Абай аудармаларының көркемдік сипаты
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.АБАЙДЫҢ АУДАРМА САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
1.1 Абай және көркем аударма мәселесі ... ... ... ...5
1.2 Аударма жасаудағы Абайдың ақындық шеберлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Еркін аударма жасаудағы Абайдың көркем образ жасау ерекшеліктері ... .8
2. ОРЫС ӘДЕБИЕТІН АУДАРУДАҒЫ АБАЙДЫҢ КӨРКЕМДІК ШЕБЕРЛІГІ
2.1 Абай және Лермонтов шығармалары ... ... ... 14
2.2 Абай аудармаларындағы мінездеу тәсілінің қолданысы ... ... ... ... ... ... ... .16
3. АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК
3.1 Абай аудармаларының идеялық . мазмұндық ұқсастықтары ... ... ... ... ... 19
3.2 Абай аудармаларының тәрбиелік мәні ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ..30

Аудармашы - өз халқының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алыс-берістің, айырбастың құралы. Аударма - елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе-тағлым алмасудың делдалы. Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі, ол - бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі. Аударма қай уақытта болмасын мәдениетте зор маңызға ие болған және болашақта адамзат қандай да бір өзара ортақ тіл тапқан күннің өзінде де маңызынан айырылмайтын қажетті мәдени-тілдік әрекет.
Қазақ аудармасының тарихы мен теориясын қалыптастыруға С.Нұрышевтің «Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен», С.Талжановтың «Көркем аударма туралы», Ә.Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», М.Әлімбаевтың «Өрнекті сөз - ортақ қазына» ғылыми-зерттеу еңбектері де үлкен септігін тигізді.
Абай өзінің ақындық тәжірибесінде әрдайым сол кезде қазақ үшін озық үлгі болып табылатын орыстың мәдениетін үлгі-өнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сөйлетпей отыра алмаған. Сонымен бірге, Абай ақындығының кемелденуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға ие болуына аударманың игілікті әсер еткені күмәнсіз.
Ақынның әдеби мұралары ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағын сандық тұрғыда жүйелесек: аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді- кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А. Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әртүрлі тарихи жағдайлардың жемісі.

1. Нұрышев С. Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). – Алматы. Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1957 ж - 151 б.
2. Талжанов С. Көркем аударма туралы. Алматы. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962 ж.
3. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына: Көркем аударма мәселелері. Алматы. Жазушы 1987ж. - 171 б
4. Әлімбаев М. Өрнекті сөз - ортақ қазына. Алматы. 1967 ж.
5. Молдабеков Ж.Ж. Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады Ақиқат. 2006 ж - №4. - 41- 45 бб.
6. Х.Сүйіншәлиев «XIX ғасыр әдебиеті» Алматы. «Ана тілі» 1992 жыл. - 357 бет.
7. «XIX ғасыр әдебиеті» хрестоматия. Алматы. «Ана тілі» 1992 жыл. 221 бет.
8. С.А.Жиренов «XV-XIX ғ.ғ ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің танымдық табиғаты» (автореферат) Алматы. 2007 жыл.
10. Әуелбек Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы. «Санат». 1994 ж. 310 бет.
11. «Қазақ әдебиетінің тарихы» 5-том. Алматы. 2006 жыл. 546 бет.
12. «Ақындар аманаты» (Қазақтың ауызша әдебиеті) Алматы. 2014 жыл. 280 бет.
13. Абай және Лермонтов // Қайым Мұхамедханов. Көп томдық шығармалар жинағы. 6-том.-Алматы: «Ел-шежіре»,2008.-176-182 б.
14. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі.- Алматы, Ана тілі,1995.-272 б.
15. Бельгер Г. Қараңғы түнде тау қалғып… // Абай.-1993.-№ 5.-5-8 б.
16. Сейітов С. Қос арна: (Абайдың Лермонтовты аударуы жайлы) // Халық кеңесі.-1992.-29 сәуір.
17. Мұхамедханов Қ. Абай мен Лермонтов // Семей таңы.- 1983.- 10 тамыз.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекшісі:
Қостанай, 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. АБАЙДЫҢ АУДАРМА САЛАСЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
1.1 Абай және көркем аударма мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Аударма жасаудағы Абайдың ақындық шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..6
1.3 Еркін аударма жасаудағы Абайдың көркем образ жасау ерекшеліктері ... .8
2. ОРЫС ӘДЕБИЕТІН АУДАРУДАҒЫ АБАЙДЫҢ КӨРКЕМДІК ШЕБЕРЛІГІ
2.1 Абай және Лермонтов шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Абай аудармаларындағы мінездеу тәсілінің қолданысы ... ... ... ... ... ... .. ...16
3. АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҮНДЕСТІК
3.1 Абай аудармаларының идеялық - мазмұндық ұқсастықтары ... ... ... ... ... 19
3.2 Абай аудармаларының тәрбиелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың орта шенінен бастап, халықаралық қатынастардың ауқымының ұлғаюына байланысты, аударма ісі бұрынғыдан да гөрі қажеттірек бола бастады. Соның нәтижесінде тілтану, әдебиет және мәдениет тарихы тұрғысынан болсын, психология мен философияда болсын аудармаға қатысты зерттеулер жандана түсті.
Тақырыптың өзектілігі: Абай аудармаларындағы еркін аударма түрлері мен назира дәстүрі арқылы жазылған шығармаларының негізгі ерекшеліктерін анықтап, оларды орыс ақындарының түпнұсқадағы жазылған шығармаларымен салыстырмалы түрде талдануында.
Курстық жұмыстың мақсаты: Абай Құнанбайұлының аударма саласына қосқан үлесі мен оның аударма жасаудағы өзіндік ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: Абай аудармаларындағы назирагөйлікті анықтап, аударма жасаудағы Абайдың еркіндігі мен орыс ақындарының шығармаларын аудару арқылы қазақ әдебиетін байытқандығын қарастыру.
Зерттеу нысаны: Абай Құнанбайұлының аудармалары
Зерттеу әдістері: зерттеу, талдау, салыстыру, бақылау, түсіндіру.
Зерттеу пәні: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Абай аудармаларының бір үздік ерекшелігі - қандай аудармашы болсын, өз тіліндегі көркемдік құндылығын, құлаққа қонымды, көңілге жағымдылығын, қазақшаға аударғанда сол өзінің түпнұсқасындағы дәрежеде сақтай алуы, әрі оны қазақша етіп шығара білуі. Бұл - аудармашыларда өте сирек кездесетін қасиет. Басқа аудармашылардың аударған өлеңдерін оқып, оны түпнұсқамен салыстырсақ, сөзі, мазмұны дұрыс болғанымен, түпнұсқаның өзін оқығандағы әсерді аудармадан ала алмайсың және оқығанда-ақ аударма екендігі көрініп тұрады. Абай аудармаларында ол жоқ. Дәл, бұлжытпай аударған өлеңдері қазақтың өз өлеңдеріндей болып шығады. Өлеңнің өз тіліндегі әсері мен Абай аудармаларынан алатын әсерлерде айырма болмайды. Міне, аударма жөніндегі Абайдың озат шеберлігі де, бұл күнге шейін үлгілігі де осында.
Курстық жұмыстың нәтижесі:
- Абай аудармаларына толықтай талдау жасалып, Абайдың аударма жасаудағы негізгі ерекшеліктері анықталды.
- Абай аудармаларындағы назира дәстүрі жайлы толық мәліметтер жинақталды.
- Абай аудармалары орыс ақындарының түпнұсқаларымен салыстырмалы түрде талданды.
Аудармашы - өз халқының, өзі өмір кешкен заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алыс-берістің, айырбастың құралы. Аударма - елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың тәжірибе-тағлым алмасудың делдалы. Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі, ол - бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі. Аударма қай уақытта болмасын мәдениетте зор маңызға ие болған және болашақта адамзат қандай да бір өзара ортақ тіл тапқан күннің өзінде де маңызынан айырылмайтын қажетті мәдени-тілдік әрекет.
Қазақ аудармасының тарихы мен теориясын қалыптастыруға С.Нұрышевтің Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен, С.Талжановтың Көркем аударма туралы, Ә.Сатыбалдиевтің Рухани қазына, М.Әлімбаевтың Өрнекті сөз - ортақ қазына ғылыми-зерттеу еңбектері де үлкен септігін тигізді.
Абай өзінің ақындық тәжірибесінде әрдайым сол кезде қазақ үшін озық үлгі болып табылатын орыстың мәдениетін үлгі-өнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сөйлетпей отыра алмаған. Сонымен бірге, Абай ақындығының кемелденуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға ие болуына аударманың игілікті әсер еткені күмәнсіз.
Ақынның әдеби мұралары ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағын сандық тұрғыда жүйелесек: аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді- кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің Евгений Онегин атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А. Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әртүрлі тарихи жағдайлардың жемісі.

1.1 Абай және көркем аударма мәселесі
Қазақ оқырмандарын И.Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин (Қарға мен түлкі), Абай (Есек пен бұлбұл, Шегіртке мен құмырсқа, Піл мен қанден) таныстырды. А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С.Көбеев Үлгілі тәржіма атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді. Крыловтың туындылары Мысалдар деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан. Мұхтар Әуезов Абайдың Крыловтан аударған Есек пен бұлбұл, Қарға мен бүркіт, Шегіртке мен кұмырсқа, Піл мен канден, Түлкі мен қарға атты 5 мысалын ерекше жоғары бағалаған. Ал қалған 8 мысалды қатты сынап, оларды Абай аудармасы болмауы мүмкін деген күдік айтқан. Бірақ, сөйте тұра, Крыловтың 13 мысалын Абай аударған мысал-өлеңдер ретінде өзі дайындап бастырған 1933 жылғы жинаққа, одан кейін тікелей өз басшылығымен әзірленген ақын шығармаларының 1957 жылғы екітомдық толық жинағына енгізген. Оның үстіне бұл мысалдар Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағы мен Мүрсейіт қолжазбаларында Абай аудармасы деп көрсетілген.
Аударма - шығармашылық өнер. Аудармашы түпнұсқаның формасы мен мазмұнын сақтау арқылы оқырманға көп нәрсені жеткізеді. Сәтті жасалған аударма - әдебиеттің құнарлылығы. Мәселен, Гете Батыс-Шығыс диуанын, А.Пушкин Құранның мотивіне бір топ өлең жазған. Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули поэзиясы Абай үшін алғашқы мектеп болды. Киплинг: Запад есть Запад, Восток есть Восток, они никогда с места не сойдут деген. Яғни, Батыс пен Шығыстың арасында ежелден рухани байланыс орныққан. Қазақ әдебиетінің өзіндік даму ерекшелігі мен тарихы ешкімге ұқсамаса да, ешкімнің әсерінсіз осы күнге жеткені жоқ болатын. Қазақтың жазба әдебиеті қалыптаса бастағаннан-ақ, қазақ топырағынан туған әдебиет өкілдері аударманың әдебиеттегі маңызын терең тани білді [1. 120].
Абайдан бастап көркем аударма қазақ әдебиетінің даму деңгейіне серпін берді. Бұдан бұрын да араб, парсы тілдерінен иманшарттар мен тәпсір нұсқаларын қазақшалаған сахараның талай тәржімешілері болса да, көркем аударманы жазба әдебиетіміз қалыптасу кезеңіндегі Ұлы Абай бастап таратып келеміз. Абай ықпал еткен сол кездегі бір қауым Қазақ зиялылары болсын (Ш.Құдайбердіұлы, Т.Абайұлы), кейінгі Алаш Орданың атқа мінген ардақтылары да бұл саланы бір ақсатқан емес. Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан ақын, Жүсіпбек Аймаутов, М.Әуезовтердің аудармалары қазақ әдебиетінің қаншама тың жанрларға өріс ашуына түрткі болды. Ақындық өнердің басқа салаларындағыдай Абайдың аударма саласындағы жаңалығы оның қасындағы шәкірттерін бірден елітті.
Қазақ поэзиясына келген жаңа құбылысқа дені орыс тіліне жетік Абай мектебі өкілдерінің қызығып, бірден бас қоюы заңды еді. Абайдың бағыт-бағдарымен, тікелей қолдауымен Еуропа, орыс ақын- жазушыларының түрлі деңгейдегі әдеби туындылары тәржімелене бастады. Шәкәрімнің А.Пушкиннен аударған Дубровский, Боран, Л.Толстойдан Алты әңгіме әңгімелер тізбегі, американ жазушысы Г.Бичер Стоудың Том ағайдың балағаны, Әсет ақынның Евгений Онегин, Уәйіс Шондыбайұлының Иванушка - дурачок, Тұрағұл Абайұлының М.Горькийден аударған Челкаш, А.Неверовтен Мен өмірге жерікпін, Ортақшыл Мария әңгімелері, Б.Прустан Антек, Д.Лондоннан Баланың ерлігі, Д.Лондоннан Мартин Иден романы нәзиралық үлгіде жалпы оқиғасы қазақшаланды. Түпнұсқадан алыс кете қоймаған әр түрлі жанрдағы көркем шығармалардың дүниеге келуінің басында Абай тұр. Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған, не мәтіннің жай мағынасын бергенімен, ойындағыдай көркемдікке қол жеткізілмеген жерлерде Абай түпнұсқа мәтінінен алыстап барып, оның идеялық-көркемдік мағынасын өзінше береді.
1.2 Аударма жасаудағы Абайдың ақындық шеберлігі
Абайдың аударма дәстүрі қазақ әдебиетіне өзіндік ұстанымдары мен шеберлік үлгісін ала келді және ақын көздеген тағылымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Әр шәкірт өз шама-шарқына қарай, аударманың түрлі үлгісін игере отырып ұстаз қойған биік межені бағындыруға тырысты. Аудармалар шәкірттердің орыс тілін білу дәрежесіне, ақындық шеберлігіне, түпнұсқа авторының айтар ойын қаншалықты дәл тауып, тамырын дөп басқанына қарай әр түрлі үлгіде және қилы көркемдік деңгейде жазылды. Мәселен, Әсеттің Евгений Онегині мен Уәйістің Иванушке-дурачогын Шәкәрім, Тұрағұл аудармаларымен бір деңгейге қоюға келмейді.
Сол сияқты, Шәкәрімнің Дубровскийін Әсет, Уәйіс аудармаларындай нәзира үлгісіне жақын дегенімізбен, алдыңғысының көркемдік деңгейі көш ілгері. Ал, Толстойдан аударғандарының сәттілігін екі ақын арасындағы рухани туыстықтан іздеген жөн. Абай айналасындағы аударма ісімен айналысқан шәкірттердің көбі орыс мектебін көрмеген де, көргендерінің өзі тіл сындырудан әрі ұзамай, негізгі сауатын Абай алдында ашқандар. Арнайы орыс мектебінен өтпей, классикалық аударма үлгісін ұсына білген Шәкәрім, Тұрағұл сынды шәкірттердің таң-тамаша етер талантымен қоса ұстаз Абайдың осыншалық деңгейде тіл үйрету қабілетіне тәнті боласыз. Демек, Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан бір жаңалығы - профессионалдық үлгідегі аударма жанрын әкелуі [2. 27].
Ақын аударма саласын қалыптастырып қана қоймай, бірден биікке көтерді. Төл әдебиеттің ерекшеліктерін ескере отырып, орыстың ең таңдаулы туындыларын қазақша сөйлеткен ақынның құдіреті соңындағы шәкірттеріне үлгі еді. Абай және оның айналасындағы классикалық деңгейге жеткен туындылар Абай айналасында қалыптасып, қанат жайған қазақ әдебиетіндегі алғашқы аудармалар болуымен құнды. Абай айналасындағы аударма өнерінің бір қыры нәзиралық сипаттармен байланысып жатса, идеялық-тақырыптық жағынан алғанда тағылымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Арнайы орыс мектебін көрмеген ақын шәкірттердің аударма өнерін үйренудегі ұстазы Абай болып, әр ақын шәкірт өз ақындық ерекшелігіне, аудармашылық шеберлігіне байланысты аударманың түрлі жолдарын ұстана отырып, өз туындыларын жасады.
Нәзиралық ретпен жазылған Әсеттің Евгений Онегині, Уәйістің Иванушке- дурачогі аудармадан гөрі, мазмұнын қазақшалап жырлап шыққан төл туындыға жақын дүниелер болса, Шәкәрім мен Тұрағұлдың шығармалары - нағыз классикалық аударманың үлгісін танытатын туындылар ретінде қазақ әдебиетінде өзіндік бағасын алды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Абай аудармалары қазақ мәдениетінің тарихында болған ерекше құбылыс. Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап оның аудармаға қажетті қос тілді барынша жақсы меңгерумен байланысты. Сонымен қоса, аудармашы тіл сырын, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркемдік, әсемдік тұрғысынан ұғына алатындай қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы да керек. Осы аталған қасиеттер Абай бойында жинақталған-ды. Абай аудармамен шұғылданған кезде оны кәсіби биікке көтеруді нысана етіп қоймаған тәрізді.
Ақын Пушкиннің түп нұсқасынан алшақтау кетсе оны Абайдың қазақ оқырмандарының қамын жеуінен туған заңды көрініс деп білу керек деп ойлаймын. Осындай ізденудің арқасында Абай еркін шығармашылық аударманың тамаша үлгілерін жасаған. Абайдың ерекше сүйіп аударған ақыны - М.Ю. Лермонтов. Ең алдымен, Лермонтов шығармаларымен Абайдың етене жақын екенін және оның жеке өлеңдерімен бірге кейбір поэмаларынан да үзінділер аударғанын білеміз. Абайдың аса көңіл бөліп аударған ақындарының бірі орыстың атақты мысалшысы - И.А.Крылов. Аударма өнері жолға қойылмай тұрған шақтың өзінде И.А.Крыловтың бір мысалын (Қарға мен түлкі) тұңғыш рет Ыбырай Алтынсарин қазақшалаған болатын. Содан кейін Абай оның он екі мысалын қазақ тіліне аударады [3. 98].
Крыловтың сатиралық мысалдарын қазақшалауға бармай, оның өсиетшілдік бағыты басымырақ мысалдарын Абай ден қоя аударған. Бұл аудармаларында да Абай шеберліктің, дәлдіктің, авторды терең түсінудің үлгілерін көрсете алған. Соншалық шабытты жолдар орыс елінің ұлы мәдениетімен қазақ ақынының танысып, Пушкин, Лермонтов сынды абзал жандармен сырласу сәтінде туған. Сол себепті, Абай, бір жағынан, ақындық өнерін шырқау биікке көтерсе, екіншіден, сол кездегі қазақ жұртшылығын тың бір дүниемен таныстырды, келешек ұрпаққа өнеге боларлық ұмытылмас еңбек жасады. Қазақстандағы аударманың тарихы мен теориясын зерттеп, аударма жайында алғаш ғылыми пікір айтқан - С.Сейфуллин. Сол сияқты Спандияр Көбеевтің Үлгілі тәржіма, Молданияз Өтетілеуовтың Жиған-терген еңбектері және басқа авторлардың аударма туралы жарияланымдары Қазақстанда аударма өнерін өркендетуде айрықша рөл атқарды.
1.3 Еркін аударма жасаудағы Абайдың көркем образ жасау ерекшеліктері
Абай орыс әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең бірінші аудармасы - орыстың атақты ақыны Лермонтовтың Бородино атты патриоттық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы - Вадим атты Лермонтовтың ұзақ әңгімесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма.
Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы да (мысал өлеңдер), ұзақ өлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар. (Солардың ішінде Қарға мен түлкі атты басня екі түрлі вариантта аударылған). Орыстың атақты жазушы-ақындарын аударуда Абай тек қана қазақ емес, бүкіл шығыс елінде елеулі орын алады. Шығыс елінде 1889 жылға шейін Пушкиннің Онегині тек Азербайжанда ғана аударылған. Сонан кейінгі аударған қазақ - Абай.
Қазақпен салыстырғанда, ол кезде үлкен мәдениетті саналатын татар, өзбек, тағы басқа көршілес елдердің бәрінен Сарыарқада жатқан Абай орыстың ұлы ақыны Пушкиннің дүниежүзілік мәдениет мұрасының шаршы төрінен орын алған еңбегінің ұлылық қасиетін танып, Татьянаның үнімен даланы жаңғырықтыруы - қазақ үшін мақтанарлық іс.
Абайдың өмірбаянын жазған тарауда Абай 70-80 жылдардан бастап орыс мәдениетіне түгелдей бет бұрды, ол кездегі орыстың алдыңғы қатардағы идеясымен жақсы танысып, Сарыарқадан оларға үн қосушы бірінші ақын да Абай еді дедік. Демек, болашағы мол ұлы орыс халқының тез ілгерілеуіне бөгет болып отырған аграрлық-патриархалдық патшашыл Россияның құрылысын, әлеумет өміріндегі әртүрлі кемшіліктерді қатты шенеп, соларды жою арқылы Россияны алға апаруға күш салған, ол жолда шатқалаң қиын соқпақтарға кездесіп, талай қиыншылықтарды бастарынан кешірген Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармалары Абайға қона кетуі, олармен өзінің мұңдас болуы, екі елдің ұлы ақындарының идея-тілектерінің бірлігі еді. И.Крылов жазған Қасқыр мен қозы, Қарға мен түлкі оқиғалары, тағы басқалар ол кезде қазақта да аз емес болатын. Сонымен қатар орыстың ұлы ақындарының жалпы адамгершілікке үндеген әртүрлі мысалдары мен үлгілі өлеңдері, өз елінің басшысы, ұстазы боламын деген кемеңгер ақынға осы жағынан да дәл келді. Бұл - бір.
Пушкин, Лермонтов, Крыловтар - ұлы таланттар. Олар тәрізді ақындардың өлеңдерін аударушы да талантты ақын болуы керек. Кез келген ақынның оларды ойдағыдай етіп аудару қолдарынан келе бермейді.
Абайдан кейінгі қазақ ақындарының, не оның алдындағы Алтынсариндердің аударғандары Абай аудармасынан әлдеқайда олқы жатуы, орыс тілін Абайдан аз білетіндігінде емес, ақындық дарындарының жетпейтіндігінде.
Әрине орыс тілін жақсы білмесе, жеке талант та өз бетімен аударма жөнінде ештеңеге арзымайды. Және тілді білу бар да, оның әдемілік қасиетін ұғыну бар. Екеуі бір-бірімен байланысты. Бірақ бір емес. Тіл білген адамның бәрі бірдей әрбір сөз, әрбір образдың әдемілік қасиетін түсіне бермейді. Тілдегі сөз образдарының ой тербетіп, жан сүйсіндіретін әсерін сезіну тіл білген адамның бәрінің қолынан келе бермейді. Ол үшін аударушы ақынның өзінде сол тілді жай жақсы білу, түсінумен қатар, әдемілік қасиет күшін ұғып, түсіне білерлік ақындық жан, үлкен талант болуы керек.
Орысшада:
Лилейная рука тебя мне поднесла,
В знак памяти, в минуту расставания,
И в первый раз не кровь вдоль по тебе текла,
Но светлая слеза - жемчужина стараданья.
И черные глаза, остановясь на мне,
Исполненны таинственной печали,
Как сталь твоя при трепетном огне,
То вдруг тускнели, то сверкали...
Қазақшада:
Еркелі нәзік қолымен маған тиді,
Ұмытпа деп айрылған жерде берді.
Қан сорғалар жүзіне, жас сорғалар,
Қайғымен өртенгеннің белгісі еді.
Қара көз қарап маған көп қадалған,
Құпия қайғы өртеніп бойын алған,
Болатша дірілдеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған.
Осы екі үзіндіні салыстырсақ та, Абайдың орыс тіліндегі образды сөздердің әдемілік, көркемдік қасиет, күші сезімге өз тілінде қалай әсер етеді, оған теңдес қазақша қандай сөз қолданса, қазақтың өз ұғымынша қандай сөздер әсерлі болатындығын терең ұғынғандығын, орыс тіліндегі қолданылған сөз образдары мен қазақ тіліндегі қолданылған сөз образдарының жай ғана мәнін емес, әдемілік күшін, әсерін ұға, түсіне білушілерге дәлелдеп жатудың қажеті аз. Міне, осы жерден келіп, орыс өлеңдерін аударуға қазақ тілінің байлығының үлкен орын алуы, яғни жоғарғы айтылған үшінші себебі келіп шығады. Егер оригиналды үздік образдарды түсіне тұрса да, оған лайықты және қазақ оқығанда да ой тербетіп, жан үзгендей сөз таба алмай қожыратса, бұлай болып шықпас еді. Лилейная рука дегенді апақай, аппақ, талдырмаш, жіңішке деп аударса да, мағынасын берер еді. Бірақ ол толып жатқан синонимдерден нәзік қол дегенді таңдайды және өте дұрыс, орынды таңдаған.
Лермонтов:
Как сталь твоя при трепетном огне,
То вдруг тускнели, то сверкали... -
десе, Абай да сол орыс тіліндегі күрделі теңеуді бұлжытпай, күш-қасиетін өз қалпында сақтап:
Болатша дірілдеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған -
деп аударады [6. 462].
Бұл күрделі теңеу орыс тілінде қандай үздік, әдемі, қандай жан тербететін күшті, әсерлі десек, қазақшасы туралы да соны айта аламыз.
Абайдың шебер аудармашылығының негізінде ұлы талант орыс тілінің әдемілік күш-қасиетін терең ұғу, қазақтың өз тіліне байлық, оны талғап, таңдап ала білу жатқандығын көреміз. Абайдың жалпы аудармаларымен байланысты тоқтауды керек ететін және бір мәселе орыс әдебиетін терең білу және қазақшаға аудару Абайдың өзіне не берді, қазақ әдебиетін дамытуда аудармалардың қандай мәні болды деген сұрақтарға жауап бере кетуді керек етеді.
Бірақ аңғарған адамға бұл сұрақтардың бірқатарына Абайдың қазақ әдебиет тіліне енгізген жаңа сөз, жаңа сөйлемдері деген бөлімде және эпитет, теңеу, тағы басқа поэтик тілдердің түрлерімен байланысты бірқатар жауап берілді. Мүйіз шығар, Сабағын айтып тынар, Мен сынық жан, тасты жол, барасың қайда, қайда болмай маған? деген тәрізді сөз қолданыстар немесе Апарар сырын білмес бір далаңға орыс әдебиетінің үлгісінда жасалған образдар деп жоғарыда айтылған болатын. Сол сықылды:
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас,
Төгілмей ме, бой жылып, о да ерісе?.. -
(Абай, ІІ том, 89-бет) деген тамаша көркем образдардың тегін қуа келсек те, бірқатарының-ақ негізі Пушкин, Лермонтовтарда жатқандығын көрі қиын емес. Жоғарғы өлеңнің орысшасында:
И если есть в очах застывших капля слез,
Они расстают и прольются... -
делінген. Орыстың әдеби тілінің үлгісімен жасалынып, Абайдың қазақ әдебиет тіліне кіргізген сөз образдарына осы еңбектің әр тарауында айрықша тоқталып отырдық. Оларды қайталап айтудың керегі аз. Сондықтан бұрынғы тарауларда айтылмаған, бізше, бұлар да орыс әдебиетінің үлгісінен алынған және бір-екі әдіске тоқталалық.
Бұлар - шебер құрылған диалог пен мінездеу. Диалогтың түрі бұрын да бар. Қазақтың айтыстары диалогтан құралады. Батырлар жырындағы кездесетін екі батырдың сөйлесулері, не билер сөздері - бәрі де диалог. Бірақ айтыс жырларда кездесетін диалогтар көпшілігі тым ұзақ, тым шұбалаң, әрқайсысының сөздері ұзын-ұзын монолог болып келетін. Өлеңде бір сөз, екі сөзден құрылған және сөйлеушілердің мінез-құлқына тән, олардың бейнесін айқындауда үлкен мәні бар, әрі қысқа, әрі шебер құрылған диалогтардың көрнекті үлгілері қазақ әдебиетінде Абайдан басталды және бұл үлгіні де Абай орыс әдебиетінен алған. Өйткені олардың көпшілігі аудармаларында кездеседі.
Ағайынын, дос-жарын
Жиып алып үйіне
Жылады шағып мұң-зарын,
Болыстық қыл деп күйіне.
Бәрі ақылды, бәрі есті,
Бәрі желдей еседі.
Болмас еді бұл десті,
Өзіңнен болды деседі.
Біреу айтты: Лапкіңді
Мұнша алысқа салмау ғой,
Аулаққа тастап әрнеңді
Бүйтіп қалып қалмау ғой...
Аузың күйді аулақтан,
Енді жақын салсаңшы
Қабаған біздің мойнақтан...
Бір күшікті алсаңшы!
Бір күшікті сіз үшін
Берейін, құда, келтіріп,
Жылда талай күшікті
Бос қырушы едім өлтіріп... (Абай, ІІ том, 117-бет)
Диалогқа өте шебер Крылов, Лермонтов, Пушкиндердің өлеңдерін аудару сол үлгіні қазақ әдебиетіне енгізуге негізгі себеп болды. Өлеңде өз сөздерінің арасына қатысушылардың мінез-құлықтарын айқындайтын, соларға тән өздерінің бірді-екілі қысқа-қысқа сөзін кіргізіп отыру әдісі де, не қаһармандардың өз аузынан шыққан сөз арқылы олардың образын жасау әдісі де сол орыс әдебиетіндегі диалог, төл сөздерді қысқа, шебер түрде қолдана білумен байланысты тәрізді. Бірінші, бұл үлгі Абайдан бұрынғы қазақ әдебиетінде болған емес, екінші, Абайдың бұндай өлеңдері оның аудармалық еңбектерінен кейін жазылған.
Бай алады кезінде көп берем деп,
Жетпей тұрған жерінде тек берем деп,
Би мен болыс алады күшін сатып,
Мен қазақтан кегіңді әперем деп.
Дос алады Бермесең, бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға серт берем деп.
Бұзылған соң, мен оңай табылмаспын,
Неғылып оңайлықпен ырық берем деп.
(Абай, І том, 46-бет) Сонымен қатар,
Болыс болдым, мінекей,
Бар малымды шығындап,
Түйеде қом, атта жал
Қалмады елге тығындап.
Сүйтседағы елімді
Ұстай алмадым мығымдап,
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап... (Абай, І том, 87-бет)
Мұның біріншісінде автор өз сөзінің араларына оқиғаға қатыстырып суреттеп отырған адамдардың төл сөздерін кіргізе отырса, екіншісінде, ұзақ монолог ретінде болыстың өз сөзі арқылы оның мінез-құлқын көзге елестетеді. Алдыңғысының да, соңғысының да адам образын жасауда мәні үлкен.
Абайдың орыс классиктерінен алған өте бір құнды әдісі - сөз арқылы қаһармандарының мінез-құлық, ішкі сыр-сипатын ашу. Бұл - психологиялық суреттеуде ерекше әдіс. Психологиялық суреттеуде ішкі әртүрлі сезім өзгерістері көрсетілсе, мінездеуде адамның бойына берілген өзіне тән, басқалардан ерекшеліктерін суреттейді.
Біреу күйгелек, біреу жеңілтек, біреу салмақты, біреу ақкөңіл, біреу сұңғыла, әр адамның өзіне тән табиғи мінездері болады. Әрине бір адамда бір мінез ғана болуы шарт емес. Бірнеше мінездердің басы қосылып, өте қиыннан қиысқан мінездердің болуы мүмкін. Жалпы, әсіресе бірнеше қаһарман қатысқан сюжетті ұзақ поэма, роман, әңгімелерде образ-типтердің бірі екіншісіне ұқсап кетпеу үшін, мінездеудің мәні үлкен.
Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің қай түрінде болсын, мінездеу де өте кенже қалған әдіс болатын. Жырларда, не әртүрлі поэмаларда мінездеулер не кездеспейтін, кездесе қалса, жұрнағы, сұлбасы ғана болатын. Жырларда кездесетін батырлардың бір-бірінен онша айрылмай, барлығы біркелкі болып кетушілігінің бір сабағы осы мінездеулердің бойы өсіп, бұғанасы қатпауымен байланысты. Батырлар жыры, не осы жырлардағы бір батырдың екіншілерден айырмашылығын көрсетпек болғанда, көбіне сыртқы портрет жағынан суреттеу арқылы жекелей көрсететін.

2.1 Абай және Лермонтов шығармалары
ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі -М.Ю.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, - дейді М.Әуезов, - Лермонтов - ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған ақын. Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған.
Абай Лермонтовты оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Ол орыс ақынын жанындай жақсы көрді, сырлас, мұңдас болды. Абай ұлы ақынның жырларынан орыс қауымының тілек-талабын, мұңын, жырын ұқты. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған Жолға шықтым бір жым-жырт түнде түнде жалғыз, Альбомға т.б. өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Сонымен қатар ол Лермонтов шығармаларын қазақ өміріне жанастыра қабылдауды шет көрмеген. Абай Лермонтовтың Ой атты өлеңін аударғанда, бұл жұрт көңілде сенім жоқтықтан білген адамды іске жарата алмай отыр деген пікірді өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап:
Қарасам, қайғырар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды...,-
дейді. Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып, тебіреніп жарыса отыратыны көзге түседі. Осы өлеңнің соңғы біраз жолдарының орнына тыңнан біраз сөз салып, өз заманының тағы бір өрескел мінін былай суреттейді:
Досың жоқ, дұшпаның жоқ, тыныш жатасың,
Мал үшін аш қатасың, жан сатасың,
Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,
Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын?!
Абай қазақтың қанына сіңген малқұмарлықты әшкерелеуді мақсат еткен. Сөйтіп, Абайдың түпнұсқаға өзгеріс енгізіп мағынасын басқаша ашып келтіруі оны қазақ өмірінің шындығына жақындастыру, өз көңіл-күйіне үйлестіру мақсатынан туады [9. 186].
Абай Лермонтов шығармаларының жаңа жағдайда мейлінше әсерлі және түсінікті болуын, оның идеялық, көркемдік сапасының жоғары болуын көздейді. Теректің сыйы (Дары Терека) атты өлеңнің айрықша мәнділігі, кезінде Белинский айтқандай Кавказды мадақтау - Терек өзені мен Каспий теңізінің бейнелері арқылы Кавказды елестетеміз. Кавказдан бастау алып, Каспийге құятын Терек оған қажет сыйлықтар әкеледі. Кәрі Каспий басында қалғыған бойымен елең етпей, үн шығармай, тек казак-орыс қатыны бір сұлуды әкеліп ем дегенде көзін ашып, сылқ-сылқ күліп, жылы жүзбен амандасады.
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты.
Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп,
Қатынды алды, қитықсыз араласты,
-деп ақын аударғандай Лермонтов өлеңінде нақтылы, табиғат суреті мен көркемдік қиял осылай әдемі ұштасып келеді десек, Абай соның бәрін өзіндік бояуын сақтай отырып, әсерлі қазақша айтып жеткізген. Қараңғы түнде тау қалғып... - Абайдың М.Ю.Лермонтовтың Из Гете атты өлеңінен аударған өлеңі. Өлең - Абай аудармаларының ішінде шоқтығы биік озық үлгісі. Тұншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ деп өлеңде Гете де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Абай аудармасы арқылы берілген Қараңғы түнде тау қалғыпты білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ.
Абай Жолаушының түнгі жырын - қазақ тіліне аударып қана қойған жоқ, оған әуен де берді және Қараңғы түнде тау қалғытпай данагөй, асқақ әуезді әнді білмейтін қазақ баласын табу мүмкін емес те шығар.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
Гете жолаушысы бақытты болып шықты. Оның түнгі жырын ұлы ақындар Лермонтов пен Абай естіп, әрі қарай көтермелей жөнелді. Бұл ән бейбітшілік пен тыныштықты дәріптейді. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz