Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының үндестігі



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... .2 бет

ІІ. Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ..3.24бет

1. Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық жолы ... ... ... ... ... ... 3 . 8 бет
2. Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан еңбегі ... ... ... ... ... 8 .10бет
3. Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов ұлттың ұлы ұстаздары ... ... ... ... ... ...10 . 13 бет
4. Ыбырай өлеңдерінің ағартушылық бағыты
5. Ыбырай мен Ахмет өлеңдерінің үндестік ... т
ІV Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24бет
V Пайдаланылған әдебиеттер ... .25 бет
Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы... Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек осы мектептерде» [Таза бұлақ. Алматы: Жазушы, 1988. – 204 б.], – деп жазса, бұл ойды Ахмет Байтұрсынов «Мектеп жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы» [Мектеп керектері //Қазақ, 17 май, 1914], – деп әрі қарай жалғастырып, іс жүзіне асырды. 1895 жылы педагогикалық училищені бітірісімен, ұстаздық жолға түсті. Қалың ұйқыдағы қазақ халқын маса болып ызыңдап, санасына білім құю арқылы оятуды алдына мақсат етіп қойды. Ағартушылық қызмет атқара жүріп оқу-білім, мектеп, оқулық, оқу жүйесі, мұғалім жайында көбірек сыр толғады.
Ыбырай Алтынсарин «Облыстардағы оқу жұмыстарының жалпы жайы», «Мектептердегі оқу және тәрбие жұмыстары», «Оқу құралдарының жайы», «Мектептің шаруашылық жайы» деп халық ағарту мәселелері жөнінде толғанса, Ахмет те аға жолын жалғастырып, «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Оқыту жайынан», «Мектеп керектері», «Орысша оқушылар» деген сияқты келелі мәселелерді қозғайтын мақалалар тудырды. Оларда халық ағарту ісінің мұң-мұқтаждары айтылып, оқу ісін жақсартудың жолдары да көрсетілді.
Ахаңның «Қазақша оқу жайынан» [//Қазақ, 16 май, 1913] мақаласында редакцияға («Қазақ» газетіне – С.О.) мұғалімдерден бала оқыту үшін бағдарлама (автор бағдарламаны әуелі орысша «программа» деп алып, жақшаның ішінде «жосық» деп аудармасын көрсетіпті – С.О.) сұраған өтініш хаттар жиі түсетінін, бірақ әліппеден басқа бастауыш мектептерге арналған оқулықтар әлі де шықпағандықтан, бағдарлама жасау мүмкін емес екенін түсіндіреді. Баланы оқыту үшін әуелі оларға арналған кітаптарды дұрыстап мәнді-мағыналы, ұғынықты етіп шығару керектігіне тоқталады.
1. Алтынсарин Ы. Өнер - білім бар жұрттар. Алматы, 1989 ж.
2. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Құраст.: Жармұхамедов М. Алматы, 1991 ж.
3. Оспанұлы С. «Алтынсариннің айналасындағы адамдар» Қостанай: Шапақ, 2006. – 295 б.
4. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы» Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
5. Алтынсарин Ы. «Өнер – білім бар жұрттар». Алматы: Жалын, 1991. – 230 б.
6. Алтынсарин Ы. Екі томдық шығармалар жинағы. 1т. Алматы: Қазғұрт, 2003. – 236 б.
7. Байтұрсынов А. «Ақ жол». Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының үндестігі
Курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 бет

ІІ. Зерттеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-24бет

Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық жолы ... ... ... ... ... ... 3 - 8 бет
Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан еңбегі ... ... ... ... ... 8 -10бет
Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынов ұлттың ұлы ұстаздары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10 - 13 бет
Ыбырай өлеңдерінің ағартушылық бағыты ... ... ... ... ... ... 14- 18бет
Ыбырай мен Ахмет өлеңдерінің үндестік ... ... ... ... ... ... ... ... ...18 -23бет
ІV Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24бет
V Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25 бет

Кіріспе.
Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин: Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы... Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек осы мектептерде [Таза бұлақ. Алматы: Жазушы, 1988. - 204 б.], - деп жазса, бұл ойды Ахмет Байтұрсынов Мектеп жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы [Мектеп керектері Қазақ, 17 май, 1914], - деп әрі қарай жалғастырып, іс жүзіне асырды. 1895 жылы педагогикалық училищені бітірісімен, ұстаздық жолға түсті. Қалың ұйқыдағы қазақ халқын маса болып ызыңдап, санасына білім құю арқылы оятуды алдына мақсат етіп қойды. Ағартушылық қызмет атқара жүріп оқу-білім, мектеп, оқулық, оқу жүйесі, мұғалім жайында көбірек сыр толғады.
Ыбырай Алтынсарин Облыстардағы оқу жұмыстарының жалпы жайы, Мектептердегі оқу және тәрбие жұмыстары, Оқу құралдарының жайы, Мектептің шаруашылық жайы деп халық ағарту мәселелері жөнінде толғанса, Ахмет те аға жолын жалғастырып, Қазақша оқу жайынан, Оқу жайы, Оқыту жайынан, Мектеп керектері, Орысша оқушылар деген сияқты келелі мәселелерді қозғайтын мақалалар тудырды. Оларда халық ағарту ісінің мұң-мұқтаждары айтылып, оқу ісін жақсартудың жолдары да көрсетілді.
Ахаңның Қазақша оқу жайынан [Қазақ, 16 май, 1913] мақаласында редакцияға (Қазақ газетіне - С.О.) мұғалімдерден бала оқыту үшін бағдарлама (автор бағдарламаны әуелі орысша программа деп алып, жақшаның ішінде жосық деп аудармасын көрсетіпті - С.О.) сұраған өтініш хаттар жиі түсетінін, бірақ әліппеден басқа бастауыш мектептерге арналған оқулықтар әлі де шықпағандықтан, бағдарлама жасау мүмкін емес екенін түсіндіреді. Баланы оқыту үшін әуелі оларға арналған кітаптарды дұрыстап мәнді-мағыналы, ұғынықты етіп шығару керектігіне тоқталады.

Ахмет 1891 жылы Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқып, тәрбиеленеді.
Ыбырай - ұлы ағартушы. Халық ағарту ісінің де, ағартушылық әдебиеттің де, журналистиканың да негізін салушылардың бірі болса, Ахмет Байтұрсынов ол жасаған осы абыройлы істердің бәрін жалғастырып, дамытушы, талантты ізбасары.
Халқымыздың кемеңгер ұлдарының бірі Әлихан Бөкейханов 1925 жылы Ахметке хат жазып:
Алтынсары баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде оның ісін жасарың хақ [Дулатова Г. АманатЖұлдыз, 1994 № 3-4. - 3 б.], - деп екеуінің бір-бірімен рухани жақындығын, мақсаттарының бір екенін айтып, үлкен сенім артады. Шындығында да, Ыбырай мен Ахметте бір-біріне ұлттық мүддеден туған ұқсастық көп.
Осы жерде біздің ойымызға сонау егемендік алған алғашқы жылдардағы кейбір келеңсіз істер оралады. Оқулық жоқ, бастауыш мектептердің мұғалімдері жетіспейді, соған қарамастан, көптеген ауылдар мен аудандарда, облыстардың орталықтарында, қалаларда бастауыш мектептер ашылып, лезде жабылып қалды. Осының бәрі ойласпағандықтан, алды-артымызды шолып, бүгінімізге, ертеңімізге көз жүгіртпегендіктен, келте ойлаудың, асығыстықтың салдары. Ұлы ұстаз соны ғасыр басында-ақ Әуелі біз бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып, сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатынымызға жосық белгілеуге дұрыс, - деп, соқырға таяқ ұстатқандай етіп айтып кеткен екен-ау...
Одан әрі автор әркім өзі маманданған, қолынан келетін іспен айналысқаны жөн екенін айта келіп, мұғалім баланың мінез-қүлқын, жан-дүниесін жақсы білетін адам болуы керектігін ескертеді. Болыстардың, билердің, соттардың, дәрігерлердің жіберген қателіктерін, халқымыздың надандығын сынап көрсеткеніміз сияқты бала оқытуда да қандай мін барын айтып, елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойын бұрып, қайрылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі - бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс, - дейді. Қазақша оқып, жаза білгеннен кейін ғана орысша оқуға болатынын, яғни, сәбидің тілі алғаш өз ана тілінде шығуы керектігіне баса, мән бере жазады. Қазақ арасында білім нұрын сеуіп жүргендердің күнгей жағымен бірге көлеңкелі тұстарына да көңіл аударады. Бала оқытып жүргендердің көбісі ноғайлар болғандықтан, олардың қазақша дыбыстарды жақсы біле бермейтінін, қазақ тіліндегі дыбыстарды білмей тұрып қазақ балаларын жаңаша оқыту тәсілімен оқытуға болмайтынын ескертеді.
Екінші кемшілігі, - дейді автор ойын әрі қарай дамыта түсіп, жинақтай айтып - қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендіктен, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру оқу мен жазу үйретудің негізі, істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы.
Ғұлама ғалымның осы пікірі әлі күнге дейін жүзеге аспай келе жатқаны қынжылтады. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында да, қазір де балалардың тілі балабақшалардың көбісінде басқа тілде - орысша шығады да, мектепке барған соң қазақша дыбыстарды білмей басы қатады. Тілі орысша шыққан бала Қ-мен К-ні, Ғ-мен Г-ні, Ы-мен І-ні, Ұ-мен Ү-ні, Н-мен Ң-ды айыра алмайтынын күнде көзіміз көріп жүр. Бұл тіпті мектепті орыс тілінде бітірген жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің де басында бар кемшілік.
Көптеген ата-аналар істің мән-жайына тереңдеп бармай, байыптап қарамай, кінәні балаларын орысша тәрбиелеген өздеріне емес, мектепке, соның ішінде қазақ мектебіне, қазақша оқытатын мұғалімдерге артып, қазақ мектептері балаларды дұрыс оқыта алмайды, нашар, - деп, балаларын қайтадан орыс мектептеріне апарып оқытып жүргендері аз емес.
Ана тілімізді оқыту жайы қашан да маңызды тақырып болып, күн тәртібінен түспей келеді. Әуелі отбасында қанаттанып, мектепте әрі қарай ұшталмаған тіл балаға да, ұстазға да қиындық тудыратыны кімге де болса белгілі жайт.
Осы замандағы жан таңқаларлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған, - дейді Ахмет. Бұл сөз бұрын да айтылған, қазір де айтылып келеді. Әттең, әлі қол қысқа... Ғылымға, өнер-білімге келгенде Қысқа жіп күрмеуге келмейді, - деп кібіртіктеп, кейін шегінуіміз - елімізді кейін шегіндіріп келе жатқан жоқ па?!
Ахмет Байтұрсынов - ұлтымыздың ұлы ұстазы. Оның әр айтқан пікірі, ойы - бізге жол нұсқап, тығырықтан шығудың небір тәсілдерін үйретеді. Ыбырай Алтынсарин:
Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар, -
десе, Ахмет Байтұрсынов:
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұрып қалалық па?!
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!, -
деп, бүкіл ғылым-білімнің басы - оқу екенін айтып, оның өшпес жарық, кетпес байлық екенін ұғындырады.
Ыбырай:
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, - десе, Ахмет осы Оқу жайы деп аталатын мақаласында:
Осы замандағы жан таңқаларлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетінен шапшаң хабар алғызып тұрған ғылым, отарба, откемелерді жүргізген ғылым, - деп Ыбырай сөзін талдап, оны дамыта түседі. Сөйтіп, Торғай облысы мен Қостанай уезінде қанша қазақ тұратынын, олардағы мектеп санын айтып, оның тым аз екеніне қынжылады. Қазақ мектептерінде де, оқу ісі жақсы тәртіпке қойылмағанын, Қостанай уезіндегі 132 мектептің 109-ы ауылдық, жалпы қай жерде де қазақ балалары үшін ашылған мектептердің көбі ауылдық екенін, онда оқыған балалар ілгері мектептерге келіп оқымаса, тіршілікке пайдалы білім алып шыға алмайтынына өкініш білдіреді. Қазақ балалары тәуірірек оқырлық школдарда қазыналық орын аз, өз күшімен оқытуға әркімнің шамасы келе бермейді. Екі класты школдар әр уезде бір-екеуден, одан 30-дан артық қазақ баласын алмайды. Орта һәм жоғары школдарда қазыналық орын бұл кезде жоқтың қасында. Әр облыстың қазақтары үшін университет, институттарда 2-3-тен артық орын жоқ. Бұрынғы ашылған орындар әртүрлі сылтаумен кеміген. Сөйтіп, тәуірірек оқитын орындардың қазағы үшін есігі бекіп, жолы жабылған [Қазақ, 21 апрель, 1913].
Сонау 1913 жылы жазылған осынау мақалада бүгінгі күннің проблемасы да айтылып тұрғандай. Қазір де қазақша мектептердің дені ауылдарда, аудандарда. Қалаларда қазақша мектептер мүлдем аз. Мысалы Қостанай қаласында әлі де қазақ мектептері жеткіліксіз. Әрине, қазақ мектептерінің қазақтар көп жерлерде - ауылдарда көбірек болуы заңды, алайда, облыс орталықтарында қазақ мектептері ашыла түссе, құптарлық та, қуанарлық та іс емес пе?
Осы секілді жоғары оқу орындарының ақылы болуы да ауыл балаларының әсіресе, қазақ жастарының жоғары білім алуына көп кедергі тудырып отырғаны да жасыратын жай емес. Ахмет ата тілімен айтсақ Орта һәм жоғары школдарда қазыналық орын бұл кезде жоқтың қасында.
Автор мақаласы Қазақ халқында бұл күндегі орысша һәм қазақша оқу жайы осы. Мұнан былай оқу һәм оқыту мәселесі Қазақта (автор Қазақ деп, Қазақ газетін айтып отыр - С.О.) түгел жазылып тұрмақшы, - деп түйінделеді.
Жанашырлықпен жазылған бұл мақаланың да оқырманға айтары мол, ойландыратын, толғандыратын, проблемалық мақала. Кезінде Ахмет көтерген сол түйінді мәселелердің әлі күнге шешуі табылмай келе жатыр.
Бұл жайында жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбековтың: Осы орайда, еліміздегі білім беру жүйесінің барлық сатысына қатысты біздің әрқайсымыздың ең киелі міндетіміз - Ұлы Отанымыздың, ұлтымыздың тарихи-әлеуметтік төл тумасына үндес (аналог) бола алатын, сонымен бірге қоғамымызды шыңдауға ықпал ететін білім жүйесін орнықтыру болса керек, - деген сөзі көкейге қонымды. - Енді мұндай білім жүйесі нақтылы ұлттың, нақтылы мемлекеттің төл болмысымен санасу арқылы еліктесуге болар, ал білім берудің мемлекеттік-ұлттық тұжырымдамасы дегенде, төл тағдырымыз негізгі тұғыр болуы керек [Жас ұрпақ жеке телеарналар жекеменшігі емес Қазақ елі, 1999. 18-24 желтоқсан].
Халықтың әл-ауқатына, шәкірттің білім дәрежесіне, таланты мен талабына орай оқу орындарында қазыналық орын көбірек болса, үздіктеріміз ертеңгі күннен үмітсіз болмас еді.
Ыбырай Алтынсарин Торғайда, Ырғызда, Ақтөбеде, Троицкіде Қостанайда мектептер ашса, Ахмет Байтұрсынов бүкіл қазаққа мектеп болды. Жаңа мектептер ашудың жолдарын көрсетті. Қызыл Қазақстан журналының 1923 жылғы он төртінші нөмірінде: Школдар ашуға үкіметтің шамасының келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20000-нан артық кісі керек. Сондықтан бір ауылнай не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық салып, сол жиналған салықты оқытушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына (жұмсауға) міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдермен договор жасап, школ ашу керек. Ол школдардың жанынан интернаттар ашу керек, - деп жазады ол.
Ыбырай қазақ балаларына лайықтап тұңғыш Қазақ хрестоматиясын (1879 жыл) құрастырушы. (Қырғыз хрестоматиясы деп аталған - С.О.) Бұл қазақтың алғашқы оқулығының шығуы халқымыздың өміріндегі тарихи оқиға еді. Бұдан кейін сол 1879 жылы оның Қырғыздарға орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық деген кітабы жарық көрді.
Ыбырай бастаған игі істі тағы да Ахмет жалғастырды. Оқу құралы (1 кітап, 1912), Қазақша оқу жайынан, Баяншы, Сауат ашқыш, Жалқылау, айырыңқы әдіс, Қай әдіс жақсы, Әліп-би тағы да басқа оқу-әдістемелік кітаптары соның айғағы. Бұл кітаптар әлі күнге дейін құнын жоймаған, мектептерде пайдалануға болатын бағалы қазыналар. Бұдан басқа да жазу емлесі, оқу-ағарту, терминология мәселелері туралы мақалалары қаншама!
ЬІбырай мен Ахмет іс жүзіндегі (практик) ағартушылар. Екеуі де ауызбен айтып, жазып қана қоймай, мектепте өздері сабақ берген. Сондықтан да олар мектеп қажетін жақсы біледі.
Ыбырай Алтынсарин Қазақ хрестоматиясына жазған кіріспесінде Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан, көзге көрінер ешқандай пайдасы болмаса да, шәкірттерге амалсыздан... татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан, татардың кітап тілі, бұл тілді татарлардан шыққан оқымыстылардың өздері де менсінбегендіктен, араб, парсы сөздеріне лық толған; ол сондықтан сауатсыз қазақтарға түсініксіз, - деп жазса, Ахмет Байтұрсынов Оқыту жайынан [Қазақ, 11, 21 сәуір, 1912] деген мақаласында Бұл күнде қазақша оқуда кемшілік көп. Әуелі, оқу құралы кітаптар жоқ. Ноғайша (Торғай қазақтары бұрын татарды ноғай дейтін - С.О.) оқу құралдары қазаққа үйлеспейді, - дейді.
Ахмет Әдебиет танытқыш (Ташкент, 1926) атты еңбегінде де шығарма талдағанда Ыбырай өлеңдері мен әңгімелерінен мысалдар келтіреді:
Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдай тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сөйтіп сәлем жазады бүгін саған.

Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең, басыларсың.
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
Бұл Ыбырайдың Балғожа бидің баласына жазған хаты деген өлеңі екенін қазір екінің-бірі білсе керек. Осы сияқты Ыбырайдың Жәнібек батыр атты әңгімесін де мысалға келтіріп, Мазмұн түрінің аралас келетін шығарма мысалы жоғарыдағы Жәнібек батыр деген сөз деп анықтама береді.
Ахмет Ыбырайдың Қайырымды түлкі, Егіннің бастары мысалдарын әрі қарай жалғастырушы.
Бұл - қалай да халыққа жетсін, оқысын, түсінсін, ойлансын, оянсын дегеннен туындаған іс. Мәселен Ахмет Ыбырайдың Қайырымды түлкісін (12 шумақ) сол қалпында ала отырьш, оған өз жанынан:
Жеп қойды құстың жетім балапанын,
Қорықпай-ақ обалынан Түлкі залым.
Қарасаң, ел ішінде аз ба адамдар
Жеп жүрген обалсынбай жетім малын?

Пана боп, өзің сақта, құдіретім,
Кімде-кім балапандай қалса жетім.
Жұмсақ тіл, көңілі қатты залымдардың
Ете көр жетімдерден аулақ бетін, - деген екі шумақ қосып, мысалдың неге жазылып, нені мегзеп отырғанын халыққа түсіндіреді. Осы сияқты Ыбырайдың қазақшалаған Егіннің бастары 4 шумақ мысалына да:
Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенге,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан.

Және де әкесі айтты баласына:
Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл Бидай дәнсіз қапты арасында.

Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл Бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап бүлініп тұр.

Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, - оны халық, жаман, - дейді.
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам, - дейді, -
деп өз жанынан төрт шумақ қосып, И.Крылов пен Ыбырайдың айтарын халық санасына құйып, анықтай, айқындай түскен.
Жеті шумақ Қарға мен түлкі мысалын Ыбырай И.Крыловтан жеті шумақ етіп қазақшаласа, Ахмет он екі шумақ етіп қазақтардың таным-түйсігіне лайықтап қайта жазып шыққан.
Екеуінің де илегендері бір терінің пұшпағы болғандықтан, әрі ой- мақсаттары тоғысып жатқаннан кейін сөздері де қабысып, бірін-бірі толықтыра түседі.
Ыбырай қазақ журналистикасының негізін қалаушылардың бірі болса, Ахмет бұл істі де абыройлы жалғастыра білді, дамытты.
Ыбырай Алтынсарин ұлттық газет шығаруды ойлап 1879 жылы қазақ жергілікті патша әкімшілік орындары алдына ұсыныс хат жазыпты. Ол болашақ газеттің макетін жасап, 45x35 формат көлемінде сегіз бет болып шығатынына дейін көрсетіпті. Газеттің алғашқы төрт беті қазақ тілінде, кейінгі төрт беті алдыңғы төрт беттің аудармасы ретінде орыс тілінде жарық көруі керектігін айтқан. Газет Қазақ газеті деп аталуға тиіс екен. Алайда, патша әкімшілігі бұл басылымды шығаруға рұқсат бермейді.
Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени мәселелерді көтеру үшін баспасөздің атқарар қызметінің зор екенін түсінген Ахмет те ұлттық газет шығаруды ойлап, Ыбырайдың мақсат-мүддесін іс жүзіне асырып 1913 жылы биресми ұлттық Қазақ газетін дүниеге әкелді. Әлихан Бөкейханов саяси жетекшілік жасаса, өзі басшы, үзеңгілес інісі Міржақып Дулатов қосшы болды. Газеттің алғашқы кездері негізінен ағартушылық бағытты ұстануы да Ыбырай идеясын жалғастырып, жандандыра түскендей. Қазақ газеті (1913-1918) қатардағы жай газет емес, қазақ зиялыларының оянған сана-сезімінің көрінісіндей, ғұмырнамасындай, еркіндік аңсаған елдің байрағындай еді. Теңдік үшін алпауыттармен айқасқа түскен ерлердің намысын жанып, жүртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғай, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа (А.Байтұрсынұлы) бекем бел буған басылым болатын. Бұл газеттің 1918 жылғы 2 наурызда Кеңес үкіметі жапқанға дейін 265 саны жарық көрді. Бұл басылым туралы Ахметтанудың алғашқы бастаушысы - Мұхтар Әуезовтің Қазақ - елшілдік ұраны деп үлкен баға беруі де тегіннен-тегін емес-ті.
Қалай дегенде де Ахмет Ыбырайдың іске асыра алмай кеткен идеяларын әрі қарай дамытушы, заңды жалғасы...
Ыбырай Алтынсарин - бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің "желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына айналды.
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы -- қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады.
Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.
Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады.
Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды.
1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы - оның ағартушылық аса зор еңбегі.
Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.
Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.
Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.
"Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді. "Қазақ хрестоматиясы" арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.

Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы Қазақ христоматиясы (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде Сөз басы деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер Кел, балалар,оқылық, Өнер-білім бар жұрттар деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды.
Кел, балалар,оқылықөлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ал өнер- білім бар жұрттар өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған Өсиет өлеңдер, Әй жігіттер тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді.
Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен,
Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз
Азған елдің ішінен
Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар...
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған.
"Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

Мал, дәулеттің байлығы -
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысал жанрының ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар
А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми педагоги- калық негіздері
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының рухани көсемі ретіндегі орны
Ахмет Байтұрсынов дүние танымының қалыптасуы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
Пәндер