Электрондық оқу басылымдарын ендіру және қолдану


АҢДАТПА

Ұсынылған дипломдық жұмыста электрондық оқулық оқу-әдістемелік кешен ретінде білім беру жүйесіндегі қолдануы және оны құру тәжірибесі берілген. Оқу материалын құрылымдау, оқыту мен білімді бақылауда оқулықтардың функциясы мәселелері қарастырылған. Электрондық оқулық теориялық материалды оқуға және өз бетінше шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік беретін, оқушылар мен оқытушыға белгілі бір тақырыпта білім деңгейін бағалауға көмектесетін әрі керекті анықтамалық ақпаратты ұсынатын бағдарламалық құрал ретінде берілген. Электрондық оқулық оқу-әдістемелік кешеннің дидактикалық функцияларын қамтамасыз ету үшін керек негізгі талаптар түгенделді.

Берілген жұмыста электрондық оқулық жасаушылардың әдістемелік ерекшеліктері мен кемшіліктері ескеріліп, оқулық құрудың авторлық әдістемесі пайда болды.

АННОТАЦИЯ

В тезисах отражен опыт создания учебно-методических комплексов в мире на базе электронных учебников и использования их в учебном процессе университета. Рассмотрены вопросы структурирования учебного материала, функции учебников при обучении и контроле знаний, использование различных средств для развития учащихся.

В дипломной работе электронный учебник (ЭУ) представлен как программное средство, позволяющее представить для изучения теоретический материал, организовать апробирование, тренаж и самостоятельную творческую работу, помогающее учащимся и преподавателю оценить уровень знаний в определенной тематике, а также содержащее необходимую справочную информацию.

Перечислены основные требования к электронному учебнику для обеспечения дидактических функций учебно-методического комплекса.

ANNOTATION

In the theses the experience of creation of methodical complexes in the world is reflected on the basis of the electronic textbooks and use them in educational process of university. The questions for stucture of an educational material, function of the textbooks are considered at training and control of knowledge, use of various means for development of the pupils.

In degree job the electronic textbook (EB) is submitted as a software allowing to present for study a theoretical material, to organize study, trial and independent creative job assisting with the pupil and the teacher to estimate a level of knowledge in certain subjects, and also containing the necessary help information.

The basic requirements to the electronic textbook for maintenance of training functions of a methodical complex are listed.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 Электрондық оқу басылымдарын ендіру және қолдану . . .

1. 1 Қазіргі уақыттағы электрондық оқулықттардың дайындау жағдайы.

1. 2 Электрондық оқу басылымы, оның түрлері . . .

1. 3 Электрондық оқулықтың маңыздылығы мен оны құру

қажеттілігін негіздеу . . .

1. 4 Электрондық оқу басылымдарын жасау саласындағы атқарылған істер, электрондық оқулықтардың жіктелуі . . .

1. 5 Электрондық оқулықтарға қойылатын негізгі талаптар . . .

1. 6 Электрондық оқулық құру технологиясы . . .

1. 7 Электрондық оқулық құру әдістемесі . . .

1. 8 Қазақстанда және шетелде электрондық оқулықтарды пайдалану жағдайы . . .

1. 9 Есептің қойылымы . . .

2 «Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері» пәнінен электрондық оқулық құру . . .

2. 1 Электрондық оқулықты жасауға пайдаланылған бағдарламалық құралдар . . .

2. 1. 1 Microsoft FrontPage 2000 туралы . . .

2. 1. 2 Borland Delphi 7 ортасы . . .

2. 1. 3 HTML тілінің негіздері . . .

2. 1. 4 JavaScript негіздері . . .

2. 2 Оқулықты баяндау . . .

2. 3 Электрондық оқулық құрылымының сипаттамасы . . .

2. 4 Электрондық оқулықтың құрылымдық элементтері . . .

2. 5 Электрондық оқулықтың жалпы құрылымы . . .

2. 5. 1 «Пән туралы» ішкі жүйесінің құрылымы . . .

2. 5. 2 «Тестілеу» ішкі жүйесінің құрылымы . . .

2. 5. 3 «Мазмұны» ішкі жүйесінің құрылымы . . .

3 Бағдарламаның баяндалу бөлімі . . .

3. 1 Жалпы мағлұматтар . . .

3. 2 Функционалдық тағайындалуы . . .

3. 3 Логикалық құрылымның баяндалуы . . .

3. 4 Шақыру және жүктеу . . .

3. 5 Қажетті техникалық жабдықтар . . .

3. 6 Кіріс және шығыс мәліметтер . . .

4 Электрондық оқулықты пайдалану ережесі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр қазірдің өзінде автоматты ақпараттық технологиялардың адам шаруашылығының барлық аумағында басқаратын ғасыр деп аталынды. Ақпараттық деп еңбек пәні ақпараттық өнім, ал еңбек құралы - электронды техника мен байланыс құралдары болып саналатын технологияны айтамыз. Ақпараттық технологиялардың дамуы адам өмірінің басты заңын - уақыт үнемдеу заңын іске асыруға көмектеседі.

Қоғамның ақпараттануы - бұл жаһандық әлеуметтік үрдіс. Оның ерекшелігіне қоғамдық өндіріс сферасында қызметтің екпінді түріне ақпаратты құрастыру, жинақ, өндіру, өңдеу, сақтау, жеткізу және қолдану жатады. Бұл заманға сай микропроцессорлы және есептеу техника құралдары, және де әртүрлі ақпараттық айырбас құралдары көмегімен іске асады.

Қоғамдық өмірді ақпараттандыру қамтамасыз етеді:

  • Қоғамның ұдайы өсіп отыратын интеллектуальді потенциялын белсенді түрде қолдану;
  • Еңбек шаруашылығын интеллектуалдануын, қоғам өндірісінің барлық аймағының дамуын тудыратын ақпараттық технологиялармен ғылым және өндірістік технологиялардың енгізілуі;
  • Ақпараттық қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез-келген мүшесінің анық ақпарат көзіне қол жеткізу мүмкіндігі.
  • Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің басым бағыттарының біріне жоғарғы кәсіптік білім беруді ақпараттандыру жатады.

Оқыту үрдісінің ең басты мәселелерінің бірі - ақпараттық технологияларды жай әрі жеткілікті түрде тиімді пайдаланбау. Бұл болашақ маман даярлау сапасына негативті әсер қалдырады. Әсіресе бұл инновациялық, қаржылық, стратегиялық, ақпараттық менеджмент, басқару, ақша айналымы және кредит, юриспруденция сынды мамандықтарға қатысы бар. Оқу пәндерін оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды ендіру оқытушылар құрамымен қатар, сондай-ақ оқушылар үшін де өте үлкен мүмкіндіктерді ашар еді.

Ақпараттық технологиялар көп дәрежеде қазіргі заманның барлық бағыттарының дамуын анықтайды. Бұған білім беру де жатады. Қазіргі білім беруді ақпараттандыруды айтқанда көбінде жиі оқу орнын есептеу техникасымен және телекоммуникация құралдарымен толықтырылып, оқу орнының әлемдік ақпараттық желілерге қол жеткізгенін еске салады. Әрине, бұл үрдістер де өте маңызды, оларды бағаламауға болмайды. Ақпаратты қабылдау және оны өндіру үрдісіне ең алдымен, оның қалай берілгені, адамның қаншалықты жеңіл әрі нақты түсінуі әсер етеді. Адамның бір пәнді түсінуі қаншалықты жеңіл болса, соншалықты оның басқа пәндерді оқуға уақыты қалады. Ақпараттық технологиялар бұл ретте іс жүзінде шексіз мүмкіндіктерге ие.

Заманға сай ақпараттық технологияларға иек артатын оқу орындарындағы ақпараттық қамту жүйе менеджменті оқу үрдісін бақылауды жақсартуға, студенттердің жаңа материалдарды игеруін мотивациялауға, оларға өзін-өзі басқару негіздерін үйретуге, және де оқушылардың күш-қайратын олардың шығармашылық үрдісінде барынша мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді.

Жалпыұлттық ақпараттану дәуірінде білім беру жүйесінің басым бағытына электрондық оқулықтарды жасау және ендіру жатады.

Ұсынылған дипломдық жұмыстың негізгі мақсаттарына жатады:

  • Электрондық оқулық құрудың негізгі жолдары мен оларды қолдануды талдау және электрондық оқулықтың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау;
  • Электрондық оқулық жасаудың авторлық әдістемесін құру;
  • Электрондық оқу құралдарына қойылатын талаптарды жүйелеу;
  • Электрондық оқу құралдарын қолданудағы оқушылардың қабылдау жүйесін басқару принциптерін қарастыру.

1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ БАСЫЛЫМДАРЫН ЕНДІРУ ЖӘНЕ

ҚОЛДАНУ

  1. Қазіргі уақыттағы электрондық оқулықтардың дайындау

жағдайы

Ақпараттық технологиялар аясында жылдам прогресс дербес компьютерлерді оңтайлы оқыту құралы ретінде пайдалануға рұқсат береді. Білім беру үрдісін автоматтандыруды компьютерлік оқыту бағдарламалары және электрондық оқулықтар арқылы қол жеткізуге болады. Осыған байланысты өте маңыздысы әр түрлі оқу пәндері бойынша электрондық оқулықты құрудың концепцияларын өңдеу. Қарапайым кітаптардың басты кемшіліктеріне дәстүрлі қолданатын сызықты ретті алға тарту (себеп-салдар) және мәселелерді баяндаудың жоқтығы. Мұндай кітапты оқу салдарынан оқушыда білім алуға деген құштарлығын тудырмайды. Оған қоса, қарапайым кітап пайдаланғанда кері байланыс ұйымдастыру және білім алу үрдісін басқару мүмкін емес. Белгіленген кемшіліктер электрондық оқулықтар пайдалану арқылы алынып тасталынады. Электрондық оқулық оқыту үрдісінің оңтайлылығын біршама арттыруға негізделген. Оны студенттің дербес жұмысын әдістемелік дұрыс ұйымдастыруды және олардың үйренгені мен іскерлігін дамытуға рұқсат беретін қосымша ғылыми-методикалық құрал ретінде қарастыруға болады. Электрондық оқулық әдістемелік дұрыс құрылуы, айқын логикалық құрылымды болуы, зерттеліп жатқан материалдың базалық көлемін құруы, ғылымдағы жаңа тенденцияны және жақын болашақтағы технологияларды ескеруі керек. Осыған байланысты электрондық оқулыққа материал таңдау техника ғылымының перспективті даму бағытын анализдеу негізінде болуы керек. Электрондық оқулық тармақталған компьютерлік оқытушы бағдарлама принципі бойынша жасалуы мүмкін [2] . Бірінші - төменгі - базалық деңгейі пән баяндалуы мен осы түсініктер мен анықтамалардың иллюстрацияларын алатын негізгі түсінігі болуы керек. Оқулықтың жалпы көлемінің ширегінен асырмай құрағанда бұл деңгей, қанша дегенмен, пәннің біткен толық суретін беру керек. Екінші - негізгі деңгей оқу материалының шамамен жартысынан тұрады және оқу курсы бағдарламасының барлық сұрақтарының нақтырақ берілгенінен тұрады. Ақыры үшінші деңгей өзінің білімін берілген сұрақ жүзінде кеңейткісі келетін студенттерге терең мағыналы берілген бөлек сұрақтардан тұрады. Үш әртүрлі қиындық деңгейдің болуы материалдың берілгендігі, келесі электрондық оқулықтың құрылым ерекшеліктеріне алып келеді:

  • оқулықта материал «үздікті» берілуі керек. Оқулықтың әр тарауы оқу үрдісі кезінде кері байланыстың осының көмегі арқылы болатын тексеру сұрақтармен бітуі керек;
  • оқулық материалындағы мәселелерді алға тартудағы студент оқу мәселелерін шешуге ұсынылған бағыт варианттары дербес пайдалану керек. Себебі студент оқу мәселелерін шешуге өзі қатысады, ол оқулықтың авторласына айналғандай болады;
  • оқулықтағы материалдың баяндалуы оқулық материалының маңыздылығы бойынша әртүрлі бөлігін бөліп алуға болатындай, яғни анықтамалар, қорытындылар, таблицалар, суреттер және т. б. болуы керек. Бұлар гипермәтін режимінде оңай орындалады;
  • мультипликациялар және видеотехникалар құралдарын пайдалану арқылы динамикалық режимде оқулық материалын нақты мысалдармен құрау қажет. Химия курсында, мысалға, компьютер қолдану арқылы химиялық эксперименттер өткізілуін ұйымдастыруға, әртүрлі заттар алудың өндіріс әдістерінің көрінісін және т. б. ;
  • жоғарғы курстарға арналған оқулық ғылыми монографияларға жақын болуы керек, сол уақытта кіші курстар үшін оқулық ортаңғы жағдай мектеп оқулығы мен монография ортасын алуы керек.

Оқылған материалды игеру мен одан алған білімді біраз уақыт өткеннен кейін қолдану арасында тәуелділік бары бұрыннан белгілі. Егер материал дауысты болса, онда адам ондағы ақпараттың төрттен бір бөлігін есіне жақсы сақтайды екен. Егер материал көзге көрінетін болса(мысалы бейне баян), онда адам ақпараттың үштен бір бөлігін есте қалдырады. Екеуі бірдей берілген жағдайда (дауыс және видео) ақпараттың жартысынан көбін есте сақтаймыз. Ал егер адам материалды игеру барысында қызығып, процеске араласса (мысалы зертханалық жұмыстарда), онда ақпараттың 70 пайыздан астамын есіне сақтайды екен. Сондықтан электронды оқулық құу барысында соңғы әдісті қолдана білу үлкен жетістікке жеткізеді. Электронды оқулық пен қарапайым баспа оқулығының арасындағы негізгі айырмашылық ол - студент пен компьютер арасындағы интерактивті қарым-қатынас [4] .

Электрондық оқулықтың түрлері өте көп. Олар бір-бірінен дидактикалық бағытталғандығымен, тиімділігімен және көптеген техникалық сипаттамаларымен айрықшаланады. Электрондық оқулық құрғанда мыналарды анықтап алған жөн:

  • материалды қалай ұсыну;
  • алынған білім деңгейін бақылау;
  • электрондық оқу құралын қолдану әдістемесі;
  • электрондық оқу құралындағы мультимедиялық артықшылықтар;
  • материалдың есте қалуына көмектесетін гипермәтін, гипермедия, графиктердің болуы.

Электрондық оқулық пен қарапайым баспа оқулығының арасындағы негізгі айырмашылық ол - студент пен компьютер арасындағы интерактивті байланыс. Мұнда компьютердің ролі өте жоғары. Ол білім беруді ұйымдастыруға көмектесетін кеңесші қызметін атқарады.

Электрондық оқулықтың оқу материалы дәстүрлі оқулықтан айырмашылығы ол, оқулықта баяндалатын, жағдайлар логикалық немесе математикалық модельдер негізінде қатысушыға әртүрлі мүмкіндіктер беретін динамикалық элементтер көрініс реті - графикалар, суреттер және сол сияқтылардан тұрады. Мысалы, химиялық реакцияның кинетикасын зерттеу кезінде қатысушыға реакцияның өткізілуінің шартын (параметрін) - температурасын, концентрациясын және басқаларды ауыстыру мүмкіндігі ұсынылады. Үрдістің математикалық моделіне сәйкес кезкелген параметрін ауыстырғанда берілген оқулық бөлімін суреттейтін, суреттегі графика қайта реттеледі.

Электрондық оқулық мүмкіндігін мәліметтер базасын оқулыққа қосу жолы арқылы да арттыру болады. Бұл жағдайда қатысушы көбірек фактілік материалдар, мысалы, мәтіндік материалда мысал келтірілген, кезкелген зат қасиетін көре алады. Бұл кезде оқулыққа мәліметтер базасына бару баяндауы, мәліметтер базасының құрамын өңдейтін кейбір тәсілдер, мысалы, орташаны есептеу, диаграмма құру және сол сияқтыларды қосу керек [3] .

Қазіргі замандағы білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар және компьютерлік телебайланыстарды белсене пайдалануда [5] . Қашықтан білім беру жүйесі ерекше қарқынды дамып жатыр, бұл жағдай факторлар ретіне әсер етті, және бәрінен бұрын білім беру мекемелерін қуатты компьютерлік техникамен жабықтау және Интернет жүйесі қоғамын дамытуға. Лекциялы-семинарлы оқыту түрі әлдеқашан өзінің өнімділігін жоғалтты - практика дәлелдегендей, 50%-тей оқу уақыты босқа өтеді. Шет елдер тәжірибесін зерттей отырып, келесі маңызды аспектіні бөліп алуға болады: оқытушы ақпаратты таратушы (дәстүрлі түрде) рөлінде емес, ал консультант, ақылшы, кейбір кезде білім алушының әріптесі рөлінде болып шығады. Мұндай жағдай кейбір оң жағдайлар: студенттер оқу үрдісіне кезінде белсенді қатысады, ешкімнің көмегінсіз ойлануға, өзінің көзқарасын алға тартуға, нақты жағдайларды моделдеуге үйренеді. Ақпараттық техологиялардың дамуы жаңа, дәріс берудің таптырмайтын мүмкіндігі - қашықтан оқыту түрін енгізуді берді. Біріншіден, ол оқушыға өзіне оқудың уақытын және орнын таңдауға мүмкіндік береді, екіншіден, әйтеуір бір жағдайлармен дәстүрлі ала алмай қалған адамдарға білім алуға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқу саласында жаңа ақпараттық технологиялар қолдану, төртіншіден, белгілі бір дәрежеде оқуға кететін шығынды қысқартады. Басқа жақтан қарасаң, қашықтан оқыту оқытудың индивидуалдау мүмкіндіктерін күшейте түседі. Қашықтан білім беру түрінде заң бойынша электрондық оқулықтар қолданылады. Бұл оқулықтардың артықшылығы біздің ойымызша: біріншіден, олардың ықшамдылығы, екіншіден, компьютерлік жүйелердің дамуына байланысты қол жеткізуге оңтайлы, үшіншіден, қазіргі заманғы ғылыми білім дамуы дәрежесінің тұрақтылығы. Басқа жақтан алғанда, электрондық оқулықтардың жасалуы ақпаратттық материалдардың тұрақты жаңарту сияқты мәселесін шешуге әсер етеді. Оларда тағы да көптеген жаттығулар мен мысалдар болуы, әртүрлі ақпараттар динамикалы түрде егжей-тегжейлі бейнеленуі мүмкін. Тағы да, электрондық оқулықтағы компьютерлік тестілеу көмегі арқылы білім дәрежесін тексеру жүргізіледі. Қазіргі заманда қашықтан оқыту дүние жүзіндегі білім берудің атақты түрі болып тұр. Қазіргі кезде университеттер және колледж желілерінде дистанциялы әдісімен оқушылар бес континентті жауып жатыр. Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы құрылған, ал онда 1998 ж. Дүниежүзілік Тарату Университеті үш елде Ресейде, Қазақстанда және Бельгияда тіркелген. Электрондық оқулықтарды практика жүзінде қолдану, студенттердің берілген матриалдарды сапалы түрде қабылдауы, оған дәлел - тестілеу результаттары. Сонымен, ақпараттық технологиялардың дамуы білім саласында жаңа әдістер ашу үшін кең мүмкіндіктер береді және соған қоса оның сапасын арттырады.

Ақпараттанудағы үлкен прогресс жеткілікті түрдегі арзан мультимедиялық дербес компьютерлердің кең таралуына әкелді. Бұларда мәтін ғана емес, және де графикамен (иллюстрациялармен) және өте жоғары сапалы дыбыс пен видеомен жұмыс істей алады. Сонымен бірге ақпарат тасудың әртүрлі тәсілдері пайда болды.

Кез-келген күрделі жүйелерді құру кезіндегідей электрондық оқулықты әзірлеу кезінде де зияткердің таланты мен шеберлігі жетістікке жетудің шешушісі болып табылады. Сонымен қатар, электрондық оқулықтардың қалған кейіптері, дәлірек айтсақ, оқулықтың жасалуы мүмкін құрылымдық элементтері бар.

Тест. Сырттай, бұл электрондық оқулықтың қарапайым кейіпі. Негізгі қиындық сұрақтарды таңдау және келтіру, және де сұрақтарға байланысты жауаптарды интерпретациялау. Жақсы тест нақты бір пән саласында қатысушының білімін, не үйренгенін және білгенінің объективті суретін алуға көмектеседі. Дұрыс қойылған диагноздың емделуге бір қадам болып табылса, сол сияқты обьективті тестілеудің результаттары білім шыңдарына оптималды жол табуға рұқсат береді.

Энциклопедия. Бұл электрондық оқулықтың базалық кейіпі. Құрамдық дәрежеде энциклопедия термині электрондық оқулықта стандартты құрылымға қарағанда жинақталған ақпарат толық және тіпті артық болуы керек. Оған назар аударған кез келген адамды қанағаттандыру керек қой. Ақпараттың адекваттық кейіпте бейнелену керектігі табиғи. Электрондық энциклопедиялар үшін келетін қызметтер сипаттамалары: сілтемелер, закладкалар, анимациялар мен дыбыс жазбаларын қайталау мүмкіндігі, кілтті сөз арқылы іздеу және т. б.

Тапсырма. Ойымша, бұл электрондық оқулықтың өте маңызды кейпі. Тапсырма электрондық оқулықта нақтырақ оқыту функиясын атқарады. Тапсырма термині адасуға енгізбеуі керек. Тапсырма гуманитарлық пәндер бойыншада болуы мүмкін. Электрондық тапсырмада негізгісі - дозалық көмек. Қатысушы сол және тек қана сол оқу ақпаратты алады, яғни нақты тапсырманы шешуге қажетті. Негізгі мәселе - бүкіл теоретикалық материалды қамтитын тапсырмаларды таңдау. Тапсырма таңдау кезінде қарама-қарсы ықшамдалған мәселені шешуге тура келеді. Бір жақтан, әр тапсырма дозалық көмек арқылы нақты теоретикалық материалды ашуы немесе кепіл беруі керек және электрондық оқулық әр қатысушының жағдайына есептелген болуы керек. Басқа жақтан алғанда, тапсырмалар көлемі оқушыны қорқытпау керек және оның сондай маңызды өз күшіне деген сенімінен айыпмау керек. Жақсы электрондық тапсырманың құралуы тек қана өте жоғары квалификациялы методисттердің ғана қолынан келеді.

Креативті орта. Қазіргі заманғы электрондық оқулықтар қатысушының шығармашылық жұмысын объетілермен зерттеудің және өзара әсер етуші объектілер жүйесінің моделімен қамту керек. Оқытушы құрған жоба бойынша жақсырақ жалғыз ғана шығармашылық жұмыс қатысушының үйрену кешенінің құрылуы мен қатайуына алып келеді. Бағдарламашының көзқарасы бойынша креативті орта электрондық оқулықтың ең жұмысы көп бөлігі. Креативті ортаның интерфейсінің мәселесін шешу ең қиыны. Бұл жерде талант, білім, шеберлік қажет. Креативті орта интерфейсін зерттеу оқытушы мен оқушының алдынан кездойсоқ шығатын қосымша тосқауыл болмауы керек қой. Креативті орта қатысушының жобаға коллективтік жұмыс ұйымдастыруға рұқсат береді.

Авторлық орта. Электрондық оқулық оқыту үрдісіне бейім болу керек. Яғни, нақты мектеп, класс, оқушының ерекшеліктерін ескеруге жәрдемдеседі. Пассивті түрде бұл оқытушыға қажет траекторияны қоюға, анықталып, таңдалған оқыту стратегиясына рұқсат беретін оқыту материалдарының артықтығы арқылы қамтылады. Бірақта тәжірибе бойынша, шығармашылықты белсенді оқытушылар электрондық оқулықтың оқыту материалдарын құруға өздері құлықты. Ол үшін қатысынша авторлық орта қажет. Мұндай орта, мысалы, электрондық энциклопедияға қосымша материалдар қосуды қамтамассыз етеді, тапсырманы толтыруға жәрдемдеседі, таратылатын материалдар және пән бойынша методикалық кітапша дайындайды. Шындығында, бұл сияқты құрал электрондық оқулықтың өзі құрылуы осының көмегі арқылы болады. Бірақ мұндай құрал принцип бойынша методистке және пән оқытушыға (тек қана ақпараттану оқытушысына емес) берілу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЦИФРЛЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСТЕРІ
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Ұлттық кітапхана
Электронды оқулықтар және бағдарламалар
Оқу процесін ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің арнайы конструкциясы
«Қазпочта» АҚ құрылымдылық ұйымы
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Басқарудың экономикалық әдістері
Кітапханаларды автоматтандыру тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz