Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы


БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ

ЖӘНЕ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 6

1. 1 Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы сипаттама 6

1. 2 Еңбек ресурстары және экономикалық белсенді халық 14

1. 3 Әлеуметтік және кәсіптік құрылымы 15

2 ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ 18

2. 1 Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік жағдайға жалпы сипаттама 18

2. 2 Экономикалық жағдайы жоғарғы деңгейдегі аймақтар 20

2. 3 Экономикалық жағдайы орта деңгейде дамыған аймақтар 21

2. 4 Экономикасы артта қалған аймақтар 22

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИГРАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ 26

3. 1 Қазақстандағы көші-қонның жалпы сипаттамасы 26

3. 2 Қазақстан көші-қонының халықаралық миграцияда алатын орны 30

3. 3 Көші - қонның Қазақстанның демографиялық жағдайына әсері 44

ҚОРЫТЫНДЫ 45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48

ҚОСЫМШАЛАР 50

Қосымша А 50

Қосымша В 51

КІРІСПЕ

Социалистік даму моделінен әлеуметтік - нарықтық даму моделіне өту кезеңі, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам үшін күрделі этап болып табылды. Ол экономикалық дағдарыс, әлеуметтік сфераның бұзылуы, жаңа нарықтық инфрқұрылымды құру қиындықтарымен, қоғам санасын өзгертумен, кең ауқымды көші-қонмен қатар жүрді. Осыған орай Қазақстандағы демографиялық жағдай көптеген өзгерістерге ұшырады. Яғни туу, өлу немесе халықтың табиғи өсімінің көрсеткіштері өзгерді. Сонымен қатар демографиялық дамудың тағы бір маңызды факторы болып табылатын көші-қон жағдайы жаңа сипатқа ие болды. 1990 жж-дағы ішкі және сыртқы миграция миллиондаған адамды қамтыды. Өзгеріске ұшыраған геосаяси жағдайларында олардың сипаты мен бағыты кеңестік кезеңмен салыстырғанда түбегейлі өзгерді. Бұрынғы КСРО-ның унитарлы мемлекеттері ішіндегі қоныс аударулар мемлекет аралық миграция статусын иеленді.

Қарастырылмақ тақырыптың өзектілігі республикамыздағы демографиялық және миграциялық ерекшеліктердің себептерін, яғни әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тигізетін әсерін зерттеу болып табылады. Себебі көптеген жағдайларда демографиялық даму мен көші-қонның жалпы сипаты, түрлері ғана қарастырылып, ал олардың себептері ескерусіз қалып жатады.

Зерттеу мақсаты осы күнгі халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын, перспективаларын, көші-қон басқармасы жүйесінің заңшығару базасын зерттеу. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясын әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты топтастырып, оның демографиялық және көші-қон жағдайына әсерін анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі бірқатар сұрақтар қарастырылды:

- Қазақстанның демографиялық даму кезеңдерінің сипаттамасы;

- Аймақтардағы демографиялық жағдай;

-Халықтың жастық жыныстық құрамы, оның құрылымы;

-Халық санына жасалған болжам;

-Қазақстан бойынша миграциялық үрдістердің даму перспективалары мен тенденциялары;

- 20 ғасыр қарамағындағы миграцияның жаңа типінің сараптамасы;

- Халықтың миграциялық қозғалысының құқықтық қадағалануына жасалған бағалау;

- Көші-қон ағындарына жасалған болжам;

-«Көші-қонның» теориялық ұғымы, олардың негізгі түрлері мен типтері;

-Қазақстандағы көші-қонның заңдылық базасының жай-күйі мен проблемаларын салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;

- Көші-қон процесінің аймақтық ерекшеліктері;

-1990-шы жылдардағы көші-қон процесінің динамикасының негізгі факторларын ашып көрсету;

- Көші - қондардың қазақтың әлеуметтік - кәсіби құрамына тигізетін әсерін анықтау;

- Көші - қон процестері тенденциялары бағыттарының өзгерістері және қазіргі кездегі көші - қондардың жаңа түрлеріне талдау жасау;

- Шетелдердегі қазақтарды ата - қонысына қайтару саясатындағы сөзсіз қол жеткізген табыстар көлеңкесінде шоғырланған қиыншылықтар мен келеңсіздіктерді зерделеу;

- Зерттеу нәтижесінде түйінделген қорытындылар бойынша Қазақстандағы көші-қон процесінің бағытын анықтап, оған жоспарлылық сипат беруге септілік тигізуі мүмкін деген ойлар мен ұсыныстар білдіру;

Қазақстандағы миграциялық процестердiң жаңа тенденциялары және даму мүмкiндiктерi қарастырылған. 20 ғасыр таңындағы миграцияның жаңа типтерiне сараптама жасалды.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде Қазақстан халқының демографиялық дамуы мен көші-қон қозғалысының сараптамасын, табиғи өсуі мен миграциясына болжам жасау көзделген. Қазақстан демографиясы мен миграциясын зерттеу әдістемесі пәнаралық қатынас тұрғысында негізделген: ең алдымен әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық, саяси-құқықтық және этномәдени. Зерттеліп отырған нысанның моделі, факторлық сараптамасы, вариативтік болжамдарын жасау пәнарлық қатынас және интегративті технология болмаса мүмкін емес. Сараптама шешімдері нақты мәлімет көздерінен алына отырып жасалған: демография және миграция бойынша статистикалық мәліметтер, заңдар, қаулылар және басқа да нормативті-құқықтық актілер мен құжаттар.

Бітіру жұмысы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайына жалпы сипаттама берілген. Екінші бөлімде Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік жағдайға сипаттама берілді. Ол аймақтар даму деңгейіне қарай үш топқа топтастырылып, осыған сәйкес аймақтар арасындағы демографиялық ерекшеліктердің қалыптасуы зерттелді. Аймақтар арсындағы әлеуметтік ерекшеліктер әсіресе көші-қон жағдайына ықпалын тигізетіні байқалды. Бұл үшінші бөлімде қарастырылған. Сонымен қатар бұл бөлімде Қазақстандағы көші -қон жағдайына толық сипаттама берілді.

Зерттеулер негiзiнде келесiдей қорытындыға келуге болады:

1990-1997 жылдар аралығында республикамызда табиғи өсім көрсеткіші төмен болды, Қазақстаннан шетелдерге қарай бағытталған миграциялық ағындардың өсуi байқалады. Бұл экономикалық сипаттағы белгiлi бiр мәселелер шеңберiн тудырды. Жылдан жылға мемлекетіміздің дамуына, әлеуметтік жағдайының көтерілуіне байланысты демографиялық жағдай жақсарып келеді, 2000 жылы табиғи өсім оң көрсеткіш көрсетті, көші-қон ағыны да өзгерді, тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы сыртқа қайтымсыз көшу ағыны тоқтады. Көші-қон тұрақталды

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1. 1 Қазақстанның демографиялық жағдайына жалпы сипаттама

Демография (грек. demos және grapha) - белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, территорияға бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демографиядағы ең басты мәселе - халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау.

Егемен Қазақстан - біртұтас мемлекет. Оның аумағының көлемі - 2 млн 794 мың км. Мемлекет Еуразия материгінің орталық бөлігінде және әлемнің екі бөлігінде: аз бөлігі Еуропада, ал көп бөлігі Азияда. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 12187 мың км, оның 12 мың км-ден астамы құрлықта: Ресеймен - 6467 км, Өзбекстан Республикасымен - 2300 км, Қырғызстан Республикасымен- 980 км, Түрікменстан Республикасымен - 380 км, Қытаймен - 1460 км, Каспий теңізі арқылы - 600 км өтеді.

Бүгінде Қазақстан құрамында 14 облыс, республикалық бағыныстағы 2 қала (Астана мен Алматы), 159 аудан, 84 қала, 193 қала үлгісіндегі кент бар. Селолық жерлердегі селолар мен ауылдар саны 8 мыңға жуық [1] .

Қазақстан Республикасының халқының саны 15 219 291 адам. Қазақстан тұрғындары бірқалыпты орналаспаған. Халықтың орташа тығыздығы бір шаршы километріне 5, 5 адамнан келеді, Оңтүстік Қазақстанда көрсеткіш жоғары - бір шаршы километріне 17 адамнан келеді; төмен көрсеткіш Маңғыстау, Атырау облыстарында бір шаршы километріне 2 адамнан келеді (Қосымша В) .

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуына орай демография ғылымына жүктелетін жауапкершілік күрт өсті. Біріншіден оның алдына дербес даму жолына түскен елдің шын мәніндегі демографиялық ахуалын анықтау қажеттігі көлденең тартылды. Қазақстандағы демографиялық дамудың бiрiншi кезеңiнде (1970 жылдарға дейiн) өлу деңгейi тууға қарағанда тез төмендеп кеттi. Табиғи өсiм көбейiп, 1960 жылы ел тарихындағы ең жоғарғы шамаға жеттi (306 мың адам, немесе жылына 3 промиль) .

Екiншi кезеңде (1970-1987 жж. ) туу мөлшерi тұрақталып, кей жылдары тiптi көтерiлiп отырды. 50-шi және 60-шы жылдардағы көп ұрпақ отбасын құрды. Қоғамдағы қарт адамдардың тобының көбеюi өлу деңгейiн көтердi. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи өсiм екi есеге дерлiк қысқарды. Бiрақ абсолюттiк мөлшерде ол рекордтық 1960 жылдан көп төмен болған жоқ, республика халқы ол уақыт аралығында екi есеге дерлiк өстi.

Үшiншi кезеңде (1987-1999 жж. ) туудың кезектi құлдырауы басталып - ол 30-шы жылдардағы аштық пен Ұлы Отан соғысының демографиялық “жаңғырығы” тәрiздi едi. Туу көрсеткiшiнiң төмендеуiне 1990 жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс пен Қазақстаннан жас және орта жастағы адамдардың көшiп кетуi де себеп болды. 1999 жылғы туу (209 мың адам) мен табиғи өсiм (65 мың адам) соғыстан кейiнгi кезеңнiң ең төменгi көрсеткiшi болды. Ал 1995 жылы өлiм деңгейiнiң ең жоғарғы көрсеткiшi (168 мың адам) тiркелдi.

2000 жылы демографиялық дамудың төртiншi (қазiргi) кезеңi басталды. Оның ерекше сипаттары - туу мен табиғи өсiмнiң жоғарылауы. Ол 1980 жылдардың екiншi жартысында дүниеге келген ұрпақтың неке жасына жетуiмен байланысты. Екiншi бiр негiзгi себеп - экономика мен елдiң тұрмыс деңгейiнiң көтерiлуi болып табылады. Тәуелсiздiк алған жылдардың iшiнде алғаш рет 2002 жылдары халық саны көбейе бастады. 2004 жылдың 28 мамырында ол символдық шектен асты - халық саны қайтадан 15 млн. -ға жеттi (1-кесте) [2] .

Облыстар мен iрi қалаларды халықтың табиғи өсiмi (қазақстандық өлшеммен алғанда) төмен, орташа және жоғары деп үш топқа бөлуге болады. Солтүстiк Қазақстан облысының демографиялық жағдайы күрделi. Мұнда аз қамтылған отбасылар аз, сонымен қатар әдетте бала саны аз болып келетiн орыстардың, украиндар мен белорустардың үлесi көп. Сондықтан бұл облысқа елдегi ең аз туу көрсеткiшi тән. Ал өлудiң ең жоғарғы деңгейi қартаң адамдардың көп болуымен түсiндiрiледi. Дегенмен бұл облыста да өзгерiстер байқалуда. Туудың мөлшерi көбейiп, өлу бiртiндеп азайып келедi. 2005 жылы көп жылдардан кейiнгi оң табиғи өсiм күтiлуде.

Республикамыздың белгілі демографы академик М. Тәтімов Қазақстандағы табиғи өсім құбылысында келесідей кезеңдерді айрықша атап көрсетеді: бірінші демографиялық толқын Ұлы Отан соғысынан кейін болды. Ол кезде туған балаларды Сталиндік ұрпақ деп атайды - ол түсік түсіруге қарсы болды, ұрпақсыздыққа салық салды, балалары бар отбасылар мемлекет тарапынан көмек алды. Осы толқын 60-шы жылдардың басына дейін жалғасып келді.

Кесте 1 Қазақстан Республикасының халық саны (жыл басына, адам)

Барлық халық
Барлық халық:
2004
2005
2006
Барлық халық: Қазақстан Республикасы
14951200
15074767
15219291
Барлық халық: Ақмола
748930
747185
746652
Барлық халық: Ақтөбе
671812
678607
686698
Барлық халық: Алматы
1571194
1589751
1603758
Барлық халық: Атырау
457215
463466
472384
Барлық халық: Батыс Қазақстан
603832
606534
609291
Барлық халық: Жамбыл
985552
992089
1001094
Барлық халық: Қарағанды
1330927
1331702
1334438
Барлық халық: Қостанай
913435
907396
903178
Барлық халық: Қызылорда
607491
612048
618249
Барлық халық: Маңғыстау
349668
361754
374430
Барлық халық: Оңтүстік Қазақстан
2150256
2193556
2233568
Барлық халық: Павлодар
745238
743826
742411
Барлық халық: Солтүстік Қазақстан
674497
665936
663126
Барлық халық: Шығыс Қазақстан
1455412
1442097
1431180
Барлық халық: Астана қ. ә.
510533
529335
550438
Барлық халық: Алматы қ. ә.
1175208
1209485
1247896

Мемлекетіміздегі екінші демографиялық толқын социализмнің шарықтау кезеңінде болды. Баласы бар отбасыларына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінді, балабақшалар, соның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар болды, батыр аналарды медальдармен марапаттады. Ғалым бұл кезеңнің ұрпақтарын Қазақстанға қатысты «Қонаев ұрпақтары» деп атайды. 1985-1987 жылдардағы осы толқынның шарықтау шыңы Қонаев басшылығымен сәйкес келеді. Қазақстан үшін демографиялық «жарылыстың» үшінші толқыны 2000 жылы басталды. Оның шыңы 2010-2015 жылдары күтілуде. Бұл жаңа, егеменді кезеңнің ұрпағы. Ғалым оны «Назарбаевтың ұрпақтары» деп атайды. Осы толқын неғұрлым ұзақ болса, оның қайталануы да соғұрлым ұзақ болып, демографиялық «жаңғырық» ретінде бүкіл 21 ғасырға созылады [3]

Сурет 1 Қазақстан Республикасының халқының саны

Бiздiң елiмiзде 1000 қыз балаға есептегенде 1045 ер бала туады және төменгi жастарда ер адамдардың саны басым. Еркектердiң үлес салмағы өлудiң жоғары дәрежесiне байланысты азайып, жыныстардың арақатынасы теңеледi, ендi әйелдер саны көбейе түседi.

Қазiргi уақытта Қазақстандағы әйелдер саны еркектерден 560 мыңға артық. Олар халықтың 52 %-ын құрайды. Орта есеппен алғанда 1000 еркекке 1077 әйелден келедi. Республика әйел саны басым елдер тобына жатады. (2-сурет)

Бiздiң елiмiздегi еркектер саны басым жерлер - ШҚО Тарбағатай ауданы (1000 әйелге 1056 еркектен келедi) және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы, ал әйелдер саны басым Алматының Алмалық және Әуезов аудандары, сонымен қатар Петропавл, Орал және Талдықорған қалалары. Әйелдер санының басымдылығы Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматыда да байқалады. Оның мөлшерi туу дәрежесi жоғары Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында әйелдер мен еркектер санының айырмасы ең үлкен.

еркектер әйелдер

Сурет 2 Халықтың жас-жыныс пирамидасы жыл басына, пайызбен

Әкiмшiлiк аудандарда әр түрлi арақатынастар: әйелдердiң басым болуы, жыныстардың саны бiрдей болуы немесе еркектердiң санының көп болуы кездеседi. Бiрақ олардың 3/5-i көбiнесе “әйелдер” ауданы болып есептеледi.

Жасына қарай халықты үш топқа бөледi: бiрiншiсiне - 0-ден 14 жасқа дейiнгi балаларды, екiншiсiне ересек адамдарды (15-59 жас) және үшiншiсiне - егде адамдарды (60 жас және одан асқандар) [3] .

Қазақстан халқының құрылымы жас бойынша өзгеруде: ересек және егде адамдардың үлесi өсiп, керiсiнше балалардың үлесi төмендеуде. Оның географиялық бейнесiн 3 аймақтың тобы құрайды. Бiрiншi топқа халқы ең кәрi Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласы жатады. Олардағы қарт адамдардың саны 13%- дан асты, ал Солтүстiк Қазақстан облысында -14%. Екiншi топты халқының жастық құрылымы ең жас Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары құрайды Мұндағы қартаю коэффициентi Қазақстан бойынша ең төмен. Қазақстан халқынан қарт адамдардың алатын үлесi. Елдегi халқы ең жас - Маңғыстау облысы. Егде адамдар тұрғындардың небәрi 5, 8 %-ын құрайды. Қалған аймақтар мен Астана қаласы үшiншi аралық, ең саны жағынан көп топқа жатады.

Қазақстан әлемдегi көп ұлтты мемлекеттердiң бiрi. Онда тегi, мәдениетi әр түрлi, бiрақ тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстардың өкiлдерi мекендейдi. Олардың санына

1) негiзiнде бiздiң елiмiзде тұратын қазақтар

  1. КСРО -ның бұрынғы республикаларына жататын адамдар тобы
  2. алыс шетелдерге жататын адамдар тобы (немiстер, поляктар, еврейлер, кәрiстер, гректер) кіреді.

Қазақстан халықтары саны бойынша ерекшеленедi. Қазақтар (8, 7 млн. адам) мен орыстар (4 млн. ) ел халқының 84 %-ын құрайды. Көп санды ұлттарға 100 мыңнан астам адам сонымен бiрге украиндер, өзбектер, немiстер, татарлар мен ұйғырлар жатады. Республика халықтарының 95%-ын осы 7 халық құрайды. 1999 жылғы халық санағы бойынша, бiздiң елiмiзде саны 10 адамнан аз 17 этностың өкiлдерi тұрады. Олардың iшiндегi нганасандар, орочилер, ливтер, селькуптар, ульчалар және т. б. бар [4] .

Қазақтардың республикадағы жалпы саны 7, 073 мың адам. Ал осы жылдың ортасына дейінгі мәлімет бойынша олардың дүние жүзіндегі жалпы саны 10 млн. 560 мың болып отыр. Айта кететін жайт: бұл қазақ халқының дүние жүзіндегі ең ірі ұлттардың қатарына қосылғандығын көрсетеді.

Таяуда республиканың парламенті «көшіп келу туралы» Заң қабылдады. Мемлекеттің егемендігі мен өзіндік сипатына нұқсан келтірмеу мақсатымен жаңа Заңда сырттан көшіп келу тәртібі бұрынғыдан әлдеқайда қатайтыла түсті. Сонымен қатар ол Заңда сыртта жүрген отандастарымыздың елге оралуына байланысты көптеген жеңілдіктер жасау көзделген. Мұндай артықшылық «Азаматтық туралы» Заңда да айрықша ескерілген. Егер тұратын елдің заңы бойынша қос азаматтыққа рұқсат етілген болса, ендігі жерде шетелде тұратын қазақ азаматтары республикаға көшіп келмей-ақ Қазақстанның азаматтығын ала алады. Алдағы қабылданған бірқатар заңдарда да шетелдік отандастарымыздың мүдделері жан жақты ескерілетін болады.

Әрине, қай жерде өмір сүру - әр адамның жеке өзі шешетін мәселе. Оның үстіне өзі тұратын елдің заңына сәйкес шешілетін мәселе. Қазақ үшін басқа елге көшу тұрмақ, басқа ауылға көшудің өзі қиын. Оның үстіне шетелдегі ағайындардың басым көпшілігі Қазақстанда тұрмаған, өскен ортасы, алған тәрбиесі басқаша. Сондықтан да дүние жүзіндегі қазақтар қай елде жүрсе де өзін Қазақстанның өкілі сезінетіндей, қазақ азаматы сезінетіндей жағдай жасау біздің болашақтағы мәртебелі міндетіміздің бірі. Қазақ азаматы қай жерде де өз ұлтының озық дәстүрлерін, тілін сақтаса, асыл қасиеттерін ардақ тұтса, атамекенге деген сезімін әлпештей білсе, туған халқы алдындағы перзенттік парызын өтеп ж р деп білеміз. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы барысында құрылған. Ол құрылтайдың барысында әлем қазақтарының орталығына бұл орайда көп міндет жүктелмекші. Ол ұлт өмірін жан жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі ең өзекті деген мәселелерді терең талқылай отырып, тиісті орындарға нақты ұсыныстар жасауы керек. Ұлт бірлігін нығайтудың ұйтқысы болу керек. Мысалы қазақтар: егеменді республикада 1, 665 мың, шетелдерде 1, 535 мың [5] .

Демографиялық процестерге ықпал әлеуметтік-экономикалық, рухани, мәдениет танушылық, саяси құқықтық іс әрекеттер арқылы жанама түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Ал таза демографиялық даму тек өз заңдылықтарына байланысты жүргізіледі. Өйткені демографиялық организмнің әлеуметтік тарихи пісіп жетілу сатылары бар. Оған, ең алдымен объективтілік тән яғни, әлеуметтік демографиялық заңдарды бұзу қоғамға тек залал келтіреді. Демографтардың негізгі міндеті әр елдің өзіне лайықты демографиялық модель қарастыру. Әрине теориялық оңтайлы модель - сол ұлтпен ұлыс тіршілігінің тиісті демографиялық кейпіне демографиялық даму жолын ұйымдастыру, айталық қазақ ұлты үшін оңтайлы модель оның тез өсуін, өз еліне жиналуын иммиграциялық топтасуын, әлеуметтік жағынан тез оңалып жетілу санының да артылуын көздейді. 20- ғасырдың аяғында туу қарқыны тым бәсеңдеп кеткені белгілі. Сонымен бірге 90-шы жылдарыдағы экономикалық дағдарыс салдарынан жұртшылықтың тұрмыс жағдайы төмендеп, адам ғұмырының ұзақтығы қысқарды, өлу коэффициенті көтерілді. Сондай-ақ медициналық көмектің қысқаруы белгілі бір дәрежеде өлім-жітім көрсеткіштерінің өсуіне соқтырды.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқының 57% қалада, 47% ауылда тұрады. Соңғы деректер бойынша, қазақтардың жартысы қалаға қоныстанды. Біздің ойымызша бұл маңызды өзгеріс қазақ үшін ұлт тарихындағы екінші өркениеттік құбылыс. Бірінші маңызды бетбұрыс 1928-1934 жылдары болған еді. Сол тұста қазақ көшпелі тіршіліктен аз мерзімнің ішінде отырықшы халық санатында келген болатын. Екінші бетбұрыста қазақ аграрлық этнос санатынан кенттелген ұлт қатарына қосылмақ. Иә, бұл дәуірлік қадам болмақ. Сонымен ендігі жерде қазақ буржуазиялық жекеменшікшіл ұлтқа айналмақ.

Елбасымыздың 2001 жылғы желтоқсанда бір топ қазақ ғалымдарымен және жазушыларымен болған кездесуде айтқан мына бір пікіріне назар аудармасқа болмайды: «Біз кенттелуге жаңадан келе жатырмыз. Түбі мұнша халық ауылда тұрмайды. Мен тұрғызғым келсе де тұрмайды олар . . . Менің ойымша, қазір емес, ендігі жылы емес, бес жылдан кейін емес, он жылдан кейін емес, жиырма жылдан кейін ауылда 15-25 % ел ауылда қалады. Бірақ нағыз қазақтар келеді қалаға, тіліменен, діліменен тәрбиеленіп келеді. Ол қазақтар қаланың өзін даладай қылады кезінде. Қалаға дала өмірінің дархандығын ала келеді» [6] .

Аумақтың ауданы бойынша Қазақстан 9-шы орында екендiгi белгiлi. Бiрақ халықтың саны жөнiнен бiз әлемде 61 орында ғанамыз. Халық санының аз болуы аумақты игерудi, iшкi көлемдi рыноктiң қалыптасуын, еңбек әлуетiнiң ұлғаюын шектейдi. Ол елдiң қорғаныс қабiлетi жөнiнен де қолайсыз фактор болып табылады. Сондықтан халық санының көбеюi - мемлекеттiң басты факторларының бiрi болып саналады.

“Қазақстан-2030” стратегиясына меже - 25 млн. адам деп аталған. Демографтардың есебi бойынша, 2010 жылы елде 17, 5 млн. тұрғын, ал 2015 ж. - 20 млн. болуы мүмкiн. Мұндай болжамдар iшкi және сыртқы факторларды есепке ала отырып жасалған [7] .

Iшкi себептерге елдегi ең саны көп ұрпақтың (400 - 420 мың адам) неке жасына жетуi жатады. Сонымен қатар Қазақстан тууды көбейтуге бағытталған белсендi саясатқа көшуде. Сыртқы факторлардың iшiнен ғалымдар көшi-қон географиясының өзгерiсiн бөлiп қарастырады. 1992-2002 жж. нақ осы жағдай халық санының азаюына әкелiп соқты. Тәуелсiздiк алғаннан берi алғаш рет 2004 жылы елiмiзде көшiп кеткендерден келгендер саны бiршама артты. Бұл тенденция мемлекеттiң экономикасының артуымен бiрге күшейiп отырады.

Халықтың механикалық өсiмiнiң маңызды көзi - әруақытта түрлi себептермен көшiп кеткен адамдардың өзiнiң тарихи отанына оралуы. Ең алдымен бұлар - оралмандар, сонымен қатар 1990 жылдарда елден көшiп кетiп қайта оралғандар. Көшi-қонның екi тобының саны қазiр жарты миллиондай адамды құрайды.

Сонымен, 21 - ғасыр басында Қазақстанның салыстырмалы түрде алғандағы аз халқы саны жөнiнен азаюды қолайсыз тенденциясынан аман-есен өттi [8] .

1. 2 Еңбек ресурстары мен экономикалық белсендi халық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы
Демография және әлеуметтану
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Миграциялық процестерді мемлекеттік реттеу: жағдайы, мәселелері және басымдылықтары
Миграциялық саясатты зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Әлеуметтік - демографиялық ахуалды зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz