Компьютердің қорғаныс қабілеттерін арттыру бағдарламаларын жетілдіру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
Компьютердің қорғаныс қабілеттерін арттыру бағдарламаларын жетілдіру
Жоспар:
Кіріспе
1 Тарау. Адам мен қоғамның ақпаратты сақтау мәселелері
1. 1 Ақпаратты қолдану
1. 1. 1 Ақпаратты ұйымдастыру
1. 2 Ақпарат қауіпі
1. 2. 1 Вирустар: мінездеме, классификация
1. 2. 2 Рұқсатсыз ену
1. 2. 3 Интернетте ақпараттты қорғау мәселелері
2 Тарау Ақпаратты сақтаудың тәсілдерінің салыстырмалы талдауы және мінездемелері
2. 1. Вирустардан сақтау
2. 2. Интернетте ақпаратты сақтау
2. 3. Компьютерлік қылмыс түсінігі және олардың классификациясы
2. 4. Рұқсатсыз енуден сақтау
Антивирустық бағдарламалардың салыстырмалы кестесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біз адамзат баласының жаңа ғылыми-техникалық революция дәуіріне қадам басқан екі мыңжылдықтың тоғысқан уақытында өмір сүрудеміз.
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында адамдар заттар мен энергияларды бір түрден басқа түрге айналдырудың көптеген құпияларын меңгерді және осы білімдерін өз өмірлерін жақсартуға жұмсай білді. Алайда заттар мен энергиялардан басқа адам өміріне орасан зор роль атқаратын тағы бір құрамдас бөлік бар, ол - ақпарат. Бұл әр алуан түрлі мәліметтер, хабарлар, деректер, білімдер.
Қазіргі уақытта дербес компьютерлерді жаппай қолдану, өкінішке орай, компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, дискінің файлдық құрылымын құртатын және компьютерде сақталатын ақпаратқа зиян келтіретін өзінен-өзі қосылып, жұмыс істейтін компьютерлік вирустардың пайда болуымен байланысты болып отыр.
Барлық адамдар ақпаратқа ие болып, оны пайдаланады. Әрбір адам өзіне қандай қажетті ақпарат алғысы келетінін, қандай ақпаратты басқаларға таратпау керек екенін өзі шешеді және т. б. Адам өзінің басындағы ақпаратты таратпай, оңай сақтай алады, ал егер осы ақпарат басқа адамдарға қолайлы болатын «машина миында» сақталса не істеу керек?
Ақпаратты қорғаудың әртүрлі тәсілдері бар екенін көптеген адамдар біледі. Ал оны неден, кімнен сақтау керек? Және оны қалай дұрыс жүргіземіз?
Бұл сұрақтардың туындауы қазіргі уақытта оның көкейкесті мәселе екендігін білдіреді. Дипломдық жұмысымда мен осы сұрақтарға жауап беріп, алдыма мынадай мақсат, талаптар қойдым.
Мақсат : Ақпаратқа қауіп көздерін ашу және олардан қорғану тәсілдері.
Міндеттер: Әдебиеттердегі мәселенің өңделу деңгейін зерттеу. Ақпаратқа негізгі қауіп туғызу көздерін анықтау. Қорғаныс қабілеттерін суреттеу. Антивирустық бағдарламалардың салыстырмалы кестесін құру. Осы бағдарламаларды қолдану бойынша кеңес беру.
Жұмыс тәсілі - тақырып бойынша баспа материалдарына талдау жасау. Салыстыру әдісі арқылы алынған мәліметтерге талдау.
I ТАРАУ. АДАМ МЕН ҚОҒАМНЫҢ АҚПАРАТТЫ САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Ақпаратты қолдану
Қазіргі қоғамда ақпараттық ресурстар құндылығы материалдық ресурстардан кем түспейді, кей уақыттарда тіпті одан да жоғары роль атқарады.
Кімге, қашан және қайда тауарды сату керек екені белгілі болса, бұл ақпарат тауардың өзінен де құнды болуы мүмкін және бұл жағдайда қоғамның даму динамикасы «таразы» басындағы материалдық және ақпараттық ресурстардың соңғысы қоғам ашық, ондағы коммуникация құралдары неғұрлым дамыған, ондағы ақпарат неғұрлым көп болған сайын басым түседі.
Нарық тұрғысынан қарағанда ақпарат бұрыннан тауар болып саналады, және бұл жағдай қоғамды компьютерлендірудің практикасының, өнеркәсібінің және теориясының интенсивті дамуын талап етеді.
Ақпараттық ортада компьютер тек өнеркәсіптегі, ғылымдағы, нарықтағы ұйымдастыру жұмысын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен қоса есептеуіш техникасы, телекомуникация, программалық жабдықтар сияқты бағалы салаларды анықтап берді.
ДК пайдаланушыларының жаңа категорияларының, есептеуіш техникаға байланысты мамандықтың жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қоғамда жаппай компьютерлендіру тенденциясы пайда болды. Егер 60-70 жылдары ақапараттық сферада есептеуіш техника мамандары (инженерлерлер, программисттер) жаңа қолданбалы программалар құру, есептеуіш техникасының жаңа түрлерін жасау мен айналысса қазіргі уақытта ДК пайдаланушыларының саны әлдеқайда көп, олар компьютер маманы болмаса да онымен жұмыс істей алатын көптеген спецификалық жұмыстарын атқара алатын әр түрлі білім саласының өкілдері.
Компьютерлік ортадағы әрбір ДК пайдаланушысы ақапарттық процесстерді ұйымдастырудың жалпылама принциптерін білуі керек, өзіне керекті саладағы ақпараттық жүйені және техникалық құрылғыларды таңдай білу және оларды тез меңгеруі қажет.
Нарықтағы бағдарламалаық өнімдердің алуан түрімен есептеуіш техниканың қарқынды дамуын ескерсек жалпылама принциптердің өзін меңгеру өте күрделі.
Ақпаратты ұйымдастыру
"Ақпарат" сөзі латын тіліне аударғанда түсіндіру, баяндау, түсінік деген ұғымды береді. Қазіргі кезде ақпарат адам өміріне, ғылымның әртүрлі салаларына кеңінен енді. Әсіресе ақпарат философия, экономика, физика, математика, информатика жѕне т. б. ғылым салаларында кеңінен қолданылуда. Бірақ ақпарат ұғымы ѕр ғылым саласында әр түрлі мағынада қолданылып жүр.
Ақпарат ұғымының қолданылуына мысалдар келтірейік.
Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Күнделікті сіздің оқыған газетіңіз, радиодан естіген хабарыңыз, теледидардан алған мәліметтеріңіз, естіген жаңалықтарыңыз жалпы көпшілікке арналған ақпарат құралдары болып табылады. Диктор оқиға болып жатқан жерден теледидар арқылы "әр түрлі қосымша хабарлар беріп отырады", демек, біз жаңа ақпарат қабылдадық. Сіз бір-біріңізден: "Кеше біздің футбол командамыз жөнінде жаңалық естідіңіз бе?" - деп сұрайсыз немесе: "Бүгін соңғы хабарды естідіңіз бе?" - деуіңіз де мүмкін, міне осылардың барлығынан ақпарат аласыз.
Бұл мысалдардан біз "ақпарат" сөзінің астарында қандай да бір жағдай туралы жаңалық, хабар, мѕлімет бар екенін байқаймыз.
Алматы төңірегіндегі жерден археологиялық қазба кезінде қаз қалпында сақталған бұрынғы сақ тайпасының жауынгерінің киімі, құрал-жабдықтары табылғаны белгілі. Бұл олжадан Жетісу өңірін бұрын мекендеген сақ тайпаларының тұрмысы жөніңде, сол заманғы олардың жауынгерлерінің киімі, тұрмыста пайдаланған заттары жөнінде өте бағалы ақпарат алдық.
Тас беттерінде, жер қабаттарында бұрыннан сақталып қалған хайуанаттардың сүйектерін, өсімдіктердің жапырақтарын зерттеу әѕтижесінде жер бетінде бұрын өмір сүрген жануарлар, өсімдіктер туралы көп мәлімет аламыз.
Тірі организмнің құрылысын зерттеу арқылы да көп деректер алуға болады. Мысалы, баласы ата-анасына неге ұқсайды, иттен неге торғай тумайды, микроорганизмдер сонша неге ѕр түрлі болады деген деректерден генетика жөнінде көп деректер алуға болады. Ерте заманғы жұлдыздар жүйесін зерттеу арқылы физиктер, астрономдар олардан жерге жетіп жатқан электромагниттік сигналдар арқылы олардың құрылысы, шығу тегі жөнінде көп мағлұматтар алуда.
XIX-XX ғасырлардағы телеграфтың, радионың пайда болуы, ақпаратты кез-келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ дүние жүзінде не болып жатқанын көріп, біліп отыруға мүмкіндік туғызды.
Біз өзімізге қажет мәліметтерді кітаптардан, газеттерден, журналдардан алып отырамыз. Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат әр түрлі заттар мен қоршаған ортаның әсері болып табылады. Яғни ол қандай түрде берілсе де, ақпарат өзімізді қоршаған ортамыздың нақтылы немесе қиялдағы бейнесі болып табылады. Ақпарат адамның өзінің басында алынған мәліметтердің өңделуі нәтижесінде тууы мүмкін.
Ақпарат тек сыртқы ѕсерлерден ғана алынып қоймай, адам миы қабылдаған деректерін өңдеуден де алынады. Мысалы, "Біздің футбол командамыз үш peт жеңді" деген хабардан біздің команда жақсы команда қатарында екен деген ақпарат алынады. Олай болса, ақпаратты өз бетіңізше ойлау арқылы да алуға болады екен.
Сондықтан да ақпарат ұғымына бір мѕнді анықтама беруге болмайды. Бірақта күнделікті өмірден алынатынына жѕне пайдаланылатындығына сүйене отырып, мынандай жуық анықтама беруге болады:
Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.
Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т. б. ) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Ақпарат материя жѕне энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болып табылады.
Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау (таңбалау) деп атайды.
Бір ғана ақпаратты әртүрлі жолда жазуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды. Мысалы, мектепте оқитын оқушылар саны - тоғыз жүз aлпыс жеті дегенді әр түрлі жүйеде кодтап, былай жазуға болады: 96710, 1707,, ЗС76, 0001112. Бұл жазу түрінде оқушылар саны жөніндегі ақпарат өзгермейді, бірақ оның жазылу түрі өзгереді.
Ақпараттардың сақталу, қабылдану, берілу және өңделу жолдары ақпараттардың жазылу (кодталу) түріне көп тәуелді болады.
Ақпараттардың кодталуы (кейде оны шифрлау деп те атайды) оның кері кодталуына (декодталуына - декодирование) қолайлы болатындай етіліп жасалуы қажет.
Кодталғанда қанша аз алфавит пайдаланылса, кері кодтау сонша жеңіл болады. Практика жүзінде Ақпараттарды кодтау үшін Морзе алфавиті немесе екілік алфавит пайдаланылады.
Мысалы, баяғыда жасалған телеграф аппаратын пайдаланғанда, қосқышты өшіріп және жағып отыру арқылы ақпарат берілген. Ақпаратты пайдаланушының кағазында қосқышты басып тұру уақытына байланысты сызықша және нүкте жазылып отырған. Ондай хабарларды беруге Морзе әрпі пайдаланылған.
Екілік алфавитте 0 және 1 белгілері пайдаланылған, оларды ондық алфавиттен ажырату үшін екілік код деп атаймыз. Ағылшын тілінде екілік белгі, Binary digit сөзінен қысқартылып, бит деп аталған. Бұдан кейін ол екілік белгінің бірін (0 немесе 1-ді) бит деп атайтын боламыз.
Ақпараттарды бұлайша екі белгімен белгілеу оларды сақтауға, беруге, өңдеуге арналған кұрылғылардың конструкциясын жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің карапайымдылығы оның есептеу техникасында кең таралуына себеп болды. 0 және 1 мәндері ЭЕМ-дерде "магниттелген-1, магниттелмеген-0", "заряды бар-1, заряды жоқ-0", "iскe косылған-1, өшірілген-0" сияқты және басқа да физикалық күйлермен көрсетіледі. Екілік алфавит тек физикалық құрылғыны қарапайым етіп қоймай, орнықтылық және тиімділік қасиетке де ие.
Екілік алфавит көмегімен кез-келген алфавиттің символдары кодтар түрінде таңбаланады, яғни бұл кез-келген тілде жазылған мәлімет екілік кодтар түрінде бейнеленеді. Екілік алфавит өте қажет екені белгілі болды, ендеше, символ түріндегі ақпараттарды олар арқылы қалай жазуға болады? 0 және 1 белгілері арқылы төрт символды ғана белгілеуге болады, олар: 00, 01, 10, 11 - бұл өте аз. Тек орыс тілін кодтауға арнайы белгілерден (?, ! жѕне т. б. ) өзге 33 символ қажет болады. Кез-келген мәтіндік ақпараттарды кодтау үшін жоқ дегенде 200-ден астам таңба қажет. Сондықтан таңбаларды кодтау үшін 8 биттің комбинацияларын қолдану (нөл мен бірлерден тұратын 8 белгі) қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды.
Нөл мен бірлерден тұратын 8 бит, яғни 1 байт арқылы 256 символды кодтауға болады: , 1, 10, . . . , .
Енді бұл арқылы орыс әріптерін ғана кодтап қоймай, латын, қазақ әріптерін де, цифрларды да, тіпті арнайы белгілерді де (графиктік, псевдографиктік) кодтауға болады. Кодталатын символдардың тобын кодтау кестесі деп атайды.
Ақпараттық процестің әртүрлі сатыларында ақпараттар бірнеше рет қайта кодталады, яғни ол өзінің жазылу түрін өзгертеді.
1. 2 Ақпарат қауіпі
1. 2. 1 Вирустар: мінездеме, классификация.
Әлемдегі ірі компаниялардың, банктердің, ірі кәсіпорындардың т. б. ақпараттық ресурстарына қауіп төну фактілері күн санап жиілеп, көбейіп бара жатқаны ешкімге жасырын емес. Бұл қауіпті төндіретін ең алдымен компьютерлік вирустар, олар маңызды және құнды ақпараттарды жойып, қаржылай шығынға ұшыратып қана қоймай, кей кездерде адам денсаулығына да зияның келтіріп жатады.
Компьютерлік вирус -арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар алдында немесе соңында қосымша жазылады да, оларды «бүлдіруге» кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келенсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа «ауру жұққан» немесе «бүлінген» деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да «жұғады» және басқа да іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдар немесе дискідегі файлдар орналасу кеестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады т. с. с. ) .
Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге көріне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге «вирус жұққандығы» бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше қайта сақталып оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.
Қазіргі кезде 10 000 шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Олард әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топтарға жіктейді.
«Ұстауыш -вирустар» -программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әр түрлі зияндық әрекеттері бар вирус.
«Логикалық бомбалар» (бая әсер ететін «бомбалар») -қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн, ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде) орндалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.
«Құрттар» -жүйелік программалаушылардың ақпараттық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғылыарды тектен-тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т. с. с.
«Троян аттары» -қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді (жасырын ақпаратты оқып жария етеді, жеделе жадтағы ақпараттарды басқа жаққа жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрлымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.
Мақсаттарына қарай вирустар мынадай төрт бөлікке бөлінеді:
«Бейсауат» (гуманды) -онша қатты зияның тигізбейтін вирустар) .
«Шантаж жасаушы» -мысалы белгілі төлемақы берсе, вирус әсерін жоғалатының анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
«Насихатшы»-«өзін көрсету» мақсатында жасалаған.
«Мағынасыз» -атынан ақ әсері түсінікті.
Компьютерлік вирустардың әртүрлі типтері бар: жүктелетін, файлдық, макровирустар және желілік.
Жүктелетін вирустар дискеттердің немесе винчестердің жүктеуші секторларын зақымдайды. Жүктелетін вирустармен зақымдалған жүйені қайта қосқанда басқаруды операциялық жүйенің жүктеуші программалық кодына емес, вирус кодына береді.
Файлдық вирустар өзінің көбеюі үшін операциялық жүйенің файлдық жүйесін пайдаланады. Файлдық вирустар әртүрлі форматтағы (EXE, COM, BAT, SYS және т. б. ) орындалушы файлдарды зақымдайды.
Барлық жүктелетін жѕне файлдық вирустар резидентті, яғни компьютердің оперативті жадында орналасады және пайдаланушының жұмыс істеу процесінде қауіпті жағдайлар (дискеттегі мѕліметтерді өшіріп тастау, аттарын жѕне басқа да атрибуттарын өзгерту жѕне т. б. ) тудырады. Резиденттік вирустардан емдеу қиын, зақымдалған файлдарды дискіден өшіргенмен олар компьютердің оперативті жадында қалып қояды жѕне файлдарды қайта зақымдауы мүмкін.
Макро-вирустар мәліметтерді өңдеуге арналған жүйелерге (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер және т. б. ) орнатылған тілдерде жазылған программалар болады. Өзінің көбеюінде мұндай вирустар макро-тілдер мүмкіндіктерін қолданады және олардың көмегімен зақымдалған файлдың (құжаттың немесе кестенің) біреуінен басқаларына көшеді. Макро-вирустар көбінесе Visual Basic for Application тілінің мүмкіндіктерін қолданатын Microsoft Office-те кең таралды.
Пайдаланушы құжатпен жұмыс істеу барысында әртүрлі әрекеттер орындайды: құжатты ашады, сақтайды, баспаға шығарады, жабады және т. б. Мұндай кезде қосымшалар сәйкес келетін стандартты макростарды іздейді және орындайды. Макро-вирустар стандартты макростардан тұрады, олардың орнына шақырылады және ѕр ашылған және сақталынған құжаттарды зақымдайды. Макро-вирустардың жағымсыз әрекеті түзілген макростар (мәтіндерді орналастыру, меню қосымшасының орындалуына тиым салу және т. б. ) көмегімен таралады.
Макро-вирустар шектелген резидентті болып табылады, яғни олар оперативті жадыда болады және құжаттарды қосымша ашық тұрғанда зақымдайды. Сондай-ақ, макро-вирустар құжат шаблондарын зақымдайды және сол себепті зақымдалған қосымша жүктелуінде-ақ іске қосылады.
Желілік вирустар жергілікті және ауқымды желі хаттамаларын пайдалану барысында таралады. Желілік вирустардың негізгі жұмыс принципі - өз кодын алыста орналасқан компьютерге беріп, тасымалдай алуы.
Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері- дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінің дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлдың соңы ретінде белгілейді.
Барлық СОМ және ЕХЕ типті файлдары үшін - каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш -таңбаланған (кодталған) түрде каталогтың пайдаланбайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс атқарған сияқты болып сырт көзге мұнын әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады, бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар программа іске қосылғанда оның дұрыс емесе екендігі байқалмайды.
«Көрінбейтін және өздігінен өрбейтін вирустар». Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін - «көрінбейтін» және «өздігінен өрбейтін» вирустарды қарастырайық.
«Көрінбейтін» вирустар. Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар ДОS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.
«Өздігінен өрбейтін» вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпарасын шарттанбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.
ДК вируспен зақымданғаның анықтайтын белгілер.
Компьютерді пайдаланушының оның зақымданғаның байқауы өте қиын. Вируспен зақымдануы тез әрі ешқандай хабарламамен байқалмайды.
Компьютердің вируспен зақымданғаның дер кезінде анықытау үшін вирустардың пайда болуынының келесі негізгі белгілерін білу қажет:
1. Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысын тоқтатуы немесе жұмыс істемеуі.
2. Компьютердің баяу жұмыс істеуі.
3. файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың ішіндегілердің бұрмалануы.
4. Файлдардың өлшемдерінің өзгеруі.
5. Дискідегі файлдар санының кенеттен көбеюі.
6. Бос жедел жад өлшемінің кішірейуі.
7. Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар мен жаңылысулар.
1. 2. 2 Рұқсатсыз ену.
Ақапарат әлемінде қауіпсіздік ұғымы кең ауқымда қолданылады. Ол ДК дұрыс жұмыс жасауы, ондағы маңызды ақпараттардың сақталуы, қорғалуы, электрондық байланыстардың құпия сақталуы сипатталады. Әрине барлық елдерде азаматтарды қорғау бірінші кезекте заң тұрады, алайда ақпараттық әлемде тиым салу аса қиын. Заңламалық процесстер технологияның дамуына ілесе алмай келеді. Сондықтан да компьютерлік әлемде көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.
1. 2. 3 Интернетте ақпаратты қорғау мәселелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz