақымданған бұранданы бұрғылап кеңейту және бұрандалық ендірмелерді қою арқылы жойылады.
Жөнделген механизмдер автокөлікке орнатылады, қажет болса олар қиыстырылып, реттеледі.
Ұсталық жұмыстар ұсталық-рессорлық бөлімшеде қыздыру қолданылатын бөлшектерді жөндеу немесе дайындау кезінде жасалады. Осы бөлімшеде төмен серпінділігі бар рессорлар жөнделеді, рессорлардың жекелеген сынған табақтары ауыстырылады және т.б.
Жапсырмалау жұмыстарына отырғыштардың арқалықтары мен жастықтарын қаптау, автокөлік отырғыштарына тыс дайындау және қозғалтқыштарға жылытатын тыс дайындау жатады. Отырғыштардың арқалықтары мен жастықтары шаңды жою үшін сорып шығаратын құрылғымен жабдықталған арнайы верстакта бөлшектеледі. Зақымданған металл қаңқалар мен отырғыштардың негіздері жөндеу үшін арматуралық учаскеге бағытталады, ал сынған немесе босаңсыған серіппелер жаңасына ауыстырылады.
Мыспен жұмыс жасауда дәнекерлеу кең таралған. Ол жанармай багы радиаторларын, жанармай өткізгіштерін, электр жабдығы аспаптары мен бөлшектері мен қоректендіру жүйелерін жөндеуде пайдаланылады. Дәнекерлеу деп қатты қалыпта қалған қыздырылған металл бөліктерін олардың арасында қалған саңылауға негізгі металға қарағанда балқу температурасы төмен балқытылған дәнекерді, металды немесе қорытпаны енгізу арқылы біріктіру үрдісі түсіндіріледі. Балқытылған дәнекер біріктірілетін беттердің барлық кедір-бұдырын толтырып, жібітеді де, суығанда қатайып осы беттерді біріктіреді.
Мыспен жұмыстарға 500°С төмен температурада балқитын, жұмсақ немесе тез балқығыш және 500°С жоғары температурада балқитын, қатты немесе баяу балқығыш деп бөлінетін дәнекерлер пайдаланылады. Жұмсақ дәнекерлерге ПОС-30 және ПОС-40 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына қалайы мен қорғасын кіреді; қатты дәнекерлерге ПМ.Ц-36 және ПМЦ-48 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына мыс пен мырыш кіреді.
Жұмсақ дәнекерлер радиаторлар мен жанармай бактарын дәнекерлеу үшін, қатты дәнекерлер ауа, жағармай және жанармай өткізгіштерін дәнекерлеу үшін пайдаланылады. Алюминий қорытпасынан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу үшін алюминий дәнекерлер (силуминдер) қолданылады.
Радиаторлар, бензин бактары, жанармай және жағармай өткізгіштері және басқа да бөлшектер мыспен жұмыс учаскесінде жөнделеді.
Электротехникалық жұмыстарға электржабдығы аспаптары, аккумулятор батареясы, генератор мен стартерларды жөндеу.
3.1. Қозғалтқышты ағымдағы жөндеу
Қозғалтқыштың ағымдағы жөндеуі оны бөлшектеу, бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру және ақаулықтарды жою арқылы жүргізіледі.
Қозғалтқыштың ағымдағы жөндеуі кезінде келесі бөлшектерді ауыстыруға рұқсат етіледі: поршень сақинасын, поршень сұққысын, негізгі және шатунды мойынтіректің жұқа қабырғалы ішпегін, блок басының төсемдерін. Ақаулықтар слесарлы-механикалық жұмыстарды орындау арқылы жойылады. Шатундар бүктеліп немесе бұралып қалса, индикаторлы тетікке бекітілгеннен кейін сүймен немесе қармауыш көмегімен деформациялау арқылы түзетіледі.
Клапандардың ершігіне жанасуы клапанның жұмыс жүзін ершікке ысқылау арқылы қалпына келтіріледі. Клапан жүзі және оның ұяшықтары қатты тозса, тегістеу құрылғысын пайдаланып, конусты абразивті құрылғы көмегімен клапан жүзі мен ершіктерін алдын-ала тегістеу жүргізіледі. Клапан ұяшықтары жүзін тегістеген соң, клапандар абразивті пастамен қол пневматикалық бұрғы көмегімен ұяшық пен клапанның жұмыс бетінде ені 1,5 мм кем емес жүз пайда болғанша ысқыланады. Жүздің барлық шеңбер бойындағы беті күңгірт болуы және клапанның ершікке жанасуын қамтамасыз етуі керек.
3.2 Агрегаттар мен түйіндерді ағымдағы жөндеу
Агрегаттарды ағымдағы жөндеу оларды ішінара бөлшектеу, ақаулы түйіндер мен аспаптарды ауыстыру немесе жөндеу, негізгілерінен басқа (картер, рамалар) бөлшектерді қалпына келтіру арқылы жүргізіледі. Түйіндер мен агрегаттарды бөлшектеу бөлшектердің техникалық жағдайын тексеріп, қажетінше жарамсызын ауыстыруға болатындай жүргізіледі.
Агрегатты ағымдағы жөндеу технологиясының ерекшелігі - бөлшектеу үрдісінде қозғалмалы жанасулардағы қосымшаланған бөлшектер беттерінің өзара орналасуы қажетінсіз бұзылмау керек, өйткені автокөлікті пайдалану үрдісінде бөлшектердің жанасқан беттерінің табиғи қол жеткен қосымшалануында осы бөлшектерді қайта қосымшалау қажеті болмайды.
Бөлшектеу кезінде алынған, техникалық жағдайына қарай күрделі жөндеу қажет агрегаттар ашылмайды. Олар толық жиынтықтығымен ауысыру бекеттеріне немесе агрегат жөндеу зауыттарына жіберіледі.
Іліністі жөндеу. Іліністі ағымдағы жөндеуде (қажет болғанда) ілінісу дискілерінің фрикциялық жапсырмалары алмастырылады. Жаңа жапсырмалар гидравликалық прессі бар арнайы құрал көмегімен жез немесе алюминий тойтармалармен шегеленеді. Жетекші диск бетіндегі сызаттар тегістеу арқылы жойылады. Жөндеуден кейін жетекші диск 1 мм артық болмайтын жазықтықтарды соғуына тексеріледі.
Кардан білігін жөндеу. Кардан білігінің динамикалық теңгерілуі бұзылса және вибрация пайда болса, ол автокөліктен алынып, арнайы стендтер мен құрылғыларда тексеріледі. Теңгерімсіздік білік майысуынан, білік түтіктерінің ішіне майысуынан, ернемектердің майысуынан және басқа да ақаулықтардан пайда болуы мүмкін. Соғу рұқсат етілгеннен (0,8 мм) асып кетсе, білік пресс көмегімен түзетіледі. Ол үшін білік арнайы призмаларға орнатылып, теңгеруші станоктарда теңгеріледі.
Радиаторларды жөндеу. Радиаторлардың келесі ақаулары болуы мүмкін: дәнекерленген жіктерінде ағып кету, өзек түтіктерінде ағып кету, бактардың,суыту тілімшелерінің зақымдануы, түтіктердің бітелуі мен қақ тұруы.
Радиаторлардың зақымданған жерлері былай анықталады: келте түтік тесіктері тығынмен жабылып. радиатор суы бар ваннаға батырылады. бу жібергіш түтік арқылы қол сорғысының көмегімен немесе ауа торабынан 0,08 МПа қысымға дейін ауа толтырылады. Рабиатор бетіне шығып жатқан ауа көпіршіктеріне қарап, зақымдану жері анықталады да, сызылып белгіленеді. Алынған радиатор кептіріліп, ағып кету орындары жұмсақ дәнекермен дәнекерленеді. Дәнекерлеу дәнекерлегішпен немесе бұйымның алдын-ала дәріленген зақымданған жерлерін балқытылған дәнекерге батыру арқылы орындалады.
Деформацияланған суыту пластиналары арнайы тарақ көмегімен немесе атауызбен түзетіледі. Ағымдағы жөндеуде жекелеген зақымданған түтіктерді бітеу рұқсат етіледі.
Жөнделген радиатордың герметикалығы 0,08 МПа қысыммен жоғарыдағы аталған тәсілмен суға батыру арқылы тексеріледі. Аккумуляторларды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар электротехникалық учаскенің аккумулятор жөндеу бөлімшелерінде орындалады. Жөндеуді қажет ететін батареялар тазаланып, аккумулятор қақпақтары беті 10 % кальций қосылған сода ерітіндісі немесе мұсатыр спиртімен бейтараптанады. Тазаланған соң батарея ескі шүберектермен құрғатылып сүртіледі. механикалық зақымдары бар, құю мастикасында жарықшақ бар, сыртқа шығарғыштар мен элемент аралық жалғасулардың опырылуы бар батареялар жөнделеді. Барлық жөндеу жұмыстары технологиялық карталарға сәйкес және тиісті жабдықтар мен құралдар пайдаланылып орындалады.
Батареялардың қышқылға төзімді мастикасындағы жұқарған жерлер мен жарықшақтар электрлиттің өтіп кетуінен табылады. Жарықшақтар 90 -- 120° бұрышпен өңделіп ыстық мастика құйылады.
Тежеуіштерді жөндеу. Тежеуіштерді ағымдағы жөндеуде тежеуіш қалыптарының фрикциялық жапсырмалары алмасытырлады, ал тежеуіш барабанның ішкі бетінде жарамсыздық немесе айтарлықтай жергілікті тозу болса, оның ішкі беті барабандарды жону станоктарында жонып тегістеледі. Осы станоктарда тежеуіш қалыптарының жапсырмалары да жонып өңделеді.
Кабиналар, платформаларды жөндеу. Кабиналар, платформалардағы азғантай майысу мен иілулер арнайы құралдары жиынтығы қолданылып түзету арқылы жойылады. Мұнда әр түрлі пішінді балғалар, жақтаудлар, таяныштар кіреді. Өнеркәсіп осындай құралдардың арнайы жиынтықтарын шығарады, мысалы ГАРО 214-1 жиынтығы. Терең майысулар металды созып және тегістеп, соңынан бетін тазарту әдісімен қалпына келтіріледі. Терең сызаттар дәнекермен немесе синтетикалық ұнтақ және желіммен балқытып деформацияланған бетке түсіру арқылы жойылады.
Сызаттар, жарылулар, ажыраулар бетін тегістеуден кейін газды дәнекер көмегімен пісіріліп, содан соң беті тазаланып, тегістеледі.
Машиналарды бояу. Машинаны ағымдағы жөндеу аяқталған соң, лакты-бояулы жабынның жергілікті зақымдарын жою үшін кабина мен платформа сыртының жекелеген жерлері боялады.
Бояудың технологиялық үрдісіне беттің бояуға, сырлауға, сылауға, тегістеуге, жабынның аралық және сыртқы қабаттарын жағуға, кептіруге дайындау кіреді. Ағымдағы жөндеудің орындалу сапасы автокөлік қозғалғанда барлық агрегаттар жұмысын тыңдау және сыртынан қарау арқылы анықталады.
Генераторды жөндеу. Генератордың ерекше ақаулары щеткалардың тозуы, серіппелердің босаңсуы, орам аралық тұйықталу, ротор білігінің тозуы және т.б. болып табылады.
4.ТАЗАРТУҒА ЖӘНЕ ЖИНАП ЖУУҒА АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ-
ЛАР
4.1 Жалпы мәліметтер мен сыныпталыуы
Пайдалану процесіндегі және жөндеуге түскен автомобильдер мен оларды құраушы бөлшектерінің беткі бөлігі ластанған болады. Бұл ластану қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын қалыпты жүргізуге келтіруге кедергі келтіреді, ақаулығы мен бақылау дәлдігін анықтауды нашарлатады, өнімділік пен еңбек мәдениетінің төмендеуіне әкеледі және жөндеу жұмысының, бөлшектер ресурсы мен тұтас автомобиль сапасына әсер етеді.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жинап-жуу және тазалау жұмыстарының сапалы және уақытылы жүргізілуі лактап сырланған төсемнің сақталуына, пайда болған ақауларды жылдам табуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуші жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға және сәйкесінше автомобиль ғұмырлылығы мен техникалық дайындығына үлкен әсер етеді.
Жинап-жуу және тазалау жұмыстары ауыр физикалық еңбекті талап ететін және лас, ылғал, ыңғайсыз жағдайларда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz