СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫН
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. С.АРОНҰЛЫНЫҢШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 С.Аронұлының мұрасының жариялануы мен зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 С.Аронұлы толғауларының тақырыптық . идеялық мазмұны ... ... ... ... ... ..9
1.3 С.Аронұлы шығармаларының жанрлық . стильдік ерекшеліктері ... ... ... .11
2. С.АРОНҰЛЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТОЛҒАНЫСТАРЫ
2.1С.Аронұлының ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары...13
2.2 С.Аронұлы шығармаларындағы өмір көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3Сүйінбай шығармаларының жанрлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3. С.АРОНҰЛЫНЫҢ АЙТЫСТАРЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК КЕСТЕЛЕРІ
3.1 С.Аронұлы айтыстарындағы философиялық толғамдар ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2 Сүйінбай Аронұлы шығармаларының өміршеңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.3 С.Аронұлы шығармаларының танымдық . тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ..28
Қосымша

Халықтың мұңын жан – жақты толғай білген ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының шығармалары жанрлық – стильдік тұрғыдан да, тақырыптық – идеялық мазмұны жағынан да талдаулар жасалды.
Ақын шығармаларында кездесетін көркемдегіш құралдар мен айқындауыш құралдарының қолданыс ерекшелігі анықталды.
Сүйінбай - өлең техникасына жетік, саңлақ ақын. Оның шығармалары әдебиетіміздің төрінен орын алады. Өлеңдерінің көп жолдарында қатар бір жолдан бастап, анафора, эпифора, аллитерация үлгілерін шебер пайдаланады. Ал бұл сиқты қасиет профессионал жазушыларға тән құбылыс екені мәлім.
Сүйінбай Аронұлы өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өмір саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шығармалары — өзінің өміршеңдігі, көркемдігімен құнды.Сүйінбай шығармалары – образды, сұлу, суретті жырлар. Онда терең мазмұнға сай көркем бейне, сом тұлғалар дараланып, көркемдік шыңға көтеріледі. Әсіресе, үстемдер бейнесін жасауда олардың типтік мінездерін танытарлық суреттер қонымды бояулар арқылы реалистік өнер дәрежесінде тұлғаланады. Ал датқа, ұлық, болыс, би, ояз сияқтыларды суреттеуде Сүйінбай Абайдың «Болыс болдым, мінекей!» классикалық шығармасы дәстүріне лайық, соған пікірлес стильде тамаша сатиралық туынды жасайды. Мысал үшін, Сүйінбайдың «Датқаларға» толғауын атасақ та болады.
1960 жылдан кейін Сүйінбай творчествасына жаңаша талдаулар жасалды. Сүйінбай ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы бұл - дүниенің қадірін түсініп өмір сүру, дүние байлықтың өткінші екенін, шын қазына адамдық екендігі. Ақын ел басқару, халық тағдыры мен адам батылдығы, жақсы мен жаман қасиеттерді саралайды. Өмірдің құндылығы мен өткіншілігі туралы ақыл өсиет,нақылдар айтады.Ақын ер тұлғасы, ел қорғанының бейнесін жырлайды. Ақын шығармаларының бір парасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспеттес «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың түпкі тегі көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған, заманынан қана сіңген халық рухы есір тұр. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Саурық, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады. Осындай әйгілі адамдарды тірек тұтқан ақынды қарсы жыраулар кедейсің деп, қанша жабыссада жеңе алмайды. Ол өз аяғымен келіп, босағада тұрып сөз бастаса да, төре ақындарын бұлтартпай шалып тастайды[1. 58- бет].

1. Үмбетаев М. Пірім менің Сүйінбай. – Алматы: Қазақ университеті,1992 . – 144 б.
2. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.– Алматы: Санат, 2006 жыл. - 904 бет.
3. Мақпырұлы С, Сыдықов Т. Қазақ әдебиеті. – Астана: Фолиант. 2007 ж. – 192 бет.
4. Фатима Ілияс. Сүйінбай ақын. – Алматы: 1935 жыл.
5. XIX ғасыр әдебиеті.(хрестоматия)– Алматы: Ана тілі, 1992 жыл. - 221 бет.
6. Жиренов С.А. XV-XIX ғ.ғ ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің танымдық табиғаты. (автореферат).– Алматы: 2007 жыл.
7. Қоңыратбаев Ә.Қазақ әдебиетінің тарихы.– Алмат: Санат. 1994 ж. - 310 бет.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы. 5-том. – Алматы: 2006 жыл. - 546 бет.
9. Ақындар аманаты (Қазақтың ауызша әдебиеті) – Алматы: 2014 жыл. - 280 бет.
10. Мақпырұлы С. Адамтану өнері. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 214 бет.
11. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: «Қазақ университеті». 1992 ж. – 352 бет.
12. Аронұлы С. Ақиық. – Алматы: 1975 ж.
13. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп. 1986 ж. 236 бет.
14. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін. 2002 ж. – 528 бет.
15. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – Астана: Фолиант. 2003 ж. – 344 бет.
16. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп. 1973 ж. 211 б.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдеиеті кафедрасы
Султанханова Толғанай
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫН
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші: Сейсенбай Г.А
аға оқытушы
Қостанай, 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. С.Аронұлының шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері
1.1 С.Аронұлының мұрасының жариялануы мен зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ..6
1.2 С.Аронұлы толғауларының тақырыптық - идеялық мазмұны ... ... ... ... ... ..9
1.3 С.Аронұлы шығармаларының жанрлық - стильдік ерекшеліктері ... ... ... .11
2. С.Аронұлының философиялық толғаныстары
2.1 С.Аронұлының ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары...13
2.2 С.Аронұлы шығармаларындағы өмір көріністері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Сүйінбай шығармаларының жанрлық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .17
3. С.Аронұлының айтыстары шығармаларының көркемдік кестелері
3.1 С.Аронұлы айтыстарындағы философиялық толғамдар ... ... ... ... ... ... .. ...20
3.2 Сүйінбай Аронұлы шығармаларының өміршеңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.3 С.Аронұлы шығармаларының танымдық - тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қосымша
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: С.Аронұлы шығармаларының өміршеңдігі зерттеліп, әдеби-теориялық талдаулардың жасалуы мен ақын шығармаларының жан-жақты талдануы тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының шығармаларын жан - жақты зерттеп, тақырыптық - идеялық мазмұны мен жанрлық - стильдік ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
Сүйінбай Аронұлы шығармаларының өміршеңдігі мен танымдық - тәрбиелік мәнін ашу;
С.Аронұлы шығармаларын зерттеп, философиялық ой - толғамдарын талдау;
С.Аронұлы шығармаларының көркемдік кестелерін анықтау;
Зерттеу нысаны: С.Аронұлының философиялық ой - толғаныстары
Зерттеу әдістері: талдау, баяндау, түсіндіру, сауалнама, зерттеу, салыстыру.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Сүйінбай халық батырларын үлгі етіп, қаһармандық жырлар толғаған эпик ақын. Ол өзшығармаларында кем-кетік, жоқ-жітік кедейді кем санаушылыққа, тәкаппарлыққа да қарсы екендігін көрсетті. Сүйінбайдың нақылдары - өмір тәжірбиесінің қорытындысы, адамгершіліктің ережелері дерлік, терең ойдың, психологиялық толғаныстың жемістері.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Халықтың мұңын жан - жақты толғай білген ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының шығармалары жанрлық - стильдік тұрғыдан да, тақырыптық - идеялық мазмұны жағынан да талдаулар жасалды.
Ақын шығармаларында кездесетін көркемдегіш құралдар мен айқындауыш құралдарының қолданыс ерекшелігі анықталды.
Сүйінбай - өлең техникасына жетік, саңлақ ақын. Оның шығармалары әдебиетіміздің төрінен орын алады. Өлеңдерінің көп жолдарында қатар бір жолдан бастап, анафора, эпифора, аллитерация үлгілерін шебер пайдаланады. Ал бұл сиқты қасиет профессионал жазушыларға тән құбылыс екені мәлім.
Сүйінбай Аронұлы өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өмір саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шығармалары -- өзінің өміршеңдігі, көркемдігімен құнды. Сүйінбай шығармалары - образды, сұлу, суретті жырлар. Онда терең мазмұнға сай көркем бейне, сом тұлғалар дараланып, көркемдік шыңға көтеріледі. Әсіресе, үстемдер бейнесін жасауда олардың типтік мінездерін танытарлық суреттер қонымды бояулар арқылы реалистік өнер дәрежесінде тұлғаланады. Ал датқа, ұлық, болыс, би, ояз сияқтыларды суреттеуде Сүйінбай Абайдың Болыс болдым, мінекей! классикалық шығармасы дәстүріне лайық, соған пікірлес стильде тамаша сатиралық туынды жасайды. Мысал үшін, Сүйінбайдың Датқаларға толғауын атасақ та болады.
1960 жылдан кейін Сүйінбай творчествасына жаңаша талдаулар жасалды. Сүйінбай ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы бұл - дүниенің қадірін түсініп өмір сүру, дүние байлықтың өткінші екенін, шын қазына адамдық екендігі. Ақын ел басқару, халық тағдыры мен адам батылдығы, жақсы мен жаман қасиеттерді саралайды. Өмірдің құндылығы мен өткіншілігі туралы ақыл өсиет, нақылдар айтады. Ақын ер тұлғасы, ел қорғанының бейнесін жырлайды. Ақын шығармаларының бір парасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспеттес Бөрілі менің байрағым өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың түпкі тегі көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған, заманынан қана сіңген халық рухы есір тұр. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Саурық, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады. Осындай әйгілі адамдарды тірек тұтқан ақынды қарсы жыраулар кедейсің деп, қанша жабыссада жеңе алмайды. Ол өз аяғымен келіп, босағада тұрып сөз бастаса да, төре ақындарын бұлтартпай шалып тастайды [1. 58- бет].
Сүйінбай шығармаларында адам өмірінің әрбір кездерін бейнелеуде де ақын осы түсініктерін жеткізе біледі. Жастық шақ - қажырлы да албырт кезең, кәрілік - қуарып әлсіреген, дәрмені кеміп құлдыраған тұстар. Сүйінбай халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның Кәрілік атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.
Ақын өлеңдері арқылы оның шабыты шалқар екенін байқау қиын емес. Тауып айтқан тұспалдары әр кез адамдарына нұсқа болып қала береді. Ақын дәл баламасын тауып, салмақтап, салыстырмай, сөз сөйлемейтін сияқты. Әр сөзінің көркемдігіне мән бере білген ақын өлеңдері айқындауыштарға, теңеу, эпитет сияқты поэтикалық тілдерге бай. Ел еңсесін көтерер ерлік, батырлық екенін айта келіп, сол батырды тудырып, баптап өсіретін ел керек, ерге сай елі, еліне сай ері болса ғана іргесі тегеурінді мықты болады. Ақын ерлікті, жауға мейірімсіздікті әр тұста жырлап, жастарды батырлар үлгісінде тәрбиелейді.
Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы білген. Әсіресе, оның есімі - туысқан қырғыз халқына жете таныс. Қырғыз айылдарын өз аулындай аралап, олардың басындағы ауыртпалықтарды да жақсы ұғынған. Қырғыз кедейлері мен қазақ жатақтарының тағдырластығын түсініп, оларды қанап отырған хан, төре, датқаларды бірдей сынаған.
1 С.АРОНҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сүйінбай Аронұлының мұрасының жариялануы мен зерттелуі
Сүйінбай - XIX ғасырдың 30-жылдарынан 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. Оның өлеңдері мен айтыстарында XIX ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей - кепшікке көрсеткен зорлық - зомбылығын, әлеуметтік әділетсіздікті көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқшысы болды.
Белгілі қазақ ақындарының бірі - Сүйінбай Аронұлы 1822 жылы шілде айында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында туған. Өз әкесі - Аран Күсепұлы, арғы атасы - Жиенқұл деген кісілер. Ол кедей жанұядан шыққан. Әкесі Аранның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайды және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді. Елінде билік құрған бір төреге айтқан толғауында ол:
Сол момынның біреуі,
Малға кедей жан едім,
Екей деген ел едім.
Көже қатық қой сұрап.
Сүйінбай деген мен едім,
Дүйсен деген біреуге
Әкем Арон тұқымы.
Кеше күндіз кеп едім, - дейді.
Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі - кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады. Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды. Болашақ талант иесінің шығармашылық ізденуі басталады. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін ол түгел аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарының біразымен кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ, Түбек, Шөжелермен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан [2. 556 бет].
Сүйінбай Аронұлының өмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді жазушы С.Бегалиннің Жамбыл Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшыратамыз. 1960 жылдан кейін Сүйінбай шығармашылығына біз жаңаша талдаулар жасап келеміз. Сөйтіп, ақын шығармашылығын зерттеудің 1960 жылдардан жаңа кезеңі басталды. 1975 ж. Жазушы баспасы Ақиық атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл жинақ 1990 ж. қайта басылды. Сүйінбай Аронұлының шығармаларының жаңа басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бірқыдыру мол қамтып, ақынның алып бейнесін толық танытты.
Сүйінбай шығармаларының көпшілігіне тән қасиет - сын-сықақ, ащы сарказм. Бұл сарын ақынның барлық шығармасының негізгі өзегі дерлік. Сөйтіп, Сүйінбай да Махамбет сияқты хандар мен төрелердің халықтың хас жауы екенін ашық айта алды. Сүйінбай әділ билікті керек етіп, халыққа қызмет етер адал азаматты көкседі. Жастарды әділдік рухта тәрбиелеуге күш салды.
Сүйінбайдың жұртшылыққа мәлім шығармаларының көбі - сын-сықақ өлеңдер, арнау, толғаулар, айтыстар. Өмірдің қызығы - татулық, бірлік, ізеттілікте екені көрсетіліп, адамгершілікке үндейді. Көркемділікті, табиғилықты дәріптеп, адамның рухани азығы -- өнер, өлеңді жоғары бағалайды. Бұған Жақсы мен жаман адамның қасиеттері, Жұмыққа, Құлқайырдай ағарды сақал-мұртым, Сүйінбай Алатаудай атың дардай, Кәрілік тәрізді өлеңдер циклын жатқызуға болады [13. 35- бет].
Сүйінбайдың соңғы кезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір белестерін танытатын кейбір толғаулары кездеседі. Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде мұрасының қағаз бетіне түсіп, жазылып қалмағанына өкінеді. Өзі қайтыс болғаннан кейін өлеңдері елдің есінде қалмай, өзімен бірге жойылып кете ме деп қауіптенеді. Өлеңінде ақын кесір мінезді Жұмаққа реніш те білдіреді. Сүйінбайдың аталмыш өлеңдері -- өзінің мәнімен де, көркемдігімен де елеулі шығармалар [1. 76- бет].
Сүйінбай - халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның Кәрілік атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.
Сүйінбайды пір тұтқан, өзіне ұстаз санаған ақын-жыраулар белгілі. Сонымен қатар Сүйінбай да Қабан жырауды өзіне ұстаз тұтып, үлгі алған. Жалпы Қабан жырауды Жетісу ақын-жыауларының барлығы дерлік ұстаз тұтқан. Қабан (Қаблиса) 1733-1824 ақын, жырау, ұлы жүздегі жалайыр руының Мырза тармағынан шыққан. 15 жасынан ақындығымен танылып, айтысқа түскен. Жетісу өңірінің Сүйінбай Аронұлы, Бақтыбай Жолбарысұлы, Ү.Жапсарбаев ақындары оны ұстаз тұтқан. Қабан жыраудың бізге жткен шығармалары Тұмаршамен және Тауман қызбен Арқадағы айтыстары. Сондай-ақ Бәріңдағы тыңдаңдар, Ырыс алды-ынтымақ, Тамшыдан теңіз молайып, Арғымақ жабы көрінер Қарынбай т.б шығармалары бар. 1993 жылы оның ел аузында сақталған өлең-толғаулары Алтын қазық жинағына енді. Сүйінбайдың алғашқы ұстазы Қабан жырау. Қабан жырау Сарыбастың, Сүйінбайдың нағашысы. Мұны Кенен Әзірбаевтың Жамбыл жыр деген толғауынан аңғару қиын емес:
Ұстазы Сүйінбайдың Қабан ақын,
Бас иген ұлы жүзде тамам ақын,
Нағашысы жалайыр Қабан еді деп,
Жамбыл атам айтатын маған атын - деп жырлаған.
Сүйінбайды жалайыр, албан, дулат елдерінің ақындары ұстаз тұтып ардақтаған. Бақтыбай деген жалайырдың жас ақыны Сүйінбайдан бата алып, өнер жолына түскен. Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз тұтып, пір тұтқан. Заманымыздың алып ақыны Жамбыл оны ұстаз тұтып, өнерін жетілдірген. Ол Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай - деп толғайды. Себебі оған Сүйінбайдың ағалық ақылы мен ақындық тәлімі мол тиген болса керек. Оның ақындығын Жамбыл аса жоғары бағалаған. Сүйінбай алып ақындар дәстүрін білгірлікпен жалғастырды. Халық дәулетін жұтып жатқандарды және де олардың жексұрын мінездерін Судан сұйық, лай, былық деп өзінше жырлады [2. 567- бет].
ХIХ ғасырдағы қазақ халқының ұлы ақыны Сүйінбайдың лирикалық өлеңдері мен философиялық толғаулары және классикалық үлгідегі ірі айтыстары 20 жылдардан бастап жинала және жариялана бастады. Ақынның Апырым - ау, мына жатқан Сарыбай ма? деген өлеңі алғаш рет 1929 жылы Жаңа әдебиет деп аталатын журналдың №6 санында жарияланды. Содан соң 1931 жылы Сәкен Сейфуллин құрастырған Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары деген жинағында Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайғанда айтқаны деген пәлсафалық өлеңі басылды. Сүйінбай өлеңдерін жинау және оларды жариялау І.Жансүгіров еңбектерінің елеулі екенін атап кеткен жөн. Ол Бөлтіріктен, Бейсембайдан, Шыныбайдан және Үмбетәлі ақындардан Сүйінбайдың көптеген шығармаларын жазып алып, соның негізінде 1935 жылы Сүйінбай ақын деген жеке жинақ құрастырып шығарды. 1958 жылы Москвада шыққан Қазақ поэзиясының антологияы, 1978 жылы Ленинградта басылған Қазақстан ақындары және Әлем әдебиеті кітапханас деген атпен 1972 жылы жарық көрген 200 томдық жинақтың 102 - томында Сүйінбайдың бірнеше өлеңдері орыс тілінде басылды, соның бірі Кәрілік өлеңі [4. 12- бет].
1935 жылғы жинақтан соң 1975, 1990, 1996 жылдары Жазушы баспасынан Сүйінбайдың үш томы жеке - жеке жинақ болып басылып шықты. Жалпы редакциясын басқарған профессор С.Сұлтанғали болды. 1976 жылы Сүйінбай ақынның Ақиық атты жинағына таңдаулы шығармалары мен қатар тыңнан алынған өлеңдері енген.
С.Аронұлы толғауларының тақырыптық - идеялық мазмұны
Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.
Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғау-жырлары жатады. Оның мазмұны шет жұрттық басқыншыларға қарсы қол бастаған қазақ батырларының ерліктерін жырлау, өмір сырларын ақтарып, дүние-әлем, бақ-дәулет, талап-талғам, өзгерістерін толғау. Өмір - қоғам құбылыстарын байқаған, дүние, әлем, адам, оның орны туралы толғанысы терең:
Дүние - ескі сарай-ды,
Көшіп өткен керуендей,
Жолаушы жүрген азамат
Аттандырған талайды.
Көркіне оның қарайды,
Өміріңнің орағы
Сондадағы тауарих
Қуанба көріп жаңа айды - деп жырлаған.
Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.
Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр ақындары айтыстары ішінде бір төбе жоғары тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады. Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, тілге тиекті сол бай мен төрелер маңынан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады.
Сүйінбай шығармаларының ішінде өзінің мәнділігімен ерекше көзге түсетіні - оның Тезек төремен кездесіп, дидарласуы. Мұның өзі әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, елдегі қоғамдық екі тап өкілінің саяси тартысы деуге тұрарлық шығарма. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді. Мұнда бір-бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан-ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық, еңбекші ел атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы текті төре Тезек өз табының туын ұстап, тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі.
Сүйінбай хан-сұлтандар алдында қасқиып тұрып, батыл сөйлеген Махамбет пен Шернияз типтес талант иесі. Әсіресе, ол - Шернияз ақынмен тағдырлас. Екеуі де ел батырларын жақтап, ел мұңын жоқтаған. Екеуі де өз елінің хан-сұлтанын түйреген өлеңдерімен белгілі [13. 39- бет].
Сүйінбайдың айтыстары ішінде оның Қаңтарбай ақынмен тілдесуінің мәні ерекше. Қаңтарбаймен айтысқанда Сүйінбай да өз елін бай, өз руын күшті етіп көрсетуге тырысады. Қаңтарбайды кедейсің деп кемітеді. Албан, дулаттың көптігін айтып састырмақ болған Қаңтарбайға Сүйінбай екей аз болса да, оның Сұраншыдай батыры бар екенін, талай жауды тойтарып, ол дулатқа да қорған болғанын айтады. Мен ол тірі тұрғанда ешкімнен қорықпаймын деп Сұраншыны мақтайды:
Қорықпаймын дулаттан Сұраншы өлмей,
Қара шұбар жігітке қаза келмей.
Мың кісіңе бір кісім болар, дулат,
Шуылдап Сұрыншыны жерге көмбей.
Бұл айтыста Сүйінбай өзінің ақындық өнерін асырып, Қаңтарбайды жеңіп кетеді. Сүйінбайды жалайыр, албан, дулат елдерінің ақындары ұстаз тұтып ардақтаған, Бақтыбай деген жалайырдың жас ақыны Сүйінбайдан бата алып, өнер жолына түскен. Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санап, пір тұтқан. Сүйінбайдың ақындығын Жамбыл аса жоғары бағалаған. Бұл ретте Жәкеңнің мына бір өлең жолдары көбірек еске оралады:
Ақындардың ақыны,
Айдын көлдей ақылы.
Жыр тұлпары - Сүйінбай.
Сүйінбайдың көпшілікке мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағынан да онша мәз емес еді. 1940 жылдардан бастап, Сүйінбай шығармашылығын орта мектепке оқу құралдарына енгізу әрекеттері де істелді. Бұл салада Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов тұңғыш қадамдар жасаған болатын [2. 569- бет].
Бөрілі менің байрағым атты өлеңі идеялық мазмұны елдік пен ерлікті насихаттау үлгісінде жазылған. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі - көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау хүн-түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр. Бастапқа жолы: Бөрілі байрақ астында Бөгеліп көрген жан емен. Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен, - деп басталатын өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі, әр сөзінің саф алтындай салмақты мағынасы, елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр. Төрт жолдың басындағы сөздердің: Бөрілі, Бөгеліп, Бөрідей, Бөлініп делінетін дыбыстық үндестігі де үлкен ақындық шабыт пен шеберлікті паш етеді. Мұндай жігерлі сөздерді ерлікті, бірлікті қастерлеуші ғана емес, өзі де іркілмес ер, қайтпас батыр ақын ғана айта алса керек. Ақын елдіктің, еркіндіктің символы - бөрілі байрақ арқылы халықтың намысы мен жігерін қайрап, қанын қыздырып, бірлікке, ерлікке, елдікке шақырады.
С.Аронұлы шығармаларының жанрлық - стильдік ерекшеліктері
Сүйінбай - ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады. Осы қасиетінің арқасында өзіндік стилі қалыптасқан. Оның стилін баяндар болсақ, Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін жырлайды, ел үшін оттан да, судан да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды.
Елдік, ерлік идеясы - Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идеясы. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті Бөрілі менің байрағым өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі - көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау хүн-түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.
Осы өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі, әр сөзінің саф алтындай салмақты мағынасы, елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр. Төрт жолдың басындағы сөздердің: Бөрілі, Бөгеліп, Бөрідей, Бөлініп делінетін дыбыстық үндестігі де үлкен ақындық шабыт пен шеберлікті паш етеді. Елдік пен ерліктің бірлігі ақынның Сұраншы батыр, Жабай батыр толғаулары мен айтыстарында, соның ішінде қырғыздың атақты ақындары Қатаған, Арыстанбектермен айтыстарында, басқа да өлең, термелерінде кеңінен жырланады. Қай өлеңін алып қарасақ та елдік пен ерліктің, жаудан қаймықпайтын өрліктің рухы тасып тұрады. Осы қасиеттердің арқасында жоғарыда айтқанымыздай Сүйінбай ақынның өзіндік стилі қалыптасты [1. 99- бет].
Жақсы мен жаманның айырмасы өлеңі Сүйінбайдың бұл өлеңі насихат өлеңдерінің қатарына жатады. Мұнда ақын жақсы мен жаман адамның қасиеттерін салыстыра отыра суреттейді. Ер жігіттің жақсы болуы жұртына пана, ал әйелі жақсы болса ол барша елдің анасындай болады дейді.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай, -
деп жақсы адамның елге де сыйлы болатынын, оны барша жұрт миуалы алма ағаштың ағашындай күтетінін айтса:
Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр,
Жүрер жолда тал түсте адасып-ай -
деп жаман адамның сөздің, істің парқын білмейтіндігін, жақсымын деп кеудесін кере беретіндігін айтады.
Жамандар өтірікші, өсегі көп
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай,
Жалған сөзбен бүлдіріп ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай, - деп жырлайды.
С.АРОНҰЛЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТОЛҒАНЫСТАРЫ
2.1 С.Аронұлының ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары
Ақын шығармаларының бір парасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті Бөрілі менің байрағым өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі - көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау хүн-түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, -
деп басталатын өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі, әр сөзінің саф алтындай салмақты мағынасы, елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр. Елдік пен ерліктің бірлігі ақынның Сұраншы батыр, Жабай батыр толғаулары мен айтыстарында, соның ішінде қырғыздың атақты ақындары Қатаған, Арыстанбектермен айтыстарында, басқа да өлең, термелерінде кеңінен жырланады.
Төрелерге деген өлеңінде Сүйінбай бір өңірдің атқа мінерлерінің нашарға жасаған қиянатын, зорлығын, әділетсіздігін бас-басына тізіп айтып шығады.
Дәулетбақтан - Ноғайбай, сен бір арсыз,
Байсүгір - Қараталдан тұғыянсыз.
Ыстанбек, төремін деп мақтанбағын,
Бұл арсыздың ішінде сіз де барсыз.
Дүниеден Сарыбай да кетті көшіп,
Бұл жерде Нарбота отыр желдей есіп.
Сүйінбайдың арнау, толғаулары, айтыстары қай-қайсысынан болсын, елдікті, әділеттікті жақтаушы тұлғаны көре аламыз [13. 43- бет].
Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы Сұраншы батыр жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген карияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толык болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы Сайрам деген қаланың, Жасы менен кәрісін Жау қолынан босатқан деген жыр жолдары арқылы накышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, Қарасайлап ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен аяқталады. Жамбылдың айтуынан естіген Тәпеке Жарықбасов айтқан Сұраншы батырдың бала шағы атты әңгімесінде батыр шыккан Шапырашты руының Сұраншыға дейінгі шежіресі таратылып, Саурық батыр өлгеннен кейін қырғыз Орман ханның елді талап, күйзеліске үшыратуы, оған қарсы Сұраншы батыр бастаған жігіттер аттанып, халык кегін қайтаруы сөз болады. Бұл жырда Сүйінбай Сұраншы батырды ...қазақтарды қоқандықтардың езгісінен құтқарушы деп таныстырған. Оның ерлігі жайында Сүйінбай Сұраншы, Ту алып жауға шықсаң сен толғауларында жырлаған.
Сүйінбай айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді.
Сұраншы (1815 - 1864) - батыр. Ұлы жүз шапырашты ішінде есқожа руынан. Арғы атасы - Қарасай батыр. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы Сұраншы батыр жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген карияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толық болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы Сайрам деген қаланың, Жасы менен кәрісін Жау қолынан босатқан деген жыр жолдары арқылы накышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, Қарасайлап ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен аяқталады. Жырды зерттеген бірқатар ғалымдар Жамбылдың Сүйінбайдан қалған эпикалық дәстүрді әр кезеңдерде өзінше, тың өзгерістермен жалғастырып отырғанын айтады. Бұл ретте С.Бегалин: Жамбыл жасынан хикаялы жырды айтуға құмар болған. Әсіресе, оны қызықтырған - ел қорғаны болған ерлер жыры. Сүйінбайдың айтуынан өзі ұғып, көп жеріне жыр қосып молайтып алған Сұраншы жыры, Күсеп ақын жырлап ескірген кезде жұрнағын ұғынып, жаңғыртып алған Өтеген жыры, - деген пікір білдірсе, профессор Е.Ысмайылов: Поэмаға ақын қазіргі дәуірдің патриоттық тұрғысынан идеялық қорытынды жасайды. Сұраншының ерлігін, ол дәуірдің тарихи оқиғасын айқын дайын сюжетке қызығып, қайта оралу мақсатымен жырлаған емес, сол тарихи оқиғаны бүгінгі патриотизм идеясы тұрғысынан жырлайды. Оның Сұраншы, Саурық батырлар туралы циклді өлеңдері мен толғаулары нағыз эпик ақынның өресін танытатын өлмес мұра. Мұнда ежелгі эпосқа тән асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. Лашын құстай түйілген, ақ тұйғындай шүйілген батыр тұлғасын, отыз жылдай алысқан, қырық жылдай шабысқан дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды [4. 78- бет].
Сүйінбай ақынды тыңғылықты зерттеген зерттеуші-ғалым Сұлтанғали Садырбаев өзінің бір еңбегінде: Құнарлы сөз, кесек ой, келелі уәж Сүйінбай Аронұлының поэзиясына, эпикалық қарым, көркемдік сипат дарытты. Әсіресе, Сүйінбай ақын айтысқа түскенде қынынан суырылған алмас қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық дарынымен қайта қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары - шашасына шаң жұқтырмайтын хас жүйріктің нағыз өзі екендігінің айғағы - деген.
Жыр жампозы Сүйінбайдың поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым биіктеді. Тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті. Өзіне тән бір ерекшелігі, Сүйінбай эпикалық қарымдағы ақын ретінде халықтың әртүрлі жыр дастандарын таңды таңға ұзатып айтып, Манас, Көрұғлы, Рүстем Дастан, Тотынама сияқты туындыларды өзіне тән стилде айрықша екпінмен жырлай білді. Сұраншы, Саурық батыр туралы циклді өлеңдері мен толғаулары Сүйінбайдың нағыз эпик ақын екендігін туған халқына ғана емес, өзге жұртқа да айқын дәлелдеген, өлмес мұра екені анық. Оның бұл жырларында ежелгі эпосқа тән асқақ рух, алапат теңеулер қарша борап отырады. Лашын құстай түйілген, ақ тұйғындай шүйілген батыр тұлғасын, отыз жылдай алысқан, қырық жылдай шабысқан дұшпан бейнесін нағыз жыраулық тегеурінмен сипаттайды, - деп ақын атасына әділ бағасын берді [1. 108- бет].
Дерек-дәйек: Сүйінбай ақындығымен қоса, батырлық эпостарды жырлаудың шынайы шебері болған. Оның Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырларының рухына арналған қаһармандық дастандары өмірге келді. Аронұлының Тезек төре, Катаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Мұнда ол ел ішінде орын алған әлеуметтік мәселелерді жырлап, ерекше орындаушылық дарынымен қатар, суырып салма ақындығын паш ете білді. Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі ақынның ер жетіп, елге танылған шағы еді. Қалың бұқараға сүйенген ақын топ алдында тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтан тәрізді ел алдында масқара етіп, пышақтай өткір, жалынды сөзімен бас көтертпей түйреп тастайды. Тіпті көршілес қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз іс-әрекеттерін де батыл сынады. Шын мәнінде, Сүйінбай өлеңдері арқылы шындық үшін күресті.Ол сан алуан дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айта білген адуынды ақын.
2.2 С.Аронұлы шығармаларындағы өмір көріністері
Сүйінбай секілді ұлттық ақынның өлеңдерінде жаугершілік, жорықтық сарындармен қатар адамзат өмірінің ағысын білдіретін табиғат тың даму заңдылықтарын бейнелейтін ойшыл өлеңдері мен пәлсапалық толғаулары тағы бар. Бұл мазмұндағы шығармаларының негізгі идеясы адамның өміріндегі орны ерекше адам табиғатқа, табиғат адамға ұқсайды, бақыт пен бақытсыздық қоғамның құрылысына кейде адамның өзіне де байланысты, жамандық пен жақсылықтың бір біріне жұлдызы қарсы, өшпенділік пен зұлымдық, көбінесе бұзақы адамдардың арасында кең өріс алады, жаратылысында жаманшылыққа бейім адамдар басқа адамдардың жақсы қасиеттерін көре алмайды. Адамдарды бір біріне атыстырып, ру тартыстарын үрлеп, үдетіп жүретін екі жүзді мінезді адамдардан асқан азғындық жоқ. Адам біреуге жамандақ жасау үшін емес жақсылық жасау үшін жаратылған, біз жарық дүниеге өкпелеу үшін келгеніміз жоқ, сүю үшін, бағалау үшін келдік дейді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz