Газет тілінің қазақ тіл білімінде, орыс тіл білімдерінде зерттелуін саралау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... 3
I Тарау.
1.1Қазақ публицистикасының даму тарихы ... ... .5
1.2Газет тілінің синтаксисі.дара стилдік сала ... .. 15
II тарау
2.1Газет тілінің сөз тіркесін құрудағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Жай сөйлемнің құрылысындағы ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
III тарау.
3.1. Құрмалас сөйлем синтаксисі ... ... ... ..16
3.2.Пунктуатциялық ерекшеліктер ... ... .. 20
Қорытынды ... ... ... .. 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қазақ тіл білімінде тілдік жүйені тілідің коммуникативтік қызметі,тіл мен адам факторы,тіл мен қоғам арасындағы байланыс тұрғысынан қарастыруға ерекше назар аударылып отыр.Тіл білімінде газет тілінде,оның синтаксистік-стилдік ерекшеліктеріне көптеген зерттеулер жасалды. Академик Р.Сыздық, Б.Әбілқасымов,С.Исаев, М.Серғалиев, А.Алдашева, Н.Уәлиев, Б.Момынова, О.Бүркітова, Ш.Мажитаева т.б көптеген зерттеушілер баспасөз тілінің стилі оның синтаксисік ерекшеліктерін талдап көрсетті.
Тілдіңлексикалық,грамматикалық тәсілдерді,сөз тудыру,сөз құбылту,сөйлем құрау,сөйлем құрау ережелерін қамтитыны белгілі.Бірақ тіл қамтитын амал-тәсілдерді әр істер өзінше жұмсайды,сөйтіп өзінше сөз тіркестіру,синтаксистік форма құрау ерекшеліктерін тудырады.Стильдің өзгешеліктеріне себеп нәрсе-оның коммуникативтік сипаты.Пікір алысудың ретіне қарай(диалог,монолог,ауызша,жазбаша түрде пікірлесу),мазмұнына қарай(ғылыми еңбек,көркем шығарма,газет очеркі т.т) сөйлеуші тілдік амалдарды талғап жұмсайды.Және коммуникативтік жағдай,мазмұн,тұрақты фактор болғандықтан,стиль де тұрақты,жүйелі система ретінде қалыптастырылады.Газет тілі синтаксисі дара стилдік сала деп танимыз.Мұның солай екендігі,арнайы сөз болмаса да,лексикографиялық,лексикологиялық,грамматикалық еңбектерінде айтылып жүр.
Түркологияда синтаксис мәселесі ХІХ ғасырдан бастап зерттелініп келеді. Оның негізін салушылар П. М. Мелиоранский, Ф. Е. Корш болса, М. Казем-Бек, О. Бетклинг, А. Н. Самойлович, И. И. Ашмарин, Н. Ф. Катанов сияқты ғалымдар осы салада күрделі зерттеулер жасады.
Одан кейін түркологияда Н. К. Дмитриев, В. А. Гордлевский, Н. А. Баскаков, В. М. Насилов сияқты ғалымдар түркі тектес тілдердің әрқайсысын зерттеу арқылы көзге түсті. Бұл ғалымдар орыс тілінің негізінде грамматикалық базасын жасады. Сөйтіп, бұл ғалымдар башқұр, татар, якут, шубаш, түрік (туркия), қырым татарлары, алтай тілдері, өзбек, қырғыз, түркімен, азербайжан т.б. тілдер грамматикасының негізін қалады. Қазақ тілінде біз орыс ғалымдарынан қазан төңкерісіне дейінгі П. М. Мелиоранскийді атай аламыз. Ал, жалпы қазақ тіл білімі өкілдерін, атап айтқанда, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыз синтаксис саласында да көп еңбек етті. Соның ішінде А. Байтұрсыновтың орны ерекше. Өйткені, қазақ тілінің синтаксисі, оның ішінде сөйлем синтаксисі жөнінде А. Байтұрсынов жасаған жүйенің басқа түркі тілдеріне көп әсері болды.
1. Карашева Н.В. Грамматические особенности казахской публистики начала ХХ века (на материале журнала «Айқап»). Автореф. дисс. канд. филол. наук. А., 1959, – 15 с.
2. Ихсангалиева Г.К. Функционально-прагматический анализ заголовков: Автореф. дисс. канд. филол. наук. А., 2000.
3. Момынова Б. Қазақ газеттерінің лексикасы (жүйесі мен құрылымы. Филол. ғыл. док. дисс. А., 1999. – 237 б.
4. Райымбекова Ж.Б. Функция воздействия газетного текста // Қазіргі қазақ әдеби тілі: бүгіні және болашағы. Абай атындағы АлМУ-дің 70 ж. Арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. А., 1998. 115-120 бб.
5. Жақсыбаева Ф.З. Газет мәтіні прагматикасының функциясы. Филол. ғыл. канд. дисс. А., 2000, – 153 б.
6. Қожабекова Р.Т. Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі. Филол. ғыл. канд. дисс.А.,2002,–140 б.
7. Попов А.С. Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие // Развитие синтаксиса современного русского языка. М., Наука, 1966, – 100 с.
8. Қазақ совет энциклопедиясы, 1972. 1- т. – 648 б.
9. Қайдар Ә. Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы: Рауан, 1993.
10. Ф. де Сосюр. Труды по язкознанию. – Москва, 1977.
11. Будаков Р. А. Проблемы в развития языка. – Москва, 1965.
12. Абашина В. Газетный заголовок и когнитивная обработка текста. (Сов. Газетные публикации) – Украина, 2001.
13. Жақсыбаева Ф. З. Қазіргі қазақ газет тіліндегі бағалауыш сөздер // Қазіргі қазақ әдеби тілі бүгінгі және болашағы Абай атындағы АлМу-дің 1970 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конфнренцияның материалдары. Алматы, 1998.
14. Қазақ совет энцеклопедиясы. І том. – Алматы, 1964.
15. Ронгинский В. Н. О тенденциях в развитии структуры заголовков. Иследования по грамматике и лексикологии. – Калиниград, 1966.
16. Бойков Л. Ф. Семантика и праграматика заглавия художественного текста. – Москва, 1989.
17. Аблақов Ә., Исаев С, Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процессі. М- Алматы: Санат, 1997.
18. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы, 1998.
19. Бахарев н. Е. Сртуктурно-функциональное развитие заголовков (на материале из газет-журналов за 1903-1907, 1935-1939, 1965 годов) Автореф. Канд.ф.н. – Алматы, 1971.
20. Газетные жанры. Заголовок. Редколегия: В. И. Власов, Б. Д. Дацюк, А.З. Окороков, Б. И. Стукалин, В. И. Чернышев. – М: изд. В политической литературы. 1971.
21. Жақсыбаева Ф. З. Газет мәтінен қабылдау пәрменділігін арттырулың тиімді құралы // Материалы посвещен. Памяти проф. М. М. Копыленко. – Алматы, 1999.
22. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілінің лексикасы. Док.дис. – Алматы, 1961.
23. Сыздықова Р. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби тілі. – Алматы, 1963.
24. Амандосов Т., Елеккенов Ш., Қожакеев Т., Ыдырысов Т. Газет жанрлары. – Алматы: Қазақ мемлекет, 1964.
25. Тіл мәдениеті және баспасөз. Редакция алқасы: І. Кеңесбаев, М. Балақаев т.б. – Алматы: Ғылым, 1972.
26. Вомперский В. П. К изучению синтаксической структуры газетного заголовка. // Искусство публицистики. – Алматы, 1966.
27. Костомаров В. Г. Из наблюдений над языком газеты: газетные заголовки. // Из опыта преподавания русского языка нерусским. – М: Мысль, - 1965.
28. Брагина А. А. От загадки к заголовку // Русская речь. - Москва, 1967.
29. Брагина А. А. Точки: две и... три // Русская речь. – Москва, 1969.
30. Бахарев Н. Е. Общие танденции и некоторые закономерности структурно-функционального развития газетных заголовков. // Русская и зарубежная языкознание. – Алматы, 1970, вып. 4.
31. Михайловская Н. Г. Заголовок-фразеологизм. // Русская речь. – Москва, 1970.
32. Бахарев Н. Е. Заголовку-однозначность. // Русская речь. – Москва, 1970.
33. Блисковский З. Д. Название всегда важно. – Москва, 1962.
34. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1962.
35. Сауранбаев Н. Қазақ тілі (пед. Училищелерге арналған) Алматы: Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық. 1995.
36. Жұбанов Қ. Қазақ тіліндегі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, Ғылым, 1998.
37. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіл синтаксисі. –Алматы, 1971.
38. Мелиоранский И. П. Краткая грамматика казах-киргизского языка. Часть 2, Синтаксис, М., 1897.
39. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. – Алматы, 1941.
40. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Білім, 2004.
41. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1992. – 240 бет
42. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. – Алматы: Мектеп. 1981.
43. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974.
44. Сайрамбаев Т.С. Қазіргі қазақ тіліндегі тіркесімділіктің кейбір мәселелері. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 95бет
45. Сайрамбаев Т, Оңалбаева К. Есімдер синтаксисінің кейбір мәселелері. – Алматы, 2005. – 175 б
46. Әлиева М.Б. Басыңқы сыңардағы есімдіктің валенттілігі. Филол.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. –Алматы, 2000. – 23б

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Тарау.
1.1Қазақ публицистикасының даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.2Газет тілінің синтаксисі-дара стилдік сала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
II тарау
2.1Газет тілінің сөз тіркесін құрудағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 20
2.2 Жай сөйлемнің құрылысындағы ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
III тарау.
3.1. Құрмалас сөйлем синтаксисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...16
3.2.Пунктуатциялық ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

Кіріспе
Қазақ тіл білімінде тілдік жүйені тілідің коммуникативтік қызметі,тіл мен адам факторы,тіл мен қоғам арасындағы байланыс тұрғысынан қарастыруға ерекше назар аударылып отыр.Тіл білімінде газет тілінде,оның синтаксистік-стилдік ерекшеліктеріне көптеген зерттеулер жасалды. Академик Р.Сыздық, Б.Әбілқасымов,С.Исаев, М.Серғалиев, А.Алдашева, Н.Уәлиев, Б.Момынова, О.Бүркітова, Ш.Мажитаева т.б көптеген зерттеушілер баспасөз тілінің стилі оның синтаксисік ерекшеліктерін талдап көрсетті.
Тілдің лексикалық,грамматикалық тәсілдерді,сөз тудыру,сөз құбылту,сөйлем құрау,сөйлем құрау ережелерін қамтитыны белгілі.Бірақ тіл қамтитын амал-тәсілдерді әр істер өзінше жұмсайды,сөйтіп өзінше сөз тіркестіру,синтаксистік форма құрау ерекшеліктерін тудырады.Стильдің өзгешеліктеріне себеп нәрсе-оның коммуникативтік сипаты.Пікір алысудың ретіне қарай(диалог,монолог,ауызша,жазбаша түрде пікірлесу),мазмұнына қарай(ғылыми еңбек,көркем шығарма,газет очеркі т.т) сөйлеуші тілдік амалдарды талғап жұмсайды.Және коммуникативтік жағдай,мазмұн,тұрақты фактор болғандықтан,стиль де тұрақты,жүйелі система ретінде қалыптастырылады.Газет тілі синтаксисі дара стилдік сала деп танимыз.Мұның солай екендігі,арнайы сөз болмаса да,лексикографиялық,лексикологиялық ,грамматикалық еңбектерінде айтылып жүр.
Түркологияда синтаксис мәселесі ХІХ ғасырдан бастап зерттелініп келеді. Оның негізін салушылар П. М. Мелиоранский, Ф. Е. Корш болса, М. Казем-Бек, О. Бетклинг, А. Н. Самойлович, И. И. Ашмарин, Н. Ф. Катанов сияқты ғалымдар осы салада күрделі зерттеулер жасады.
Одан кейін түркологияда Н. К. Дмитриев, В. А. Гордлевский, Н. А. Баскаков, В. М. Насилов сияқты ғалымдар түркі тектес тілдердің әрқайсысын зерттеу арқылы көзге түсті. Бұл ғалымдар орыс тілінің негізінде грамматикалық базасын жасады. Сөйтіп, бұл ғалымдар башқұр, татар, якут, шубаш, түрік (туркия), қырым татарлары, алтай тілдері, өзбек, қырғыз, түркімен, азербайжан т.б. тілдер грамматикасының негізін қалады. Қазақ тілінде біз орыс ғалымдарынан қазан төңкерісіне дейінгі П. М. Мелиоранскийді атай аламыз. Ал, жалпы қазақ тіл білімі өкілдерін, атап айтқанда, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыз синтаксис саласында да көп еңбек етті. Соның ішінде А. Байтұрсыновтың орны ерекше. Өйткені, қазақ тілінің синтаксисі, оның ішінде сөйлем синтаксисі жөнінде А. Байтұрсынов жасаған жүйенің басқа түркі тілдеріне көп әсері болды.
Осы ғалымдардан кейін С. Аманжолов, Н. Сауранбаев,М. Балақаев, Т. Қордабаев, Х. Басымов, С. Жиенбаев сияқты ғалымдар синтаксистің әр саласында күрделі еңбектер берді. Осы ғалымдардың зерттеулерінің негізінде қазақ тіл синтаксисі тұтас қалыптасқан бір жүйеге түсті.
Жалпы қазақ тілінде немесе түркологияда болсын синтаксистің объектісі туралы онша талас болмағаны белгілі.
Егер, орыс тілінде синтаксистің объектісі:
Словосочетание;
Предложение;
Словосочетание и предложение - сияқты түрлі көзқарас болып келсе, түркологияда негізінен тек сөйлем синтаксисі ғана әңгіме болып келді. Сондықтан түркі тіліндегі синтаксис авторлары тек сөйлем синтаксисін сөз етумен шектеледі.
Қазақ тіл ғалымдары синтаксисін сөз ете отырса, сөз тіркесінің де мәселелерін ара-арасында айтып отырғаны айқын. Өйткені, қай түрколог ғалымның еңбегін қарасақ та, онда сөз тіркесінің байланысу формалары (согласование, примыкание, управление) сөз болып отырады. Бірақ, сөз тіркесінің кейбір мәселелерін айтып отырғанымен, олар сөз тіркесін синтаксистің бір объектісі ретінде беру мәселесінде сөз қозғамайды. Өйткені, оның өзінің басты себептері де болды.
Түркологтар немесе қазақ тілінің мамандары, тіпті П.М. Мелиоранскийлер де согласование, примыкание терминін бергенімен, (А. Байтұрсынов еңбегінде бұл мәселе берілмейді, ал Қ.Жұбанов еңбегінде тіркесу термині аздап сөз болады) С.Аманжолов, Н.Сауранбаев еңбегінде синтаксистің объектісі ретінде сөйлем қаралады да, арасында сөз тіркесінің мәселелерін де қосып жібереді. Бірақ, оны арнайы сөз тіркесі тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерінің байланысы тұрғысынан сөз етіп, оның сөйлемнен негізгі айырмашылықтарын нақты көрсетті. Сонымен қазақ тіліндегі осы бағыт келе-келе басқа түркі тілдеріне де әсер етті. Қазіргі кезде көптеген түркі тілдерінде синтаксистің басты объектісі сөз тіркесі мен сөйлемдер беріліп келеді.
Синтаксис - грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады; морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың материалды негізі де, сөйлем - кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырылады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық - синтаксистік категория ретінде тексереді. Олай болса, бұлар бірінсіз-бірі, әрқайсысы өз бетімен өмір сүре алмайды. Әрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері болады. Қазақ тіл білімінің бұғанасы бекіліп қалыптасқан қай саласын алсақ та, олардың әрқайсының даму кезеңдері болады.
Қазақ тіл білімінде синтаксис саласының аясы соңғы 50 жылда, оның ішінде ел егемендігінің 10 жылында, ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. Ал біздің алған бағытымыз - газет бетіндегі атаулардың синтаксистік құрылымы жағынан ерекшеліктерін зерттеп қарастыру. Зерттеу барысында газет бетінде кездесетін атауларды сөз тіркесі, сөйлем түрлеріне қарай бөліп саралаймыз.
Газет тілінің синтаксистік ерекшеліктерін қарастыру арқылы қоғам дамуын да, адам сана-сезімінің өзгерістерін де анықтауға болады. Ал бүгінгі таңда қай ғылым саласында болмасын негізгі нысан адам мен оның дамуы екені анық. Ендеше, біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін қоғам қажеттілігінің өзі айқындап тұр. Біздің тақырыбымыздың бұрын-соңды арнайы зерттеу нысаны болмауы да оның өзектілігін дәлелдей түседі.
Диплом жұмысының нысаны: Газет тілінің синтаксистік ерекшеліктері, соның ішінде сөз тіркесі ретінде байланысу формалары мен тәсілдері, газет бетіндегі сөз тіркесі, сөйлем - атаулардың құрылымдық өзгешеліктері.
Жұмыстың мақсаты: Газет тілінің қазақ тіл білімінде, орыс тіл білімдерінде зерттелуін саралау, соңғы жылдардағы қазақ газет тіліндегі тілдік өзгерістерді синтаксистік тұрғыдан қарастыру. Осы мақсатқа жету жолында мынандай міндеттер қойылады:
Газет тілі туралы қазақ, орыс тіл білімдеріндегі зерттеу жұмыстарын қарастыру;
Газет бетіндегі сөз тіркестеоге мысал келтіру;
Газет тілі - сөз ерекшеліктерін анықтау;
Газет бетіндегі - сөз тіркесі байланысу тәсілдері мен формаларын айқындау;
Газет тілі - сөйлемнің құрылымын саралау;
Жұмыстың жаңалығы: Газеттің тілдік қолданыс ерекшелігін анықтау, сөз қолданысын зерттеу.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Диплом жұмысында сипаттамалы, статистикалық баяндау, талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының дерек көздері:Жұмыста синтаксис саласына қатыстыА.Байтұрсынов,Қ.Жұбанов,С.Ам анжолов,Ғ.Ағманов, Б.Абылқасымов, М.Балақаев, Р.Әміров, Т.Сайрамбаев т.б. беделді қазақ тіл білімі ғалымдарының еңбектері теориялық тұғыр болды.
Ал практикалық жағынан соңғы жылда жарық көріп тұрған, қалың оқырманға танымал газеттер Ана тілі, Қазақ әдебиеті, Жас алаш ,т.б. беттерінен жинақталып алынған тілдік материалдар пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, негізгі үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымша әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1Қазақ публицистикасының даму тарихы

Ғасырдан да ұзақ ғұмыры бар қазақ баспасөзі тарихының әлі де болса, терең зерттей түсуді қажет ететін тұстары баршылық. Алайда газет тілінің негізгі лексикасы сөздердің жүйесіз жиынтығы емес. Газет тілі өзінің пайда болуы, қалыптасқан бүгінгі күнге жеткен өз тарихы бар ақпарат саласы.
Газет тілінің синтаксисіне тоқталу үшін, қазақтың алғаш газеттері жайлы айта кетуді жөн көрдік. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ дәл кітаби тіл жазба тіл ретінде жүргені белгілі. Өткен ғасырдан жалғасып келе жатқан бұл тіл элементтері мен баспасөзде, соның ішінде алғашқы басылымдар Түркістан уалаяты газеті, Дала уалаяты газетінде айқын көрініс тапқан. Түркістан уалаяты газеті 1870-1883 жылдар аралығында Түркістан генерал-губернаторының орталығы Ташкентте жарық көріп тұрды. Газеттің алғашқы нөмірі Түркістан уалаятының газеті деген атпен Туркестанские ведомости газетіне қосымша ретінде 1870 жылдың 28-сәуірінде шықты. Бұл газетті шығарудағы басты мақсат - генерал - губернаторының әртүрлі жарлықтарын қазақтар мен өзбектерге жеткізу. Сондықтан, газеттің айына төрт нөмірі (екеуі қазақша, екеуі өзбекше) шығып тұрды. Газет алғаш хабарламада Туркестанские ведомомстыларына қосымша делінгенмен, көп ұзамай-ақ өз алдына жеке газет ретінде басылды. Газет үкімет бекітіп берген бағдарлама бойынша жергілікті халыққа биліктердегілердің бұйрықтары, сот орындарының шешімдерін, сауда хабарларын, шаруашылық өмірді т.б. жазуға тиіс болады. Алайда газет бұл бағдарламамен шектеліп қалған жоқ, онда қазақ халқының мәдениетіне, тарихына, әдебиетке қатысты материалдар т.б. жарияланып тұрды. 1883 жылы газеттің қазақша бөлімінің жабылуына, 1888 - 1902 жылдың 1 - қаңтарынан Дала генерал - губернаторының орталығы Омбы қаласынан шыққан Дала уалаяты газетінің шығуы да себеп болды, - деп көрсетеді Б. Әбілқасымов.
Газет екі бөлімнен тұрады:
Ресми (Бұйрықтар жазылатын бөлігі) бөлімінде патша үкіметінің жергілікті әкімдерінің қазақтарға қатысты бұйрық-жарлықтары жарияланды.
Ал ресми емес (Бұйрықтан басқа сөздер жазылатын бөлігі) бөлімінде ел басқару, егіншілік, отырықшылық, сауда, мәдениет, оқу-ағарту істері қозғалды. Бағдарламамен шектеліп қалмай халықты өнер - білімге шақырды, ел ішіндегі оқиғаларға тоқталды, Ыбырай, Шоқан, Абай сияқты адамдар туралы деректер берді, халық ауыз әдебиет үлгілерін жариялады. Соның ішінде қазақ тіл мәселелерін, әсіресе тіл тазалығын бірінші кезекке қойды. Әсіресе, Д. Сұлтанғазин, А. Құрманбаев, Адыков тілді шұбарламау, графика, транскрипция, пунктуация мәселесін көтерді.
Ғ. Мұсабаев: Кейбір кемшіліктерге қарамастан, бұл газеттің (Дала уалаяты газеті туралы) тілі кезінде қазақ тілінің рухы мен ерекшелігін едәуір дұрыс көрсете алды. Бұл газеттің тілі ақырында қазақтың әдеби жаңа әдеби тілінің қалыптасуына үлкен жәрдем етті. [22, 21]
Р. Сыздықова: ...бұл газет (Дала уалаяты газеті) қазақ тіл дамуын зерттеуде екі жақтан қызғылықты болып шығады: 1) публицистика - баспасөз стилінің алғашқы үлгілерін байқауда; 2) осы стиль және көркем проза стилі бойынша тұңғыш аударма тәжірибелерін бақылауда деп, газеттің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы атқарған қызметінің бір жағына назар аударады. [23, 17]
Қазақ тілі білімінде баспасөз тілінің ерекшеліктері мен газет тілі жөніндегі зерттеулерге елеулі үлес қосқан ғалымдар: С. М. Исаев, Б. А. Әбілқасымов, Н. В. Қарашева, Ж. Б. Райымбекова, Б. К. Момынованың еңбектері газет тілі зерттеуге арналған құнды дүниелер болып табылады.Газет тілінің синтаксисі туралы зерттеу еңбектер жоқтың қасы. Дегенмен, газет лексикасын терең зерттеген Б. Момынова осы мәселеге де тоқталып кеткен. Автор бетіндегі атаулар жөнінде өзінің Қазақ газеттерінің лексикасы деген зерттеу еңбегінде айтып келеді. Газет тілінің лексика-семантикалық ерекшелігі деген мәселеге тоқтайды.

1.2Газет тілінің синтаксисі-дара стилдік сала
Тілдің лексиклық,гамматикалық тәсілдерді,сөз тудыру, сөз құбылту,сөйлем құрау ережелерін қамтитыны белгілі.Бірақ тіл қамтитын амал-тәсілдерді әр стиль өзінше қолданады,сөйтіп өзінше сөз тіркестіру,синатксистік форма құрау ерекшеліктерін тудырады.Стильдің өзгешелігіне сабеп болатын нәрсе-оның коммуникативті сипаты.Пікір алысудың ретіне қарай(диолог,монолог,ауызша,жазбаша түрде пікірлесу),мазмұнына қарай(ғылыми еңбек,көркем шығарма,газет очеркі т.т) сөйлеуші тілдік амалдарды талғап жұмсайды.Және коммуникативтік жағдай,мазмұн тұрақты фактор болғандықтан, сильде тұрақты, жүйелі система ретінде қарастырылады.
Өскелең ұрпақтың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Бұл міндетті көркем әдебиет,қоршаған орта,бұқаралық ақпарт,яғни газет журналдар атқарады.
Қазақ тіл білімінің атасы - Ахмет Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. Олай дейтін себебіміз, ғалым: "Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма болады", - дейді [5,344б]. А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетті. Мәтіннің қатысымдық қызметін тудыруға қатысатын айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты [5,345б]. Бұнымен не айтқымыз келеді яғыни бірнеше жай сөйлемдердің топтасып немесе құрамалысып жинақталған құбылысын биз сөйлем дейміз,ал сөйлемдердің пікір алысудың ретіне қарай қалай бөлінетіні жоғартыда айтылды.осын негізге сүйне отырып сөйлемдердің белгілі ойды білдіретін жиынтығын мәтін дейміз ал мәтінің ішінде біз газет беттеріндегі мәтінді қарастырамыз.Яғыни бұдан келіп гаттің тілі шығады олардың құрамалсу реті,орын тәртібі,публисцист жазушылардың өзіндік ерекшеліктерін қарап ара-жігін ажырата білу деген тәрізді мәселелер туйындайды міне осындай мәселені қарастырутың өзі газет тілінің дара стилдік сала екендігін дәлелдейді.
Қазақ тіл білімінде мәтіннің тұлға-бірлігінен саналатын күрделі синтаксистік тұтастық туралы алғашқы пікір білдірген ғалымдар қатарында Т.Қордабаев пен Р.Сыздықоваларды атай аламыз. 60-70-жылдардың өзінде-ақ ғалымдарымыздың еңбектерінде күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі күн тәртібіне қойылды. Алайда, ғалымдардың пікірі бойынша, өздерінің екбектерінде бұл категория жан-жақты арнайы қарастырылмады. Әйтсе де, Р.Сыздықова "Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы" (1970) деген еңбегінде қазақ поэзиясында сөйлемдерді бір-бірімен байлан
ыстырып, топтастыратын тәсілдердің бірқатары орыс тіліндегімен сәйкесетінін және бірсыпырасы өзгеше, яғни қазақ тілі табиғатына сай келетіндігін айта келіп, олардың басты-бастыларын тізіп көрсетеді [7]. Ал 1974 жылы жарық көрген "Қазақ тілінің стилистикасы" оқулығында сөздің (речь) ауызша және жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардың ерекшелігі сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір айтылады: "Сонымен жазу - ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп хабарлайды "[8,9-10 б]. Бұл ойдан жалпы лингвистика ғылымының зерттеу нысанынан саналатын мәтін - тіл жүйесін пайдалану арқылы қағаз бетіне түскен сөйлеудің бір түрі, яғни ол сөйлеудің хатқа түскен бейнесі түрінде анықталып отырғаны анық байқалады.
Газет тілін зерттеушілер оның тұлға - бірлігі ретінде бірнеше сөйлемдерден тұратын ірі тұтастықтарды көрсетеді.Мәселен, Т.Қордабаев "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі" оқу құралында: "Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің нысанасын құрмалас сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік деп екі топқа бөлуге болады", - деген пікір білдіреді [11,8б]. Ғалым бұл жерде күрделі синтаксистік бірлік пен құрмалас сөйлемдердің бірнеше сөйлемдерден тұрып күрделі ойды білдіруін басшылыққа алып отырса керек. Әрине, екеуі де бірнеше сөйлемдерден тұратынына ешкім де талас туғызбайды, бірақ олар тең дәрежедегі ұғымдар емес. Себебі бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемдердің қай түрі де күрделі синтаксистік бірліктің бір ғана құрамдас бөлшегі болып саналады.
Гезет бетіндегі мәтнің көлемі қандай, қанша сөйлемнен түзілуі тиіс деген сұраулар төңірегінде де зерттеушілер арасында бірізді пікір жоқ. Сол себепті де, газет-журнал бетінде әр түрлі құрылымдық-мағыналық бірліктерге - дара сөйлемге де, мағыналық, интонациялық жағынан аяқталған сөйлемдердің тізбегіне де,яғни "бір сөйлемнен бастап бірнеше беттік шығармаға дейін"(Л.Г.Фридман) қолданыла береді.Сондай-ақ қазіргі кезде газет бетінде бір-екі немесе үш-төрт сөйлемдерден тұратын, өз алдына аяқталған дербес тұтас мәтін ретінде танылатын да сөйлеу туындылары бар. Олар: мақалдар, мәтелдер, жұмбақтар, жарнама мәтіндері т.б.
Тұжырымдай келгенде, оқырмандардың жазбаша тілін дамыта оқыту үшін, ең алдымен, олардың газет тілі туралы білімін, түсінігін, мәтіннің құрылымдық ерекшелігі туралы біліктілігін қалыптастыру қажеттілігінің туындауының өзі газет тілінің дара стильдік сала екінін дәлелдей түседі.
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Бұл міндетті мәтін атқарады. Мәтін- байланысу, бірігу деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөй- легенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды. Мәтіннің тақырыбы бо- лады. Мәтін сөздерден сөйлемдерден, абзацтар- дан тұрады. Қазіргі кезде оқытуда тілдік қаты- нас мақсатын алға шығарған қатысым әдісінің
артықшылығы практикада дәлелденген. Өйт- кені, мәтін сөйлеуге жаттықтыруға,сөйлеу дағ- дысын қалыптастыру құалы. Оқу мәтіндегі қа- зақша сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсетіп қана қоймайды, оған бірте-бірте дағдыландырады. А.Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. Олай дейтін себебіміз, ғалым: "Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады.

2.1Газет тілінің сөз тіркесін құрудағы ерекшеліктері
Синтаксистің негізгі салаларының бірі - сөз тіркесі. Өйткені тілдің атқаратын қызметінің өзі - адам ойын бір - біріне жеткізудің, адамдар арасындағы қатынастың құралы болу қызметі - сөздердің бірімен - бірінің байланысының, тіркесіп барып, сөйлем құраудың нәтижесінде ғана іске асады. Сондықтан да сөздердің тіркесу заңдылықтарын, оның құрылымдық және мағыналық ерекшеліктерін білмей тұрып, сөз тіркестерін жасаушы бөлшектердің тіркесу қабілеттілігі мен оларды байланыстыратын тәсілдерді айқындап алмай, сөздер мен сөйлемдер синтаксисі жөніндегі күрделі мәселелерді түсіну қиын. [41, 5]
Сонымен сөз тіркесі дегеніміз - қарым-қатынас білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. [42, 31]
Сөз тіркесі - сөйлем құраудың материалды негізі. Сөз тіркесінің қазақ тілі білімінде қалыптасуына небәрі жарты ғасырдай ған уақыт болды деуге болады. Сөз тіркесі жылдам қарқынмен үлкен аренаға айналғаны белгілі. Бұл сала қазақ тілінде, тіпті бүкіл түркологияда проф. М. Балақаев есімімен тығыз байланысты. Сөз тіркесі синтаксисін С. Аманжолов, Н. Сауранбаевтар да сөз етті. Бірақ олар оны сөз тіркесі тұрғысынан емес, сөйлем мүшелерінің бір-бірімен байланысы тұрғысынан сөз еткені белгілі. [44, 89] Бұдан біз қамтылған ойдың жүздеген, мыңдаған есе қысқартылғанын - сөз, сөз тіркесі, не сөйлем күйіндегі көрінісінен аңғарамыз. Ғылыми немесе көркем әдебиет мәтіндерімен салыстырғанда газет мәтіні оқуға жеңіл екені белгілі. Газет бетіндегі мақаланың берілу формасының құндылығы - оның графикалық безендірілуі мәтін композициясының дұрыстығы,негізгі ойды айқын шрифтімен әрлеуі сияқты түрлі тәсілдері де ықпал етіп, газет өнімінің сұранысын жылдамдататыны даусыз. Ал бұл мәселелерді зерттеу бүгінгі күні филология ғылымында өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Бұл жолдағы ізденушілердің де күн санап осындай келелі мәселелерге бастауына осы себеп болуы ықтимал. Сөз, сөз тіркестері мен сөйлемдердің халыққа кеңінен танымал көркем шығармалар тілінің өзгерместен мақала тілінан бастап, түрлі күрделі трансформацияға ұшырайтын, журналистердің өз ойын оқырманға тез, жылдам, мейлінше ықшам түсінікті вариантпен жеткізуге тырысу бағытындағы тапқан тәсілі - бүгінгі күнде сан - қилы ғалымдар үшін зерттеуге тұрарлық объектіге айналып отыр. Газет тілін талқылауда тұрақты тілдік критеридің болуы қажет
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Қазақ тіліндегі синтаксистік байланысу формалары мыналар: 1) қиысу; 2) матасу; 3) меңгеру; 4) қабысу; 5) жанасу; [34, 6-35]
Қиыса байланысатын сөз тіркесі
Қиысу - сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиысуын айтамыз.
Мысалы: Сурет сөйлейді (Қазақ әдебиеті, 11.05.2007), Туристерді қорғайды (Алматы ақшамы, 22.05.2008), Нан қымбаттады (Алматы ақшамы, 30.08.2007), Қылмыскер құтылмады (Алматы ақшамы, 23.08.2007), Монополистерді ауыздықтаймыз (Алматы ақшамы, 14.08.2007), Үкімет ауысты (Ана тілі, 11.01.2007),
Мәжіліс таратылды (Ана тілі, 28.06.2007),
Меңгеріле байланысатын сөз тіркесінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан білеміз: Бағыныңқы сөз барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байлнысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Септік жалғаулары сөзбен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік мағыналық қатынастағы сөз тіркесін құрайтын сөздер, етістіктер болады. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді де, ал меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.
Газет бетіндегі меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері көп емес, ал меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін кездестіруге болады.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбі баяндауыш қызметіндегідей әрі мағыналық, синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, әлсіз байланыс ыңғайында пайда болады.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесінің түрлері
Газет бетінде меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі кездеседі. Олар мынадай есімдер:
Сын есімді сөз тіркестері
Сын есімдер - заттың сынын, сипатын, сапасын білдіретін сөздер. Осы себептен де олар зат есімдерге қатысты болып, еркін тіркеседі. Сын есімдердің лексикалық мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарағанда, олар сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болатын сөздер. Алайда сын есімдер сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарғанда, сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болып та келе береді. Мұндай жағдайда сын есімдер септік жалғаулы сөздерді өзінің жетегіне алып, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрайды. Газет бетіндегі атауларда сын есім сөз тіркесінің басыңқы сыңарында кездеседі. Мысалы:
Адамдарға ылғи сенгішпін (Жас Алаш, 2004), Атымен жаңа. Затымен құнды. (Қазақ әдебиеті, 2003), Ауылмен әсерлі (Жас Алаш, 2003) т.б.
Зат есімді сөз тіркестері
Меңгеру амалы арқылы құралатын зат есімдерді сөз тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді. Бұл сөз тіркестерінде бағыныңқы компонент барыс септік формасында меңгеріліп зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді.
Барыс жалғаулы сөз тіркестері. Зат есімдердің барыс жалғаулы сөздермен тіркесу қабілеті мол. Барыс жалғаулы сөздер зат есімдермен тіркескенде, олардың байланысынан толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. Толықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің құрамы біркелкі емес, осымен байланысты олардың мағыналары да құбылып отырады. Мысалы:
Майдангерлерге құрмет (Қазақ әдебиеті, 12.05.2007), Елбасына марапат (Қазақ әдебиеті, 1.06.2007), Құлагерге қиянат (Қазақ әдебиеті, 17.02.2006), Ұлылыққа тағзым (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Жастарға жеңілдік (Ана тілі, 14.06.2008), Ішімдікке қарсы аруақ (Ана тілі, 16.11.2006), Қасқырларға тегін концерт (Ана тілі, 8.02.2007), Тілге кеңістік керек (Ана тілі, 13.03.2008), Зиялыға зәрулік (Қазақ әдебиеті, 25.05.2007), Жаратқанға құлшылық (Алматы ақшамы, 14.07.2008), Сыныққа сылтау (Қазақ әдебиеті, 2003), Шолуға шолу (Ана тілі, 10.01.2008), Диаспораларға көмек (Ана тілі, 24.04.2008), т.б.
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері. Мысалы: Өткеннен өнеге (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008), Ұстаздан ұлағат (Қазақ әдебиеті, 10.01.2006), Жақсыдан шапағат (Ана тілі, 17.04.2008),
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Мысалы: Ақсақалдармен ақылдасу (Алматы ақшамы, 12.07.2008),
Сан есімді сөз тіркестері.
Сан есімдер мен есімдер жоғарғыдағыдай есімді сөз тіркесінің меңгерушісі (басыңқысы) болып өте аз кездеседі.
Мысалы: Түркістанға 10 жыл (Түркістан, 2004), Азияда бірінші (Жас Алаш, 2004) т.б.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Етістіктің меңгеріле байланысты, әр түрлі қарым-қатынаста жұмсалатын сөздер - есімдер.
Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалағуларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар - есімді етістіктермен ұластырушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін сарайлатын да тұлғалар меңгерудің етістікті сөз тіркесінің құрауда мәні ерекше.
Аталған септік жалғаулардың синтаксистік қызметі, негізінде, етістіктердің лексикалық мағыналарымен байланысты болады да, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады.
Меңгеріле байлансықан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1. табыс жалғаулы сөз тіркестері көп кездеспейді; 2. барыс жалғаулы сөз тіркестері; 3. шығыс жалғаулы сөз тіркестері; 4. жатыс жалғаулы сөз тіркестері; 5. көмектес жалғаулы сөз тіркестері;
Газет бітіндегі атауларда меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері көп кездеспейді. Ал біздің қолымыздағы тілдік материалдардан біз тек көп кездестіреміз көмектес септігі болды. Дегенмен де басқа септік жалғаулы тіркестер де бірен-саран ұшырасады. Мысалы:
Барыс жалғаулы сөз тіркестері. Латыншаға асықпалық (Ана тілі, 21.12.2006), Өзге сәнім келісті (Ана тілі, 21.12.2006), Қолдауға шақырамын (Ана тілі, 1.05.2008),
Табыс жалғаулы сөз тіркестері. Даттауды тоқтатайық (Қазақ әдебиеті, 17.11.2006), Сөздерді төркіндетсек (Ана тілі, 10.01.2008), Түбегейлікті ойласақ (Ана тілі, 16.11.2006), т.б.
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері. Құдайдан қорықпағаннан (Қазақ әдебиеті, 1.06.2007), Анкарадан келген хат (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008),
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Рухтармен сырласу (Қазақ әдебиеті, 27.04.2007), Ақынмен кездесу (Қазақ әдебиеті, 2003), Тағдырмен кездесу (Егемен Қазақстан, 2004), Елшімен кездесу (Егемен Қазақстан, 2004), Жазушымен кездесті (Қазақ әдебиеті, 20.10.2006)

Қабыса байланысқан сөз тіркестері
Қазақ тілінің сөз тіркестері өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңары болады.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады.
Қолымыздағы бар тілдік материалдарды синтаксистік құрылымы жағынан сараптай келіп, сөз тіркесті атауларды синтаксистік құрылымы кездесетіндігін байқадық. Әсіресе, солардың ішінде атау қызметіне жақыны - қабысу формасында кездесетіндері.
Ал жалпы қабысу дегеніміз - түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешбір жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркесінің грамматикалық байланыс амалы, сөздердің орын тәртібі болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркесінің құрамы әр түрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.
Газет бетіндегі атаулардан да қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі мен етістікті сөз тіркесін көруге болады. Соның ішінде есімді сөз тіркесі көп ұшырасады. Оның себебі, есім сөз таптарының атау беруге жақындығы. Төмендегі біз қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерін бағыныңқы сыңары сөз табына байланысты жіктедік.
Зат есіммен қабыса байланысқан сөз тіркестері
Қабыса байланысқан есімді тіркестердің ішінде өнімді жұмсалатындарының бірі - зат есімнен құралатыны. Бұл құрамдағы сөз анықтауыштық қатынасты білдіреді.
Мысалы: Рух күресі (Ана тілі, 24.04.2008), Құман кодексі (Қазақ әдебиеті, 30.11.2007), Талант табиғаты (Қазақ әдебиеті, 11.05.2007), Өмір қажеті (Қазақ әдебиеті, 3.11.2006), Мұсылман күнтізбесі (Алматы ақшамы, 22.05.2008), Құм жұмбағы (Алматы ақшамы, 12.01.2008), Аза гүлі (Қазақ әдебиеті, 11.05.2007), Бұлақ өлең (Қазақ әдебиеті, 2003), Сөз сойыл (Егемен Қазақстан, 2004), Депутат дауысы (Егемен Қазақстан, 2004), Тау суреті (Егемен Қазақстан, 2004), Махаббат көлі (Егемен Қазақстан, 2004), Баба рухы (Қазақ әдебиеті, 2003), Алтын көпір (Қазақ әдебиеті, 2003), Ғасыр лаңы (Егемен қазақстан, 2004), Жер түгі (Егемен Қазақстан, 2004), Ақпарат империясы (Жас алаш, 2003), Әлиев әлемі (Егемен Қазақстан, 2004), Толыбай мешіті (Егемен Қазақстан, 2004), Дүние дүбірі (Ана тілі, 2003), Игілік нышандары (Қазақ әдебиеті, 2003), Алақандағы атамекен (Алматы ақшамы, 24.05.2008), Тастаяқтағы тартыс (Алматы ақшамы, 6.03.2008), Жызақтағы жүздесулер (Алматы ақшамы, 12.01.2008), Тәуелсіздік тәжі (Қазақ әдебиеті, 12.12.2008), Ит тірлік (Қазақ әдебиеті, 27.04.2007), Дарын дарабоз (Қазақ әдебиеті, 22.06.2007), Желтоқсан жаңғырығы (Қазақ әдебиеті, 15.12.2006), Айтматов төрі (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Көңіл назы (Қазақ әдебиеті, 31.12.2008), Ілияс мүшәйрасы (Қазақ әдебиеті, 1.06.2007), Суретші мектебі (Қазақ әдебиеті, 8.12.2006), Тәттімбет күйлері (Қазақ әдебиеті, 30.11.2007), Ғасыр жұмбағы (Қазақ әдебиеті, 22.09.2006), Бүлдіршін сезімі (Қазақ әдебиеті, 18.05.2007), түйсік тамшылары (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008), Сана суреттері (Қазақ әдебиеті, 18.05.2007), Желтоқсан алауы (Қазақ әдебиеті, 3.08.2007), Сөз киесі (Қазақ әдебиеті, 31.12.2008), Айтматов әлемі (Қазақ әдебиеті, 18.07.2008), Көсемсөз өнері (Ана тілі, 17.04.2008), Батыр қораз (Ана тілі, 17.04.2008), Жолбарыс ерлігі (Ана тілі, 17.04.2008),
т.б.
Сын есіммен қабыса байланысқан сөз тіркесті атаулар
- сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғысының жалғаулы болуының бұл сөз зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін.
Мысалы: Жаңа қазақ (Қазақ әдебиеті, 25.05.2007), Алғашқы сыйлық (Қазақ әдебиеті, 3.11.2006), Таныс гүлдер (Қазақ әдебиеті, 11.05.2007), Нағыз ғалым (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008), Қара пышақ (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Жүйрік күндер (Қазақ әдебиеті, 2.03.2007), Жабайы жылқылар (Алматы ақшамы, 31.01.2008), Жаңа мешіт (Жас алаш, 2004), Алып автомобиль (Алматы ақшамы, 22.05.2008), Жұмбақ қаза (Қазақ әдебиеті, 15.12.2006), Ресми бөлім (Егемен Қазақстан, 2004), Туған жер (Қазақ әдебиеті, 2003), Жылы жауап (Қазақ әдебиеті, 2003), Қара бала (Жас Алаш, 2003), Дарақы маймыл (Қазақ әдебиеті, 2003), Келе сұлу (Қазақ әдебиеті, 2003), Қос орай (Қазақ әдебиеті, 2003), Егіз шұмақтар (Қазақ әдебиеті, 2003), Тікелей репортаж (Қазақ әдебиеті, 2003), Қос көбелек (Қазақ әдебиеті, 2003), Жаңа нұсқау (қазақ әдебиеті, 2003), Жіңішке жол (Егемен Қазақстан, 2003), Жас отау (Егемен Қазақстан , 2004), Жалғыз бас (Егемен Қазақсатн, 2004), Мәдени мұра (Егемен Қазақстан, 2004), Соңғы қоңырау (Егемен Қазақстан, 2004), Аппақ гүлдер (Жас Алаш, 2003), Құпия қаза (Егемен Қазақстан, 2004), Қызыл түйме (Жас Алаш, 2004), Әшейін әңгіме (Егемен Қазастан, 2004), Ашық әңгіме (Жас Алаш, 2004), Құпия көл (Егемен Қазақстан, 2004), Күлегей жеңгей (Қазақ әдебиеті, 2003), Соңғы партия (Қазақ әдебиеті, 11.05.2006), ақ бантик (Қазақ әдебиеті, 19.12.2008), Жалғыз жанашыр (Қазақ әдебиеті, 2.12.2005), Алтын қанжар (Қазақ әдебиеті, 9.03.2007), Жалғыз жапырақ (Қазақ әдебиеті, 11.05.2007), Жарық айна (Қазақ әдебиеті, 27.04.2007), Ерен тұлға (Қазақ әдебиеті, 12.01.2007), Аяқталмаған ертегі (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Алғашқы сынақ (Қазақ әдебиеті, 20.10.2006), Биік мұрат (Қазақ әдебиеті, 3.11.2006), т.б.
- қатыстық сын есімдер мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де әр түрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапаның негізі болады.
Мысалы: Елеулі ескерткіш (Қазақ әдебиеті, 27.12.2008), Ғибратты ғұмыр (Қазақ әдебиеті, 18.05.2007), Қазыналы қайнар (Қазақ әдебиеті, 29.04.2005), Тартысты тағдырлар (Қазақ әдебиеті, 1.06.2007), Парасатты музыка (Қазақ әдебиеті, 1.06.2007), Зерделі зерттеу (Қазақ әдебиеті, 10.08.2007), Скрипкашы Айша (Қазақ әдебиеті, 22.06.2007), Фәнилік драма (Қазақ әдебиеті, 12.01.2007), Парасатты Пәкістан (Қазақ әдебиеті, 30.01.2007), Кісілік келбет (Қазақ әдебиеті, 1.08.2008), Ақындық мектебі (Қазақ әдебиеті, 27.12.2008), Тағылымды тағдыр (Қазақ әдебиеті, 27.07.2007), Жаңартылған іргетас (Қазақ әдебиеті, 22.06.2007), Тұйырлы тұлға (Алматы ақшамы, 13.12.2008), мерекелік лебіздер (Алматы ақшамы, 9.10.2008), Мәңгілік ғұмыр (Алматы ақшамы, 14.06.2008), Есті піл (Ана тілі, 17.04.2008), т.б

Сан есімді қабыса байланысқан сөз тіркесті атаулар
Мысалы: Екі жарма (Қазақ әдебиеті, 25.01.2008), Екі кітап (Жас Алаш, 2004); Үшінші мәселе (Қазақ әдебиеті, 2003), Үш құрбы (Алматы ақшамы, 14.08.2008), Екінші раунд (Жас Алаш, 2004), Жеті сұрақ (Егемен Қзақстан, 2004), Оныншы мектеп (Қазақ әдебиеті, 2004), Жарты шақырым (Ана тілі, 2000), Бірінші хатым (Жас Алаш, 2001), 94 жаз, 94 қыс, 94 күз (Қазақ әдебеиті, 2001), екінші вариант (Жас Алаш, 2004) т.б.
Сілтеу есімді қабыса байланысқан сөз тіркесті атаулар
Мысалы: Бұл мектеп (Ана тілі, 2001), Осы тақырып (Егемен Қазақстан, 2000) т.б.
Есім сөз таптарының ішінде зат есімнің қабыса байланысқан есім сөз тіркесіндегі қызметі басқаларымен салыстырғанда белсенді. Ал сын есімнің бағыныңқы сыңары ретінде сапалықтар көп кездеседі. Ал атулары бетінде ұшырасатынын байқадық. Бұдан әр сөз табына қабыса байланысқан есім сөз тіркесі бағыныңқы немесе басыңқы сыңар ретінде өз деңгейі бар екендігін топшылауға болады.
Матаса байланысқан сөз тіркестері
Газет атулары болған біз жинаған материалдар бойынша қабыса байланысатыннан кейін көп ұшырайтыны матасу болады. Жалпы ғылыми әдебиеттерде байланысудың бұл формасына мынадай анықтама беріледі: Матасу - сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға және басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғанып байланысуы. Осылайша бірімен-бірі қарама-қарсы, матаса байланысатын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылды. [37, 53]
Сөйлемде сөздердің осылай байланысуы - қазақ тілінің (басқа түркі тілдерінің де) грамматкиалық құбылысындағы ерекшелігінің бірі. Осындай сөз тіркесінің байланыс газет бетіндегі атулардан көруге болады.
Матаса байланысатын сөздер - негізінде зат есмідер. Солай болғандықтан зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бәрі тіркестің біріншісіне екінші сыңары бола алады.
Зат есімнің өзі іштей бірнеше топқа бөлінеді:
- жалпы есім;
- жалқы есім;
Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер, әдетте, жалпы есімдер деп аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, дала, су т.б.
Жеке я дара затарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз. Мысалы: Жаркент, Шымкент, Семей т.б.
Газет бетіндегі атаулардан жалпы есмдер мен жалқы есімдерді кездестіруге болады. Мысалы:
Жалпы есімдер. Ғашықтардың қаласы (Қазақ әдебиеті, 10.11.2006), Құланның махаббаты (Қазақ әдебиеті, 26.01.2007), Асылдың сынығы (Қазақ әдебиеті, 16.02.2007), Құмырсқалардың еңбегі (Қазақ әдебиеті, 22.06.2007), Халықтың Хамиті (Қазақ әдебиеті, 3.11.2006), Әділеттің жеңісі (Қазақ әдебиеті, 11.05.2007), Тағдырымның тамыры (Қазақ әдебиеті, 1.12.2006), Жүректің ісі (Қазақ әдебиеті, 3.08.2007), Менің әлемім (Қазақ әдебиеті, 1.06. 2007), Көгершіннің көмегі (Қазақ әдебиеті, 22.06.2007), Ұлттың үнжариясы (Қазақ әдебиеті, 6.10.2006), Аттың сыны (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Кейіпкердің қазасы (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Топырақтың киесі (Қазақ әдебиеті, 19.12.2008), Бүгінгінің сөзі (Қазақ әдебиеті, 27.12.2008), қазақтың қаласы (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008), Алаштың ардағы (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008), Істің адамы (Алматы ақшамы, 22.05.2008), Беттің әзілі (Жас Алаш, 2004), Сарының сарысы (Жас Алаш, 2004), Жазушылардың әнұраны (Жас Алаш, 2004), Жауапсыздықтың салдары (Егемен Қазақстан, 2004), Тұжырымдаманың мақсаты (Егемен Қазақстан, 2004), Ауылдың айтқыштары (Егемен Қазақстан, 2004), Құмырсқаның илеуі (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008), Шахматтың кемеңгері (Алматы ақшамы, 12.07.2008), Аруақтардың назасы (Ана тілі, 19.07.2008), т.б.
Жалқы есімдер. Әлиевтің әлемі (Қазақ әдебиеті, 1.06.2007), Фельетонның зары (Қазақ әдебиеті, 13.07.2007), Булгаговтың өсиеті (Қазақ әдебиеті, 15.06.2007), Елбасының құттықтауы (Қазақ әдебиеті, 8.06.2007), Мыналардың мақтанышы (қазақ әдебиеті, 2003), Бегімайдың зары (Жас Алаш, 2003), Еврейдің есімі (Жас Алаш, 2003), Алматының маңы (Қазақ әдебиеті, 12.12.2008), Шонаның азаматтығы (Қазақ әдебиеті, 31.12.2008), Ыстықкөлдің ырысы (Алматы ақшамы, 12.07.2008), Жанаттың жұмбағы (Алматы ақшамы, 14.08.2008), Үмбетовтың үлгісі (Ана тілі, 19.07.2008), т.б.
Дара + күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері
Қазақтың халық медицинасы (Қазақ әдебиеті, 31.12.2008), Жетісудың ақиық ақыны (Қазақ әдебиеті, 19.12.2008), Ұлтымыздың рухани ұстазы (Қазақ әдебиеті, 19.12.2008), Исраилдың сағыныш сазы (Қазақ әдебиеті, 8.06.2007), Жүрегінің жауһары бар (Қазақ әдебиеті, 16.02.2007), Сынның қара нары (Қазақ әдебиеті, 16.02.2007), Ақындықтың алғашқы адымы (Қазақ әдебиеті, 15.06.2007), Кентаврдың қайтып оралуы (Қазақ әдебиеті, 27.04.2007), Нұрсәттің нұрлы сәті (Қазақ әдебиеті, 25.05.2008), Қазақтың рухани қорегі (Қазақ әдебиеті, 1.08.2008), Азаматтың асыл тәжі (Алматы ақшамы, 8.04.2008), Қыздардың қайғылы тағдыры (Қазақ әдебиеті, 23.12.2008), Айтыскердің шығармашылық кеші (Қазақ әдебиеті, 8.06.2007), Ілиястанудың тың беттері (Қазақ әдебиеті, 13.04.2007), Өркендеудің өзекті мәселелері (Қазақ әдебиеті, 8.06.2008), Суреткердің көркемдік әлемі (Қазақ әдебиеті, 23.03.2008), Сарбаздардың жыр сайысы (Қазақ әдебиеті, 22.06.2008), Абайдың үш билігі (Ана тілі, 1.05.2008), Дамудың жаңа межесі (Ана тілі, 10.04.2008), Әдебиеттің жүйке жұлыны (Ана тілі, 15.04.2008), ақтөбенің ақылман ақсақалы (Ана тілі, 6.03.2008),

Күрделі + дара матаса байланысқан сөз тіркесті атаулар
Орал рухының айнасы (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Ақындар арманының антологиясы (Қазақ әдебиеті, 12.12.2008), Театр сынының саңлағы (Қазақ әдебиеті, 20.04.2008), Дәстүрлі өнердің үлгісі (Қазақ әдебиеті, 15.06.2007), Қазақ балаларының сөзі (Қазақ әдебиеті, 25.12.2008), Мемлекет саясатының сарбаздары (Қазақ әдебиеті, 27.12.2008), Бостандық аралының арыстаны (Алматы ақшамы, 24.01.2008), Тәуелсіздік дәуірінің әдебиеті (Қазақ әдебиеті, 31.12.2008), Жол сақшыларының ережесі (Қазақ әдебиеті, 13.04.2007), Тұнық жырдың тұмасы (Қазақ әдебиеті, 1.06.2007), Кері тәрбиенің кесірі (Қазақ әдебиеті, 25.01.2008), Әзірбайжан Мәмбетовтың мерейтойы (Қазақ әдебиеті, 30.11.2007), Бір хаттың тарихы (Қазақ әдебиеті, 15.12.2006), Сүгір күйшінің мерейтойы (Қазақ әдебиеті, 8.06.2007), Құлдық дәуірдің сарқыншағы (Алматы ақшамы, 22.01.2008), Тәуелсіз елдің киесі (Алматы ақшамы, 30.08.2008), Ұрымтал сөздің ұсталары (Ана тілі, 9.02.2008), Қызыл араның әлегі (Ана тілі, 3.05.2007), т.б.

2.2 Жай сөйлемнің құрылысындағы ерекшеліктері
Жай сөйлем қаншама жайылма болмағанымен, ол жалаң ғана бір ойды білдіреді де, құрмалас сөйлем өзара байланысты екі немесе одан да көп жеке ойлардан құлаған күрделі ойды білдіреді. Осындай белгілерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Атаулы сөйлемдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті
Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектілері туралы ақпарат
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Еліктеу сөздердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Пәндер