Unix операциялық жүйе



Кіріспе
Негізгі бөлім
Тапсырма А
IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі
Тапсырма Б
Linux операциялық жүйесі
Unix операциялық жүйе.
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады.
1 . Арман Данеш “ Linux Ret Hat 7.1”. Полное руководство: А.Данеш – Киев, 2002-686с.
2 . С. Ивановский “ система Linux”. Познавательная книга плюс, Москва 2000-511с.
3 . Р. Питерсен “Linux” 2000. Рукаводство по операционной системе, Киев.1997-687с.
4 . К.Петцке “Linux от понимания к примению”. Д.М.К. Москва. 2000-572с.

Кіріспе

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің
барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді
пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске
қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты
сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы
компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары
тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық
жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін
осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік
туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш
құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің
калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде
пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең
соңғы OS2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда,
дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда
жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте
танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритани я) сияқты операциялық жүйе
пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген
операциялық жүйелер де кездеседі.
ОЖ тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш
аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады.
Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40ж. басында пайда болып, операциялық
жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері
бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50ж. ортасынан
мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда
операторлар жұмысын автоматтандырды. 1965-1975ж. интегральным
микросхемаларға өту компьютерлердің келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі
IBM360. Осы кезеңде қазіргі ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар:
мультипрограммалау, мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды
жад, файлдық жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды. 60-
ж. аяғында ARPANET глобальды желісін жасау жұмыстары басталды, ол Интернет
желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына қарай мини-компьютерлер кең
тарала басталды. Мини-компьютерлердің архитектурасы мэйнфреймдармен
салыстырғанда қарапайым болды, бұл олардың Операциялық жүйелерінде де
кескінделді. 70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің
әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-
компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, қуатты
функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің барлық
класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды. 80ж. басы
операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің пайда болуымен айрықша
мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық технологияларға локальдық желілер
үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы — Ethernet, 1985 — Token Ring, 80ж.
аяғында — FDDI қабылданды. Бұл төменгі деңгейдегі желілік ОЖ
үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер драйверлерімен ОЖ интерфейсін
стандарттауды қамтамасыз етті. 90ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер
және серверлермен жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды.
Тек қана коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі)
орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды.. Соңғы
онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше көңіл бөлінді,
олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік жұмысты қолдау,
қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік орталықта жұмыс істеу
мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және басқару құралдарының болуы
сипатты.
ОЖ - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен
байланысы бар нақты программа. Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының
үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы
арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік
программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және
сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу,
компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды
анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу
режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау
т.б.. Яғни ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе. Ол
осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіге жазылып қойылады.
Сондықтан ОЖ – ны дискілік операциялық жүйе ( ДОЖ, не DOS ) деп те атайды.
Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС)
DOS, Windows95, WindowsNT,OS2, UNI X жатады.
Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек
бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір
компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS2,
UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде
бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше
әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта
ойнап та отыруыңызға боладь, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі қүрылғылар
атқарады немесе ол қүрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте
жоғары болып келеді. Көптеген ІВМ - үйлесімді компьютерлер дискілік МS DОS
операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін
пайдаланады.Операциялық жүкелер көптеген функцияларды орыңдайды:
информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды
ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін,
барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл
жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін
кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға
керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал
ретінде антивирустік (вирустерге қа рсы) программаларды, мәліметтерді
архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін
(диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
Операциялық жүйе – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс
жасайтын программа. Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастырады,
компьютермен және оның ресурстарымен (оперативті жад, дискіде орынды, т.б.)
басқару жұмыстарын, орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу
жұмыстарын орындайды. Операциялық жүйе қолданушымен, қолданбалы
программалармен және компьютер құрылғыларымен байланыс түрін (интерфейс)
орнатуды қамтамасыз етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық
мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын
басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды
өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.
ОЖ-ның екі негізгі қызметін атап айту керек, олар:
1) Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бір-
бірімен және аппаратық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету;
2) Әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру;
Компьютерді басқару ОЖ-нің командалық тілі арқылы жүргізіледі, ол
дискіні басқару, мәліметтерді көшіру, файлдарды баспаға шығару, кез-келген
программаны іске қосу, қажетті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі
әрекеттерден тұрады.
Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйе бірнеше параметрлер бойынша
өзгешеленеді. ОЖ:
Бір қолданушы және көп қолданушылы (жүйемен бір мезгілде жұмыс жасайтын
қолданушылар саны);
Бір есепті және көп есепті (ОЖ көмегімен кез-келген мезгілде шешіліп
шығарыла алатын есептер саны);
ОЖ-мен қолданушының байланысының базалық түрі (командалар түрінде
диалог, меню тілінде диалог, графикалық көріністер түрінде диалог орнату);
Ең аз қажетті ресурстар, яғни оперативті және дискілі жадтардың ең аз
көлемдері, микропроцессорлар класы қажет.
Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше програмаларды іске
қосуға мүмкіндік береді. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей
параллель жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа әуен тыңдай отырып
дайын құжатты баспаға шығарады, ал екіншісі жаңа құжатты форматтайды.
Адрестік шинаның разрядтылығы жад көлемін анықтайды. Дербес компьютерлер
үшін 32 разрядтық ОЖ-ні қолданудың үлкен мәні бар:
1) IBM фирмасы үшін OS2;
2) Microsoft фирмасы үшін Windows;
3) Bell Laboratory корпорациясы үшін Unix
Негізгі бөлім

Тапсырма А
IBM PС үшін Windows операциялық жүйесі бірінші графикалық операциялық
жүйе болып табылады. Windows жүйесінің ерекшеленетін
белгілері:
• 32-разрядтілі архитехтурасы;
• Көп есептілігі және көп қолданушылығы;
• Графикалық қолданушы интерфейсі;
• Plag and Play технологиясы бойынша жаңа периферийлі құрылғылар;
• Виртуальды жадты қолдану;
• Бұрын құрылған программалық қамтамасыз етумен сәйкестілігі;
• Коммуникациялық программалық жабдықтардың бар болуы;
• Мультимедиа жабдықтарының бар болуы;
• Интернет глобальды желімен интеграциясы;
Программалық өнімдерді өңдеудің қазіргі технологиясы обьект ұғымы
негіз болатын объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларында жұмыс
жасайды. Интерактивті режимде жұмыс мүмкіндігі пайдаланушыға көрнекі
графикалық саймандарды және әр түрлі көмектерді қолдануды ұсынады.
Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
• Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
• Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен
жүзеге асырылады. Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы
өзара әрекеттеседі.
• Хабар беру – әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа
объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
• Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс
болып саналады;
• Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық
объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
• Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
• объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның
сол жақ батырмасын шерту;
• объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар
тізбегін айтады.
Windows жүйесінде кез-келген файл аты бар объект ретінде қабылданады.
Файлға қойылған ат ондағы информациялар мазмұнын ашатын болуы керек. Файл
аты ұзын болуы және цифр, орыс және латын алфавитінің әріптерінен, әр түрлі
символдардан, нүктелерден тұруы мүмкін. Файл қасиетін көрсететін
параметрлер:
• Тип, сақталынған мәліметтердің мазмұнын көрсетеді;
• Файл өлшемі, дискілік кеңістіктен алатын көлемі;
• Файлдың құрылған мезгілі мен уақыты;
• Файлға соңғы өзгертулер енгізілген мезгіл мен уақыт;
• Файл атрибуттары: архивтік, тек оқу үшін, жасырынды, жүйелік;
Файлдармен анықталған әрекеттер тізбегін қолдануға болады:
• Файлды ашу;
• Файлды сақтау;
• Файлды қиып алу;
• Файлды көшіру;
• Дискіден файлды өшіру;
• Файлдың атын өзгерту;
• Файл үшін жарлық құру;
Бума Windows-та құжаттарды сақтауға арналған кәдімгі бума ролін атқарады
және құжаттарды сақтауды тәртіпке келтіреді. Бума – объектілерді сақтау
қоймасы. Бумаға ат беріледі және ол файл аты сияқты ережелер бойынша
жазылады. Бумалар мен файлдарға қолданған әрекеттердің тізбегін қолдануға
болады: буманы құру, өшіру, атын өзгерту, көшіру, буманы басқа орынға
жылжыту, буманы ашу және жабу.
Жарлық – бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске
асыратын сілтеме. Жарлық арқылы құжаттар мен программаларды тез іске қосуға
болады. Windows-те бумалардың бағынышты құрылымы иерархиялық құрылымды
құрайды. Жоғары деңгейде Рабочий стол деп аталатын объект орналасады.
Екінші деңгейде Рабочий стол-да орналасатын объектілер болады. Стандартты
түрдегі мұндай объектілерге Мой компьютер, Мои документы, Корзина және т.б.
бумалар жатады. Басқа объектілер иерархия бойынша осы бумалардың ішінде
болады.
Windows-те қолданбалы программалар қосымша деп аталады, мысалы: Paint
графикалық редакторы, Проводник программасы, дискілермен жұмыс жасау үшін
қажетті жұмыс программалары, антивирустік программалар және т.б. қосымшалар
болып саналады.
Қосымшалар бір немесе бірнеше файлдардан тұрады және өзіне тән аты бар
бумаларда сақталады. Мысалы, ойын-қосымшасы бір файлда, Word текстік
процессор қосымшасы өзара байланысқан файлдар кешенінен тұрады. Бұл файлдар
арасында жүктеу файлы деп аталатын басты файл болу керек.
Қосымшалар ішінде құрылған объектілер: мәтіндер, кестелер, суреттер,
дыбыстар және т.б. болуы мүмкін. Windows ортасында мұндай объектілер
құжаттар деп аталады.
Интерфейс – құрылғылар, программалар және адам арасындағы байланысты
ұйымдастыратын жабдықтар мен ережелер тізбегі. Дербес компьютер мен
қолданушы арасындағы байланысты ұйымдастыратын интерфейс қолданушы
интерфейсі деп аталады.
Графикалық қолданушы интерфейсі – адам мен компьютер арасындағы
байланысты ұйымдастыру үшін қолданылатын графикалық жабдықтар. Графикалық
қолданушы интерфейсінің мысалы бұл Windows интерфейсі.
Қолданушының графикалық интерфейсінің негізі – бұл ұйымдастырылған
және жақсы ойлап табылған терезелер жүйесі. Терезе – экранда монитордың
шектелген төртбұрышты көлемі, онда қосымша (қосымша терезесі), құжат (құжат
терезесі), мәлімет (мәлімет терезесі) бейнеленеді. Сол сияқты жүйе
параметрлерін көрсету үшін жұмыс жасайтын сұхбат терезелері болады.
Екінші графикалық объектіге тышқан көрсеткіші жатады. Экранның
көлеміне байланысты тышқан көрсеткішінің түрі өзгеріп отырады: меню
көлемінде бір түр, текстті енгізу көлемінде екінші бір түр, суреттер
көлемінде үшінші бір түр және т.б. Ол, сонымен қатар, жүйе тәртібін
көрсетеді: бос емес немесе бос.
Мәлімет алмасу – бір объектіден екіншісіне мәлімет апару. Windows-
те мәлімет алмасуды берілгендерді бір объектіден екіншісіне апару деп
түсінеді. Осы процесс нәтижесінде объектілер өзгереді, бір немесе бірнеше
бар объектілерден жаңа объектілер құрылады.
Windows ортасында мәлімет алмасу тышқан көмегімен объектіні “алып
бару” және алмастыру буфері OLE технологиясы арқылы жүргізіледі. Windows-те
жұмыс жасағанда объектілерді көшіру немесе бір орыннан екінші орынға
жылжыту қажет болады. Объектілерді көшіргенде объект бұрынғы орында қалады,
ал көшірмесі жаңа орынға орналасады. Қанша қажет болса, сонша көшірме алуға
болады. Объектіні жылжытқанда ол жаңа орынға орналасады, бұрынғы орыннан
өшеді. Көптеген қосымшаларда мәлімет алмасу тышқан көмегімен “алып бару”
әдісі арқылы орындалады. Осы әдіспен көшіру және жылжыту әрекеттерін де
орындауға болады.
Алмасу буфері – жылжытылатын немесе көшірілетін мәліметтерді сақтап
тұруға арналған жадының арнайы бір бөлігі. Тышқан көмегімен “алып бару”
әрекетін экранда нұсқа қабылдаушыға алыс емес жерде орналасқан кезде
қолдануға болады. Ол үшін қосымшалар терезесін жақын орналастыру қажет.
Тышқан көмегімен жылжыту төмендегідей көрсетілген бойынша жүргізіледі:
Жылжыту керек объектіге тышқан көрсеткішін орнатып таңдайды.
Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап бірнеше объектілер тобын
да таңдауға болады (мысалы, мәтін бөлігін);
Сол жақ батырма басулы күйінде ерекшелінген объектіні таңдаған
орынға жылжытады. Көшіру, жылжыту тәрізді орындалады, сол пернесін басулы
күйінде ұстау керек. Бұл жағдайда жылжытылатын объект қосымша + таңбасы
арқылы белгіленеді.
Алмастыру буфері көмегімен мәлімет алмасу төмендегі көрсеткен
негізінде орындалады:
Жылжытуға немесе көшіруге қажетті объект ерекшеленеді;
• Правка→Копировать немесе Правка→Вырезать командалары көмегімен объект
алмасу буферіне орналасады;
• Объект орналасатын орынды тышқан көрсеткіші көмегімен көрсетеді;
• Объект көрсетілген орынға Правка→Вставить немесе Правка→Специальная
вставка командалары көмегімен орындалады.

Тапсырма Б

Linux операциялық жүйесі
Осы заманғы жалпы тапсырмаларды атқаруға арналған компьютерлер, соның
ішінде жеке компьютерлерде, бағдарламаларын жегу үшін Операциялық жүйені
қажетсінеді. Жеке компьютерлерге арналған Операциялық жүйе мысалдары
ретінде келесілерін келтіруге болады: Microsoft Windows, Linux, Mac OS
(Darwin) және Unix.
Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен
ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең
таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux  өзінде
қамтып тұр. Оны OS2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның
графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі
WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы
жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он
бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен
танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары
және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге
операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге
болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-
тің жан-жақты қамтылуы беріледі.
Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы
инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды,
WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де
компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux
жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып
табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі
интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының
арқасында басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйе (ОЖ)
Информатика курсын программалық қамтамасыз ету
Операциялық жүйелер тарихы
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (ms-doc, nc, os/2,unix, windows, оның түрлері
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы
Мәтіндік процессор
Windows операциялық жүйесінің түсінігі мен қызметі
Linux ядросының алғашқы нұсқасы
Операциялық жүйелер,оның дамуы және түрлері ( MS-DOS,NC,OS/2,UNIX,Windows, оның түрлері)
Көптапсырмалы операциялық жүйе
Пәндер