IP адресі туралы түсінік


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
IP адрес (ағылш. Internet Protocoladdress) Интернет протокол адресі бұл әр құралға (компьютер, принтер және т. б. ) жеке-дара бекітілген нөмірлі белгі, бұл құралдар компьютер желісінде өзара қарым қатынас жасау үшін Интернет протоколын қолданады. IP-адрес (англ. Internet Protocol Address) - компютерлік жүйедегі, желінің адресі, IP-протоколы бойынша құрылған. ол адрес ешкашан кайталанбайды (уникальный) . . . қысқасы әр компьютердің, әр желінің, ұялы телефонның, желімен байланысы бар кез келген құрылғыда IP-адресі болуы керек. (себебі мысалы сен интернетке қосылған өз компьютеріңді тапқың келеді, оны калай іздейсің? менің компьютерім дейсіңба алде димаштың компьютері дейсіңба? интернеттегі жүздеген димаштың компьютерінің арасынан өзіңдікін қалай анықтамақшысың? тіпті компьютеріңе ерекше ат беріп койғанның өзінде ондай есімді басқа біреу де койып коймауына кепілдік жок ко, сондықтан ол керек)
Жұмыстың мақсаты: транспортты Интернет хаттамаларымен жұмыс жасау принциптерін, қосалқы бағдарламаларды құруды үйрену.
Теориялық бөлім. Интернет желісінің ТСР транспорттық хаттамалары
TCP (Transmission Control Protocol) - бұл транспорттық деңгейдің ең кеңінен таратылған түрі. ТСР ең маңызды функциясына бұрыннан қолданылып келе жатқан IP (Internet Protocol) хаттамасымен салыстырғанда, мәліметтерді жоғалтпай жеткізуі болып саналады. Хабарламаны жеткізу үшін процесс - жіберуші мен процесс - алушының арасын алдын - ала жалғайды. Бұл құрылған жалғау дейтаграмманың нақты түрде жетуін қамтамасыз етеді. ТСР хаттамасының бүлінген немесе жоғалған пакеттерді қайталап жіберу мүмкіндігі бар.
Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі.
Негізгі бөлім
Тапсырма (А) IP адресі туралы түсінік
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы бір-бірінен өте алыс орналасқан компьютердің (әр түрлі мемлекеттердегі, құрлықтардағы компьютерлер) өзара байланысын қамтамасыз етуі.
Логикалық ауқымды компьютерлік желі үш компоненттен тұрады:
· Қолданушының жұмыс орны (қарапайым компьютерлер) ;
· әр түрлі сервистармен қамтамасыз ететін серверлер (қуатты компьютерлер) ;
· мәліметтерді тасымалдау желілері.
Ауқымды компьютерлік желілер әртүрлі протоколдар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі кезде кең тараған ауқымды желі - Интернет желісі, ТСР/IP протоколы негізінде құрылған
Интернет - ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network) ) бар, бірақ олардың ең танымалдысы - Интернет желісі.
Интернет - бір-бірімен байланыс каналдары ж/е бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарт жүйесі болып отыр. Алғашқыда Интернетті құру мақсаты - әртүрлі типтегі компьютерлерді біріктіру болып табылған. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді жібере алады. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.
1965 ж. Массачусет технологиялық институтындағы компьютер калифорнияның телефон байланысына қосылды.
Интернет 1969 ж. АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.
ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге ж/е қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұзған файлдарды, электронды поштаны ж/е жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысыпы жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET -тің өсуіне орай ж/е басқа желілер дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттілігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.
1971-72 жылдары ARPANET желілеріне арналған біріңғай хаттамалармен (протокол) жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Ақпараттық ж/е бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ ж/е бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді - пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.
Интернетте 2 негізгі хаттама қолданылады. Компьютер тілінде хаттама дегеніміз - келісмідер жиынтығы, ал ол болса, түрлі программалар арасында мәліметтерді алмасуды реттейді. Хаттамалар желіге мәліметтерді беру мен қателерді өңдеуді тапсырады. Оларды пайдалану мәліметтер алмасудың нақтылы ақпараттық тарату жүйесіне тәуелсіз стандарттар жасауға мүмкіндік береді. Желіаралық хаттама (Internet Protocol - IP) берілетін дректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды.
Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Protocol TCP) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты. Қос пакет белгілі бір дәрежеде біртұтас нәрсе болғандықтан, оларды TCP/ IP хаттамасы деп атайды. Олар 1974 ж. Жасалған. Егер Интернетке қысқаша анықтама іздесек, онда оны жай ғана бұл TCP/ IP хаттамасын пайдаланатын желілердің желісі деп атауға болады. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, оларды әдетте аса ірі университеттік н/е ғылыми зерттеу орталықтарында орналасқан, көбі АҚШ территорияларында. Тірек желісі тізбектерінің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді тірек желісіне, мысалы, қарамағанда ұлттық көлемдегі компьютерлік желілер бар. Тек ірі ұйымдар ғана қосылады. Олардың байланыс тізбектірінің өткізу қабілеттілігі ондаған, тіпті жүздеген Мбит/с шегінде. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.
Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды.
Интернет желісі толығымен орталықсыздандырылған. Ол дегеніміз - желіні пайдалану ережелері мен шарттарын белгілейтін, олардың орналасуын қадағалап, бұзушыларды жазалайтын басқарушы инстанцияның болмауы. Уақыт өте бере желіні пайдаланудың жалпы қабылданған белгілі принциптері қалыптасты.
Жеке компьютерді (желіде олар жұмыс станциялары д/а) ж/е оларды пайдаланушыларды идентификациялау 2 адрес бойынша іске асырылады: (идентификация - одна из функции под системы защиты, реализуемых для определения законности объекта (т. е проверка наличие права доступа) олардың бірі (домендік адрес д/а) ) . Бүкіләлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол домендік есім д/а. Адамға, басқасы (IP -адрес) - компьютерге түсініктірек. Интернет абоненттерінің бір-бірімен байланысы қарапайым болу үшін, адрестердің бір кеңістігі облыстарға - домендерге бөлінеді. Негізінен домендері 2 әріп қосыныдысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды.
IP адрес дегеніміз - нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 225-ден аспауы керек) 32 биттік сан (мысалы, 49. 19. 81. 2) . пайдаланушыға түсініксіз болғанымен дәл осы адрес компьютермен оқылады. Хабарламаның нақты түрде жеткізілуіне белгіленген функциялар өңдеушілерді қосалқы бағдарламалардан және дейтаграмманы басқару амалдарынан босатады. Хаттама жіберуші мен алушы арасында мәліметтер жіберілуін қамтамасыз етеді. ТСР жалғауды қондыруға бағытталған болғандықтан, дейтаграмманы алған адресат жіберушіге алғаедығы туралы хабар беруі керек. Жалпы жіберуші мен алушы арасында виртуальды канал қондырылады, ол жерде олар хабарламамен алмасады және алғандығы туралы хабар жіберіледі.
Тапсырма (В) TCP/IP хаттамалары
ТСР жалғауын қондырғаннан кейін хабарламаның сегменттері жіберіліп бастайды. Жіберушінің төменгі деңгейлі IP-адресінде сегменттер бір немесе бірнеше дейтаграммаларға бөліне бастайды. Желіні өте келе, дейтаграммалар алушыға келіп түседі, содан IP деңгейі олардан қайтадан сегмент жинақтап ТСР береді. ТСР барлық сегменттерді бір хабарламаға жинақтап отырады. ТСР - дан процесс - алушыға хаттамалардың қада жиналатыны туралы хабарлдама жіберіліп отырады. ТСР машина - алушыда номері бойынша бүкіл сегменттерді бір хабарламаға жинақтайды. Егер қандайда бір хабарлама сегменті жоғалған немесе бүлінген болса, жіберушіге қате кеткен сегменттің номері жіберіледі. Бұндай жағдайда жіберуші сегментті қайта жіберуіне тура келеді. Егер де сегмент дұрыс қабылданған болса, онда алушы анықтаушы - квитанциясын жібереді (ACK - acknowledgement) . Таймер ТСР хаттамасында ең маңызды рольді атқарады. Егер де белгіленген уақыт ішінде анықтаушы - квитанциясы келіп түспеген болса, онда сегмент жоғалтылған болып саналады. Бұндай жағдайда сегментті қайта жіберу процесі орындалады.
TCP хаттамасының хабарландыру форматындағы порт номері астына 16 бит апарылады, сондықтан порттың максималды мүмкіндікті номері 65535 болып табылады. 0 - ден 255 - ке дейінгі порттардың номерлері жүйелік қажеттіліктерге қатаң резервтеген, оларды қолданбалы бағдарламаларда пайдалануға рұқсат етілмейді. 256 - дан 1023 - ке дейінгі аралықта көптеген порттарда желілік қызметтермен пайдаланылады, сондықтан оларды да қолданбалы қажеттіліктерге пайдалануға рұқсат етілмейді. Ереже бойынша TCP/IP негізіндегі бөтен көптеген қолданбалы қосалқы анықтауыштар порт номерлерін 1024 - тен 5000 - ға дейінгі диапазонында пайдаланады. 3000 - нан 5000 - ға дейінгі номерлерді пайдалану ұсынылады, 5000 - нан жоғары номерлері көбінесе қысқа мерзімдік қолданулар үшін пайдаланылады.
TCP - дегі кез - келген байланыс каналдары екі санмен анықталынады - бұл косбинация сокет деп аталады. Осылайша сокет ЭЕМ - де IP-адресімен және TCP - дегі бағдарламалық қамсыздандыру арқылы порт номерімен анықталады. Қосылу кезінде кез - келген машина бір мағынады IP-адресімен анықталады, ал әрбір процесс - портпен анықталады, сондықтан екі процестер арасындағы қосылыстар бір мағынада сокетпен анықталынады. Желідегі үш ЭЕМ арасындағы TCP хаттамасы бойынша қосылыстардың орналасу схемасы 6 - суретте бейнеленген. Өзара әрекеттесуші ЭЕМ барлық активті порттардың жіберушілерінің және алушыларының кестелерін жүргізеді. Егер екі машиналар аракестелерін жүргізеді. Егер екі машиналар арасында мәліметтер алмасуы жүрсе, онда олардың бірінің порты жіберуші, екіншісі алушы немесе керісінше болып келеді. Егер жіберуші машина бірнеше қосылуларды сұраса, онда олардың әрбірінің өздерінің жіберуші порты болады, ал алушының порты жалпы болуы мүмкін. Бірнеше машина бір уақытта бір алу - порты пайдалануы мүмкін, бұл мультипликсерлеу деп аталады. 6 - суретте екі қосылулардың мультипликсерленуі ЭЕМ3 - те 23 номер порты бойынша орындалады. Қашанда бірнеше қосылулар орнатылса, онда бірдей порт көздері және алушылары көрсетілген қосылуларға бірнеше машиналар сұраныс жібереді.
UDP хабарларын беру хаттамасы.
UDP (User Datagram Protocol) хаттамасы TCP хаттамасына қарағанда өте қарапайым транспорттық хаттама болып келеді. UDP хаттамасы дейтаграмманы жеткізіп беруді қамтамасыз етеді, бірақ оларды дәлелдер алуды талап етпейді. UDP хаттамасы мәліметтерді қосылуларды орнатусыз - ақ жеткізіп беру талап етілген жағдайларда пайдаланады. Мұндай байланыс негізінде сенімсіз, өйткені оның хабарлары дұрыс қабылданды ма және ол ол тіпті алындыма, сол туралы жіберушіге хабарланбайды. Қателердің туындауын тексеру үшін пакеттің бақылау сомасы пайдаланылады, бірақ қателіктер ешқандай өңделінбейді - олар немесе жойылады немесе олардың өңделінуі өте жоғары қолданбалы деңгейде орындалады. UDP арқылы қолданбалы процеспен жіберілетін мәліметтер бөлшектерге бөлінбей, белгіленген орынға бір бүтін секілді жетеді. Мысалы, егер жіберуші - процесс порт арқылы бес хабарлама берсе, онда алушы - процесс порттан бес хабарды есептеуі қажет. Әрбір жазылған хабарлар көлемі әрбір оқылғандардың көлемімен сәйкес келуі қажет. UDP хаттамасы мәліметтерді берудің қарапайым механизмі қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады. Сонда қате бақылауы немесе орындалмайды (мысалы, TFTP - Trivial File Transfer Protocol - қолданбалы хаттамасы - файлдарды берудің қарапайым хаттамасы) немесе қолданбалы деңгейде орындалады (мысалы, SNMP - Simple Network Management Protocol басқарушы хаттамасында немесе NFS - Network File System файлдық жүйеде пайдаланады) .
Тапсырма (С) Компьютердің желілік интерфейсі
Модемнің web-интерфейсіне кіру үшін компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру қажет.
- Компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру мысалы:
Төменде мысал ретінде WindowsXP-і бар компьютердің ретке келтірілуі келтірілген:
Іске қосу > Ретке келтіру > Басқару беттақтасы > Желілік қосылулар > Жергілікті желі бойынша қосылу > Қасиеттері > TCP/IP Интернетінің Хаттамасы > келесі IP мекенжайды пайдалану:
IP мекенжайы: 192. 168. 1. 50
Бағыныңқы желінің қалқасы: 255. 255. 255. 0
Негізгі шлюз: 192. 168. 1. 1.
Осыдан кейін «ОК» батырмасын басыңыз да желілік қосылу ретке келтірілулерін сақтаңыз.
- Телефон желісін сплиттердің "Line" портына, телефонды сплиттердің "Phone" портына, DSL-модемнің ADSL портын сплиттердің "Modem"портына қосыңыз.
Құрылғының алдыңғы беттақтасындағы ADSL индикаторының жанып тұрғанына көз жеткізіңіз. Ethernet-кәбілді компьютердің желілік картасынан модемнің ethernet-портына қосыңыз.
- Құрылғының WEB интерфейсіне қолжетімдікті алыңыз. Бұл үшін Internet Explorer-ді іске қосыңыз да, мекенжай тарамында бағдарғылауыштың IP мекенжайын теріңіз: 192. 168. 1. 1 (Құрылғының әдепкілік ретке келтірілулері бар деп болжалады) .
- Құрылғының WEB интерфейсіне қолжеткізуге арналған логин/пароль енгізуге арналған терезе пайда болады, «Пайдаланушы» алаңында admin теріңіз, «Пароль» алаңында да admin теріңіз. «ОК» батырмасын басыңыз.
- Егер логин мен пароль дұрыс енгізілген болса, келесі терезені көресіз:
- Пайда болған бетте «Advanced Setup» қосымша бетін басыңыз, жаңа қосылысты құру үшін «Add» батырмасын басыңыз.
- Пайда болған бетте VPI және VCI параметрлерінің мәндерін көрсетіңіз (0 және 40 сәйкес) және «NEXT» батырмасын басыңыз.
- Келесі бетте «PPP over Ethernet (PPPoE) » нұсқасын таңдаңыз да «NEXT» батырмасын басыңыз.
- Келесі бетте «PPP Username» және «PPP Password» алаңдарында Өзіңіздің провайдеріңізбен берілген логин мен парольді көрсетіңіз, қалған ретке келтірулерді өзгертусіз қалдырыңыз және «NEXT» батырмасын басыңыз.
- Келесі бетте барлық ретке келтірулерді әдепкілік бойынша қалдырыңыз да «NEXT» батырмасын басыңыз.
.
- Келесі бетте«SAVE»батырмасын басыңыз.
- «SAVE» батырмасын басқаннан кейін Сіз қайтадан «Advanced Setup» - «WAN» бетіне өтесіз, онда құрылған PPPoE қосылысын көресіз.
- Қосылысты жемісті құрғаныңыздан кейін, жиынтық кестеде «SAVE/REBOOT» батырмасын басыңыз да модемнің қайта жүктелуін 2 минут шамасында күтіңіз.
- Модем қайта жүктелгеннен кейін, қайтадан оның ретке келтірулеріне кіріңіз, «Advanced Setup» - «Interface Group» мәзіріне барасыз. Онда «Enable virtual ports on» қанатшасын қоямыз да, «ADD»батырмасынбасамыз.
- «SAVE/APPLY»-ді басамыз, құрылғыны қайта жүктейміз («Management» - «Save/Reboot») .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz