ӘБУБӘКІР БОРАНҚҰЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАҒДЫРЫНЫҢ СУРЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ӘБУБӘКІР БОРАНҚҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1 Ә.Боранқұлұлы жырлаған негізгі тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақ тағдырын еркін жырлаған . Әбубәкір Кердері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Ә.Боранқұлұлы шығармаларының жанрлық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .9
2 ЕЛІНІҢ ЕРТЕҢІНЕ ЕЛЕҢДЕГЕН ДАРА ТҰЛҒА
2.2 Қазақтың болашағын жырлаған Әбубәкірдің даналық тағылымдары ... ... 10
2.2 Ә.Кердері шығармаларындағы қазақ жастарының ертеңгі болашағы тақырыбы ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Ұлттық ерекшеліктерді жырлаған . Әбубәкір Кердері ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3 ӘБУБӘКІР БОРАНҚҰЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Әбубәкір Боранқұлұлы жырлаған дін мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.2 Ә.Кердерінің ұлт тәрбиесі мәселесін жырлаудағы ерекшеліктері ... ... ... .21
3.3 Әбубәкірдің басқа ақындармен үндестігі ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды

Күнделікті өмірде адам пенделікпен батырлық, байлық, абырой-бедел, бәрі-бәрі тек өзінде болғанын қалап, бұл өмірге уақытша келген қонақ екенін ұмытып, жер бетінде мәңгі жасайтындай іс-әрекет қылып жатады. Әбубәкірдің өлең-жырларын оқыған әр адам осындай астамшылықтан арылып, әдептілік пен имандылыққа, тәрбиелі іске қадам жасайды.
Қазақты ұлттық намысынан ерлігінен, қысқасы, бүтін кескін-келбетінен айырып, асылы мен жасығын, нағыз ері мен дымбілмес езін мидай араластырып жатқанын, тіпті халық санағы деп аталатынның өзі арамзалық есеп екенін бірден аңғарады. Оған:
Қойдан қоңыр қазағым,
Қапияда алданып,
Айырылып қалдың құныңнан.
Алты алаштың баласы
Есепке кірдің ертерек,
Бірлігіңнің жоғынан.
Жақсылық тегін сұрамай,
Бай қадірлі болған күн.
Мақсат алған күштілер
Қойшыға кеңес салған күн.
Қапталы алтын қара нар
Қайғыменен толған күн
Білмеймін дейтін бір жан жоқ
Жұрт ақылға толған күн… – деп налиды ұлы шайыр.
Міне, қазақтың күні ертең ұлт болып аман-сау жүрер-жүрмесіне орыс басшыларынан келіп жатқан қауіп-қатердің зор екенін ұлы шайырдың тар кеудесінде торғайдай тыпырлаған жұмыр ет осылайша жылап тұрып жырлайды.

1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы.– Алматы: Санат, 2006 жыл. - 904 бет.
2. Мақпырұлы С, Сыдықов Т. Қазақ әдебиеті. – Астана: Фолиант. 2007 ж. – 192 бет.
3. XIX ғасыр әдебиеті.(хрестоматия)– Алматы: Ана тілі, 1992 жыл. - 221 бет.
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.– Алмат: Санат. 1994 ж. - 310 бет.
5. Қазақ әдебиетінің тарихы. 5-том. – Алматы: 2006 жыл. - 546 бет.
6. Ақындар аманаты (Қазақтың ауызша әдебиеті) – Алматы: 2014 жыл. - 280 бет.
7. Мақпырұлы С. Адамтану өнері. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 214 бет.
8. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы: «Қазақ университеті». 1992 ж. – 352 бет.
9. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп. 1986 ж. 236 бет.
10. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін. 2002 ж. – 528 бет.
11. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – Астана: Фолиант. 2003 ж. – 344 бет.
12. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп. 1973 ж. 211 б.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Фамилия жазу керек
ӘБУБӘКІР БОРАНҚҰЛҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАҒДЫРЫНЫҢ СУРЕТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекшісі:
Қостанай, 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Әбубәкір Боранқұлұлының өмірі мен шығармашылығы
Ә.Боранқұлұлы жырлаған негізгі тақырыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақ тағдырын еркін жырлаған - Әбубәкір Кердері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Ә.Боранқұлұлы шығармаларының жанрлық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ...9
2 Елінің ертеңіне елеңдеген дара тұлға
Қазақтың болашағын жырлаған Әбубәкірдің даналық тағылымдары ... ... 10
2.2 Ә.Кердері шығармаларындағы қазақ жастарының ертеңгі болашағы тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Ұлттық ерекшеліктерді жырлаған - Әбубәкір Кердері ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3 Әбубәкір Боранқұлұлы шығармаларындағы ұлт мәселесі
3.1 Әбубәкір Боранқұлұлы жырлаған дін мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2 Ә.Кердерінің ұлт тәрбиесі мәселесін жырлаудағы ерекшеліктері ... ... ... .21
3.3 Әбубәкірдің басқа ақындармен үндестігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды
КІРІСПЕ
Қашанда ел қамын жеген ақын-жыраулар елінің бірлігі кетіп, бұрынғы ата-баба дәстүрінің бұзылуына, түрлі жағымсыз жағдайларға, заман өзгерістеріне қинала қараған. Сөйтіп өздері өмір сүрген кезеңдегі кемшіліктерді өткір сынға алып, қолдарынан келгенше түземек болған. Ақын бұрынғы ел бірлігін, қазақтың ешқандай алауыздыққа бой алдырмаған кезін аңсайды.
Тақырыптың өзектілігі: Әбубәкір Кердерінің поэзиясы шебер жазылған, ақын он бір буынды қара өлеңмен де, жеті-сегіз буынды жыр өлеңмен де толғаған. Ұйқастары да әртүрлі, бірде дәстүрлі түрді бұзбай ырғақ, екпін, буын, бунағын қатаң сақтаса, бірде шұбыртпалы ұйқаспен ағындап кетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әбубәкір Боранқұлұлы шығармаларының негізгі тақырыптары мен қазақ халқының тағдырын жырлаудағы ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
Әбубәкір Боранқұлұлы шығармаларындағы қазақ халқының ұлттық болмысын жырлаудағы ерекшеліктерін анықтау;
Әбубәкір Боранқұлұлы шығармаларындағы ұлт тәрбиесі мәселесін жырлау ерекшеліктерін анықтау;
Зерттеу нысаны: Әбубәкір Боранқұлұлының шығармалары
Зерттеу әдістері: баяндау, сипаттау, зерттеу, сауалнама, талдау.
Зерттеу пәні: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Ақын поэзиясынан теңеу, салыстыру, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, символ, аллегория, ирония, гипербола, литота сияқты көркемдегіш тропаның барлық түрін кездестіруге болады.
Курстық жұмыстың нәтижесі:
Әбубәкір Кердерінің шығармалары толықтай талданып, оларға сипаттама жазылып, мысалдар нақты көрсетілді.
Әбубәкір Кердерінің шығармаларындағы қазақ халқының тағдырын сипаттайтын өлеңдері толықтай талдауға түсті.
Күнделікті өмірде адам пенделікпен батырлық, байлық, абырой-бедел, бәрі-бәрі тек өзінде болғанын қалап, бұл өмірге уақытша келген қонақ екенін ұмытып, жер бетінде мәңгі жасайтындай іс-әрекет қылып жатады. Әбубәкірдің өлең-жырларын оқыған әр адам осындай астамшылықтан арылып, әдептілік пен имандылыққа, тәрбиелі іске қадам жасайды.
Қазақты ұлттық намысынан ерлігінен, қысқасы, бүтін кескін-келбетінен айырып, асылы мен жасығын, нағыз ері мен дымбілмес езін мидай араластырып жатқанын, тіпті халық санағы деп аталатынның өзі арамзалық есеп екенін бірден аңғарады. Оған:
Қойдан қоңыр қазағым,
Қапияда алданып,
Айырылып қалдың құныңнан.
Алты алаштың баласы
Есепке кірдің ертерек,
Бірлігіңнің жоғынан.
Жақсылық тегін сұрамай,
Бай қадірлі болған күн.
Мақсат алған күштілер
Қойшыға кеңес салған күн.
Қапталы алтын қара нар
Қайғыменен толған күн
Білмеймін дейтін бір жан жоқ
Жұрт ақылға толған күн... - деп налиды ұлы шайыр.
Міне, қазақтың күні ертең ұлт болып аман-сау жүрер-жүрмесіне орыс басшыларынан келіп жатқан қауіп-қатердің зор екенін ұлы шайырдың тар кеудесінде торғайдай тыпырлаған жұмыр ет осылайша жылап тұрып жырлайды.
Әбубәкір Боранқұлұлының өмірі мен шығармашылығы
Ә.Боранқұлұлы жырлаған негізгі тақырыптары
Әбубәкір Кердері қазіргі Ақтөбе облысында туып-өскен. Орынбор, Троицкі жақтарында мектеп, медресе бітірген. Орал, Атырау, Ақтөбе, Орынбор, Орскі жағында әр жерде молда боп қызмет істеген, бала оқытқан. Оның өлеңдері Әдебиет қазақия деген атпен екі жинақ болып басылады. Бірінші жинағы 1903 жылы, екінші жинағы 1905 жылы жарық көреді. Барлығы, ірілі-уақты, қырық шақты өлең, жыр, толғау.
Әбубәкір өлеңдерінің негізгі тақырыптары: заман жайы, қазақ халқының бұрынғы, ақын тұсындағы хал-жайы, халыққа, замандастарына, кейбір жеке адамдарға уағыз, кеңес, оқу, ғылым, өнер, дін, мінез, қылық, өз ахуалы болып келеді. Бәрі де сол кездегі ақындар көп жырлаған мәселелер. Соларды Әбубәкір өзінше жырлайды.
Бірақ Әбубәкірдің ой-пікірі, бағыт, көзқарасы толқымалы, біріне-бірі қарама-қарсы, шытырман қайшылықты. Ол өзі сөз еткен тақырыптарының кейбірінде біресе былай, біресе олай деп, бір-біріне қайшы екі түрлі ой түйеді. Мысалы, өз заманын, қазақ халқының өз тұсындағы хал жайын сөз еткенде, ақын оны біресе мақтайды.
Бағынған бұл патшаға әуел бастан,
Әділдік табылар деп артын ойлап.
Кіріпті Әбілқайыр заманында,
Кеңдік бар деп осының ғаламында.
Ойлағандай болды, патша өкіметі қазақ халқына кеңдік берді, қазір қазақтың елін, жерін қазақтың биі, болыстары, тілмаштары билеп тұр. Патша өкіметі қазақтарға арнап, мектеп, медресе ашты. Қазақ балаларының оқып, білім алуына, ғылым, өнер үйренуіне жағдай жасады. Қазақ соны пайдаланып, дәулетті, мәдениетті болып отыр дейді [1, 468 - бет].
Ал басқа бір өлеңінде Әбубәкір осының бәрін жоққа шығарады. Қазір заман бұзылды, бұл заманның адамығ заңы, дәстүрі бұзылды, қазақтың жері тарылды, дәулеті сарқылды, - деп жырлайды. Оған мына төмендегі өлең жолдары дәлел бола алады:
Заманым өтті, ел азды,
Ел ішінде ер азды.
Айдын-айдын сулардың,
Балығы кетіп, көл азды.
Ойпаң-ойпаң жерлердің,
Оты кетіп, жер азды...
Еділ, Жайық екі су,
Ел қонуға тар болды.
Қарағай, қайың, тал, терек,
Тамыр түбі таусылып,
Қамшы сапқа зар болды.
Заманның түбін барлаймын,
Жақсылардың күні жоқ,
Бұрынғының бірі жоқ,
Осыларды жоқтап зарлаймын, - дейді.
Алайда Әбубәкір Кердері өлеңдерінде жаңалықты, өнер, ғылымды мақтауы басым. Олар көбіне уағыз, ақыл-кеңес ретінде айтылады. Ол бірді-екілі өлеңінде бауырмалдықты, достықты жыр етеді. Мысалы, "Әбубәкір молданың ноғай халқына насихат қылып айтқаны" деген толғауында қазақ, ноғай, өзбек, қарақалпақ, түрікпен - бәрі туыс, бауырлас халық дегенді айтады. Әбубәкірдің өзі жайлы, қазақ арасындағы оқу жайлы өлең-жырлары мәнді де мағыналы. Сондықтан Әбубәкір өлеңдері халық арасына кеңінен тараған.
Қазақ тағдырын еркін жырлаған - Әбубәкір Кердері
Өз заманының көкірегі ояу, парасатты азаматы болған, жаратылысты, дін-шариғат, мұсылмандық жолды таза қазақы түрде танып білуге өмірін арнаған ағартушы, шариғат шарттарын әдеби тілде сөйлете білген ақын Кердері Әбубәкірдің:
Келмейді деп өлімді,
Ойланбай, жүрме сақтанбай.
Аяғыңа бір күні
Қаза түсер қақпандай.
Тар лахатқа кірерсің,
Есік ашып-жапқандай.
Дүнияның өтуі,
Кірпігіңді қаққандай.
Сыртыңнан бағып өлім жүр,
Қойшы қойын баққандай.
Шама қылып қарасаң,
Дүнияның айласы,
Алдап жүріп соққандай, - деген сөздері ойға оралды. Себебі осы жыр жолдары ақын Кердері Әбубәкір шығармашылығын зерттеген ғалым, бір кафедрада бірге жұмыс жасаған жолдасымыз, ердің жасы елуге аяқ басқанда маңдай терін төгіп еткен еңбегінің жемісін көре алмай, бұл дүниеден өте шыққан Серік Бермағанбетті еріксіз еске алғызды.
Егемендігіміздің алғашқы кезеңінде, ел дінді енді ғана ауызға ала бастаған шақта, Серік Жұбандықұлы әдебиетіміздегі діни-ағартушылық мәселелерді қозғап, 1995 жылы Діни-ағартушылық және Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлының әдеби мұрасы тақырыбында диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Кешегі кеңес заманы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ақын-жырауларды буржуазияшыл ұлтшыл-реакцияшыл бағытты ұстанған, кітаби-діншіл көзқарастағы ақын-жазушылар деп түрлі жағымсыз атаулармен атап, еңбектерін оқуға тыйым салды. Соның ықпалынан өзгелер әлі де бұл тақырыптан бойын аулақ ұстап, діни-ағартушылық ағым деген әдеби атаудың да байыбына жете бермеген кезде Серік осы мәселені зерттеу нысаны етіп батыл қолға алған еді.
Серік Жұбандықұлының аталған монографиялық еңбегінде қазақ әдебиетінде діни-ағартушылық ағым деген әдеби атаудың қалыптасуына дейінгі әдеби процестерге, осы мәселеге қатысты әдебиетші ғалымдар еңбектеріндегі түрлі тұжырым-пайымдауларға нақты талдау жасалған.
Қазақ халқының өмірінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы дүрбелеңі мол, елеулі кезең болды. Бұл кездегі ақындар елінің бұрынғы салт-дәстүрін бұзған, қулық-сұмдық, озбырлық, арсыздық жайлаған заманды сынап, барлық кемшілік ата-баба дәстүрі мен дін жолының берік сақталмауынан деп дін, имандылық жолын уағыздады. Бұл ақын-жыраулардың отаршылдық, орыстандыру саясатын жеріне жеткізе сынағанына байланысты кешегі кеңестік саясат оларды ескішіл бағыттағы, қайшылығы мол, күйкі дүниетанымдағы, керітартпа, діншіл-молда, зар заман ақындары деп айыптап, әдебиеттен шеттетіп, шығарып тастады. Күні кешеге дейін қоғамтанушыларымыз да XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы ақын-жыраулардың шығармашылығын түрікшілдік, керітартпа діншілдік, ұлтшыл- буржуазияшылдық ағым деп түсіндіріп келді.
Зерттеуші С.Бермағанбет Дін, ғылым, өнер - өмірді тану деп аталатын бір бүтіннің құрамдас бөліктері болса, жеке өркениетті ұлт болу үшін дін, ғылым, өнер - үш таған бірін-бірі жоққа шығармайды, қайта толықтырады дей келіп, дін - адамның жан-дүниесінен бастап, қоғамдағы бүкіл процестерді бір қалыпқа түсіруге тырысса, әдебиеттің де түпкі мақсаты адамды қоршаған шарттылықтарды жеңіп, жан бостандығына жол ашады, екеуі де рухани дүниеге қатысты және сол кезеңде қазақ қоғамында жетекші бағыт - ислам діні болды деп көрсетеді.
Бір партия үстемдік еткен кешегі қызыл саясат заманы адамдарын сөз еткенде, әдетте, олардың бәрі де өзінің, елінің мүддесінен партияны жоғары қойды деп жатады. Ал, шындығында олай емес, сол кезеңнің өзінде де, сырт көзге білдірмей, елінің арын арлап, жоғын түгендеуге үлесін қосып кеткен зиялы жандар да көп болған.
Соның бір дәлелі, С.Бермағанбеттің еңбегі арқылы кешегі қырағы қызыл цензура елегінен де өз сөздерін байқатпай өткізіп, өз ойларын бүркемелей көрсетіп, меңзеп сездірген зерттеушілер де болғанына көз жеткіземіз. Мысалы, заңғар жазушы М.Әуезов 1927 жылы шыққан Әдебиет тарихы атты кезінде көп шу көтерген еңбегінде зар заман ақындары деп олардың аттарын атап, еңбектерінің маңызды тұстарын елеусіз көрсете келіп, дін сарынымен айтылған үгіт-өсиет өлеңдері, дін ағымымен туып, жат жұрттың үлгісі сияқты болып көшіп келген әдебиет деп сөзінің соңын, заман ағымына сай партияның ығына жығыла тайғақтатады.
Монографиялық еңбектің тағы бір құндылығы, автор қазақ әдебиетінде діни-ағартушылық ағым мен оның өкілдеріне қатысты ғылыми деректерге жүйелі түрде талдау жасап, барлық зерттеуші ғалымдарды атап, саясат қыспағы олардың қаламына тұсау болып, ойындағысын айта алмаған, көсіліп шаба алмаған тұстарын назардан тыс қалдырмаған. Бұл тұрғыда Серік Жұбандықұлы: Әдебиетіміздің тарихында діни-ағартушылық ағым мен оның өкілдері туралы тиіп-қашты айтқан зерттеушілер болғанмен, толық мәнін ашып берер арнаулы еңбектер болған жоқ - деп тұжырым жасаған.
Ғалым өз зерттеуінде ХІХ ғасыр әдебиетінің елеулі, қомақты саласы, діни- ағартушылық бағыттың ағысты арнасының бірі -- ежелгі нәзира дәстүріндегі қайта жаңғырған қисса-дастандар болды деп көрсетеді.
Талантты ғалым А.Қыраубайқызы да қисса хикаят, қисса дастан дегендер кезінде қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі тудырған жанр болғанын айтқан еді. Өз зерттеуінде С.Бермағанбет те діни-ағартушылық ағым ақын-жазушыларының шығармашылығындағы қисса-дастандардың орны, нәзира дәстүрі туралы айта келіп, қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың өзіндік бір ерекшелігі -- шығыс әдебиетіндегі бір шығарманы, бір желіні қайталай салмай, тек тақырыбын ғана алып, әр ақынның өзінше жырлауы дәстүрге айналғанын айтады. Ал сол ортағасырлық туындылардың ықпалымен, үлгісімен жаңадан туған, қазақ өмірінен алынған шығармалар әлі де зерттей түсетін, өз алдына бөлек бір әдеби әлем деп есептейді. Сонымен бірге ғалым діни-ағартушылық ағым өкілдері мұсылманшылдық білім саласында пайда болған жаңа бағыт - усли жадидті жақтағанын көрсетеді. Оқудың бұл жаңа әдісі бойынша ел арасында білімге деген ынта-жігер өсіп, балалар аз уақытта сауаттанған, себебі медреселерде діни сабақтармен қатар, өзге де пәндер оқытыла бастаған еді [1, 472- бет].
Ғалым С.Бермағанбеттің зерттеуі бойынша айтсақ, діни-ағартушылық ағым өкілдері арасында дақпырты қазақ жерінен әрі асып, Орта Азия елдеріне де танылған, өз тұстастары мен кейінгі көптеген ақын үлгі тұтып, ұстазы санаған, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ақындарының ең көрнектілерінің бірі, күні кешеге дейін қызыл империяның тыйым салуы себепті есімін атауға, шығармаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік болмаған, абырой-атаққа лайықты даңқты ақын Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы еді.
Ә.Боранқұлұлы шығармаларының жанрлық ерекшеліктері
Әбубәкірдің терең мазмұн мен нақылға толы өлең-жырлары оқырманды ойға жетелейді. Ақынның ой-толғауларында отаршылдық зардабы, заман ауыртпалығы, адамгершілік, дін, имандылық тақырыбына ерекше мән берілген. Әбубәкір мұрасының жанрына келсек, онда толғау, арнау, жоқтау, төкпе айтыс, жазба айтыс, жұмбақ айтыс, сықақ-эпиграмма, мадақ, саяси-әлеуметтік, философиялық жырлар, көңіл күй лирикалары, шежіре-жыр, діни өлеңдер бар.
Ғалым С.Бермағанбет зерттеуінде Әбубәкір өлеңдерінде қазақ өмірі шынайы реалистік бағытта бүкпесіз жырланғаны, отаршылдық, орыстандыру саясатының құрбаны боп кетпеудің жалғыз жолы - барша мұсылман халқымен ынтымақтастықта болып, халқымыздың оқу-өнер үйренуі арқылы басқа елдермен терезесі тең ұлт боламыз деген ойды бұқараға жеткізе білгені ғылыми тұрғыда талданып берілген. Сонымен бірге Әбубәкір шығармаларының көркемдік әлемі, ағын судай тасқындаған екпіні, тың теңеулері мен шебер қиысқан ұйқастары, терең мәнді ойлары мен тәлімді тәрбиесі де зерттеуші ғалымның ізденістен туған толымды ойларымен тұжырымдалған.
Кейінгі ұрпаққа мазмұнды, өткір де ойлы көркем шығармалар қалдырған ақын шығармашылығы туралы жазылған монографиялық зерттеу еңбекті қолға алып, қарай отырып, оны соңына дейін оқып болғанымды да байқамай қалыппын.
Бұл, алдымен, заман шерін шерлеген ақын Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлының отаршылдық, орыстандыру саясатына қарсы ұлт санасы мен ұрпақ тәрбиесі үшін зиянды әрекеттерден аулақ болуын үндей, барша халыққа діни жоралғымен ем айтқан өлең-жырларының құдіреті болса, екіншіден, қазақ әдебиетінде діни-ағартушылық ағым мен оның ірі өкілі Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлының әдеби мұрасы туралы монографиялық зерттеудің терең талдануынан деп білемін.
2. Елінің ертеңіне елеңдеген дара тұлға
2.1 Қазақтың болашағын жырлаған Әбубәкірдің даналық тағылымдары
Ерте көз жұмған Әбубәкір Кердерінің өлең - деріндегі, жыр-термелері мен мұңды ғазал - дарындағы ғаламат даналық, тағылым-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, заманның, халықтың оның ішінде қазақтың кешегісі мен өзі күн өткеріп отырған кезеңдерді салыстыруы, қысқасы қазіргі тілмен айтсақ көркемдіктің, тәрбиеліктің, мөлшерсіз ойшылдықтың құпиясы ше? Соншалықты қысқа ғұмыр кешсе де қазақта тек әрі десең - Абаймен ғана, бері десең Тұрмағамбетпен (Ізтілеуов) ғана салыстырарлық өлшеусіз даналық - ты Жаратқан иеміз Әбубәкірге ғана үйіп-төгіп бере салғанына дауласу қиын. Әттең, жал - ғандыққа, өтірік пен өсекке толы ғафыл дүниенің қиямпұрыстығы мен қияпатына Әбубәкірдің өзі айтқандай, Аты шыққан ерлерді, аяққа басып кеміткен қоғамның кесапаты қосылып, оның есімі ұзақ уақыт өз замандастарының да, одан кейінгі ұрпақтарының да санасынан өшіп қалды.
Тіпті әйгілі Мұхтар Әуезовтің өзінің дамулла-шайыр Әбубәкір Кердеріге тым қырын қарағаны белгілі. Мұхаңның амалсыздан Әбубәкірге уақыт талабына сай баға беруіне тура келді. Әрине, Қазақстан Компартиясы ОК 1947 жылғы Қаз.ССР ҒА Тіл және әдебиет иснтитутының жұмысындағы өрескел қателер туралы қаһарлы қаулысы Әбубәкірді зерттеп, ол туралы ғылыми еңбектер жазып жүрген Б.Кенжебаев пен Ы.Дүйсенбаевтың да, М.Жармұхамедов, Ә.Қоңыратбаевтардың қыл мойнына тақалған қара қылыш болғанда М.Әуезов те сөйтпегенде қайт - сін. Ол аз болса ғұлама-шайырдың әр өлеңі - Алла атымен, дін, ислам дұғасымен басталып, орыс отаршылығының қазақ даласындағы жерді, елді, тілді, дінді обадай жайпап бара жатқанын, қазақ ұлтын азғындату саясаты жүріп жатқанын жаны ышқына суреттеп отырды. Әйтпесе:
Орысша білім білмесең,
Еш пайдаға аспай тұр
Мұсылманша моллаңыз.
...Қараның ұлы хан болды
Құлдың ұлы паң болды, -
деген бай - қам - паздықты, замана зарын, қазақ ұл - тының зарын сол заманда Әбубәкір айтпаса кім айтар еді?! Сол кезде-ақ орыс отар - шылдығының ең басты саясаты - өзі жаулап алған елді тілінен айыру екенін де ғұлама-ақын дәл аңғарған. Орыстардың мақсаты - қазақтың бүкіл ой-санасын бір-бірімен орысша сөйлестіру арқылы бүлдіру екенін бірден байқаған, орысша араластырып сөйлейтіндерден шошына баста - ған Әбубәкір: Тілі екеудің діні - екеу, бұзып алма дініңді адам, - деп артында өлмес сөз қалдырмап па еді?! Сол қос тілділіктің қан - шалықты залалды екенін, оның ұлтты жоюдың ең басты құралы екенін бүгінде Франция, Германия сияқты әлуеті әртүрлі мемлекеттердің қайраткерлері мойындап өтті. Әбубәкірдің бұл даналығының рас - тығын ағылшын ғалымы (уэлстік) Дэвид Кристалдың Тіл ажалы атты кітабынан да анық көреміз. Бұл ғалым: Бір ұлт жойыларда оларда қостілділік деген пайда болады, - дейді. Ал Әбубәкір оны бұдан 100 жылдан астам бұрын айтып кетсе, оның бүгінгі қарадомалақ қазақ ұрпақтарына енді үш тіл үйреніңдер деген үгіт жүргізілуде.
Аруақты ердің тұқымы
Дұшпанменен дос болды.
Балдағы алтын ақ семсер,
Балалар ойнар тас болды.
Атаны билеп ұл кетті
Қожаны билеп құл кетті
Қарсақ табан мысық бас
Не азғындар жетілді
Есепте жоқ жамандар
Лақтай басқа секірді
Алмастай асыл жандарым
Өз-өзінен кетілді
Қадірін білмес жаманға
Күні түсіп өтінді.
Міне, заманның, қоғамның, елдің жақсылыққа емес, қайта жамандыққа қа - рай бет бұрғанын, оң емес теріс өзге - рістер болып жатқанын, оның бәрі отаршылар әкелген бұзықтықтан, әдепсіздіктен болып жатқанын данышпан шайыр жан дүниесі күйзеліп, көкірегі қарс айырылып отырып зар ғып төгеді. Ұтыры келгенде айта кетейік, зерттеушілер де, дүниеден кеше өткен көзіқарақты біраз ақсақалдар да дамулла-шайырдың шығармашылы - ғын заманында өзге мұсылман жұртына да мағлұм болғанын айтады. Мысалы, үлкен ғалым Қабиболла Сыдиықов: Ақын туған елі ғана емес, зиялылар, көзіқарақты хат танитындары бар, қазақ тілін түсінетін қырғыз, қарапқалпақ, түрікмен, ұйғыр, татар, башқұрт арасында да мәлім болған. Оның бірнеше себебі бар. Әбубәкір шығармалары 1902, 1905 жылдары Қазан қаласында екі дүркін жарияланды. Бірақ бұл ақын шығармаларының кең таралуының басты себебі емес, - дей келіп, ақынның қазақтың ақпа-төкпе ақындық дәстүрінен, Шығыс әдебиетінен, жалпы әдебиет жәдігерліктерінен өнеге алғанын әрі діни, ислами инабаттылықты дәріптеп, сол уағыздарды ерекше ақындық шабытпен, еркін, қисынды, сенімді жеткізген еді. Міне, осы жайттар Әбубәкір есімін Қазақстан, Орта Азия аймағына мәшһүр етті, - дейді ғалым [2, 124 - бет].
2.2 Ә.Кердері шығармаларындағы қазақ жастарының ертеңгі болашағы тақырыбы
Бізді Әбубәкірдің қатты таңырқатып, соншалықты қайран қалдыратын бір жері мынау - оның қай өлеңін алып қарасаңыз да босқа айтылған, ұйқас үшін алынған немесе өлеңнің көлемін көбейту үшін әдейі созған, мағынасы жоқ бір жол не бір шумақ таба алмауымыз. Бүкіл өлең, бүкіл шумақ, әр жол даналыққа, көрегендікке, ұлағат-үлгіге, насихат-өнегеге тұнып тұр-ау, тұнып тұр! Артық сыңарауыз сөз жоқ. Ұлы Мұхаң, әлгінде айтқанымыздай, Ә.Кердері туралы заман, саясат ыңғайы - на беріліңкіреп көбінесе ашық пікір айта алмады. Соның өзінде ол Әбу - бә - кір өлең - дерінде заман жайының көп ерек - шелігі саналып, тергеліп өткен... деп, ар жағын көпке созбай қоя салады.
Ал тыңдаңыз:
Құрметсіз өткен ғұмырдан
Ұйқыда көрген түс артық.
Сипаты бірдей болса да,
Ерлерден ердің ісі артық.
Орнын таппас қайраттан
Хайламен еткен күш артық.
Жаңбырсыз өткен жазыңнан,
Жайлы болған қыс артық.
Тұғыры құтсыз сұңқардан
Қайырлы болса әр күні
Тұрымтай атты құс артық.
Порымы келмес күмістен,
Сұлулап соққан мыс артық.
Сыйласпаған туғаннан,
Тоқтылы қойға жалданып,
Есікте жүрген кісі артық.
Басшысы жоқ әскерден,
Аруақты туған бір ердің,
Жалғыз да болса сұсы артық.
Міне, қазақтың күні ертең ұлт болып аман-сау жүрер-жүрмесіне орыс басшыларынан келіп жатқан қауіп-қатердің зор екенін ұлы шайырдың тар кеудесінде торғайдай тыпырлаған жұмыр ет осылайша жылап тұрып жырлайды. Жырлайды да сол зар-мұңын түсінер пенде қазақ арасында қалмай бара жатқанына:
Дүнияның терең түбі жоқ
Һәммасы жалған, шыны жоқ.
Пенденің бәрі арманда
Ақылсыздың мұңы жоқ,
деп тағы да аһ ұрады. Алла тағала Абай өлген соң қазақтың маңдайына 15 жылдан кейін Әбубәкір Кердеріні берді. Абай ойлы адамға қызық жоқ десе, Әбубәкір ақылсыздың мұңы жоқ дейді. Ал енді Әбубәкірдің сол өлеңіндегі
Көп бейасыл бас қосса,
Асыл заттың пұлы жоқ
Білімдінің құны жоқ, -
дегені ше? Осын - дай түбі жоқ терең ой мен ұлы ұлағатты Абай мен Әбубәкір Кердеріден басқа қай қазақ айтқан?! Өз сөзінің қадір-қасиетін білу және сол сөзін әрбір есті адам жерге тастамасын, өз сөзінің ұлтқа ұлағат екенін білудің өзі - даналықтың бір белгісі. Шайыр сондықтан да:
Тыңдаған азаматқа сөзім дәрі,
Секілді арнап атқан қудың өті, - дейді.
Алтынды жерге төгер уыстаған
Ерліктен ғылым артық ту ұстаған, - деп бір сәт ғылым-білімді бәрінен жоғары қояды, яғни білекті бірді жығар, білімді мыңды жығардың растығын бекемдей түсті.
Одан әрмен Әбубәкірдің өлеңдерін оқып отырғанда жан-жағыңнан адам ғұмырында үлкен немесе үлкен бір мектепте болған, болып жатқан жақсылық пен жамандықты, артықшылық пен кемшілікті баяндап тұрған әлде бір тылсым суреттің ішінде келе жатқандай бейжай бір күй кешесің. Мұндайды осы күнгі ғалымдар лириканың да әртүрлі тармағына теліп жүр. Бірақ Әбубәкір жырлары олайша тал - даудың ешқайсысына да көне бермейді. Оның тіпті өз өмірбаяны дерлік, ауырып жатып айтқан өлеңінің өзінде қаншама бояу десеңіз - бояу, ілім-білім десеңіз - ілім-білім, ойшылдық, даналық, терең философия жатқанына таңданбау мүмкін емес. Онда ол өз өмірінің бір жасынан бастап істеген іс-әрекетін баяндай келіп:
Он бір мен он екіде түркі білдім.
Түркіні тәмам тілдің көркі білдім, - дейді [2, 131 - бет]
Реті келгенде айта кетейік, ғұлама шайырдың Тілі екеудің - діні екеу деген сөзін тіліне, дініне, жалпы ұлттығына қауіп төніп тұрған кез келген ұлт, кез келген мемлекет көрнекті жерлерге ұран етіп іліп қойса да артық болмас еді.
Ұлттық ерекшеліктерді жырлаған - Әбубәкір Кердері
Әбубәкір Кердері шайырдың тұтас бір ұлтқа, әсіресе қазаққа ұлағат боларлық өнегеге, тағылым-тәрбиеге толы даналық өлең-жырларын, терме-толғауларын кеңінен насихаттау - бүгінгі күннің жедел қолға алатын басты мәселесенің бірі. Жалпы, оның әр өлеңі көптеген ұлттық ерекшеліктерінен алшақтап қалған, әсіресе әлі де өзінің ұлттық діңгек-тірегімен толық қауыша алмай, кім боларға білмей алакүлік, алакөңіл болып жүрген (мәңгүрт демей-ақ қоялық!) қазақтарға, қысқасы, тұтас иісі қазаққа ақыл нұсқар дүниелер деуге әбден болады. Оған бас-аяғы бірнеше мақала түгілі талай-талай ғылыми еңбектер арнап та түгесу, әбден түбіне жеттік деу мүмкін емес.
Ақтөбе Ғибадат пен Инабатты ту етеді
Сонымен, Ақтөбенің Алғасында дү - бірлі бір думанды ұлы той өтті. Жарат - қан иемізге жасалған ғибадат пен аруақ - қа жасалған инабаттың ерекше бір ме - рекесі сипатты шара болды. Шара ой мұхитының, даналық мұхитының ең тұң - ғиық тереңін тербетіп, толқытып әрбір саналы пенденің сезім қылына жыр ғып, күй ғып, ақылнама, насихат, ұлағаты мол үлгілі сөз етіп құйған ғұлама шайыр Кердері Әбубәкір Шоқанұлының (әкесінің шын аты Боранқұл) 150 жылдығына арналған еді. Оны Ақтөбе облыстық мә - дениет басқармасы, Алға ауданының әкім - шілігі мен Халық шығармашылығы үйі ұйымдастырды. Ұйымдастырды деп айта салу - оңай. Ұлы ақынға арнап еңсесі биік ескерткіш орнатуда, мерекелік ауқым - ды концерт, ән-күй, би өткізуде, ғалымдардың Әбубәкір туралы зерттеулерін, баяндамаларын ұйымдастырып, ғылыми теориялық жиын өткізу, алыс-жақыннан меймандар шақырып, оларға күтілім жасау сияқты қыруар шаруаны бір жүйеге келтіріп, дәл бұлайша мінсіз атқарып шығу екінің бірінің қолынан келе қоюы екіталай.
Бұл істе Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы - ның бастығы Назира Табылдина, Алға әкімі Қабай Сәрсенғалиев пен оның орынбасары, ұлы шайырдың аталас ұрпағының бірі - Нұрхан Ақниязов, Облыстық халық шығармашылығы Үйінің басшысы Орынбасар Тереков сияқты азаматтардың күн - діз-түні бір тынбай, басқа тірліктің бәрін былай қойып жан сала еңбек етіп жүрге - нін көзіміз көрді. Еңбек ету, шара өткізу өз алдына ғой, әсіресе Нәзира ханымның нәзік те тәрбиелілігі, сөз сөйлеуі, өзін ел алдында ұстау мәдениеті, әсіресе Қабай әкімнің мен әкіммін деп кейбіреулерше маңғазданып, сөйлер сөзге ерініп, сызданып тұрмай, үл - кен-кішіге жып-жылы бір жымиып тіл қатып тұрған иманжүзділігі, әдептілігі бол - сайшы бәрі осындай әкімдердің дегіз - гендей екен. Ал көп сөйлей қоймай - тын Нұрханның сөз бастап кетсе, аңқылда - ған ақжарқындығы, Орынбасардың артық-ауыс сөзді ұнатпайтын, ақты - ақ, қараны қара деп кесіп айтатын турашылдығы - бәрі-бәрі осы бір дүбірлі думанның өзіндік өрнегінің бір бөлшегіндей болды да тұрды.
Инабат - ердің базары,
Ақ жүзінің ажары
Инабат - ердің азығы
Бақыт пенен думанның
Ұстап тұрар қазығы
Инабат - ердің жолдасы,
Артса керек мал-басы, -
деген ғұлама шайырдың өлең жолдары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz