Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі


Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі

Жоспар

Кіріспе

І-тарау Интернет.

1. 1. Internet деген не және ол не үшін қажет?

1. 2. Интернеттің негізгі принциптері. Интернетке қосылу.

1. 3. E-mail, WWW, FTP мүмкіндіктеріне қысқаша шолу.

1. 4. Интернет қызмет түрлері.

ІІ. Мектепте интернетті оқыту.

2. 1. Информатика пәндеріндегі интернет мәселесі.

2. 2. Сайт құру әдістемесі.

2. 3. Интернет оқытудың әдістемелік топтамалары.

2. 4. Интернетті оқыту әдістемесіне қатысты ұсыныстар.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпарттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Қазіргі кездегі қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына - ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Қазіргі кездегі адамдар үшін «компьютерлік сауаттылық» дегеніміз кешегі жай сауаттылық (оқып жаза білу) тәрізді міндетті түрде іске асырылатын шара болып саналуы тиіс.

Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге де презиндентіміз Н. Ә. Назарбаев та назар аударып, ол Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе - ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады», - деген болатын.

Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Информатикадан мемлекеттік білім стандартында көрсетілгендей бүгінгі таңда оқу мақсатын тек компьютерлік сауаттылық шеңберінде ғана анықтау жеткіліксіз. Қазір «Интернет» желісіне ену қажеттігі туындап отыр. Біздің елімізде барлық мектептер компьютерлендіріліп жатыр. Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі Интернет желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе күн жаңаларымен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Ақпараттардың көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді, қазір де Интернет жалпыға бірдей ақпараттық қор тәрізді ертегідегі «ханшалардан» күнделікті «күніңізге» айналып барады.

Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Интернет желісіне күніне 1000, кейде одан да көптеген компьютер қосылады екен.

Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің Apranet компьютерлік жүйесі болып саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанымен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды. Интернет көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері үкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

Интернетке қосылу дегеніміз - басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желілердегі компьютерлерден үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базала-рындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді, т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпараттарды ала аласыз.

Дипломдық жұмыс мемлекеттік білім стандартының 10-11 сыныптары бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Осы дипломдық жұмыстың материалдарын игеру барысында оқытушыға сабақтың теориялық және практикалық материалдарын таңдауда және сабақты өткізу әдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Менің ойымша, теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде бір мезгілде оны компьютерде көрсетіп, оқушылар оқытушының іс-әрекетін қайталауы өте тиімді. Менің бұл дипломдық жұмысты орындаудағы мақсатым - оқушыларға жұмыс істеу кезінде туындайтын нақты сұрақтарды шешу үшін компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологиясы негіздерін үйрету.

Мақсаты:

  • Әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайында компьютерлік желі технологиясын оқушыларға меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;
  • Оқушыларға компьютерлік желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту.

Міндеті:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
  • Компьютерлік желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушылардың көзқарасын қалыптастыру.
  • Компьютерлік желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіншілігін түсінуге, салыстыру арқылы оның артықшылығы мен кемшіліктерін білуге үйрету.
  • Электрондық пошта жұмысымен таныстыру, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
  • Компьютерлік желілерді үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Жұмыс тәсілі: Тақырып бойынша баспа матерниалдарына талдау жасау.

Маңыздылығы: Интернетті оқыту үрдісін оңтайландыру.

І-тарау Интернет

1. 1. Internet деген не және ол не үшін қажет?

Интернет (ағылшынша: Internet ) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Егер бұл терминді енгзіген ағылшын тіліндегі RFC құжаттына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер internet сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.

Интернет желісінің тарихы . 1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі АRPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, АRPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның әр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.

Алғашқы АRPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.

1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.

1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.

1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.

1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде АRPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині АRPANET желісіне байланысты айтылатын болды.

1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.

1984 жылы АRPANET желісіне бәсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNеt (National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті АRPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.

1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HТМЛ тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.

1990 жылы АRPANET желісі NSFNet желісімен бәсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сәті түсті (Dialup access) .

1991 жылы Бүкіләлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы әйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.

1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.

1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ) . Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.

1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.

Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.

Windows XP ОЖ - ң желісі.

Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін - бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады.

  • Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Стандартты ОЖ файлды қатынау және баспа қызметіне кіреді.

Файлды қызмет . Файлды қызметтің міндеті басқа ДК -ге файлды оқуға, өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір файлмен жұмыс істегенде олар бір - біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау құқығын шектеу механизмін қолданады. Windows XP - де клиент қатынау үшін шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды қызметтің конфигурациясы анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды.

Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін:

  • тек оқу - ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды.
  • толық еркін қатынау - ақпаратты оқуға, өзгертуге болады.
  • пароль арқылы қатынау - белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу қажет.

Баспа қызметі . Кейде барлық компьютерге принтер қою мүмкін емес. Осы жағдайда бір компьютерге принтер қойылады да басқа компьютерлерге баспадан шығу үшін қызмет атқарады. Бұндай жағдайды біз әсіресе компьютер сыныптарында қолданып жүрміз.

Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:

І кезең (1969-1983 жж. ) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

ІІ кезең (1983-1989 жж. ) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.

ІІІ кезең (1989-1994 жж. ) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.

Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді) . Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір - бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі. (Интернеттің шығу тарихын айту қажет)

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:

  • Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы - энтузиасттар құрған;
  • Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)

1. 2. Интернеттің негізгі принциптері. Интернетке қосылу.

Интернеттің негізгі принциптері

Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді біріктіруге IP (Internet Pritocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. ІР протоколы әдейі физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің қабылдаушылардың ІР-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. ІР протоколы бүкіл әлем көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік адрес кеңістігі болуы мүмкін. ІР-адрестерді осылайша ұйымдастыру маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.

ІР протоколын IETF (Internet Engineering Task Force) ұйымы ойлап тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын жариялайды. Бұл құжаттарда көптеген сұрақтардың техникалық спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.

Интернет протоколдары

Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар жиыны деп атайды.

Төменде кең тараған интернет-протоколдардың аттары келтірілген:

Қолданбалы деңгейде:

  • DNS
  • FTP
  • HTTP
  • HTTPS
  • IMAP
  • LDAP
  • POP3
  • SMTP
  • SSH
  • Telnet
  • XMPP (jabber)
  • SNMP

Сеанстық деңгейде/көрсету деңгейінде

  • SSL
  • TLS

Транспорттық деңгейде

  • TCP
  • UDP

Желілік деңгейде

  • BGP
  • ICMP
  • IGMP
  • IP
  • OSPF
  • RIP
  • EIGRP
  • IS-IS

Арналық деңгейде

ЕtһеrnetFrame realyHDLSPPPSLIP Белгілі бір стандартқа келтірілмесе де, Интернетте кең тараған протоколдар бар. Бұл протоколдар көп жағдайда файлдармен және мәтіндік мәліметтермен алмасу үшін қажет, кейбіреулерінің негізінде бүтін файл алмасу желілері құрылған. Бұл протоколдар:

OSCARCDDBeDonkey 2000(желінің аты; протокол MFTP деп аталады) GnutellaSkype

Интернетке қосылу.

Клиенттер мен серверлер

Бүкіл әлемдік желіні қүрайтын барлық компыотерлерді екі топқа - клиенттер мен серверлерге бөлуге болады. Кез келген компьютерді қай топқа жатқызу керек екендігі оның қуаттылығына емес, Интернетте атқаратын қызметіне қарай шешіледі. Желі арқьлы алынатын мәліметтердің басым бөлігі серверлерде орналасады. Сондықтан серверлердің негізгі жүмысы баска компьютерлердің, яғни клиенттердің сұраған ақпараттары мен қызмет баптарын қамтамасыз ету болып табылады.

Сервердегі ақпараттарға тұтынушылардың кез келген сәтте үздіксіз қол жеткізуі үшін және әрбір клиенттің ойынан шығу үшін сервер ретінде Интернетке тұрақты түрде қосылып тұратын, әрі өте жылдам істейтін қуатты компьютерлер қолданылуы тиіс. Ал клиент ретінде кез келген, тіпті мүмкіндігі шамалы компьютерлер де жүмыс істей алады, оларға Интернетке тұрақты қосылып түру міндет емес, тек керекті мәлімет аларда ғана байланысу жеткілікті болып саналады.

Серверлердің бірнеше түрлері бар, мысалы, клиенттердің бір-бірімен электрондық мәліметтермен алмасуына мүмкіндік беретін пошта серверлері, жаңалық алу топтарымен байланыстыратын жаңалық серверлері, ал вэбсерверлер клиент-компьютерлерге Интернеттен жиі сүратылатын мөліметтер бөлігін - World Wide Web (Бүкіләлемдік ормек) сайттарындагы ақпараттарды беру ісін атқарып отырады.

Модемді таңдау

Интернетке қосылудың кептеген тәсілдері бар, бірақ солардың ішіндегі ең кең тараған, әрі оңай жүзеге асырылатыны - телефон желісі мен модем (модулятор-демодулятор сөзінің қысқартылған түрі) деп аталатын арнайы құрылғыны пайдалану арқылы орындалады. Бүл тәсіл dial-up (қосылатын - коммутацияланатын) деген атпен белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьтерлік окыту технологиясы
Интернетті пайдалану факультативтік курсын оқыту әдістемесі және телекоммуникациялық жобалар
Квест сабақтарының артықшылығы - оқытудың белсенді әдістерін қолдану
Мектепте қазақ әдебиетін оқыту әдістері
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалануға даярлығының критериалды моделі
Мектеп мұғалімдерінің интернет - ресурстарды пайдалану даярлығының әдістемесі
Шет тілін оқытудағы интернет мүмкіндіктері
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz