Екі шетел тілінен ғылыми - зерттеу практикасы
1. Кіріспе ... ... ... .3
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Рөлдік ойындардың дидактикалық құрылымы және әдістемелік типологиясы ... ... ... ... ... ... ..
4. Студенттердің диалогтық қарым.қатынас түрлерін рөлдік рөлдік моделдеу арқылы жетілдірудің үлгісі ... ..
5. Студенттердің диалогтық қарым.қатынас түрлерін рөлдік моделдеу арқылы жетілдіруге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар
6. Диалогтық қарым.қатынас түрлерін жетілдіруде тәжірибелік. эксперименттік жұмыстың міндеттері мен болжамдары ...
7. Қорытынды ...
8. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... .

Ғылыми - зерттеу тәжірибе уақыты барысында «Рөлдік моделдеу-студенттердің диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіру жолы» тақырыбы бойынша, сатылық жоспарға сәйкес, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың ІІ және ІІІ тараулары бойынша келесі сұрақтар қарастырылды:
• Рөлдік ойындардың әдістемелік құрылымы
• Рөлдік моделдеу арқылы диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіруге арналған әдістемелік үлгі құрастыру;
• Диалогтық қарым-қатынас түрлерін рөлдік моделдеу арқылы жетілдіруге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар;
• Диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіруде тәжірибелік- эксперименттік жұмыстың міндеттері мен болжамдары.
Сонымен қатар, 15.01.2014-25.01.2014 аралығында ғылыми-зерттеу практикасында белгіленген зерттеушілік орны бойынша «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасында» өттім.
Ғылыми-зерттеу практика барысында келесідей жұмыстарды атқардым:
• 2 курс магистранттарының жеке шығармашылық-зерттеу жоспарларын ретке келтіру;
• 2 курс магистранттарының публикациясы бойынша деректер дайындау.

1. Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы – А.: «Эдельвейс» баспа үйі, 2010 – 82б
2. Гальскова Н.Д. современная методика обучения иностранным языкам. Пособие для учителя, М., 2000
3. Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам. Теория и практика, М:Филоматикс, 2007
4. Леонтьев А.А. Общая методика обучения иностранным языкам: Хрестоматия, М., 1991
5. Davies G. (2005) Computer Assisted Language Learning: Where are we now and where are we going? [ Online]: http://www.camsoftpartners.co.uk/docs/UCOMPUTER ASSISTED LANGUAGE LEARNING_Keynote.htm
6. Oxford English dictionary of Phrasal verbs, 3rd edition – Oxford University Press, 2008 [25]
7. Macmillan English Dictionary of Idioms, 2nd edition - Macmillan, 2007
8. Азимов Э.Г., Щукин А.Н. Словарь методических терминов. (Теория и практика преподавания иностранных языков), СПб., 1999
9. И.А.Зимняя. Ключевые компетенции – новая парадигма результата образования. Высшее образование сегодня, 2003 №5
10. Schmid Euline Cutrim (2009) Interactive whiteboard technology in the language classroom: exploring new pedagogical opportunities, Saarbrücken, Germany: VDM Verlag Dr. Müller.
11. Marty F. (1981) "Reflections on the use of computers in second language acquisition", System 9, 2: 85-98.
12. Общеевропейские компетенции владения иностранным языком: изучение, преподавание, оценка. Совет Европы – Страсбург, 1986
13. Качалова К.Н., Израилевич Е.Е. Практическая грамматика английского языка. М.: ЮНВЕС, 2004
14. Ефременко В.А. Применение информационных технологий на уроках иностранного языка// ИЯШ. – 2007. – №8.
15. Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М.: Академия, 2007.
16. Информационные технологии в образовании-2007. Сборник научных трудов участников VII научно-практической конференции-выставки 30–31 октября 2007г. – Ростов н/Д: Ростиздат, 2007.
17. Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка//Иностранные языки в школе. – 2000. – № № 2, 3.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ
УНИВЕРСИТЕТІ
Магистратура
Мамандығы 6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі
АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ
Орындаған: Джумабаева Карина
2 курс магистранты
Алматы, 2014
Мазмұны
*
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
* Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 4
* Рөлдік ойындардың дидактикалық құрылымы және әдістемелік
типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
* Студенттердің диалогтық қарым-қатынас түрлерін рөлдік рөлдік
моделдеу арқылы жетілдірудің
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
* Студенттердің диалогтық қарым-қатынас түрлерін рөлдік моделдеу
арқылы жетілдіруге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар
* Диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіруде тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстың міндеттері мен
болжамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
*
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І БӨЛІМ. Кіріспе
Ғылыми - зерттеу тәжірибе уақыты барысында Рөлдік моделдеу-студенттердің
диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіру жолы тақырыбы бойынша, сатылық
жоспарға сәйкес, ғылыми-зерттеу жұмысымыздың ІІ және ІІІ тараулары бойынша
келесі сұрақтар қарастырылды:
• Рөлдік ойындардың әдістемелік құрылымы
* Рөлдік моделдеу арқылы диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіруге
арналған әдістемелік үлгі құрастыру;
* Диалогтық қарым-қатынас түрлерін рөлдік моделдеу арқылы жетілдіруге
бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар;

эксперименттік жұмыстың міндеттері мен болжамдары.
Сонымен қатар, 15.01.2014-25.01.2014 аралығында ғылыми-зерттеу
практикасында белгіленген зерттеушілік орны бойынша Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру кафедрасында өттім.
Ғылыми-зерттеу практика барысында келесідей жұмыстарды атқардым:
* 2 курс магистранттарының жеке шығармашылық-зерттеу жоспарларын ретке
келтіру;
* 2 курс магистранттарының публикациясы бойынша деректер дайындау.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Рөлдік моделдеу студенттердің диалогтық қарым-
қатынас түрлерін жетілдіру жолы.
2.1. Рөлдік ойындардың дидактикалық құрылымы және әдістемелік типологиясы
Рөлдік ойындар әлеуметтік-психологиялық тренингтің бір түрі ретінде оқу-
тәрбиелік және кәсіби-психологиялық мақсаттарға бағыттаған, тұрақты
дидактикалық құрылымға ие. Рөлдік ойындардың дидактикалық құрылымы
дегенді оның құрамдас бөліктерінің (мақсаттары, мазмұны, рөлдер, әлеуметтік-
психологиялық және дидактикалық шарттары, т.б) және түрлі сыртқы және ішкі
өзгерістердегі оның біртұтастығын қамтамасыз ететін бөліктердің (кезеңдер)
жиынтығы деп түсінеміз. Әдіскерлер уақыт жоспары бойынша рөлдік ойынды
оқытушы мен студент арасындағы басқарылатын өзара ықпалдастықтың 3 кезеңнен
тұратын біртұтас цикл деп көрсетеді: 1) рөлдік ойынды ұйымдастыру; 2)
рөлдік ойынды жүргізу; 3) жүргізілген рөлдік ойынның нәтижелерін ұжымда
талдау. [1,38-39]
Сонымен қатар рөлдік ойынның дидактикалық құрылымы мен оның құрамдас
бөліктері арасындағы байланыстың сипаттамасы үздіксіз өзгеріп отырады. Ал
бұл рөлдік ойынның сапалық өзгерісі мен оны шетел тілін оқытудың түрлі
кезеңдерінде қолдану әдістемесінің өзгеруіне алып келеді. [2,43-48]
Қазіргі уақытта әдістемелік әдебиеттерде рөлдік ойындардың алуан түрлі
классификациясы бар. Оқыту ойынының мақсаты мен міндеттеріне, оны жүргізу
формаларына, ұйымдастыру әдісіне, күрделілік деңгейіне байланысты
әдістемелік типологиясы көрсетілген.
Стронин М.Ф [3,54-57] рөлдік ойындарды әлеуметтік-тұрмыстық және
кәсіби-педагогикалық деп бөліп көрсетеді. Соңғысы әскерлік ойындардың бір
түрі болып табылады. Іскерлік ойын – бұл адам қызметінің түрлі салаларында
кездесетін проблемалық жағдаяттарды үлгілеу. Яғни бұл жас маманның болашақ
кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын жаңғырту деп түсінеміз.
Р.П.Мильруд пен И.Р. Максимова [4, 28-30] құрамына рөлдік ойынның бес
түрі кіретін қызықты типологиясын ұсынады.
Бақыланушы рөлдік ойын (controlled role-play) – ең қарапайым ойын
түрі. Студенттерге қажетті репликалар беріледі, олардың міндеті бір-бірін
зейін қоя тыңдап, берілген репликаларды рөлдік қарым-қатынас мәнмәтініне
біріктіру.Диалог немесе мәтін негізінде құрылуы мүмкін.Бірінші жағдайда
қатысушылар базалық диалогпен танысады және оны өңдейді.Содан кейін олар
мұғаліммен бірге диалог мазмұнын талқылайды,сөйлеу эпизоды нормаларын және
қажетті лексиканы өңдейді.
Белгіленген шекте бақыланатын рөлдік ойын (Semi-controlled role-
play)- әлдеқайда күрделі болып табылады,онда қатысушылар сюжеттің жалпы
сипатын және өз рөлдерінің сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді:
рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады.
Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу
маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс.
Еркін рөлдік ойынды (free role-play) жүргізген кезде оқушылардың
өздері қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс,әрекет қалай дамуы тиіс
екендігін шешу тиіс,мұғалім рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды,ал содан
кейін оқушылардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі
жағдайларды құрастыруды сұрайды
Ұзақ рөлдік ойын (large-scale role-play) – ұзақ мерзім барысында
эпиодтар сериясы ойналады (мысалыға студенттік өмірден алынған)в течение
длительного периода разыгрывается серия эпизодов из деятельности
предприятия.
Эпизодтық рөлдік ойын (small-scale role-play) –жеке бір эпизод
ойналатын рөлдік ойын.
Ең күрделісі студенттердің шығармашылық және диалогтық қарым-қатынас
түрлерін жетілдіруге септігін тигізетін еркін және ұзақ мерзімді рөлдік
ойындар болып есептеледі.
Шетелдік әдіскер P.K. Tompkins [5, 33-35 ] рөлдік ойындардың
конвергентті дәне дивергентті үлгілерін бөліп көрсетеді. Егер рөлдік
ойынның конвергентті үлгісін қолданылатын болсақ, ондағы диалогтардың
үлгілері беріледі. Ал егер дивергентті үлгісі қолданылатын болса,
диалогтардың үлгілері берілмейді.
Шетел тілін оқытудың бастапқы кезеңінде конвергенттік үлгі бойынша
ұйымдасытырылған рөлдік ойын барысында оқушының жеке іс-әрекеті оқу
процесінің негізі болып табылады, бірақ міндеттерді оқытушы қоюы тиіс деп
көрсетеді P.K. Tompkins. Алайда конвергентті үлгі бойынша
үйымдастырылатын рөлдік ойындар бірнеше рет жүргізілгеннен кейін
студенттерге орын алып жатқан мәселелерді бақылауға алуға мүмкіндік бере
отырып, рөлдік ойындарды дивергентті үлгі бойынша ұйымдастыруға болады.
Мұндай рөлдік ойындарда студенттер өзінің жеке жобасын әзірлей алады.
Қазіргі уақытта шетел тілін оқыту процесінде ең көп қолданылатын рөлдік
ойынның түрлері: белгіленген шекте бақыланатын рөлдік ойын және еркін
рөлдік ойындар. Белгіленген шекте бақыланатын рөлдік ойындарда ойын
бағдарламасын оқытушы әзірлейді де, студенттердің міндеті-барлық
жоспарланып отырған жағдаяттарға дайындалу және қатысу. Еркін рөлдік
ойындарды жүргізу барысында студенттерге тек тапсырманың жалпы сипаттамасы
беріледі, ал ойын бағдарламасын, оның сценарииі мен тіздік мазмұнын өз
бетінше дайындаулары тиіс. Олар үлгілеуге қажетті жағдаятты өздері таңдап
алады, соған сәйкес тілдік материалды таңдап алады, және қатысушылардың
рөлдерін анықтайды. [6, 25-29]
Студенттердің рөлдік ойындарға деген қызығушылықтың төмендемеуі үшін және
рөлдік ойындарды ұйымдастыру олар үшін алгоритмдік жаттығуға айналып
кетпеуі үшін рөлдік ойындардың түрлерін кезектесіп қолданумыз қажет деп
есептейміз. Алайда қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқытудың
кредиттік технологиясы бойынша жүргізілуіне байланысты шетел тілін оқытуда
студенттердің өз бетінше жұмыс жасауына көп көңіл бөлінеді, осыған
байланысты аудиториялық сағат мөлшері де аз. Сондықтан да студенттермен
белгіленген шекте бақыланатын рөлдік ойындарды жүргізгеннен кейін олардың
өз бетінше рөлдік ойынды ұйымдастыру және жүргізе алуы қиын. Ол үшін рөлдік
ойынның арнайы аралық түрін қолдануға болады.[7,35-39 ] Рөлдік ойынның бұл
түрін ұйымдастыру кезінде студенттер ойын бағдарламасы мен сценарииін
оқытушының жетекшілімен әзірлеп, сонан кейін жеке, екеу ара және топтық
жұмыстар режимінде белгіленген рөлдердің тілдік мазмұнын таңдап алады.
Осылайша, белгіленген мақсаты, студенттердің шеттілдік білім деңгейі және
басқару субъектісі бойынша, сонымен қатар жүйелі түрде күрделеніп отыру
принципін есепке ала отырып, рөлдік ойындардың әдістемелік типологиясын
көрсетеміз.
Рөлдік ойындардың әдістемелік типологиясын қарастырған кезде
рөлдік ойындарды қолдану процесінде ойынның құрамдас бөліктерінің сапалық
өзгерісі біртіндеп өзгеріп отыратындығына көңіл бөлген жөн деп есептейміз,
сондықтан да рөлдік ойындардың түрлері арасында айқын шектеулер болуы
мүмкін емес. Алайда, бұл типологиялық сипаттаманың әдістемелік
маңыздылығын төмендетпейді, себебі алынған типология рөлдік ойынның
диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдірудің құралы ретінде даму
заңдылықтарын анық көрсетеді.
2.2 Студенттердің диалогтық қарым-қатынас түрлерін рөлдік рөлдік
моделдеу арқылы жетілдіруді үлгілеу
Біздің зерттеу жұмысымыздың басты міндеттерінің бірі рөлдік модельдеу
арқылы студенттердің диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіру болып
табылады, сондықтан да үлгі, үлгілеу, әдістемелік үлгі ұғымдарына
түсініктеме біргеніміз жөн.
Рөлдік модельдеу арқылы диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдірудің
әдістемелік үлгісі деп біз қойылған мақсаттарды іске асыру нәтижесінде
әрбір студенттің кәсіби біліктілігі мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға
түрткі болатын оқу үрдісінің уақыты барынша тиімді ұйымдастырылып,
шығармашылық және жағымды атмосфераны сақтай отырып, студенттердің танымдық
әрекетін ұйымдастыратын педагог әрекеттерінің сызбасын түсінеміз.
Рөлдік модельдеу ұғымына сипаттама беру үшін алдымен рөлдік ойын,
ойын және модельдеу ұғымдарына анықтама бергеніміз орынды деп ойлаймыз.
Ойын – бұл студенттерді физикалық және танымдық тәрбиелеудің бір
құралы, пәндік және әлеуметтік шындықты тануға бағытталған іс-әрекеттің
тарихи қалыптасқан түрі. [8, 26-29 ]
Ойын – ойнатудың әдістемелік мәні және жағымды эмоция сыйлаушы құрал.
Ойын ойнату аяқ астынан болғандықтан, ойламаған жерден ойынға кірісу
қызығушылықты тудырады. Ойын ойнау барысында оқушы ешбір бүкпесіз, бар жан-
тәнімен ойынға кірісіп кетеді де, белсенділік пайда болады, үйренушілер
лидерлік танытады. Тілді үйренгісі келмейтін адамның өзі ойын ойнаған
кезде, оны ұмытып кетеді. Ойын қатысымдықты қалыптастыратын әдіс
болғандықтан, ол оқытудың ешбір әдіс-тәсілімен салыстыруға келмейді. Шет
тілі сабағын ойын арқылы оқыту барысында үренушілердің пәнге деген
көзқарасы өзгеріп, өзге және өзінің досын басқаша көруге мүмкіндік туады.
Ойынды қолдану оқу үрдісінің басқа шақтарына да жақсы әсер етеді.
Рөлдік ойын практикалық, білім және тәрбиелік жағынан үлкен
мүмкіндіктерге ие. Ариян М.А-ның [9, 33-39] пікірінше рөлдік ойын қарым-
қатынас ауанын кеңейтуге ықпал етеді, ол жаттығу жұмыстарымен тілдік
материалды алдын ала меңгеруді және оқушыларға сөйлеудің мазмұндық жағына
шоғарлануға мүмкіндік беретін қажетті дағдыларың дамыуын ұйғарады.
Ал рөлдік модельдеуді Американдық ғалым Landousse G.P [10, 22-24] рөлдік
модельдеу –бұл тарихтан, қиялдан немесе қарапайым әдебиеттен алынған қандай
да бір жағдаяттарды жаңғыртуға талпыну деп түсіндіреді. Ғылыми
әдебиеттерде рөлдік ойын және жағдаяттарды модельдеу терминологиясына
байланысты бірыңғай пікір жоқ. Алайда көптеген зерттеушілер рөлдік
модельдеу рөлдік ойынға қарағанда тереңірек мағынаға ие деген
пікірде.Londausse мысалы үшін рөлдік моделдеуді кешенді, ұзақ мерзімді
және біртұтас ұғым деп қарастырса, рөлдік ойындарды қысқа, қарапайым және
бейімдеуші амал деп есептейді. Рөлдік модельдеуде ақиқат өмірдегі
жағдаяттарды қалыптастырылса, рөлдік ойындарда қатысушы күнделікті өмірдегі
белгілі бір образдардың аналогын көрсетуге тырысады.
Cummimngs. M және Genrel. R [10, ] рөлдік модельдеудің ең алғышқы сатысы-
ойын критериилерін құру деп есептейді. Ал үлгі тәртіп пен үрдістердің
байланысынан құрылуы мүмкін.
Оқу үрдісін үлгілеу күрделі және қатал жүйе, онда әрбір әрекет түрінің
өзіндік орны бар және ол басқа қарым-қатынастармен тығыз байланысты.
Қазіргі заманғы ғылым және практикада үлгілеу ұғымы кең тараған.
Үлгілеудің ғылыми-әдіснамалық негізі ұқсастық теориясы болып табылады.
Модель – это мысленно представляемая или материально реализованная
система, которая отображая или воспроиводя объект исследования, способно
замещать его так, что еë изучение дает нам новую информацию об этом
объекте [13,44 ] (Штульман Э.А)
Үлгі-объектінің арнайы жасалған формасының шынайы объектінің сипаттамасын
өңдеп шығаруы. [14, 16] (Кондаков Н.И)
Бұл түпнұсқа мен аналог арасындағы өзара бірдей сәйкестілік. Үлгілердің
міндетті сатылары мен сипаттамалары С.С.Құнанбаеваның [15, ]Қазіргі
шеттілдік білім берудің практикасы мен теориясы атты еңбегінде
төмендегідей берілген:
• Үрдістер мен танымның жүйелілігі;
• Үлгінің біртұтастығы;
• Абстрактылы-логикалық процедираны қолдану мүмкіндігі;
• Универсалдылығы;
• Үлгіленген нысанды болжамдау;
• Танымдық және құрастыру функцияларын бірге орындау мүмкіндігі.
Үлгілеудің гнеосологиялық мәні күрделі нысандарды тану тәсілі болып
табылады. Үлгілеу функциясы-зерттеуге арналған жасанды конструкттер болып
есептеледі. Ал мақсаты-түпнұсқаның барлық ерекшеліктерін жүйелі бірлікте
бейнелейтін аналог жасау. Үлгілеудің мақсаты мен нәтижесі үлгі болып
табылады. Үлгі таныс нысанды және түпнұсқа нысанды өзгерту инструменті
ретінде өзінің басты функциясын жүзеге асыруды, түпнұсқа нысанды алу
үшін екі нұсқа арасындағы сәйкестікті жасауды қамтамасыз етеді.
Шеттілдік білім беруде үлгілеу нысандары ретінде С.С. Құнанбаеваның
пікірінше мыналар алынады:
• Білім беру теориясы мен практикасын жасауға арналған шеттілдік
білім берудің барлық жүйесінің үлгісі;
• Тілді шетел тілін меңгерудің ішкі үрдістерін, механизмдерді
сипаттау мен түсіндіру ретінде меңгеру үрдістерінің үлгісі;
• әдістмелік үлгі оқыту жүйесі ретінде;
• қарым-қатынас үлгісі қарым-қатынас актілерінің көпсатылы континиумы
ретінде;
• қарым-қатынастың кейбір жағдаяттарының үлгісі.
Жоғарыда тоқталып өткен үлгілеу, үлгі және үлгілеудің ерекшеліктерін
негізге ала отырып, рөлдік модельдеу технологиясы негізінде студенттердің
диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіру үлгісін ұсынамыз.
Оқу процесін ұйымдастыруда ішкі және сыртқы шарттардың әсер ететіні
белгілі. Кәсіби сапаларды дамыту үшін кәсіби коммуникативтік дағдыларды
меңгеруге көмектесетін оқыту әдісін дұрыс таңдаған жөн деп есептейміз.
Диалогтық қарым-қатынас түрлерін жетілдіру мақсатында рөлдік ойын оқыту
әдісін алуды ұсынып отырмыз..
Рөлдік ойындарды диалогтық қарым-қатынасты жетілдіруде қолданудың
әдістемелік үлгіде берілген үрдісі ойынды жүргізу процесінде оқу
–коммуникативтік жағдаятпен өзара әрекеттесу бағыты бойынша да, оны
ұйымдастыру, жүргізу және талқылау процесін бақылау бағыты бойынша да
жүзеге асырылады. Оқу-коммуникативтік жағдаяттарды қалыптастыруда және
ұйымдастыру, жүргізу және талқылау процесін басқаруда негізгі қызметті
оқытушы да, студент те орындай алады. Ғылыми әдебиеттер мен әдістемелік
нұсқаулықтарда рөлдік ойын және жағдаятты модельдеу терминологиясына
байланысты бірыңғай пікір қалыптаспаған. Рөлдік қарым -қатынас - оқу
мақсатында қолданылатын сөйлеу жағдаятын ұйымдастырудың бір формасы.
Рөлдік қарым қатынастың негізіне оқушылардың өзара бөлістірілген рөлдері
мен қарым –қатынас жағдаятына сәйкес ұйымдастырылған коммуникативтік қарым
–қатынас алынады. Оқытудың бұл формасын зерттеу бірнеше бағытта жүзеге
асырылады. Ерте жаста іс әрекеттің рөлдік ойын формаларын зерттеу
(Д.Б.Эльконин [14, ], Н.Я.Михайленко[15, ]) , шетел тіліне оқытуда оқу
сөйлеу жағдаяттарын қолданудың әдістемелік негіздері (Е.И.Пассов [16, ],
В.Л.Скалкин [17, ], Г.А.Рубинштейн [18,], Е.И.Матецкая [19,],
Г.В.Рогова [20, ]), жағдаяттық рөлді әдістемелік ұғым ретінде анықтау
(М.Л.Вайсбурд [21, ], М.А.Ариян), сөйлеу қарым қатынасын әдістемелік
категория және оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде анықтау
(А.М.Стояновский [22, ], Е.И.Пассов), шетел тілінде қарым –қатынас жасауға
оқытудың интенсивті әдісі (Л.Г.Денисова[23, ], С.М.Мезенин, Ф.М.Рабинович,
Т.Е.Сахарова), рөлдік қарым қатынасты қолдана отырып, диалогтық
сөйлеуге үйрету тәжіребиесін жалпылау (Н.К.Скляренко,
Т.И.Олейник) және т.б
Рөлдік ойын әдісіне сипаттама берілгеннен кейін оның құрамдас бөліктерін
айтып кеткен жөн. Рөлдік ойындар: рөлдер, бастапқы жағдаяттан және рөлдік
әрекеттерден тұрады. Бұл құрамдас бөліктердің барлығы бір-бірімен тығыз
байланыста болады, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды, олардың барлығы
рөлдік ойынның технологиялық құрылымын анықтайды. Келесі кезеңде рөлдік
ойындардың атқаратын функциялары анықталады. Рөлдік ойын қарым-қатынас
барысында жүзеге асырылатын тұлғааралық қатынастарда құрылады. Тұлғааралық
қатысымның үлгісі бола отырып, рөлдік ойын шеттілінде қарым-қатынас жасау
қажеттілігін туындатады. Және осылайша мотицациялық-қоздырушы функциясын
атқарады.
Рөлдік ойындарды оқыту ойындарына жатқызуға болады, себебі белгілі бір
деңгейде тілдік құралдарды таңдап алуды анықтайды, сөйлеу дағдылары мен
қабілеттіліктерінің дамуына ықпал етеді, түрлі сөйлеу жағдаяттарында
қатысушылардың қарым-қатынасын үлгілеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар
рөлдік ойын тұлғааралық қатысым жағдайларында диалогтық сөйлеу дағдыларын
меңгеруге бағытталған жаттығулар жүйесін көрсетеді. Осылайша ол оқытушы
функциясын қамтамасыз етеді.
Рөлдік ойындарда танымдық тәрбие, еңбекқорлық, өзара жанашырлық,
белсенділік, түрлі жағдаяттарда өз бетінше әрекет ете алу, өз пікірінде
тұра алу қабілеттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.Бұл рөлдік ойындардың
тәрбиелік функциясы.
Рөлдік ойын оқушыларға басқа бір адамның рөлін ойнауға, өзін қарым-
қатынас серіктесінің орнында көре алу қабілеттіліктерін қалыптастырады. Ол
оқушыларды жеке сөйлеу мінез-құлқын және серіктесінің мінез-құлқын
жоспарлауға бағыттайды, өз іс-әрекетін бақылау, басқалардың әрекетіне
объектівті түрде баға беру қабілеттілігін дамытады..Осылайша рөлдік ойын
бағыттаушы функциясын атқарады. [17, ]
Рөлдік ойындарға сипаттама бере келе А.Н. Леонтьев оқушылардың іс-
әрекетінің қажеттіліктері арасындағы қарама-қайшылық, сәйкессіздік және іс-
әрекетке қажетті операцияларды жүзеге асыра алмау іс-әрекеттің жалғыз
түрінде ғана өз шешімін табуы мүмкін – рөлдік ойын әрекетінде деп
көрсетеді. Оқушылардың арман-тілегінің іске асырылуын қамтамасыз ете
отырып, рөлдік ойын өзінің компенсаторлық функциясын жүзеге асырады..
Осылайша рөлдік ойын оқу поцесінде бес негізгі функциясын орындайды.
Келесі кезекте рөлдік ойындарға қойылатын талаптар, рөлдік ойындардың оқу
процесіндегі мақсаты, және оның құрамдас бөліктерін анықтай отырып, біз
оқушыларда диалогтық құзыреттілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін арнайы
жаттығулар жиынтығын береміз. Осы жаттығуларды, және ұқсас тапсырмаларды
тиімді түрде, жағымды атмосферада орындай отырып студенттер диалогтық қарым-
қатынас түрлерін жетілдіре алады. Сөйлеудің диалогтық түрін жетілдіру
тілдік материалды жинақтау, кәсіби қатысым жағдаяттарының әралуандығы
негізінде жүзеге асырылады. Рөлдік ойындарда үлгіленетін жағдаяттарды ойнау
арқылы студенттер өздерінің болашақ мамандықтарымен байланысты теориялық
және практикалық білімдерді меңгерумен қатар, студенттердің тілдік
құзыреттілік, сөздік қор және коммуникативтік құзыреттіліктері
қалыптастырылады. Ал егер студенттерде аталмыш құзыреттіліктер
қалыптастырылатын болса, онда олардың диалогтық қарым-қатынас түрлері де
жетілдіріледі деген сөз.
2.2. Студенттердің диалогтық қарым-қатынас түрлерін рөлдік модельдеу арқылы
жетілдіруге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар
Бұл тарауда біз студенттердің шеттілдік диалогтық қарым-қатынас
түрлерін жетілдіруге бағытталған жаттығулар кешенін құру мәселесін
қарастырамыз. Шетел тілін оқытуда ғылыми тұрғыдан негізделіп, практикалық
түрде тиімді қолданылатын жаттығулар кешенін құрастыру күрделі мәселе болып
табылады. И.Л. Бимнің пікірінше іскерлік пен дағдылардың қалыптасуында
жаттығулар, олардың типтері мен түрлері орындалуы, саны мен сапасы маңызды
рөл атқарады. Сондықтан да шетел тілін оқытудағы құрастырылған жаттығулар
іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы тиіс. []
И.Л.Бим мен т.б ғалымдар жаттығуды оқытушы мен оқушалырдың өзара
әрекет етуінің құралы ретінде қарастырса, ондай әрекет тек оқу материалы
арқылы ғана емес, сонымен қатар дамитын тұлғааралық өзара қарым-қатынас
арқылы да іске асырылатынын ұмытпаған жөн.
Енді рөлдік модельдеу негізінде студенттердің диалогтық қарым-қатынас
түрлерін жетілдіруге арналған жаттығулар кешенін қарастырайық.
Рөлдік ойынды пайдалану – мұғалім тарапынан үлкен дайындықты талап етеді.
Орындалатын рөлдік ойынды таңдап, ондағы кейіпкерлерге қажет болатын
көрнекіліктерді дайындау да мұғалімнің міндетіне кіреді. Мысалы, төтінші
бөлімнің бесінші тарауында жоспар бойынша Phrasal Verbs тақырыбы өтілуі
тиіс болатын. Тақырып түсіндіріліп, түрлі мысалдар келтіріліп, жаңа
тақырыпқа қатысты жаттығулар орындалғаннан кейін біз оқушыларды топ-топқа
бөліп, олардан бесінші тапсырмада берілген рөлдік ойынды орындауларын
сұрадық. Яғни, ондағы тапсырма : In most schools teachers ask parents to
come to parents-teacher conferences. The teacher and parents discuss the
child’s progress as well as any other problems. Role play the ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz