ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 XIX ғасырдағы жанр түрлерінің өзара әрекеттестік процесі ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мысал жанрының теориясы ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Поэзиядағы мысал жанрының ерекшелігі ... ... .8

2 ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ МЕН МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

2.1 Мысал жанрының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .10
2.2 Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

3 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

3.1 ХІХ ғасыр әдебиетіндегі мысал жанрының теориясына қатысты мәселелер ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Мысал жазудағы ХІХ ғасыр ақындарының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... 27
Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.Эпостың әріден келе жатқан бір түрі – мысал. Мысал ескі Грецияда да болған. Бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырларда болды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты перделеу түрінде сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасын адамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша күйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам да бола береді.
Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында не аяғында автор пернелеген нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады. Дворян- буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершілігін үйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуын анықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды. Ресейде мысал-жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. қазақтың жазба әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Н.Наушабаев.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық - тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды.
1. Қасқабасов С. А. Қазақтың халық прозасы .- Алматы, 1984.- 272 бет.
2. Мелитинский Е.М. Историческая поэтика новеллы. – Москва: Наука, 1990.-272 стр.
3. Гаспаров М. Античная литературная басня. - Москва: Наука, 1971. -361 стр.
4. Костюхин Е. А. Типы и формы животного эпоса. – Москва: Наука 1987. - 265 стр.
5. Жуковский В. А. Собрание сочинении в 4 томах. – Москва: Госслитиздат, 1960.том 4. 357– стр.
6. Выготский Л. Психология искусства. – Москва: Педагогика, 1987. - 343 стр.
7. Лессинг Г.Э. Избранное. – Москва: Художественная литература, 1980.- 574 стр.
8. Потебня А.А. Из лекции по теории словесности, Басня, пословица, поговорка. Харковь: Мирный труд, 1914.-115 стр.
9. Белинский Г. Собрание сочинении в трех томах. 1 том – Москва. 1948. – 737 стр.
10. Федр, Бабрий. Басни. - Москва: Наука, 1962. – 379 стр.
11. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. II том – Алматы: Жазушы,
1986.- 291 бет.
12. Байтұрсынов А. Шығармалар. – Алматы. 1989. - 395 бет.
13. Ертегілер . 1 том. - Алматы. 1952. - ...бет.
14. Крылов И. А. Басни. - Москва. 1953. – 492 стр.
15. Қазақ ертегілері. – Алматы. 1957.- 231 бет.
16. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы: 1978 ж.
17. Абай поэзиясының тілі. - Алматы. 1960. - 228 бет.
18. Басня Эзопа. - Москва. 1968. – 315 стр.
19. Ысқақов Б. С. Дөнентаевтың ақындық жолы. - Алматы. 1966.- 394 бет.
20. Шаңбаев Т. Мысал жанрының стилі мен тілі. – Алматы. 1994.
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындаған диссертацияның авторефераты.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдеиеті кафедрасы

ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:

Қостанай, 2016 ж.
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 XIX ғасырдағы жанр түрлерінің өзара әрекеттестік процесі ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мысал жанрының теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Поэзиядағы мысал жанрының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..8

2 ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ МЕН МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

2.1 Мысал жанрының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 15

3 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

3.1 ХІХ ғасыр әдебиетіндегі мысал жанрының теориясына қатысты мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Мысал жазудағы ХІХ ғасыр ақындарының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі:
Мысал - қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы әр түрлі жайсыз қасиеттерді, мінез-құлықтарды тура сынамай, астарлап жеткізетін шығармалар деп аталады. Мысалдың алғашқы үлгілерінің пайда болуын біздің эрамызға дейін VIII ғасырдағы гректердің өмірінен байқаймыз. Олар белгілі бір ойды, пікірді дидактикалық мазмұнда айтып беретін әңгімелер түрінде көрінген. Әрине бұл, бірден туып, қалыптаса қойған жоқ.
Сонымен қатар, ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері де осы мысал жанрының дамуына мол үлес қосты.
Курстық жұмыстың мақсаты: ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдерінің мысалдарын және мысал жанрының даму тарихы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін сараптау.
Курстық жұмыстың міндеті: ХІХ ғасыр әдебиеті мен мысал жанрының өзара сабақтастығын, мысал жанрының даму тарихын зерттеу.
Зерттеу нысаны: ХІХ ғасыр әдебиеті және мысал жанры
Зерттеу әдістері: талдау, баяндау, түсіндіру, сауалнама, зерттеу, салыстыру.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Азаматтық даму тарихына қарап отырсақ, қай халықтың болмасын руханияты мен мәдениеті ауыз әдебиеті екендігіне көзімізді жеткізеді. Ауыз әдебиетінің әр алуан түрлері қоғам дамуымен бірге жаңарып, өзгеріп отыратыны шындық. Осы жаңарулар өмірге көп қырлы өнер туындыларын әкеліп, әр түрлі қызмет атқарған. Ал ғылым қалыптасқан кезде жаңа жанрлардың тууына септігін тигізген.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Біздің жұмысымызға негіз етіп алып отырғанымыз да әдебиеттану ғылымында сөз болып келе жатқан мысал табиғаты жайлы, оның тарихы, ол жайындағы ғылымдағы теориялық айтыстар, әртүрлі зерттеулерге тоқталып өтпекпіз. Біз мұнда орыс ғалымдарының ғылыми деректері мен ХІХ ғасыр әдебиеті және мысал жанры туралы әр жылдары сөз қозғаған қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне сүйендік.

1. МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 XIX ғасырдағы жанр түрлерінің өзара әрекеттестік процесі

Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) - ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Эпостың әріден келе жатқан бір түрі - мысал. Мысал ескі Грецияда да болған. Бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырларда болды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты перделеу түрінде сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасын адамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша күйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам да бола береді.
Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында не аяғында автор пернелеген нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады. Дворян - буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершілігін үйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуын анықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды. Ресейде мысал-жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. қазақтың жазба әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Н.Наушабаев.
Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық - тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды.
Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода - баллада - эпиграмма - памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде.
Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, Жанр, Түр, Тек, Әр түрлілік терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ. XVII - XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда жанр ұғымы қолданысқа енді.
XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің Эстетика еңбегінде және А.Н. Веселовскидің Исторической поэтике шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады.
Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын тәртіптерден жоғары бағалап, қарсы шықты.
Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан сөз - алтын жіп, жыр - кесте демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы ішкі (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және сыртқы (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.

1.2 Мысал жанрының теориясы

Мысал жазба әдебиет үлгісі болып табылады. Өзінің даму барысында ол екі түрлі жолмен қалыптасты. Бұл әдебиетте XIX ғасырға дейін-ақ анықталған прозалық және поэзиялық мысал үлгілері.
Көркем творчествоның көне жанры шағын болса да, өткір тілі мысалдың әлемдік әдебиет пен фольклорында алатын орны ерекше. Әдебиеттану ғылымының басқа жанрларына қарағанда мысалдың тек өзіне ғана тән айқындалған формасы бар. Ол - әлем әдебиетінде жалғасын тапқан ортақ сюжеттілік, персонаждардың көбінесе аң- құстан болуы, осы арқылы астарлап берілетін ойдың, идеяның ар жағында қоғамдық-әлеуметтік мәселенің, адам мінез-құлқының жатуы. Мысал жанрының белгілі бір тұтастығы, әлем халықтарының мысалдарындағы ұлы үндестігі, типологиялық ұқсастығы осыдан көрінеді.
Бір жанрдың екі ішкі жанрлық түрінің басты өзгешеліктерін, ұқсастықтарын сипаттау ғылымда әртүрлі теориялық бағыттарды қалыптастырды. Сондай ғылыми пікір-тұжырымның бір-екеуіне тоқталып өтейік: Мысал жөнінде ғылымдағы екі бағытты айтуға болады, ол Лесссингтің рационалистік концепциясы мен Гриммнің романтикалық теориясы. [3, 231-232].
Мысалдың шығу тегі, типологиялық дамуы және оның бойында лирикалық, эпостық, драмалық, тіпті трагикалық элементтердің кездесесетіндігі ғалымдардың әртүрлі байлам жасауына әкелген. Мысалды халық ауыз әдебиетіндегі жануарлар эпосымен тығыз байланысты қарастырған Костюхин Е.А. былай дейді: Теорияда мысал тек қана әдебиет жанрының бірі ретінде қарастырылмайды, сонымен қатар бір ойды берудің өзіндік формасы және тіпті жалпы сөз өнерінің іргелі формасы ретінде қаралады [4,164].
Сөйтіп, бұлар поэзиялық мысалдың озық үлгісін әкелген француз ақыны Лафонтенді сынға ұшыратты. өйткені, антик дәуірінде Федр мен Бабрийдің кейбір мысалдары өлең тілімен жазылса да, XVIII ғасырға дейін прозалық мысал дамыды. Ал, Лафонтен мысалдары тек философиялық мазмұнға ғана құрылмаған, оның бейнелеу-көркемдеу құралдары да өзгеше болды. Лафонтеннің мысалдарын сынай отырып, Лессинг поэзиялық мысал үлгісінің қалыптасқанын атап көрсетті. Әйтсе де, оның негізгі атқаратын қызметі ғибрат айту деген позициясында қалады. Осы орайда В.Жуковский де : Мысал дегеніміз әрекет үстінде көрінетін мораль,мұнан адамгершіліктің жалпы ұғымы байқалады, - дейді. [5, 402].
Басқа сөз өнері жанрларына қарағанда, мысал жанрының көне дәуірден біздің заманымызға дейін әлем ғалымдарының ерекше назарында болғанын тарихи ұзақ уақытта дүниеге келген іргелі теориялық еңбектер мен қалыптасқан ғылыми бағыттар дәлелдейді. Бұның өзі: мысал жанры - сөз өнерінің ең көне, ең бай және ең дәстүрлі де өміршең. шағын да күрделі формасының бірі екенін байқатса керек. Алайда, оны қоңыртөбел, қарапайым кейде тіпті қосалқы аударма жанр ретінде таныған кезеңдер де болды. Сондықтан да, біздің ойымызша әдебиеттану және фольклортану ғылымы саласындағы теориялық еңбектерге сүйене отырып, мысал жанрының табиғатын тану - басты мәселенің бірі.
Мысал жанры туралы ғылымның жүйелі теориялық үш бағытын айтуға болады. Бірі, Аристотель еңбектерінен бастау алған негізінен философтар да аса назар аударған кейіннен Г. Э.Лессинг, В. Перри, А.Потебня, М.Н.Гаспаров т.б. ғалымдар еңбектерінде айқын көрініс тапқан, мысал жанрының басты өзге жанрдан өзгешелендіріп тұратын негізі ғибрат \мораль\ деген оның философиялық-дидактикалық мазмұнына ден қойған рациональды бағыт. Бұл бағыттағы ғалымдар мысал жанры адамзат қоғамының дамыған кезінде, тіршіліктен түрлі жағдай, өзгеше оқиғалар салдарынан туындаған ғибраттық мазмұнды теңеу, мақал мен мәтелдер негізінде қалыптасты деген тұжырым, пайымдауларға барып ғибрат жанрдың негізгі қасиеті деген ой түйеді.
Екінші, мысал жанрының негізі әңгімелеу\ повесттвование\ ал ғибрат, кейіннен алған қасиеті деген, А. Гриммнің миф - жануарлар туралы ертегі - мысал \типологиялық тұрғыда\ эволюциялық даму концепциясын ұстанған, кейіннен А. Хауарат, И. Левин, Е.А.Костюхин т.б. негізінен фольклортанушы ғалымдар еңбектерінде қолдау тапқан романтикалық бағыт.
Үшінші, мысал жанрының жаңа серпіліс кезеңінің ерекшелігіне \поэзиялық мысал жанры проблемасы\ , оның психологиялық, эстетикалық әсер ету қасиетіне ерекше көзқараспен келген А. Выготскийдің ықпалы өзгеше болған психологиялық-эстетикалық бағыт. Мысал жанрын бұл бағытта зерттеу жалғасын таппағанымен, поэзиялық мысал жанрының табиғатын тануда елеулі ықпалы болды.
Жалпы ғылыми бағыттарды топтастыруымыз белгілі мөлшерде шарттылық характер таныту мүмкін, бірақ қалай болғанда біздің пайымдауымызша теориялық ой-пікір негізінде бас айналып, барар бағытын ауытқымас үшін бағдарлық рөлі болары сөзсіз.

1.3 Поэзиядағы мысал жанрының ерекшелігі

Поэзиялық мысалда ғибрат негізінен сатирамен астасып жатты. Бұл жанрды күрделендіре түсіп, драмалық тартысқа құрыла, психологиялық жағынан ондағы әрбір сөз диалог үйлесім тауып, ғибраттық ой, образды оймен үндесіп, эстетикалық талғам, бейнелі тілдік оралым көркемдік бағытқа бейімдеді. Поэзиялық мысалға, нақтылай айтқанда Крылов мысалдарына, оның ортақ сюжеттерге құрылғанымен творчестволық даралығына талдау жасай келе, Выготский оны сөз өнерінің толыққанды жанры ретінде таныды. Оны ғалымның мына бір тұжырымды пікірі дәлелдей түседі: ... мысал бүтіндей поэзияға жатады және оған өнердің ең жоғарғы формасынан көрінетін өнер мен психологиялық заңдылықтардың барлық күрделі түрлерінің таралатынын көреміз.[6,87] Шындығында, поэзиялық мысалдың сөз өнерінің басқа да роман, поэма, комедия сияқты жанрларына тән форма тауып, арнаға бет бұрғанын көреміз.
Мысалдың екі жанрлық түрінің негізгі басты өзгешелігі неден көрінеді деген мәселеге сапалық тұрғыдан келсек, прозалық мысалда қалыптасқан дәстүр басты негіз болса, ол поэзиялық мысалда авторлық тұлға басым бағытта болып; әр ақынның стильдік өрнегі айқындаушы роль атқарады.
А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов сияқты ақындардың мысалдары ортақ сюжетке құрылғанымен стильдік, тілдік өрнектерінің ұлттық болуының, халықтың рухының арқасында аударма емес, төл шығармаға айналғаны әлемдік әдеби процесте ғылыми көзқарастардың үндесуі де дәлелдей түседі.
Негізінен, прозалық және поэзиялық мысалдардың принципті өзгешелігін көре отырып, оның типологиялық ұқсастығын және мысал жанрына тән элементтердің бірінде аз , бірінде көп болса да астасып біріне-бірінің сәулесін түсіре дамып отырғанын теріске шығара алмасақ керек. Алайда, бұл бағытта мысал жанрының прозалық және поэзиялық түрінің өзіндік ерекшеліктеріне баса назар аударылып екі арасына белгілі мөлшерде шекара қойылу табы да сезіледі. Бұндай көзқарас салдарынан мысал жанрының ішкі екі түрінің біріне ерекше мән берілсе, екіншісіне салқын көзқарас басым байқалады.
Поэзиялық мысалда ғибрат айтылмайды деп кесіп айта алмасақ керек, алайда сатирамен ирониямен астасып ақынның шебер тілімен мүлдем жандана, өткір де батыл айтылатын мысал дәстүрлік табиғатын да жоғалта қойған жоқ. Сонымен қатар орыс поэзиясында мысал жанры өткір сатиралық факторларымен де айқындалғаны анық. Бірақ та, шығыс апологымен ғасырлық байланысы бар қазақ мысалы жанрдың жаңашылдығын қабылдағанымен дәстүрлік ерекшелігін де жоғалтқан жоқ.
Мысал жанрының ең басты ерекшеліктерінің бірі оның эпостық шағын жанры екендігі. Ол ерекшелігі эпиканың үлкен роман, повесть, поэма сияқты жанрлардан ажыратып тұрады. Ал, оның шағын жанр болғанымен, жалпы эпикалық жанрға тән оқиға, сюжеттің болуы, әңгімелеу, оқиға біртіндеп дамып, персонаждардың тартысына құрылып, шарықтап шешімін табуы, керісінше шағын лирика секілді жанрдан ерекшеленіп тұрады. Ал, новелла, әңгіме тағы басқа шағын жанрлардан персонаждардың көбіне аң мен құстардан болуы баяндалған оқиға астарлап айтылып және көбіне міндетті түрде оқиғадан түйін жасауы, ол түйін негізінен мақал - мәтелдермен астасып келуі өзгешелендіріп тұрады.

2. ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ МЕН МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ
2.1 Мысал жанрының ерекшеліктері

Әдебиеттің басқа жанрларынан ерекше бір қасиеті мысал жанрының ортақ сюжетке құрылуы, оның өзі ғасырлар бойы байланысын үзбеген фольклорлық дәстүрдің беріктігінің бір көрінісі. Көптеген сюжеттер фольклордан әдебиетке келіп, керісінше әдебиеттен фольклорға сіңіп кеткен. Бұл - заңды құбылыс. Ұлы Абайдың мысалдары елге ауызша таралып, ертегіге айналып кеткен төл әдебиетіміз бен фольклорымызда белгілі.
Жалпы мысал табиғатын тануда даму заңдылығын естен шығаруға болмайды. Яғни, мысалдың негізгі функциясы қоғамдық даму барысында алмасып отырған. Сонда прозалық мысалда сонау Эзоп заманынан қалыптасқан дәстүр мысалға басты негіз болса, поэзиялық мысалда авторлық тұлға басым болады. Бұл мысалдағы сюжеттің халық ауыз әдебиетімен байланысты және әдеби байланыс сақтала отырып, әр халықтың ұлттық әдебиетінде өз шарттылықтарымен түрленуінің мүмкіндігін көрсетеді. Әдебиетте осы арқылы творчестволық тұлғаның даралық стилі қалыптасады.
Осы тұрғыда Емен мен Шілік мысалын келтіре кетелік: Бұл мысал Бабрийде Дуб и тростник деп аталады: Таудың төбесінде өсіп тұрған еменді қатты дауыл тұрып, түбімен қопарады. Адамзаттың бәрінен де жасы үлкен жойдасыз еменді сарқырап аққан өзен қалқытып ала жөнеледі. Осы долданып ағып жатқан өзеннің екі жақ жиегінде маужырап, жайбарақат өсіп тұрған қалың шілік бар екен. Осындай әлсіз және бойы да кішкентай мына жойдасыз жуан емендерді алып ұрған сұрапыл дауылға қарсы тұрып, қасқайып майданға шықтың да, күресіп жығылдың ғой, ал біздер болсақ, жеңіл-желпі жел тұрса да, майысып құлай кетеміз. Біздің еншімізге тиген нәрсе - көне беру,- депті Шілік.[10,98] Мысалдағы негізгі ой күштінің айтқанына қарсы шықсаң осындай күйге тап боласың, онан да олардың айтқанына көне беру керек дейді. Ал осы мысал Абайда:
Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті:
Аллаға недеп сорлы жаздың?- депті.
Торғайға да майысып, солқылдайсың,
Жел бүлк етсе, тебесін әлпеншекті.

Құдай басқа салмасын сен секілді
Желмен бірге жығылып жер сүзбекті.
Обалың бір құдайға, байғұс сенің,
Қақтырып қойған мұнша бас селтекті.

Қарашы маған ,сендей сорлы емеспін,
Тау, жартасқа ұзарып бой теңестім.
Сенің қорыққан дауылың - маған өлкек,
Маңыма сәуле өткізбей күнге егестім

Тырп етпес менің күшім жауын-желге,
Жапырағым көлеңке талай жерге.
Ығыма сені де алып қорғар едім,
Иең сені бітірген иен дөңге.

Есіркегіш екенсің , - деді шілік,
Онша сорлы емеспін, тартпа күйік!
Сынбаймын майыссам да, солқылдаймын,
Желден маған келмейді еш кемшілік.

Бүгінгі аман бола ма үнемі аман?
Керкеңдікпен деп тұрсың небар маған?
Шалқақтық иілмейтін кімге жаққан,
Екпінге ерегіссең, қатер саған.

Кавказға бір қап-қара бұлт мінді,
Естіп тұрған кісідей тау күңіренді.
Жер-дүниені шаң тұман қабат басып,
Ойнақ қағып, құтырып дауыл келді.

Арты - бұршақ, алды - шаң жел құтырды,
Шілік жерге бас ұрды, емен тұрды.
Басы көкке, сирағы жерге енсе де,
Ақырып долданғанда алып ұрды.

Майысқаннан шіліктің несі кетті,
Батыр, мақтан көйлеме сен де оғұрлы.[11,45]
Осыдан байқайтынымыздай, Бабрий мысалындағы ғибраттық ой Абайдың мысалында да бар. Бірақ Абайдың мысалын оқып отырып, ондағы көркемдік ізденіс пен дәстүрлік белгі бір өрілетініне көз жеткізесің.
Бірақ поэзиялық мысалда ғибрат мүлдем айтылмайды деуге болмайды, ақындық шеберлікпен берілген ащы мысқыл, кекесіннің астарында мысалдың дәстүрлі табиғаты жатады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Абайдың Крыловтан аударған Шегіртке мен құмырсқа мысалын келтіре кетелік:

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықтап жүріп жазды алған.

Жаздыкүні жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті ,
Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тонған, қарны ашқа
Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,
Қар көрінді қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып, дән жиған.
Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!

Мұның жаным сөз емес,
Жаз өтерін білмеппе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып,ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме ?

Қайтсін қолы тимепті.
Өлеңші, әнші асыл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер![11,143]
Соңғы шешім ала жаздай селкілдеген шегірткенің халін мысқылдаумен аяқталса да, сол мысқылдың өзі-ақ адамды жалқаулық, бой күйездік сияқты қылықтардан сақтандырады.
Белгілі бір қалыпқа түскен әдеби арна өкілінің көркемдік бейнелеу тәсілдерін қолдану арқылы тудырған мысалдың психологиялық және эстетикалық әсер ету қасиетін өзіндік түсінік- пайыммен таныған Л. Выготскийдің мысалдың поэзиялық түрінің ерекшелігін сипаттауда ықпалы зор болды. Ғалым психологиялық екіұдайылылық арқылы мысалдағы драмалық тартыс, персонаж бейнесі күрделеніп, көркем әдебиеттің басқа жанрларына тән ерекшеліктер көрінетінін дәлелдеп берді.
Психологиялық екіұдайылық арқылы мысал персонаждарының арасындағы драмалық тартыс шиеленісіп, ондағы әрбір сөз, диалог ғибраттық оймен үндеседі деген пікірімізді тарата айтсақ , Ахмет Байтұрсыновтың Қасқыр мен тырна деген мысалындағы мына бір сәттерге назар аударалық: Елден жырақта сапар шегіп келе жатқан қасқырдың қарны ашып жолында кездескен жемтіктің шетінен ауыз салады. Асығып аптығып, кемірмей жұта салған сүйегі тамағында тұрып қалған кездегі қасқырдың кейпі мынадай екен:
Қақалды, сүйек жүрмей тамағына,
Болмады әртүрлі еткен амалына,
Жанынан күдер үзіп тұрған шақта
Көзіне түспесін бе Тырна.

Тырнаны шақырады ишаратпен ,
Мәнісін баяндауға жайы кеткен.
Ойлайды: бұл тұрғанда тіл алмас деп,
Көңілін жұмсартпасам алдап еппен.

Бұрынғы мықтылықты былай қойып,
Тырнаға сөз сөйлейді кішілікпен:
Шырағым, дүниеде ұмытпайын,
Құтқарсаң мені қазір осы дерттен...[12,55]
Осылайша, тырнаны өтірік мақтап, шыққан тегін, әкесін айтып жағымпаздануыменен көкейдегісін орындатып алғаннан кейін қасқырдың сөзіне көңіл аударалық:
Құтқарған зор пәледен Тырнасына,
Ол бірақ көрсетпеді ықыласты.
Еңбегін бер деп сұрап еді,
Қасекең сау күндегі әнге басты.

Не дейсің, ойын ба осың, шын ба Тырна?
Қажауға мәжнүн жоқ саған мұнда.
Ақы алып өзгелерден дәндеп қапсың,
Қой,Тырна, ойнап мені әуре қылма!

Мен саған олжа болар серің бе едім,
Құтқардым сөзім сыйлап, ерінбедің.
Сыйға- сый дегендейін, таз басыңды
Аузыма салып тұрған кемірмедім.

Көрінбей, жоғал шапшаң, көзіме енді,
Түсініп айтқан достық сөзіме енді.
Аш бөрі неше күндей дәм татпаған,
Ұялмас тап беруге өзіне енді.[12,56]

Басына іс түскенде Шырағым, қарағымдап тұрған қасқыр бостандыққа шыққаннан кейін көрінбей,жоғал шапшаң, көзіме енді дейді. Психологиялық екі ұдайылылық дегеніміз осы. Осының нәтижесінде жауыздықтың, қатқылдықтың белгісі ретінде алынатын қасқырдың тағы бір қыры ашылады.
Мысал жанрының ең басты ерекшеліктерінің бірі мысал эпостың шағын жанры. Бұл ерекшелік оны эпикалық үлкен жанрлар роман , повесть, поэмадан ажыратып тұрады. Сонымен қатар, мысалда жалпы эпикаға тән оқиға сюжет болады. Әңгімелеу барысында осы оқиға біртіндеп дамиды да, персонаждардың тартысы шарықтап шешімін табады. Бұл мысалды лирика сияқты шағын жанрдан ерекшелендіреді.
Жануарлар эпосында да, мысал жанрында да персонаждар белгілі бір мінезбен көрінеді, сол мінезбен әрекет етеді. Яғни, ертегідегі және мысалдағы жануарлардың сипаттамасына келсек, екеуінде де кең тараған қаһарман - түлкі. Ол - қу, айлакер екіжүзді. Осы айлакерлігіменен адам бойындағы кейбір жағымсыз қылықтарды, адамгершілікке сай келмейтін іс-әрекеттерді көрсетеді.
Қасекең теуіп қалып, жалтыр мұзды,
Келді де дәл түбінен құйрықты үзді.
Түлкі арсыз терісінің саулығына
Қуанып, құрықсыз-ақ тартты ауылына.

Әуелде аямаса бір-ақ қылын,
Қалдырмай кетуші еді ол өз құрығын[14,227]

Мысал жануарлар жайындағы ертегілердің негізінде қалыптасқан М.Әуезов пен Е.Ысмайыловтың пікірінде айғақтаса керек: Хайуанат жайындағы әңгіме-аңыздардың екі түрі бар. Бірінде хайуан мінез-құлықтарын дәл хайуанның өзін суреттеу үшін айтпай, адамдағы мінез-құлыққа бейне, тұспал, мысал есебінде қолданған. Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, сондай сын арқылы жаманшылықпен алысу үшін мысал етіп алу болған.[15,21] Осыдан анық байқалатындай, мысал шығуы, даму процесі жағына халық ауыз әдебиетімен бірлікте дамыды деп дәл айта аламыз. Сонымен қатар ертегілердің әлеуметтік сипатына қарап мысалды да осы сарында жазылады десек, мұнымыз мүлде жаңсақ пікір болып шығар еді. Мұндай көзқарастар ғалымдардың арасында кездесіп те қалады. Оған дәлел етіп, ертегілік кейіпкерлердің өзара таптық қайшылықтардың жатуын алады. Мысалы, ертегідегі жолбарыс - ханды, түлкі - биді басқа да әртүрлі жыртқыш аңдар байларды білдірсе, мысалда бұл кейіпкерлердің адамзаттық сипаты негізінде алынады. Мысалда таптық түсінік, мағына оның ең алғашқы үлгілеріне тән.

2.2 Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы

Бүгінгі күнде әдебиеттану ғылымында мысалдың тұлғасы әбден тұрақталып, қалыпты бір арнаға түсті. Осы процестің өзі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Сондықтан да осы үлгідегі Лафантен, Крылов, Абай мысалдарын жете бағалау үшін мысалдың алғашқы үлгілеріне жан-жақтық таным қажет.
Мысалдың бастау алар қайнар көзі сонау ежелгі дәуірлердің өзінде жатса керек. Оның көне түрлері біздің заманымызға дейінгі үш мыңыншы жылдықта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті туралы
«ҒАЗАУАТ СҰЛТАН» ҚИССАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Пәндер