Бейнелеу өнерін үйретуде карикатура әдісі арқылы ересек топтағы балалардың танымын дамыту


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік - гуманитарлық коледжі
Педагогика пәнінен курстық жұмыс
Бейнелеу өнерін үйретуде карикатура әдісі арқылы ересек топтағы балалардың танымын дамыту
Орындаған :
Жетекші :
2016 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйрету әрекеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымын бейнелеу өнері арқылы дамыту
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу әрекеттерін дамыту кезеңдері мен алғышарттары . . . 20 2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу әрекеттерінің ерекшеліктері . . . 25
2. 3 Ересек жастағы балаларға бейнелеу әрекеттерін үйрету арқылы оның танымын дамытудың әдістері . . . 31
Қорытынды . . . 44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 46
Қосымша 1
Кіріспе
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады.
Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.
Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.
Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.
Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту - үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.
Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеуі дегеніміз - олардың қиялынан туындаған көріністердің және құлағымен естіп, қолымен ұстаған нәрселердің және тағы да басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қалдырғанда ғана тиісті мағұлматты есте қалдыруы.
Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Бүгінгі таңдағы өркениетті елдердің жаһандану белесінде болып жатқан түбегейлі жаңғыруындағы басты мәселе: қоғам саласының ғаламдануы мен білім мен тәрбие мазмұнының жаңаруы. Мұндай өзгерістерге дайындау, қалыптастыру, қамтудағы игі істер білім беру саласының басты мақсаты.
Бұл ұлағатты мақсаттың жүзеге асуының тиімділігі бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш пен балабақшаға тәуелді болатыны айдан анық. Өйткені, адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктерінің 80% -ті осы бастапқы оқу кезінде қалыптасатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.
Қазір елімізде мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің қамтылу деңгейі 36, 5 пайызды құраса, бұл көрсеткіштің алдағы онжылдықта еселеп өсері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы уақытта тәрбие мен оқытудың жаңа бағдарламалары жүзеге асып, еліміздегі балғын бүлдіршіндердің болашағына жарқын жол ашылмақ.
Болашақта жері мен дәулеті, ұлттық болмысы сақталып қалу үшін ұрпақты дұрыс тәрбиелеп білімнің саналы да сапалы болуын қамтамасыз ету - педагог мойнындағы жаупкершілік, себебі баланың дүниетанымы, интеллектуалдық дамуы мектеп қабырғасында қалыптасады. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы да қарқынды, сол өмір ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ дайындау - білім беру мекемелеріне жүктелген дүние болғандықтан, түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар іске асырылуда. Мектепке дейінгі білім беру мазмұны заңдар мен құжаттарға негізделген. Бағдарламалар жасалып, іс жүзінде іске асырылуды.
Ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені - мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Жүрген жерінің жүрегіне айнала білетін тәрбиелі, білімді, қабелетті, дарынды педагогтардың күн санап өсе түсетіндігіне біз де кәміл сенімдіміз.
Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс - тәсілмен берілетін тәлім - тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Сондықтан зерттеу мәселесінің өзектілігі баланың жан - жақты дамуында маңыздылығы басым.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Хакім Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болға адам білімді болады» - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» [8] .
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ [9] . Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Тарих көші жылжыған сайын - жаңа ұрпақ пен жаңа қоғамның жаңалықтарға деген сұранысы күн санап арта бермек. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы бүлдіршін мен қазіргі заман баласының арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Тіпті, ширек ғасыр демей-ақ, әрбір бес-он жыл сайын ауысып келіп отыратын балдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды, олардың сан қырлы сипаттарын санамалап кете беруге болар еді. Өйткені айнала қоршаған ортаның, болашақты тәрбиелейтін қоғам мен заманның күнбе-күнгі өз-герісінде соншалықты шапшаңдық бар.
1-сурет. Мектепке дейінгі мекемеде “білім саласын” ұйымдастыру түрлері
Баланы сан қырлы әмбебап иесі етіп баулитын заман туды. Қазіргі заман баласы алдындағы педагог беделінің жоғары болуын күнбе-күнгі зымыран жылдамдықпен өсіп отырған жаңа заман талап етіп отыр. Білім мен білігті, ақыл мен парасаттылықты, оқу мен ғылымды, еңбекқорлық пен ізденімпаздықты ұштастыра қызмет етсек, жаңа заман шәкірттерінің алдында педагог беделінің жоғарылай түспесе, кемімейтіндігі айқын деп есептеймін.
Баланың əрбiр толғанысы, əсерленуi мен əрекет-қылығы санада бiршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажеттi жағдайларда қайта жаңғыртуға келетiн iздер салатыны баршаға мəлiм.
Бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар балардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер мәселелеріне көңіл бөлінген.
Бүгінгі таңда бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын дамыту мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті деп баланың жеке басының жан -жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, өздерінің алған әсерлерін графикалық және пластикалық формада шынайы әрі шығармашылықпен бейнелей білу қабілетін тәрбиелеуге жәрдемдесетін көркемдік іс-әрекетті түсінеміз. Бейнелеу өнеріне баулуда балалар сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, конструкциялауға үйренеді [12] .
Бейнелеу сауатын құрайтын бейнелеу құралдары мен әдістерінің барлық жиынтығын бала меңгере алмайды. Әрбір өнердің әсерлі құралдарының ерекшеліктерін педагогтың білуі олардың әрқайсысын бала түсініп, игеретінін және қайсысы балаға түсініксіз екенін анықтауға жәрдемдеседі.
Бейнелеу өнері негіздерін оқып үйрену процестерінде шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты суретшілердің алуан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы өзгеше болатынын балалар меңгереді.
Жалпы бейнелеу өнері туралы мәліметтерге көз жүгіртсек, өнер талай сыннан өткендігі байқалады. Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы - күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі.
Түрлі жағынан көріне отырып, осы дүниетанымдық принциптер дамудың бүгінгі күнгі сатысында да бейнелеу өнерінің негізгі тірегі болып отыр және сол арқылы қазақтың бейнелеу өнерін жалпы дүниежүзілік мәдени кеңістікке үйлесімді түрде енгізуде.
Келесі жайды айта кетуіміз керек, бейнелеу және мүсін өнері өз техникасы, техноголиясы, әлеуметтік қызметі тұрғысынан алғанда Батыстан әкелінген бейнелеу өнерінің жаңа болса да, оның бүкіл жолы, ежелгі қайнар бұлағы бар қазақ өнерінің қуатты діңгегінің жаңа көгерген бұлағы тәрізді үйлесе дамуға толы болды. Сюжеттер ғана емес, суретшілердің ұлттық мінез-құлқы, менталитеті, қоршаған ортаны түсіну және бейнелеу тәсілдері, тікелей немесе жанама түрде бейнелеу және мүсін өнерінің сырттан келген тәсілдерінің арасынан көп ғасырлық көшпелілік өмірге негізделген, өзіндік ерекшелігі бар ұлттық сезімнің қайталанбас лебінің соғып тұруына ықпал етті. Соңғы онжылдықтардағы өнердің ерекшеліктері ұлттық сана сезімнің парасаттылық, философиялық дәрежесінің сапалық тұрғыдан алғанда өрлеуіне ықпал ететін, өнердің рухани толысуы мен жоғарғы кәсіби деңгейінің ұштасуы болды.
Классикалық академиялық халықтың көпғасырлық тарихының өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.
Ал осы үлкен өнерге балаларды қалай баулимыз?
Әрине балабақшадан басталады. Балабақшада бейнелеу өнерімен шұғылдану болмысты танудың тиімді құралы болып табылады және сонымен бірге көзбен көріп қабылдау, қиялдау, кеңістікті елестете білу, есте сақтау, сезім және басқа психикалық процестердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемдеседі.
Бейнелеу іс-әрекетінде мектеп жасына дейінгі балалар бірқатар графикалық және кескіндемелік білім мен дағдыларды меңгеріп, қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды талдауға үйренеді.
Сурет салу, мүсін жасау, конструкциялау сабақтарында жеке басының табандылық, мақсаттылық, ұқыптылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттері қалыптасады.
Бейнелеу өнерімен шұғылдану мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуына, олардың сөздік қорының байи түсуіне жәрдемдеседі. Педагог үйретудің негізгі әдістерінің бірі ретінде сөзді пайдаланады: сабақтың тақырыбын хабарлайды, тапсырманың орындалу ретін әңгімелеп береді. Тәрбиешінің айқын, әсерлі сөзі балаға бейнелеу процесін терең ой елегінен өткізуге көмектеседі.
Бейнелеу іс-әрекетін дамыту мәселесіне көптеген ғалым, педагогтардың зерттеулері арналған. Италияның өнер зерттеушісі Коррадо Риччидің «Суретші балалар» атты еңбегі (1887 ж. ) балалар суреттерін психологиялық талдауға арналған. Балалардың көптеген суреттерін зерттей отырып, бейнелеу шығармашылығының өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама берген.
Мұнан кейінгі жылдарда көркемөнер тәрбиесін дамытуда: балалар шығармашылығының мазмұны қазіргі заманғы болмысты бейнелеу болып табылатынын, ал осыған байланысты баланығ қоршаған өмірмен етене араласуына қамқорлық жасау қажеттігін мойындау, тәрбиелік мақсаттардағы өнердің және балалармен жұмыс жүргізуде оны пайдаланудығ маңызын түсіну; баланың шығармашылық қабілеті тек мақсатты педагогикалық ықпал жасаудың әсерімен ғана ойдағыдай дами алады деген пікірдің орнығуы сияқты неғұрлым дұрыс тенденциялар байқалды.
Бұл мәселелерді шешуде Е. А. Флерина үлкен роль атқарды. Ол бейнелеу іс-әрекеті әдістемесінің негізін қалады. «Балалар суреті» (1924ж. ) жұмысында балалар шығармашылығына басшылық жасау негізінде алынған принциптерді белгіледі:
- кеңінен эстетикалық тәрбие беру;
- байқампаздықты, түс пен ырғақ сезінуді дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттерін дамыту аса маңызды мәселе. Ал кез келген іс-әрекетке деген қабілет әрбір тұлға бойында бар болғанымен туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әр түрлі. Дамудың ең жоғарғы баспалдағына дарынды талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.
Психологияда ұғымдарды жалпы және арнаулы қабілет деп бөледі. Бейнелеу іс - әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады.
Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін психиканың ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.
Бейнелеу іс - әрекетіне қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, қиялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.
Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері толық қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.
Бейнелеу іс - әрекетін қамтамасыз ететін және осы іс - әрекет фонын құрайтын қасиеттер белгілі бір эмоциялық көңіл - күй болып табылады.
Оқыту жүйесін жасаған кезде бейнелеу және құрастыру әрекеті құрылымының осы ерекшеліктерін ескерген жөн.
Бейнелеу әрекетіне қабілеттілік әр адамның бойында дамыған болуы мүмкін. Бірақ осы іс - әрекетке туа біткен жақсы нышандары бар адам өнер саласында творчестволықпен жұмыс істей алатындай дәрежеге дейін қабілетін дамыта алады, бұл кезде қолайлы нышандары неғұрлым аз адамдар қабілетін заттарды сауатты, графикалық жағынан дұрыс бейнелей алатындай дәрежеге дейін ғана дамыта алады.
Бейнелеу қабілетін дамыту үшін маңызды мәні бар анатомо - физиологиялық ерекшеліктерді қарастырып көрелік.
Кез келген саладағы қабілеттілікті дамытуда үлкен роль жоғары дәрежелі нерв қызметінің үлесіне тиеді. И. П. Павлов адам бойында оның қабілетін анықтайтын жоғары дәрежелі нерв қызметінің екі типі - көркемдік және ойшылдық (ақыл - ой ) туралы жазған болатын.
Бірінші - көркемдік типте ойлау бейнелі, айқын, әсерлі болып келеді. Екінші - ойшыл типте ойлау абстракциялы, сөздік формаларға ие. Көптеген адамдар аралас типке жатады, олардың ойлауы бейнелі де, абстракциялы да болып келеді.
Тиісті жағдайларда жоғары дәрежелі нерв қызметінің көркемдік типіне жататын адамдарда бейнелеу қабілетттілігі неғұрлым жоғары даму дәрежесіне жете алады.
Бейнелеу қабілетттілігін ойдағыдай дамыту үшін көру аппараттары құрылысының да маңызы бар. Көздің анатомиясындағы немесе физилогиясындағы болмашы кемістік түсті сезе білуге әсерін тигізеді, ал түсті сезе білу суретші үшін соншалықты маңызды. Көзінің тор қабығының қолбалық аппаратының әрекеті бұзылған адам түсті ішінара ажырата алмаудан жапа шегеді, көбіне қызыл немесе жасыл түстерді ажырата алмайды (дальтонизм) . Дальтонизмнен жапа шегетін адамдар спектр түсін негізгі екі тонда - сары және көгілдір тонда қабылдайды. Мұндай адам айналадағы заттардың бояуын дұрыс қабылдап, оны живописть құралдарымен бере алмайтыны айқын.
Көздің өткірлігі де, яғни заттарды алыс қашықтықтан айыра білу қабілеті де көру аппаратының құрылысына байланысты. Көздің белгілі бір қашықтықтан айыратын заты неғұрлым кіші болған сайын, оның өткірлігі де соғұрлым жоғары болады. Кеңістікті көру көздің микроқозғалыстарының көру актісіне қатысуына байланысты.
Көру аппаратының кемістігі бар адам живописть саласында бейнелеу қабілетін дамытудың жоғары сатысына жете алмайды, ол бар болғаны дұрыс графикалық бейнелей білуге ғана ие болуы мүмкін. Скульптура саласында шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытуға көздегі кемістік көп кедергі жасамайды, дегемен де толыққанды шығармашылықпен айналысу мүмкіндігін шектейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz