АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. АБАЙДЫҢ СӨЗ САПТАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Абайдың шығармаларына арқау болған негізгі тақырыптар ... ... ... ... ...5
1.2 Абай лирикасындағы адамның көңіл күйін табиғатпен суреттеу ерекшелігі ... ... ... ... ...8
1.3 Табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... .9
2. АБАЙ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЖЫРЛАУ СТИЛІ
2.1 Табиғат құбылыстарын арқау ете жазылған Абай шығармалары ... ... .13
2.2 Оқиғамен байланыстыра табиғатты суреттеу ерекшелігі ... ... ... ... ... ..14
3. АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
3.1 Әдеби . теориялық тұрғыдан негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.2 Абайдың өмір шындығы мен табиғатты қоса суреттеу ерекшелігі ... ..20
3.3 Қазақ тіршілігі мен табиғатты суреттеу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ...28
Қосымша

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.
Табиғатты реалистiк әдiспен арнайы алып бейнелеу дәстүрі қазақ әдебиетiнде Абай поэзиясынан бастау алды деуге негiз толық. Көрнектi ғалым З.Қабдолов пiкiрi ой саларлық: «Табиғат көрiнiстерiн, оған бөленгенқазақ даласындағы тұрмыс-халдi суреттеуге көптеген өлеңдер арналған және қазақ әдебиетiнде Абайдан бұрын табиғат көрiнiсiн мұншалық шебер, терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес». «Абайдың табиғат лирикасы, әсiресе жылдың төрт мезгiлiн суреттейтiн өлеңдер – күштi ақындық шеберлiкпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы, сылқым жырлар.

1. Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері. Оқу құралы. – Алматы: Санат. 1997 ж. - 448 бет.
2. Шойынбет Ж. Абайтанудың жаңа кезеңі және Мекемтас Мырзахметұлы. – Алматы: Ұлағат. 2013 ж. – 168 бет.
3. Мырзахмет М. Абайтану тарихы. – Алматы: Ана тілі. 1994 ж. – 192 бет.
4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі. 1995 ж. – 272 бет.
5. Мәдібаева К.Қ. Абайтану. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті. 2013 ж. – 204 бет.
6. Мырзахметұлы М. Абайтану әліппесі: жақсы ұстаз. - Токио, 2010 ж. - 127 б.
7. Жанділдин Ж. Абайдың арғы беті, бергі беті... Айқын. - 2013. – 22 ақпан.
8. Сарбасов Б. Абай өлеңдеріндегі рухани құндылықтар. Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл. - 2014. - №4.-6-8.б
9. Абай Құнанбайұлы Қалың елiм қазағым: Шығармалар. - Алматы: Жалын, 1995. - 384 б.
10. Абай әндерi. - Алматы: Өнер, 1994. - 76 б.
11. Абай Лирика. Абай. - Алма-Ата: Жалын, 1980. - 89 б.
12. Абай Құнанбайұлы Шығармаларының екi томдық толық жинағы - Алматы: Жазушы, 2005. - Т.1 : Өлеңдер мен аудармалар. - 296 б.
13. Абай Құнанбайұлы Шығармаларының екi томдық толық жинағы - Алматы: Жазушы. – 2005.Т.2 : Өлеңдер мен аудармалар. - 336 б.
14. МырзахметовМ. Абайды оқы, таңырқа. - Алматы: Ана тiлi, 1993 ж. - 160 б.
15. Құнанбаев Абай. Абай Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер - Алматы: Жiбек жолы, 2005. - 488 б.
16. Абай Өлеңдер. Поэмалар. Аудармалар. Қара сөздер / Абай. - Алматы: Мектеп, 2007. - 242 б.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Фамилия жазу керек
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекшісі:
Қостанай, 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
АБАЙДЫҢ СӨЗ САПТАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Абайдың шығармаларына арқау болған негізгі тақырыптар ... ... ... ... ...5
Абай лирикасындағы адамның көңіл күйін табиғатпен суреттеу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ...9
АБАЙ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЖЫРЛАУ СТИЛІ
Табиғат құбылыстарын арқау ете жазылған Абай шығармалары ... ... .13
Оқиғамен байланыстыра табиғатты суреттеу ерекшелігі ... ... ... ... ... ..14
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Әдеби - теориялық тұрғыдан негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .17
Абайдың өмір шындығы мен табиғатты қоса суреттеу ерекшелігі ... ..20
Қазақ тіршілігі мен табиғатты суреттеу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қосымша
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Абай шығармаларының ішінен табиғат лирикасына қатыстыларын талдап, олардың қандай үлгіде жазылғандығының анықталуында.
Курстық жұмыстың мақсаты: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерін толықтай талдап, әдеби - теориялық тұрғыда олардың жазылу ерекшелігін анықау.
Курстық жұмыстың міндеті: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдеріне талдау жасау арқылы оның өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдері.
Зерттеу әдістері: талдау, салыстыру, зерттеу, түсіндіру, баяндау.
Зерттеу пәні: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Абайдың табиғат лирикасына қатысты жазылған шығармаларының жазылу ерекшелігін, әдеби - теориялық тұрғыдан ерекшеліктері толық қамтылып жазулыунда.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және де қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қорытынды.
Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.
Табиғатты реалистiк әдiспен арнайы алып бейнелеу дәстүрі қазақ әдебиетiнде Абай поэзиясынан бастау алды деуге негiз толық. Көрнектi ғалым З.Қабдолов пiкiрi ой саларлық: Табиғат көрiнiстерiн, оған бөленген қазақ даласындағы тұрмыс-халдi суреттеуге көптеген өлеңдер арналған және қазақ әдебиетiнде Абайдан бұрын табиғат көрiнiсiн мұншалық шебер, терең һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың табиғат лирикасы, әсiресе жылдың төрт мезгiлiн суреттейтiн өлеңдер - күштi ақындық шеберлiкпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сырлы, сылқым жырлар. Бұлардың композициялық құрылымында да өзiндiк ерекшелiктер бар... десе, зерттеуші Т.Әлімқұлов: Абайдың табиғат туралы жазған жырларының өзінде әлеуметтік өмір асқан зор байқампаздықпен суреттеледі, қазақ ауылындағы тоқтық пен жоқтық, үстемдік пен кіріптарлық қарама-қарсы көрініп отырады.
Табиғатты жырлау - сонау ауыз әдебиетiнен бастап күнi бүгiнгi поэзияға дейiн ешқашан үзiлмей жалғасып келе жатқан дәстүрлi үрдiс. Жылдың төрт мезгiлiне арнап өлең жазу дәстүрiн қазақ поэзиясында Абай жасап берген болатын - деп көрсетеді.
Тақырыптарды махаббат лирикасы, табиғат өлеңдерi деп бөлуде шарттылық орын алады. Кейбiр өлеңдерде табиғат пен махаббат, т.б. өзара ұштасып, өрiлiп жатады. Мысалы, Абайдың Желсiз түнде жарық ай өлеңiн алсақ, мұнда табиғат көрiнiсi мен адам сезiмi сабақтастырыла өрiлген:
Желсiз түнде жарық ай,
Сәулесi суда дiрiлдеп, ... ..
Келмеп пе едiң жол тосып,
Жолығуға аулаққа?.
Өлеңдегi алғашқы шумақты оқи отыра көз алдымызға табиғаттың әсем көрiнiсiн елестетемiз. Желсiз түнде жарық ай болатынын келесi тармақ аша түскен. Ай жарық болмаса, сәуле суда дiрiлдемейтiн едi. Ағып жатқан өзен толқынының әсерiнен де сәуленiң суда дiрiлдеуi лирикалық кейіпкердің қабылдауына сай алынған. Келесi тармақтардан да ақынның күнделiктi табиғат көрiнiсiн келісті өрнектеумен шектемей, адамның iшкi сезiмiмен астастырып, өлеңдi әсерлi етiп жеткiзгенiн көремiз. 20-30-жылдар өлеңдерінде табиғатты жырлау жаңа қоғам құрушы- лардың артықшылығын дәлелдеуге бағындырылып, соның нәтижесінде адамдардың канал қазу, т.б. жалған әсемдікке баса көңіл бөлінді.
Белгілі зерттеуші М.Базарбаев: Бұл жылдарда уақыт, заман тудырған тақырып- тар дүниеге келді. Әсіресе сол кездегі идеология ақындардың басын бұлтартпастай етіп, жаңа заманға лайық қамыт кигізгендей, тақырып ауқымы тарыла бастады. Біріншіден, ақындардың төңкерісті жырлауы міндет болса, екіншіден, жаңа қоғам құрып жатқандықтан таптық аражікті айыру үшін де тап күресі тақырыбын сол тұстағы идеология алға қойды: кедейді жырлау, бай-манап, шынжырбалақ, шұбартөстерді сынап-мінеп жазу, 9 байлықтан бас тартып, кедейлік дәстүрге шоқындыру қоғам талабына айналды. Осыған орай кәмпеске тақырыбы да жыр өзегіне айналуға тиіс еді. Бұдан соңғы коллективтендіру кезеңі мен Қазақстанда жүргізілген Кіші Октябрь науқаны да поэзияның жазбасаң болмайтын тақырыбына айналғаны - сол кездің уақыт шындығы - деп көрсетеді.
АБАЙДЫҢ СӨЗ САПТАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1 Абайдың шығармаларына арқау болған негізгі тақырыптар
Абай заманы, ол ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез-қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын. Абай осы ортада өсті. Кедей шаруаларды сүліктей сорып, алдау мен арбаудан жиған малын қорғалатып жүрген байлардың өтірігі мен өпіремдігін, күш сынасқан күндестігін көріп, озбырлар ортасынан жирене, түңіле өсті. Мейірімсіз әкенің ызғарынан ығысқан Абай анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің маңынан тапқанын да Әуезов тұжырымдаған. Бала күнінен зерек, ойлы немересіне кәрі әже өзі білген ертегі-әңгімелерін айтып, оны талай қызық қиялға шомылдырады; болашақ ұлы ақынды сәулелі сұлу сезімдерге баулиды.
Абай алғашқы кезде ауыл молдасынан хат танып, он жасында Семей қаласындағы медресеге түседі. Мұнда бар болғаны үш-ақ жыл оқиды. Медреседегі діни схоластикалық оқу Абайды қанағаттандыра алмайды. Ол енді өз бетімен білімін толықтырмақ боп, одан әрі ізденеді. Туысқан Орта Азия халықтарының Навои, Низами, Фирдауси секілді жұлдызды шайырларының шығармаларымен танысады. Coлардың әсерімен алғашқы өлеңдерін жазады.
Абай медреседе оқи жүре, бір жағынан сол Семей қаласындағы приходская школаға түсіп, орыс тілін үйрене бастайды. Бірақ, бұл да ұзаққа созылмайды: бас-аяғы бірнеше айдан кейін орысша оқу да үзіледі, әкесі Абайды қаладан ауылға қайтарып алады. Құнанбайдың ондағы мақсаты -- баласын ел басқару ісінде өзіне ізбасар етіп дайындау. Абай бұл әмірге де еріксіз көнеді, әке ықпалымен ел жұмысына араласады. Ақынның кейініректе ызамен айтқаны:
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен, түспе ізіме...
деген сөздері осының өкініші еді.
Абай өз елінде болып жатқан осындай тарихи оқиға мен өзгерістердің қалың ортасында болды. Ел жайын барлап, әлеуметтік өмірге, халықтың саяси-экономикалық халіне, мәдени тұрмысына назар аударып, көп ойланып, көп толғанды, өз дәуірінің заман ағымын сыншыл да шыншыл пайымдады. Абай өз өлеңдерінде осыны аяусыз шенеп, әшкереледі.
Ол халықтың жарқын келешегіне сенді және оның тетігін тауып қаланар кірпіші жастар деп білді. Ақылы мен өсиетін соларға арнады. Бір өлеңінде:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-
деп, өзінің өткен өміріне өкінішін айта келіп, жастарды содан сақтандырса, енді бір өлеңінде олардың алдына Ғылым таппай мақтанба деп қатал талап қойды [1. 138-б].
Сөйтіп, Абай өзін қоршаған қапас дүниеде булыға бұлқынған қараңғы қауымның аянышты халін көріп, оның көзін қойып, көңілін ашу жолында қолынан келгенше жанып, жарқырап бақты. Езілгендердің еңсе көтеруі үшін барын салды. Ел басындағы қалың тұманның ақыр бір күн ашыларына, айығарына сеніп, жарқын келешекке зор үмітпен көз тікті:
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек.
Болашақтан бақытты өмір күтті. Бойындағы бар асылын, қабілетін, күш-қасиетін, білімі мен өнерін осы ұлы үмітке арнады. Осынысы үшін ол қысым да көрді. Қазақтың бай-феодалдар тобы, патша әкімдері соңына түсіп, аяқ басқанын аңдып, ақын өмірі ауыр азапқа айналды. Өмірінің соңғы кезінде ақын басында болған реніш, өкініш сарындары осыған байланысты еді.
Абайдың аңсаған арманына жете алмай өкініп өткені өлеңінде де тұр:
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ...
Ақын кім? Ақындық деген не? Бұл сұрақтардың жауабын кезінде Абайдың өзі берген. Ұлы ақынның Адамның кейбір кездері деп басталатын өлеңінде мынадай керемет жолдар бар:
Сылдырап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай...
Алдымен, Абай -- ақын. Ақын болғанда бүкіл бір халықтың ұлттық мәдениетінің ғасырлық мерейі, әдебиетінің заңғар биігі болған данышпан, классик ақын. Олай болса, Абай творчествосының дені -- поэзия. Ал, сол Абай поэзиясының дені -- лирика. Осының өзінен-ақ, әлгі айтқанымыздай, мұның қаншалық шалқар теңіз екені белгілі.
Абай лирикасы сала-сала. Жалпы, лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Лирикалық шығармадан оны жазған адамның өмір сүрген ортасын, сол ортаның саяси-әлеуметтік халін, адамдардың алуан-алуан мінез-құлқын, ой-өрісін, жан-күйін, арман-тілегін, мақсат-мүддесін аңғарамыз.
Сонымен қатар, лирикалық шығармадан ақынның өзін, өзіне тән айрықша мінезін тануға да болады. Оның өзі ғана емес, оқушыны да тебіренте, сезіндіре көрінеді.
Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің таптық көзқарасын, идеялық бетін айқындайды [1. 127-б].
Қараңғылыққа, надандыққа жаны күйген Абай дүйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні -- ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын...
Еңбек кылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан негізгі идея -- қалың бұқараның көзін қойып, көңілін ашу, қараңғы қауымды еңбекке, білімге, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу.
Абай өзі суреттеп отырған өмір шындығынан көрінген кедейдің ауыр тұрмысына оқушысының аяныш сезімін туғызып, өзі де іштей сол жағында болады. Тілегі ауып, мейірімі түсіп тұрады.
Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма, сен де о ғұрлы!-
деп, тамаша саяси лирикасының аяғын жай ғана салқын ақылмен, оларды өзара ымыраластыру ниетінде бітіреді.
Абай лирикасынан махаббат тақырыбы айрықша орын алады. Бұл саладағы лирикадан Абайдың ақындық өсу жолы, орыс классиктерінен үлгі-өнеге алу арқылы болған іштей творчестволық эволюциясы анық танылады. Ақынның махаббатқа, достыққа эстетикалық көзқарасы айқын көрінеді. Ақындығының алғашқы кезеңінде, Абайдың орыс классиктерімен етене жақын емес кезінде жазған махаббат тақырыбындағы өлеңдері -- теңеу, тіл жағынан да, махаббат-достық мәселесін сезініп, ұғыну жағынан да қазақ ауыз әдебиетінің бұрынғы көне үлгісінде жазылған шығармалар. Айттым сәлем, қалам қас, Қиыстырып мақтайсыз, Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, тағы басқа өлеңдерінің қайсысын алып қарасақ та, осы жайды аңғарамыз.
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды,
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
1.2 Абай лирикасындағы адамның көңіл күйін табиғатпен суреттеу ерекшелігі
Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері -- аудармалар. Бірақ Абай аудармаларының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің орысшадағы нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды.
Өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл күйі бар мен философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларын да жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз тапты.
Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса.
Күңгірт көңлім сырласар,
Сұрғылт тартқан бейуаққа.
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп әр жаққа.
Абай бұл саладағы лирикасында сол өзі өмір сүрген дәуірде ауыр азап шеккен қарапайым адамдардың жан-жүрегіне сұлулық пен сүйіспеншіліктің, жігер мен үміттің ыстық қанын құйып, олардың сана-сезімін сұлу лирикасымен желпи оятып, риясыз, ашық сырласады.
Абайдың өлеңдері сияқты, қара сөздерінен де оның өзін қоршаған өмір шындығына көзқарасы, дүние та - нуы аңғарылып отырады. Өйткені, ол мұнда тек жеке адамның мінез-құлқын түзеуге арналған жайлар ғана емес, зор қоғамдық мәні бар, күрделі мәселелерді де қамтиды. Бірақ біз Абайдың барлық қара сөздерін түгел әңгіме етпейтін болғандықтан, оның ғылымдық мәні бар тереңіне бойлап, философиялық пікірлерін талдап, дүниетанымын пайымдап жатпаймыз. Біз бұл жолы Абайдың халықты өнер-білімге, еңбекке шақырған, адамдардың ой-санасын көтеруге арнаған, байлар мен болыстарды, билер мен малқұмар пысықтарды сықақ еткен, надандық пен қараңғылықты жырлаған.
Он бірінші сөзінде, Жиырма бірінші сөзінде ауылдағы құркеуде байлар мен ұлықтардың арамзалық, жауыздық іс-әрекеттерін, білімсіз қауымның жалған мақтанын, ұрлық-қулығын әшкерелейді: ...ұры ұрлықпен мал табам деп жүр; мал иесі, артылтып алып, тағы да байимын деп жүр... Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған акыл деп, мен сені бүйтіп сүймеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйемін деп, мынаны жеп жүр... (Он бірінші сөз). Міне, мұнда сол кездің шындығы қаз қалпында, айқын баяндалып отыр.
Абай жақсы түсініп, кара сөздерінде өзінің ғылымға, өнерге, еңбекке шақырған ағартушылық пікірлерін, үгіт-насихаттарын халық бұқарасына арнады. Жетінші сөзде жас баланың да анадан туғанда екі түрлі мінезбен: ішсем, жесем, ұйықтасам және білсем, көрсем, үйренсем екен деп туатынын айта келіп, адамдарды соңғысына шақырады [2. 142-б].
(Жетінші сөз), бұл дұрыс емес, білмегенді үйрену қорлық емес, қайта жалықпай іздену керек; ...естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе -- дүниедегі жақсы, жаманды тануындағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады (Он тоғызыншы сөз) -- деген ақылын айтады. Абайдың бұл айтқандары күні бүгінге дейін мәнін жоймаған, адамға үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие берер, оқуға, оқып білгенді көңілге тиянақтап тоқуға үйретер құнды пікірлер. Қысқасы, Абайдың ғаклия-қара сөздері өз дәуірінің ақиқат шындығынан туған, танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні зор шығармалар.
Абайдың ақындығы туралы әңгімемізді қорыта келіп, Абай творчествосының тарихи мәнін жүйелегенде, ең алдымен, Абай бұрын езілуде болған өз халқының орыс мәдениетімен бір мақсатта болу кажеттігін түсінген. Екіншіден, Абай творчествосының мәні ақынның бұқарашылдығында, өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы әлеуметтік теңсіздікті көре білуінде, халық тұрмысына назар аударуында, қанау мен әділетсіздікті батыл сынауында, теңдікті жырлауында, адамгершілікті насихаттауында, халықты оқу-білімге, өнер-ғылымға, талап-еңбекке үгіттеуінде, сайып келгенде халық бұқарасының сана-сезімін оятып, ой-өрісін кеңітіп, жарқын келешекке сенім нығайтуында жатыр.
Абай творчествосының осылардан туатын тағы бір тарихи мәні -- өзіне дейін болып көрмеген тың тақырыптарды жыр етіп, оған биік идея, терең мазмұн, тың пішін беруінде; қазақтың әдеби тілін байыта, дамыта қалыптастырып, жаңа жазба әдебиетінің негізін салуында және қазақ поэзиясын сыншыл реализмнің шырқау сатысына көтеруінде болып табылады.
1.3 Табиғатты жырлаудағы Абайдың ақындық шеберлігі
Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды кайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірмен қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.
Табиғат лирикасының ішінде өзгелерден тақырыбы жағынан оқшаулау тұрған өлең - саятшылық өнерді өте көркем келісті бейнелейтін Қансонарда бүркітші шығады аңға. Бұл өлеңінде Абай аңшының құс салып, түлкі алуын түрлі-түсті бояумен бейнеленген суреттегідей көзге айқын елестете сипаттаған. Бірақ, қылқалам шеберінің қолынан шыққан суретті дайын, тұтас қалпында тамашалап, ал, өлеңді оқығанда осы баяндалған, қимыл-әрекетке толы оқиға белгілі уақыт мөлшерінде көз алдымыздан үздіксіз өтіп жатқандай әсер аламыз.
Кейде қазақ ауылының тұрмыс жағдайын сипаттауға көбірек мән беріліп, табиғат тек халық өмір сүретін орта болып екінші қатарда ғана көрінеді. Мысалы, Күз (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыс (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды) атты өлеңдерінде ақын көшпелі тұрмыстың ауыртпалықты жағын көбірек айтады, ал, Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті де ашып көрсетеді. Ал, Жаз (Жаздыгүн шілде болғанда), Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) өлеңінде елдің кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған кезін бейнелейді. Бұларда жарқын бояулар, ауыл өмірінің жақсы жағын айту, көтеріңкі леппен суреттеу басым келеді. Ақын көшпелі елдің өмір-тұрмысының ауырлығын, көлеңкелі жағын да, сонымен қатар ауыз толтырып айтарлық күнгей жағын да көре білген.
Бірақ бір өлеңде айтқанын басқа өлеңінде қайталай бермейді. Олай болса, бір кездегі осы өлеңдердің кейбіреуін (мысалы, Жаз өлеңін) бөлек алып, қоғам өміріндегі қайшылықты, кедейдің ауыр халін көрсету жағы әлсіз деп сын айтушылық, әрине, орынды болған деуге келмейді [4. 88-б].
Абайдың табиғатты бейнелейтін өлеңдерінен мол өмір шындығын, теңдесі жоқ суреткерлілік көреміз. Желсіз түнде жарық ай дейтін өлеңінде ақын жазда өзен жағасына көшіп келіп қонып отырған мал баққан ауылдың өмір-тұрмысын шебер сипаттайды.
Қазақтың даласы, түні, айы, тауы, өзен суы, жапырағы жайқалған ағашы, жазғы жердің көк майса жасыл шөбі, көшпелі елдің қонған қоныс-жайлауы, баққан малы, түн күзететін сақ малшылары, жастардың пәк, таза сүйіспеншілік сезімі, махаббаты, жастығын, алғашқы махаббатын сағынып еске алған қазақтың осындай айлы түнде ауыл сыртында, аулақта жолығатын шағын армандауы - осының бәрі бар болғаны 20-ақ жол өлеңнен көңілге нәзік лирикалық сезім ұялатқандай айқын елес береді. Жаз (Жаздыгүн шілде болғанда) өлеңінде де жаңа қонысқа, жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс-тіршілігінің тұтас бір көрінісі бар. Бірақ мұнда тынымсыз әрекет, қимыл-қозғалысты сипаттау шеберлігі таң қалдырады. Жыр өлшемімен жазылған жеңіл, ойнақы ырғақты өлеңде ақынның құлын-тайлардың шапқанын бұлтылдап деп, үйрек-қаздың жоғары-төмен ұшып жүргенін сымпылдап деп, үй тігіп жатқан қыз-келіншектердің жүрісін былқылдап, күлгенін сыңқылдап деп, ондаған осындай сипаттама сөздерді бірыңғай ұйқастыра тізбектеп келтіруі абыр-сабыры көп өмір көрінісі көз алдымыздан етіп жатқандай әсер етеді.
Назар аударарлық жай - Абайдың өлеңдерінің ішінде өзге шығармаларына ұқсамайтын, мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. Сегіз аяқ, Сен мені не етесің?, Қансонарда бүркітші шығады аңға, Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Жаз (Жаздыгүн шілде болғанда), Желсіз түнде жарық ай, Болыс болдым, мінеки, Қызарып, сұрланып, Келдік талай жерге енді, Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?, Көк тұман - алдыңдағы келер заман секілді өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та - мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық [5. 96-б].
Бұларға қоса Ем таба алмай, Ата-анаға көз қуаныш, Сағаттың шықылдағы емес ермек, Нұрлы аспанға тырысып өскенсің, Ауру жүрек ақырын соғады жай, Өлсе - өлер табиғат, адам өлмес, аударма өлеңдерден Жалғыз жалау жалтылдап, Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз, Қанжар, Мен көрдім ұзын қайың құлағанын сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді.
Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен, осы топқа жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын, бірнеше өлеңдер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін қажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Біздің айтпағымыз - Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні.
Ақынның тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін Қыс, (Ақ киімді, денелі, ақ сақалды), Күз (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), Жаз (Жаздыгүн шілде болғанда), Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы) секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдерінің де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әр түрлі болып шыққан.
Сондай-ақ, өлең сөз, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын, тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол, Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, Өзгеге, көңілім, тоярсың, Адамның кейбір кездері деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша өзгеше сипат алған.
АБАЙ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЖЫРЛАУ СТИЛІ
2.1 Табиғат құбылыстарын арқау ете жазылған Абай шығармалары
Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың Желсіз түнде жарық ай, Күз, Қыс, Жаз деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, Желсіз түнде жарық ай деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі, -
деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді [8. 6-б].
Ақын жайнаған жаздың әдемі көркін осылай суреттесе, сол сұлу сурет өзгеріп, гүл, жапырақ солып, түсі қашқан күздің суық кескінін:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, -
деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.
Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz